Тәрбиенің жалпы әдістері, құралдары мен формалары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе.

І тарау. Тәрбиенің жалпы теориялық және әдістемелік негіздері

1. 1. Тәрбие процесі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері

1. 2. Педагогика ғылымындағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері

1. 3. Қазіргі кездегі білім беретін оқу орындарындағы тәрбиенің ерекшеліктері

ІІ тарау. Тәрбиенің жалпы әдістері, құралдары мен формалары

2. 1. Тәрбие әдістері және оларды топтастыру

2. 2. Тәрбие әдістеріне сипаттама, оларды таңдау және тиімді пайдалану

2. 3. Тәрбие құрал - жабдықтары мен формалары

III тарау. Білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары

3. 1 Еліміздің және шетелдегі қазіргі тәрбие тұжырымдамасының ерекшеліктері

3. 2Білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру әдістемесі

3. 3Білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары негізінде эксперименттік жұмыс нәтижелері.

АННОТАЦИЯ

Бұл зерттеу жұмысында жалпы білім берудегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың заманауи әдістерін зерттедік. Олар: мектепте тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістерін қолдану арқылы тәрбие процесін ғылыми-тәжірибелік бағытта, ұлттық психология, сана-сезім, мінез-құлықты қалыптастыруда, білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлау, білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары негізінде эксперименттік жұмыс нәтижелерін қарастырдық.

Нормативтік сілтемелер

Зерттеу жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалды:

- ҚР Конституциясы 24 бабы 30. 08. 1995ж.

- ҚР «Білім туралы» Заңы

- ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы 2007ж.

- ҚР 2015 жылға дейінгі білімді жаңарту Тұжырымдамасы

- ҚР «Қоршаған ортаны қорғау» туралы Заңы

- ҚР «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Заңы

- ҚР Еңбек Кодексі. 12. 07. 2007ж.

Анықтамалар

Тәрбие - арнайы ұйымдастырылған, саналы түрде жүзеге асырылатын педагогикалық іс-әрекет.

Тәрбие үрдісі - қоғамның талап-тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойын, сана сезімін, ерік-жігерін, мінез-құлық ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен іс-әрекеті.

Тәрбие әдісі - мектеп тәжірибесінде белгіленген мақсатқа қол жеткізудің жолы, тәсілі, амалы.

Педагогикалық диагностика - тәрбиеленушінің алған тәлім- тәрбиелік деңгейін айқындап, зерттеп, сол орайға үйлесімді тәрбие міндеттерін белгілеу.

Білім мазмұны деп - жеке адамның ой-өрісін, дене тәрбиесін, адамгершілік-имандалық қасиеттерін, эстетикалық қабілеттерін, талғамын, мінез - құлқын дамытуды, жалпы азаматтық мәдени дәстүрлер рухында тәрбиелеуді қамтамасыз етіп, дербес өмір сүруге дайындайтын ғылыми-білім, тәжірибелік, іскерлік және дағды жүйесін қалыптастыратын жадығаттарды айтамыз.

Тәрбие жұмысы - сынып жетекшісінің белсенді басшылыгымен, шебер ұйымдастырушылығымен тәрбиенің бағыттарына сәйкес белгілі нысананы көздей отырып, шығармашылық тұрғыда жүргізілетін іс-әрекет.

Тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуы - бұл ақыл-ой, дене, адамгершілік, еңбек пен кәсіби бағдарлау, эстетикалық тәрбиелердің біртұтас педагогикалық процесте тоғысуы.

Адамгершілік тәрбиесі - тұлғаның әдеп саласындағы білімі, сезімі мен қарым-қатынасы және мінез-құлқына қатысты мәселелердің жүйесі.

Педагогикалық техника - оқушыларға әсер етудің сан қилы тәсілдерінің жиынтығы.

Сынып жетекші - белгілі топтагы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыратын негізгі тұлға.

Суггестия - иландырып сендіру.

Қысқартулар мен белгілеулер

Осы ғылыми жұмыста келесі қысқартулар мен белгілеулер қолданылған:

АҚШ - Америка Құрама Штаттары

БҰҰ - Бірікке ұлттар ұйымы

ЮНЕСКО - БҰҰ жанындағы мәдениет, ғылым және білім беру жөніндегі ұйым

т. б. - тағы басқа

М. - Москва

ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастыгы

БТ - бақылау тобы

ЭТ - эксперементтік топ

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық

жағдай, демократияланған, ізгіленген кезең мектептерде тәлім-тәрбие мазмұнын қайта қарап жаңғыртуды, халықтық педагогиканы тәрбие процесінде негізге алуды талап етіп отыр. Өйткені, әр ұлттың тарихының ұрпақтарға оқытылуы, салт-дәстүрлерінің сақталуы сонымен қатар әдебиеті мен өнерінің дамуы, ұлттық бостандық жағдайында ғана болуы мүмкін.

Қазақстан Респабликасының Конституциясында көрсетілген баршаға міндетті жалпы орта білім беруде тәрбиелеудің кешенді бағдарламасын негізге алу. Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы, ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын ұлт жанды ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігіне, ұлттық ойлау қабілеті мен іскерлігіне, кәсіби шеберлігі мен сапалы біліміне, заман талабына сәйкес туындап отырған мәселенің түп-тамырын айқындап, кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбиені ұйымдастыру [ 1 ] .

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағдарламалары білім беру бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады сонымен қатар білім алушылардың, тәрбиеленушілердің елжандылық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық сонымен қатар адамгершілік сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты, ынта-ықыласымен қабілеттерін дамытуға бағытталуы тиіс» - деп көрсетілген [2] .

Қоғамды дамытытын жас азаматтың жеке тұлғасы жан-жақты жетілген, іскер, белгілі дәрежеде ғылыми білім жүйесін, ана тілін игерген, жаңа жағдайды, білімді өздігінен түсініп, бағалай, талдай алатын болу керек. Сонымен бірге өзге халықтардың тарихын, мәдениетін, тілін меңгерген, өздігінен денсаулығын нығайтуға, адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ынтазар, өмірдің әрқилы кезеңдерінде дербес еңбек етуге даяр ұрпақты қалыптастырудың бір жағы білім мазмұны арқылы іске асса, екінші жағы тәлім-тәрбие мазмұны арқылы бойға сіңеді. Сондықтан «Білім туралы Заңға» сәйкес оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыру «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына» орай білім мазмұнын қазіргі ғылымның құрылымына сәйкестендіру, оқу-тәрбие ісінде оқушылардың шығармашылық ойлау мен өздігінен еңбек етуіне, адамгершілікке, имандылыққа бағдар беру, білімін қолдана білуге үйрету, дүниені дұрыс тануға, жалпы азаматтық мәдениетті бойына дарыту көзделіп отыр [ 3 ] .

Балаларымызды мектеп тәрбиелейді деген ертеден қалыптасқан ұғым отбасындағы ата-ананың бала тәрбиесін тым босаңсытып алғаны, мектептердің күні бүгінге дейін оқу мәселесін өздерінің басты міндеттері деп санап, тәрбие мәселесін назардан шығарып алғандықтары қоғамдағы жат қылықты тәртіпсіз шәкірттер қатарын еселеп арттыра түсті, атаулы мәселе жөнінде ұлы бабамыз Әбу Нәсір әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» - деген екен.

Қазақстанда қазіргі кезеңдегі қоғамдық, әлеуметтік өзгерістерге сәйкес тәрбие теориясы мен әдістемесінің мақсаты, міндеті, мазмұны мәнді өзгерістерге ұшырауда. Соңғы кездерде Ресей мен Қазақстан баспа беттерінде жарияланған еңбектерді негізге ала отырып, жаңарған қоғам талабына сай оқушыларға ақыл-ой, имандылық-адамгершілік, эстетикалық т. б. тәрбие беру жүйесін басты мәселе деп қарастырған жөн.

Демек, ұлттық ерекшеліктерімізді ескере отырып, заман талабына сай, өркениетті елдер қатарына кіру мақсатында, ұрпақ тәрбиесінің зор мәні бар келелі мәселеге айналып отыр.

Тәрбие мәселесі тамырын тереңге жая отырып, қай заманда болмасын ойшылдардың, ағартушылардың, ғалым-педагогтардың назарында болған. Қазақ педагогика ғылымының қайнар көздері болып табылатын әл- Фараби, Ж. Баласағұни, М. Қашқари тәрбиенің әдіснамалық, теориялық сонымен қатар философиялық негіздерін қалаған. Халқымыздың кемеңгер ағартушылары Ш. Уалихановтың, Ы. Алтынсариннің, А. Қүнанбаевтің, М. Жұмабаевтің, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбергенов, т. б. өз шығармаларында құнды ой-пікірлер мен педагогикалық тұжырымдарын көрсетіп кеткен [ 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12] .

Халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру, қазақ халық педагогикасы негізінде оқушылардың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген азаматтық көзқарасын сонымен қатар соған сай мінез- құлқын қалыптастыру бойынша Қ. Б. Жарықбаев, С. Қ. Қалиев, С. А. Ұзақбаева, Ә. Табылдиев, С. Ғаббасов, т. б. тың зерттеулер жүргізіп, өз еңбектерінде этнопедагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуын, этнопедагогика құралдарының ұрпақ тәрбиесіндегі мәнін, мектептің оқу-тәрбие процесінде алатын орны мен оларды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырды [ 13, 14, 15, 16, 17] .

Олай болса, кәсіптік білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру болашақ мұғалімдерді даярлау үрдісінде - ұстаздың жеке басына, оның жалпы сонымен қатар кәсіби дайындығына тікелей байланысты. Жоғары мектепте мұгалімдерді даярлаудың теорялық негізіне арналған еңбектерде О. А. Абдуллина, Н. И. Болдырев, Т. А. Ильина, Н. Д. Хмель, т. б. оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың дәстүрлі мәселелері мен ұстаздың жеке тұлғалық асыл қасиеттерін қалыптастыруға ерекше назар аударылған [18, 19, 20, 21] .

Қазіргі таңда педагогика ғылымында тәрбие теориясының қалыптасып дамуына өзіндік үлес қосып отырған қазақстандық ғалымдардың да еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Тәрбие беру процесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, түрлері мен құралдарын жетілдіру бойынша Б. Әбдікәрімұлының, А. Меңжанова, А. А. Бейсенбаеваның, С. Ш. Әбенбаев, Б. Р. Айтмамбетова, К. Сейталиевтің, т. б. еңбектерінде тәрбиені жан жақгы қарастырған [ 22, 23, 24, 25, 26, 27 ] .

Сонымен, оқыту істерін жастардың белсенді ақыл-ой еңбегі, саналы іс- әрекеті негізінде ұйымдастырса, тәрбие процесін ғылыми-тәжірибелік бағытта, ұлттық психология, сана-сезім, мінез-құлықты қалыптастыру негізінде ұйымдастырған абзал.

Зерттеу объектісі: білім беру жүйесінде тәрбие жұмыстарын жүргізу үрдісі.

Зерттеу пәні: білім беру жүйесінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесін қалыптастыру.

Зерттеу мақсаты: мектепте тәрбие берудің негізгі бағыттары арқылы оқушыларды тәрбиелеуді теориялық тұрғыда негіздеу сонымен қатар оның пайдалы жақтарын тәжірибе жүзінде дәлелдеу.

Зерттеу міндеттері:

  • тәрбие жұмыстарының әдістерін ұйымдастырудың қазіргі кездегі мәні мен маңызын айқындап, мектеп оқушыларын тәрбиелеуде қаншалықты қолданылатынын талдау;
  • мектепте тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістерін қолдану арқылы тәрбие процесін ғылыми-тәжірибелік бағытта, ұлттық психология, сана-сезім, мінез-құлықты қалыптастыру негізінде ұйымдастыру;
  • мектеп оқушыларына тәрбиенің негізгі бағыттарымен тәрбиелеу әдістемесін жасау сонымен қатар тәжірибелік-эксперимент арқылы пайдалы жақтарын тексеру;

Зерттеу болжамы: егер білім беру жүйесінде тәрбиені ұйымдастыру әдістерінің барлық түрлері қолданылса, онда мектеп оқушыларының жалпы тәрбиесі, мәдениеті, білімі жоғары деңгейде қалыптасады.

Зерттеу көздері: қарастырылып жатқан мәселе бойынша философтардың, педагогтер мен психологтардың еңбектері, білім беру мен тәрбие мәселелері жөнінде нормативті құжаттар: Қазақстан Республикасы «Білім беру туралы» заңы, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері мен оқушыларымен тәжірибелік-педагогикалық жұмыс қорытындылары.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты тарихи,

психологиялық, педагогикалық, эдебиеттерді теориялық тұрғыдан талдау, педагогикалық тәжірибені зерттеу сонымен қатар талдау, зерттеу мәселесіне байланысты мәліметтерді жинақтау, тәжірибе қорытындысын шығару

Зерттеу базасы: тәжірибелік жұмыстар Астана қаласының №3 орта мектебінде жүргізілді.

Зерттеу жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, экономикалық, қоршаған ортаны қорғау, еңбек қорғау бөлімнен сонымен қатар жұмыс тұжырымдамасы мен ұсыныстар келтірілген қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан сонымен қатар графикалық бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімінде жұмыстың көкейкестілігі негізделген, жұмыстың мақсаты, пәні анықталған, зерттеудің міндеттері құрылған, жұмыстың өзектілігі, практикалық маңыздылығы, зерттеу әдістері мен деректі көздері ашылып көрсетілген, зерттеу жұмысының дәлелділігі баяндалған.

«Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні, мазмұны мен бағыттары принциптері» атты бірінші тарауда тәрбие үрдісінің мәні, мазмұны мен бағыттары, тәрбие принциптерінің негізгі ерекшеліктері сонымен қатар тәрбие әдістері сонымен қатар оларды топтастырудың мүмкіндіктері туралы айқындалып көрсетілген.

«Білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары» атты екінші тарауда еліміздің сонымен қатар шетелдегі қазіргі тәрбие тұжырымдамасының ерекшеліктері, білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын жоспарлау сонымен қатар ұйымдастыру әдістемесі сонымен қатар білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері мен формалары негізінде эксперименттік жұмыс нәтижелері анықталған.

І тарау. 1 Педагогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні, мазмұны мен бағыттары принциптері сонымен қатар әдістемелік негіздері

  1. Тәрбие үрдісінің мәні, мазмұны мен бағыттары сонымен қатар өзіндік ерекшеліктері

«Жас бала - жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» - дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.

Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет.

Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез - құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал. Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым - қатынасын, өмірге көзқарасын сонымен қатар соған сай мінез - құлқын қалыптастыру құралы.

Тәрбиелеу - халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту (Әл - Фараби) .

«Тәрбие - біз кімдерді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне ықпал ету . . . Тәрбие - бізге мәлім адамгершілік әдет - ғұрыптарын меңгеруді мақсат көздеп, бір адамның екінші адамға ықпал етуі»(Л. Н. Толстой) .

«Тәрбие - кең мағынасында - бұл рухани жағынан үнемі жетілу сонымен қатар баюда көпсалалы процесс» (В. А. Сухомлинский) .

«Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәмл жасқа толып, өзіне - өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі» (М. Жұмабаев) .

«Тәрбие - бұл адам жанын жетілдіру өнері. Тәрбиеде адам табиғатын жетілдірудің ең күшті сыры бар» (Иммануил Кант) .

«Тәрбие - тұлғаны мақсатты түрде дамуын басқару процесі» (Х. Й. Лийметса) .

Олай болса, тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына жүйелі түрде әсер етіп, оның дүние танымының дамуына, ерік - жігері мен моральдық бейнесінің қалыптасуына оң ықпал етеді.

Сонымен қатар тәрбие - адамдарды қоғамда еңбекке сонымен қатар басқа да пайдалы әрекеттерді орындауға, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқаруға дайындаудың табиғи заңдылық процесі.

Н. К. Крупская «Тәрбие» атты мақаласында (1929ж. ) : «Тар мағынада алып қарағанда, «тәрбие» деген сөз арқылы балалар мен жеткіншектердің мінез - құлқына әдетте ересек адамдардың алдын ала ойластырылған сонымен қатар жүйелі түрде жасайтын белгілі бір ықпалы», ал кең мағынасында « . . . қоғамдық мекемелер, айналаны қоршаған бүкіл жағдай, бүкіл қоғамдық құрылыс тәрбиелейді» - деп түсіндіреді.

Осы жағдайға байланысты К. Д. Ушинский « . . . мектеп, тәрбиеші сонымен қатар ұстаздар - адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті, ал мүмкін сонымен қатар әлдеқайда күшті әдейі тәрбиешілері: табиғат, отбасы, қоғам, халық . . . сонымен қатар оның тілі болады», - деген осы мәселеге қатысты тұжырымдамасы тәрбие жайындағы ұғымның мәні зор екенін дәлелдейді.

Олай болса, тәрбие көптің ісі. Тәрбие мәселесімен қоғамдық ұйымдар, мекемелер сонымен қатар жұртшылық болып айналысқан жағдайда ғана ол нәтижелі болмақ. Соған сай тәрбие туралы ұғымға тар мағынада емес, кең мағынасында, бір жақты емес, кең көлемде, яғни табиғат сонымен қатар әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата - аналардың жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мақсатты түрде ықпалы, өзара әрекетінің нәтижесі ретінде қараған жөн.

Сондықтан да тәрбиенің мәнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін - оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым - қатынас жасай білуге үйрету.

Олай болса тәрбие процесі деп - қоғамның талап - тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл - ойын, сана сезімін, ерік - жігерін, мінез - құлыұ ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекетін айтамыз.

Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие беруді қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдында қоятын ең басты мәселелерінің бірі - өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық-адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар жеке басының сапасын көтеру.

Тәрбие - қоғамдық үрдіс, қоғам сонымен қатар жеке тұлғаның арақатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қаситеттерін дамыту. Оқушылардың саналы тәртібі мен пайымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін сонымен қатар сенімін тәрбиелеу тәрбиешінінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты.

Тәрбие теориясы тәрбие үрдістері, принциптері, әдістері болып жіктеледі (сурет 1. 1) .

Тәрбие теориясы

Тәрбие үрдістері Тәрбие әдістері

Тәрбие принциптері

Сурет 1. 1 - Тәрбие теориясының жіктелуі

Оқу орындарындағы оқыту мен тәрбие біртұтас педагогикалық үрдіс. Тәрбие үрдісі ежелден келе жатқан жүйе болғанымен оқыту теориясымен салыстырғанда әлі де жеткілікті зерттеліп болмаған құбылыс. Шындығына келсек, адамзат ғұмырындағы мәңгілік мәселе - ұрпақ тәрбиесі. Өзінің саналы өмірінде әрбір адам ақылы дұрыс, дені сау болса, бұл мәселеге соқпай өтуі өте сирек мәселе. Сондықтан да тәрбие бастауы ата мен ана, ал олар құрған отбасы - адам қоғамының алтын бесігі екендігі ертеден-ақ қалыптасқан түсінік. Даналықтары дәріптелген ғұламалардың пікіріне жүгінсек - жеке некелік, яғни моногамиялық жанұяның дамуы қоғамды да,

тәлім-тәрбиені де ұлы өзгеріске түсіргендігін педагогика тарихын, фәлсапаны зерттеуші зиялылар жан-жақты дәлелдеп, барша жұртты мойындатып отырғаны белгілі. Ал психологилық тұрғыдан қарағанда тәрбиенің әсерімен баланың бір сападан екінші сапаға өзгеріп ауысыу жетіледі. Былайша айтқанда, бойына түрлі тәжірибені қабылдап, біліп, танып, ұғынып соның нәтижесінде мінез-құлқы өзгеріп, өзіне деген сенімі артып, іс-әрекетін бағдарлауға машықтана бастайды.

Сонымен, тәрбиенің мәні, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден жеке азам үшін - оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету.

Олай болса, тәрбие үрдісі деп - қоғамның талап-тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойын, сана сезімін, ерік-жігерін, мінез-құлық ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен іс-әрекетін айтамыз.

Тәрбие үрдісінің мән-мазмұны педагогикалық ситуациялардың шешімін тауып, оның себеп салдарын айқындай білуге байланысты. Демек, педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелі болуы тәрбие үрдісіндегі жүйені сонымен қатар оның салаларын дұрыс ажыратып, сол орайдан әрекет жасай білуге тәуелді. Қазіргі педагогика ғылымдарындағы зерттеу бұл жүйені былайша топтастырады:

- Педагогикалық диагностика. Тәрбиеленушінің алған тәлім- тәрбиелік деңгейін айқындап, зерттеп, сол орайға үйлесімді тәрбие міндеттерін белгілеу.

- Бағдарлық жоба белгілеу. Жүзеге асуға тиісті тәрбиелік іс-әрекетті жоспарлап, оның мазмұнын, әдістері мен формаларын айқындау.

- Ұйымдастыру жолдары. Белгіленген жоспардағы іс-әрекетті жүзеге асырудың амал-тәсілдерін сонымен қатар қалай жүргізілетіндігін белгілеу.

- Нәтижені бақылап, бағалау.

Көрсетіліп отырған бұл жүйе педагогикалық тәлім-тәрбие саласындағы жүзеге асырылмақ іс-әрекеттерді орындауды болжаумен бірлікте шешілетіндігін назарда ұстаған жөн.

Тәрбие үрдісінің пайдалы жақтарын айқындау қол жетуге тиісті нәтиженің қалай болғандығы сонымен қатар ол қандай іс-әрекет арқылы орындалғанын білуге мүмкіндік береді. Сондықтан мұндағы іс-әрекетті шартты түрде екі жүйеге бөліп қарауға тиістіміз.

Бірінші, қол жеткен нәтиже қойылған мақсатпен неғұрлым үйлесімді болса, соғұрлым тиімді болды деп саналады. Мұнда оқушының тәрбие-тәлімі деңгейінің нәтижесіндегі басты көрсеткіш - мінез-құлқы, саналылығы. Оның басты сипаты ұжым мен жеке адамдардың қарым-қатынасында, әлеуметтік белсенділігінде, адамгершілік-имандылық түсінігінде, эстетикалық танымында, білім мен біліктілігі іс-әрекет барысында көрінеді, Бұл оқушының меңгерген тәрбиесінің айғағы, үрдістің тиімділік нәтижесі болып саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Тәрбиенің әдістері мен формалары
Тәрбие жұмыстары бағытында озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтап қорытындылау
Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Педагогиканың дәрістері
Қазіргі бастауыш мектеп педагогикасындағы тәрбие әдістері мен формалары
Тәрбие әдістері, құралдары, формалары
Мінез-құлық мәдениеті
Тәрбие әдістері. Тәрбие әдістерінің түрлері. Әдістердің анықтамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz