Басшыларды іріктеу жүйесінің тарихы
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І. Білім беру ұйымдарының басшыларын іріктеу жүйесінің теориялық бағыттары
1.1. Білім беру жүйесінің жай-күйін талдау
1.2 Басшыларды іріктеу жүйесінің тарихы
1.3 Білім беру ұйымдарының басшыларының рөлі
1.4Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің
педагогикалық қызметі
1.5 Білім бағдарламасын іске асыру кезеңдері
ІІ. Білім беру ұйымдарының басшыларын іріктеу жүйесінің теориялық әдістері
2.1 Білім беру ұйымдарының басшыларын іріктеу жүйесінің мәні және мақсаты
2.2 Халықаралық және отандық тәжірибелерді зерттеу
2.3 Мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық құзырлығы
мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
2.4. Білім берудегі ақпараттық технологиялар
2.5 . Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі
ІІІ. Білім беру ұйымдарының басшыларын іріктеу жүйесін талдау
3.1 Білім беру ұйымдарының басшыларын іріктеуде кездесетін проблемалар
3.2 Білім беру ұйымдарының басшыларын іріктеу жүйесінің тиімділігі мен тиімсіздігін талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Өзектілігі. Бүгінгі таңда еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыты, қарқындылығы, қоғамның ашықтығы, жедел ақпараттануы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.
Елбасының 2050 стратегиясы және Ұлт жоспары 100 нақты қадам шеңберінде Ғылыми - әдістемелік деңгейде білім беруді жаңарту, оқу, ғылыми және өндірістік үдерістердің өзара байланысын қамтамасыз ететін мүлдем жаңа құрылымдар құруға баса назар аударылуда.
Осыған байланысты ҚР Білім беруді дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген негізгі басымдылықтардың бірі білім беру жүйесін басқаруды дамыту. Менің дипломдық жұмысымның тақырыбына байланысты осы басымдылықты кеңінен қарастырамын.
Басшы - ол, ұйымдағы әкімшілік және басқару жауапкершілігіне ие адам.
Жауапкершілік - дегеніміз, ол әлдекімнің жауапты күйі, қасиеті немесе айқындылығы, яғни, заңдарға немесе этикалық қағидаларға сәйкес басқа біреуге қамқор болып, жағдайын жасайтын адам. Бұл белгілі бір нәрсеге жеке жауапкершілік алу міндеті, сонымен қатар, басшылықтың бұйрығынсыз - ақ әрекет ете білу. Бұл дегеніміз басшы әрекет ету үшін ешқандай бұйрық күтпейді. Ол өз қарамағындағы мәселелерді шешу үшін өзіндік саясатқа сүйене отырып жаңа бастама көтере алады. Ол қарамағындағы аймақтарды және басқа да аймақтарды және басқа да аймақтарды қадағалайды және өзін қадағалауды қажет етпейді.
Қазіргі жағдайда білім беру ұйымдарын басқару дамудың стратегиялық басымдылықтарына негізделген. Білім беру ұйымдарының басшылық қызметкерлеріне қойылатын талаптар ҚР Білім және ғылым министрлігінің 09.06 2011 жылғы бұйрығымен бекітілген және меншік түріне қарамастан барлық білім беру мекемелеріне, ведомстволық бағынышты және ұйымдастырушы-құқықтық түрлеріне бірдей міндетті болып табылады. Мұндай өзгерістерге басшылықтың лауазымдық міндеттерін анықтау және біліктілік талаптарын өзгерту, яғни білім беру ұйымдарының талаптарына сәйкес біліктілікті жоғарылату курстарының сертификаттарының болуы. Яғни, осы талаптар бойынша басшылықты іріктеу жүйесі негізделеді.
Қазіргі кезде бізге қойылған негізгі мақсат - 2050 жылы дамыған 30 елдің қатарына қосылу болса, білім беру саласы да осы елдердің қатарына жақындауы керек - деп батыл шешім қабылдап отырмыз. Сол себептен, білім беру ұйымын басқара білуде үлкен жауапкершілік. Осы жауапкершілікті анықтау үшін де бүгінгі таңда білім беру ұйымдарында басшылықты іріктеу жүйесіне аса қатты көңіл бөлуде.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Менің дипломдық жұмысымда М.Вудкок, Д.Фрэнсис, З.М. Садуакасова, М.М. Поташник, М.И. Кондаков секілді ғалымдардың еңбектерін қолдандым.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Менің дипломдық жұмысымның идеялық мазмұнын толық ашу үшін өз елімізбен қатар басқа да өркениетті елдердің еңбектерінен қысқаша түйінді мәліметтер келтірдім.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Білім беру ұйымдарында басшылықты іріктеу жүйесінің шетелдік тәжірибелермен салыстыра тиімділігін көтеру.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығына зер салсақ, мұндағы дайындалған критерийлер жүйесі мен көрсеткіштер, иерархиялық модель, басқарушылық жағдайда сараптамалық бағалаудың нәтижесінде алынған басымдылық коэффициенті, білім беру ұйымының басшысының қарым-қатынасы мен қасиеттері, сонымен қатар конкурстық комиссияның құрамы мен іріктеу үрдісі туралы. Дайындалған тәжірибелік ұсыныстар қолданысқа дайын және аттестациялық комиссиялар , жалпы білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындаудағы іріктеу мен аттестациялау білім беру ұйымдарымен іске асырылуда.
Объектісі: Білім беру ұйымдарында басшылықты іріктеу жүйесі.
Пәні: Білім беру ұйымдарында басшылықты іріктеу жүйесінің маңызы.
Мақсаты: Білім беру ұйымдарында басшыларды іріктеу кезіндегі қиыншылықтары, қолданатын әдіс-тәсілдері, технологиялары, іріктеудің тиімділігі мен тиімсіздігін талдау.
Міндеттері: Жалпы іріктеу және басшыларды аттестациялау кезіндегі кеткен қателіктер еліміздің экономикасына, білім алу деңгейіне, кәсіби даярлауына, көптеген жұмысы жоқ мамандардың ахуалына кері әсер тигізетінін білеміз. Менің дипломдық жұмысымда кеткен қателіктерді жан-жақты талдау, зерттеу және оларды алдын алуды міндеттейді.
Құрылымы: дипломдық жұмыстың құрамында үш тарау, кіріспе мен қорытынды, әдебиеттер тізімі бар.

Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді.
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді.
Жедел өзгеріп тұратын әлем және ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Оқитындар қазақстандық білім беру жүйесі бағыт алған білімнің, дағды-біліктің жиынтығын (білім үстемдігі) меңгеріп қана қоймауға тиіс. Оқитындардың өзін барынша көрсете білу және қоғам өміріне пайдалы түрде қатысу үшін (құзыреттілік) ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалану дағдысын бойына сіңіру әлдеқайда маңызды да күрделі. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзыретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болмауы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді\2\.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Көптеген дамыған елдер мектепке дейінгі білім беруге тең қол жеткізу үшін мүмкіндіктер жасайды. Бұл тек қаржыландыру деңгейінде ғана емес (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің білім берудің жалпы бюджетінен 9,5 %, 1999 ж.), сонымен қатар балалардың толық күнге немесе қысқа уақытқа келуіне негізделген мектепке дейінгі тәрбиенің әр түрлі модельдерін жасаудан да айқын көрінеді: міндетті аналар мектептері, сәбилерге арналған мектептер, 3-тен 5 жасқа дейінгі балаларға арналған мектептер, ойын топтары, балаларды қарау және күту топтары.
Қазақстанда 2000 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардың саны 12 бірлікке (1%), ал олардағы балалардың контингенті 25 421 балаға (18,7 %) өсті, бұл мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сұраныстарының өсуі мен осы сұраныстарды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы теңсіздікті айғақтайды (1-кесте). Нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымдардағы 100 орынға 105-тен 130-ға дейін баладан келді. Тұтастай алғанда, республика бойынша 22 мыңға жуық бала мектепке дейінгі ұйымдарға орналасу үшін кезекте тұр, бес-алты жастағы 127 мың бала мектепалды бағдарламаларымен қамтылуға тиіс.
1-кесте
Жылдар
Желі
Контингент
2000
1144
135287
2001
1167
146375
2002
1162
153965
2003
1156
160708
Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде 16,3 мың педагог қызметкер еңбек етуде, олардың 38,7%-ының жоғары білімі, 52,8%-ының арнаулы орта педагогикалық білімі, 6,4%-ының аяқталмаған жоғары педагогикалық білімі және 2,1%-ының орта білімі бар. Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің 40 %-ының ғана жоғары және бірінші санаттары бар, ал 31,2 %-ының санаты жоқ.
Мектепке дейінгі тәрбиенің нормативтік құқықтық және оқу-әдістемелік базасы құрылуда. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі 82 атаудан тұратын 19 оқу-әдістемелік кешен әзірленді, сынақтан өткізілді және 20032004 оқу жылында алғаш рет енгізілді. \5\
1999 жылы Қазақстанда балалардың міндетті мектепалды дайындығы енгізілді, бұл балаларды мектепалды дайындық бағдарламасымен қамтуға әсер етті (1-сурет).
Сурет-1
Балаларды мектепалды дайындықпен және мектепке дейінгі оқытумен қамту көрсеткіштері (%)
Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беруде де бірқатар проблемалар бар. Қазіргі таңда мектепалды дайындықтағы тек 40%-ға жуық бала ғана жергілікті бюджет есебінен оқулықтармен қамтамасыз етілген. Жұмыс істеп тұрған балабақшалардағы жиһаздар, спорттық мүкәммал, кітапхана қоры, ойыншықтар, оқытудың көрнекі құралдары моральдық тұрғыдан ескірген және табиғи тозған. Аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің 58%-ы ғана мектепке дейінгі тәрбие мамандарымен жасақталған.
МКҚК (мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар) мәртебесіне ие мектепке дейінгі ұйымдарды қалдық қағидаты бойынша қаржыландыру балалардың балабақшада болу ақысының өсуіне әкеліп соқты және мектепке дейінгі ұйымдарға аса мұқтаж халықтың табысы аз және әлеуметтік жағынан шетін жіктеріне ауыр тиді \6\.
Тұтас алғанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бір жастан алты жасқа дейінгі балалардың балабақшалармен қамтылуының төмендігін көрсетеді (19,1%). Мектепалды дайындықтағы міндетті бағдарламаны бес жастағы балалардың 40%-ы және алты жастағы 60% бала ғана алады.
Жалпы орта білім беру. Жалпы білім беретін мектептегі реформалардың шетелдік тәжірибесі оқытудың мерзімін 12-13 жылға дейін ұзартуды, жоғары сатыдағы оқушылардың оқудағы жетістіктері мен кәсіби оқытуды сыртқы бағалау жүйесін енгізуді көздейді.
Қазақстанның жалпы орта білімі жалпы білім беретін мектептер санының көбеюімен әрі демографиялық және көші-қон процестеріне орай жекелеген өңірлерде шағын жинақталған мектептердің өсуіне ықпал еткен оқушылар контингентінің азаюымен сипатталады (2-кесте).
2-кесте
Жалпы білім беретін мектептер саны
Оқу жылы
Мектептер саны
Оқитындар контингенті
20002001
8109
3043,3
20012002
8171
3019,5
20022003
8164
3095,6
20032004
8260
3026,2
Республикада 4272 жалпы білім беретін шағын жинақталған мектеп (бұдан әрі- ШЖМ) жұмыс істейді (жалпы мектептер санының 52%-ы). Оларда 429,1 мың бала (жалпы оқитындар контигентінің 14,1%-ы) оқиды. ШЖМ-нің бір оқушысын оқытуға жұмсалған шығын қалыпты мектепке қарағанда (өңірлерге байланысты) 30 - 100 %-ға жоғары. Мектептердің тұрғын жерден алыс орналасуына байланысты 37 мың баланы тасымалдау ұйымдастырылған.
Қазіргі таңда 3687 (44,6%) қазақ тілінде оқытатын, 2069 (26,1%) қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді. Мемлекеттік тілде оқытатын мектептердегі оқушылардың контингенті ұлғайып келеді. Егер 2000 жылы оқушылардың 52,1%-ы мемлекеттік тілде оқыған болса, ал бүгінгі таңда 54,8%-ы оқиды. Өзбек, ұйғыр, неміс, тәжік, украин және басқа да ана тілдерінде оқытатын мектептер жұмыс істейді.
Республиканың жалпы білім беретін мектептерінде 270 мыңнан астам педагог жұмыс істейді, оның ішінде 195,8 мыңының жоғары білімі, 60 мыңнан астамының кәсіптік орта білімі бар. 36,5 мың педагог жоғары санатты, 67 мыңы бірінші санатты. Шағын жинақталған мектептерде 64 мыңнан астам мұғалім жұмыс істейді \8\.
Жалпы білім беретін мектептердің оқу процесіне оқушы-жетім балалар, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларындағы балалар тегін қамтамасыз етілетін 1-8 сыныптарға арналған жаңа буын оқулықтары енгізілген. Кәсіптік мектептерде (лицейлерде), колледждерде арнайы пәндер бойынша отандық оқулықтар енгізілуде.
"Білім" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде психологиялық-медициналық-педагогик алық консультациялардың саны 27 бірлікке артты, бұл арнайы оқытуға мұқтаж балаларды анықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Республикада 614 интернат мекемелері жұмыс істейді, оларда мемлекет есебінен 75 мыңға жуық жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларынан шыққан балалар, девиантты мінез-құлықты балалар тұрады; 18 балалар интернат-үйлері жұмыс істейді, оның ішінде біреуі дене бітімінде кемшілігі бар балаларға арналған, онда толық мемлекеттік қамқорлыққа алынған 2,8 мың бала тәрбиеленуде.
5 отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және 17 жасөспірімдер үйлері ашылды, онда өмір сүру жағдайы отбасына жақын. Тәрбие берудің патронаттық нысаны даму үстінде.
2000 жылдан бастап мектептен тыс ұйымдардың саны 25 бірлікке, оқушыларды қамту 1,6 %-ға артты (3-кесте).
3-кесте
Мектептен тыс ұйымдардың саны
Оқу жылы
Мектептен тыс ұйымдардың саны
Контингент
20002001
568
219126
20012002
598
251684
20022003
617
266547
20032004
629
291545
Сонымен қатар жалпы орта білім беруде өз шешімін күткен проблемалар да анықталуда. Оқулықтар шығару тәжірибесінің, авторлар мектептерінің, толыққанды сараптаманы қамтамасыз етудің қаржылық тетігін және институционалдық қолдаудың жоқтығынан оқулықтардың сапасы педагогтер қауымын қанағаттандырмай отыр \5\.
Ескіргендерді пайдалану және қазіргі заманғы оқу жиһаздары мен жабдықтарының, спорт мүкәммалының (әсіресе, ауылдық мектептерде) жоқтығы мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттары талаптарын толық көлемде орындауға мүмкіндік бермей отыр және балалар мен жасөспірімдер денсаулығына кері әсерін тигізеді. Республиканың әрбір үшінші мектебінде пән кабинеттері: химия, физика, биология, математика және т.б., мамандандырылған зертханалар мен спорт залдары жоқ.
256 мектеп авариялық жағдайда тұр. 2 мыңнан астам мектеп күрделі жөндеуге мұқтаж. Еліміз бойынша оқушы орнына тапшылық 500 мыңға жуық орынды құрайды.
Пәндік көзқарасқа негізделген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары оқушылардың өмір жолын таңдауына, мүдделері мен перспективаларын нақты белгілеуіне оң негіз бола алмайды. Жоғары сынып оқушыларының 30%-ы ғана өздерінің қабілеттеріне сәйкес келетін кәсіптік қызметті саналы түрде таңдайды. Болашақ мектеп түлектерінің 70 %-ының өзін-өзі бағалау деңгейі өте төмен және өз бетінше өмір сүруге дайын емес. Жоғары сатыда бейінді оқытудың жетіспеушілігінен еңбек нарығында мектеп бітірушілерге деген сұраныс жоқ.
Кешенді тестілеудің нәтижелері талапкерлердің білім деңгейлерінің жоғары еместігін көрсетеді. Қанағаттанарлық емес баға алғандар үлесі 5 жыл бойы өзгеріссіз қалып отыр және олар 28-30%-ды құрайды. 2004 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) қорытындылары мектеп бітірушілердің 24,2%-ы жинауға болатын 120 балдың 40 балдық өту деңгейін жинай алмағанын, оқушылардың тек 0,7%-ы 101-120 балл жинап, үздік бағаларын дәлелдегенін көрсетеді. 120 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі балалардың үштен бір бөлігі ғана түзеу ұйымдарында арнайы білім берумен қамтылған. Арнайы білім берудің нормативтік құқықтық және бағдарламалық-әдістемелік базасы, түзеу мекемелері үшін педагог кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесі жетілдіруді және жаңартуды қажет етеді. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды орталықтандырылған есепке алу жүйесі жоқ. Инклюзивтік білім беру нашар дамуда \9\.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беру. Дамыған елдердегі кәсіптік білім беру жағдайына жасалған талдау кадрларды даярлау процесіне қатысу үшін жұмыс берушілерді көтермелеу тетіктерінің, сондай-ақ кәсіптік білім берудің сапасын (біліктілікті беру мен қуаттау ұлттық орталықтары) реттеудің институционалдық негізінің бар екенін және кәсіптік бағдарламалардың аса ұтқырлығы мен кірігуін айғақтайды.
Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесі 722 оқу орнынан, оның ішінде жалпы оқушылар контингенті 341,3 мың адам 307 кәсіптік мектеп (лицейлер) пен 415 колледжден тұрады.
Кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарында оқитындардың контингенті 2000 жылдан бастап 2004 жылға дейін 10,3 мың адамға ұлғайды.
4-кесте
Кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарындағы оқитындардың контингенті
Оқу жылы
КМ (КЛ) саны
Оқитындардың контингенті
Мембюджет қаражаты есебінен оқитындардың саны
20002001
306
88,3
75,4
20012002
312
88,1
72,1
20022003
312
89,6
82,3
20032004
307
98,7
91,3
2000 жылмен салыстырғанда колледждер саны жекеше оқу орындарын ашу есебінен 101 бірлікке өсті. Колледждерде оқитындардың контингенті 86,5 мың адамға артты (5-кесте).
5-кесте
Колледждерде оқитындардың контингенті
Оқу жылы
Колледждер саны

314
156,1
43,8
20012002
349
189,8
45,7
20022003
382
207,9
54,8
20032004
415
242,6
63,3
Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында 28,1 мың педагог жұмыс істейді. Оның ішінде 2231 адамның жоғары білімі бар, 5647 адамның кәсіптік орта, қалғандарының техникалық орта білімі бар. 7580 адам жоғары санатқа, 6989 адам бірінші санатқа ие. Колледждерде 5 ғылым докторы және 96 ғылым кандидаты жұмыс істейді \10\.
Сонымен қатар, тез өзгеріп отырған экономикалық жағдайда білім беру қызметтерінің реттелмеген нарығының дамуы, жұмыс беруші мен бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесі арасында әлеуметтік серіктестіктің болмауы білім беру деңгейі және экономика секторлары бойынша кадрлар даярлаудағы тепе-теңдіктің болмауына әкеп соқты. Тұрғындардың 10 мыңына шаққанда техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлаудың саны жоғары білім беру саласына қарағанда едәуір төмен және ол колледждерде - 162 оқушыны, кәсіптік мектептерде - 66 оқушыны, ал жоғары оқу орындарында 439 студентті құрайды. Қызмет көрсету саласы және өндірістік емес сектор үшін кадрларды даярлаудың артуы байқалады, ал техникалық, құрылыс және ауыл шаруашылығы мамандарына деген сұраныс қанағаттанарлықсыз күйде қалып отыр.
Сурет-2
Кәсіптік мектептерде оқушылардың контингенті
Сурет-3
Колледж оқушыларының контингенті
Жұмыс берушілер мен басқа да әлеуметтік серіктестер және қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлау тапсырысын түзуге нашар тартылған. Кәсіптік білім беруді және кадрларды даярлауды ұйымдастыруға экономиканың жекеше секторының қаражаттарын тарту тетігі жоқ. Кәсіптік мектептердің 122 ғимараты (45%) күрделі жөндеуді, 115 ғимарат (42,1%) ағымдағы жөндеуді талап етеді, кәсіптік циклдегі 153 кабинет, жалпы білім беру цикліндегі 146 кабинет, 108 оқу зертханасы, 78 оқу шеберханасы, 33 асхана, 72 медициналық пункт жетіспейді.
Өндірістік оқытуды ұйымдастыруға, оқу материалдарын, құралдар мен жабдықтарды сатып алуға, кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қаржы қаражаты бөлінбей отыр.
Бөлінген қаржы қаражаты, негізінен, жалақы мен әлеуметтік салық төлеуге (54%), тамақтануға, киім-кешекке және стипендияға (23%), коммуналдық қызметтер көрсетуге (10%), үй-жайларды күтіп-ұстауға және қызметтер көрсетуге (3%) жұмсалады.
Кәсіптік мектептер мен колледждердегі кадр тапшылығы арнайы пәндердің 934 оқытушысын және өндірістік оқыту шеберін құрайды. Кәсіптік мектептер мен колледждердегі кадр құрамының қартаю, неғұрлым білікті оқытушылардың шағын және орта бизнеске кету үрдісі сақталып отыр. Жас мамандардың еңбекақының және педагогтің әлеуметтік мәртебесінің төмендеуінен кәсіптік мектептер мен колледждердегі жұмыс істеуге деген ынтасы жоқ.
Облыстық деңгейде кәсіптік білім беру және кадрларды даярлайтын оқу орындарының басқару мен оқу-әдістемелік қамтамасыз ету құрылымы осы оқу орындарының басқару және қаржыландыру функциялары жергілікті өкілді орындарға және атқарушы билік органдарына берілген сәттен бастап (1996 жыл) нығайтылмаған \12\.
Кәсіптік білім беру мен техникалық және қызметтер көрсету еңбегі кадрларын даярлаудың құрылымы мен білім беру бағдарламалары біліктілік деңгейлері бойынша Техникалық және кәсіптік білім беру туралы ұсынымдарына (ЮНЕСКО, 2001 жыл), Білім беруді халықаралық стандартты жіктеу бағдарламасының өлшемдеріне (БХСЖ, 1997 жыл) сәйкес келмейді, бұл кәсіптік білім беру жүйесінің ұтқырлығын, икемділігін азайтады және әлемдік білім кеңістігінде танылу ықтималдығын төмендетеді.
Жоғары білім беру. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің дамуын талдау онда кредиттік білім беру жүйесіне негізделген, кадрлар даярлаудың үш сатылы моделінің кең тарағанын көрсетеді: бакалавриат-магистратура- Ph.D докторантурасы. Бұл модель АҚШ университеттерінде және Еуропаның көптеген елдерінде қолданылады. Ол неғұрлым икемді де тиімді болып табылады, академиялық ұтқырлықты және еңбек нарығының тез өзгеріп тұрған шағында түлектерге деген сұранысты қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде 180 жоғары оқу орны және ЖОО-ның 86 филиалы бар. 9 жетекші университеттің ерекше мәртебесі бар. Педагог кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру мақсатында 2004 жылы 5 мемлекеттік педагогикалық
ЖОО-ы ашылды \13\.
Жоғары оқу орындарының саны, студенттер контингенті және мемлекеттік білім беру тапсырысы өсіп отыр (6-кесте).
6-кесте
Жоғары оқу орындарында оқитын контингент саны
Оқу жылы
Жоғары оқу орындары саны
Оқитындардың контингенті
Мемлекеттік тапсырыс (оқуын жалғастырушылардан басқасы)
20002001
181
440715
21970
20012002
182
514738
25265
20022003
173
590982
25465
20032004
180
656561
26465
Жоғары оқу орындарының 41 мың адамды құрайтын профессор-оқытушы құрамының 2520-сы ғылым докторы және 11610-ы ғылым кандидаты. 10000 тұрғынға шаққандағы студенттердің саны 2000-2001 оқу жылындағы 257 адамнан 2003-2004 оқу жылында 439 адамға артқан.
2000 жылы қабылданған "Білім" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында жоғары білім беру мамандықтарының жіктеуіші жетілдірілген. Оқу процесінің технологиялы болуын қамтамасыз еткен бастауыш курстардың біріздендірілген білім беру бағдарламаларымен қоса жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары әзірленді. Жоғары білімге даярлық мамандықтары мен бағыттарының пәндері 7000 үлгі оқу бағдарламаларымен қамтамасыз етілді \21\.
Кәсіптік жоғары білім алуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету және неғұрлым дайындалған жастарды іріктеу мақсатында кешенді тестілеу немесе ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізу және конкурстық негізде мемлекеттік білім беру гранттары мен кредиттерін беру арқылы студенттер контингентін қалыптастырудың жаңа моделі енгізілді.
Кадрларды даярлау жүйесін әлемде жалпы қабылданған бакалавр-магистр моделіне көшірудің негіздері қаланды. Жоғары оқу орындарына айтарлықтай академиялық еркіндік берілді. Оқытуда пайдаланылатын ғылыми зерттеулер жанданып, академиялық ұтқырлық арта түсті. Қазақстан Республикасының 19 мыңға жуық азаматы әлемнің 35 елінде оқиды, оның ішінде 16,4 мыңы Ресей жоғары оқу орындарында оқиды. 800 адам Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері болды. Республиканың жоғары оқу орындарында 8690 шетел азаматы оқиды \3\.
Сонымен қатар жекелеген жоғары оқу орындарының және олардың көптеген филиалдарының зияткерлік, кадрлық, материалдық-техникалық әлеуетінің жетіспеуінен талапкерлердің және студенттердің даярлық деңгейіне қоятын талаптарының төмендеуі мамандарды даярлау сапасының төмендеуіне әкеп соқтырады. Бұл жоғары оқу орындарын кадрмен қамтамасыз етуге және олардың материалдық-техникалық базасына қойылатын талаптарды күшейту бағытындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру қажеттігін туындатады.
Жоғары оқу орындарындағы бір бейінді мамандықтарға даярлау жоспарлы экономикаға тән тұрақты салаларға және тұтынушыларға ғана бағдарланған. Әлеуметтік серіктестік және кадрларды атаулы даярлау, әсіресе, өңірлік деңгейде одан әрі дамытуды қажет етеді. Техникалық, аграрлық, технологиялық, ветеринарлық мамандықтар бойынша мемлекеттік тілдегі оқулықтар мен оқу құралдарының тапшылығы байқалады. Жоғары оқу орындарындағы оқулықтардың, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттердің 50 %-ы жаңартуды талап етеді \12\.
Қазақстандық және шетелдік білім беру бағдарламаларын, білім туралы құжаттарды өзара есепке алу және өзара тану тетіктерін әзірлеу процесі баяу жүруде, ол студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын тежейді.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Бюджеттік негіздегі аспирантура 48 мемлекеттік жоғары оқу орнында, 5 мемлекеттік емес жоғары оқу орнында және 66 ғылыми ұйымда, докторантура 15 мемлекеттік жоғары оқу орнында және 23 ғылыми ұйымда жұмыс істейді.
Соңғы жылдары аспирантураны ғылыми дәреже алып бітірушілер 18%-дай ғана, бұл ғылыми кадрларды даярлаудың қазіргі жүйесінің тиімділігінің төмендігін көрсетеді.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлаудың сапасын басқаруға мүмкіндік бермейді. Ғылыми жетекшілердің (консультанттардың), білім және ғылым ұйымдарының аспиранттар мен докторанттарды оқыту нәтижелері үшін жауапкершілігі төмендеген.
Бірқатар бағыттар, оның ішінде медицина мамандықтары (трансплантология және жасанды органдар, нейрохирургия, гематология, емдік дене шынықтыру, спорттық медицина және т.б.) бойынша ғылыми кадрларға деген тапшылық бар, бұл республикада тиісті ғылыми мектептердің болмауына байланысты. Ғылыми-зерттеу институттарында және жоғары оқу орындарында кадрлардың "қартаюы" орын алуда. Егер 10 жыл бұрын ғылым докторларының орташа жасы 56 жасты құраса, ал қазіргі уақытта 62 жасты құрайды, ғылым кандидаттарының жасы тиісінше - 44 және 47 жас \5\.
Ғылыми ұйымдардың жоғары оқу орындарының білім беру процесіне қатысуы болмашы. Білім берудің мазмұны мен ғылымның қазіргі жағдайының арасындағы алшақтық маман даярлаудан жаңа ғылыми идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын, жаңа технологияларды алға апарушы және қазіргі заманғы технологиялық процестерді басқара алатын зерттеуші маман даярлауға толыққанды көшуді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
Педагогика ғылымдары бойынша жүргізілген көптеген зерттеулердің практикалық мәні төмен. Соңғы жылдары педагогика ғылымдары бойынша 140-қа жуық докторлық және 600 кандидаттық диссертация қорғалғанына қарамастан, ондаған жылдар бойы білім берудің барлық деңгейлерінде оқытудың әдістері мен нысандары өзгеріссіз қалып отыр, дайын білімнің көзі ретіндегі педагогтің міндеті туралы ескірген түсінік сақталған.
Педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру.
Педагог мамандықтары бойынша базалық даярлықты оқитындар контингенті 167 мың адамнан астам және жылына 22 мыңнан астам мұғалім шығаратын 34 жоғары оқу орны 19 педагогикалық мамандық бойынша жүргізеді.
Педагогтерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы: 2001 жылғы 5655 грант пен кредиттен 2004 жылы 6075-ке дейін өсті.
Қайта даярлау және біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдердің саны өсіп келеді: 2001 жылы - 42784 мұғалім, 2003 жылы - 48157. Алайда бұл әрбір мұғалімнің біліктілік арттыру курстарынан кемінде бес жылда бір рет өтуін міндеттейтін Білім туралы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін іске асыру үшін жеткіліксіз, оған сәйкес жыл сайын 54000 мұғалім біліктілігін арттырудан өтуге тиіс.
Бейіндік сыныпта оқытуды, 2 сыныптан бастап шетел тілдерін, информатиканы оқытуды көздеу, кәсіптік мектептердің желісін кеңейту 28 мың педагогикалық ставканы қосымша енгізуді талап етеді \9\.
Жоғары оқу орындарының түлектерін ауылдық жерлерде жұмыс істеуге тарту және орнықтыру тетігін әзірлеу қажет.
Жоғары оқу орындарының мүмкіндіктері педагог кадрлардың біліктілігін арттыруда жан-жақты пайдаланылмайды. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау мәселелерін шешу жөнінде шет елдермен тәжірибе алмасу нашар дамыған. Білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлерінің жаңа білім-білікті игеруін материалдық және моральдық тұрғыдан көтермелеу тетіктері тиімді түрде жеткілікті пайдаланылмайды, практикалық қызметке бағдарланған оқытудың белсенді тренингтік технологияларының енгізілуі нашар.
1.2 Білім беру ұйымдарының басшыларын іріктеу жүйесінің тарихы
Қазіргі таңда Қазақстан әлем таныған беделді елге айналды. Ел экономикасы қарқынды даму үстінде. Өмір сапасы еселеп жақсарды. Өзінің ғасырларға бергісіз өрлеуі барысында Республикамызжаңа бағытын айқындауда. Елбасымыз білім - ғылым - инновация үштігі билеген әлемге қарай қарқынды бет алу үшін ең алдымен білім беру үйымдарында басшылықты іріктеу жүйесінде бірнеше міндеттерді қойды. Яғни, білім беру ұйымдарындағы басшы дұрыс басқару арқылы жас ұрпақты жаңа индустриялық-инновациялық экономика жағдайындағы өмірге сапалы білім және саналы тәрбие беру арқылы дайындайды.
Жалпы басшыны іздеу мен іріктеудің толық-жүйелі системасының қалыптасуының ұзақ және күрделі тарихы бар.
Іріктеу жүйесі орнауының периодын шартты түрде үш негізгі кезеңге бөлген:
1.Ғылымға дейінгі (донаучный)
2. Классикалық
3. Қазіргі заманғы
1. Ғылымға дейінгі кезең. Көне шығыста, құлиеленуші мемлекеттерде (Шумер,Египет, Армада) 4-5 мың жыл бұрын қалыптаса бастаған.
Мысалы, Египетте чиновниктер мектебі болған. Бұл мектептің басшысын іріктеу кезінде көптеген критерий бойынша жан-жақты, қатал іріктеу болды. Қабылдау кезінде ақыл-ойына, қабілеттілігіне, мәдениеттілігіне және де тағы басқа критерийлерге басты назар аударған.
Ғылымға дейінгі кезіңінің нағыз биік жетістігі Көне Грецияның жандану кезеңіне келді. Бұған көне грек ойшылдарының (Аристотель, Платон) еңбектері маңызды ықпал етті, олар тарихта бірінші рет мамандықтың қай түрі болмасын, сапалылықты белгілі бір жүйеге келтіруге ұмтылған. Ғылымға дейінгі кезеңде - қазіргі біртұтас іріктеу жүйесінің - тек бөлек элементтері ғана қалыптасқан, ал толық жүйе тек кейін пайда болды.
Еуропа капитализмнің дамуына әсер кеткен XVIII-XIX ғасырлардың индустриялық төңкеріліс классикалық кезеңінің басталуына жол ашты. Бұл кезеңде арнайы департаменттер пайда болды.
Жалпы айтқанда, іріктеу жүйесінің проблемасын ғылыми түрде бірінші негіздеген американдық ғалым және атақты неміс психологы Мюнстерберг болды.
Бірақ кәсіби іріктеу жүйесіне түбегейлі өзгеріс енуі XX ғасырдың 20-жылдарында ғана мүмкін болды. Бұл жылдары Тейлордың еңбекті - ғылыми түрде ұйымдастыру ілімі кеңінен тарады. Тейлор білім беру ұйымдарына басшыны іздеу және іріктеудің, және де басшының қызметіне сәйкес баға берудің арнайы жүйесін жасауға ерекше көңіл бөлді. Тейлордың жүйесін ең дамыған мемлекеттер (АҚШ, Германия, Франция және т.б.) қолданды.
Германия үкіметі армия және білім беру ұйымдарына басшыны іріктеуге психологтарды да жұмылдырды. 1920 жылдар басында Германияда білім беру ұйымдарына басшылардан глобальді сұрау жүргізілді. Оның мақсаты нақты мамандарды бөлшекті түрде бейнеленуінің критерийлерін анықтау еді. Ол үшін Психология институты 151 сұрақтан тұратын анкета дайындаған. Әр жауаптар негізінде "психограмма" қатарын алфавит бойынша басшылардың картотека жинағын жасаған.
Қазіргі заманғы кезең. Білім беру ұйымдарында басшыларды іріктеу тәжірибесін экономикасының бүкіл саласына көшіру - 1950 жылдарының аяғы 1960 жылдарының басында"сапа теориясын (теория качеств)" жасау - кадрлар қызметінің ең бір шұғыл бетбұрыс кезеңі деп есептеуге болады (алғашында бұл теория басшыларға ғана қатысты болды). Бұл бағытты ұстанғандар - жігерлік, қайраттылық, табандылық, тез шешім қабылдау және тағы басқа осы сияқты жеке адамға тән ерекше қасиеттерге қарады. Басқару функцияларын табысты атқару үшін, зерттеушілердің көзқарасы бойынша, әр түрлі зерттеулерде тағы да көптеген қасиеттерді анықтауды көздеді, ең негізгілері жігерлілікті, ақыл-ойын және мінез-құлықты зерттеу болып табылды.
Жаңа теорияның ең бір әлсіз және әлжуаз жағы оның негізгі ойы - ол бойынша басқарушының бойында ешбір кемшілігі болмай, барлық жақсы қасиеттеріне ие болу керек деген. К.Бирд өзінің зерттеу жұмысын қорытындылап, лидер болуының 79 қасиетін көрсеткен. Сол жылдары осы тақырыпқа байланысты көптеген зерттеулер жүргізілді, алайда олардың нәтижелері бір-біріне қарама-қайшы болатын кездер көп болды. Ол порттың айтуы бойынша, индивидті суреттеудегі қолданылатын ағылшын тіліндегі 17 мың анықтауышының әр біреуі лидерлік қасиетіне (мінезіне) тән болуы мүмкін. Бірнеше жылдан кейін С. Джиб лидерлік қасиеттерін тұжырымдыйтын зерттеулерді қарастырып, көбісі мағынасыз деген қорытынды шығарды, себебі әртүрлі жағдайлар басқарушыдан әрқилы іс-әрекетті, көбінесе теріс іс-әрекеттерді жасауды талап етеді. Тағы бір қателікке келсек, лидерлік қасиетін тұжырымдайтын тізімдерде нағыз лидерлік қасиеттерді көрсететін сөздер емес, оларға жақын жалпылама-анықтауыштық сөздер қолданылған. Неғұрлым тізім көлемі ұлғайған сайын, соғұрлым қорытынды нәтижесіз келеді. Сонымен қатар, алғашқы баға берудегі нәтижелер стандартты статистикалық бағаға сәйкестеп келтірілмеді.
Қазіргі таңда Қазақстан станда Білім беру саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (ҚР БҒМ) болып табылады. ҚР БҒМ жалпы білім беру ұйымдарының басшыларын іріктеуде аса қатал талаптар қойып отыр. Басшыларды іріктеуде бірнеше талаптар қойылады. Мысалы, басшылардың арасынан ең қолайлы басшыны формальді мінездеме негізінде айқындау (білім, кәсіп, еңбек стажы, жасы, жынысы және т.б.); ваканттық қызметтің негізгі талаптарына жауап беретін потенциалды басшыны айқындау үшін кадр резервін құру; Қызметке тағайындау үшін жарияланған арнайы конкурс шарттарына сәйкес болу және тағы басқа.
Ең бастысы тағайындалатын басшы өз біліміне сенімді, жан-жақты іскерлігі мен шеберлігі айқын көріну қажет.
1.3 Білім беру ұйымдарында басшылықтың рөлі
Біздің қоғамымызда білім беру ұйымын басқару жалпы басқару жүйесінің бөлігі бола тұра оған ерекше әлеуметтік міндеттер жүктелген. Өйткені білім беру ұйымдары білім беру үдерісінде қазіргі кезең мен болашақтың талаптарын ұштастыра отырып, тұлғаны қалыптастыру мақсатында қызметін іске асырады.

Басқару - ұжымның мақсатын анықтап, оны жүзеге асыру үшін қажетті жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, талдау және бақылау - бағалау үдерісі. В.В. Сухамлинскийдің айтуынша Басқару - адамтану, адамның күрделі және қызықты, рухани жандүниесіне үңіле білу. Басқарушылық шеберлік пен басқарушылық өнер - даналықты жүрекпен ұға білу.
Басқарудың құндылығы:
* Үздіктік;
* Адами қор (мүмкіндігін толық ашу);
* Ұжымдық жұмыс;
* Жаңашылдық;
* Шығармашылық;
* Келісімге келу;
* Іскерлік қарым-қатынас.
М.М. Поташниктің айтуынша Басқару - ұйымның қалыптасуын, тиімді қызмет етуін және үнемі дамып отыруын қамтамасыз ететін барлық субьектілердің мақсатты іс-әрекеті.
М.И. Кондаков білім беру ұйымдарды басқарудың басқа салалардан ерекшеліктері бар екенін, өйткені оның барысында оқу-тәрбие үдерісінің барлық жағын қамтитын ұйымдастырушылық-педагогикалық қатынастар жүзеге асырылатынын атап көрсеткен.
Білім беру ұйымдарының басты заманауи тапсырмаларының бірі - ол, әрбір адамның қабілеттіліктерін ашып, мына бәсекелес әлемдегі жоғары технологиялық өмірге дайын тұлғаларды қалыптастыру. Білім беру ұйымдарының басшылары педагог па? Әлде менеджер ма? Бұл мәселе барша кезеңде маңызды болып қала бермек.
Қазіргі кезеңде Қазақстандағы басқару іс-тәжірибесіндегі басшыларды білім беру саласындағы менеджерлер деп атасақ болады. Айта кететін жәйт, біздің білім беру саласында таза классикалық менеджмент болуы мүмкін емес. Білім беру саласындағы болып жататын жылдам өзгерістерге тез бейімделу үшін менеджменттің академиялық қабілеттерін меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар болып жатқан өзгерістердің қасиеті мен қабілетін білу, олардың нормативтік-құқықтық актілерін және заңнамалық өзгерістерден де хабардар болуы шарт. Яғни, басқа сөзбен айтқанда Қазақстанның білім беру жүйесінде менеджменттің ерекше спецификалық түрі қалыптасуда. Сондықтан бұл екі сөзді бөліп қараудың маңызы жоқ.
Менеджмент - бұл басқарудың жаңа философиясы, ал қоғам өміріндегі басқару мен менеджердің рөлін, сондай-ақ оның әлеуметтік мәнін көрсетеді. Бұл басқару үдерісі жүйелі, мақсатқа сай және қарамағындағылардың абыройлы жұмыс жасап, содан рахат алатындай, нәтижеге қол жеткізудің жоспарын құру. Менеджмент басқару саласындағы адамның қызметі. Менеджменттің объектісі - адами қарым - қатынастардың жиынтығы.
Ағылшын тіліндегі Оксфорд сөздігінде Менеджмент - тәсіл, адамдармен қарым-қатынас жасау, басқару құралы, өнері деп көрсетілген.
Неміс авторлары Вернер Зигерт және Лючья Ланг: Менеджмент - қойылған мақсатқа адамгершілік негізде, тиімді жетуге мүмкіндік беретін адамдарға басшылық жасау дейді.
Американдық теоретик Друкер Питер: Менеджмент - адамдарды қызметіне қабілетті болуға, өз іс-әрекетінің тиімділігін қамтамасыз етуге, олқылығын уақытылы жоюға бағытталған, адам төғңрегінде қозғалатын басқару әрекетінің арнайы түрі деген.
Қазіргі менеджмент дегеніміз - ұйымдағы жаңа басқарушылық ойлау, нарықтық қатынастарға лайықталған басқарудың философиясы, саясаты, әдістері, принциптері, басшылардың өз бетінше әрекет жасауы, шешім шығаруы, бұйрықты күтіп жоғарыға жалтақтамай, күрделі мәселелерді шешуді жүзеге асыруы. Бұл білім беру ұйымының тиімді және сапалы қызметін жүзеге асыру мақсатындағы интеллектуалдық, материалдық және қаржылық ресурстарын жұмылдыру бойынша білім, өнер және іс-әрекеті.
Менеджмент негізінде білім беру ұйымдарын басқарудың ұстанымдары:
Біріншіден - кез келген білім беру ұйымдары жекелеген түрде өмір сүрмейді, білім беру ұйымдары республикамыздағы білім беру жүйесінің бөлігі болып табылады. Сондықтан білім беру ұйымдарының басшылары ішіндегі және оны қоршаған ортамен байланыстарыды нығайтып, ынтымақтастық ортасын құрып, білім беру ұйымдарының дамуын жүзеге асыруы қажет.
Екіншіден - кез келген білім беру ұйымдары өзінің миссиясын, философиясын, саясатын, стратегияларын анықтаумен мықты. Осы және басқа да өзекті әрекеттің қалыптасуы білім беру ұйымдарының менеджментінің ғылыми негізін құрайды. Сондықтан аталған түйінді мәселелер мектептің нормативті-құқықтық құжаттары: тұжырымдамасы, ережесі, Даму бағдарламаларынан өтуі тиіс.
Үшіншіден - бүкіл білім беру ұйымдарының жүйесінің орталық діңгегі.
Төртіншіден - нақты нәтижелерге қол жеткізудің басты шарты - білім беру үдерісі барысында ұжым мүшелері арасында жағымды, тиімді қарым-қатынас орнату. Соған байланысты басқарудағы қарым-қатынастың қазіргі уақыттағы әдіс-тәсілдерін: біріктірілген, стратегиялық, жүйелі кешенді, қатынастарды қолдану.
Сонымен жоғарыда аталғандарға байланысты білім беру ұйымдарының басшылық қызметіне жаңа талаптар қойылады.
Білім беру ұйымдарын басқару іс-әрекетінде ең алдымен мақсат қойылады. Мақсат ұйымдағы тұлғаның қалыптасуымен тікелей байланысты. Бүгінде білім беру ұйымдары, мысалы, мектеп халықтық тәрбие тағылымен игерген, білімді, парасатты, денсаулығы мықты, ел болашағын ойлайтын, өз бетінше ойлайтын шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуі тиіс. Осындай түлек мектептен үлкен өмірге аттанады. Сондықтан басқару мақсаты, міндеттері осы жауапты, абыройлы іспен тікелей жалғасады.
Белгілі экономист Василий Леонтиев мынадай әділ тұжырым жасаған болатын. Білім алу адамның ең маңызды қажеттілігін қанағаттандырады және өз кезегінде болашақта материалдық өндірістің өсуіне әкелетін қоғамдық инвестиция болып табылады. Ол қазіргі ұрпақтың өмір сүру деңгейін жоғарылата отырып, болашақ ұрпақтың табысын молайтады.
Бұрынғы басшы мен қазіргі басшының айырмашылығы
Бұрынғы басшы:
* Талантты
* Ұйымдастырушы
* Әділетті
* Білімді
* Дарынды
* Ұжымдағы адамдарға құрметпен, сеніммен қарайды
* Уақытпен санаспайды
* Жұмыста жанып жүреді
* Адамдарды қызықтыра, жігерлендіре біледі
Қазіргі заманғы басшы:
* Жоспарды, өзгерісті тәжірибеге, өмірге енгізуді өзінен бастайтын маман
* Күш жігерді жинайтын, күшейтетін, ұжымды демеуші, қозғау салатын
* Ұйымдастырушылық инфрақұрылымдарды құратын (шығармашылық топтар)
* Шығармашылық еңбектің қалыптасуына жағдай жасайтын
* Ұжымның әр мүшесінің орнын, қажеттілігін, соның негізінде жұмыстың сапсының көтерілітінін сендіре ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz