Білім берудің кәсіби деңгейінің төмендігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 115 бет
Таңдаулыға:   
АННОТАЦИЯ

Бұл зерттеу жұмыста ҚР қазіргі білім беру нарығында білім беру мекемелерінің жұмыс жасауы олардың ұсынған білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігімен және еңбек нарығының қажеттіліктеріне жылдам бейімделуімен анықталды. Оларды жаңа ерекше немесе эксперименталды кәсіби білім беру бағдарламаларын пысықтау алаңы ретінде, сонымен қатар даярлау масштабы жағынан және ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасы бойынша мемлекеттік жүйеге айтарлықтай бәсекхо0а 7ччелестік тудыратын жаңартылған білім беру жүйесін қарастырдық.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Қазақ АКСР - Қазақ Автономиялы Кеңнстік-Социолистік Республикасы
ЭЫДҰ - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы;
ЖОО - жоғарғы оқу орыны;
TIMSS - Trends in International Mathematics and Science Study;
IEA - International Association for the Evaluation of Educational Achievement;
БҰҰ - Біріккен Ұлттар ұйымы;
КСРО - Кеңестік Социалистік Республика Одағы
ЮНЕСКО - Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы.

ЖОСПАР

КІРІСПЕ
І. Қазақстандағы білім беру жүйесі
1.1 Білім беру: мәні мен маңыздылығы
1.2 Білім туралы Заңының қазіргі білім жүйесінің дамуына ықпалы
1.3 Қазіргі заманғы білім берудің негізгі тенденциялары
1.4 Жаһандану үдерісі: білім берудің өзекті мәселелері
ІІ ҚР.да білім беру қызметі нарығының трансформациялық даму жағдайларын талдау
2.1 Отандық білім беру саласындағы рыноктық өзгерістер үдерісі
2.2 ҚР.да білім беру саласын қаржыландыру мәселелері
2.3. Қазақстанның білім беру нарығының қазіргі жағдайын талдау 2.4 Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі
ІІІ. ҚР білім беру нарығы заңдылықтары мен тенденцияларын заманауи әлемдік тәжірибеге сүйене отырып дамыту перспективасы
3.1 Білім беру саласын инновациялық дамытудың отандық және шетелдік тәжірибелері
3.2 Білім беру қызметі рыногын ілгері дамытудағы инвестициялаудың ролі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе:
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: ХХІ ғасыр - жаһандық жаналықтар ғасыры ғана емес, білімнің дәуірлеу ғасыры да, өйткені ол қазіргі кезде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ әлемдік нарықтағы, әлемдік қоғамдастықтағы орнын айқындап, халықтың өмір сүру сапасымен деңгейін көтеруде айрықша маңызды рөл атқарады. Өз кезегінде әлемдік қауымдастықтың бір мүшесі ретінде еліміз бұл мәселелерден тысқары қала алмайды. Қазақстан Республикасы өз егемендігін алған уақыттан бастап, білім беру жүйесі жаңа кезеңге көшті. Білім берудің оқулықтары жаңа стандартқа сай жасалуда. Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені). Осы жерден Республикамыздың білім беру деңгейінің сапалығы туралы жаңа ұсыныс кеңестердің жүзеге асыру қажеттілігін байқаймыз.
Қазақстан жоғары білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім беру үрдісінің ең озық үлгілеріне сәйкестендіруге негізделеді. Тәуелсіз мемлекетіміздің білім беру жүйесі мынадай екі түрлі маңызды процесті жүзеге асыруға бағытталған:
oo ұлттық білім беруді жаңа арнаға салу;
oo әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу.
Елбасымыз кезекті Жолдауында Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар - деп атап өткен болатын. Осы мәселені шешу үшін төмендегідей міндеттерді де көрсетіп өтті. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда елімізде ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамтуды жоспарға қойып берді. Ал орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керектігін атап өтті. Мектеп түлектері үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиістігі де айтылды. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеретіні сеніммен нақтыланды [1 ].
Бүгінгі күні білім беру жағдайы, күйі, болашағы жаңа кезеңге жол ашпақ. Көптеген оқу-орындарының оның ішінде мектептер, колледждер, университеттер, оқу негіздері ашылды. Қазіргі уақытта білім берудің мазмұнына талдау жасау өте қиын.
Диссертация жұмысының зерттелу деңгейі. Білім беру саласындағы әр түрлі мәселелерді зерттеуге көптеген ғалымдар үлесін қосқан. Осы саланы зерттеп тануға Я.Ә.Әубәкіровтың, К.Н.Нәрібаевтың, Шеденов У.К., Даулиева Ғ.Р., Джумамбаев С.К., Сарбасова Т.С., Сарбасова А.К., Бимендиева Л.А., Бейсенбаев Ж.Т., Мухтарова К.С. А.А.Абишев, С.А.Абдыманапов, Е.Б.Аймагамбетов, Р.А.Алшанов, К.А.Сагадиев, Р.К.Сатова, Ж.К.Туймебаев және т.б. отандық ғалымдар үлесін қосқан.
Нарықтық экономика шартында білім беру жүйесін басқару, қаржылық
қолдау көрсету мәселелері Критский М., А.Панкрухин , С.Г.Струмилин, Н.А.Синицин, Бушмарин И.В., В.П.Тихомиров, Ишина И.В, М.Х.Тусеева, В.М.Филиппов, Т.Шульц, Капелюшников Р.И., Албегова И.М., Леонова Т.Г., Емцов Р.Г., Нойт. және т.б. отандық және ресейлік ғалымдардың еңбектерінде зерттелінген.
Білім беру саласының ұлттық экономикадағы және елдің бәсекеге қабілеттілігін анықтаудағы білім берудің орнын Толстобров М.Ю., Чистякова О.В., Портер М.Э., Киченко Л.П. Е.С.Попова Cулима С.В. Житовская И.Г., Крылова И., Cкоров Г.Е., Д.Х. Байдрахманов және т.б.б отандық және шетелдік ғалымдар зерттеуге үлесін қосқан.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертация жұмысының мақсаты отандық білім беру саласының бүгінгі жағдайы мен өзекті мәселелеріне ғылыми талдау жасап, оның нарықтық қатынас жағдайындағы құрылымдық өзгерістері және білім саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағыттары бойынша теориялық-әдіснамалық және іс-тәжірибелік тұрғыдан ұсыныстар дайындау болып табылады. Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер орындалады:
oo білім саласын дамыту мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ әлемдік нарықтағы, әлемдік қоғамдастықтағы орнын айқындаудың алғышарты ретінде зерттеледі, оның қазіргі жағдайына ғылыми-теориялық тұрғыдан баға беріледі;
oo білім беру саласында мемлекеттік бағдарламалардың орнын анықтау және осы саланы қаржыландыру мәселелерін теориялық тәжірибелік тұрғыдан талдау;
oo білім саласын арттырудағы шетелдік тәжірибелер мен экономикалық көзқараста зерттелініп, оны Қазақстан Республикасында қолдану ерекшеліктері сараланады.
Диссертация жұмысының зерттеу нысаны. Республиканың, ішінара аймақтар мен облыстардың білім беру қызметі мен мекемелері, оның жекелеген салалары диссертация жұмысының объектісі болып табылады.
Диссертация жұмысының зерттеу пәні. Отандық білім беруді дамыту шаралары, оны қаржылық қамтамасыз ету мәселелері және білім саласындағы экономикалық қатынастар диссертация жұмысының зерттеу пәні болып табылады.
Диссертация жұмысының әдіснамалық, теориялық және іс-тәжірибелік негізі. Білім саласын дамыту тақырыбына арналған шетелдік және отандық монографиялық еңбектер мен оқулықтар, сондай-ақ оқу құралдары, шетелдік және отандық ғалымдардың диссертация жұмыстары мен ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар материалдары, Қазақстан Республикасының Конституциясы және соған сәйкес Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары, ҚР Ұлттық Статистика Агентінің статистикалық деректері , ҚР Білім және ғылым және Қаржы министрліктерінің материалдары, мерзімді басылым мақалалары зерттеудің әдіснамалық, теориялық, сондай-ақ іс-тәжірибелік негізін құрайды.
Зерттеу жұмысында дәстүрлі салыстыру, статистика-экономикалық талдау және логикалық талдау, SWOT- талдау әдісі қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығы.
1. Жаңартылған білім жүйесінің ерекшелігіне сай педагогикалық үдерісті ұйымдастыру;
2. Білім беру мазмұнының жаңаруы;
3. Даму бағдарламасын жасап, оны іс асыруы;
Заманауи тәсілдерді қолдану арқылы сапалы білімге қол жеткізу.
Диссертация жұмысының теориялық және іс-тәжірибелік маңыздылығы. Диссертация жұмысында қол жеткізілген қорытындылар мен нәтижелерді, сондай-ақ ғылыми тұжырымдамаларды іс-тәжірибелерді сынақ ретінде қолдануға болады.
Қорғауға шығарылатын тұжырымдар.
oo білім беру теориялық мәні мен мазмұны;
oo білім беруді заманауи әлемдік тәжірибеге сүйене отырып дамытуда мемлекет саясатының ролі;
oo Отандық білім беру жүйесін дамыту перспективалары;
oo білім беру жүйесін дамытуда инновациялық ендірулердің маңыздылығы.
Диссертация жұмысының құрылымы. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде автор білім беру саласы дамуының теориялық аспектілері қарастырған. Екінші бөлімінде отандық білім беру саласындағы рыноктық өзгерістер үдерісі, ҚР-дағы білім берудегі қаржыландыру мәселелері мен білім беру қызметі нарығының қазіргі жағдайы қарастырылған. Үшінші бөлім отандық білім беруді заманауи әлемдік тәжірибеге сүйене отырып дамыту перспективасы мен отандық білім беруді жетілдірудің инновациялық үдерістерін зерттелген, сонымен қоса шетел тәжірибелері де қарастырылған. Қазіргі таңдағы Отандық білім беру саласындағы өзекті мәселелер айқындалған, шешу жолдары да көрсетіліп отыр.

І. Қазақстандағы білім беру жүйесі
1.1 Білім беру: мәні мен маңыздылығы
Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайда болып, даму тарихы да өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан алады. Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырдық ерте дәуірінде-ақ (ҮІІ-ҮІП ғ.ғ.) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны тарихтан белгілі.
Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б. қалаларында көптеген медреселер болған, олардың жалпы саны 84-ке жеткен. Ауылдық жерлерде мектепте молдалар (татар, башқұрт, т.б.) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналған. Балалар қыс, күз айларында оқыған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға 7 жастан бастап қабылдаған, жыл аяғында емтихан тапсыру мектеп бітіргені үшін балаға ресми куәлік тапсыру тәртібі сақталмаған. Медреселер мұсылмандық рәсімдерін таратушы оқу орны болып қана қоймай, ірі мәдениет орталығы ретінде де қызмет атқарған. Бұл оқу орындарында заңтану, тарих, логика, философия, математика, астрономия, медицина, т.б. пәндер енгізілген. Медреселердің жанында салиқалы кітапханалар болған.
Патша үкіметінің 150 жылға созылған отарлау саясаты халқымыздық егемендік жолындағы ғасырлар бойғы күресіне зор нұқсан келтіргенімен, Батыс пен Шығыстың рухани өмірдегі қарым-қатынасына жол ашты. Мысалы, Змеиногорскіде (Шығыс Қазақстан) қорғасын-мырыш кен орнында 1761 жылы тау-кен жұмысшыларының балаларына арнап мектеп ашты, 1786 жылы Омбы қаласында "Азиялықтар мектебі" ірге көтерді. Осындай мектеп 1789 жылы Орынбор қаласында да ашылды.
Қазақ феодалдарының (сұлтан, би, бай, старшин) балаларына Неплюев кадет корпусына (1825), Омбы кадет корпусына (1848) түсіп оқуына рұқсат етілді. Алғашқы қазақ мектебі Бөкей хан ордасында (1841), 1850 жылы Орынбордағы шекара комиссиясының жанынан ашылған болатын.
1920 жылы қазанда Қазақ АКСР-ының Оқу халық комиссариаты құрылды. Оның төрағасы болып А.Байтұрсынов тағайындалды. 1920 жылы 18 ақпанда Бүкіл Қазақстандық оқу-ағарту конференциясы шақырылды. Онда балаларды қорғау, бірыңғай мектеп жүйесін құру, кәсіптік-техникалық білім беру, саяси тәрбие жұмысы, т.б. оқу-тәрбие жұмысына байланысты мәселелер қаралды.
1922-23 оқу жылдары Академиялық орталық ұлт мектептері төл оқулықпен, бағдарламамен қамтамасыз етуде біраз шараларды іске асырды, төл тілімізде 14 оқулық шығарылды. Олардың ішінде "Физика", "Грамматика", "Алгебра", "Мектеп гигиенасы", т.б. бар.
Бұл оқулықтарды жазуға қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы топ өкілдері: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Асфендияров, Т.Жомартбаев, Қ.Сәтбаев, Ә.Ермеков, Т.Жолдыбаев, т.б. қатысты.
Республикада жоғары білімді кадр даярлауда Алматы қаласында тұңғыш ашылған Абай атындағы Қазақтың педагогикалық институты үлкен рөл атқарды. 1929 жылы араб алфавитінен латын графикасына көшті. 1940 жылы латын алфавитінен орыс жазуына көшу ісі өркениет жолындағы тағы бір үлкен соққы болды. Оқу-ағарту саласындағы осындай үлкен бұрмалаулар ұлт мәдениетінің дамуына кері әсерін тигізді.
1945-60 жылдары мектептер мен онда оқитындар саны күрт өсе бастады. 1950-60-шы жылдары тың игеруге байланысты мектептердің саны күрт өскенімен, қазақ мектептері көбірек жабылып, оның орнына орыс-қазақ және орыс мектептері көбірек ашылды. 1980-90 жылдары елімізде жаппай халыққа орта білім беру саласында біраз жұмыс жүргізілді. Соның бірі -мектепке 6 жастан бастап қабылдау.
Еліміз егемендік алғаннан кейін білім негіздерін демократиялық, интеграциялық принциптерге орайлас әр баланың жеке-дара ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқытып, тәрбиелеу талап етілді. Осы жайттар ұлт мектептерінің жаңа бағдарламаларынан елеулі орын алды. Арнаулы білім салаларына икемі бар балаларға арналған лицей, гимназия, колледж, медреселер сияқты мектептің жаңа түрлері ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді. Осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік саясат принциптері айқындалады.
ХХ ғасырдың 90-жылдары Қазақстандағы нарықтық қатынастарға көшу мен жаппай демократизациялау толқыны кезіндегі жұмыс істеп тұрған заңнама аясында білім беру саласында жаңа тарихы басталды, жаңа білім беру мекемелері - мемлекеттік емес білім беру орталықтары ашыла бастады.
Бұл кезеңде мемлекет әлі аяққа тұрып үлгермеген, білім беру жүйесінің толыққанды дамуына қажетті ресурстармен қамтамасыз ете алмайтын еді. Осы жағдайларда орта және кіші кәсіп өкілдері өздерінің азаматтық борышы ретінде білім беру саласына инвестиция құя бастады. Олар ескі білім беру жүйесін жылдам дамып жатқан нарық талаптарына сәйкес қайта құрып, оқытудың жаңа әдістері мен үлгілерінің неше түрін жарыққа шығарды.
Қазақстан Республикасының 2000-2010 жылдарға арналған білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасын енгізген соң, мемлекеттік емес білім беру мекемелері жартылай мемлекеттік деген статусқа ие болды. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңы мемлекеттік емес білім беру мекемелерін еліміздің білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде білім алуды нормативтік тұрғыда бекітіп берді.
Мемлекеттік емес білім беру - тәуелсіз Қазақстан үшін айтарлықтай жаңа құбылыс болғандығына қарамастан, оның алғашқы қалыптасуы жабайы бәсекелестік түрінде өтті. Жиырма бес жылдың ішінде мемлекеттік емес білім берудің мектепке дейінгі білім беруден жоғары білім беру орындарына дейін республикалық желілері пайда болды. Бүгінгі таңда мемлекеттік емес білім беру моделі өзін ел экономикасын көтеруде сауатты және жоғары білікті кадрлерді дайындауда мемлекеттің сенімді әрі лайықты серіктесі ретінде танылды.
Мемлекеттік емес білім беру секторын дамытуға айтарлықтай үлес қосқан, белсенді азаматтық ұстанымда болған тұлғалар: Каупынбаев Д., Омар М. С.- Тамос эдюкейшн физика-математикалық мектебі, Алматы қаласы (шамамен 1500 оқушы білім алады), Рысбекова А.К.-Арман мектебі (Шымкент қаласы), Бекбосынова К.С.- Байтерек мектебі (Шымкент қаласы), Урываев С.В.-Аубакиров атындағы мектеп-гимназия (Темиртау қаласы), Кумисбекова А.К.- Ғалым ұлттық қазақ гимназиясы (Алматы қаласы), Омарова С.Б.УО Бакалавриат Кайнар университеті тұсындағы мектеп (Алматы қаласы), мистер Даниэль Гунасилан-УО Қазақстанның интеллект мектебіKazakhstan International School Алматы қаласы және басқалары.
Страхов М. Н.- Родничок және Росинка бала-бақшалары, Алматы обл., Водник поселогы, Батырбекова К.У.- Дана мектебі және Еркем-Ай бала-бақшасы, Алматы обл., Іле ауданы, Жана Куат ауылы, Бекбосынова К.С.- Бала Би монтессори бала-бақшасы (Шымкент қаласы), Масгутова К.Т.- Көктобе бала-бақша мектебі (Алматы қаласы), Әдемі (Алматы қаласы), Курбанов А.В.- Mary Poppins бала-бақшасы, Алматы обл., Карасай ауданы, Айтхожина Л.В.-Страна детства (Алматы қаласы), Бегун Т.Г.-ОЦ Умка, Турсунова Р.Т.- отбасылық психологиялық орталық Игiлiк (Павлодар қаласы) және т.б. Аталған кәсіпкерлер білім беру жүйесіне айтарлықтай көлемде инвестиция құйған, қайырымдылықпен тұрақты түрде айналысады, балалардың лайықты ортада дамуына және педогогтардың шығармашылықпен айналысуларына жағдайлар жасайды.
Мемлекеттік емес ұйымдардың Республикалық ассоциациясы мемлекеттік емес білім беру секторына кәсіби тәжірибие мен әдіснама алмасуларына кең спектрлі мүмкіндік беретіні, мемлекеттік емес білім беру мекемелерінің жұмыс практикасымен танысатыны, мастер-класстар мен ашық сабақтарға, семинар-практикумдарға қатысатыны белгілі.
РАЧОО-ның орта және мектепке дейінгі мемлекеттік емес білім беру ұйымдарының Әдіснамалық Бірлестіктері жұмыстарының негізгі бағыттарын жоспарлауда бала-бақшалар мен мектептердің кадрлық және материалдық техникалық қамтамасыз етілу деңгейін есепке аламыз. Мысалы, мектепке дейінгі білім беруде бірнеше рет алдыңғы қатарлы педогогикалық алаңға шыққандар қатарында БЭСТ мектебі, Тамос эдьюкейшн физика-математикалық мектебі, Зерде, Достар, Немере, Дана, Байтерек мектептері; Гал LTD Асет-Е, Достар, Страна детства, Көктобе, Әдемі, Mary Poppins, Еркем-Ай, Родничок, Умка, Кулагер, Немере бала-бақшалары шықты.
Бизнес өкілдерінің педогогикалық ұжымға айтарлықтай материалдық көмек көрсетілген жағдайда білім беру бағдарламалары тиімді жүзеге асатыны заңды әрине. Пәндерді зерделеуге, шет тілдерін, балалардың шығармашылығын ұйымдастыруға техникалық мүмкіндіктер беретін жағдайлар жасалуда. Педогогтардың біліктілігін жоғарылату мәселесіне баса назар аударылуда.
Білім беру - күрделі, әрі көп аспектілі ұғым. Қазақстанның білім беру туралы заңында, ол адамның, қоғамның және мемлекет мүддесі үшін мақсатты бағытталған оқыту мен тәрбиелеу процесі деп жазылып, педогогикалық мағынада тәрбиелеу деп түсіндіріледі. Жалпы білім берудің өзі - бұл мақсатты бағытталған процесс және адамның жүйелі білімді, дағдылар мен біліктілікті, сезімді сіңіру нәтижесімен, танымдық процестерді және көзқарасты қалыптастырумен анықталады. Білімді адам деп: жалпы идеяларды, қағидалар мен әдістерді меңгерген, әр түрлі фактілер мен көріністерді талдаудың жолын білетін, жоғары деңгейлі мүмкіндіктерге ие, алған білімін жағдайға байланысты тиімді пайдалана алатын тұлғыны айтамыз; көп оқыған, жылдам әрі нақты шешім қабылдай алатын, түсінігі мен сезімдері асқақ және ізгі бағыттарға ие адамдар. Н.Г. Чернышевский адамды толыққанды білімді деп айту үшін, ол адамда үш қасиет болуы қажет: терең білім, ойлану дағдысы және сезімдердің биіктігі - деп тұжырымдаған[25].
Білім алу ұғымы оқудың нәтижесіндегі білім алу, үйрену мен дағдыларды қалыптастырумен ғана шектеліп қалмайды, сонымен қатар критикалық және жаңашыл ойлай білу, айналадағы тоқтаусыз жүріп жатқан өзі сияқты адамдармен қарым-қатынастары мен іс-әрекеттерін адамгершілік тұрғысынан бағалауы. Бұл адамды маңызды қызметтің түрлеріне араластыру арқылы қол жеткізіледі. Адамның білім алу процесінде келесідей түсініктер қаралады (процессуалды тұрғыда).
Білім алу - бұл, әлеуметтік маңызды тәжірибиенің келер ұрпаққа берілуінің қоғамдық ұйымдастырылған және қалыптастырылған процесі. Тұлғаның әлеуметтенуі мен генетикалық бағдарламаға сәйкес онтогенездік тұрғыда тұлғаның қалыптасуын көрсетеді.
Білім беру өзінің құрылымына қарай тәжірибиені үйрену, мінез-құлық қасиеттерін тәрбиелеу, физикалық және интеллектуалды даму секілді тұстарын сипаттайтын мақсатты бағытталған үш жақты процесс (педогогикалық технология 1993 №3-4 басылым; уақытша мемлекеттік стандарт. Жалпы орта білім беру 66-68 беттер). Білім беру адамның белгілі бір әлеуметтік қызметтеріне байланысты детерминделген, ал оның мазмұны тұлғаның дамуы мен оның қарапайым мәдениетін қалыптастыру құралы ретінде көрініс тапқан.
Мемлекеттік емес білім берудің мазмұны - қолда бар дидактикалық қағидалар негізінде білім бұлағының сәйкес аймақтарынан алынатын, қандайда бір пәннің беретін білімі, дағдылары мен мүмкіндіктерінің нақты көлемі.
Таңдалып алынған ақпараттар оқушыларға белгілі оқыту құралдары мен ақпарат көздері арқылы жеткізіледі (оқу құралдары, техникалық және көрнекі құралдары).
Мектептегі мемлекеттік емес білім берудің мазмұнын қалыптастырудың негізгі қағидалары:
* Тұлғаның еркін дамуы, оның денсаулығы мен адами құндылықтарының басымдығын қамтамасыз ететін гуманизм;
* Мектепте сәйкесінше ғылыми оқуға ұсынылған мәдениет, әлеуметтік және ғылыми прогрестің соңғы жетістіктерін меңгерту.
* Әрбір ашылған жаңалық, алдыңғы білімге негізделеді, оның мазмұнын жоспарлауды қорытындылайтын бірреттілік.
* Тарихтың мектеп курсында белгілі бір ғылым саласының, ғалымдар тәжірибиесін, көрнекті ғалымдардың ағартушылық мәселеріндегі жұмыстарын тарихи мағынада ашып көрсету.
* Жүйелілік - жүйедегі біліктіліктің қалыптасуы мен оқылатын білімнің қаралуын қамтамасыз етеді. Барлық оқу курстары мен мектеп бағдарламасын түгелдей адам мәдениетінің жалпы жүйесіне кіретіндей құрастыру.
* Өмірмен байланыс - оқылған білімнің және қалыптасқан біліктіліктің шынайылығын тексеру әдісі. Сонымен қатар мектептегі білімді практикада бекітудің универсалды әдісі.
* Жас ерекшеліктерінің мүмкіндіктеріне және оқушылардың дайындық деңгейіне байланысты қандайда бір білім, біліктілік жүйесі меңгеру үшін ұсынылады.
* Мектеп оқулықтарында ғылыми еңбектерді баяндау әдісі арқылы оқу жоспарлары мен бағдарламаларының құрылымымен, сонымен қатар таныстыру тәртібі және ғылыми ұғымдар мен терминдердің оптималды мөлшерімен анықталатын қолжетімділік.
Мектеп бағдарламасының мазмұны қалыптасуының негізгі теориялары XVIII ғасырдың басы мен XIX ғасырларда пайда болған. Педогогика тарихында олар, формальды және материалды білім беру ретінде танымал.
Педогогика тарихында дидактикалық материализм ретінде танымал болған білім беру мазмұны қалыптасуының материалдық теориясы (гербартист Ф.В.Десрпфельд кітабының атауымен) оқушыларға әр түрлі ғылым салалары бойынша барынша көп білім сіңіру қажеттілігін түсіндіреді. Бұл теорияның жақтаушылары (оларды басқаша энциклопедшілдер деп атайды), әсіресе ағылшын ақыны және тарихшысы Дж.Мильтон, неміс педогогы Н.Б.Беседов мектептің негізгі мақсатын білімді оқушыларға жеткізуде деп санап, белгілі бір фрагмент қызметін түсіну тереңдігі зерттелген материалдың көлеміне пропорционал деген ұйғарымға келген. Соның нәтижесінде олар өздеріне аналогты басқа ғылым өкілдерімен санаспастан оқу жоспарларына зерттелетін материалдарды барынша көп енгізген. Мектеп бағдарламасы мазмұнын қалыптастырудағы мұндай қадамның тиімділігі төмен, өйткені мұншама көп ақпарат оқушылардың басына қарша борағанда есте қалу тұрмақ, материалды тек фрагменттік тұрғыда және таяз қарастыратыны анық[26].
Мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру жүйесіне:
* Мектепке дейінгі мекемелер;
* Жалпы білім беру мекемелері;
* Жоғары кәсіби білім беру мекемелері (ЖОО);
* Арнайы орта білім беру мекемелері;
* Мемлекеттік емес білім беру мекемелері;
* Қосымша білім беру.
Мемлекеттік емес білім беру мекемелері өз кезегінде жаппай және күрделі жүйені көрсетеді. Олардың тармақтары елдің және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсер етеді. Білім беру мекемелерінде елдің әдет-ғұрыптары мен моральдық қағидалары дәріптеліп, оқушыларға, яғни ұрпаққа жеткізіледі. Білім беру жүйесіндегі маңызды әлеуметтік институтқа мектеп жатады.
Білім беруді басқарудағы мәселелер:
* Мұғалімдердің жалақысының төмендігі;
* Мемлекеттік емес білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық толық қамтамасыз етілмеуі;
* Кадрлардың жетіспеуі;
* Білім берудің кәсіби деңгейінің төмендігі;
* Сенімділік деңгейінің қалыптаспауы.
* Мемлекет тарапынан қолдаудың аздығы.
Мемлекеттік білім берудің кез келген мемлекеттік-әлеуметтік сала секілді өзінің құрылымы болады.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру құрылымына білім беру мекемелерін (мектептер, колледждер, университеттер), әлеуметтік топтарды (мұғалімдер, студенттер, оқушылар), оқу процесін (білімді сіңіру мен жеткізу процесі, біліктілік, дағдылар, құндылықтар) [18].
Білім беру - оқу орнында ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі, қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты. Білім берудің мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалды, мәдени және олардың дене бітімінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі, жүйеге келтірілген білім, білік, дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгерту және оның нәтижесіне қол жеткізу [2].
Білім алу - бұл, әлеуметтік маңызды тәжірибиенің келер ұрпаққа берілуінің қоғамдық ұйымдастырылған және қалыптастырылған процесі. Тұлғаның әлеуметтенуі мен генетикалық бағдарламаға сәйкес онтогенездік тұрғыда тұлғаның қалыптасуын көрсетеді.
Қазақстандағы білім беру жүйесінің заңдылықтарының басты міндеттері - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру, оқыту мен өздігінен іздену негізінде жүзеге асырылады [2].
Қазақстандағы бiлiм беру жүйесінің нарығындағы заңдылықтарының маңызы:
* бiлiмдi дамытудың нақты айқындалған басым бағыттары;
* мектепке дейiнгi және орта бiлiм объектiлерi желiсiнiң ұлғаюы
* бiлiм берудiң әрбiр деңгейi бойынша ұлттық және республикалық орталықтардың болуы;
* қазақстандық бiлiм беру құрылымының Бiлiм берудiң халықаралық стандарты жiктеуiшiмен сәйкестiгi;
* техникалық және кәсiптiк бiлiмдi қайта құрылымдау;
* Ұлттық бiлiм беру сапасын бағалау жүйесiнiң қызмет етуi;
* TIMSS - 2007 халықаралық зерттеуiндегi жоғары көрсеткiштер;
* Еуропалық бiлiм беру кеңiстiгiне кiру.
Осылайша, аталған бағдарлама бiлiм беру жүйесiн одан әрi жаңғыртуды және оның еуропалық деңгейге шығу перспективаларын болжайды.

1.2 Білім туралы Заңының қазіргі білім жүйесінің дамуына ықпалы
Қазақстандағы білім беру жүйесі -- адамгершілікті, парасаттылықты, мәдениеттілікті, физикалық дамытуды және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында тәрбиелеу мен оқытуда жүзеге асырылатын үздіксіз процессі болып табылады.
Қазақстанның мемлекеттік саясаты 1991 жылдан кейін Білім беру саласы заңнамалық базаны реформалау, білім беру саласын сапалы түрде қайта құру мақсатымен басқару және қаржыландыру жүйесі бойынша бағытта жүзеге асырылды. Зерттеушілердің пікірінше, 1995 жылдан бастап Қазақстанның жоғары оқу орындарын реформалау жүргізіле бастады.
ҚР 1999 жылы қабылданған Білім туралы Заңы көптеген міндеттерді шешуге мүмкіндік берді. Нақтылай түссек бұрынғы заң:
* Білім алудың қолжетімділігін;
* Білім берудің біріңғайлығы мен үздіксіздігін;
* Білім беру ұйымдарының оқушылар үшін нысандары мен түрлерінің әр түрлігін қамтамасыз ете алды[14].
Осы уақытқа дейін қолданып келген заң аталған міндеттерді атқаруға мүмкіндік берді. Адамзат қоғамы бүгін аса жылдам қарқынмен дамып келеді. Өркениет көшінен қалмай, ғылымы мен білім беру жүйесі озық елдердің, Ыбырайша айтқанда, Өнер - білім бар жұрттардың қатарында боламыз десек, заман талабын ескере келе, соған сәйкес қадам жасауға тиіспіз. Сонымен арада өткен жылдар аралығында:
* Заман ағымы, уақыт өлшемі едәуір өзгерді;
* Жаһандану процесі қарқын алды;
* Білім беру экономиканы дамытудың басты факторына
айналды.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жоғарғы білім беру жүйесін реформалау мынадай этап бойынша жүргізілді:
* 1991 -1994 жылдар аралығында жоғары білім беру жүйесінің заңнамалық және нормативтік - құқықтық базасының қалыптасуы;
* 1995 - 1998 жылдар аралығында жоғары білім беру
жүйесінің мазмұнын жаңартуды модернизациялау;
* 1999 - 2000 жылдары білім беру жүйесін басқару және қаржыландыруды орталықсыздандыру, яғни, білім беруді ұйымдастыруда академиялық еркіндік берілді;
* 2001 - 2004 жылдары жоғарғы және орта білім беруде стратегиялық даму жүйесін өзгерту;
* 2005 - 2010 жылдары "ҚР Білім беру жүйесінің 2015 жылға дейінгі концепциясын дамыту" тұжырымдамасы негізінде нарықтық экономика жағдайына қарай жоғары білім беру жүйесін бейімдеуге оңтайлы жолдарын іздеу;
* 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін білім беруді инновациялық дамыту негізінде ұлттық моделін қалыптастыру, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, әлемдік білім беру жүйесіне сәйкес мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін жаңа кезеңі болып табылады.
Білім саласындағы 90-жылдарда өткізілген реформаларына сәйкес, білім беру жүйесін басқарудың демократиялық сипаты көрінді; білім беру мекемелерінің құзіреті кеңейді; мемлекеттік білім бекемелерінде ақысыз жалпы орта, бастауыш және кәсіптік білім берудің мемлекеттік кепілі болды; үш тілдік қағиданы енгізді; білім берудің мемлекеттік емес секторы және ҚР азаматтарымен тең дәрежеде қазақ ұлтты басқа елдің азаматының да білім алуы заңдастырылған; білім беру гранттары немесе кредиттер түріндегі кредиттеу жүйесін енгізу туралы заңнамалық негіздер құрылды; маневрлік пен мобильділікті жоғарылататын ғылыми-зерттеу институттары және ЖОО-ның қайта құрылуы жүргізілді; жоғары білімнің әлеуметтік тиімділігінің негізгі шарттары ретінде ЖОО-ның автономдығы мойындалды.
2004 жылдың ақпан айында мақұлданған ҚР-ның 2017 жылғы білім беру жүйесін дамыту Концепциясы білім беру саласындағы ұзақ мерзімді міндеттерді анықтайтын құжат болып табылады.
Концепцияның жүзеге асуының нәтижесінде қазақстанның білім беру жүйесі: білім беру жүйесін басқаруды жетілдіруді қамтамасыз етеді.
* барлығына арналған өмірінің соңына дейінгі білім беру қағидасына көшу;
* Білім берудің барлық деңгейінде қолжетімділік пен сабақтастық байқалуы қажет;
* Нәтижеге бағытталған бәсекеге қабілетті, сапалы, толыққанды білім беру.
Білім беруді дамыту концепциясы жалпы стратегияны, негізгі бағыттарды, білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың міндеттерін, оларды іске асыру механизмдерін мемлекет тәуелсіздігінің құрылуы мен нығаюының фундаменталды бөлігі секілді және елдің прогрессивті дамуын анықтайтын құжат болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы Білім туралы Заңы бойынша білім беру жүйесінің негізгі мақсаттары мынада:
* Оқушыларды жалпы ғылыми және мәдени дайындықты қалыптастыру;
* Оқушыларды және студент жастарды қоғамдық өмірге бейімдеу;
* Отанға деген махаббаты мен азаматтығын тәрбиелеу;
* Қоғамның білікті жұмыскерлерді және мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыруға сұраныстарын қамтамасыз ету;
* Сапалы білім алу үшін ғылыми және тәжірибелік жетістіктерге, жеке тұлғаның жалпы адами және ұлттық құндылықтарды дамыту мен кәсіптік деңгейде шыңдауға бағытталған қажетті жағдайларды қалыптастыру;
* Шығармашылық, рухани және жеке мүмкіндіктерін, адамгершілік негізде салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыруды дамыту;
* Азаматтыққа және патриотизмге, өз Отанына деген махаббатқа, мемлекеттік рәміздерге және мемлекеттік тілді құрметтеуге, ұлттық салт-дәстүрлерді қадірлеуге, теріс көзқарасты ұстанбауға тәрбиелеу;
* Білімді, ғылымды және өндірісті интеграциялау;
* Оқушылардың кәсіби уәждемесін қамтамасыз ету;
* Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға білім алуына арнайы жағдайлар жасау;
* Республиканың мәдени, экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне белсене араласуын қалыптастыру, белсенді азаматтық көзқарасқа ие тұлғаларды тәрбиелеу мен тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне деген жауапкершілігін сезінуі.
* Отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне баулу; республикадағы қазақ және басқа ұлтардың салт-дәстүрлерін, тарихын зерттеу; мемлекеттік, орыс және шет тілдерін меңгеру;
* Педогогтардың әлеуметтік дәрежесін жоғарылатуды қамтамасыз ету;
* Білім беру мекемелерінің автономдылығын, дербестігін кеңейтіп, білім беру жүйесін басқаруды демократизациялау;
* Экономика мен қоғамның талаптарына сай келетін ұлттық білім беруді бағалау жүйесін іске қосу;
* Оқытуда жаңа технологияларды енгізу және тиімді пайдалану, сонымен қатар еңбек нарығы мен кәсіби білім берудің қоғамның құбылмалы талаптарына тез үйренуге ықпал ететін ақпараттық- коммуникациялық, дистанционды, кредиттік технологиялар;
Қазақстандағы мемлекеттік емес білім беру жүйесі модернизациясының өзектілігі өмірлік маңыздыққа негізделген білімді әзірлеу және трансляциялаудың әлеуметтік функцияларын қазіргі кездегі қоғамдық еңбек бөлінісі ретінде білім беру жүйесінің әлеуметтік институттары орындайды. Қазақстанның білім беру жүйесінің модернизациясы максималды жетістікке үкіметтің білім беру саясатына бағытталған бағдарламалары білім беру жүйесін ұйымдастырудағы жинақталған әлемдік тәжірибиенің жағымды потенциалын мүмкіндігінше максималды үйлестіре білген жағдайда қол жеткізуге болады. Әлемнің барлық елдері Ұлттық білім беру жүйесінде жаһандану процесінің қиындықтарын сезінуде. Сондықтан да көптеген мемлекеттерде, әсіресе Орта Азияда білім беру жүйелерін қалай модернизациялау керегі жөнінде өткір мәселелер туындап отыр. Қазіргі заманның тенденциялары білім беру саясатына ықпал етіп отыр. Білім беру әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттары ретінде қарастырылуда, өйткені қазіргі уақытта мемлекеттің экономикалық жетістіктері, олардың білім беру жүйесімен, азаматтарының сауаттылығымен, мамандарының бәсекеге қабілеттілігімен айқындалады[21].
Мамандардың біліктілік деңгейі елдің экономикалық даму деңгейін айқындайтын негізгі факторлардың бірі болып отыр. Жасалған талдау республикамыздың кадрлық потенциалының айтарлықтай мықты екеніне көз жеткізеді.
"Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды" құру біздің алдымызға үлкен мақсаттар қойып отыр. Ол - жеке тұлғаның және қоғамның, "парасатты экономиканың" қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бәсекелестікке қабілетті білім беру жүйесін қалыптастыру. Осындай мақсатқа қол жеткізу үшін қолданыстағы заңның мүмкіндіктері жеткіліксіз болып қалды[42].
Жалпы алғанда, ҚР Білім туралы Заңы туралы айтқанда оның құ - ры - лымына айрықша назар аударған жөн. Ол республикадағы жетілдірілген білім беру ортасын қалыптастырудың тұжырымдамалық идеясына сәйкес құ - рылған. Білім беру қызметі іштей жүйе - лендіріліп, оның барлық аспектілері бір жүйеге бағындырылған, ол қисынды сабақтастыққа сәйкес заңның мазмұ - нынан көрініс тапқан. Заңда көрсетілген "білім беру жүйесі" ұғымы мен оны құрайтын білім беру деңгейлерінің анықтамасынан бас - талады. Одан әрі әр түрлі деңгейдегі оқу бағдарламалары арқылы білім берудің мазмұны ашылады. Келесі кезекте білім беруді ұйымдастыру, білім алушыларға қойылатын талаптар, қабылдау ережелері, оқу түрлері, білім берудің оқу, тәрбие, ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс сияқты түрлі бағыттары сипатталады. Сондай-ақ, білім беру деңгейлері мен оларға сәйкес келетін білім беру ұйым - дарының түрлеріне сипаттама беріледі[41].
Қазіргі уақытта мемлекеттік емес білім сапасын арттыруда білім беру әдістемесін модернизациялау қолға алынып жатыр. Яғни, аймақтық мектеп орталықтарын құра отырып білім берудің онлайн жүйесін белсенді дамыту мен оқыту әдістемесін модернизациялау жүргізілетін болады.
Біз отандық мемлекеттік емес білім беру жүйесіне барлық ниет білдірушілерге қолжетімді инновациялық әдістерді, онлайн режимінде оқыту мен дистанционды оқытуды, олардың шешілу жолдары мен құралдарын қоса енгізуіміз қажет.
Бір мезгілде сұранысқа ие және перспективалық бағыттарды нығайта отырып, сұраныстан қалған немесе ескірген ғылыми бағыттар мен пәндерден арылу қажет.
Орта және жоғары мемлекеттік емес білім берудің оқу жоспарына практикалық дағдыларды үйретіп, практикалық біліктілік беретін бағыттарға акцент жасап, өзгерістер енгізу керек.
Н.Ә.Назарбаев білім беру жүйесінің жетістіктері, қазақстан ғылымының дамуымен тығыз байланысты деп атап өтті. ХХІ ғасырдағы гуманитарлық басымдыққа білім беру мен ғылымның интеграция процесі жатады. Әлемдік тәжірибиеде құрамына оқу мекемесі мен ғылыми-зерттеу институттарын біріктірген академиялық конгломераттар сәтті жұмыс жасауда. Мұндай бірігулер ғылым мен білімнің интеграциясына шынайы негіз болады және елімізде бірыңғай білім берудің және ғылыми-техниканың бірыңғай саясатын жүргізуге мүмкіндік береді. Интеграцияның ең тиімді түріне ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарының бірігуі жатады[43].
ҚР Президенті үш бағыттан тұратын инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясатын ұсынды.
1. Елге қажетті технологиялар мен мамандарды әзірлеудің трансфертін жасау. EXPO-2017 бұл процеске серпін беріп, бізге болашақ энергетикасын дамытатын жаңа технологияларды іріктеп алуға көмектеседі. Халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу жобаларына белсене қатысу қажеттігі. Бұл стратегиялық инновациялық бағыттар бойынша біздің күшіміз бен шет елдің ғылыми-зерттеу қоғамдастықтарын интеграциялауға мүкіндік береді. біздің мақсатымыз - ғаламдық ғылыми-технологиялық революцияның бір бөлігіне айналу.
2. Ғылым мен білімнің кооперациясы
3. Ұлттық перспективті кластерлерді қалыптастырудағы жол картасы
Жоғарыда ұсынылған білім беру стратегиясының жаңа бағыты келешекте жас мамандардың жұмыссыз жүруі сияқты осал тұстарды, сонымен қатар таңдалған мамандық бойынша жұмыс жасамауы секілді мәселелерді жеңуге ықпал етеді. Бір сала мамандарының әр түрлі деңгейлі дайындығы мен олардың қайта даярлануы, сонымен қатар кадрларды дайындаудағы мемлекеттік және мемлекеттік емес ЖОО- дағы қалыптасқан көшірмелер. Ақылы білім беру қызметтерінің аясын кеңейту ретсіз сипатқа ие, ал мемлекеттік емес жоғары оқу орынждарында бірқатар мамандықтар бойынша студенттер саны мемлекеттік тапсырыстан әлдеқайда жоғары, бұл дегеніміз әлеуметтік мәселелердің кешенін тудырады. ЖОО бітірген түлектердің 30-40% ғана мамандығы бойынша жұмыс жасайды деуге болады. Көптеген студенттер алғашқы оқуларын аяқтамай жатып, екіншісін жоспарлап жатады[45].
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім сапасын арттыру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары білім беру процесіне қатысушылардың үздік білім беру ресурстары мен технологияларына бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету, жылдам өзгермелі әлемде табыстылығын қамтамасыз ететін білім алуға деген білім алушылардың сұраныстарын қанағаттандыру, Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы білім беретін мектептерде интеллектуалдық, рухани және дене бітімі дамуын қалыптастыру болып табылады[46].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 100 нақты қадам Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған. Оның 3-уі жалпы орта білім беру жүйесіне қатысты. Бүгінгі күні білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі реформалар кезеңіне қадам басты.
Дүниежүзілік экономикалық форум XXI ғасырдағы табысты адамның білімі мен іскерлігінің 16 түрін атап көрсетті. Олар: - командадағы жұмыс дағдылары; - көшбасшылық қасиет; - бастамашылық; - IT-құзыреттілік (айти-құзыреттілік); - қаржылық және азаматтық сауаттылық және т.б. 2015 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Білім беру саясаты комитеті Білім мен дағдылардың болашағы: Білім беру-2030 атты жаңа жобаны іске асыруды бастады.
ЭЫДҰ әлемнің бұрын белгісіз жаһандық сын-қатерлермен көбірек бетпе-бет келіп отырғанын, барынша тартысты және осал болып келетінін негізге алады.
XVII (он жетінші) ғасырдағы адамның бүкіл өмірі бойындағы алған ақпаратты қазіргі заманғы адам 1 айда ғана алады және өңдейді. Әлемде ақпарат әрбір екі жыл сайын екі еселенеді, бұл оны қарапайым жаттаудың мүмкін еместігін және пайдасыз екендігін көрсетеді.
Мұндай жағдайларда білім алушыны өмір сүруге дайындау үшін академиялық білім, функционалдық дағдылар, жеке тұлғалық қарым-қатынастар мен құзыреттіліктер жеткіліксіз. Мүлдем жаңа сапа - метабілімділік, метақұзыреттілік қажет.
Озық экономика білім беру мақсаттарын білетін адамнан шығармашылықпен ойлайтын, әрекет ететін, өзін-өзі дамытатын адамға ауыстыруды талап етеді.
Сондықтан XX ғасырдың 80-ші жылдары әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері білімді орталыққа дәлдеуден - практикалық-бағдарланған білім беруге бет алды.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) 2014 жылы өткізген Қазақстандағы орта білім беру шолуында академиялық пәндер теорияға назар аудара отырып оқытылады, олардың практикада қосымша қолданылуына жеткілікті көңіл бөлінбейді, осының салдарынан білім алушылар жеткілікті дәрежеде алған білімдерін стандартты емес жағдайларда тиімді қолдануға және пайдалануға қабілетті емес деген қорытынды жасалған[48].
Қазіргі уақытта, Қазақстанның мемлекеттік емес білім беруі жаңа бастау алу сатысында. Яғни, білім сапасын арттыру үшін инфрақұрылымдық дамыту мен жаңартылған мазмұнға көшу басты басымдықтар болып тұр.

1.3 Қазіргі заманғы білім берудің негізгі тенденциялары
Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның 2010 жылға дейiнгi дамуы
Білім беруді бағалау тарихы
Мектепке дейінгі мекемелер
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Педагогикалық жүйе қызметінің тиімділігін арттыруда менеджер тұлғасының рөлі
Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігінің алдын алу және жеңудің жолдары
Жаңа инновациялық технологиялар жайлы түсінік
Халықтық клиникалық жетекшілік: даму тарихы, құрастыру принциптері мен енгізу проблемалары
Қазіргі білім беруді дамытудың негізгі тенденциялары
Педагогикалық шеберлік атты арнаулы курс
Пәндер