Мұғалім бойындағы негізгі қасиеттері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

«Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі», -деп ХІХ ғасырда өмір сүрген ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин айтқандай, шындығында мұғалімдік қаншалықты маңызды екендігін түсінесің. Кейде, мұғалім болу кез-келгеннің қолынан келетін оңай мамандық тәрізді көрінеді. Білім саласы бойынша берілген стандарттарды орындап, оқу жоспарымен жұмыс жүргізу, берілген тапсырмаларды жүзеге асыру, алдына келген оқушыға білім беру - бұл әрбір мұғалім өміріндегі күнделікті процесс. Қазіргі таңда оқушы бойына қалыптастыратын дағдылар- тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым бойынша қаншама жұмыстар атқарылып жатыр, заман талабынан қалыспай мұғалім де күннен - күнге жетіліп, біліктіліктерін арттырып, дәрежелерін көтеруде. Сөз жоқ, заман ағымына ілесу, бәсекелестікке төтеп беру жолында еңбек ету біздің басты міндеттеріміздің бірі болып табылады. Себебі, мұғалімдер қауымы еліміздің болашағын жасап, көзі ашық, сапалы да, саналы ұрпақты тәрбиелеу жолында көп ізденістер жасауда. Десек те, оқытып, тәрбиелеп отырмыз деген үрдіс бойынша айтылып, кейде байқап жүргеніміздей, үлгі болар ұлы тұлға ұстаздарымыз қағазбастылықтың құрбанына айналып, алдына келген баланың бетіне қарауға мұршасы жоқ күй кешіп жүргендей. Яғни, бізде біржақты іс-әрекет іске асып жатқан тәрізді. Тәрбие жағы оқытудың көлеңкесінде, жабық күйінде қалып бара жатыр.
Әрбір адам мұғалімдік мамандығына келерде, сол мамандыққа лайықтымын ба?, - деген сұрақты өз-өзіне қойғаны жөн. Ол өзінің білімімен бірге үлкен жүрегінің барын сезінуі керек.

Бүгінгі таңда мұғалімнің неге қадір-қасиеті төмендеп барады?, - деп ойланып қоямыз. Содан мынадай ой келеді, балаға иландырып айтар бір ауыз ақыл сөзі жоқ, дәлелді ойы жоқ, өзін оқушыға сыйлата білетін қасиеті жоқ, мұғалімдікке тек табыс табудың көзі ретінде біржақты қарайтын мұғалімдеріміз көбейді. Біліктілік санатына алатын ақшасы үшін көтеретіндер аз емес. Ал санат деген мұғалімнің өз тәжірибесіндегі ар- абырой дәрежесінің көрсеткіші емес пе?

«Мұғалім ең жауапты міндет орындайды, ол адамды қалыптастырады» деген Калининнің сөзімен толықтай келісуге болады. Расында, оқушы мұғалімнің айнасы іспеттес. Біз нені ексек, соны орамыз. Біздің қандай да бір қателігіміз болса, оны оқушының бейнесінен көреміз. Яғни олардың кемшілігі болса, кінәні өзімізден іздеуге тиіспіз. Мұғалім философ, психолог, данышпан, көреген және тілі бай, сөзге шешен болуға міндетті. Нағыз мұғалімнің бойында біріншіден осы қасиеттер болу керек. Алдыңдағы әрбір оқушыны танып, зерттеп, көзқарасынан не ойлап отырғанын ұғынып отыру, сөз саптау шеберлігі арқылы оқушыны баурап алу мұғалімнің бойына тән қасиет. Тіл- қару демекші, мәнді сөз айтып баланың жүрегіне жету өз қолымызда. «Оқытушы әлеуметтік әділеттіктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс» деп көрсеткен жазушы С. Көбеев. Мұғалімнің бойында әділеттік, адалдық айқын көрініс тапқаны абзал. Барлық бала біз үшін бірдей, себебі әр баланың өзіндік артықшылығы мен кемшілігі бар. Бала адалдықты, ақ пен қараны тек мұғалімнің айтуымен қабылдайды. Оқушы бала болса да, әр мұғалімге сыни көзқараспен қарап, кімнің қандай мұғалім екенін біліп отырады. А. П. Чеховтың мынадай сөзі бар екен «Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түк те шықпайды» деген. Ал, ғұлама Абай атамыз «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады» деп айтып кеткен екен.

Зерттеу жұмысының объектісі - Мұғалімнің кәсіби және тұлғалық-іскерлік қасиеттерін айқындау және де оған қойылатын талаптар.

Зерттеу жұмысының пәні - мұғалімнің жетекші қадір-қасиеттерін қалыптастыру.

Мақсаты: Мұғалімнің жетекші қадір-қасиеттерін тәрбиелеуде қолданатын әдіс-тәсілдері, қасиеттердің маңыздылығын талдау.

Міндеттері:

  • Білім беру мекемелеріндегі педагогтар ұжымындағы әлеуметтік-психологиялық үйлесімділікке атсалысу;
  • Мұғалімдердің интеллектуалдық және тұлғалық дамуына әсер ету.
  • Өзін-өзі тәрбиелеудегі негізгі мәселелерді анықтап, олардың шығу ошақтарын айқындау және шешу жолдары мен әдістерін айқындау.

Tақыpыптың зepттелy деңгейi. Жүргізілген зерттеулер үш кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең - зерттеу мәселелерін қарастыру мен қойылым қою; зерттелетін тақырып бойынша мұғалімнің тұлғалық қасиеттерін сипаттау және жіктеу; зерттеудің тұжырымдамасын айқындау.

Зерттеудің бірінші кезеңінде педогогикалық зерттеудің келесі әдістері қолданылған: тарихи және логикалық талдау әдісі, тарихи және дерек көздерінің теоретикалық талдауы; отандық және шет елдік зерттеу жұмыстарының және заманауй мерзімді басылымдардың материалдары.

Екінші кезең - мұғалімдердің жетекші қадір-қасиеттерін теориялық негізін құрау: алынған фактілерді талдау, интерпретациялау; зерттеу нәтижелерін нақтылау.

Үшінші кезең - мұғалімдердің өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын анықтау, қойылатын міндеттерді қарастыру, нақты мәліметтердің салыстырмалы талдау; қорытындыларды тұжырымдау және зерттеу жұмысын рәсімдеу.

Зерттеу жұмысының деректік негізі.

  1. Салыстырмалы педогогика бойынша ғалымдар мен мамандардың жұмыстары (Коджаспирова Г. М., Кан-Калик В. А., Никандаров Н. Д., Елканов С. Б. және басқалары) ;
  2. Заңнамалық, құқықтық-нормативтік құжаттар (жарлықтар, заңдар, қаулылар, бұйрықтар, нормативтік актілер мен ережелер, білім беруді дамыту тұжырымдамасы, білім беруді дамытудың стратегиялық бағдарламасы, білім беру стандарттары) және халықаралық ұйымдардың құжаттары (БҰҰ, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ) ;
  3. Зерттелетін мәселе бойынша тарихи-педогогикалық зертеулері (А. Сухомлинский, Грехнев В. С., Зязюн Г. М., Синица И. Е. және басқалары) ;
  4. Ресей және Қазақстан зерттеушілерінің ғылыми-педогогикалық еңбектері (Ж. Б. Амерханова, Р. Б. Ахмедова, К. Б. Бержанов, А. К. Богенбаева, Г. К. Задорожный, А. К. Игибаева, К. К. Кунантаева, О. Д. Мукаева, К. В. Романенчук, А. И. Сембаев, Т. Т. Тажибаев, Г. М. Храпченков, В. Г. Храпченков, И. Н. Шевченко және басқалары) ;
  5. Отандық және Ресейлік мерзімді басылымдар (Педагогика", "Альма Матер", "Народное образование", "Қазақстанның Педагогикалық хабаршысы", "Средняя школа Казахстана", "Ашық мектеп", "Шығармашылық педагогика", "Білім", "Столичное образование", "Іздеу", "Евразия" және т. б. ) ;
  6. Қазақстан және Ресейдің педагогика туралы жыл сайынғы есебінің статистикалық жинағы;
  7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік web-сайттары: Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігінің сайты, - www. edu. gov. kz, Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты, - www. akorda. kz, Сорос - Қазақстан қоры - www. bilim. kz, білім беруді ақпараттандыру бойынша республикалық ғылыми-әдістемелік орталық - www. unesco. kz, білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттары Ұлттық орталығы - www. testcenter. kz, «Дарын» республикалық дарынды балалар мектебі - www. daryn. kz, «Болашақ» президенттік бағдарламасы - www. bolashak. kz;
  8. Оқу-әдістемелік және бағдарламалық құжаттамалар ( оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқулықтар) .

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі. Диссертациялық жұмысымыздың идеялық мазмұнын толық ашу үшін өз елімізбен қатар басқа да өркениетті елдердің еңбектерінен қысқаша түйінді мәліметтер келтірдік. Зерттеудің әдістемелік негізіне әдістемелік және салыстырмалы педогогика тарихының еңбектері жатады (А. Сухомлинский, Грехнев В. С., Зязюн Г. М., Синица И. Е. және басқалары) ; жүйелі тәсіл, оның ерекшелігіне салыстырмалы педогогикадағы мұғалімге тікелей әсер ететін басқа әлеуметтік жүйелерге байланысты кез келген фактілер мен оқиғалайды зерттеу жатады (Коджаспирова Г. М., Кан-Калик В. А., Никандаров Н. Д. ) ; мұғалімдердің жетекші қасиеттерін тәрбиелеуде қолданылатын әдіс тәсілдер, түрлері және бағыттарын айқындау (Г. Жусанбаева., Ұ. Қалилаханова, М. Жанбөбекова, К. Төребаева) ; өркениеттік тәсіл, педогогикалық процестерді тарихи дамуы мен сабақтастығы арқылы қарастыруға мүмкіндік береді (Елеусізова С., Мұқанов М., Е. В. Бондарева) .

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Білім беру ұйымдарында басшылықты іріктеу жүйесінің шетелдік тәжірибелермен салыстыра тиімділігін көтеру.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығы.

  1. Мұғалімнің жеке сапалары анықталды.
  2. Мұғалім тұлғалық қасиеті анықталды.
  3. Оқушылардың тәрбиесіне қаншалықты ықпал ететіні қарстырылды.
  4. Мұғалімнің жетекші қадір-қасиеттерін тәрбиелеу жолдары сипатталды.
  5. Педагогикалық эксперимент қою арқылы сабақтар өткізу кезінде, тәрбиелік шара өткізу сәттерін сынақтан өткізілді.

Зерттеу жұмысының ғылыми-тәжipибелiк маңызы. Мұғалімнің біртұтас оқу-тәрбие жүйесіндегі орны айқындалды, мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің мақсаты мен құндылықтары анықталады, оқушылар, ата-аналар, педагогтарға қатысты позициясы нақтыланды. Мұғалім қызметінің мазмұны, міндеттері, әдістері және ұйымдастыру формаларына сәйкес жетекші қасиеттерін тәрбиелеу моделі ұсынылды.

Tақыpыптың xpонологиялық шегi. Зерттеу жұмысының хронологиялық шегі ежелгі дәуірден және ҚР тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі дейінгі кезеңді қамтиды.

Қopғаyға ұcынылған нeгiзгi тұжыpымдap:

  • «Мұғалім» ұғымына өзіндік тұрғыдан берілген анықтама;
  • Мұғалім қызметінің теориялық моделі;
  • Өзін-өзі тәрбиелеуге қол жеткізудің педагогикалық шарттары.

Тақырыптың территориялық ауқымы. Зерттеу жұмысының территориялық ауқымы оның тақырыбына қатысты болып отырғанындай, негізінен Қазақстан Республикасының барлық ауылдық аумағын қамтиды.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Зерттеу негізгі нәтижелері студенттердің ғылыми-практикалық конференцияларында баяндалды.

Зерттеу жұмысының құрылымы белгілеулер мен қысқартулар, кіріспе, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. МҰҒАЛІМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ

  1. Мұғалім мамандығының маңыздылығы

Еңбек бөлінісі әлі орын алмаған, бағзы заманда, қауымдастық немесе тайпаның барлық мүшелері - үлкендері мен балалары осынау алыс уақытта өмірдің негізгі мәні болған, тамақ табуда, барлығы бірдей атсалысқан. Ата-бабалардан жинақталған тәжірибиенің қауымдастықтың келер ұрпақтарына еңбекке баулу арқылы жеткізілген. Балалар жастайынан қызметтің бұл түрінің әдістері туралы білімді меңгеріп (аң аулау, жиналыстар т. б. ), түрлі дағдылар мен қабілеттерді бойына сіңірген. Тек асты көбірек табуға мүмкіндік беретін еңбек құралдарының жетілдірілуі арқылы, қауымдастықтың жасы үлкендері мен ауырып жатқандарын аңшылықтан босатты. Олардың міндеттеріне оттың сақшылығы мен балаларға бас-көз болу кірді. Соңырақ, еңбектің дағдылары мен қабілеттерін арнайы жеткізуді талап ететін, еңбек құралдарын саналы түрде дайындау процестері қиындаған сәтте, ең беделді және тәжірибиесі мол тайпа қариялары - қазіргі тілмен айтқанда алғашқы әлеуметтік адамдар тобын - тәрбиешілерді құрды. Олардың негізгі және жалғыз міндетіне тәжірибиемен бөлісу, өскелең ұрпақтың рухани байлығының өсуін қадағалау, олардың адамгершілігін және өмірге дайындығын қамтамасыз ету кірді. Осылайша тәрбиелеу адамның санасы мен қызмет саласына айналды.

Сондықтан да педогогикалық кәсіптің пайда болуының объективті негіздері бар. Егер алдыңғы ұрпақтың орнына келген жас ұрпақ, мирастықпен қалған тәжірибиені пайдаланбай және оны шығармашылық түрде меңгерместен барлығын басынан бастаған болса, қоғамның өмір сүруі мен дамуы мүмкін болмас еді.

Қоғамдық өндіріс процестерінің күрделене бастауымен, таным әдістерінің дамуы және ғылыми білімнің қарқынды өсуі қоғамда білімді, дағдылар мен біліктілікті арнайы жеткізетін қажеттіліктерді туындатты. Міне осылайша, педогогикалық кәсіптегі «таза» тәрбиеден, оқытатын, яғни білім беретін дербес қызмет бөлініп шықты. Тәрбиелеу қызметі басқа адамдарға жүктеле бастады.

Пайда болу тарихы

Мұғалім мамандығы байырғы кәсіптердің бірі болып табылады. Дәл осы арнайы ұйымдастырылған педогогикалық қызметтің көмегімен басқа кәсіптің мамандары даярланады. Жинақталған қоғамдық тәжірибиені жаңа ұрпаққа өткізу қажеттілігі, оларды өмірге және еңбекке дайындау білім беру мен тәрбиелеуді дербес қоғамдық қызмет ретінде бөлінуіне алып келді. Алғашқы мектептер құлдық қоғамның қалыптасуы кезеңінде Ежелгі Шығыс елдерінде пайда болған. Ежелгі Шумер, Вавилон, Мысыр, Ассирия, Финикия елдерінде мұғалімдер ерекшеленген кастаның өкілдері, негізінен абыздар болған. Олар білімді ата-анасынан балаларына жеткізетін болған, бірақ ірі қалалар мен ғибадатханаларда абыздарға арналған мектептер де болған. Мұғалімнің әлеуметтік статусы өте жоғары болған.

История профессии учителя

Ежелгі дәуірдегі мұғалім

Тәрбиелеу тәжірибиесінің түп-тамыры адамзат өркениетінің терең қатпарларынан нәр алады. Ол ұғым алғашқы адамдармен қатар пайда болған. Балаларды ешбір педагогикасыз-ақ тәрбиелеген, тіпті оның бар екені туралы күдіктенбеген.

Барлық ғылыми салалардың пайда болуының алғышарты - өмір қажеттіліктері екені белгілі. Білім беру адамдардың өмірінде маңызды рөл атқаратын уақытқа жетті. Қоғам прогрессиясының жылдам немесе баяу жүруі өскелең ұрпақтың тәрбиесі қалай жүргізілетініне байланысты екені анықталды. Жастарды өмірге дайындау үшін арнайы оқу-тәрбиелеу мекемелерін құруда тәрбиелеу тәжірибиесін ортақ ету қажеттілігі туындады.

Ежелгі әлемнің Қытай, Үндістан, Мысыр, Греция сияқты айтарлықтай дамыған елдерінде теориялық бастамаларды бөлу, тәрбиелеу тәжірибиесін жалпылауға елеулі әрекеттер жасалған болатын. Табиғат, адам, қоғам туралы барлық білімдер ол кезде философияда жинақталған. Дәл осыдан алғашқы педогогикалық жалпылаулар басталған болатын.

Әрдайым адамдардың рухани және физикалық дамуында шешуші рөл ойнаған халықтық педогогика болған. Халық адамгершілікті еңбекке тәрбиелеудің өзіндік және таңқаларлық тұрақты жүйесін құрған.

Өте ертеде, әлі адамдар құрған кішігірім қауымдастықтарда адамдар ішер астарын аңшылықпен және жиын-теріммен тапқан. Аяғына енді тұрып, тәй-тәй басқан балаларда осы үрдіске қосылып, үлкендерден көргенін жасай жүріп, өз тәжірибиелерін жинақтаған. Жаппай аңшылықтан жер бөлінісіне өту және рулар мен тайпалардың тамақпен қамтамасыз етілуіне байланысты қарт адамдар ішер ас жинаудан қолдары босағаннан кейін айтарлықтай еркін бола бастады, алайда соның арқасында олар - алғашқы ұстаздардың бірі болды. Бос уақыттың болуы мен өмірлік бай тәжірибие олардың дәрежесін айқындадаы. Сонымен қатар, олардың балаларды мақсатты түрде оқытуы, еңбектерінің жемісін берді.

Қазіргі таңда Орталық Африка, Амазонка, Микронезия аралдарының тайпалары балалардың оқуын дәл осылай жүргізуде.

Әрине, педогогиканың осындай қарапайым деңгейінде білім суреттердің көмегімен ауызша жеткізіліп отырды, осылайша мәдениет пен дәстүр қалыптаса бастады. Ежелгі жазбалар пайда болған, тайпаның аға мүшелері - тайпа басшысы, ақсақалдар, абыздар болған. Білім жинақталып, сақталып ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп отырған.

Мысыр, Месопатамия, Үндістан, Қытай және т. б. ежелгі патшалықтар пайда болған. Негізгі ұстаздар мен білімді сақтаушылар ретінде абыздар тағайындалған. Білімді адамдардың қатары көп болмаған, негізінен олардың қатарын атақтылар толықтырған. Ал қалған касталар кәсіби қағида бойынша білім алған, яғни белгілі бір кәсіпті меңгеру мақсатында білім алған. Соған қарамастан алғашқы мектептер мен мұғалімдер қатары қалыптаса бастады.

Пайғамбарлық миссия туралы да ұмытпаған дұрыс - дүние мен оның Жаратушысы туралы білімді өз халқына жеткізуде барлық пайғамбарлар белгілі бір деңгейде ұстаздық еткен. Бұл тұрғыдан Жүсіп пайғамбардың іс-әрекеттері жақсы мысал бола алады. Ежелгі Мысырға ол құл ретінде түсті, бірақ өзінің Жаратушы берген пайғамбарлық дарынының арқасында фараонның ұстазы және оның экономикалық және саяси мәселелер бойынша кеңесшісі болды.

Уақыттар өте берді. Греция және Римнің ұлы өркениеттері бірінен соң бірі келді. Бұл уақытта білім мен ұстаздың құндылығы айқындалған болатын. Аталған өркениеттерде мектептер пайда болып, талқылаулар жүргізілді. Атап айтқанда, Грецияда алғашқы университеттердің бірі - афиндық Афинейонның (жалпы жоғары білім берудің жоғары оқу орны) негізі қаланды, сонымен қатар афиндік философиялық және риторикалық жоғары мектептері бой көтерді. Оларда ережеге сәйкес, білімді, дарынды және ерікті азаматтар сабақ берді: педономдар, педотрибтер, дидаскалдар мен педогогтар. «Педогогика» сөзінің өзі ежелгі гректің «бала алып жүру», яғни бала тәрбиелеу, оларды ересек өмірге дайындау сөзінен шыққан. Ғылымның бұл бағыты б. з. д. 5-4 ғасырларда пайда болған.

Ежелгі Римде ұстаздыққа ғылымды жақсы меңгерген, ең бастысы - көп саяхаттаған, сәйкесінше көпті көрген, елдердің тілдерін, мәдениеті мен әдет-ғұрыптарын білетін мемлекеттік шенеуніктер императордың атымен тағайындалған. Римдіктер Атенейді қалыптастыра отырып, гректерден университеттерде білім берудің тәжірибиесін қолданған. Римде алғашқы Атенейдің негізі б. з. 135 жылы Адриан императорымен қаланған. Адрианның мақсаты жоғары білім беруге ресми дәреже беріп, бақылауға алу және осы арқылы білімді адамдар мен мемлекеттік билік арасындағы кикілжіңді жоймақ болды. Одан әрі Атенейлер Галияда ашыла бастады.

Бүгінгі күнге дейін жеткен ежелгі қытай деректерінде б. э. д. ХХ ғасырда халықты сауаттандыру ісімен айналысатын, қоғамның данагөй өкілдерін мұғалім лауазымына тағайындайтын министрліктің болғаны жайында айтылған.

Еуропадағы алғашқы жоғары білім беру мекемесі б. з. 425 жылы римдік Атенейдің үлгісінде Феодосии ІІ императорымен құрылған Констонтинопольдық университет болған, ал бұл білім беру мекемесі университет дәрежесін 848 жылы алды. 1453 жылы Константинопольдың құлауынан кейін аталған университет өз жұмысын басқа атаумен жалғастырған.

Алайда, қазіргі таңда әлемдегі ең көне және бүгінгі күнге дейін жұмысын жүргізіп келе жатқан жоғары оқу орны Марокконың Фес қаласындағы - Аль-Карауйн университеті болып табылады. Дәл осы ІХ ғасырда 1861 жылға дейін жұмыс жасаған Салерно университеті пайда болған, сонымен қатар болгарлық патша Борис І негізін қалаған Ұлы-Преславе мен Охриде әдебиет мектептеріде бар. Даңқты Аль-Ахзар университеті кейіннен пайда болған.

Әрине, аталған барлық білім беру мекемелеріне ұстаздар қажет болған, және олар - лекция оқуды және жай ғана Мұғалімтерге сабақ беруді құрмет тұтып, жинақталған білімді жас ұрпаққа жеткізу ісінде өздерінің тікелей қатыстылықтарын сезінген білікті дәрігерлер, дінтанушылар, заңгерлер, экономисттер болды.

Ортағасырлардың басындағы қараңғы ғасырлар өздерінің ізін қалдырмай қоймады. Бұл уақытта білім беру деңгейі өте төмен болды. Білімнің шамы монастырьлар мен ғибадатханалардың қабырғасында ғана әлсін-әлсін жанып тұрды.

Алайда осы сәтте танымның жаңа лебі Арабиядан бастау алды. Исламның пайда болуы бұл әлемге жарық әкелді және ең бастысы жинақталған білімді сақтау мен оның көкжиегін кеңейту міндеті болды. Әрбір адам өмірінің соңына дейін оқып, білім іздеуі қажет деген хадистер өте көп.

Ислам мемлекеттерінің өркендеу кезеңі ондағы ұстаздық немесе педогогикалық ойлардың өркендеуімен сәйкес келеді. Медреселердің, бастапқы және орта мектептердің, университеттердің (олардың көбісі әлі күнге дейін жұмыс жасауда) ашылулары көптеп орын алды. Арабтардың кітаптары еуропаның барлық тілдеріне аударылып (Ренессансқа дейін ешбір аналогы болмаған), еуропалықтар білім алуға Шығысқа аттанды.

Тек содан кейін ғана еуропалық университеттер мен мектептер ашыла бастады. Оларды ең көнелері: Шотландиядағы қасиетті Андреа университеті; 1088 жылғы Италияның Болонье қаласындағы алғашқы еуропалық университет; 1167 жыл - Оксфорд; 1218 жыл - Саламанка; 1222 жыл - Падуя; 1224 жыл - Неаполитандық университет; 1253 жыл - Сорбонна; 1284 жыл - Кембридж . . .

Көбінесе дін өкілдері ұстаздық етті. Тек Ренессансқа жақын уақытта ғана университеттер еркін ойлаудың ошақтарына айналып, бірте-бірте мұғалімдердің жеке кастасы - кәсіби профессура бөліне бастады. Дегенмен педогогика сынды ғылым әлі күнге дейін ұмытылуда, мектептерге арналған кәсіби мұғалімдер жоқ.

Шын мәнінде заманауй мектептегі білім беруге бастама болған чехтың Ян Амос Коменский деген педогог-гуманист болған. Ол 17 ғасырдың басында алған шқылардың бірі болып педогогиканы теориялық білімнің дербес саласы ретінде дамыта бастады. Көптеген «сабақ», «сынып», «демалыс» сияқты жалпы ортақ қолданылатын сөздерді енгізді.

Оның бастамаларын 17 ғасырдың аяғында Швейцарияда Иоганн Генрих Пастолцци дарынды түрде жалғастырды.

Ресейде мектептер мен мұғалімдер жүйесінің жылдам дамуы Петр І есімімен байланысты. Ол Еуропадан мұғалімдерді шақыра отырып, көптеген мектептер ашты және жастардың көп бөлігін қосымша білім алуға қайта еуропаға жіберіп отырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту
Ғылыми басылымдарда әлеуметтік— адамның даму кезеңі
Ұстаз бен шәкірттер арасындағы қатынас
Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалын анықтау
Оқушылардың санасын меннен бізге дейін
Адамдар арасындағы қарым-қатынас
Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары
Оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері
Балаларға әңгіме айтып беру
Тәрбие процесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz