Батыс Қазақстан облысы жерлерінің жағдайы және жер ресурстарын пайдалану


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

I тарау
1. 1Қоршаған ортаны қорғау. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттары 1. 2Қоршаған ортаны қорғаудың негiзгi принциптерi

1. 3 Азаматтардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы
құқықтары мен мiндеттерi

1. 4Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің
2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

II тарау Жерді қорғау

э2. 1Жер. Жерді қорғау\

2. 2 Жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк
бақылауды жүзеге асыру тәртiбi

III тарау «Батыс Қазақстан облысының жерді қорғаудағы қатынастары басқармасы қызметінің стратегиялық бағыты, мақсаттары мен міндеттері

3. 1Батыс Қазақстан облысы жерлерінің жағдайы және жер ресурстарын пайдалану. 3. 2Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе: Табиғатты қорғау халықаралық және қоғамдық жоспарлы жүйесі ол табиғат ресурстарын жіктеу, қоршаған ортаны ластанудан бұзылудан қорғау, табиғи ресурстардан тиімді пайдалануға бағытталған, сонымен бірге қазіргі жасап жатқан адамдарға және келешек ұрпақтардың материалды және моральды талаптарын қанағаттандыруға бағытталған. Табиғатты тегін пайдалану принциптерін қолданудың көпжылдық тәжірибесі тек қана әкімшілік-әміршілдік әдіспен оны реттеудің жеткіліксіздігіне, көз жеткізді және оларды экономикалық әдіспен алмастыру қажеттілігі, яғни табиғатты төлемді түрде пайдалану әдісімен алмастыру мәселесін талап етті. Мысалы, біздің еліміз, табиғатты пайдалануда әкімшілік-әміршілдік жүйесіндегі елдер сияқты табиғи ресурстарды тек жалпы экономикалық жағынан тиімді пайдалануы бойынша ғана емес, сонымен бірге өндірістің материалмен қамтамасыз етілуі жағынан да дүние жүзінде артта қалғандардың бірі болып шықты.

Көп мөлшерде табиғат ресурстарын пайдалану ылғи да қоршаған табиғи отраны интенсивті түрде ластау мен табиғаттағы экологиялық тепе-теңділікті бұзумен байланысты болды. Бұл жағынан бұрынғы КСРО және оның ішінде, әсіресе Қазақстан Республикасы планетарлық масштабтан алғанда өте бір келеңсіз көріністе болған және қазірде солай болып қалуда.

Табиғатты пайдалануды әкімшілік-әміршілік жолмен басқару нәтижесінде Қазақстан Республик-асының көптеген аймақтары мен өндірістерінде тығырыққа тірелу жағдайы қалыптасты. Бұл жайында жанға батып жар салған Арал, Балқаш, Каспий, Қаратау-Жамбыл кешенінің, Шымкент, Өскемен, Екібастұз, Жезқазған қалалары мен басқа да өндірістік объектілердің бүгінгі әлеуметтік-экологиялық-экономикалық жағдайлары куә.

Қазақстан Республикасының табиғат пайдалану мәселесі төңірегінде қалыптасқан қазіргі кездегі тығырыққа тірелудің жағдайы, ғалымдар, экономистер, халық шаруашылығындағы жұмысшыларының бірауыздан білдірген пікірлері бойынша негізінен табиғат ресурстарын тегін пайдалану салдарынан болған. Дәл осы қалыптасқан жайды ескере отырып, түбегейлі экономикалық реформа бойынша құжаттарды басшылыққа ала, оған қоса Қазақстан Республикасы-ның Конституциясын, табиғи ресурстардың негізгі түрлерін пайдалану бойынша кодекстерді, қоршаған табиғи ортаны қорғау Заңына сәйкес табиғатты төлемді пайдалану принциптерін енгізу қарастырылады. Табиғи ресурстарды пайдалану үшін төлем төлеудің ғылыми негізделген жүйесін құрып алмай және оны қолданбай тұрып табиғатты төлемді пайдалану принципін тәжірибе жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Қазіргі заман табиғатты қорғаудың міндеті болған табиғат ресурстарын тиімді пайдалану сырт ортаны түрлі ластанудан сақтау, табиғи байлықтарды сақтау мемлекетімізде қоршаған ортаны қорғау комитетіне жүктелген.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеті :

- Қоршаған ортаны қорғау және әлемдегі қоршаған табиғи орта жағдайына жалпы сипаттама беру.

-Қоршаған ортаны қорғаудың негiзгi принциптерi

-Жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк
бақылауды жүзеге асыру

1. 1Қоршаған ортаны қорғау. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттары

Қоршаған ортаны қорғау - қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлеккеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі. Қазақстан Республикасында “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң 1997 жылы 5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және басқадай қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсеріне жол бермеуге, биологиялық әр алуандылықты сақтауға және табиғатты оңтайлы пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының экология қауіпсіздігі туралы мемлекеттік тұжырымдамада (1997) қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделерін ескере отырып, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды экологияландыруға көшу стратегиясы белгіленген. Қазақстан Республикасының осы стратегияны басшылыққа алып Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды Қазақстан Республикасының Конституциясына негіздеді және ол “Қоршаған ортаны қорғау туралы”, “Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы”, басқа да заңдар мен нормативтік құқықтар актілерінен тұрады. Кейде Қоршаған ортаны қорғау табиғатты қорғау ұғымымен баламалы түрде қолданылады. Бірақ Қоршаған ортаны қорғауға қарағанда табиғатты қорғау ұғымының шеңбері кеңірек; Табиғатты қорғау.

Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген негізгі бастамалар, басшы идеялар мен құқық ережелері. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттарын қарастырайық:

  • қолайлы қоршаған ортаға және тұрақты дамуға адам құқығының басымдылығы қағидаты. Адамдардың табиғатпен үйлесімділікте, салауатты және жемісті өмір сүруге құқығы бар;
  • мемлекеттің табиғи ресурстарды пайдалануға егемендік кағидаты. Мемлекет қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдық актілер қабылдайды;
  • әрбір адамның қоршаған ортаны қорғау ісіне қатысу қағидаты. Табиғаттың жағдайы әрбір адамға байланысты болады, біз табиғат үшін жауаптымыз және болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын сақтауға бар күшімізді жұмсауға тиістіміз;
  • қоршаған ортаны қорғаудағы жауаптылық қағидаты. Ол жер бетінің барлық бөліктеріне: құрлыққа не теңізге қатысты қолданылады. Табиғаттың сұлу өңірлері ерекше қорғалуы тиіс. Қазақстанда алғашқы табиғи күйінде сақталған және ерекше бақылауға алынған түрлі қорықтар мен қорықшалар бар.
  • табиғи ортаны пайдаланудағы басымдылық кағидаты. Табиғат байлықтарын ысырап қылмай, ұқыпты пайдалану керек. Қазақстанда мемлекеттің ерекше қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар жазылатын Қызыл Кітап бар. Мысалы, сексеуіл - шөлде өсетін өсімдік, ол жойылып кету үстінде тұр, сондықтан да оны кесуге және пайдалануға тыйым салынған;
  • кедейлік пен қайыршылықты жою кағидаты. Демократиялық мемлекеттер өзінің алдына кедейшіліктің деңгейін төмендете отырып, ақыр аяғында кедейшілікті жоюды мақсат етіп қояды. Ол үшін мемлекет әр түрлі шаралар қолданады - жұмыссыздықпен күресу, әлеуметтік зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, арзан тұрғын үйлер салу, әр түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы халықтың әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалған топтарына қолдау жасау және т. б;
  • қоршаған ортаны ластаудың және табиғатқа өзге де зиянды әсер етудің алдын алу қағидаты;
  • коршаған ортаны қорғау саласындағы тығыз халықаралық ынтымақтастық кағидаты;
  • қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша халықтың хабардар болу кағидаты. Әрбір адам экологиялық сауатсыздық тек оның жеке басына ғана емес, сондай-ақ барлық тұрғындарға да зардабын тигізетінін білуі керек. Мысалы, орманда от жағуға, тұрғын жайларға жақын жерлерде полиэтилен материалдарын өртеуге болмайды, улы заттарға ұқыпты болу керек және т. б.

1. 2Қоршаған ортаны қорғаудың негiзгi принциптерi

Қоршаған ортаны қорғау мынадай негiзгi:
адамның өмiрi мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмiрi, еңбегi мен демалысы үшiн қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтiру;
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуi, адамдардың қазiргi және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерiн қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтiк-экономикалық мiндеттерi мен проблемаларын теңдестiре отырып шешу;
экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелердi қалпына келтiру;
табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдаланғаны үшiн кезең-кезеңмен ақы төлеудi енгiзу және қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыруды енгiзу;
биологиялық алуан түрлiлiктi және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектiлерiн сақтауды қамтамасыз ету;
қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттiк реттеу мен мемлекеттiк бақылау, оларды бұзғаны үшiн жауапкершiлiктiң ымырасыздығы;
мемлекеттiк органдардың қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiндегi өзара iс-қимылы, қызметiнiң үйлестiрiлуi, заңдылығы және жариялылығы;
шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерi жағдайында өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүзеге асырудың мiндеттiлiгi;
қоршаған ортаға нұқсан келтiруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкiндiгiн бағалау;
халықтың, қоғамдық бiрлестiктер мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсендi түрде және демократиялық жолмен қатысуы;
халықаралық құқық негiзiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерiн сақтау негiзiнде жүзеге асырылады.

1. 3Азаматтардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы
құқықтары мен мiндеттерi

1. Әрбiр азаматтың және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ шетелдiктердiң өз өмiрi мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға, оның жай-күйi туралы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалдың өтелуiне алуға құқығы бар.
2. Азаматтардың:
белгiленген тәртiппен табиғи ресурстарды пайдалануға, оларды қорғау және молықтыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыруға қатысуға;
қоршаған ортаны қорғайтын қоғамдық бiрлестiктер мен қоғамдық қорлар құруға;
қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi жиналыстарға, митингiлерге, пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға;
қоршаған орта мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды қарауды талап етуге;
қоғамдық экологиялық сараптама өткiзу туралы ұсыныс жасап, оған қатысуға;
кәсiпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзге де объектiлердi орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына терiс ықпал ететiн шаруашылық және өзге де қызметiн шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешiмдердiң әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен күшiн жоюды талап етуге;
айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалдың өтелуi туралы сотқа талап-арыз беруге;
заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген басқа да құқықтарын белгiленген тәртiппен iске асыруға құқығы бар.
Әрбiр азамат қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды орындауға, өзiнiң экологиялық бiлiм деңгейiн арттыруға және жеткiншек ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге жәрдемдесуге мiндеттi.

II тарау Жерді қорғау

2. 1Жер. Жерді қорғау

Жер - ең нeriзri табиғат байлығы. Ол барлық тіршілік көзі және өмip сүру ортасы. Қазip адамдар өздеріне керек қоректік заттардың 88%-iн eгiстік жерлерден, 10%-iн ормандар мен жайылымдардан, 2%-iн теңіз бен мұхит суларынан алады. Жер қорын қорғау және тиімді пайдалану сондыктан да ең негізгі, ешқашан маңызын жоймайтын өзекті мәселе.

Қазақстан жер ауданы жөнінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Оның жалпы жер ауданы 271, 7 млн. га, оның ішіндe ауыл шаруашылық жерлері 222, 3 млн. га. Жерді пайдалану бағыттарына қарап: ауыл шаруа­шылық жерлері, елді мекендер орналаскан жерлер, өндipic, катынас, байланыс, қорғаныс, табиғат қорғау, денсаулық сақтау, демалыс, курорттар, қорықтар, тарихи және мәдени маңызы бар жерлер, орман қорынық жерлері, су қорының жерлері, мемлекеттік қордағы жерлер болып бөлінеді.

Қазақстанның жер ауданы көп болғанымен, шаруашылыққа қолайлы жерлер көп емес, егістікке жарамды жер 34, 9 млн. га, барлық жердің 12, 8%-i ғана. Жер қорының eдәyip бөлігінің сапасы төмен: 77 млн. га эрозияға ұшыраған; 75 млн. га сортаң жер; егістіктің басым бөлігі ылғалмен жеткілікті қамтамасыз етілмеген, 58%-тен астамы "қауіпті" (шөлейтті) аймақта орналасқан; жайылымның 69%-i шөл және шөлейтті аймақта, оның 60%-iнің жемдік қоры нашарлаған, 22%-ін тікен және басқа мал жайылымына

жарамсыз өсімдіктер басқан, 15%-i эрозияға ұшыраған.

Суғару жуйелерінің нашарлығынан суармалы жерлерден 23%-i сортаңдаған, 3%-i батпақтанған, 5%-iнің топырағының құнары жойылып кеткен. Жер жырту, өзінде арнасын өзгерту, т. б. шаралар нәтижесінде табиғи шабындықтардың ауданы 30%-ке кеміді.

Жер қорын қорғауды және пайдалануды экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, оның құндылығын , пайдалану ұтымдылығын арттыру арқылы одан алынатын өнімдерді қазіргіден едәуір кебейтуге болатынына көз жеткіземіз. Оның басты бағыттары: топырақтың құнарлығын арттыру, жерді суландыру, батпақ жерлерді құрғату, сортаң жерлердің тұздылығын азайту, эрозияға жол бермеу, бүлінген жерлерді қалпына келтіру, т, б. агрономиялық шаралар және жерді пайдалану кұрылымын жақсарту.

Ғылыми болжамдар бойынша республикамызда суармалы жерлердің аумағын 2 млн. гектардан 3, 5 млн. гектарға жеткізуге мумкіндік бар. Сортаң жерлерді өңдеп жайылымға, тіптi егістікке айналдыруға болады. Сөйтіп жайылым ауданын 7, 1 млн. гектарға арттыруға мүмкіндік бар. Бүлінген жерлерді ұдайы қалпына келтіріп отыру керек. Есептеулер бойынша жыл сайын 15-16 млн. гектар бүлінген жерлер оңдалуы тиіс.

Жердің ерекше касиеті - топырақтың құнарлылығы. Топырақтың құнарлығы көптеген микроорганизмдердің қатысуымен өздігінен қалпына келеді, 6ipaқ оған ұзақ уакыт керек. 2, 5 см құнарлы топырақ қабаты калыптасу үшін 100 жыл, 6ip қалыпты температурада 90 см топырақ қабаты жасалу үшін 16 мың жыл керек екен. Топырақтың құнарлы кабатының калыптасуына сыртқы ортаның факторлары (ыстық, суық, жел, ылғал, күн, т. б. ) әсер етеді.

Топырақтың құнарлығының өзгеруіне адамдар әрекеті де әсер етеді. Ғылыми тұрғыдан әрекет жасаса, топырақ құнарлығын арттырады, ал жауапсыздықпен қарайтын болса, топырақ құнарлылығын төмендетеді немесе жойып жібереді. Топырақ құнарлылығын , жерді пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі нeriзri агрономиялық, агротеххникалық, агромелиоративтік, ұйымдастырушылық шаралар мыналар:

Топырақты эрозиядан (азудан) қорғау. Эрозияның нeriзri үш түpi бар: жел, су және техникалық. Teric емес, тақыр жерлерде жауын-шашын топырақ­тың құнарлы қабатын жуып кетеді. Ормансыз ашық жерлер, әcipece өнімділігі құртылған (жыртылған) жерлер жел эрозиясына ұшырайды, топырақтың құ­нарлы кабатын жел ұшырып кетеді. Жерді ауыр техникамен өндеу, жылма-жыл 6ip дақылды егу, техниканың жолсыз жерлермен журуі топырақ эрозиясын күшейтеді.

Шөл және шөлейт аймақтарда маусымдық пай­далану тәртібін сақтамай шамадан тыс мал жаю, техникалардың жүруі өсімдіктердің әcipece құнды өсімдіктердің жойылуын тудырып отыр. Беті ашылған топырақ жел, күн, су эрозиясына ұшырайды, бұл қауіптен қорғанудың басты жолы тоғайлар өcipy, суландыру, реттеп пайдалану. Топырақты эрозиядан корғау үшін жер ерекшелігін, ауа райын, эрозиялық құбылыстың жылдамдығын ескере отырып мынадай шаралар қолданылады:

• ұйымдастырушылық шаралары - айналмалы ericтік, жайылымдарды дұрыс пайдалану, су­ландыру, жерді пайдалану құрылымын жақсарту;

• агротехникалық шаралар - жерді топырақтың түрінe, қасиетіне сәйкес өңдеу, тыңайтқыш бе­ру, арам шөптерді отау, зиянкестермен күресу және т. б. ;

• егістіктің айналасына қоршаған ормандар өсіру, ыстар жүргізіледі.

Топырақты уланудан қорғау - пестицид, герби­цид, тыңайтқыштар қолдану мөлшерін реттеу, өндіру, тұрмыс қалдықтарынан қорғay, санитарлық сауықтыру шаралары болып табылады.

Құрылыс, жол салу, жер қойнауың барлау, пайдалы қазбаларды өндіру, қалдықтарды орналастыру нәтижесінде бүлінген жерлерді қалпына келтіру (рекультивация) республикамыздың жер қорын едәуір жақсартады.

Егістік құнарлы жерлердің ауыл шаруашылық айналымнан шығарылуын болдырмау шаралары заңдастыруды талап етеді. Соңғы жылдары әр түрлі құрылысқа, саяжайға, жолдарға, сауда орындарына, eгістіккe қолайлы, құнарлы тегіс жерлерді, ормандарды бөлу кең етек жайып келеді. Оны заңдастырып тоқтату қажет-ақ.

Аталған жұмыстар арнаулы ғылымдар саласындағы жетістіктерге сүйеніп жүргізіледі. Сонымен қа­тар бұлар экономикалық шаралар болып табылады. Өйткені жұмсалатын қаржы, материалдық шығындарды есептеп, шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау қажет. Жерді қорғау, тиімді пайдалану шараларын жүзеге асыру ушін экономикалық есептеулер, бағалаулар жүргізіледі. Жердің құндылығын бағалау, қалпына келтіру, қорғay, жақсарту шығындарын анықтау, жерді нарықтық қарым-қатынасқа қосу, т. б. экономикалық есептеулерді, бағалауды талап етеді.

2. 2 Жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк
бақылауды жүзеге асыру тәртiбi

Жер қоры халқымыздың ең басты ұлттық байлығы, сондықтан оның құндылығы ақшалай бағаланып, ұлттық байлықтың құрамында есептеледі. Жер иеленген, пайдалануға, жалға беріледі, жер несиеге кепілдік болады, жер пайдаланушылардан салық, т. б. төлемдер алынады, осының барлығының шамасын анықтау негізінде жердің құндылығы - экономикалық бағалау жатады.

Барлық табиғат байлықтары сияқты жерді экономикалық бағалау негізгі үш түрлі қызмет атқарады:

Есептеу. Жер ұлттық байлық ретінде, аймақтардың, кәсіпорындардың, жеке жер иеленушілермен жер пайдаланушылардың өндірістік - материалдық қоры ретінде есептеледі. Жер өндірістің, басқа да құрылымдардың, тұрғын үйлердің, т. б. орналасқан орны, шаруашылық орны ретінде де есептеу алынады.

Жер қорын тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру үшін оның бағасы болуы керек және сол арқылы нарықтық қарым - қатынасқа қосылады.

Жер заңнамасының сақталуын жүзеге асыру жоспарлы (уәкiлеттi орган жоспарлаған және бекiткен) және жоспарланбаған (болған жағдайларға сәйкес тағайындалатын, тез арада шешуді талап ететiн шағымдар, өтiніштер мен арыздар) деп бөлiнетiн тексерулер арқылы жүргізiледi.
Мемлекеттiк бақылау, сондай-ақ жерге түгендеу, зерттеу жүргiзу, жердi пайдалануға байланысты сызбалар мен жобаларды әзiрлеу, мемлекеттiк жер кадастрлары мен мониторингiн жүргiзу кезінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру рәсiмi бақылаушы орган шығаратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қызметiне тексеру жүргiзу туралы нұсқаулықтары және тексерулерді есепке алудың 1-П нысанды карточкасы негiзiнде жүргiзiледi, олар Құқықтық статистика жөнiндегi комитетте және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының немесе аумақтық органдарының арнайы есепке алуымен тексеру басталғанға дейiн тiркеледі.

Мемлекеттiк бақылау мақсатында жер учаскелерiн сол күйінде зерттеу жер учаскелерi меншік иелерiнің, жер пайдаланушылардың қатысуымен, сондай-ақ олар бас тартқан жағдайда оларсыз жүргiзiледi, зерттеу нәтижелерi бойынша жасалған құжаттарға бұл туралы тиiстi белгi қойылады.
Анықталған жер заңнамасының бұзылуы, жерді зерттеу сызбасы қоса берiлетін, осы жұмыстарды жүргiзген мамандардың қолдары қойылған актiмен рәсiмделіп, құзыретiне осы мәселенi қарау кiретiн органға берiледі.

Анықталған жер заңнамасының бұзылуын уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде белгiленген тәртiппен өздерiнiң функцияларына сәйкес қарайды.

Жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың әкiмшiлiк жаза қолдану туралы шешiмiне Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 148-бабының 3-тармағына сәйкес шағым жасалуы мүмкiн.

Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегi мемлекеттік инспекторлар жер заңнамасы бұзылуының iс жүзiнде жойылуын, сондай-ақ жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың нұсқаулары мен нұсқаулықтарын жер учаскелерiнің меншік иелерi мен жер пайдаланушылардың орындауын қадағалайды. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi жыл сайынғы мемлекеттiк есептiлiктi мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен нысандар бойынша жасайды.

III тарау «Батыс Қазақстан облысының жерді қорғаудағы қатынастары басқармасы қызметінің стратегиялық бағыты, мақсаттары мен міндеттері

3. 1Батыс Қазақстан облысы жерлерінің жағдайы және жер ресурстарын пайдалану

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдаланудың теориялық негіздері
Жерге орналастыру жұмыстары жүйесіндегі жерді түгендеу орны
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи жағдайлары
Алматы облысының 2012 - 2016 жылдар бойынша ауыл шаруашылығының жерлерінің динамикасы
Босалқы жерлердің мониторингі
Әлемдегі қоршаған табиғи орта жағдайына жалпы сипаттама беру
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЕРКІ АУДАНЫ ЖАЙЫЛЫМ АЛҚАПТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Оңтүстік Қазақстан облысының жер ресурстары
Аягөз ауданында жер кадастрының жүргізілу тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz