Жоғары мектептегі педагогикалық технологиялар


КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. ХХІ ғасыр жаһандық жаңалықтардың ғана емес, білімнің дәуірлеу ғасыры. Ол қазіргі кезеңде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, әлемдік қоғамдастықтағы орнын анықтап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көрсетуде маңызды рөл атқарады. Жаһандану дәуірі - әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі, сондықтан, білім - пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына 2012 жылғы Жолдауында Қазақстан дамуының жаңа кезеңі - бұл экономиканы нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру міндеттерін шешу болып табылады деп көрсетілді. Ел Президенті 2015 жылға қарай жоғары табысты елдер қатарына ену міндетінен бастау алатын алдағы кезеңдегі мемлекет дамуының басты басымдықтарын айқындап берді. Сол басымдықтардың бірі елімізде маман кадрлардың бәсекеге қабілеттілігі әлеуметтік-экономикалық, техникалық жүйелердің және технологиялардың бәсекеге қабілеттілігімен анықталады [1] . Қазақстанның Болон үрдісіне енуіне сәйкес, әлемдік білім кеңістігіне бағыт алуда мемлекетіміздің Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2015 жылға арналған тұжырымдамасын қабылдады [4] . Білім беруді дамыту тұжырымдамасында білімге тән біліктілікті өзара тану жөніндегі Лиссабон конвенциясының, жаңа қоғамның даму сатысына лайық мамандар даярлау үрдісін айқындаған Болон декларациясының негізгі ұстанымдары мен білім берудің халықаралық стандарттық жіктелуіне сәйкес бірқатар өзгерістердің көрініс табуы да содан.
Бүгінгі күнгі жоғары оқу орындарының басты міндеті - бәсекеге қабілетті білікті мамандарды дайындау екендігі даусыз. Заман талабы өзгерген сайын жоғары оқу орындарына қоғам тарапынан қойылатын талап та өзгереді. Сол талаптардың маңыздыларының бірі педагогикалық үдерісінде инновациялық іс-әрекет жүргізу қажеттілігі. Инновациялық процесс түсінігі, ол барлық динамикалық процестерді қамтып, жаңалық аймағында процесуалдық аспектілердің, барлық жаңалықтардың өзгеруіне байланысты.
Қоғамның жедел жаңаруы үшін білім саласының, әсіресе қоғам үшін болашақ мамандарды даярлайтын жоғары кәсіби білім беру жүйесі жедел жаңаруы керек. Бұл мәселеге келгенде, Қазақстанның жоғары білім жүйесі сәтті реформаны жүзеге асырып үлгерді. Бүгінгі білім саласына енгізілген үш сатылы білім беру, кредиттік жүйе, білім саласына мемлекет қана емес, жалпы қоғамның араласуы - инновациялық реформалардың бастапқы жемісі. Бүгінгі таңда әлемдік бәсекеге қабілетті кәсіби даярлығы жоғары, өз білімін ұдайы жетілдіріп отыратын, шығармашыл, ізденімпаз, инновациялық даярлығы қалыптасқан ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын маман даярлау басымдықтар биігіне көтерілді. Жаһандану жағдайында білім берудің мақсаты мен мәнінің өзгеруі «білім беру технологиясы», «педагогикалық технологиялар», «инновациялық технологиялар» деп алатын жаңа ұғымдардың пайда болуына ықпал етті.
Қазіргі инновациялық технологиялар педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін, дәстүрлі тәжірибедегі құнды дүниені, әлеуметтік прогрестің жетістіктерін, қоғамдағы гуманизация мен демократия жемісін жинақтаушы қызметін атқарады. Педагогикалық жаңалық - жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы. Бұл маңызды мәселе әсіресе жоғары мектеп, оның ішінде болашақ педагогтарды даярлау үшін құнды. Аталмыш мәселе көптеген ғылыми зерттеулерге негіз болған.
Инновациялық процесті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жаңа жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу процесіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы Н. В. Горбунова, М. В. Кларин, А. В. Лоренсов, М. М. Поташник, П. И. Пидкасистый, Л. И. Романова, В. И. Загвязинский, А. Я. Найн, Т. И. Шамова, О. Г. Хомерики, Н. Р. Юсуфбекова және т. б. зерттеулерінде қарастырылған.
Философиялық және педагогикалық әдебиеттерде инновациялық процестерді зерттеу барысында кейбір ғалымдар жаңалықтың жүйелілік, әрекеттік тұжырымдамасын ұсына отырып (Н. И. Лапин), жаңалықты енгізуді әртүрлі деңгейде (жалпы ғылымилық, жалпы әдіснамалық) талдаудың қажеттілігіне ерекше көңіл аударады.
Қазақстанда білім беру саласындағы педагогикалық инновация мен оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін Ш. Т. Таубаева, Н. Н. Нұрахметов, С. Н. Лактионова, Е. З. Батталханов, Қ. Қ. Қадашева, Т. О. Балықбаев, Ж. А. Қараев, Г. К. Нұрғалиева, К. Бұзаубақова, С. Д. Мұқанова, Н. И. Хван, Л. Е. Румянцева, З. У. Имжарова, М. М. Мұқаметқалиқызы және т. б. педагог-ғалымдар зерттеген.
Педагогтардың кәсіби сапасын арттыру, олардың педагогикалық білігін қалыптастыру О. А. Абдуллина, С. И. Архангельский, Н. В. Кузьмина, В. А. Сластенин, Г. А. Уманов, Н. Д. Хмель зерттеулерінде; мұғалімнің инновациялық және психологиялық-педагогикалық даярлығын жетілдіру М. И. Дьяченко, Г. Қ. Нұрғалиева, К. Бұзаубақова еңбектерінде, мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдіру А. Е. Әбілқасымова, Б. Б. Баймұханов, Е. Ы. Бидайбеков, К. К. Закирьянов, М. Ә. Құдайқұлов, Қ. Қ. Қабдықайыров, Е. Ө. Медеуов, Д. Рахымбек, С. Е. Шәкілікова, Б. А. Әлмұханбетов еңбектерінде зерттелген.
Тақырып бойынша зерттелген ғылыми еңбектерде инновациялық технологияны орта кәсіби және орта мектеп жүйесінде қолдану жан-жақты қарастырылып, жоғары мектеп жүйесіндегі маңызды орны, әсіресе инновациялық технологияларды педагогикалық пәндерді оқыту барысында қолдану қажеттілігі мен оның теориялық негіздерінің жеткіліксіз зерттелуінде. Осы қарама-қайшылық біздің диссертациялық жұмысымыздың тақырыбын « Жоғарғы мекепте педагогикалық технологияларды пайдалану» деп белгілеуімізге негіз болды.
Зерттеудің мақсаты - жоғары мектептегі педагогикалық технологияларды пайдалануды ғылыми-теориялық негіздеу және оларды практикада қолдану.
Зерттеу объектісі: жоо-ғы педагогикалық пәндерді оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні: педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологиялы қолдану
Зерттеудің ғылыми болжамы:
егер жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқыту барысында педогогикалық технологияны қолданудың әдістемелік жүйесі әзірленсе, ол жүйе болашақ педагог мамандарды даярлауда оқу үдерісіне енгізілсе, онда белгілі, бірізді жүйеге қарама-қайшы, жеке шығармашыл, ізденімпаздықпен жұмыс істей алатын білім алушының тұлғасын қалыптастыруға болады.
Зерттеудің міндеттері
- педагогикалық пәндерді оқытуда технологияларды қолданудың мәні мен мазмұнын теориялық тұрғыдан негіздеу;
- педогогикалық технологияларды пайдалану арқылы жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқыту сапасын арттыру;
-педагогикалық сабақтарда технологияларды пайдаланудың әдістемесін анықтау, оның тиімділігін практикалық тұрғыда тексеру.
Зерттеудің әдістері:
Зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми әдебиеттерге, жоғары орындарында жүргізілетін педагогикалық пәндер мазмұнына талдау жасау; бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу; озық тәжірибелерді зерделеу, эксперимент жүргізу, алынған нәтижелерді өңдеу
Зерттеудің жетекші идеясы: Кез келген елдің экономикалық қуат, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы жаңашылдандыру деңгейіне келіп тіреледі. ЖОО-дағы педагогикалық пәндерде инновациялық технологияларды тиімді қолдану өзгермелі қоғам жағдайында педагогикалық міндеттердің қайнар көзі.
Зерттеудің әдіснамалық - теориялық негіздері: инновациялық технологиялар ұғымдарына байланысты философтардың, педагогтардың, психологтардың еңбектері мен ой-пікірлері, тәрбие теориясы, біртұтас педагогикалық процесс теориясы және кәсіби білім берудің теориясы.
Зерттеудің көздері:
- педагогика ғылымының инновация жайлы идеялары, қағидалары;
- зерттеліп отырған проблема бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, деректер, мерзімдік басылым материалдары.
Зерттеудің базасы:
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің педагогика және психология мамандығы.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- педагогикалық пәндерде инновациялық технологияларды тиімді қолданудың теориялық негіздері айқындалды;
- жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды тиімді қолдану әдістемесі жасалды.
- ұсынылған әдістемелік жүйенің нәтижесі тәжірибелік-экспериментте тексеріліп, дәлелденді.
Зерттеу жұмысының практикалық мәнділігі:
- педагогикалық пәндерде инновациялық технологияларды тиімді қолданудың ғылыми-педагогикалық үлгісі жасалды.
- «Педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық » арнайы курс курс бағдарламалары жоғары оқу орындарының тәжірибесіне ендірілді.
- педагогикалық пәндерде инновациялық технологияларды тиімді қолдану әдістемесін жоғары оқу орындарда оқу-тәрбие процесіне ендіру мүмкіндіктері бар;
- зерттеу материалдарын жоғары оқу орындарында, педагогика пәндерін оқытуда, педагог кадрлардың біліктілігін жетілдіру институттарында, осы саладан білім, іскерлік, дағдыларын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады
Кіріспе бөлімінде тақырыптың көкейкестілігі, зерттеудің ғылыми аппараты, нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық-теориялық негіздері, негізгі көздері, зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі, практикалық мәнділігі, зерттеу базалары, қорғауға ұсынылған қағидалар, нәтижелердің дәлелділігі мен негізділігі, зерттеу болжамы, зерттеу әдістері мен зерттеудің негізгі кезеңдері берілді.
«Педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың ғылыми - теориялық негіздері» атты бірінші тарауда педагогикалық сабақтарда инновациялық технологияларды толыққанды пайдалану мүмкіндіктері, педагогикалық технологиялардың ерекшеліктері және инновациялық технологиялардың жіктемесі айқындалды.
«Жоғары мектепте педагогикалық технологияларды» атты екінші тарауда инновациялық технологиялардың педагогикалық жүйесі жасалып, оның тиімділігін айқындау мақсатында арнайы курс бағдарламасы ұсынылды, тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының әрбір кезеңдеріндегі нәтижелері мазмұндалды, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.
Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары қорытындыланып, әдістемелік ұсыныстар берілді және қарастырып отырған мәселенің келешекте зерделенетін бағыттары айқындалды.
I . Жоғары мектептегі педагогикалық технологиялар
1. 1 Жоғары мектептегі педагогикалық технологиялар тарихы
Қазіргі кезде Қазақстандағы педагогикалық білім беру жүйесі, технологиясы қиын жағдайды бастан кешіп отыр. Бұған мемлекеттердегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени факторлар әсерін тигізеді. Мектепті бұл тоқыраудан шығарудың жолы сол халыктың өмір сүру жағдайын сапалы, жаңа биікке көтеру деген сөз. Сонымен қатар мектептің және білім беру жүйесінің аса үлкен жалпы әлемдік сипатта болуы. 1967 жылы АҚШ-та ЮНЕСКО-ның атынан осы мәселеге арналған халықаралық конференция болып өтті. Форумда айтылғандай, әлемнің бірде бір мемлекеті білім беруде дағдарыссыз болмаған, әр елде әр түрлі қиындықтар болған. Білім беруде тоқырау реформалардың қабылдауына қарамастан тереңдей түсуде. Ол дамушы мемлекттерге, Қазақстан сонымен бірге кәсіпорынның дамуына да тікелей қатысты. Экономикасы дамыған АҚШ, Жапония еліндегі мектептерде жалпы білім жоғары деңгейде өткізе алмағандықтан, ата-аналар бірінші сыныптан-ақ репетиторлардың кызметін қажет ететіндігін айта кету керек.
II дүниежүзілік соғыстан кейін барлық елдерде өзгерістер болды, ол ғылыми-техникалық революцияның саяси-экономикалық аймақтағы демографиялық әлеуметтік жағдайдағы өзгерістерге байланысты еді. Бұл өзгерулер мен қозғаулар білім беру жүйесінде қамтиды. Бірақ ол өте жай қозғалуда болды. Сол себепті, білім беру мен қоғамның өмір сүру арасында алшақтық пайда болып, білім берудегі әлемдік дағдарысты туғызды. Әлемдегі мектептер мен білім беру жүйелері дамыған қоғамға сай бола алмады. Өйткені жоғарғы дәрежелі білімді мамандардың болмағандығынан. Соңғы жылдарда коғамнын даму деңгейі мен жылдамдығының арасындағы алшақтық жалпы алғанда азаймады, керісінше өсіп келеді. Сонымен мектептің және білім беру жүйесінің әлемдік дағдарысына себеп болған экономикалық немесе саяси факторлар емес, біріншіден педагогикалық, яғни оку-тәрбие үрдісінің ескірген технологиясы. Осы себеп ұлттық білім беру жүйесіне де тән. «Педагогикалық (білімділік) технология» ұғымы қазіргі уақытта психологиялык-педагогикалық әдебиеттерде ең кең колданып, таралған. Білімділік технологиясын қолдану мен жасау мәселелеріне жеткілікті арнайы әдебиеттер арналған, ғылыми-тәжірибелі форумдар өкізіледі. Педагогикалық технологияның келелі мәселелері Туран университеті 1997 жылы өткізген «Дүниежүзілік білімділік технологияның негізгі тенденциялары, білімділік және тиімділік мәселелері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясында қаралып, талқыланды. Көпшілікке белгілі болған ұғымды әртүрлі түсіндіреді. Бір зерттеушілер ағымға сай осыған сүйенеді, екіншілері тәрбие мен оқытудың жоғары нәтижесіне жету кұралы ретінде бағаласа, үшіншілері (бұл категорияға біз өзімізді жатқызамыз) - жаңа педагогикалық технологияны құру мен оған көшу - бұл келе жаткан ақпараттык өркениетті білім берудің алдындағы көкейтесті және перспективалық міндеттерді шешудегі зандылық үрдіс.
«Технология» гректің өнер, шеберлік, кез-келген қызметте затқа ықпал ету іскерлігі, бұнда техника белгіленген мақсатқа тез жетуде көмектесетін жолдар, тәсілдер мен амалдар ұғымынан шығып отыр. Осыдан, технология өндірістік үрдістерінің нақты логикасы, берілген параметрдегі бір нәрсенің өнімдерін жасауды қаматамасыз ету. Технология өндірістік үрдіс ретінде өзара байланысқан элементтер жүйесінен тұрады: мақсат - мазмүны - амал және іс-қимыл - нәтиже. Барлық үрдістік компоненттердің жиынтығы, оның қатал логикалық жүйелігі берілген параметрлердің қажет өнімдерін шығаруға қаншалықты кепіл береді. Технологиялық үрдістерді шешуде релевантты мақсатымызға сәйкес технология деген, физикалық, химиялық, механикалық, биологиялық заңдылықтарды зерттеп экономикалық жағынан пайдалы өндірістік үрдістердің анықтау мен ең тиімді пайдалану үшін жасалған ғылым да бар, яғни шикізатқа, материалға немесе жартылай өңделген өнімдерге ықпал жасайтын, өндірістің құралдарына сай ғылым.
Өндірістік технология - бұл физикалық, химиялық және басқа табиғат зандылықтарына негізделген материалдық үрдіс. Сондықтанда әлеуметтік саласында «технология» деген ұғым көп уақыт бойы қолданылмады.
Қазіргі кезде «технология» ұғымы былай түсіндіріледі. Ол максатқа сай қызметті реттеу мен ұйымдастыру операциялары мен құралдарының жиынтығы: 1) объектіні өзгерту үрдісінің логикасына сай; 2) бірізділікті белгілеу; 3) кеңістік-уақыт аралығына сәйкестік; 4) берілген техника негізінде. Технология қызметті алгоритмдейтіндіктен болған сон, ол бірдей есептерді шығару үшін көп пайдалануға болады. Ол функцоналды, өйткені:
• үрдістің барысын керек орнына бағыттап, реттейді;
• қызметті (іс-әрекетті) ереже, норма, стандартқа, шартқа сәйкес бақылайды;
• жағдайға сәйкес берілген нәтиженің (өнімнің) көрсеткіштеріне кепілдік жасайды;
• іс-әрекет үрдісінің ұтымдылығын қамтамасыз етеді. Сонымен, технология- тәртіпті, ережені, норманы, операциялар тізбегі,
тыйым, жүзеге асыру кезеңдерін болжайды. Жоғарғы білім, мәдениет және бос уақыт технологиясын қазіргі коғамда, әлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ адамдардың өзара іс-әрекет жасауы мен қарым-қатынасын, адамгершілік-этикалық мәселелерін шешуге ықпал жасайды. Кез келген әлеуметтік іс-әрекет технологизациялауға болады.
Сонымен бірге технологиялық емес іс-әрекет бар, ол энтропиялық сипатта болады:
• баскарылмайтын актілер мен операциялардан тұратын аффектілік жағдайдың нәтижесі ретінде іс-қимылдар; техниканы қолданбай немесе аяққы өнімді кұрудағы интенционалды емес қызмет. Сонымен, технологияны - бір қызмет пәніне ыкпал жасайтын жобасын жеке процедуралар мен операцияларды тиімді бөлшектеу, берілгенпараметрлерге сәйкес әлеуметтік жүйені қолдауга немесе өзгертуге багытталған тәсіл - деп түсінеміз. Оқыту мен тәрбиелеудегі технологиялық көзқарас танымдық және басқа үрдістер мен қасиеттердін вульгаризациялау деп есептелді, яғни бір саты төмен, адамды машинамен теңестіруге әкелді.
Білім беру саласында «технология» деген ұғымды қолданудан бас тартқан басқа да себебі бар. Қолданбау себебі мектептің және басқа білім беретін кұрылымдар санасы мен мінез-құлык және еріктігі бар адамға ыкпал ететін объекті болып табылады. Бірақ-та окушы сыртқы ықпалдың пассивті объектісі ғана емес, ол өзі субъект ретінде белгілі дәрежеде өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі дамытуға қатысады. Ал өндірісте өңдеу мен кайта өндеуге түскен материал, санасы жок деп белгілі мамандар айтады. М. В. Кларинның пікірі бойынша, технологиялық тәсіл көбінесе толық емес. «Его существенные уязвимые черты: ориентация на обучение репродуктивного типа, связанная с общим тяготением к воспроизводимости учебного процесса; неразработанность мотивации учебной деятельности, что связано с более общим и, вероятно, самым крупным недостатком педагогической технологии - игнорированием личности. А ведь именно личность ученика (не одни только учебные цели !) должна находиться в центре учебного процесса». Сонымен қатар, автордың айтуынша, сөз негізінде оқушының жеке ерекшеліктері (кабылдау қасиеті, танымдық іс-әрекеттің стилі т. б, ) емес, жеке тұлға туралы ғана болу керек.
Осы және басқа себептер кеңестік педагогикада «технология» ұғымын қолдануда ресми педагогикалық шеңберден қарсылық болған. Ең алғашқы рет «педагогикалық технология» ұғымы АҚШ-да еңгізілді және ол әртүрлі семантикалық түрлері бар: а) педагогикалық тәжірибеде психология жетістіктерін қолдану (Б. Ф. Скиннер) ; ә) бағдарламалық тәсілді жүйе түрінде қолдану, білім беру үрдісін зерттеу негізінде оку үрдісін жүзеге асыру мен бағалау; б) окытудың ең тиімді жолдарын анықтайтын жалпы дидактиканың бөлімі (Ч. Куписевич, Ф. Янушкевич) ; в) оку үрдісінің негізгі элементтерінің өзара іс-әрекет жүйесі (Н. Н. Орлов, Г. Л. Таукач, В. К. Лисовиченко) ; г) оқу қызметін ұйымдастыру тәсілдері, құралдары және әдістерін қолдану теориясы, яғни қолданбалы дидактика (М. Ж. Арстанов, Ж. С. Хайдаров) . Сонымен, «педагогикалық технология» ұғымын әр зерртеуші әр қалай түсінеді. Ол оның эволюцияда болған әртүрлі өзгерістерге байланысты. В. И. Боголюбовтың пікірінше, терминнің өзгеруіне - «білімдегі технологиядан» «білімнің технологиясына» қарай, содан сон «педагогикалық технологияға» кешу - оның мазмұнына өзгеруі сәйкес. Осыдан, оқыту технологиясы деп алғашқы уақыттарда оқу-тәрбие үрдісінде техникалық құралдарды, сонымен қатар багдарламалық оқытуды пайдалану деп танитын. Бұл «педагогикалық технология» деген ұғымын қарастырудағы бір аспектісі. Оқыту технологиясы жоғары мектепте оқу үрдiсiне қажеттi әдiс, тәсiл, амал, дидактикалық талап секiлдi психологиялық iс-әрекеттердiң жүйелi кешенi ретiнде пайдаланылады. Ол студенттердің тәртiбiне, оқуға ынтасына, оқу iс-әрекетiне игi әсер етумен қатар, педагогиканы нақты ғылымға жақындату, оқытушылардың интеллектуалдық, шығармашылық қызметi болып табылатын педагогикалық iс-тәжiрибенiң нәтижелiгiне, жинақтылығына ұтымды әсер ететiндей оқу-тәрбие үрдісiнiң басты күре тамырының ролiн атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология - оқу-тәрбие үрдісiнiң шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесiмдiлiгi оқыту мен тәрбиенiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн жанды құрамдас бөлiгi (компонентi) . Бiр технологияның өзi әртүрлi атқарушылардың шеберлiгiне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкiн. Білім берудегі кез-келген инновациялық технология қалыптасқан ресми қалыптардан шығып және балама ретінде бағаланды, ал жаңашыл-ұстаздар 80-жылдардың аяғына дейін қудаланды. Нәтижесінде жаңаның бәрі балама ретінде ұсынылды. Оның негігі міндеті - дәстүрлі тұрғымен күресу және жеңу. Ол сында, бұзуда күшті және таратуда сенімсіз, сондықтан да «жүйеге қарсылық» қалаудан босады. Сондықтан да балама білім беру көпнұсқалы білім берудің дамуында жетілу кезеңінде болды. Қазiргi кезде әдебиеттерден қазiргi заманғы бiлiм берудiң даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып жүргендiгi мәлiм /107/.
Сонымен бiрге, кез-келген педагогикалық технология негiзгi әдіснамалық талаптарды қанағаттандыруы керек. Әдіснамалық талаптар:
1. Концептуалдық негiзiнiң болуы. Қандай технология болса да философиялық, педагогикалық, психологиялық ғылыми тұжырымдамаға негiзделуi тиiс.
2. Жүйелiлiгi. Педагогикалық жүйенiң барлық бөлiктерiнiң логикалық байланыста болуы шарт.
3. Басқаруға ыңғайлығы. Диагностикалы байқау жасауға, жоспарлауға, нәтиженi өңдеу, өзгерiс енгiзу мақсатында әдiс-тәсілдердi кезектеп пайдалану мүмкiншілігі болуы керек.
4. Тиiмдiлiгi. Білiм беру стандартын қанағаттандыруы тиiс.
5. Қайталата жарамдылығы. Басқа ұжымда дәл осы күйде қолдануға мүмкiндiктiң болуы.
Педагогикалық технологияларды мынадай топтарға жинақтауға болады: педагогикалық қарым-қатынасын демократиялық және iзгiлiк негiзiнде құру педагогикалық технологиясы: ынтымақтастық педагогикасы; iзгiлiктi-тұлғалы оқыту технологиясы; адамгершiлiктi қалыптастыруға негiзделген әдебиеттi оқыту жүйесi (Е. Н. Ильин) .
Қазіргі кезде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологиялардың негізіне жататындар:
- әpбip студенттің жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;
- студенттердің қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;
- студенттердің өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz