Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту мәселелері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
КІРІСПЕ

Мемлекеттің эканомикалық және әлеуметтік жетістіктері, ең алдымен олардың білім жүйесімен, азаматтардың білім деңгейін анықталатыны белгілі. Көптеген білім беру мекемелері үздіксіз ізденіс үстінде және олар көптеген болжам болжап болмас жағдайларға тап болып отыр. Мұндай жағдайлардың көпшілігі бірінен бұрын білім беруді дамытудың перспективасы мен мәселелерін дұрыс болжай алмай отырған ұстаздар еңбек ететін ұжымдары көрініс табуда. Қазіргі мектептерде жұмыс істеудің жаңа әдістері мен үлгілерін қолдану әрекеті сыныптық сабақтық жүйенің шеңберінен шықпайды.
Бүгінгі білім берудің ұлттық жүйесін сақтап қалу үшін өскелең бәсекелестік жағдайда барлық оқу тәрбиелеу мекемелеріне үздіксіз дамуы мен қызметінің жоғары дәрежеге жетілдіру қажеттілігі жетіп отыр. Қазіргі қолданылып отырған білім беру жүйесінің жаңа типтерінің пайда болуы мен оны соңғы жағдайға сәйкес өзгерту, оқытудың әдісі мен амалдары, үлгілері, мазмұнының жаңаруы өз кезеңінде ғылыми идеалар психологиялық-педагогикалық теория негізінде жетілдірген практикалық шешімдерге негізделуі керек. Сонымен қатар, оларды дайындауда мұның бәрі алдын ала ескертілудің қажеттілігін көрсетеді. Мұндай дайындық педагогикалық-кәсіптік білім берудің әдісі мен формасын, мазмұнындағы өзгерісті жетілдіруді талап етеді. Мұндай себептерге орай білім берудің бүгіндері қолданылып жүрген жүйесі толық дәрежеде болып мәселені шеше алмайды. Мұғалімдердің кәсіптік дайындығының белгілі бір тар шеңбердегі қызметкер қатаң бағытталуы, оқытудың ұжымдық әдістері мен тиімді технолгиясының толық талдамасының болуы, диагностикамен тесті қолданылудың тиімділігі, қызметкерлердің кәсіптік жағына инновациялық өзгерісті баяндауда ынталандырудың болмауы. Оқушылардың білімін көтеру оқуға деген ынта жігерімен қызығушылығын арттыру әр мұғалімнің міндеті. Осы мақсатта мұғалімдер әр түрлі әдістермен тәсілдерді пайдаланып отырса, оқушылардың пәнге деген қызығуы артып, өздігінен ізденуіне мүмкіндік жасалады. Бұл орайда азамат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың ұзақ үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашан да жалғаса береді.
Тақырыптың өзектілігі: биология пәні бойынша оқытуда белсенді әдістерді қолдану арқылы оқушылардың экологиялық құзыреттілігін қалыптастыру. Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың алдында тұрған өмірлік маңызы бар ауқымды проблемалардың ішінде, табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, күннен-күнге туындап отырған экологиялық мәселелер мен олардың шешімін іздестіру өзінің көкейкестілігін дәлелдеуде. Ал бұл болса білім беру процесінде балалардың, жасөспірімдер мен жастардың экологиялық тәрбиелілігін дамыту қажеттілігін күн санап арттыра түседі, өйткені қоршаған орта мен адамның денсаулығын сақтау маңызды құндылықтың бірі болып табылады.
Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңызы: мектеп пен жоғары оқу орындарында экологиялық тәрбие берудегі қоғамның сұранысы мен оның жүйелі түрде зерттелмегені арасында; жастарға қоршаған ортаны аялай білуді сабақтастықта жүргізу қажеттігі мен экологиялық тәрбие сабақтастығын қамтамасыздандыратын бірыңғай тұжырымдаманың және оны жүзеге асыруға байланысты оқу-әдістемелік кешеннің жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылықтың бар екені байқалады.
Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу: Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, күннен-күнге туындап отырған экологиялық мәселелер мен олардың шешімін іздестіру өзінің көкейкестілігін дәлелдеуде. Ал бұл болса білім беру процесінде балалардың, жасөспірімдер мен жастардың экологиялық тәрбиелілігін дамыту қажеттілігін күн санап арттыра түседі, өйткені қоршаған орта мен адамның денсаулығын сақтау маңызды құндылықтың бірі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: биология пәнін заманауи технологиямен оқытуда және оқушыларға сабақтан тыс жұмыстарын жүргізу кезінде оқытудың экологиялық мәселелерін теориялық-әдіснамалық тұрғыда негіздей отырып, экологиялық құзыреттілікті қалыптастыру.
Курстық жұмыстың міндеті: биология сабағында оқушылардың қызығушылықтарын арттыра отырып, сабақты табиғатпен байланыстыра отырып, экологиялық құзыреттілікті қалыптастыру;
Курстық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері:
зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттерге, статистикалық мәліметтер мен ғылыми мақалаларға талдау беру, алынған нәтижелерді сұрыптау;
тиімді оқыту әдістерінің бірі - оқытудың интерактивті әдістерін оқу іс - әрекеттерде пайдалану.
соңғы жылдардағы заманауи әдістерді қолдана отырып, оқушының экологиялық құзыреттілігін қалыптастыру;
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I Құзыреттілік ұғымының педогогикалық психологиялық негіздері
1.1Құзыреттілік ұғымы мен құзыреттілік тәсіл туралы түсінік
ХХІ ғасыр жаңа заман талаптарын меңгере отырып, жан-жақты дамыған ғасыр. Ал болашақ жастар сол ғасырды басқарып, меңгеретін тұлғалар. Ол үшін әрбір Қазақстан Республикасының азаматы жан-жақты дамыған, білімді, білгір болуы тиіс. Сол үшін әр оқушының кәсіби құзыреттілігінің толықтай дамуы да маңызды. Ең бірінші құзыреттілік ұғымын қарастырайық.
Құзыреттілік латынның competentis -- бейім сөзінен пайда болған, қандай да бір оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті жеке тұлғаның орындай алу қабілеттілігі. Ал, кәсіби құзіреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс - әрекетті арттыруға бағытталған тоериялық және тәжірибелік әзірлігі мен қабілеттілігінің бірігуі. Қазіргі әлеуметтік - экономикалық өзгерістер жағдайында біздің қоғамымызда өздігінше шешім қабылдай алатын және оны жүзеге асыра алатын әлеуметтік белсенді, шығармашыл тұлғаға сұраныс күшейеді. Осыған орай, әр тұлғаның кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың маңыздылығы да арта түседі.
Құзырлылық ұғымына мынадай анықтама беруге болады: "құзыреттілік - оқудың және өздігінен білім алудың нәтижесінде қалыптасатын және адамның әлеуметтік мобилдігін анықтайтын, білім мен тәжірибеге, құндылықтар мен бейімділіктерге негізделген жалпы қабілеттіліктер".
Құзырлылық оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір тәжірибелік және теориялық мәселелерді шешу үшін қолдана алу қабілеттілігін сипаттайды. Бұл ең әуелі, мектепте оқу үрдісі кезінде қалыптасады. Яғни оқытудағы құзырлылық тәсіл нәтижесі болып білім сапасының көрсеткіші бағаланады.
Өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру - құзыреттілік пен әрекеттілік тұрғыда жасалған іс-әрекет нәтижесінде жүзеге асады.
Бүгінгі күні мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегідей анықталады:
1. Құндылықты - бағдарлы құзыреттілік - жасампаз қоғам өмірінде өз рөлін таба білу, азаматтық белсенділік көрсету, саяси жүйені түсініп, әлеуметтік жағдайларға баға беру.
2. Мәдениеттанымдық құзыреттілік - өз халқының және әлемдік мәдениетті түсініп, рухани келісім жүргізе алу.
3. Когнитивтік құзыреттілік - зерттеушілік дағдыларын игеруге мүмкіндік жасайтын өз әрекетіне талдау, қорытынды жасай алу.
4. Коммуникативтік құзыреттілік - байланыстың түрлі обьектілерін қолдана отырып, түрлі әлеуметтік топта қарым-қатынас жасай алу, мемлекеттік және шет тілдерді меңгеру.
5. Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік - білім мен ақпаратты ақпараттық-технологиялар көмегімен жүзеге асыра білу.
6. Әлеуметтік қарым-қатынас құзыреттілігі - әлеуметтік-қоғамдық өмірде кәсіби бағдарын дұрыс таңдай алу.
7. Тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттілігі - әлеуметтік-қоғамдық, өмірлік жағдайларда өз мүмкіндігін анықтап, өмірі мен ісіне жауапты қарауды, жеке және қоғам пайдасына сай шешім қабылдауды қарастырады.
Сонымен, оқу үрдісіндегі құзырлылық дегеніміз - оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешу үшін қолдана алу мүмкіндігі болып табылады.
Құзыреттілік пен әрекеттілік тұрғыда оқыту дегеніміз - әр ұстаздың құзырлылыққа жету жолындағы іс-әрекеті, әдіс-тәсілдері болып табылады. Бұған бүгінгі заман талабына сай инновациялық технологияларды тиімді қолдана алудағы ұстаз шеберлігін жатқызамыз.
Оқушы құзыреттілігін қалыптастырудағы тиімді технологиялардың бірі - "Проект технологиясы" болып табылады. Проект технологиясы ХVІ ғасырда Италияның архитектуралық шеберханаларында пайда болған. "Проект әдісі" кітабының авторы бұл технологияны зерттеуші психолог, педагог Вильям Килпотриктің пікірінше "оқыту теориясы бойынша оқушы өзіне ұнамайтын және мәжбүрлеу арқылы орындалған іс-әрекеттен гөрі, өзінің икемі бар іс-қимылды орындау арқылы қажеттілігін қанағаттандырады" деген ой айтады.
Қазақстан 2015 жылғы білім беру бағдарламасында: Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын бәсекеге қабілетті тұлға дайындау деп атап көрсетілген, сондықтан оқу тәрбие үрдісінің алдынды тұрған негізгі міндет табысты және тиімді әрекетке дайын өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс- әрекетін өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті отбасындағы, қоғамдағы, ұжымдағы әлеуметтік ролін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың бойында шығармашылық іс-әрекетті, іздемпаздықты қалыптастыру, жүйелі қорытынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, оқу материалдарын сараптау, талдап салыстыру іскерліктерін үйрету қажеттілігі туындайды.
Бүгінгі таңдағы ең өзекті міндеттің бірі - еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатын, бәсекелестікке қабілетті кәсіби мамандар дайындау. Жеке тұлғаның әлемдік өркениетке ұмтылып, дүниеге Қазақстан Республикасының іргелі ел ретінде танылуына үлес қосатын білімді, білікті, саналы азаматтар тәрбиелеу. Өздігінше еркін ойлау қабілеті бар, тәрбие - білім беру үрдісін модельдей алатын, білім берудің жаңа технологиялары мен жаңа идеяларын өздігінше іске асыра алатын жеке тұлғаның кәсіби құзіреттілігінің деңгейін арттыру - өзекті мәселе, себебі, біріншіден, кәсіби құзіреттілік тәрбие - білім беру процесінде шығармашыл оқушылардың қалыптасуына дұрыс әсер етеді; екіншіден, өзінің кәсіби қызметінде жақсы нәтижелерге қол жеткізе алады; үшіншіден, кәсіби мүмкіндіктердің іске асуына ықпал жасайды. Бұл міндет білім алушы жастардың шығармашылықтарын арттырып, өздігінен білім алуға және алған білімін іске асыра білуге үйретуді міндеттейді. Осы міндеттерді толығымен қанағаттандыру үшін қазіргі таңда күннен-күнге дамып келе жатқан жаңа ақпараттық құралдардың пайдасы өте зор[24].
Еліміздің білім беру жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Сол себепті, оқушыларға білім беруде жаңа ақпараттық оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Соңғы жылдары жаңа ақпараттық технологиялар заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, оқытуға тиянақты түрде көңіл бөлініп, әрбір баланың жеке деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану, оқыту-тәрбиелеу үрдісін толық жетілдіруге, педагогикалық еңбектің тиімділігін арттыруға, оқушылардың білім, білік дағды сапаларының жақсаруына септігін тигізип, кәсібі бойынша құзыреттілігін қалыптастырады. Бұл кезде оқушылардың ойлау қабілеті іске қосылып, танымдылық іс-әрекеті жинақталып кәсіби құзіреттілігі дамиды. Жаңа ақпараттық технологияның мақсаты -- оқушыны біліммен, білім алу тәсілімен қаруландырып, оның өмір салтымен, мінез-құлқын сауықтандыра отырып, өзін үнемі дамитын оқушыны тәрбиелей отырып, саналы білім алуын жүзеге асыру. Егер оқушының кәсібі бойынша жүйелі жан-жақты терең білім берілсе жаңа ақпараттық технология арқылы оқушылардың шығармашылығы қалыптасса, онда логикалық ойлары теңеліп, өздігінен білім алу, сол білімді нәтижелі түрде пайдалану деңгейлері уақыт талабына сай, бәсекеге қабілетті және кәсіби құзыретті тұлға болып қалыптасады.
Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану арқылы кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады. Бүгінгі бала - ертенгі жаңа әлем. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші - мұғалімдерміз. Кез-келген кәсіп иесі жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына енуді ұмытпауымыз керек[25].
Негізгі құзыреттілік сала ерекшелігіне қарамастан барлық мамандар бойынан табылу керек деп қарастырылған, себебі құзыреттілік маман біліктілігінің негізін құрайды, оның ішінде:
ақпараттық;
коммуникативтік (қатысымдық);
Ақпараттық құзырет - мамандардың компьютерлік білімділігі, жаңа ақпараттық технологияларды қолдана алу (мультимедия, электронды пошта, Интернет) мүмкіндігі.
Коммуникативтік құзырет - бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дәстүрді білу, дау жан-жалды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері.
Әлеуметті-құқықтық құзырет - өз елінің азаматы ретінде өзнің және қоғам мүшелерінің әлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту жатады.
Білім алушылардың іс-әрекетін белсендіруге және қарқындандыруға негізделген технологиялардың бірі Проблемалық оқыту.Ерекшелігі: білім алушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту, білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылықтарды ашу әрі проблемалық міндеттер қою. Проблемалық оқытудың қалыптасу тарихына үңілсек, Сократ өзінің шәкірттерін логикалық ойлауға, зерттеулердлің нәтижелерін табуға
4бағыттап отырған. Руссо білімді игеру үшін ситуациялар қою арқылы жүзеге асырған. Проблемалық оқытудың ең керекті әрекеті ізденіс болса, соны өз тәжірибесінде кеңіне қолданған ғалымдар қатарында Песталоцци мен Дистервегтің еңбегі зор. Проблемалық оқытудың басқалардан айырмашылығы - білім оқушыларға дайын күйінде хабарланбайды, керісінше олардың алдына өз бетінше шешуге проблема қойылады. Іздену әрекеті барысында білімді оқушылардың өздері табады. Сабақ соңында байқалғаны, осы проблемалы тапсырмалар оқушы сезіміне молырақ әсер етіп,олардың қызығушылығын, білімге іштей құмартушылығын арттырды деп ойлаймын. Қызығушылық оқушыны өздігінен ізденуге жетелейді. Ізденіссіз шығармашылық ойлау жоқ. Проблемалық тапсырма нәтижесі оқушының өз бетінше еңбектенудегі дағдысы мен қабілеті, іскерлігінің жетілген, ең жоғары дамыған саты деуге болады.
Кәсіптік құзіреттілікті жетілдіруде мамандық бойынша жүргізілетін тәрбие жұмысы да ерекше роль атқарады. Сабақтан тыс өткізілетін іс-шараларда оқушылар өз мүмкіндіктерін барынша пайдаланып,болашақ маман ролін жоғары деңгейде орындауға тырысады.
Арнаулы құзыреттілік.Оқу орны түлегі моделі - белгілі бір өндіріс, ғылым, мәдениет саласындағы жұмысшы құзіреттілігін сипаттай алуы. Сондықтан әр оқушының өз мамандығына байланысты арнаулы құзіреттілігін анықтау қажет. Арнаулы құзіреттілік - маманның сала ерекшелігіне байланысты кәсіби мәселелерді шешу, білім және іскерлік деңгейін көтеру сияқты қабілеттермен байланысты.

1.2Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту мәселелері.
Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту мүмкіндігін кеңейту ортасы ретінде виртуалды білім беру кеңістігін қарастыруға болады. Біздің анықтауымыз бойынша ол ақпараттық- коммуникациялық технологиялар құралдарының өзара байланысын көрсететін педагогикалық шынайылық, білім беру үрдісінде барлық қатысушылардың интерактивті әрекеттесуі арқылы тиімді оқытуды қамтамасыз ететін, оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін тиімді дамыту үшін арнайы ұйымдастыруда жағдай жасалған, сонымен қатар олардың өздігінен білім алып және өздігінен іске асыру мүмкіндігінің бар болуы. Виртуалды білім берудің негізгі құрамдас бөлігі - ақпараттық қор. Бүгінгі таңда мазмұндық нышаны бойынша да, ақпаратты тасушы түрлері бойынша да ол көпжақты (кітаптар, компакт-дискілер, электронды басылымдар, мультимедия және т.б.). Осыған байланысты виртуалды кеңістіктің білімдік әлеуеті кеңейді. Демек, бұл кеңістіктің ақпаратты жеке білімге және әрі қарай оқушылардың жеке тәжірибесіне түрлендіруге көмектесетін когнитивтік қызметі туралы да айтуға болады. Виртуалды білім беру жағдайында оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамытуда оқу үрдісін ақпараттандыру ойын ықпалдандыратын, сонымен қатар әрі қарай жұмыс жасағанда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану үрдісінің моделін жасайтын педагогикалық ақпараттық технологияларды қолдану қажеттігін ерекше атап өту керек. Педагогикалық қызметте жаңа ақпараттық технологияларды қолдана білу - бұл тек қоғамдық құндылық қана емес, үлкен уәждік ықпалдандырушы мәні бар жеке тұлға үшін маңызды интеллектуальды құндылық.
1. Мәнді-мақсатты топтама үйрету мен оқыту мақсаттарына қол жеткізуде маңызды білім берудің мәні мен мақсаттарының жиынтығын қамтиды.
2. Программалық-әдістемелік топтама ақпараттық құзыреттілікті дамыту түрлері және бағдарламалары, стратегиялары туралы қажетті барлық ақпаратарды қамтиды.
3. Ақпараттық топтама оқушылардың ақпараттық қызметінің негізін құрайтын білімін, іскерлігін, қабілетін анықтайды.
4. Қатынастық топтамада педагогикалық үрдістің қатысушылары арасындағы өзара әрекеттесу түрлері енгізілген.
5. Техникалықта виртуалды кеңістікте қолданылатын оқыту құралдары енгізілген (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, оның ішінде жергілікті және ғаламдық желілер). Виртуалды кеңістіктің әрбір топтамасы, оның ішінде оқушылар белгілі бір типті іс- әрекетті жүзеге асыратын кішігірім орта болып табылады. Мысалы, оқушылар ақпараттық топтамамен өзара әрекеттескенде өздерінің өздік жұмыстарын жоспарлайды.
Ақпараттық құзыреттілікті дамыту мақсатындағы виртуалды білім беруді өзінің жеке тақырыптық-әдістемелік тәсілдемелері бар күрделі және көп қырлы үрдіс ретінде қарастыруға болады. Н.О. Яковлеваның әділ ескертуі бойынша, әрбір тәсілдеме тек зерттеліп отырған аспекті танымында табысты және дәл оқиғаны зерттегенде жеткіліксіз болып саналады, себебі тәсілдер жиынтығын қолдана отырып кешенді зерттеген жағдайда ғана объективті көзқарасты алуға болады [15, с.61]. Біз жүйелік-қызметтік және құзыреттілік көзқарастардың үйлестігін ұсынамыз. Жүйелік-қызметтік көзқарас объектіні педагогикалық жүйенің мазмұндық сипаттамаларының табиғаты іс-әрекеттік болатындай етіп зерттеуді ұйғарады. Виртуалды білім беру жағдайында оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту үрдісінің мазмұны ретінде арнайы ұйымдастырылған қызметті қарастыруға болады. Зерттеліп отырған үрдіс жоғары деңгейлі ақпараттық құзыреттілікке қол жеткізуге бағытталған әр-түрлі іс-әрекеттердің үзіліссіз алмасуы болып табылады. Виртуалды білім беру кеңістігі жағдайында жүйелік-қызметтік тәсілдемені іске асыру нәтижесінде анықталады:
1. Жүйелік-қызметтік тәсілдеме теориялық-әдістемелік негіз ретінде қарастырылады, келесі элементтер тобын айқындауға көмектеседі: мақсаттар, міндеттер, мазмұны, түрлері, құралдар, әдістер, кезеңдер - виртуалды білім беру үрдісінде және осы үрдістің құрылымының сыртқы объектілермен (ортамен) өзара әрекеттесуін қарастырады, бұл өз алдына зерттеліп отырған проблеманы кешенді меңгеруді қамтамасыз етеді.
2. Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту виртуалды білім беру жүйесінің ішкі жүйесі болып табылады, бұл жалпы дидактикалық қағидаларды ескере отырып оны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мектеп оқушыларының виртуалды академиясында оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту тиімділігі келесі шарттардың бар болуымен қамтамасыз етіледі:
- виртуалды білім беру мүкіндіктерін іске асыруда оқушылардың уәждік дайындығын дамыту;
- жүйелік-қызметтік және құзыреттілік тәсілдемелер негізінде виртуалды білім беру мүмкіндіктерін іске асыру;
- виртуалды білім беру мүмкіндіктерін іске асыру үшін білімдік модельдерді, әдістерді, мысалдарды бағыттау;
- ақпараттық құзыреттілікті дамытуда виртуалды білім беру мүмкіндіктерін іске асыру үрдісін рефлексивті басқаруды қамтамасыз ету.
Біз оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту проблемасын шешуді мектептегі дәстүрлі білім беруді толықтыратын виртуалды білім берумен байланыстырамыз. Виртуалды білім беру кеңістігі жеке тұлғаны дамыту үшін жасалатын жағдай ғана емес, құрал ретінде де қарастырылады. Ол адамның жиһанға әлеуметтік-мәдени түрде бейімделуінің мән-мәтінінде адамдар арасындағы қарым-қатынастар жиынын дамытатын нақты әлеуметтік қауымдастық ретінде де қолданылады. Виртуалды кеңістік педагогикалық ұжыммен қалыптасады, сыртқы орта факторларымен, мемлекет қолдау жасайды. Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамытудағы виртуалды білім берудің мүмкіндіктерінің дидактикалық әлеуеті жеке тұлғаға бағытталған білімдік парадигмамен; интерактивтілікпен; оқу уәжінің жоғары деңгейімен; оқытудың іс- әрекеттік түрінің басымдылығымен, оқытудың жеке тәсілі мен траекториясымен; шығармашылық дағды мен ізденушілік белсенділікті дамытуға бағытталған; жағымды сезім аясында; үзіліссіз өздігінен білім алу мен өздігінен жұмыс жасаумен анықталады.

1.3 Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі нәтижеге бағытталған білім
беру негізі
Н. Ә. Назарбаев жолдауында Біз бүкіл елімізде стандарттар деңгейіне сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз деген болатын.
Сондықтан да бүгінгі өскелең ұрпақ уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі, толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге қатар жүрері анық. Балабақшада берілген тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан - жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын.
Жеке тұлғаның қалыптасуында ең тиімді жол жаңа тұлғаны қамтитын, қабілет білім, икем, дағды, тәжірибе, көзқарас болып табылады.
Балаларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, олардың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу мақсатында сауаттылыққа баулу - бүгінгі күн талабы.
Осыған орай мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің нәтижесі ретінде баланың құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Ол үшін құзіреттілікке бес білім саласын меңгерілуі қажет.
Денсаулық құзіреттілігі:
баланың физикалық денсаулығын ойлау, қозғалыс дағдыларын меңгеру.
денсаулық сақтау негіздері мен жеке бас гигиенасының дағдыларын меңгеру.
тілдік қатынас құзіреттілігі:
танымдық құзіреттілігі:
заттардың қасиеттерін бағдарлау, қоршаған ортаны тану, құрастырылымдық дағдылар, қарапайым математикалық ұғымдар, іздеу және эксперименталды іс - әрекет.
әлеуметтік құзіреттілігі:
мінез - құлық дағдылары
Тиімді оқыту әдістерінің бірі - оқытудың интерактивті әдістерін оқу іс - әрекеттерде пайдалану.
Интерактивті әдіс деп отырғанымыз бірлесе жоғары деңгейде әрекет ету, яғни, оған іскерлік ойындар, рольдерді орындау, іскер театр, дамытушылық, логикалық ойындар т.б. жатады. Осы әдістерді әрбір саласының денсаулық, қатынас, таным, әлеуметтік, шығармашылық құзіреттіліктерінде пайдалана отырып, қоғамның талабына сай өркениетті, дамыған елдердің білім деңгейіне жеткізуге, жеке тұлғаны жоғары деңгейде қалыптастыру мақсатына бағыттап, жұмыстар жүргізілуде.
Осыған орай ойынды алатын болсақ, ойын - бала табиғатымен егіз, өйткені бала ойынсыз өспейді, жан - жақты дамымақ емес. Ойын - бала миын жаттықтыратын әрі тынықтыратын негізгі жаттығу.
В. А. Сухомлинский Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін де емес. Ойын - дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты - деген.
Расында, ойын балалардың шынайы және ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, шығармашылыққа, мықты белсенділікке, өз - өзін дамытуға мүмкіндік береді.
Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін - өзі толық жүзеге асыруға дайын, білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі оның білімінің жан - жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияны меңгеруімен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік қабілеті де кең болмақ.
Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет. Қазіргі таңда оқытудың әр түрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді меңгеруде мұғалімнің жан жақтылығы, біліктілігі қажет[26].
Қазіргі таңда мектеп оқушыларының мұғалімнен күтері көп. Оларды сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын жеке формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Оқу формалары заманауи талаптарға лайық болуы, жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру үшін, ұстаз ақпараттық технологияны өз іс - әрекетінде тиімді, сауатты ұйымдастыруы қажет. Сондықтан интерактивті тақтаны оқушылардың тілдік құзыреттілігін, шығармашылық потенциалын дамыту құралы ретінде пайдалану интеллектуалдық, эстетикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға көмектеседі, ал көрнекі құрал ретінде пайдалану оқу - танымдық үрдіс тиімділігін арттырады.
Құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін - өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Оқушылар ұстаздар қауымынан тек білімге ғана емес, өмірге де үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы; жедел шешім қабылдаушы; ерекше ұйымдастырушылық қабілетті; нақты бағыт - бағдар беруші болып шығуы - бұл қазіргі заманның талабы. Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім - қазіргі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интелектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезуіне үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде. Физика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру арқылы қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану - оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретіндігі туралы баяндалады[25].
Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Физика сабақтарында ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
оқушының өз бетімен жұмысы;
аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
білім - білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
экономикалық тиімділігі;
іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
оқушының ой - өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Оқытушы сабағында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.
Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осы мақсатта экология пәнін де әртүрлі әдістермен жүргізуге болады. Оқу - тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс - тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше және оқушылардың жеке жағдайларына байланысты таңдап алуға көп көңіл бөлу керек.
Оқытудың әдіс - тәсілдерін тиімді таңдап алу оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға терең білім беру үшін мұғалім мына төмендегі қағидаларды есте сақтағаны жөн деп есептеймін[27]
1. Мұғалім пәнді жетік меңгеріп, оны оқушыларға ғылыми тұрғыдан негіздеп, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып бере білуі қажет.
2. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жеке бастарының психологиясын, жан дүниесін жете біліп, әр оқушының жүрегіне жол таба білуі абзал.
3. Ғылым мен педагогика саласындағы жаңалықтарды үнемі пайдаланып отыруы тиіс.
4. Мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап жеке блоктар түрінде топтастырып өткізе білуі керек.
5. Оқушыларға ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін арттыру үшін жаңа сабақты, әсіресе заңдылықтар мен құбылыстарды тірек белгілері мен тірек конспектілері бойынша берген жөн.
6. Оқушылардың сапалы да тиянақты білім алуы үшін әр бөлім, әр тақырып бойынша олардың білімдерін тексеріп отырған жөн. Мұнда әсіресе оқушылардың білімдерін тексеруде мына төмендегідей әдістерді қолданған тиімді:
Тестік жүйе бойынша;
өзін-өзі тексеру;
көршісін тексеру және т.б.
7. Сабақта халықтық педагогика элементтерін пайдалану қажет. Ол үшін:
Халық ертегілерінен, аңыз әңгімелерінен, өлең жырларынан үзінділер келтіріп, олардың мағынасын түсіндіруге;
Халықтың ұлттық ойындарымен түсіндіруге;
Әртүрлі табиғи құбылыстарға байланысты жұмбақтар шешіп, сөзжұмбақ, бейнесөз құрастыруға болады.
8. Сабақта оқушыларды таң қалдырып, себебін білгілері келетін әртүрлі қызықты тәжірибелерді ұдайы қолданған орынды.
Ақпараттық құзыреттілік - бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық - коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан - жақты қолдану қабілеті.
Қазіргі заман - экология ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Экологияны оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа білім беру технологиялары ауадай қажет. Қазіргі ақпараттық коммуникациялық технологияның озық жетістіктерін экология сабағында қолдану арқылы танымдық іс - әрекеттерін ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзыреттілігін дамытуға болады. Жаңа ақпараттық технология мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бүгінгі күнде осы технологияны қолдануда интерактивті тақта ерекше орын алады. Оқушы интерактивті тақтамен жаңа материалдарды арнаулы бағдарламамен мүмкіндігінше пайдалана алады. Ондағы мақсат - оқушының өзінше ойлау қабілетін арттыру және қазіргі заманғы интерактивті тақтамен жұмыс істеуге үйрету. Интерактивті тақтамен сабақ берген кезде мұғалім, шәкірт және интерактивті тақтамен қарым-қатынас жүргізіледі[28].
Экология сабағында ақпараттық технологияны тиімді пайдалану білім сапасының артуына әкеледі, оқушының логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен іздеуіне компьютерлік сауаттылықтарына жол ашады.
Бұлақ көрсең, көзін аш деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін, дарынын ашу және әрбір оқушының өз мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау - мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет.
Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет. Дарынды да, қабілетті оқушыларды ғылымға баулып, ғылым арқылы егемендігімізді нығайтуға үлес қосайық!
Еліміздің дамыған мемлекеттердің стандарттарына деген ұмтылысы жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму институттарының қалыптасуына немесе өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге және саяси бағыттардағы осындай өзгерістер өмірдің барлық саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде. Білім - адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің Менін сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білімді маман болу үшін - әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс. Білімін тұрақты көтеріп отыру - мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, Мемлекеттің дамуының құралы болып табылады.Құзырлылық - тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті- деп түйіндейді белгілі оқымысты Т. Г. Браже[29]
Бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін жетілдіріп қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет.Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педогогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқытудың жаңаша технологиясын меңгерудің өзі ұстаздан шығармашылықты талап етеді. Ал шығармашылықпен жұмыс жасау үшін мұғалім өзінің кәсіби біліктілігін арттырып отыруы қажет. Мұғалімнің өз кәсіби қызметтерін шығармашылықпен атқаруына әр деңгейдегі әдістемелік жұмыстарды инновациялық бағытта ұйымдастырып өткізудің ықпалы мол. Біліктілігін арттырушы мұғалім өзінің білімін, жалпы дүниетанымын кәсіби және әдіснамалық деңгейін жоғарлатады, психологиялық - педогогикалық сонымен қатар әдістемелік сауаттылығын жетілдіреді. Ең бастысы бұл білімдер мен білік дағдыларды құзырлылық ұстанымдарының талаптарына сәйкес өздерінің меңгеруі және сол жолдар арқылы өздерінің ойлау жүйесін, шығармашылығын өнертапқыштығын, рефлексиялық машығының дамуына жол ашады.Сол кезде ғана мұғалімнің өзіне-өзі баға беру деңгейі артып, өзін-өзі анықтап, үздіксіз өзін-өзі дамытуға деген қажеттілік туады.Білім-тоқтаусыз толассыз үрдіс. ХХІ ғасыр білімін біз адамның қызығушылықтарының дамуы, оның өзінің дамуы деп түсінеміз. Бұл әр адамның өзін-өзі жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғамдық талаптар тұрғысынан өзіне сыни баға бере алуы, айналаны өзгерте алуға қатыса алуы. Ол арқылы адамның интеллектуалдық, рухани күші дамып, тұлғалығы қалыптасады. Білім - мұғалім үшін оның шығармашылық әлеуетін дамытудың үрдісі.Даму да, білім де ешбір адамға қолдан беріле салмайды. Кімде кім оған қол жеткізгісі келсе әрекет етуі, күш салуы қажет. Бұл тұрғыдан алғанда кез келген білім-ол өз бетінше білім алу. Шығармашылық әлеуеттің дамуы өз білімін көтеруге негіз болады. Мұғалім шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, өзінің құзіреттілік аясын кеңітеді. Кәсіби құзіреттілік маманның әлеуметтегі-дәл осы уақыттағы қабылданған стандарттар мен нормаларға сәйкес өзінің кәсіби педагогикалық қызметін атқаруға дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер жиынтығы немесе жекелік-кәсіби сипаттамасы. Кәсіби құзіретті еңбек деп мұғалімнің педагогикалық әрекетті өте жоғары деңгейде атқара алуы, педогогикалық қарым-қатынасқа түсе алуы нәтижесінде оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейінің жоғары болуы деп санаймыз.
Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды. Жастардың ақыл-ой әлеуетін барынша дамыту үшін білім беру жүйесін тиімді құра білген ұлттың еңсесі биік, абыройы жоғары болмақ. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін реформалаудың бастапқы кезеңі аяқталды. Бүгінгі күні білім беру саласының тиісті заңды базасы жасалды[30].
Елбасы Н.Назарбаев өзінің Қазақстан - 2030 жолдауында: оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет... ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек дегені мәлім. Елбасының осы алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар, әрине-жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы білім мен салауатты тәрбие беру қажет. Ол, Мағжан айтқандай, мектеп пен ұстаздарға байланысты. Еліміздің дамуының алғышарты білім дедік, яғни Үшінші мыңжылдықтың жастары қандай болмақ? деген сұрақ туындайды. Жауапкершіліктің биігінен көрінуі де жас ұрпаққа берілетін білім сапасын мейілінше арттыруды қажет етеді. Ал, білім сапасын арттыру, оның деңгейін әлемдік білім кеңістігіндегі стандарттарға сай келтіру түптеп келгенде, мұғалімге, оның кәсіби құзырлығына, әдістемелік біліктілігі мен шеберлігіне тікелей байланысты. Жас ұрпаққа жоғары сапалы білім беру ісін тек қана көп мәдениетті, шығармашыл, жаңашыл, инновациялық тұрғыда ойлап, қызмет жасай білетін ұстаз ғана мүлтіксіз атқара алады. Құзыреттілікті қалыптастыру - білім беру саласының өзекті мәселесі. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама - қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті мектеп мұғалімдерінің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзіреттілігі кезінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды.
Құзіреттілік тәсіл идеясы - қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады деген сұраққа жауап береді. Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру - бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды.
Мұғалімнің басты рөлі - тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттелетін, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. Осыған орай, нәтижеге бағытталған жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне ауысу білім беруді басқару жүйесіндегілерден мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда жаңаша көзқарасты, ал мұғалімдерден негізгі кәсіби құзырлылықтарын дамытуды талап етеді[31].
Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі - белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру. Ескі мазмұнды ығыстыра отырып,елімізде білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасуда. Әлемнің оқыту технологиялары жоғары дамыған елдерінің (Жапония, Германия, Голландия) тәжірибесіне назар аударсақ,түпкі мақсаты-баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру, яғни, бірінші орында баланың білім, білігі мен дағдысы емес,жеке тұлғаның білім алу арқылы дамуын қояды. Осы мақсатқа орай, бүгінгі педагогика ғылымында жаңа оқыту технологиялары: дидактикалық бірліктерді шоғырландыру, ізгілікті-тұлғалық бағдарламалар, дамыта оқыту, мәселелік, тірек сигналдары арқылы, деңгейлеп саралап оқыту, өздігінен ізденіп даму, оқытудың компьютерлік, модульдік технологияларды ғылыми тұрғыда дәлелдеп, баламен бірге жұмыс жүргізіп жүзеге асырушы-мұғалім.
Осындай барлық жағдай жасалып отырған білім ордасының ұстаздарына талабы таудай дарынды-жеке тұлғаны дамыту, яғни Ушинскийдің Бала-балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа құйып, қандай мүсін жасаймын десе де мұғалімнің қолында деген сөзі аталған міндетті жүзеге асыру жолында ұстазды үлкен асуларға жетелейді, жауапкершілігін арттырады. Біздің басты мақсатымыз - оқушылардың өз бетінше білім алатын шығармашылық деңгейін көтеру. Бұл мақсатты жүзеге асыруда әрбір мұғалім білім стандарты талабына сәйкес инновациялық негізде еңбек етуге тиісті.
Мектеп ұжымы сапалы білім үшін осындай іргелі мәселелерді талап дәрежесіне қойып, білім жүйесінде оқытуды биік сапалы дәрежеге көтеру үшін еңбек етуде.
Мектептің тәрбие жұмысы өмірдің барлық салаларындағы ұлттық және дүниежүзілік жетістіктерді қабылдап, дамытуға қабілетті, рухани және адамгершілік қасиеті бай тұлғаны қалыптастыру, оның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамытуына әсер етуді көздейді. Мектепішілік дәстүрлі тәрбиелік іс-шаралар, ұжымдық,шығармашылық істер - мектеп өмірінің ең қажетті бөлігі. Бұл іс-шаралар алдын-ала жоспарланып, сынып оқушыларының толық қатысуымен іске асады. Мектепте мектепішілік дәстүрдің маңызы ерекше орын алады. Мектепішілік дәстүрлі істерде әр оқушы және жалпы ұжымға ерекше маңызды болып табылатын белгілі құндылықтар бекітілген. Ұжымға қажетті кез-келген іс-шараны қиналмай, шын ықыласпен орындай білу - болашаққа қажетті үлкен өмірлік сабақ екендігін әрбір мұғалім оқушыларға түсіндіріп, бақылай отырып нәтижеге жетуге тырысады. Тәрбие жұмысында тәрбие салаларының түрлерін қамти отырып өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыруда оқушылардың қызығушылықтарына байланысты сұраныстары да ескеріледі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың көркемдік құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұны
Үйірме сабағында оқушылардың көркемдік құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұны
Көркем еңбек сабақтарында ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру
Ағылшын тілі сабағында жоғары сынып оқушыларының аудармашылық құзіреттілігін дамыту ерекшеліктері
Кәсіби құзыреттілік мәселесі
Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы педагогикалық мәселелері
Дағдыларды дамытуға арналған подкасттарды студенттерге оқыту, сөйлеу және тыңдату
Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың маңызы
Жаратылыстану және биология сабақтарында АКТ технологияларын қолдану
Дамыта оқыта отырып, оқушылардың құзыреттілігін дамыту
Пәндер