Құмкөл кен орнында қабат қысымын ұстап тұру мақсатында жиек ішілік су айдау әдісін қолдану


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Құмкөл кен орнында қабат қысымын ұстап тұру мақсатында жиек ішілік су айдау әдісін қолдану

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

I Геологиялық бөлім

1. 1 Кен орнының геологиялық құрылымының сипаттамасы

1. 2 Кен орнының жалпы мағлұматтары

1. 3Стратиграфия.

1. 4Тектоника

1. 5Мұнайгаздылығы

II Технологиялық бөлім

2. 1 Кен орынды игеру жүйесі. Игерудің ағымды жағдайын талдау

2. 2 Ұңғылар қорының құрылымын және олардың ағымдағы шығымын, игерудің технологиялық көрсеткіштерін талдау

2. 3Қабатты және ұңғыны гидродинамикалық зерттеу

2. 4Қабат қысымының жүйесі және қабаттардың қолданыстағы мұнай бергіштігін арттыру әдістері

III Экономикалық бөлім

3. 1 Кен орнын игерудің техника - экономикалық көрсеткіші

3. 2 Экономикалық тиімділік есебі

IV Еңбекті қорғау
4. 1 Өндірісте қауіпті және зиянды факторларды талдау.
4. 2 Қорғану шаралары.
4. 2. 1 Өндірістік санитария. 60
4. 2. 2 Өрт - жарылыс қауіпсіздігі 64

Қорытынды

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібі экономиканың жетекші саласы болып табылады. Сондықтан мұнай өндірісіне көңіл бөлу жылдан - жылға артып бара жатыр.

Мұнай және мұнай өнімдері біздің еліміз үшін негізгі экспорт көзі болғандықтан мұнайдың дүниежүзілік бағасы макроэкономикалық параметрлердің маңызды бірі болып табылады. Сыртқы рыногтағы жағдай қазақстандық мұнай компанияларының жағдайына да өз әсерін тигізеді. Мұнайдың дүниежүзілік бағасының дағдарысы тек қана мұнай өндірісіне ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның бүкіл экономикасына қауіп төндіреді. Себебі, көптеген ұңғымалар қор бөлігінің қайтарымсыз жоғалтуларымен тоқтатылады. Осыған байланысты бюджеттің кірісінің азаюы, жұмыс орындарының қысқартылуы, экономиканың барлық салаларында салықтардың көбеюі, т. б. жағдайлар туындайды.

Еліміздің территориясында 200 - ден астам мұнай және газ кен орындары бар. Соның ішінде ірі кен орындарының бірі, Қазақстан Республикасының Қарағанды облысында орналасқан Құмкөл кен орны ерекше орын алады. Құмкөл кен орны 1984 жылдың басында Қазақстан Республикасы Геология Министрлігінің Южказгеология ГӨБ-дегі Оңтүстік Қазақстан экспедициясымен ашылды. 1995 жылдан бастап кен орын екі жер қойнауын пайдаланушы ААҚ «ПетроКазахстан Құмкөл Ресорсиз» және ЖАҚ «Торғай-Петролеум» - мен игеріліп жатыр.

Осы дипломдық жобада кен орнының геологиялық зерттелгенi, мұнай газдылығы, игерудiң қазiргi жағдайының талдауы, жинау және дайындау жүйесінің жағдайының талдауы, игеріліп жатқан қабатты және ұңғының пайдалану жағдайы мен оның жабдықтарын бақылау, сонымен қатар мұнайды жинау, дайындау және тасымалдау кезіндегі жұмыстарына толық талдау келтірілген.

Ұсынылып отырған диплом жобасы Құмкөл кен орнындағы мұнай дайындау жүйесінің резервуарларын таңдау және есептеуі қарастырылған. Мұнай дайындау жүйесінің резервуарларын таңдау және есептеу кезінде қауіпті факторлар талданып, қауіпсіздік шаралары және тиімділігі талданған.

1 Геологиялық бөлім

  1. Кен орнының геологиялық құрылымының сипаттамасы.

Кен орнының жалпы мағлұматтары

Кен орын ауданы Қарағанды облысының Ұлытау ауданының оңтүстік-шығысында орналасқан. Кен орын жері негізінен Қызылорда облысына қысқа мерзімге пайдаланылуға берілген және Жезқазған қаласынан 280 км, Қызылордадан 180 км жерде орналасқан. (1. 1-сурет)

Оңтүстік Торғай ойпатының тиімділігі 1970 жылдың бас кезінде жоғарғы палеозой шөгінділерімен байланысты. Магнитті және геология түсірген масштабы 1:5 және 1:2 аналогиялық Қостанай седловинасы бойынша Шу-сары су депрессиясымен аймақтық сирек тораптық сейсмологиялық кескіннің жұмысын орындап болғаннан кейін, Арысқұм мен КМПВ және жыланшық ғылыми-геологиялык зерттеулер жұмыстары нәтижесінде Юра-Триас грабеньсинклиналы (68-70) және мезозой қимасында жатады. Юра шөгінділерінің қимасындағы 2-қ құрылымдық ұңғысында, сонымен қатар 2-қ Арысқұм көрсеткіш ұңғысында, ал неоген шөгінділеріндегі 15-к құрылымдық ұңғысында мұнайдың алғашқы белгілері кездесе бастады. Тұрландық ГФЭ "Казгеофизика" өндірістік геология бөлімі, аудан аймағындағы осы ұңғылардан 1983 жылы алдымен сейсмопрофильді іздестіру жұмыстары атқарылып, Кұмкөл ойпаңы болды. Осы жылы қосылған III-горизонт ойпаңында, І-іздестіру ұңғысында бұрғылау жұмысы басталып, осы процесстерден кейін, 4-П сынау кезінде ақпан айының басында 1984 жылы жоғарғы шөгінділерінен мұнайдың алғашқы атқылау ағысы болды. Ал одан әрі жұмысын тереңдете түскенде юра шөгінділерінен мұнай және газдың атқылауы болды. Іздеу барлама жүмыстарының нәтижесінде 1984-1985 жылдары Құмкөл кен орнын төменгі және жоғарғы және ортаңғы юра шөгінділерінде мұнай бар екендігі анықталды. Тұрландық геология-геофизикалық экспедициясы тексергенде, Солтүстік Құмкөл пайда болды.

Келешекті бұрғылау жұмыстары анықтады. Ал жалғасып жатқаны солтүстік синклиналь болып табылады. 1987 жылдың басында қайта өңдеу нәтижесінде сейсмологиялық материалдың қиындатылған бағдарламасы бойынша Қазақстан методикалық тәжірибе экспедициясы батыс және шығыс учаскелері құрылды.

Құмкөл кен орнымен қилысатын жері өнімді қабат болып табылады. Маңғышылақ мұнай бірлестігі 1987 жылы кен орнында пайдалану, бұрғылау жұмыстарын бірге атқарды.

Құмкөл экспедициясы 1988 жылдың қаңтар айынан бастап Құмкөл мұнай бірлестігінің МГД-5 қарамағына беріліп, өздігінен мекеме болып саналады.

1984 жылы "Оңтүстік Қазақстан геологияның" кен орны бөлімімен Құмкөл мұнай аймағы ашылды. Осы кен орнының ашылуымен оңтүстік Торғай ойпаты жаңа өнеркәсіп мұнай газ облысы ретінде қарастырыла бастады.

1. 1-сурет. Ауданның жалпы орналасуының шолу картасы

Кұмкөл кен орны әкімшілік жағынан Қазақстан Республикасының Қарағанды облысының (Жезқазған облысының) Ұлытау ауданына қарайды. Кен орын географиялық тұрғыдан оңтүстік Торғай үстіртінде орналасқан. Ең жақын түрғылықты кең шарлар Жалағаш (150 километр) темір жол станциясы Жусалы (210 километр), Қарсақпай (180 километр) Сәтпаев ауылы (250 километр) .

Облыс орталығы Қызылорда, Жезқазған қаласына және жалпы үлкен орталыққа дейінгі ара қашықтықтар шамамен 160 километр және 290 километрдей болады.

Құмкөл өндіріс ауданынан шығысқа қарай 230 километр ара қашықтыкта Омск - Павлодар - Шымкент мұнай құбыры өтеді.

Өндірістік ауданның тұрғылықты халқы (қазақтар) негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Экономикалық аудан әлі толығымен зерттелмеген.

Кен орнына тек қара жолдармен баруға болады. Жаз, күз айларында кез келген автоколікпен жүруге мүмкін болса, ал қыс айларында карлы боран, үргсн қардан өтуге қиынға соғады. Қыс, көктем айларында тек шынжырлы тракторлармен ғана етуге болады, себебі түскен қардың әсерінен жер жібіп, батпаққа айналадьг. Тура осындай жолдар Кұмкөл кен орнын Қызылорда мен Жезқазған арасындағы грейдерлік жолмен шектесе асфальтталған жол арқылы

Қызылорда, Жусалы кең шарларын қосатын жолмен шектеседі (160-210 километр) .

Солтүстік шығысқа қарай кен орнынан 20 километр қашықтықта Ленинск - Жусалы электр желігі өтеді. Кен орны 106-169 метр теңіз деңгейінде жоғары дала қыраттың үстінде орналасқан.

Оңтүстік, оңтүстік-батыс бағыттарда құмды массивтер орын алған. Соның ішінде ең үлкені - Арысқүм 10-15 метр биіктікте басқа қыраттардан ерекшеленіп көрінеді. Кен орнынан оңтүстікке қарай тартылып қалған сортаң Арыс көлі орналасқан, 15 километр батыс бетте үшкірленген биіктігі 70-90 метр болатын қырат бел тегіс бетті 200-250 метрлік рельефтен бөліп түрады. Кен орнынан солтүстікке қарай 150-200 метрлік биіктікте орналасқан дала, солтүстік-шығысқа қарай Ұлытау таулы аймағыменен үласады.

Абсолютті ең биік белгі 240, 1 метр ең төмен қазан шұңқыр 75, 1 метр. Биік қыраттардан қазан шүңқырға кеуіп кеткен кептеген өзен арналары бағытталады, соның ең үлкені (Ақлит және Теріскенеспе) солтүстік-шығысқа және оңтүстік-шығыс беттерден бағытталған қазан шұңқырдын ең теменгі бөліктері батпақты. Осы батпақтардан бұлақтар өз бастауларын алады және осы батпақтарда ауыз су құдықтары көптеп кездеседі.

Кен орнының құрамы және оған жақын жатқан территория аймақтар майда тасты сортаң сұрғылт қоңыр (почва) топырақты, құмды. Жер асты сулары 100 метр тереңдікте орналасқан. Кен ауданының климаты - континенталды тез ауысады. Жауын-шашын аз түседі. Жазда температура +30 +35 °С болса, қыста -40 °С дейін барады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 150 милиметрге дейін негізінен қысқы, көктемгі түскен ылғалдың есебінен ғана болады. Негізінен соғатын желдің бағыты оңтүстік-шығыс бағытында қыс мерзімінде үскірік аяз боранды болады. Су артериясы кен орнында жоқ. Жер беті жартылай шөлді жерге тән шөп бұталармен көмкерілген күзде, қыста, көктемде киікке толы болады. Тұрмыстық және техникалық су гидрогеологиялық ұңғыма су қондырғылярынан алынады. Су құрамы жоғары минералданған 0, 6-0, 9 г/дм . 50-70 метр тереқдіктен сенон-турон шөгінді жынысты қабаттарынан алынады.

Судың қүрамында фтордың көп болуына байланысты ауыз су стандартына сәйкес келмейді. 120 метр терендіктен су өз-өзінен ағады. Сейсмикалық жағынан аудан қауіпсіз.

1. 2 Стратиграфия

Құмкөл кен орнының шөгінді тілігі бойынша жасалған зерттеулер нәтижесінде ол мезозой-кайназой шөгінділерінің өте терең кепкен ерте протерозой негізгі бетінде орналасқан.

Төменгі протерозой РК1

18 ұңгыма қабаттың негізгі қалыптасқандығы анықталды.

2-ші ұнғыда қалындығы 245 метр болатын негіздің үстіңгі қабаты (120 метр шамасында) сұрғылт-жасыл сілім (массив) гидрослюдалы-каолинитті тақта тастардың біртіндеп кепкен гнейстерге ұласты, кварц-биотит плагиоклазды құрамға айналады.

3-ші үңғыда ерекше өзгерген метасоматиттер байқалып, олар аз интрузивті декер құрамында болғандығы болжамдалды.

Барлық негіздің тығыз орналасып, көптеген бытыраңқы аймақтармен бөлшектенген жазықтарда кварцты және қалыпты желілер қабаттасып кейбір жерлерінде темірге айналған.

Осы жыныстардың жоспары Ұлытау мен Қаратау қыраттарының жасына сәйкестелінген.

Мезозой - кайнозой топтары МZ-КZ

Арысқұм бөктерінде мезозой-кайназой шөгіндісі екі (структуралық) қүрамдық қабатына бөлінеді. Атап айтқанда жоғарғы триас-юралы және бор-палеогендік стратиграфиялық үйлесімсіздігінен шекараласқан.

Триас-Юра бөлім Т-J

Құмкөл кен орнының төменгі қабаты орта Юра жүйесінің бөлімдерінің шөгіндісімен басталады.

Арысқұм бөктерінде грабен-синклинальдарының төменгі тілігінде жоғарғы триас-төменгі юра шөгінділері де бар.

Кұмкөл аумағында жүргізілген іздеу жұмыстарының барысында аталған шөгінділердің стратиграфиясы игерілген. Жоғарғы триас бөлімі Т3, төменгі юра бөлімі J1 грабен-синклиналдарда бұл қабат төменгі құмбұлақ пен жоғарғы айболин тастопшаларынан тұрады.

1200 метрге дейінгі 1 қабатты бірінен соң бірі қабаттасып құмтастар мен (песчаник) гравелиттер, аргиллиттерден құралып кейбір жерлерінде конгломераттарға айналады. Айболин тастопшасы қара аргиллиттер мен сазды алевролиттерден тұрады. Олар органикалық заттармен, көмірге айналған өсімдік қалдықтарына бай.

Оның қалыңдығы 535 метрге дейінгі шамада.

Юра жүйесі J Орта бөлім J2

Орта юра сұр құмайтты алевролиттер мен қара сұр аргиллитгер Дощан қабат-қабат тастопша шөгіндісімен ерекшеленген.

Жаппа тастопша бөлігінде 12 метрден (скважина 12) 56 метрге дейін (скважина 6) қабаттасқан құмайт аргиллиттерден құралып, мұнай газ беретін (горизонт ю-4) қабат болып келеді. Тастопшаның төменгі құрылым қанаттарында 4-6 метр көмір қабаттары кездеседі (ұңғы 4, 5, 6) . Тастопшаның төменгі жаппа құрлымды бөлігі үшкірленіп ю-4 горизонты жыныс негізінде немесе жынысқабығына жатады.

Құрлымның оңтүстік-батыс бөлігінде. Дощан топшасы түгелімен үшкірленіп (ұңғы 17, 19), ал қанаттарында оның қалыңдығы 219 метрге дейін жетеді (ұңғы 5) .

Орта-жоғарғы бөлімдер J2-3

Юраның орта-жогаргы бөлімдеріндегі шөгінділер карагансай тастопшасына бірігіп (J2-3-КS) Дощан тастопшасына трансгрессивті орналасып, ал бұл тастопша жоқ жерлерде жыныс негіздерінде орналасады. Литологиялық жағынан өте күрделі. Қара аргиллиттермен аргиллиттерге ұқсас саз, гидрослюда-каолинитті кұрамды азғана сұр сазды алевролитті қабаттарынан текшеленген.

Оңтүстік-батыс құрылымдық бөліктерде (ұңғы 17, 19) тастопша жоқ, ал қанаттарында 45 метрге дейін жетеді. Тастопша өзінен өзін жинақтау Дощан тастопшасы үстегі доломиттер ретінде көрсетеді.

Грабен-синклинальдарда тастопшаның жогарғы бөлігі жанғыш сланецтерден түзілген. Тастопшаның қалындығы 257 метр. Көптеген дәнталас-тартыстар нәтижесінде тастопшаның жасы кейінгі баткелловей шаңтозандарына жатқызылған.

Жоғарғы бөлім J3

Жоғарғы юра қабаты карагансай тастопшасының аргиллитында орналасқан және Құмкөл, Қоскөл тастопшалары болып екіге бөлінеді.

Кен орнындағы Құмкөл тастопшасы (J3к) үш қабат горизонтальды өнімдік құмайттар, құмдар және алевролиттер сазды алевролиттер және сазды болып бөлінеді (Ю-1) (Ю-2) (Ю-3) .

Бүкіл аймақта горизонттар саз және сазды алевролиттер болып бөлінген.

Тастопшаның қалыңдығы құрамды шекте жаппа бөліктерде 37-38, ал қанаттарында және аймақтың солтүстік бөліктерінде 32 метрге дейін өзгереді.

Құмкөл тастопшасының қалындығы грабен синклинальдарында 300 метрге дейін артады.

Бор жүйесі-К

Кен орнының төменгі бөлігінің бор жүйесі профильді құрамды ұңғылау негізінде дауылды және қарашатау тастопшаларына бөлінеді.

Орта төмен бөлігі қызыл кен жоғарғы бөлігі балапан және турон-сенон бор жүйелеріне бөлінеді.

Төменгі бөлім К1

Неоком жоғарғы текшесі (К1пс)

Неоком текшесінің шөгіндісінде дауыл тастопшасы жекеленген. Осы тастопша кейбір келіспеушіліктің салдарынан төменгі және жоғарғы дауыл тастопшалық екіге бөлінеді. Төменгі дауыл тастопшалығы арысқұм горизонтына жатады жэне ол құмдар қоңыр сазды алевролиттер карбонаттық алевролиттер мен саздан тұрады.

Арыскұм горизонтының қалындығының шектік өзгерісі 87 ден 123 метрге дейін жетеді.

Арысқұм жазық горизонтты литологиялық құрамы жағынан Құмкөл кұрылымында үш буда текшеге бөлінеді: төменгі мен жоғарғы құмды алевролитті және ортаңғы-сазды. Жоғарғы құмды және төменгінің жаппа бөлігі өнімі мол (горизонттар М-1 жөне М-2) . Жоғарғы бөліктің төменгі дауыл тастопшалығы сазды және карбонатты (карбонаттар мөлшері 30%) алевролиттер мен қалыңдығы 113-163 метр болатын саздан тұрады.

Жоғарғы дауыл тастопшалыгы тіліктің төменгі және орталық беліктерінде қабатталған құм мен қызыл түсті жынысты сазды текшелерден тұрса, ал үстіңгі жағы негізінен сазды.

Тастопшаның қалыңдығы 153-тен 241 метрге жетеді.

Дауыл тастопшасының негізінде табылған тұщы су жиынтық-тарының мөлшеріне қарай оның готерив-баррем шөгінділерінен түратындығы анықталып неоком дәуір аралығына жататыны дәлелденді.

Апт-альб ярустары (К1 а-К1 а1)

Апт-альб шөгіндісі шайынды арқылы дауыл тастопшасының үстіне орналасып, қарашатау тастопшасымен бірігеді. Тастопша төменгі жағында қатты бекілмеген гравелиттер қабаттарымен ауысып отыратын құм қабаттарымен жоғарғы жағында саздан тұрады. Барлық жыныс көмірге айналған өсімдіктер қалдығымен өте бай. Тастопша қалыңдығы 253-350 метр.

Спорово-пыльца талдауының берілгендері бойынша тастопша апт-орта-альб дәуір аралығына жатады.

Төменгі-жоғарғы бөлімдер К1-2

Альб-сеноман ярустары (К1 а1+s)

Альб-сеноман шөгіндісі қарашатау тастопшасының үстінде орналасып, қызылқия тастопшасынан ерекшеленіп тұрады. Ол ала шұбар саздар алевролиттер мен сазды құм қабаттарымен құмайттардан түзілген. Тастопшаның қалындыгы 87-186 метр.

Тастопшаның жасы соңғы альб-сеноман дәуір арасына жатады. Ол тозаң-тұқымдар негізінде анықталған.

Жоғарғы бөлім К2

Турон ярусы К2t

Турон шөгіндісі балапан тастопшасынан бөлінген шөгінді трансгрессивті қызылқия тастопшасының үстінде түзіліп, жасыл-сұр құм мен жұқа сазды қабатшалардан тұрады.

Глауконит дәндерімен көмірге айналған өсімдіктер қалдықтары да кездеседі. Тастопша қабаты 82-150 метр аралығында. Жан-жақты тозаң-тұқымдарды зерттеу нәтижесінде тастопша жасы төменгі туранға жатады.

Жоғарғы турон, төменгі сенон (К2t-sn1)

Бұл қабат шөгінділері шайылған жыныстар мен балапан тастопшасымен шекараласады. Литологиялық бұл қабат ала-шұбар түсті құм мен сазды балшықтан тұрады, қабат қалыңдығы 123-136 метр. Қабат жасы жан-жақты түқымды, тозандар негізінде анықталған.

Жоғарғы сенон (К2sn2)

Жоғарғы сенон қабаты (қүрылым жағынан) барлық ұнғыларда шайылып кетуіне байланысты байқалмайды. Қабат сұр сазды балшық пен ақ құм қабаттарына әктас қабатшасы қатарласып шегіп отырады. Ең жоғарғы шөгінді қалыңдығы 43 метрге жетеді.

Қабат жасы теңіз қалдықтары (фауна) микроқалдықтар (микрофауна) және тұқым шаң тозаңдары жан-жақты зерттеу нәтижелерімен анықталып кампанмастрихті кезеңге жатқызылған.

Кайнозой тобы-Кz

Палеоген жүйесі-Р

Палеоцен-төменгі эоцен Р1-Р2

Палеоцен-төменгі эоцен шөгіндісі әртүрлі горизонтта шайылған күйде жоғарғы бор үстінде орналасқан.

Олар көмірленген өсімдіктер дәнекер қалдықтарымен бай қара сұр саз балшықтар мен кварц-глауконитті құмдардан түрады. Ең үлкен қалыңдығы 66 метрге жетеді.

Неоген - төрттік жүйелері N-Q

Арысқұм ойпатының батқан бөліктерінде жастау плиоцен -төрттік шөгінділер дамыған. Құмкөл құрлымдық шегіне шартты түрде жазықтықты басып жатқан кұмдар, саздықтар мен құмтастар да енгізілген. Олардың қалындығы 10 метрден аспайды.

1. 1. 3 Тектоника

Оңтүстік Торғай ойпаты Туран плитасының солтүстік шығысында орналасқан. Ойпат бор палеогенінің табан бойындағы кенішінің шөгінділері теріс құрылым күйінде көрсетіліп, антиклинорий арасына тіркелген және оның оңтүстік жалғасы шығыста, төменде Сырдария қосылған. Өз ретімен Оңтүстік Торғай ойпаты екі иілімге бөлінеді. Арысқұм, Майбұлақ седловинасына бөлінген. Құмкөл антиклинальды құрылымы Арысқүм иілімінің шегіне орналасқан. Бұндағы бор-палеоген кешенінің қалындығы 1500-1700 м-ге жетеді. Бұндағы триас-юра шөгіндісі өздігінен құрылымдық қабат құрып, ерекше маңызды болып, ең үлкен қалындықтың таралуы және толық стратиграфиалық диапазоны жіңішке сызықтық грабеньсинклиналы негізінде геофизикалық мәліметтер бойынша Арысқұм иілімінің шегінде субмеридиональды грабеньсинклиналь бағытында тартылғаны анықталды. Бұрғылау жұмыстары нәтижесінде және оларды бөліп тұратын үш горст антиклиналь текшесі. Тектоникалық бұзылулар нәтижесінде фундамент блоктарға бөлінеді. Солтүстік батыс және солтүстік шығысында созылып жатыр. Фундаменттің созылу нәтижесінде бірқатар горст және грабеньге бөлінеді. Шығыс бөлімінің құрылымында горст ойпаты айрықша бөлініп, оның көлемі 2. 5-3. 5 км және ұзындығы 24 км болғанда амплитудасы 320 м-ге дейін барады. Фундаменттің бас жағының жатқан терендігі 1200-1600 м құрайды. Юра шөгіндісінде оның екі құрылым беті көрінеді. Оның бірі Құмкөл горизонтының жоғарғы юра ойпаң ернеуінің құрылуына шағылады. Екінші құмтас шөгіндісі ернеуінің ойпаңын сипаттайды. Осы бет жағының біріншісі Ю-І өнімді горизонтының ернеуімен байланысты, осы индекісте горизонттың шағылуы бар.

Екінші беткі жағына ІV-шағылысу горизонтына байланысты, келесі ретпен ІV-горизонтының жамылғысына дәл келеді. Құмкөл ІV - шағылысу горизонт жамылғысы бойынша, өзін геосинклинал қыртысы бойынша көрсетеді. Қыртыс өлшемі изогипс бойында 1150 м құрайды, ең үлкен амплитуда кезіңде - 160 м.

Батыс жағында бұл жыныстың құлауы 1Ә30, шығысында 2Ә30 құрайды. Қыртыс тектоникалық бұзылулармен (Ғ І ; Ғ 2 ; Ғ 3 ; ) қиындатылған: Көпке созылған Ғ 2 амплитудасының күрт түсуі шығыстан 80-100 м құрап, қыртысты қамтиды. Солтүстік жағында бұл бұзылыс Ғ бұзылысымен түйісіп, әрі қарай сөнеді. Оңтүстік батыс бөлігі құрылымындағы 12, 17, 19 ұңғымаларының аудан аймақтарындағы ұңғылардан өзгешеліктері орта юра шөгінділерінің жоқтығы және фундаменті жоғарғы юра жыныстарымен жабылған. Уақытша қиындатылып, өңделіп жасалған қимасында ортаңғы юра шөгіндісінің қалындығы фундамент бетіне көтерілу кезінде төменгі бөліктің қимасына қиылысу есебінен анық көрінеді. Бұл ұңғыма қимасындағы коореляция куәландырады. Аудандағы ұңғымаларды аз ғана изотермиялық 1*1, 5 км, амплитудасы 25 км өлшемі бөліп тұр. Батыстан шығыс жағынан тектоникалық бұзылыстармен шектеледі. Орта юраның шөгіндісі алаңның шегіне карап, 0-ден 200 м-ге өзгереді. Құмкөл свитасының қалындығы алаң бойынша тербелісі 55-72 м шамасында, ал фундаменті көтеріңкі ойпаң учаскесінде 34-48 м-ге дейін азаяды. Құмкөл өзін сызықтық ассиметриялық антиклиналь қыртыста көрсетіп, оңтүстіке қарай ығысқан. Ойпаң өлшемі 17*4 км құрайды, 57 м амплитуда кезінде тұйықталған изогипс бойында 1000 м.

Әртүрлі ойпаң беттеріндегі жоспар бойынша орындарына қойсақ, Арысқұм горизонтының ені азаяды да, оның конфигурациясы өзгереді.

Орталық шығыс Ю-І горизонты ойпаң бөлігіне қарап ығысқан.

1. 1. 4 Мұнайгаздылығы

Арысқұм ойпатын бұрғылау нәтижесінде 1983 жылы 2-ші құрылымдық ұңғысынан мұнайлылығы жөнінен бірінші хабар алынды. Бұл 13541 сейсмопрофильді аймағында орналасқан. Юра шөгінділерінен алынған керндердең күшті жанармай иісі мен мұнай белгілері жақсы байқалды жане алынған керндердің беттерінде ала дақтар болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құмкөл кен орыны туралы жалпы мағұлматтар
Жойылған ұңғылар қоры
Құмкөл кен орнының игеру тарихы
Кеніш қалындығының деңгейі 132 метр
Мұнай кен орындарының физикалық-химиялық әдістері
Кұмкөл кен орнының ағымдағы жағдайын талдау
Құмкөл кен орнының геологиялық зерттелуі
Шығыс мұнайының биіктігі
Құмкөл кен орнында өз мәнінде игеру мен пайдалану
Блокты автоматтандырылған демульсаторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz