Сүйіспеншілік беделі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

I Тарау. А. С. Макаренконың педагогикалық көзқарасының ерекшелігі.

1. 1Ұстаздық дастан поэмасына шолу. Ұжым туралы теориясы.

1. 2Ата-ана беделі туралы пікірі.

II Тарау. А. С. Макаренко қайта тәрбиелеу идеясы

2. 1Тұлғаның өзіндік тəрбиесі мен қайта тəрбиесі

2. 2. «Қиын» баланы қайта тәрбиелеу жолдары

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі : Қайта тәрбиелеу - қиын да ұзақ процесс. Ол ұстаздар тарапынан педагогикалық аса шеберлікті қажет етеді. Шеберлік - ұстаздың педагогтік жұмысының жоғары сатысы. Қайта тәрбиелеудің мәні баланың мінез-құлқында бұрыннан қалыптасқан жағымсыз, зиянды дағдылар мен әдеттерді түзету, кемшіліктерді жоюды көздейді. Қайта тәрбиелеу мақсаты келеңсіз қасиеттерді жойып, ұнамдық саналарды дамытуға бағытталған тәрбие түрі.

Бұл үдеріс жеңіл емес, көп күш-қуат пен шыдамдылықты қажет ететін ұзақты үдеріс. Тәрбиелегеннен гөрі қайта тәрбиеге салу анағұрлым күрделі, себебі бұл белгілі бір уақыт аралығында орныққан көзқарас, әдеттерді, мінез бітістерін бұзып, бұрынғыларынан өзгеше, тәрбиеленушілердің дағдыланбаған жаңа әдет-қылық жүйелерінің тіктелуіне байланысты. Егер ұнамсыз мінез бітістері тұрақтанған сипат алған болса, қайта тәрбиелеу әбден қиын соғады. Сондықтан, «кейін қайта өңдеп жатпайтындай етіп тәрбиелеу қажет» (А. С. Макаренко) .

Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеуді, қайта тәрбиелеумен ұштастыру. Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді.

Философия ғылымында «заңдылық» деген ұғымды құбылыстар мен процестер арасында дамуды сипаттайтын мәнді байланыс деп түсіндіреді.

Тәрбие процесінің негізіне тұлғаның табиғатын, әлеуметтік мәнін, қоғамдық өмірдің объективтік қажеттілігін білдіретін заңдылықтар жатады.

Тәрбиенің негізгі заңдылықтары:

1. Тәрбиенің іс-әрекет процесінде іске асу заңдылығы.

2. Тәрбиенің тұлғаның қоғамман, басқа адамдармен қарым-қатынасына тәуелді болу заңдылығы.

3. Тәрбие мен өмірдің байланысты болу заңдылығы.

4. Жеке тұлғаны тәрбиелеу педагогикалық іс-әрекеттің қатар жүру заңдылығына сай іске асырылады.

5. Тәрбие мазмұны тәрбиеленушінің өмір сүріп отырған тарихи кезеңіне тәуелді болады.

6. Тәрбиенің мазмұны, әдістері, формасы жас, жыныс және дара ерекшеліктеріне сай жүргізілуі

7. Тәрбие тәрбиеленушінің тәрбиешіге қарым-қатынас тәуелді.

8. тәрьбие тәрбиешінің кәсіби біліктілігіне тәуелді.

9. Тәрбиенің нәтижелілігі оған қатысушылардың іс-әрекеттерін келісіп іске асыруы.

Принцип деген ұғым латын тілінде «бастапқы», «негізгі » деген түсінікті білдіріп, белгілі бір әрекет барысында басшылық ету идеясын көздейді.

Олай болса, тәрбие принциптері деп - тәрбие процесінде оның мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдері мен формаларын жүзеге асыруда тәрбиешілердің қолданатын басты тәрбие идеяларының жиынтығын айтамыз.

Тәрбие принциптері дегеніміз - тәрбие процесін жүзеге асыру барысында ұстануға тиісті талаптар. Олар:

- тәрбиенің өмірмен, қоғаммен байланыстылығы;

- тәрбиенің міндеттілігі тәрбиеде іске асырылуы тиіс:

- кешенділік;

- барлық принциптердің тепе-теңдігі;

- ізгілік принциптері;

- жағымды қасиетке сүйену;

- тұлға дамуына бағытталу принципі.

Өмір жолы мен еңбектері

Аса көрнекті кеңес педагогі А. С. Макаренко Белополье қаласы, бұрынғы Харьков губерниясы темір жол шеберханасының майлау цехының шебері жанұясында дүниеге келді.

Кременчук қаласындағы қалалық училищені және педагогикалық курсты бітіргеннен кейін, ол1905ж. Крюковадағы екі сыныптық теміржол училищесінде халық мұғалімі болып еңбек жолын бастады.

1905-1907 революция жолдары Макаренконың көзқарасы қалыптаса бастады. Өзінің еңбектерінің бірінде оның тарихты түсінуі большевиктік насихат пен революциялық қағидалардың жолымен жүргнедігін есіне алады. А. С. Макаренко жұмыс істеген мектепте жұмысшылардың балалары оқыды, ол революциялық пролетарлық ортамен тығыз байланыста болды.

А. С. Макаренкоға А. М. Горкийдің шығармалары ерекше әсер етті. А. С. Макаренко өзінің естеліктерінде: "Максим Горький мен үшін жазушы ғана емес, өмірлі ұстазым болды”, - деп жазды.

1914 жылдан 1917 жылға дейін Макаренко оқытушылар институтында оқып, оны алтын медальмен бітіріп шығады.

1920жылы Полтава губерниялық халық ағарту бөлімі Макаренкоға Полтаваның жанында жасы камелетке толмаған заң бұзушы балалар үшін колония ұйымдастыруды және оны басқаруды тапсырды. Жұмысты өте қиын жағдайда бастауға тура келді. Жаңа ашылған мекемеге жартылай қираған бұрынғы жасы толмаған қылмыскерлердің колониясының ғимраты берілген болатын-ды.

Олармен 8 жыл жұмыс істеді. Макаренко осындай жастардан өз отанына шын берілген, тәртіпті, еңбек сүйгіш және жұмыс істей білетін нағыз азаматтарды тәрбиелей білді.

Бұл жылдар қиын да, ауыр еңбек пен күрестің жаңа, қазіргі адамды тәрбиелеудің кеңестік әдістері үшін ол Макаренкоға тек ғана тәжірибеде ғана емес, сонымен қатар педагогикалық теорияда да тамаша жеңіс әперген жылдар болды.

1925 жылдан бастап, колония өзінің идеялық жетекшісі А. М. Горькиймен біржүйелі байланыс жасай білді. Ол колония туралы Италиядан былай деп жазды: "Бұл шынында қайта тәрбиелеудің жүйесі және осындай ол бола алады және әр уақытта болуға тиісті және қазіргі күндері ерекше”.

А. С. Макаренко 3-4 жылдың ішінде үлгілі тәрбие мекемесін А. М. Горький атындағы еңбек колониясын ұйымдастыра білді. А. М. Горький 1928 жылы колонияға қатысып, ол туралы: "Сіз ұлы істерді бастадыңыз, өз жемісін беруге тиісті. Сіз тамаша адамсыз, Ресей Сіз сияқты адамдарға зәру”, -деп жазды.

А. С. Макаренко оның педагогикалық қызметін сол кезде халық ағарту комиссариатында жұмыс істейтін педагог-бюрократтар мен педалогтардың тарапынан қарсылықты кездестірді. Ол 1928 жылы Горький атындағы колонияны тастауға мәжбүр болды. Одан кейін бірнеше жыл бойы ол бар күш-жігерін Дзержинский атындағы еңбек коммунасын басқаруға арнады, онда ол тәрбие әдістерін жетілдіре түсуді одан әрі жалғастырды.

Дзержинский атындағы коммунада еңбек тәрбиесінің жаңа әдістері қолданылды. Ал Джержинский атындағы комунада фотоаппараттардың фабрика-зауыт өндірісі (ФЭД маркасы) және электросверл өндірісі жұмыс істеді. Бұл өндірістің екеуі де елімізде алғаш рет іске асты. Үлкен экономии калықмәнімен қатар, өндірістің бұл түрлері педагогикалық тұрғыдан өте қажет болды. Коммунаның тәрбиеленушілері өндірісте күніне 4 сағаттан жұмыс істеді, коммунада жұмыс істейтін орта мектепте оқыды.

1935 жылы А. С. Макаренко коммунадағы жұмысын тастап, Украинаның еңбек колониялары оқу-тәрбие жұмысының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол адам кейін Москваға келіп, А. М. Горькийдің кеңесімен әдеби қызметпен, А. М. Горький атындағы колонияның және Джержинский атындағы коммунаның қызметін педагогикалық жинақтаумен айналысты.

1933-35 жылдарда "Педагогикалық дастан” жарық көрді, 1937 ж. жанұя тәрбиесінің мәселелерін ашып көрсететін "Ата-аналар кітабы” жарияланды (І том) . Автордың алғашқы ойы жанұя тәрбиесі туралы 4 томдық кітап жазу жоспарланған болатынды.

1938 ж. ең ірі "Мұнара үстінде тулар” атты көркем-педагогикалық шығармасы жарық көрді. А. С. Макаренконың"Ата-аналар кітабы” және "Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар” атты еңбектері жанұя тәрбиесінің өзекті мәселелерін зерттеуге арналды. А. С. Макаренконың балаларды тәрбиелеудегі сіңірген еңбегін жоғары бағалай келіп, оны Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттады. 1939 жылы 1 сәуірде аса дарынды педагог, педагогика ғылымының көрнекті қайраткері, педагог А. С. Макаренко кенеттен дүние салды. Ол өзінен кейінгі ұрпаққа өшпейтін бай педагогикалық мұра қалдырды, оған дәлел: оның әртүрлі педагогикалық еңбектері мен жүргізген педагогикалық экперименттері.
Курстық жұмыстың мақсат міндеттері:

А. С. Макаренко қайта тәрбиелеу идеясымен таныстыру және тұлғаның өзіндік тəрбиесі мен қайта тəрбиесі

«Қиын» баланы қайта тәрбиелеу жолдарын анықтау

Жұмыстың объектісі: Мектеп тәрбие үрдісі.

I Тарау. А. С. Макаренконың педагогикалық көзқарасының ерекшелігі

Аса көрнекті кеңес педагогикасының көрнекті өкілі жаңашыл-педагог, тамаша жазушы А. С. Макаренконың педагогикалық мұрасының мәні бүгін де өзекті, бүгін де өміршең екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Несімен ерекше көптеген адамдар мен біздің шетелдегі достарымыздың жүрегін А. С. Макаренко баурап алды?

Макаренконың педагогикалық жүйесі ғылыми және революциялық мазмұнымен толыққан. Оның жүйесінде көптеген педагогикалық мәселелер жаңаша ашып көрсетілді: бірыңғай балалар ұжымы - тәрбие субъектісі, тәртіп - адамгершілік категориясы, жазалау - адамды құрметтеудің ерекше көрінісі, қаталдық - ең үлкен, ізгілік және т. б.

Жаңашыл - педагог, көркем сөздің шебері Макаренко жаңа адамдық қатынастардың сұлулығын, талап қою мен қатаң тәртіптің сұлулығын, ұжымның ұлы қуатын түсіне білуге көмектеседі. Сондықтанда А. С. Макаренконың жүйесінің байлығы өміршеңдігі және сарқылмайтындығы, сондықтан да ол өзекті болып табылады.

"Біздің өміріміз жаппай жаңалық - деп жазды Антон Семенович, - Бұл өмірдің балаға да: бірлік, құрылыс, күрес, жеңістер, - барлығы жаңаша бай, жаңаша көңілді және жаңаша қиын” "(Шығ., 4т., 1957, 482-бет)

Макаренконың педагогикалық жүйесі қазіргі мектептеріміз бен арнаулы мектеп-интернаттарында, балалар үйлерінде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда кеңінен қолданылады.

Кезінде А. М. Горький 1933 жылы хатында А. С. Макаренконың ұжым туралы іліміне жоғары баға берген болатын-ды:

"Маңызы орасан зор және мейлінше ойдағыдай болып шыққан Сіздің педагогикалық эксперименттеріңіздің, меніңше, дүниежүзілік маңызы бар”. Кеңестік педагогиканың көрнекті өкілі А. С. Макаренко ұжым теориясын талдады. Оның қаламынан көптеген педагогикалық және көркем шығармалар туған болатын-ды, онда ұжымдық тәрбиенің әдістемесі жан-жақты талданылды.

1. 1 Ұстаздық дастан поэмасына шолу. Ұжым туралы теориясы

Совет үкіметінің жазушысы А. С. Макаренконің аса танымал және өте маңызды шығармасы «Ұстаздық дастан» поэмасы 1933-1935 жылдарда жарық көреді . 20жылдары балалар еңбектің отарындағы кәмелетке толмаған жасөспірімдерді қайта тәрбиелеу жөнінідегі кітапты жазып шығарды

Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу - Макаренконың жүйесінде ең негізгі орталық идея, оның бүкіл педагогикалық қызметі мен барлық педагогикалық қағидаларының өзекті мәселесі болып табылады.

"Біздің тәрбиенің міндеті ұжымшылдықты тәрбиелеу болып табылады”, -деп жазды А. С. Макаренко өзінің"Менің педагогикалық тәжірибемнің кейбір қорытындылары” атты мақаласында.

Макаренконың айтуынша, ұжым дегеніміз адамдардың жай ғана жиынтығы, немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге ұмтылушылардың тобы.

Макаренконың түсіндіруінше, әрбір жеке тұлғаға әсер ету үшін ұжымға әсер ете отырып, оның әрбір мүшесі болып табылатын жеке тұлғаға әсер етуге болады. Бұл қағиданы "параллельді әсер ету қағидалары” деп атады. Бұл қағида ұжымның талаптары іске асады. "Параллельді әсер ету қағидасы”, бірақ дара әсер ету қағидасын қолдануды, педагогтың жекеленген тәрбиеленушіге тікелей, жанама әсер етуді жоққа шығармайды.

Ұжымның негізгі заңдарының бірі "ұжымның қозғалыс заңы” деп атады Макаренко. Егер ұжым алдына қойған мақсатты орындаса, бірақ ол болашаққа жаңа мақсаттар қоймайтын болса, онда ұжым мүшелерін жігерлендіретін ұмтылыс болмайды, қол жеткен табыстарға тоқмейілсу басталады, ондай ұжымның болашағы болмайды. Ондай жағдайда ұжымның дамуы тоқталады. Ұжым әруақытта да қызу өмір сүруі, белгілі мақсатқа ұмтылып отыруы қажет.

Осыған сәйкес Макаренко алғаш рет "Болашақ жолдар жүйесі” қағидасы педагогикаға ұсынып, жан-жақты талданды.

"Алдында ешқандай қуанышы болмаса, адам жарық дүниеде тіршілік етіп жүре алмайды. Адам өмірінің ең жақсы аты-шулы қозғаушысы, ертеңгі қуаныш”, -деп жазды Макаренко.

Балалар ұжымының дамуы, Макаренко бойынша, әр уақытта да жүріп отыруға тиісті, дамуды педагогикалық ұжым бағыттап отырады, ал оның алға қозғалысының өте тиімді жолдарын шығармашылықпен іздестіреді.

Ұжымның өмір сүруінің ең негізгі заңын Макаренко ұжымның қозғалысы, өсуі және дамуы деп атады. Оның пікірінше, онсыз біздің қоғамның өміршең бөлігі ретінде ұжымды елестету мүмкін емес. Горький атындағы колония мен Дзержинский атындағы коммунадағы өзінің педагогикалық тәжірибесінде осы ережені қатаң сақтады, колонистер мен коммунарлардың ұмтылысын және ешуақытта тоқтап қалуға болмайтынын, әруақытта алға жүріп отыру ептілігін орынды тәрбиелеу, алға мақсат қоя білу қабілеттілігі және сол орындай білу. Макаренко балалар ұжымы өмірінде берік ұйымдасқан активке ерекше мән берді, оны педагогтың ең жақын тірегі деп қарады. Ол колония тәрбиеленушілердің ішінен актив ядросының бөлінуіне қуанды, оның толығуына қуанды, оны тәрбиелеу туралы қамқорлық жасады.

Колонистер өздерін тең құқылы колонияның иегерлері ретінде сезінді. Олар колониядағы дербестіктен және белсенділіктен қуаныш сезіміне бөленді, екінші жағынан, тапсырылған іске деген міндеттілік және жауапкершілік сезімін кешірді. Балалар ұжымын құруды, оны тәрбиелеуде Макаренко жетекші рольді педагогтар ұжымына арнады. Педагогтар ұжымынсыз ол балалар ұжымын тәрбиелеу және әрбір жекеленген баладан ұжымшылдықты тәрбиелеу мүмкін емес деп есептеді.

Макаренконың педагогикалық жүйесінде тәрбиенің қажеті факторы еңбек болып табылады. Тәрбие жұмысында еңбек негізгі элементтердің бірі болуы қажет. Макаренконың басқарған мекемелерніде тәрбиеленушілердің еңбек іс-әрекеті үлкен орын алды, ол әруақытта да дамып және жетілдіріп отырылды.

Горький атындағы колонияда ауылшаруашылығы еңбегінің ең қрапайым түрлерінен бастап, негізінен өз ұжымының негізгі қажеттілігі үшін Макаренко одан кейін тәрбиеленушілердің өкілді еңбегін ұйымдастыруға көшті. Өзінің жоғары түрін бұл еңбек іс-әрекеті Дзержинский атындағы коммунада қол жеткізді, онда тәрбиеленушілер орта мектепте оқыды және жоғары мамандықты еңбекті талап ететін күрделі техникамен өндірісте жұмыс істеді. Макаренко еңбек тәрбиесі туралы мәселелер бойынша құнды ұсыныстар береді. Балалардың еңбек әрекеті үрдісінде жұмысты бағдарлау, жоспарлау ептілігін дамыту, уақытқа, өндіріс құралдарына, материалдарға ұқыпты қарау, жұмыстың жоғары сапасына қол жеткізу. Коммуна жағдайында оқытуды өнімді еңбекпен ұштастырудың нәтижелі тәжірибесін А. С. Макаренко жалпы білім беретін мектептерде қолдануды қиялдады.

Ұжым болу үшін топ сапалы өзгерістердің әртүрлі жолдарынан өтуі қажет. Бұл жолды А. С. Макаренко бірнеше кезеңдерге бөледі.

Бірінші кезең - ұжымның қалыптасуы (алғашқы ұйымдасудың сатысы) . Бұл кезеңде ұжым ең алдымен педагогтың тәрбиелік ықпалдарының мақсаты ретінде қызмет атқарады, ұйымдасқан топты ұжымға айналдыру, демек, әлеуметтік-психологиялық қоғамдастық, онда оқушылардың қарым-қатынасы олардың бірлескен қызметінің мазмұнымен, оның мақсаттарымен, міндеттерімен, құндылықтарымен анықталады.

Ұжымды ұйымдастырушы - педагог, одан барлық талаптар тарайды. Бірінші саты сол уақытта аяқталған деп есептеледі, егер ұжымда актив қалыптасып, жұмыс істесе, тәрбиеленушілер жалпы мақсаттың, жалпы іс-әрекеттің және жалпы ұйымдастырудың негізінде топтасқан.

Екінші кезеңде активтің ықпалы күшейеді. Актив педагогтың талаптарын тек ғана қолдап қоймайды, сонымен қатар өзі ұжым мүшелеріне талап қояды. Екінші кезеңге тән ерекшелік ұжымның құрылымының тұрақтауы. Ұжым бұл кезеңде тұтас жүйе ретінде жұмыс жасайды, онда өзін-өзі ұйымдастырудың және өзін-өзі реттеудің механизмдері әрекет ете бастайды. Ұжым өз мүшелерінен белгілі мінез-құлық нормаларын талап етуге қабілетті, соған байланысты талаптарының көлемі бірте-бірте ұлғаяды. Сонымен, ұжымның дамуының екінші кезеңінде жеке тұлғаның белгілі сапаларын мақсатты тәрбиелеудің құралы ретінде жұмыс істеді.

Бұл кезеңде педагогтың негізгі мақсаты ұжымның мүмкіншіліктерін ұжымның алдындағы міндеттерді шешу үшін барынша пайдалану. Практикалық тұрғыдан ұжым тәрбие субъектісі ретінде өз дамуының белгілі деңгейіне жетеді.

Бұл кезеңде ұжымның дамуы қарама қайшылықтарды жеңумен байланысты:

ұжым мен жеке оқушылардың арасында;

ұжымның алдағы талаптарының дамуы;

жалпы және дара перспективалардың ара-қатынасы;

Сондықтан да ұжымның дамуында серпіліс, тоқтау, кері кету болуы мүмкін.

Үшінші және одан кейінгі кезеңдер ұжымның көркерімен, шарықтауымен сипатталады. Бұл кезеңдерде одан бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда айрықша сапаларымен ерекшеленеді. Бұл кезеңнің даму деңгейін көрсету үшін ұжым мүшелерінің бір-біріне қойылатын талаптарының деңгейі мен сипатын көрсетсек те жеткілікті. Егер ұжым дамудың осы сатысына жеткен болса, онда ол тұтас адамгершілік тұлғаны қалыптастырады.

Сондықтан да кейбір педагогтар төртінші және одан кейінгі кезеңдерді қарастырады. Бұл кезеңде әрбір мектеп оқушысы өзіне-өзі белгілі талаптарды қоя алады, адамгершілік нормаларды орындау оның қажеттілігі болып табылады, тәрбие үрдісі өзін-өзі тәрбиелеу үрдісіне ауысады.

"Біздің тәрбиенің міндеті ұжымшылдықты тәрбиелеу болып табылады”, -деп жазған кім?

Бұны А. С. Макаренко жазған және оны «Менің педагогикалық тәжірибемнің кейбір қорытындылары» атты мақаласында жазады

Балалар ұжымының дамуы, Макаренко айтуы бойынша . . .

әр уақытта да жүріп отыруға тиісті, дамуды педагогикалық ұжым бағыттап отырады, ал оның алға қозғалысының өте тиімді жолдарын шығармашылықпен іздестіреді деп айтқан болатынды.

1. 2 Ата-ана беделі туралы пікірі

А. С. Макаренко бала тәрбиесінде үлкен орны бар отбасындағы ата-аналардың жалған беделінің көптеген түрі бар екендігін айтып өткен. Біз бұл жерде жалған бедел түрлерінің он шақтысын қарастырамыз. Жалған бедел түрлерін терең қарастырып, оны түсіну нақты беделдің қандай болу керек екендігін тезірек түсінуге көмек берер деп үміттенеміз.

Басым болу беделі. Ең зиянды болмаса да ең қауіпті түрлерінің

бірі. Аталып отырған бедел түрінен көбінесе әкелер жапа шегенді. Егер үйде жүргенде үнемі қақылдап жүрсе, әрқашан ашушаң болса, әр-ұсақ түйек үшін жау жапқандай төбе шашы тік тұрса, керек-керек еместігіне қарамай қолына таяқ немесебелдік алса, баланың әр сұрағына дөрекі жауап беріп отырса, бала кінәлі болған сайын оны жазалап отырса, нағыз басым болу беделі дегеніміз осы болады.

Өзін қашықта ұстау беделі. Кейбір әкелер, сонымен қатар аналар балаларын тыңдату үшін өздерінбалаларынан алысырақ ұстап, олармен азырақ сөйлескен, яғни балалармен өз қарым қатынастарын бастықтар мен бастық қарамағындағы бағынышты адамдар сияқты қалыптастырған дұрыс деп есептейді, кейбіреулері тіпті сондай қарым-қатынасқа кәміл сенеді.

Мемендік беделі. Өзін-өзі қашықтықта ұстау беделінің осы түрін ең зиянды деп есептеуге болады. Кейбір адамдар өз еңбектерін басқалардан жоғары деп есептеп, өздерін еңбегі ерен сіңген адамдар қатарына жатқызып, маңыздылығын басқан қадам сайын жұртқа әсіресе балаларына көрсетіп отыруға тырысады. Үйіне келгенде олар одан сайын кеудесін көтере түседі. Екі сөзінің бірінде өзінің артықшылықтарын айтады, басқа адамдарға менсінбей қарайды. Көп жағдайда осындай паң әкелердің балалары өз орталарында менмендік көрсете бастайды, өздерін басқа балалардан жоғары санап, кеудесін көтере бастайды. Достарының алдында айтатын екі сөзінің бірі:менің әкем - бастық, менің әкем - қолбасшы, менің әкем - атақты адам.

Педанттық бедел. Бұл жағдайда ата-аналар балаларға назарын қатты аударады, балалармен көп жұмыс істейді, алайда олардың жұмыстары

бюрократтық типке жақын болады. Олардың пікірінше балалар ата-ананыңбарлық айтқандарын мүлтіксіз тыңдауы керек, балалар үшін ата-ананың сөзі қасиетті қағида. Ата-аналар өздерінің нұсқауларын салқын леппен жеткізеді және сол нұсқаулар дереу заңға айналады.

Ақылгөйлік бедел. Бұл жағдайда ата-аналар бала өмірін шегі жоқ ақылгөйлік және өсиеттік әңгімелерге толтырып жібереді. Балаға қысқа әрі нұска, мүмкін қалжың түрінде бірнеше сөз айтудың орнына, олар баланы өзінің қарсы жағына отырғызып қойы, қызық емес және баланың есін шығаратын ұза әңгіме бастайды. Ата-аналардың осындай түрі педагогикалық даналықты ұзақ уақыт бойы баласына өсиет айту деп түсінеді. Жаұяның осындай түрлерінде көтеріңкі көңіл мен шат күлкі жоқтың қасы. Ата-аналар жан тәнімен балалардың алдында әділ, ілтипатты болғысы келеді және олрдың мақсаты балаларға қателеспейтіндей болып көріну.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ МҰҒАЛІМДІК МАМАНДЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тәрбие және білім берудегі құндылықтар
Жанұя қызметының әлуметтык психологилық аспектісі
А. С. Макаренко шығармалары негізінде оқушыларды тәрбиелеудің теориялық негіздері
Жанұияның өзіне тән ерекшеліктері
Заңгердің сөйлеу мәденитінің түсінігі
Мұғалімнің оқушыларға ықпал етуінің жолдары
Жеңіске рух берген әндер
Жыраулар поэзиясы - тәуелсіз мемлекеттік деңгейде өмір сүрген Қазақ хандығы дәуірінің әдеби мұрасы
Патриоттық қасиеттерді қалыптастыруды дене шынықтыруда пайдаланудың педагогикалық жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz