Білім беру қызметтерінің маркетингі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация.

Қазіргі таңда білім беру саласы ең өзекті тақырыптардың бірі. Сапалы білім алу қоғам дамуының бірден бір факторларының негізі. Әр түлек жұмысқа орналасатын кезде жұмысқа қабылдаушы оның біліміне және қандай оқу орнын бітіргеніне көңіл бөледі. Сапасы жоғары және қазіргі заман талабына сай оқу орнының дипломы жұмыс табуда яғни жаксы жұмыс орнына орналасуға үлкен ықпал болады. Жоғарғы оқу орнындары заман талабына сай дамып келеді және осыған орай бәсекелестік те туып отыр, және білім беру қызметтері нарығындағы жоғарғы оқу орнындары арасында әлеуетті клиенттер үшін (мектеп түлектері) бәсекелестік деңгейі шарықтап келеді. Жоғарыда көрсетілген шарттарға сай білім беру қызметтері нарығындағы бәсекелестік деңгейін арттыру жолдарын іздеу қажеттілігі күмән туғызбайды. Осыған байланысты білім беру қызметтері нарығын қалыптастыруда маркетингтік тәсілді енгізудің мәнділігі өте орынды. Аталған барлық жағдайлар, факторлар осы тақырыптың өзектілігін сонымен қатар бұл тақырыптың зерттеу қажеттілігін көрсетеді.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

I ТАРАУ Білім беру ұйымдарындағы маркетинг.

1. 1 Білім беру ұйымдарындағыі маркетинг деген не

1. 2 Білім беру қызметтерінің маркетингі

1. 3 Білім беру маркетинг және білім алушылардың контингеті мен сегменттерін бағалау және таңдау критерийлері

II ТАРАУ Білім беру саласындағы маркентингтің Қазақстанмен шетел арасындағы айрымашылықтар мен ерекшеліктері

2. 1Еліміздегі білім беру саласындағы маркетингтің негізгі ерекшеліктері мен университеттердің маркентигтік жүйесі

2. 2 Шетелдік білім беру саласының маркетингтік жүйесі, оның ерекшелігі мен ұтымды тұстары

2. 3 АҚШ-тағы Гарвард университетінің маркетингтік жүйесі мен Ұлыбританяидағы Кембридж университеті мен Оксфорд университетінің маркетингтік жүйелері

2. 4 Жапониядағы Токио, Осако университеттерінің білім беру жүйесі мен Үндістандағы Мумбай, Калькутта университеттерінің білім беру жүйесіндегі ерекшеліктер.

III ТАРАУ Білім беру саласындағы маркетингтік зерттеу

3. 1 . Білім беру саласындағы маркетингтік зерттеу әдістерін талдау

3. 2 Білім беру саласындағы маркетингтік сауалнама әдісімен жүргізілген зерттеуді талдау

3. 3 Білім беру саласындағы маркетингті жетілдіру үшін ұсыныстар

Қорытынды . . .

Сілтемелер . . .

Пайдаланаған әдебиеттер тізімі . . .

КІРІСПЕ

Кез-келген жас өркен жоғарыға өркендеу үшін оның фундаментальді тірегі болуы керек. Біздің заманымызда сол фундаменттың бастауы білім алудан басталады. Білімді жас елін көркейтеді, туын желбіретеді, деңгейі мен даңқын көтереді. Қазақстан Республикасының жас азаматтарының қазіргі транзиттік кезеңде еңбек нарығында өз білімі мен тәжірбиесін жүзеге асырып, орнықты позицияны иеленуі, яғни өзіне лайықты жұмысқа орналасу мәселесі қоғамды алаңдатуда. Бұл мәселе тек жастарды ғана емес, сонымен бірге еліміздің экономикалық белсенді азаматтарын да толғандыруда. Абай атамыз айтқандай: «Сен де бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та бар қалан» демекші, әрбір маманның өз саласында кәсіби деңгейге жетіп, орнығуы үшін міндетті түрде сапалы білімі, қоры болуы керек.

Бүгінгі күні кез-келген салада менеджемент, маркетинг ұғымдары қолданылады. Аты айтып тұрғандай, менеджмент - ағылшын тілінен аударынлағанда қол, ал маркентинг - нарық деген мағынаны білдіреді. Сол себепті болар, бүгінгі нарық заманында бәсекеге қабілетті болу үшін кез-келген саланың мамандары бұл екі жүйемен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Барлық мекеменің алдында бір ғана мақсат, ол тұтынушыға қажетті дүниені ұсыну ғана емес, сонымен бірге қанағаттанарлық дәрежеде сұранысына ие болу. Сондықтан, сыртқы және ішкі ортаны маркентингтік зерттеу, соның негезінде болжау, стратегияны анықтау қажеттілігі туып отыр. Ал, енді маркентинг сөзін С. Макивер атты ғалым: «Маркетинг - бұл өндіріс пен сауданы кеңейтуге әсерін тигізетін, тұтынушылар сұранысын анықтау және оны қанағаттандыру іс-әрекеті» десе, ал атақты Котлер: « Маркетинг - бұл алмасу үрдісі негізінде қажеттілік пен тілекті қанағаттандыруға бағытталған адамдардың іс-әрекеті» деген анықтама береді.

Ал, енді маркетингтің басты мақсатына келсек, ол бүгінгі жағдайға бейімделген бәсекелестік қабілеті бар мекемені тудыру. Бұдан шығатын қорытынды, мектепте, Жоғары оқу орындарында берілетін білімнің сапалы болуы, яғни білім иелерінің сұранысын жоғары деңгейде қанағаттандыру. Тұтынушының сұранысын өз деңгейінде қанағаттандыру үшін, білім саласындағы басышлардың алдында үлкен міндеттер тұр. Атап айтсақ, біріншіден, білім беруді жүйелеу, яғни білім аламын деген кез-келген азаматқа толыққанды жағдай жасау, екіншіден, білім сапасын жақсарту, үшіншіден, кадр мәселесі, яғни ұстаздардың білімін жетілдіруге баса назар аудару. Мәселен, мектепке қатысты, сапаны арттыру жұмысы оқушылардың кажеттілігін анықтаудан басталады. Осы мәліметтерді біз ата-ананың тілегі, пікірі арқылы білеміз. Себебі, білім беру нарығында біздің бірден-бір тұтынушымыз ата-ана болмақ. Сондықтан, ата-анаға нақты тапсырысты қалыптастыруға көмектесу - бұл сапаны арттыру мәселелерін шешудегі кәсіби маркетингтің кілті. Осы әдіс арқылы мектеп басшылары мектептің даму стратегиясы мен тактикасын анықтайды.

Менің бұл ғылыми жұмысымның өзектілігі де осында. Яғни, бүгінгі қоғамда бәсекеге қабілетті болу үшін және де тұтынушының сұранысын қанағаттандыруда маркетингтік зерттеудің маңызы зор. Осы әдістер арқылы біз тек қана тұтынушының сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, сонымен бірге оның сапасын жақсартамыз. Білім беру саласында маркетингтік зерттеу әдісі осындай тиімділігінің арқасында екі жаққа ұтымды болмақ. Біріншіден, білім аламын деген әрбір азамат түрлі мүмкіндіктерге қол жеткізсе, ал екіншіден, берілетін білім сапасы жақсарып, әрбір саланың маманы кәсіби деңгейге көтерілмек.

Зерттеу жұмысының объектісі - Білім беру ұйымы.

Зерттеу жұмысының пәні - Білім беру ұйымдарынддарындғы маркетинг.

Зерттеу жұмысының м ақсаты. Нысанды зерттей отырып, еліміздегі білім беру саласының маркетингтік жүйесі қандай деңгейде екендігін шетелдегі білім берудегі маркетингтік жүйемен салыстыра отырып зерттеу. Осы мақсатта менің ддиссертациялық жұмысымда АҚШ-тағы әлемдегі базасы мықты оқу орындарының бірі Гарвард университеті, Ұллыбританиядағы Кембридж, Оксфорд университеттері мен бірге Үндістанның ірі университтерінің бірі саналатын Мумбай, Калькутта, Раджастхан университтерін салыстыру.

Міндеттері

  • Шетелдік білім беру саласының маркетингтік жүйесі, оның ерекшелігі мен ұтымды тұстары
  • Білім беру саласындағы маркетингтік зерттеу әдістерін талдау
  • Білім беру саласындағы маркетингтік сауалнама әдісімен жүргізілген зерттеуді талдау
  • Білім беру саласындағы маркетингті жетілдіру үшін ұсыныстар

Tақыpыптың зepттелy деңгейi. Жүргізілген зерттеулер үш кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең - зерттеу мәселелерін қарастыру мен қойылым қою; зерттелетін тақырып бойынша басқару фактілерін сипаттау және жіктеу; зерттеудің тұжырымдамасын айқындау.

Зерттеудің бірінші кезеңінде педогогикалық зерттеудің келесі әдістері қолданылған: тарихи және логикалық талдау әдісі, тарихи және дерек көздерінің теоретикалық талдауы; отандық және шет елдік зерттеу жұмыстарының және заманауй мерзімді басылымдардың материалдары.

Екінші кезең - білім беру ұйымдарындағы маркетингтің теориялық негізін құрау: ҚР-ның шеңберінде алынған фактілерді талдау, интерпретациялау; зерттеу нәтижелерін нақтылау.

Үшінші кезең -маркетингтік зерттеулерді дамыту жолдарын қарастыру, нақты мәліметтердің салыстырмалы талдау; қорытындыларды тұжырымдау және диссертациялық жұмысты ресімдеу.

Зерттеу жұмысының деректік негізі.

  1. Салыстырмалы педогогика бойынша ғалымдар мен мамандардың жұмыстары (Тейлор Ф., Маркарян Э. С., А. Н. Джуринский, А. К. Кусаинов, З. А. Малькова, В. В. Мосолов, К. С. Мусин, В. А. Мясников және басқалары) ; Заңнамалық, құқықтық-нормативтік құжаттар (жарлықтар, заңдар, қаулылар, бұйрықтар, нормативтік актілер мен ережелер, білім беруді дамыту тұжырымдамасы, білім беруді дамытудың стратегиялық бағдарламасы, , білім беру стандарттары) және халықаралық ұйымдардың құжаттары (БҰҰ, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ) ;
  2. Зерттелетін мәселе бойынша тарихи-педогогикалық зертеулері (А. Е. Алекторов, H. A. Бобровников, A. B. Васильев, С. М. Граменицкий және басқалары) ; Ресей және Қазақстан зерттеушілерінің ғылыми-педогогикалық еңбектері (Тәуірбекова С. Ж., С. К. Ахметбекова, Ф. У. Жунусова., Сейлхан А. Г. М. Храпченков, В. Г. Храпченков, И. Н. Шевченко және басқалары) ;
  3. отандық және Ресейлік мерзімді басылымдар (Педагогика", "Альма Матер", "Народное образование", "Қазақстанның Педагогикалық хабаршысы", "Средняя школа Казахстана", "Ашық мектеп", "Шығармашылық педагогика", "Білім", "Столичное образование", "Іздеу", "Евразия" және т. б. ) ;
  4. Қазақстан және Ресейдің білім беру туралы жыл сайынғы есебінің статистикалық жинағы;
  5. қазақстан Республикасының мемлекеттік web-сайттары: Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігінің сайты, - www. edu. gov. kz, Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты, - www. akorda. kz, Сорос - Қазақстан қоры - www. bilim. kz, білім беруді ақпараттандыру бойынша республикалық ғылыми-әдістемелік орталық - www. unesco. kz, білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттары Ұлттық орталығы - www. testcenter. kz, «Дарын» республикалық дарынды балалар мектебі - www. daryn. kz, «Болашақ» президенттік бағдарламасы - www. bolashak. kz;
  6. Оқу-әдістемелік және бағдарламалық құжаттамалар ( оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқулықтар) .

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі. Біздің диссертацияық жұмысымыздың идеялық мазмұнын толық ашу үшін өз елімізбен қатар басқа да өркениетті елдердің еңбектерінен қысқаша түйінді мәліметтер келтірдім. Зерттеудің әдістемелік негізіне әдістемелік және салыстырмалы педогогика тарихының еңбектері жатады (Тәуірбекова С. Ж., С. К. Ахметбекова, Ф. У. Жунусова., Сейлхан А. және басқалары) ; жүйелі тәсіл, оның ерекшелігіне салыстырмалы педогогикадағы білім беру жүйесіне тікелей әсер ететін басқа әлеуметтік жүйелерге байланысты білім берудегі кез келген фактілер мен оқиғалайды зерттеу жатады (Тейлор Ф., Маркарян Э. С. ) ; педогогикалық көріністерді зерттеуде вертикальды және горизонтальды тәсілдер Қазақстандағы жалпы орта білім беруді тереңірек сипаттауға мүмкіндік береді, өйткені ол әр түрлі тарихи кезеңдерде қарастырылады ( тәуелсіздігімізді алған уақыттан, бүгінгі күнге дейін) ; зерттеушінің басқа мәдениет төңірегінде білім беру салтын түсінуге тырысуын сипаттайтын мәдениеттану тәсілі (И. С. Бессарабова, Е. И. Бражник, Т. В. Иванова, М. С. Каган) ; өркениеттік тәсіл, педогогикалық процестерді тарихи дамуы мен сабақтастығы арқылы қарастыруға мүмкіндік береді (Г. Б. Корнетов, C. B. Куликова, Э. А. Поздняков) .

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Білім беру ұйымын маркетингтік жүйесінің шетелдік тәжірибелермен салыстыра тиімділігін көтеру.

Негізгі нысаны. Өркениеттің дамыған тұсында халықтың сұранысымен талғамы да өсті. Жаңаша көзқарас, тың дүниелерге ынтыққан жандар көбейді. Негізгі нысаны - білім алушы жастар, болашақ маман иелері болғандықтан, солардың сұранысын қанағаттандыруға мән беру керек. Өйткені, біз білім саласындағы күрделі мәселелерді шешіп, жақсы кадрларды дайындау арқылы еліміздің экономикасына үлкен үлес қосатын боламыз.

Зерттеу әдісі. Маркетингтік жүйені тереңірек зерттеген ғалымдарымыздың бірі Филип Котлер тұтынушының сұранысын анықтау үшін, ең алдымен сол адамдарды, олардың қажеттіліктерін зерттеп алу керектігін айтады. Мысалы, жұмыртқа секілді шоколад «Киндер сюрприз» ең алғаш рет 1972 жылы Италияда шығарылады. Осындай шоколадты италияндық Ферреро атты адам ойлап тапқан. Оның ұтқан тұсы, бала шоколадты жеп қана қоймай, сонымен бірге ішіндегі ойыншығына да ие болады. Ойыншықты құрастыру арқылы жасөспірім бала ақыл-ойды дамытуға да үлес қоспақ. Бұл жерде айта кететін жайт, ата-ана қашанда баласын қадағалап, шамадан тыс тәтті жеп қоймауын бақылап жүреді. Ферреро міне, осындай қажеттіліктердің барлығын ескере келіп, бәріне де тиімді, әрі жаңаша түрде жұмыртқа пішіндес «Киндер сюрприз» атты шоколадты нарыққа шығарады. Бастапқыда тек Канада мен АҚШ-та тараған өнім, кейіннен әлемнің түкпір-түкпіріне тарайды. Бұл жерде Ферреро өнімді шығарып қана қоймай, оған ұтымды жарнама да жасайды. Ол көбіне көгілдір экран арқылы құрамында аққуызы бар пайдалы тағам ретінде жарнамаланады. Тағы бір ерекшелік, бүлдіршін жұмыртқа секілді шоколадты ашқанда, оның барлық назары ойыншықта болады. Сондықтан, ол қайта шоколад сұрамайды. Ал, бұл әрбір ата-ана үшін өте маңызды жағдай. Міне, осындай екі ұтымды фактор арқылы, өнімді ойлап тапқан адам тауарына деген сұранысты арттырды 1 . Білім беру саласы да дәл осындай ұтқыр әдіс-тәсілді қажет етеді.

Ф. Котлер «Новые маркетинговые технологии»; М. 2004ж 67 б.

Жапониядағы Токио, Осака университеттерінің маркетингтік жүйесін зерттеу арқылы еліміздегі білім беру саласында ақсап жатқан тұстарды анықтауға қол жеткіземін деген ойдамын.

Зерттеу жұмысының ғылыми-тәжipибелiк маңызы. Диссертациялық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығына зер салсақ, мұндағы дайындалған критерийлер жүйесі мен көрсеткіштер, иерархиялық модель, басқарушылық жағдайда сараптамалық бағалаудың нәтижесінде алынған басымдылық коэффициенті, білім беру ұйымының басшысының қарым-қатынасы мен қасиеттері, сонымен қатар маркетингтік басқаруды дамыту жолдарын қарастыру туралы. Дайындалған тәжірибелік ұсыныстар қолданысқа дайын, жалпы маркетингтік стратегия арқылы басқару білім беру ұйымдарымен іске асырылуда. Жұмыс нәтижелерін орта мектептердің, лицей мен гимназиялардың және педагогикалық колледждерде пайдалануға болады.

Tақыpыптың xpонологиялық шегi. Диссертациялық жұмыстың хронологиялық шегі ҚР тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі дейінгі кезеңді қамтиды, яғни, 1991-2017 жылдар аралығы.

Қopғаyға ұcынылған нeгiзгi тұжыpымдap:

  • «Білім беру ұйымын маркетингтік ұғымына өзіндік тұрғыдан берілген анықтама;
  • Білім беру ұйымын маркетингт қызметінің теориялық моделі;

Тақырыптың территориялық ауқымы. Зерттеу жұмысының территориялық ауқымы оның тақырыбына қатысты болып отырғанындай, негізінен Қазақстан Республикасының барлық аумағын қамтиды.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Зерттеу негізгі нәтижелері студенттердің ғылыми-практикалық конференцияларында баяндалды.

Диссертациядық жұмыстың құрылымы белгілеулер мен қысқартулар, кіріспе, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I ТАРАУ Білім беру мекемелеріндегі маркетинг.

1. 1 Білім беру мекемелеріндегі маркетинг

Қазіргі таңда білім беру саласы ең өзекті тақырыптардың бірі. Сапалы білім алу қоғам дамуының бірден бір факторларының негізі. Әр түлек жұмысқа орналасатын кезде жұмысқа қабылдаушы оның біліміне және қандай оқу орнын бітіргеніне көңіл бөледі. Сапасы жоғары және қазіргі заман талабына сай оқу орнының дипломы жұмыс табуда яғни жаксы жұмыс орнына орналасуға үлкен ықпал болады. Жоғарғы оқу орнындары заман талабына сай дамып келеді және осыған орай бәсекелестік те туып отыр, және білім беру қызметтері нарығындағы жоғарғы оқу орнындары арасында әлеуетті клиенттер үшін (мектеп түлектері) бәсекелестік деңгейі шарықтап келеді.

Жоғарыда көрсетілген шарттарға сай білім беру қызметтері нарығындағы бәсекелестік деңгейін арттыру жолдарын іздеу қажеттілігі күмән туғызбайды. Осыған байланысты білім беру қызметтері нарығын қалыптастыруда маркетингтік тәсілді енгізудің мәнділігі өте орынды. Аталған барлық жағдайлар, факторлар осы тақырыптың өзектілігін сонымен қатар бұл тақырыптың зерттеу қажеттілігін көрсетеді. Білім беру саласындағы маркетингтің негізін және оның білім беру қызметтер саласында қалай ерекшеленуін түсіну үшін жалпы комплекс пен оның аспектілерін, элементтерін жалпылама талдау қажет.

Ол ең алдымен маркетингтік қарым қатынастың субъектілерімен және нарықтағы функциялары, білім беру қызметтері нарығындағы маркетингтің объектілерінің әрекет ету саласы, мақсаттық бағдарларының мәселелік мазмұны. Осылардың барлығын кезекті қарастыруымыз бізге нақты білім беру қызметтері нарығының ұғымын анықтауға көмектеседі.

Маркетинг- ішкі фирмалық басқарудың ерекше жүйесі деген көп көз қарас тараған. Егерде бұл көз қарас дұрыс болған жағдайда білім беру қызметтері нарығындағы маркетингтің субъектілерінің бір ғана түрі болатын еді. Ол білім беру мекемесі, ал маркетинг олардың ішкі жұмысы болар еді. Анықтама бойынша оған мемлекеттіңде және білім беру қызметтер саласының тұтынушыларыныңда қатысы болмас еді. Сонымен қатар маркетингтің субъектісі болып тек қана өндірушілер мен делдал фирмалардан басқа барлық нарықтың субъектілері болып табылады табылады.

Маркетингтік қарым-қатынастың негізгі қатысушылары тек қана білім береу мекемелері ғана болып қоймай сонымен қатар тұтынушылар (жеке тұлғалар, кәсіпорындар, ұйымдар), делдалдардың кең тобы.

Қоғамдық институттар мен құрылымдар білім беру қызметтері нарығын жылжытуда өз үлесі бар. Білім беру қызметтері нарығындағы маркетингтің субъектілерінің арасында студенттің, тыңдаушының, оқушылардың тұлғасы ерекше рөл атқарады. Ол тек білім беру қызметтерінің материалды тасымалдаушы, берілетін білімнің жинағы, еңбек барысындағы қолданушы ғана емес ол ең соңғы тұтынушы болып табылады. Тұлға басқа білім беру қызметтері нарығының тұтынушыларына қарағанда білім потенциалын материалды жағдай жасауға, өмірлік табыс табу үшін ғана қолданбайды сонымен қатар өзінің тікелей қажеттіліктерін қанағттандыру ең алдымен танымдық қажеттіліктері.

Білім беру саласындағы маркетингке келесідей анықтамалар берілген:

- Білім беру саласындағы маркетинг - ол қызмет көрсетудің, бағаның, бәсекелестік білім беру нарығындағы жоғарғы оқу орнының коммуникативті саясаттың жүзеге асыруының экономикалық үдерісі.

- Білім беру саласындағы маркетинг - ол ақылы білім беретін нарықты зерттейтін ғылым, оларды жылжытуды және орналастыруды қарастырады сонымен қатар білім беру бизнесінің философиясы.

- Білім беру саласындағы маркетинг деп, ең алдымен білім саласындағы қызметтерге халық сұраныстарының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған нарықтың қызметі.

Ашық жүйе маркетингіндегі философия, қатысушыларының рыноктағы бәселекестері және қарсыластармен қарым- қанынасының рыноктады жағдайына сүйенеді.

Білім жүйесініне кеткен инвестициялар ұзақ мерзімді болғандықтан (мысалы, жоғарғы мектеп- бес- сегіз жыл), инвесторлар тәуекел көлемін төмендетуді көздейді. Маркетинг субъектілер философиясы нарыққа түсініктеме жүйесін, нарық туралы білімін және оларды игерушілік әдістемелерін береді.

Ашық білім беру нарығындағы маркентингтік негізгі атқаратын қызметі:

- қажеттілікті қанағаттандыру, сатып алушылардың сұранысы мен күтімін қанағаттандыру, білім беру нарығының негізгі буындарын ұйғару;

- іс-шараның зерттемесінің ашық білім беру қызмет атқаруларында қажеттіліктің толық қанағаттандыру;

- білім беру қызметінің сыртқы рәсімін және оның таратылу жүесін алдын ала жоспарлау;

- қызметтің бағасын есептеу, пацданың қажетті аумағын қамтамасыздандыру:

- коммуникацияның тиімді жүйесінің қамсыздандыру және білім беру нарығының нақты тұтынушыларын қамтамасыздандыру.

Маркетингте жалпы ғылыми әдістер іске асырылады олар:

- Басқа ғылыми ізденістер мен деректер көздеріне, талдау жасау және систематизациялау екінші әдіс болатын болса, бірінші әдіс нарықтағы ақпаратты өз бетінше немесе арнайы тапсырыс бойынша алу. Оның ішінде ең алдымен тұтынушылар туралы ақпарат, бәсекелестер туралы, өрлеу мен өндірушілер арналарындағы маркентингтік ортасындағы әдістемелер жүзеге асырылады.

- Ақпаратты синтездеу, қалыпты жағдайларды жасау, өзгерістерді болжау (оның ішінде ұзақ уақыттағы), стратегия және тактикалық шешімдерді бағалауға, әрекеттерді сараптауға байланысты;

- Экспериментальді жолмен нарықты бағалау және оптималды маркетінгтік шешім қабылдау;

- Алынған ақпараттар негізінде тәжірибиелік ідістерді өзгерту, оның ішінде маркетингтік қызметті жоспарлау, мекемелерді басқару, нарықтық іс- әрекеттерді қадағалау, мекеменің және оның өнімінің нарықтағы басқа маркетинг ақпаратты және нақты ғылымның және ғылыми тәртіптің әдістерін пайдаланады, олар:

- статистика (ең алдымен, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың статистикалық мәліметтері) - ол нарықтың сыймдылығын және оның сегментетрін бағалауға, сұраныстың үрдісімен көлемін бағалауға және т. б;

- макро және микроэкономикалық анализ- нарықтық жағдайды және бағалауды сараптау үшін, бәсекелестердің мүмкіншіліктерін анықтау үшін, сату және өрлеу каналдарына баға беру үшін, білім беру мекемесінің мүмкіншілігін бағалау үшін қажет;

- социология - бәсекелес тұтынушы топтарды анықтау және анализі ушін және қоғамдық ұйымдардың сұраныстарын қанағаттардыру үшін қажет;

- психология и психофизиология- білім беру нарығының және мекеменің пайдасына, жарнамалық және де басқа да іс әрекеттердің әсер етуі;

- математика- көрсетілген мақсаттың табысының үдерісінің күтуі үшін;

- басқарма қағидасы - жоспарлау және қадағалау үрдісін іске асыру, болжау, бағалау, реттеу және маркетингтік жұмыстың стимулизациясы оқу мекемесімен әрекеттес тәртіптерін, сондай-ақ нарықтағы әрекеттес субъектілермен үрдісінің жоспарын және қадағалауын іске асыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз қонақ үлгісі
Базалық банктік қызметтерді дамыту
Қызмет көрсету мен коммерциялық емес іс-әрекеттеп маркетинг
Инновациялық маркетингтің басқару
Банктердің маркетингтік қызметіндегі көрсеткіштер жүйесі
Банктік маркетингтің теориялық аспектілері. Қазақстандағы банк маркетингісі
Компания мен сақтандыру өнімін таңдау кезінде клиенттердің әртүрлі топтарының уәждемесі
Жылжытудың жалпы мақсаттары
Кәсіпорынның маркетингтік іс әрекетін ұйымдастыру
Банк клиентіне жылдық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz