Мақта маталарын өңдеу


Мазмұны
I тарау Кіріспе бөлім
1. 1Маталармен танысу . . . 7-9
1. 2Маталарды дайындау технологиясы . . . 10-11
1. 3Жіп иіру жайында жалпы мағлуматтар . . . 12-15
1. 4Иірілген жіптер мен жіптердің топтасуы . . . 16-18
1. 5Иірілген жіптер мен жіптердің ақаулары . . . 19-20
II тарау Негізгі бөлім
2. 1Маталарды өңдеу технологиясы . . . 21-44
2. 2Тігін машинасымен жұмыс жасау технологиясы . . . 45-47
2. 3Тігіс түрлер . . . 48-
2. 4Өлшем алу түрлері . . .
Қорытынды:
Қолданыған әдебиеттер тізімі:
Қосымша:
Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі:
Мата - жіптер жүйесін өзара көлденең-тік айқастырудан туған тоқыма бұйым. Ертеде матаны жiптерден қолмен тоқыған. Қазiргi уақыттағы матаны машиналармен тоқудың ертеде қолданған тәсiлдерiнiң көп айырмашылығы жоқ. Матада жiптер екi бағытта орналасады: ұзынынан, көлденең. Жіп - қысқа талшықтардан ширатылған, мата және трикотаж тоқуға, киім, кесте, т. б. тігуге, арқан есуге пайдаланылатын жеңіл өнеркәсіп өнімі. Жіп біртектес талшықтан немесе әр түрлі талшықтан иірілуі мүмкін. Жіптің ең басты сапалық сипаттамасы - жіңішкелілігі мен механикалық қасиеттері. Өндіру тәсіліне қарай тарақтап иірілген жіп, иіру машинасында әзірленген жіп болып бөлінеді. Негiзгi жiптердiң саны көп, мықты болады, себебi, матаны тоқығанда оларға көбiрек күш түседi. Маталар жіптермен қатар химиялық талшықтардан жасалады. Химиялық талшықтар мен жіптер табиғи синтетикалық жоғары молекулярлық қосылыстарды химиялық өңдеу нәтижесінде алынады. Бастапқы шикізатқа байланысты химиялық талшықтар, жіптерді жасанды және синтетикалық деп бөлінеді. Жасанды талшықтар мен жіптерді табиғи жоғары молекулярлық қосылыстардан (әдетте шыршадан алынатын целлюлозадан) жасайды. Оларға вискозды, мысты аммиак талшықтар мен жіптер, ацетатты жіптер жатады. Мұнайды, газ бен көмірді қайта өңдеу арқылы алынатын синтетикалық полимерден талшықтар мен жіптер жасалады [9] .
Матаның түрлерi жiптердiң түрлерiне байланысты болады. Сондықтан да, олар натуральды, жасанды, синтетикалық т. б. түрлерге бөлiнедi. Пайдалануына байланысты - тұрмыста қажеттi және техникалық. Тоқылғанына байланысты - қарапайым және күрделi. Әшекейленуiне байланысты - түктi және түксiз. Түсiне байланысты - бiр түстi және ала түстi [20] .
Жүн мата - бірыңғай жүнен немесе басқа талшықтар қосылып арлас тоқылған маталар. Жүн маталар таза және жартылай жүн мата болып бөлінеді. Жартылай жүн матаға жасанды және синтет. талшықтар көбірек қосылған. Бұл оның сапасын арттырады. Мата жібінің иірілу әдісіне және түріне қарай жүн мата мәуіті, шұға және аралас мата болып жіктеледі. Жүн матаны өндіру процесі күрделі де алуан түрлі. Жүн матаны өндірудің өзіне ғана тән амалы шұға басқыш машинада жүргізілетін процесс. Мұнда сабынды және тұзды т. б. жылы ерітіндіге малынған мата мех. өңдеуден өтеді, арнаулы дәрі дәрмек сіңіріліп су өтпейтін, умаждалмайтын, күйе жемейтіндей сапаға келтіріледі [10] .
Кендір мата - кендір және кендір тәріздес өсімдіктер талшығынан тоқылатын мата. Кендір мата өндіруде мақта жіп және жасанды талшықтар да пайдаланылады. Кендір мата тоқылатын кендір жіптер иірілген талшығының түріне, иірілу тәсіліне, жіңішкелігіне және өңделу ерекшелігіне қарай топталады. Кендір мата тоқуда полотналық, атластық, саржалық, ірі әшекейлі, жаккардты, ұсақ әшекейлі тоқылым түрлері пайдаланылады. Полотнолық тоқылым әр түрлі полотнолар мен кенеп мата өндіруде; атластық костюмдік мата өндіруде; саржалық арден трико өндіруде; жаккардты ірі әшекейлі тоқылым дастарқандық және сулық орамал өндіруде қолданылады. Ұсақ әшекейлі тоқылым түрімен сүлгілік маталар тоқылады. Кейбір кендір мата түрпідей қатты болып келеді, сондықтан олар механикалық және химиялық өңдеуден өтеді.
Мақта мата - мақта талшықтарынан тоқылған мата. Мақта талшықтары технологиялық және механикалық қасиеттері жағынан өте бағалы, күн сәулесі мен ауа райының әсеріне төзімді, сабын, сода ерітіндісімен жуғанда бүлінбейді, жақсы боялады әрі арзан. Арнайы өңдеу арқылы оның қасиеттерін өзгертуге, беріктігі мен үйкеліске төзімділігін арттыруға, ширалмайтын, умаждалмайтын, су өткізбейтін қасиеттер беруге болады.
Зерттеу тақырыбының мақсаты - маталарды алу негіздері мен технологиясын және оларды өңдеу жолдарын, ерекшеліктерін қарастыру.
Зерттеу тақырыбының нысаны - маталарды алу технологиясының даму және қалыптасу үрдісі.
Зерттеу тақырыбының міндеттері :
- маталарды алу технологиясының ғылыми қарастырылуын анықтау;
- мата ұғымының мәнін, түрлерін қарастыру;
- маталарды алу технологиясының қазіргі жай-күйін талдау;
- маталарды өңдеу технологиясы
Зерттеудің обьектісі:
Матаны өңдеу технологиясымен таныстыру
Зерттеу жұмысының болжамы:
Жұмыс өз алдына мектеп, колледж, жоғары білім оқу орындарының өнерге қызығушы жас шәкірттеріне таныстырмалы курс ретінде болжанылады.
Зерттеудің практикалық мәні:
Зерттеу нәтежелерін жалпы орта мектепте бейнелеу өнерінің пән мұғалімдері мен педогогикалық практика кезінде студенттер пайдалана алады.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, және қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, суреттемелер тізімінен тұрады.
1. 1Маталармен танысу
Мата (лат. textile - мата, материя) химиялық талшықтар мен жіптерден жасалған. Химиялық талшықтар мен жіптер табиғи синтетикалық жоғары молекулярлық қосылыстарды химиялық өңдеу нәтижесінде алынады. Бастапқы шикізатқа байланысты химиялық талшықтар, жіптерді жасанды және синтетикалық деп бөлінеді.
Жасанды талшықтар мен жіптерді табиғи жоғары молекулярлық қосылыстардан(әдетте шыршадан алынатын целлюлозадан) жасайды. Оларға вискозды, мысты аммиак талшықтар мен жіптер, ацетатты(негізінен триацетапты) жіптер жатады. Мұнайды, газ бен көмірді қайта өңдеу арқылы алынатын синтетикалық полимерден талшықтар мен жіптер жасалады. [2]
Солардың ішінде ең көп тарағандары:
- полиамид талшықтары мен жіптері(капрон, анид),
- полиэфир(лавсан),
- полиакрилонитриль(нитрон),
- поливинилхлорид(хлорин),
- полиолефин (полипропилен, полиэтилен) талшықтары мен жіптері. [3]
Химиялық талшықтардың барлық түрлері (бұрын оларды штапель талшықтары деп атаған) жалғыз (элементарлы) талшықтардан тұрады. Бұлардан тоқыма өнеркәсібінде әуелі жіп жасалып, содан соң маталар мен трикотаж бұйымдары (кілем, түкті төсеніш, мата тәрізді тоқылмаған материалдар) тоқылады. Химиялық талшықтардың кейбір түрінен жіп, мата, трикотаж бұйымдарды таза күйінде де, сондай ақ табиғи талшықтармен (мақта, жүн, зығырмен) араластыра отырып та жасайды. Химиялық жіптер техникалық және тоқымалық деп екі үлкен топқа бөлінеді. Техникалық топқа неғұрлым жуанырақ, беріктігі жоғары жіптер жатқызылады. Бұлардан автомашинаға арналған арқан-дар, парашюттерге, балықшыларға арналған аулар мен құрал-жабдықтар, қозғалтқыш белдік, кәдімгі арқандар, т. б. жасалынады. [4]
Тоқымалық химиялық жіптерге жіңішке (әдетте белгілі бір дәрежеде ширатылған немесе көлемді) жіптер жатқызылады, бұларды иірмей ақтікелей мата және трикотаж бұйымдар тоқу үшін қолданады(бұрын бұл жіптерді жасанды жібек деп атаған) .
Белгілі бір химиялық талшықтар мен жіптер әр елде әрқалай аталады(мұндайда бұлардан жасалынатын шетелдік маталар мен тоқыма бұйымдар да талшықтың атауымен аталады) . [5]
Мата түрлері:
Сырт киімдік бағалы маталар: барқыт, тұқаба, берен, биқасап, бүлде, дүрия, қамқа, қойқын, қыжым, мақпал, мауыты, міндала, пайы, баршын, парша, пүліш, саң, тапта, ұштап, тібек, шұға, мана, ләмбөк, дыраб, манат, масаты, борлат, бояқ, бұйдас, зипуын, дабы, сылаң, қасапдар, қаламы, қымқап.
Жібек маталар: баршын, кініпас, кіріс, кіләңкөр, күлдірі, қатипа, батсайы, сарпөңке, сіндіп, тапта, торғын, торқа, шәйі, қырмызы, атлас, кінауыз, маңлық, құлпы.
Жұқа маталар: зон, ақсұп, борлат, бомази, бояқ, дабы, сыңсыма, сұрып, сәтен, сиса, шағи, бітес, тек, зәріп, саржа, құмаш, орысқол, тайғақ.
Арзанқол маталар: ләмбік, діке, үлдірік, ләстік, кенеп, шөжім, шыдаған, сұпы, шыт, бөз, тептік, аңзу, күн-түн, тібен, сәлдебөз, меткетон, тіке.
Жүн мата Бірыңғай жүнен немесе басқа талшықтар қосылып арлас тоқылған маталар. Жүн маталар таза (6-10%ғана өзге талшық қосылған) және жартылай жүн мата болып бөлінеді. Жартылай жүн матаға жасанды және синтет. талшықтар көбірек қосылған . Бұл оның сапасын арттырады(тез тозбайды, мыжылмайды, т. б. ) . Мата жібінің иірілу әдісіне және түріне қарай жүн мата мәуіті, шұға және аралас мата болып жіктеледі. Жүн матаны өндіру процесі күрделі де алуан түрлі. Жүн матаны өндірудің өзіне ғана тән амалы шұға басқыш машинада жүргізілетін процесс. Мұнда сабынды және тұзды т. б. жылы ерітіндіге малынған мата мех. өңдеуден өтеді, арнаулы дәрі дәрмек сіңіріліп су өтпейтін, умаждалмайтын, күйе жемейтіндей сапаға келтіріледі.
Кедір мата Кендір және кендір тәріздес өсімдіктер талшығынан тоқылатын мата. Кендір мата өндіруде мақта жіп (көбінесе өріс үшін) және жасанды талшықтар да пайдаланылады. Кендір мата тоқылатын кендір жіптер иірілген талшығының түріне(түтілген талшық яки қалдық), иірілу тәсіліне (құрғақ яки дымқыл) , жіңішкелігіне және өңделу ерекшелігіне қарай топталады. Кендір мата тоқуда полотналық, атластық, саржалық, ірі әшекейлі, жаккардты, ұсақ әшекейлі, т. б. тоқылым түрлері пайдаланылады. Полотнолық тоқылым әр түрлі полотнолар мен кенеп мата өндіруде; атластық костюмдік мата өндіруде; саржалық арден трико өндіруде; жаккардты ірі әшекейлі тоқылым дастарқандық және сулық орамал өндіруде қолданылады. Ұсақ әшекейлі тоқылым түрімен сүлгілік маталар тоқылады. Кейбір кендір мата түрпідей қатты болып келеді (мыс. , астарлық, шатырлық, орамдық, ыдыстық, қаптық кендір маталар, брезент, желкен, т. б. ), сондықтан олар мех. және хим. өңдеуден өтеді.
Мақта мата Мақта талшықтарынан тоқылған мата. Мақта талшықтары технологиялық және механикалық қасиеттері жағынан өте бағалы, күн сәулесі мен ауа райының әсеріне төзімді, сабын, сода ерітіндісімен жуғанда бүлінбейді, жақсы боялады әрі арзан. Арнайы өңдеу арқылы оның қасиеттерін өзгертуге, беріктігі мен үйкеліске төзімділігін арттыруға, ширалмайтын, умаждалмайтын, су өткізбейтін т. б. қасиеттер беруге болады. Мақта мата жіңішке және орташа талшықтардан, сондай ақ төменгі сортты мақтадан және жіп иіру кезінде түсетін қалдықтардан да тоқылады. Мақта мататоқуға көбінесе жіңішкелігі орташа талшықтардан кард әдісі бойынша иірілген жіп пайдаланылады. Ал жіңішке талшықты мақтадан тарақтап түту арқылы 65-170 нөмірлі жіп иіріледі де одан жұқа мата тоқылады. Төменгі сортты мақта мен оның қалдықтары аппаратты әдіспен иіріліп, қалың мата тоқуға жұмсалады әрі бұл жіпті түкті мата тоқығанда арқау ретінде пайдалануға болады. Кейбір Мақта матаның өрісіне мақта жіп, арқауынан бос ширатылған вискоз жіп қолдануға болады. [13]
Мақта мататоқуға барлық тоқылым түрлері пайдаланылады: полотнолық, саржалық, сәтендік және атластық аралса және ұсақ әшекейлі, көп қабатты, түкті және тұзақты тоқылым.
1. 2Маталарды дайындау технологиясы
Маталарды дайындау процесі бірнеше операциялардан тұрады: шикі маталарды дайындау және қабылдау, тегістеу, шлихталау, буландыру, ағарту. Қажет болған жағдайда маталар мерсеризацияланады, өсік талшықты етіледі және қысқартылып, сонымен қатар ширату машиналарында енді етіледі.
Осы процесс құрамына кіретін операциялар - маталарды баяу немесе баспалау үшін дайындау, басқаша айтқанда оның бетінен табиғи қоспаларды және талшықтарды аластату және өңдеу процесінде мата бетіне қосылған көмекші заттарды аластату (шлихталар, парафиндер немесе стеарин және т. б. ) және маталарға ақ түстерді беру болып табылады.
Маталарды дайындау процестеріне келесі талаптар қойылады: қайнатылған және ағартылған маталар бірқалыпты боялуы тиіс, және маталардың физика - механикалық қасиеттері нашарламауы қажет, процесс мүмкіндігінше үздіксіз жүргізілуі қажет. Одан басқа мерсеризациялау маталардың шөккігіштігін төмендетуі қажет.
Маталарды дайындау үшін қабылдау фабриканың шикі маталар қоймасында жүргізіледі. Тоқыма фабрикаларынан маталар кесінді түрлерінде келіп түседі, мата кесінділерінің ұзындығы ондаған метрге жетеді, әрбір кесінді маркілеуге ие болады, онда: артикулы, матаның сорты, нөмірі, метрлер саны және т. б. көрсетіледі. Шикі маталардың әрбір келіп түскен партиясынан 10 пайыз кесіліп алынып және бақылаушылық ақауларға сұрыптауға тартылады. Ақауларға сұрыптаудың мақсаты - матаның фактілі сорттылығының көрсетілген спецификаға сәйкестігін анықтау және безендіру үшін партияны таңдап алу болып табылады.
Маталарды ақауларға шығару кезінде сыртқы көрінісініңі ақаулары тексеріліп және маталардың физика- механикалық көрсеткіштеріне лабораториялық талдаулар жасалады.
Маталар кесінділерін ақауларға сұрыптаудан соң партияны таңдап және клейма салады. Клеймаға партияның нөмірін, матаның артикулын, тоқыма фабрикасының аталуын және өңдеу тәсілін көрсетеді. Бір партияға кіретін маталар кесінділерін тігін машиналарында тігеді, машинаның маркісі ПМЗ, ЗМЗ және т. б. болуы мүмкін. Ең жақсы болып түйісу орындарын бекіту болып табылады. Тігіс орны берік, артық мөлшерсіз, қыртыссыз және бүгілу орындары болмауы қажет, осы осы ақауларп мөлшеріне өндіріс қалдықтарының мөлшері тәуелді болып келеді.
Шикі маталардың қоймасынан маталар партиялары ағарту цехына жіберіледі.
1. 3Жіп иіру жайында жалпы мағлуматтар
Иірілген жіп деп шектеулі ұзындығы бар талшықтарды иіргеннен пайда болған жіпті айтады. Талшықты массадан иірілген жіп алу операциясыньң жиынтығын иіру деп атайды. Иіруге пайдаланатын талшықтарды иірілетін дейді. Оған жататындар: жүн, мақта, зығыр, таза жібектің қалдықтары, әр түрлі штапель талшықтары.
Иіру әдісі мен иірілген жіптің түрі талшықтьң ұзындығы мен жуандығына байланысты. Мақта мен штапель талшықтарын иіргенде темір тісті шөткені (карда) пайдаланады. Ұзындығы орташа талшықтар осы әдіспен өңделеді.
Мақтаның, жүннің, таза жібектің ұзын талшықтарына тарау (гребень) әдісімен өңдеу ьңғайлы. Бұл - жіңішке, біртекті, тығыз және тегіс иірілген жіп алуға мүмкіндік береді. Мақта жүннің қысқа талшықтарын аппаратты әдісімен өңдеп, жуан, болбыр, жуандығы әртүрлі үлпілдеген жіп алынады.
Иіру процесінің негізгі операциялары талшықтарды қопсыту және түту, тарау, тегістеп созу, иіруге дайындау және иіру. Жіп иіру фабрикаларына талшықтар престеліп, 170-250 кг-дық бума болып келеді.
Талшықты қопсыту және түту иірудің барлық үш әдісінде де жүргізіледі. Талшықтың престелген массасын шүйке-шүйке қылып қопсытады да, қосындыларынан біршама тазартады. Металл пластинкалардың соғылуы салдарынан қопсытатын және түтетін машиналардың әрекетінен престелген талшықтардың шүйкелері босап, болбыр массаға айналады. Тарағанда ішіндегі қоспалардан түгелдей тазарады да, шүйкелер бөлек талшықтарға жіктеледі. Шөткелі және аппаратты әдістерінде, яғни шөткемен тарағанда талшықтар өткір, жіңішке металл инелері бар екі тақта (кардолента) ортасынан өткізіліп, шөткемен тарау әдісінде талшықтың таралған жұқа қабаты (ватка), воронка арқылы өтіп лента есілген талшықтарға айналады
Аппаратты әдісте таралған ватка (кенеп) белдікті бөлгішпен өте көп жолақтарға ажыратылып, аздап ширатылған, тегіс бұрым тәрізді есілген талшықтарға айналады.
Тарақты әдісте талшықтар тарау машиналарында тағы да таралады да,
қысқаларынан ажыратылылып, тек ұзын талшықтардан ғана лента түзіледі. Бөлінген қысқа талшықтар аппаратты әдіспен иіріледі. Бұл жіп жуан әрі бірқалыпты болмай шығады.
Лентаны тегістеу және созу лентаның жуандығын бірқалыпты ету мақсатымен оның бірнешеуін біріктіріп, ленталық машиналардан өткізу арқылы жүргізіледі. Ленталық машина айналу жылдамдығы біртіндеп жоғарылайтын бірнеше біліктермен жабдықталған, лента солардың арасынан өткенде біртіндеп жіңішкеріп, ал талшықтар бірнеше қатарға бөлінеді.
Иіру алдындағы дайындықты жүргізетін машина (ровничная) лентаны созып, ширатып тегіс бұрым тәрізді талшықтар жасайды. Ровницалық машина арқылы өтіп (зығыр біреуінен, мақта біреу-екеуінен, қылшықты жүн төрт бесеуінен, биязы жетеуінен) бұрым жіпкіп кереді, ал талшық бойын түзеп жазылады.
Иіру-иіру машиналарында іске асады. Ровницаны соңғы рет созып, жіп қылып иіреді де орап шығарады. Сақиналы иіру машиналарынан иірілген жіпті собық түрінде болады. Талшықтарды иірудің құрғақ және дымқыл әдістері бар. Мақта, жүн, таза жібектін қалдықтарын, штапель талшықтарын құрғақ күйінде иіреді (құрғақ иіру) . Зығыр талшығын құрғақ та, ылғалдап та иіреді. Ылғалды әдіспен иіргенде тығыз әрі тегіс жіп алу үшін ровңицаны ыстық су құйылған ыдыста ұстап, пектинді заттарды жұмсартады.
Соңғы жылдары ұршықсыз иіру әдісі кең дамуда, бұл жағдайда аэромеханикалық, әсіресе пневмомеханикалық иіру машиналары қолданылуда. Пневмомеханикалык, әдісте иіру машинасына талшық лента түрінде беріледі де, ауа
ағынымен шашыранды күйінде воронкаға сорылып, тығыздалады. Иіру камерасында талшықтар жіп болып иіріледі.
Ең қарапайым әдіс - аппараттық, себебі оған лентаны және ровницаны өңдеу процестері кірмейді: тараудан соң тікелей иіру басталады. Ең күрделі әдіс - тарақтық, себебі оған тарақпен түту және тарақты машинамен түту алдындағы қосымша дайындық операциялары кіреді.
Ұзын және қылшықты жүн талшықтары ірі тарақты иіру әдісімен өңделеді - иірілген жіп тығыз және қатты болады. Ұзындығы орташа биязы жүн майда тарақты әдіспен иіріліп аздап мамығы шығып тұрған жіңішке жіп алынады. Ұзьндығы орташа қылшықты және жартылай қылшықты жүн жартылай тарақты жүйемен өңделеді, яғни түтілмейді. Соның нәтижесінде сырттай тарақты әдіспен алынған жіпке ұқсас жартылай тарақты жіп алынады.
Ең қысқа жүндер аппараттық иіруге кетеді. Бұл жағдайда талшықтың нәзіктігіне байланысты өте жіңішке, мамықты әрі жұмсақ жұқа шұғалық жіп, немесе, жуан әрі қатты шұғалық жіп алынады. Аппаратты жіп иіруде талшықтарды тегістеу мен түзету процестері болмағандықтан жұмсақ әрі қальңдығы әрқалай жіп алынады.
Жүнді иірген кезде әр түрлі талшықтарды араластыру кең тараған. Аппаратты иіруде жүнге қосатын қоспалардың құрамына қойды қырқып алған жүн талшықтарынан басқа заводтық жүн, қалпына келтірілген жүн, мақта, штапельді талшық кіреді. Аппаратты иіруде талшықтарды араластыру тараудың алдында жүргізіледі.
Тарақты иіруде жүнге жасанды және синтетикалық штапельді талшықтар
қосады. Араластыру әр түрлі талшықтардьң таралған ленталарын біріктіру арқылы жүргізіледі.
Иіру процесінде штапельдік талшықтар таза күйінде де, таза натуральді талшықтармен аралас күйінде де пайдаланылады. Штапельдік талшықтарды таза күйінде иіру шөткелі әдіспен жүргізіледі. Таза штапельді иірілген жіп алу үшін 0, 4 текстен (№ 2500) 0, 16 текске (№ 6000) дейінгі вискоза талшықтары пайдаланылады. Штапельді талшықтарды иірудің ерекшелігі - иіру процестерінің барлық кезеңдеріндегі электрленуін азайту үшін міндетті түрде эмульсиялау болып табылады. Талшықтарының және тонинасының ұзына бойы бірқалыпты болуына байланысты штапель жіптер тегіс және біртекті болып шығады.
1. 4Иірілген жіптер мен жіптердің топтасуы
Иіру әдістеріне қарай мақтадан иірілген жіптер - шөткелік, тарақтық және аппараттық жүннен иірілген жіптер - аппараттық, тарақтық және жартылай-тарақтық, жібектен иірілген жіптер - тарақтық және аппараттық; зығырдан иірілген жіптер - құрғақтай иірілген зығыр жіптерге, ылғалды иірілген зығыр жіптерге, құрғақ және жіп, ылғалды әдіспен қалдықтан иірілген жіп болып бөлінеді.
Талшықтардың, құрамына қарай иірілген жіп біратты талшықтардан тұрса біртекті деп және әратты талшықтардан тұрса әртекті (аралас) деп бөлінеді. Өңделуі мен бояуына қарай иірілген жіп шикі түсті (өңделмеген), ағартылған, боялған, зерленген, меланжды (түрлі-түсті талшықтардан құрылған) болып бөлінеді.
Құрамы (конструкциясы) жағынан жалаң қабат ширатылған, қосарланған, үлгілі, сымаралас және үлкен көлемді болып бөлінеді. Жалаң қабат иірілген жіп - иіру нәтижесінде ширатылған жеке талшықтардан тұрады. Жалаң қабат иірілген жіпті тарқатсақ белек-бөлек талшықтарға ажырайды.
Ширатылып иірілген жіп екі және одан да көп жіптерден тұрады. Егер тарқататын болсақ, ол жіптерге ажырайды. Қосарланып есілген өзара жіптер (капрон жіптер) төсемдік маталар дайындауға жұмсалады. Кескінделген дара жіптер жылтыр болады, сондықтан тоқыма бұйымға сәндік береді.
Флирет - көлденен қимасы жалпақ капронды дара-жіп. Пластилекс- ауасыз кеністікте металл тозанын бү-ріккен полиэтилен пленкаларынан жасалған ленталар.
Иірілген жіп пен жіптердің қасиеті. Стандартта көрсетілген иірілген жіп пен жіптердің қасиетіне олардың сызықтық тығыздығы, ширатылуы, мықтылығы, созылғыштығы, тегістігі жатады. Талшықтардікі сияқты иірілген жіп пен жіптердің сызықтық тығыздығы текспен сипатталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz