Мектеп жасына дейінгі бала


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Тәуелсіз Қазақстанның Білім заңына орай жаңа ұлттық білім үлгісі бойынша мектепке дейінгі балалардың жеке басын тәрбиелеуде педагогикалық дамудың бұрыннан қалыптасқан әлеуметтік бағыттарын түбегейлі өзгертуге тура келеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында адамға тән қасиеттердің жақсы, өнегелі үлгілерін ойдағыдай қалыптастыру мектепке дейінгі мекемелердің негізгі міндеті болып табылады. Мектепке дейінгі шақтан баланың тұңғыш рет мектеп табалдырығынан аттап, білім алуға ден қоюы - оның өміріндегі дамуының негізгі кезеңі болып саналады.

Қазіргі ғылым мен техниканың даму деңгейі талап ететін білімді, жылдан жылға көлемі артып келе жатырған ақпаратты меңгеруде оқушылардың осы білімді игеруге деген қызығушылығының, оқуға мотивациясының алатын орны ерекше. Әсіресе білім берудің алғашқы баспалдағы болып саналатын мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың оқуға мотивациясын қалыптастыру оқыту үрдісінің нәтижелі, жемісті жүргізілуінің басты шарттарының бірі. Бұл қазіргі қоғам жағдайында мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық мотивтерін қалыптастыруда тиімді әдіс-тәсілдерді, құралдарды, білім беру технологияларын және оны қалыптастырудың т. б. педагогикалық-психологиялық шарттарын іздестіруді талап етеді. Ең алғашқы рет «мотивация» сөзін А. Шопенгауэр «Четыре принципа досточной причины» мақаласында қолданды. Қазіргі таңда мотив, мотивация психологиялық құбылыс ретінде әртүрлі түсіндіріледі.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол балалардың жеке басын ескере отырып дамытатын орталық» делінген. Осы тұжырымдаманы негізге ала отырып, мектепке дейінгі тәрбиесін ұтымды ұйымдастырып, нәтижесі жалғастырылып келе жатыр. Білім беру тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаты мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын, және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми теориялық әдіснамалық құжат болып табылады. Бұл құжатта мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың ұйымдастырылған бағдарламасына толықтырулар енгізіліп, балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға деген құқығын қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі білім беру және түзету бағдарламаларымен қамтуды дәйекті түрде ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатынаса, барлық балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен ертерек қамту, мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру, мектепалды даярлығының мазмұнын қайта қарау, мектепке дейінгі және бастауыш білімінің оқыту бағдарламаларының үйлесімділігін қадағалау және балалардың бойында оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеу мен дамыту міндеттері жүктелген

Осыған байланысты баланың мектепке психологиялық дайындығы адамның барлық негізгі құрылымына сәйкес бір уақытта қалыптасады.

Әсіресе, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан 2030 стратегиясына, Білім мемлекеттік бағдарламасына, Баланың құқықтары туралы конвенцияға сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасынада мектеп жасына дейінгі балаларды мектепалды дайындыққа тәрбиелеу мен оқыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінген.

Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мекемелерде мектеп жасына дейінгі балаларды міндетті мектепалды даярлаудың ережесіндегі негізгі міндеттер мыналар:

- Баланы мектепке даярлау;

- Баланың дене және психикалық денсаулығын сақтау және нығайту;

- Баланың интеллектуалдық және жеке басының дамуын қамтамасыз ету, олардың эмоциялық саулығы туралы қамқорлық;

- Оған мұқтаж балалардың дамуының бұзылуын түзету;

- Балалардың толық мәнді дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.

Зерттеудің көкейкестілігі: Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық тұрғыдан жақсы дамуы өз кезегінде мектеп оқуында оқу үлгерімінің жақсы болуына ықпалын тигізеді. Бұл әсіресе 12 жылдық білім берудің нәтижелі енгізілуіне негіз болады.

Зерттеудің мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық дамуын арттыру жұмысының жүйесін негіздеу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер мектеп жасына дейінгі балаларға дамытушылық, танымдық ойындар жүйелі жүргізілетін болса, онда олардың психикалық процестері жедел дамиды.

Зерттеудің міндеттері: мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлық мотивтері мен мотивациясы, өзіндік даму ерекшеліктерін ғылыми теория тұрғыдан зерттеу; психикалық процестерін дамыту бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу.

Зерттеу әдістері:

  1. Философиялық және педагогикалық-психологиялық, т. б. әдебиеттерге теориялық талдау, нормативтік құжаттарды талдау;
  2. Теориялық зерттеу нәтижелерін бағалауға жүйелі тұрғы, теориялық және эмпирикалық материалды талдау, мазмұндық жалпылау әдісі, прогностикалық модельдеу, ойша жобалау;
  3. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені талдау;
  4. Психодиагностикалық әдістер
Зерттеу көздері: ғылымда талқыланған зерттеулер жеке тұлға мен әлеуметтік ортаның өзара әрекеттестігі теориясы (Л. И. Божович, Б. Т. Лихачев, А. С. Макаренко, С. Т. Шацкий және т. б. ), әлеуметтену тұжырымдамасы (Б. Г. Ананьев, Г. М. Андреева, Л. С. Выготский, И. С. Кон, В. С. Мухина, А. В. Петровский), мотивация және мотивтер тұжырымдамалары (В. Г. Асеев, В. К. Вилюнас, В. И. Ковалев, А. Н. Леонтьев, М. Ш. Магомед-Эминов, В. С. Мерлин, П. В. Симонов, Д. Н. Узнадзе, П. М. Якобсон, Дж. Аткинсон, Г. Холл, А. Маслоу, Х. Хекхаузен, А. К. Маркова, Т. А. Матис, А. Б. Орлов т. б. және т. б), оқу-тәрбие мекемелерінде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің түрлі педагогикалық астарларын жан-жақты қарастырған Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, К. Б. Жарықбаев, К. Ж. Қожахметова, С. А. Ұзақбаева, Л. И. Керимов, А. А. Бейсенбаева, Т. С. Сабыров, Г. А. Уманов, Р. М. Қоянбаев сияқты белгілі қазақстандық ағартушылардың тұжырымдамалары, сонымен бірге білім беру жүйесіне байланысты мемлекеттік құжаттар.

Зеттеу объектісі. мектеп жасына дейінгі балалар.

Зеттеу пәні : Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық процестерінің дамуы, мінез-құлық мотивтері.

Зерттеу базасы: Алматы облысы, Қапшағай қаласы. №4 және №3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің мектепалды даярлық топтары.

І тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық, анатомо-физиологиялық ерекшеліктері және оның мінез-құлқы мотивтерінің өзгерісі

  1. Мотивация және мотив мәселелері ғылыми зерттеу нысанасы және адам іс-әрекетінің негізгі қозғаушы күштері ретінде

Адам іс-әрекетінің мотивациясы және мотиві мәселесі әрбір адамды, соның ішінде психологтарды толғандыратын өзекті мәселелердің бірі. Кез-келген оқу-тәрбие үрдісін нәтижелі ұйымдастыруға тырысатын психолог ең алдымен оқушылардың мінез-құлық мотивациясының негізін, түп-тамырын іздеуге талпынады.

Адамның белгілі бір іс-әрекетті орындаудағы ерекшеліктері мен оның өзіндік қасиеттері өзара біртұтас құрылымды құрайды және бұл құрылым иерархиялық түрде көрінеді, яғни адамның барлық қасиеттері айналасына жинақталатын орталығы болады. Л. И. Божовичтің пікірінше мұндай орталық адамның мотивациялық-қажеттілік сферасы болып саналады .

Адам іс-әрекетінің мотивациясы туралы көптеген ой-пікірлер, теориялар Аристотель, Гераклит, Демокрит, Лукреций, Платон, Сократ секілді ежелгі философтардың еңбектерінде-ақ пайда болды. Олардың пікірі бойынша өмірдің оқытушысы «қажеттілік» болып есептеледі. Гераклиттің пікірінше қажеттіліктер өмір шарттары жағдайларымен анықталады, қажеттіліктерді қанағаттандыруда белгілі шектеуді сақтау адамның дамуы мен интеллектуалдық қабілетінің жетілуіне жағдай жасайды деп түсіндіреді.

Сократ өз қажеттіліктерін, мінез-құлқын, тілектерін бағындыра алмайтын адам басқа адамдарға тәуелділіктен арыла алмайды, өз тәнінің құлқы болып қалады деп жазады. Яғни, оның айтуы бойынша адам өз қажеттіліктерін тек шын мәнінде өзекті мәселеге айналдырғанда ғана қанағаттандыруы тиіс. Платон адам өз қажеттіліктерін саналы басқаруды талап етеді. Лукрецияның пікірінше еріктің көзі қажеттіліктерден туындайтын тілектер. Демокрит қажеттілікті негізгі қозғаушы күш және қажеттілік эмоционалды қайғыруларға, адамның ойлауға, сөйлеуге, еңбекке дағдылануына әсерін тигізеді деп түсіндірді. Яғни, оның пікірінше егер адамда қажеттілік болмаса, ол сол жабайы күйінде қалар еді.

Қазіргі уақытта мотивация теориялары көптеп саналады. Мотивацияның қазіргі теорияларының көздерін алғашқы психологиялық білімдер туындаған ошақтардан іздеген жөн. Бұл мәселені зерттеу кезінде адам мотивациясының пайда болуы мен мәніне көзқарас үнемі өзгеріп, философиядағы рационализм мен иррационализм ағымдарының арасында орналасты. Рационалистік позиция бойынша адам жануарға еш ұқсастығы жоқ ерекше тіршілік иесі. Ол әсіресе ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі ежелгі философтардың еңбектерінде айқын көрінеді. Яғни, олардың пікірлерінше тек адам ғана санаға, ақылға, ерік-жігерге ие. Адам мотивациясының ошағы, оның ақыл-ойы, санасы және ерік-жігер.

Иррационализм ілім ретінде негізінен жануарларға бағытталады. Онда жануарлардың мінез-құлқы адамдармен салыстырғанда санасыз, биологиялық күштердің, ағза қажеттіліктерінің ықпалымен басқарылады деп түсіндіріледі.

Адам іс-әрекетінің мотивациясы жөніндегі алғашқы психологиялық теория ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда пайда болған адам мінез-құлқын рационалистік негізде түсіндіретін, жануарлар мінез-құлқын иррационалистік негізде түсіндіретін автоматтылық теориясы.

ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда механика жетістіктерінің нәтижесінде кең өріс алып дамыған автоматтылық теориясы, кейін тірі ағзаның түрлі әсерлерге беретін механикалық, автоматтылық ретіндегі жауабы рефлекс идеясымен байланыстырылды. Бірі адамдар, екіншісі жануарлар үшін бөлек екі мотивациялық теория философияны екі қарама-қарсы ағымға, идеализм мен материализмге бөлу ХІХ ғасырдың соңына дейін созылды.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы түрлі ғылымдарда ашылған жаңалықтармен есте қалды. Соның ішінде Ч. Дарвиннің биологиядағы эволюция теориясының орны ерекше. Ч. Дарвин өз ілімін көптеген ғасырлар бойы анатомиялық, физиологиялық және психологиялық жағынан мүлде ерекше бөлек болып саналып келген адамдар арасындағы шыңырау үстіне көпір салғандай болды. Ол бұл тіршілік иелерін өзара мінез-құлықтық және мотивациялық жақындастыруда, әсіресе эмоционалды экспрессивті көріністері, қажеттіліктері мен инстинктілері тәрізді ортақ мінез-құлық формалары бар екенін көрсетті.

Иррационалистік, адам мінез-құлқына мәні жағынан биоголизаторлық көзқарас ұстанған инстинкт теориясын ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында З. Фрейд пен У. Макдауголл ұсынды.

Адамның биологиялық қажеттіліктері, жеткіліктері мен ұмтылыстары теориясынан басқа ХХ ғасырдың басында Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясынан, яғни И. П. Павловтың жаңалықтарынан тағы екі ағым пайда болды. Олар мотивацияның мінез-құлықтық теориясы және жоғары жүйке іс-әрекетінің теориясы мотивациялық мінез-құлықты түсіндіретін Д. Уотсонның идеяларының логикалық жалғасы сияқты болды. Д. Уотсон мен Э. Толманнан басқа бұл бағыттың көрнекті өкілдеріне Х. Холл мен Б. Скиннерді жатқызуға болады.

ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап тек адамға қатысты мотивацияның арнайы тұжырымдамалары пайда бола бастады. Мұндай тұжырымдамалардың алғашқысын К. Левин ұсынды. Содан кейін А. Маслоу, К. Роджерс сияқты гуманистік психология өкілдерінің еңбектерінде жариялана бастады.

А. Н. Леонтьев тұжырымдамасы бойынша адамның мотивациялық сферасы оның басқа да психологиялық ерекшеліктері сияқты практикалық іс-әрекетте өзінің көздері, бастаулары болады. Іс-әрекеттің өзінде мотивациялық сфера элементтеріне сәйкес, олармен функционалды және генетикалық байланысты құрамаларды байқауға болады /24, 63 б. /.

ХХ ғасырдың ортасында мотивацияның бірнеше теориясы бөлініп шықты. Олардың әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Бұл теориялардың барлығын жеке-жеке қарайтын болсақ, мотивация феномендерінің кейбір жақтарын ғана түсіндіруге қабілетті. Дегенмен, адам мотивациясы туралы нақты фактілердің жетіспеушілігінен, зерттеу әдістерінің әртүрлілігінен оларды жақындастыру қиындыққа алып келеді.

Адамдарда мұқтаждық қажеттілікті тудыратындығы барлығымызға мәлім. Адамдар қандай да бір физиологиялық немесе психологиялық жетіспеушілікке тап болғанда, қажеттілікті сезінеді. Демокриттің пікірінше қажеттілік бірінші және екінші болып жіктеледі. Бірінші қажеттілік өз табиғатында физиологиялық болып саналады және әдетте, тумыстан пайда болады. Бұған мысал ретінде тамаққа, суға, ауа жұтуға, ұйықтауға, жыныстық қарым-қатынас жасауға және т. б. қажеттіліктер жатады. Екінші қажеттіліктің табиғаты психологиялық. Мәселен, табысқа жетуге, өзін құрметтеуіне, үйірсектікке, билік етуге, бір нәрсені қажетсінуге құштарлық. Бірінші қажеттілік генетикалық негізде, ал екіншісі өмір тәжірибесі арқылы қаланады. Адамдарда тәжірибенің жинақталуы алуан түрлі болатындықтан, екінші қажеттіліктің біріншіден едәуір айырмашылығы болады.

Қажеттілік әрекет етуге себепші болады. Адам қажеттілікті сезіне бастағанда, онда талаптану күйі сезіледі. Талаптану - бұл бір нәрсенің жетіспеушілігін сезіну, белгілі бір мақсат көздеу. Бұл мінез-құлықтағы қажеттілік көрінісі, әрі мақсатқа жету ниеті болып саналады. Осы тұрғыдан қарастырғанда мақсат - бұл қажеттілікті қанағаттандырудың өзіндік әрекеті. Адам өз мақсатына жеткен кезде, оның қажеттілігіне қанағаттанады, не қанағаттанбайтын болады .

Мотивация үшін таңдаулы деген бір ғана әдіс болмайды, адамдардың біреуіне мотивацияның бір түрі тиімді болғанмен, екіншісіне түкке жарамауы мүмкін. Сонымен қоса ұйымның өзі де жеке бір адамға бейімделген мотивация теориясы іс жүзіне асыруды күрделендіре түседі. Жұмыстың өзара тәуелділігі, жекелеген адамдардың жұмыс нәтижесі туралы мәліметтердің жеткіліксіздігі, технологияның жетілдірілуінен қызмет міндеттерінің жиі өзгеруі - осының барлығы мотивацияны күрделендіре түседі.

П. Гольбах қажеттіліктер біздің еркіміздің, ақыл-ой белсенділігіміздің қозғаушы факторы деп санап, сананың спонтанды белсенділігін, танымдық, эмоционалдық және еріктік әрекетті мойындады.

Адам мінез-құлқын түсіндіруде Н. Г. Чернышевский де қажеттіліктердің ролін мойындады. Ол ағзалық қажеттіліктерді өтеу адамгершілік-эстетикалық қажеттіліктің пайда болуына алып келеді деп санайды.

Р. Вудвортс та адамның психикалық белсенділігінде қажеттіліктердің орнын мойындай отырып, соның арқасында ағза бір стимулға сезімтал болып, басқаларын байқамауы мүмкін, сол себептен ол тек қозғалыс реакциясының сипатын анықтап қана қоймай, қоршаған дүниені қабылдауға

әсерін тигізеді деп санайды. Бұл жерде Р. Вудвортс пен А. А. Ухтомскийдің көзқарастары сәйкес келіп, қажеттілікті қозудың доминанты ретінде қарастырады.

ХХ ғасырдың 20 жылдары батыс психологиясында тек адамға қатысты мотивация теориялары пайда болды. Мұнда ағзалықтан басқа оқыту және теория нәтижесінде пайда болатын психогенді қажеттіліктер бөліп көрсетіледі. Оған жетістікке жету, тәуелсіздікке жету, афиллиация, агрессия, сыйластық және қорғаныс, басымдылық және көңіл аударту, зиянды әсерлер мен сәтсіздіктерден қашу т. б. қажеттіліктер жатқызылады. Сонымен қатар А. Маслоу да адам қажеттіліктерінің классификациясын ұсынды. А. Маслоу адамдардың бұрын тәжірибесі бар, әрі білімді деп қана қарамай, оларды өзін-өзі меңгеретін, өз өмірін қалыптастыра алатын жандар ретінде қарастырады. Ол адамдарда иерархиялық жүйеден тұратын көптеген қажеттілік болатындығын мойындады. А. Маслоу бұл қажеттіліктерді 5 категорияға (1-сурет) бөледі:

1. Физиологиялық қажеттілік өмір сүру үшін керек. Бұған тамақ, су, баспана, демалу және жыныстық қатынас қажеттіліктері жатады.

2. Қауіпсіздік, қорғану және болашаққа сенімділік қажеттіліктеріне қоршаған орта тарапынан болатын физикалық және психологиялық қауіп -қатерден қорғану қажеттілігі, болашақта физиологиялық қажеттіліктің қанағаттандырылуы жатады.

3. Әлеуметтік қажеттілік - бұл бір нәрсеге немесе біреулерге қатыстылық сезімі, өзіңді біреулердің құрметтеу сезімі, әлеуметтік қарым-қатынас, құштарлық және сүйемелдеушілік сезімі.

4. Құрметтеу қажеттілігіне өзін-өзі құрметтеу, жеке басының жетістіктері, біліктілігі, басқа біреудің өзін құрметтеуі, мақұлдауы жатады.

5. Өзін-өзі көрсету, өзектендіру қажеттілігі - өзінің потенциалды мүмкіндігін, жеке басының өсіп-жетілуін жүзеге асыру қажеттілігі. Өзін-өзі өзектендірудің көптеген міндеттері тұлғаішілік болып келеді. Оларға: жоспарлау, өзін ашып көрсету, дамудың потенциялдық мүмкіндіктерін ашып көрсету, өмірлік позицияны қалыптастыру жатады.

сурет 1. А. Маслоу бойынша қажеттілік пирамидасы

өзін-өзі

көрсету

қ ұ р м е т т е у

ә л е у м е т т і к

қ а у і п с і з д і к және қ о р ғ а н у

ф и з и о л о г и я л ы қ

Маслоудың жорамалдауынша төменгі деңгейдегі қажеттілік қанағаттандырылған жағдайда ғана, едәуір жоғарғы деңгейдегі қажеттілік пайда болады да, адамдардың назарында осы жоғары деңгейдегі қажеттілікті қанағаттандыру ой-ниеті туындайды. Әрбір нақты уақыт кезеңіне орай адамдар өзіне аса маңызды немесе күшті қажеттілікті қанағаттандыруға ұмтылады. Осы қажеттіліктердің негізінде бала дамып, өсіп шығады. Өзін ортада еркін ұстауын көмектеседі.

Өзін-өзі көрсету қажеттілігі ешқашанда толық қанағаттандырылмайды, өйткені адамның жеке басының ой-өрісі дамуына орай, оның потенциалдық мүмкіндігі ұлғая түседі. Сол себептен де мотивация үрдісінде адамның қажетсінуінде шек болмайды .

Маслоу теориясы адамдардың жұмысқа және оқуға ынталандыру негізін түсінуге зор үлес қосты. Оның бұл теориясынан оқушының оқу іс-әрекетіне мотивациясында олардың отбасындағы әлеуметтік жағдайлары, қарым-қатынастары, сонымен бірге өз сыныбындағы жағымды психологиялық хал-ахуалдың тигізетін әсерінің маңызы маңызды роль атқаратынын байқаймыз.

Маслоу пирамидасының жалпы құрылымына сыншылар тарапынан түрлі пікірлер айтылды. Оның теориясында қате жақтары болуы, ұсыныстарының бәрі бірдей жүзеге аса бермеуі мүмкін, алайда көптеген ой-пікірлерінің айырықша маңызы бар екендігі сөзсіз.

Қажеттілік теориясын ұстанғандардың бірі Мак-Келланд. Мак-Келланд тәсілі мотивтер құрылымын және оның мінез-құлыққа және жеке басқа әсерін зерттеуге негізделген. Ол адамдарға үш түрлі қажеттілік: билік, жетістік және қатыстылық тән деп есептейді. Билік қажеттілігі басқа адамдарға ықпал ету ниетінен көрінеді. Оқушылар ұжымындағы мұндай оқушылар әдетте өз пікірін батыл, ашық айтады, пікірталастан, өзара сыннан тайсалмайды, өз пікірін өткізуге тырысады шебер сөйлейді, әрі басқалардың өзіне ерекше көңіл бөлуін талап етеді. Адамның мадақтауға құштарлығы, сол адамның жетістігін жариялаумен шектелмейді, оның жұмысты ойдағыдай орындауымен қанағаттандырылады. Мадақтауға өте құмар адамдар кері байланысты ерекше ұнатады, өзіне тәуекел шешім қабылдайды, алдына қолайлы мақсат қояды, басқалардан гөрі өз жұмысына ерекше көңіл бөледі, әрі өзін-өзі ұдайы жетілдіріп отыруға тырысады. Мұндай адамдар қалай да табысқа жетуге тырысады. Бұлар таныстарымен жиі араласуды, достық қарым-қатынас орнатуды, біреулерге жәрдем беруді жақтайды.

ХХ ғасырдағы экономикалық өрлеу бұл салада да түрлі мотивациялық теориялардың пайда болуына алып келді. Бұған Герцбергтің екі факторлы теориясы мен мотивацияның іс жүргізу теориясы. Бұл теориялардың негізін басшылардың өз қол астындағы жұмысшыларының жұмысқа мотивациясын арттыруға бағытталған кеңестері құрайды.

Бихевиористер тітіркендіргішті ағза реакциясының белсенді көзі ретінде қарастырып, мінез-құлықты «стимул-реакция» кестесі арқылы түсіндіреді. Олар үшін мотивация мәселесі жоқ, өйткені олардың көзқарасы бойынша ағзаның реактивтілігі мінез-құлықтың динамикалық шарты, яғни оның тітіркендіргішке өзіндік ерекше жауап беруге қабілеті кестеге реактивтіліктегі айырмашылықты түсіндіретін фактор (мотивация деп аталатын) ендірілгендігіне байланысты ағза әрқашанда сырттан келетін стимулдарға жауап бере бермейді. Бірақ бұл фактор таза физиологиялық механизмдерге қосылады. Осыдан мотивацияны ағзаның кейбір тітіркендіргіштерге реактивтілік табалдырығының төмендеуі функциясы жағдайы ретінде түсіне бастады. Бұл жағдайда мотив энергизатор немесе сенсибилизатор ретінде қарастырылады.

Ж. Нюттен күнделікті өмірде адам мінез-құлқы, іс-әрекеті жоспармен және бұл жоспарды жүзеге асыруға, мақсатқа жетуге ұмтылыспен анықталады деп түсіндіріледі. Бұл кесте Ж. Нюттеннің пікірінше шындыққа сәйкес және адамның күрделі мінез-құлқын ескереді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы шығармашылық белсенділігін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаға сипаттама
Мектеп жасына дейінгі үлкен балалардың сөйлеуін тікелей оқу іс-әрекетінде және күнделікті өмірде дамыту құралы ретінде фольклордың шағын түрлерін пайдаланудың тиімділігін негіздеу
Ойын кеңістігі арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың мәдени қарым - қатынас дағдыларын дамыту ерекшеліктері
Бала бақша мен мектептің өзара байланысы және балалар мен оқушылардың бейімделу үрдісі
Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің қалыптасу жолдары
Бала психологиясы - жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі
Мектеп жасына дейінгі баланың таным процестерін дамытудың теориялық негіздері
ЕРКІН ОЙЫН МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫ ДАМУЫНЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Мектеп жасына дейінгі баланың сезімі мен эмоциясының өзгеруі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz