Байланыстырып сөйлеуді дамыту



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Мектепке дейінгі жастағы балалардың байланыстыры сөйлеуге үйрету.
Жоспар:
I тарау Байланыстыра сөйлеу түрлері, өзіндік ерекшеліктері.

1. Әр түрлі жастағы топтарда байланыстыра сөйлеу мақсаты, мазмұны.
2. Әр түрлі жастағы топтарда диалог сөзге үйрету тақырыптары, мазмұны әдісі.
3. Байланыстырып сөйлеу үйретуде әңгімелесу маңыздылығы. Әңгімелесу тақырыптары, құрлымы, өткізу әдісі.
4. Әңгімелесу кезіндегі тәрбиешінің дайындығы.
5. Әңгімелеуге үйрету балаларды монолог тілін қалыптастыру құралы. Әңгімелеудің әдістері. ( көрсету арқылы, сурет бойынша, ойдан құрастыру, өз тәжіребиесінен әңгіме құрастыру)
6. Шығармашылық әңгіме, оның маңызы, ерекшеліктері.

Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде мынадай мәселеге баса назар аударылады:бойынша әңгіме құрастыруда өз ойын жүйесін анық,түснікті жеткізе білуге үйретіледі; логикалық тапсырмаларды орындағанда баланың байланысып сөйлесуіне баса назар аудару қажет;оқылған шығарманың мазмұнын өз түсінігі бойынша ауызша баяндай білуге төселдіру керек.
Байланысып сөйлеуді дамытуда сөздік жұмыс ,сөйлем әңгіме құрастыру жұмысы жүргізіледі .Байланысып сөйлеу мәдениеті арнайы жоспарлаған сабақтарда ,сабақтан тыс ойын сәттерінде ,шығармаларды сахналауға ертеңгіліктерді өткізуде дамытылады.Тәрбиеші атқан ертеңгісі зейін қоя тыңдап , мазмұнын ауызша қайталап айтуда, әңгімелеп беруде ,грамматикалық тұлғада дұрыс байланысып сөйлеуге үйретіледі.
Тіл дамыту сабақтаң қызықты, әсерлі тірде ұйымдастырылуы баланың белсенді сөйлеуін қамтамасыз етеді,яғни балаға сөйлеу қажеттігін тудырады.
Тәрбиеші-педагогтар,ата-аналар баланың кез-келген уақытта берген жауыбының толық,дауысының анық ,ашық, мәнерлі болуын талап етуі керек.Күнделікті іс-әрекет сабақ,ойын ,серуен ,бос уақытта баланы ауызша сөйлеу білуге ,сұраққа толық жауып беруге ,сөйлемді дұрыс қарап айтуға өз ойын жүйелі жеткізуге, шығармашылығын әңгіме құрауға үйрету үшін жүргізілетін жұмыстар. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға негіз болады. Мысалы: берілген суреттер бойынша әңгіме құрастыру, отбасында, жолдастарымен қарым-қатынасында,қоршаған ортадағы адамды тыңдай білу,оларға дұрыс жауап беруде диалогтық сөйлеуге үйретіледі.Оқыған шығармаларды әңгімелеуде,оны өмірде көргендерімен салыстыруда монологтық сөйлеуге үйренеді.

Байланыстырып сөйлеудің екі типі диалог пен монолог.Баланың оларды үйренудегі ерекшеліктері.
Диалог- екі не одан да көп адамның әңгімесі;Әңгіменің мақсаты,әдетте бір нәрсе жайында сұрап,оқыған жауап беруге,белгілі бір әрекетке түрткі болуға шақыру.
Монолог-бір адамның байланыстыра сөйлеген сөзі.Монологтың мақсаты-белгілі бір факт жөнінде баяндау.
Диалог стилі жағынан негізінен ауызекі сөйлеу тіліне тән.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістері.
1.Әңгімелесу, әңгімелету, әңгіме құрату.
2.Оқылған шығарма түрін әңгімелету.
3.Сурет,картиналар көрсетіп, әңгіме құрату.
4.Ойыншықтарды сипаттатып әңгімелету.
5.Өз тәжірибесі бойынша әңгіме құрату.
Әңгімелесу әдісі диалог түрде сөйлеуге үйрету мақсатын көздейді. Әңгімелесу баланың зейінін түгелдей қажетті объектіге аударып,оны өз ойын, көреген түйгенін жүйемен, рет-ретімен айтып беруге дағдыландырады.Әңгімелесу сабағы программа мазмұнын меңгерткге, баланың алған білімінің тиянақты, саналы болуына диалог түрінде сөйлеуге жаттықтырып,сұраққа толық сөйлем құрап жауап беруге негіз қалайды. Әңгімелесу сабақтарының тақырыбы,программа мазмұнына сәйкес белгіленеді.
Әңгімелету әдісі баланы монолог түрінде сөйлеуге үйретуді көздейді. Әңгімелету программада көрсетілген тақырыптарға сәйкес,барлық сабақта жүргізіледі.
Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелету.Мұндай сабақтарда алға қоятын мақсат-балалардың байланыстыры сөйлеу дағдыларын жетілдіру,оқылған шығарма мазмұнындұрыс түсініп,грамматикалық жағынан дұрыс байланыстырып жүйелі әңгімелеп беруге үйрету.Әңгімесін айтуға төселдіру әдістері баланың білімімен сөйлеу дағдыларына,оқылған шығарма мазмұнына,сабақтың мақсатына сәйкес белгіленеді.Әңгімелеп айтуға үйретуде мына мәселелер ескеріледі. Мысалы: жаз, күз туралы салыстыра сұрап әңгімлесу.
Байланыстыра сөйлеудің мынадай стильдері болады:
1.Толық стиль көпшілікке арналған стиль немесе оны кітаби стиль деп атайды.-лекция оқығанда,жиналыста сөйлегенде,радио және телевидениеде сондай-ақ сабақта.Толық стильді сөзге анық дикция болуы керек,орташа қарқын,дауыстың күші,үйдің көлемі мен дауыс тембрімен сәйкес келеді.
2. Толық емес стиль, тұрмыстық қарым-қатынаста пайдаланады. Мұнда сөздің дыбыстардың артикуляциясы және шапшаң сөйлеу немесе ұлықсат етіледі. Сөйлеу мәдениетін жеткілікті меңгерген әрбір адам жағдайға сай ешбір дайындықсыз екі стильді де пайдалана алады. Арнайы дайындалған сөз шешендік өнер немесе көркем оқу деп аталады.
Әңгімелеуге үйрету әдістері
Әңгімелеуге үйрету (монологтік тіл). Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологтік мәтіндерді байланыстырып айту, мәтін мазмұнын дұрыс, рет-ретімен айту, белгілі бір түсінікті сипаттап, хабарлы сөйлем түрінде жеткізе білу шеберлігін қалыптастыру.
Сөйлеу мәдениетіне үйрету. Таныс емес ортада, көпшілік алдында сөйлей білуге, өнер көрсетуге үйрету (мерекелерде, өзге топ балаларының және ата-аналардың алдында).
Сөйлеу тілінің қалыптасуы (диалогтік). Өзіне қаратылып айтылған сөздерді тыңдап түсінуге, әңгімені қолдауға, сұрақтарға жауап беруге және сұрауға, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті, әдепті, байсалды ұстау іскерліктерін дамыту. Өзге балалардың әңгімесінің маңыздылығына әсер етіп, бір-бірінен жаңалықты білуге ықыласын арттыру.
Шығармашылықпен әңгімелеу. Тәрбиешінің ұсынған Күз, Менің досым тақырыптары бойынша әңгіменің жалғасы мен аяғын ойлап табу іскерліктерін үйрету.
Тәрбиешінің ұсынған тақырыптарын (Қыс қызығы, Менің сүйікті күшігім, Қыс келбеті, Менің атам, Жарқын жаз және т.б.) бір-бірімен байланысқан сюжет бойынша суреттеу мен әңгімелер ойлап табуға, сөйлемдеріне бейнелеу сөздерін, эпитеттер, салыстырулар қолдануға үйрету.
Өмірден (Менің анам, Наурыз - көктем мерекесі, бақылау бойынша (Көңілді тамшылар), сурет бойынша (Ә. Қастеевтің Дала) әңгімелер құрастыру іскерліктеріне үйрету.

Әңгімелеп бере білу қабілеті
Әңгімелеп бере білу қабілеті бала үшін дүниетануын, өз білімін, түсінігін тексеру, бағалау білу құралы болып келеді.
Баланың әңгімелеп беру қабілетіне қалыптастыруға балабақшада үлкен көңіл аударады. Балаларды өз ойларын жүйелеп, әр бөлігін бір-бірімен байланыстырып жеткізе білуге үйрету. Мектепке дейінгі жаста ауызша монологтік тілдің екі типі қалыптасады: мәтінді қайталап айтып беру және әңгімелеу.
Бала әңгімесінде шығармашылық элементтеріде болады. Баланың мәтінді түсініп жеткізе білуі, бірақ автордың негізгі лексикасынан алыстамай, кейіпкерлерге жаны ашуы өте маңызды.
Әңгімелеу - өз бетімен бір фактыны, оқиғаны айтып бере білу. Бала тақырыпқа байланысты мазмұнын және айтып беру тілдік формасын анықтау қажет. Материалды жүйелеу, ретімен немесе жоспар бойынша айтып беру (тәрбиешінің немесе өзінің) . Бала оның әңгімесі қажет екенін сезінуі маңызды және әңгімелей білу қабілетін қостау қажет. Балаларда өздерінің әңгімелерінен қанағаттану, қуаныш сезімдері болуына жағдай жасау.
Формалары бойынша әңгімелеу суреттеу және сюжетті болады.
Суреттеу - бір заттарға немесе құбылыстарға сипаттама беру. Мұнда нақты түсініктер, бірақ образдың элементтері болу қажет. Ойлары жеткілікті түсінікті, аяқталған. Мысалы тәрбиешінің ортаңғы топтағы ойыншық үйректің сипаттамасы: Бұл үйрек. Ол сары, мамық. Көздері үлкен қара тиектей. Өзі үлкен және жуан, қанаттары құрттай..
Суреттеу әңгімелердің - салыстырмалы және түсіндірмелі түрлері болады. Түріне қарай екі түрлі затты салыстырып айтып береді.
Түсіндірмелі әңгімелеуде - бала өз ойын жеткізеді, әрекеттерді көрсете алады. Мысалы бала екінші балаға қандай да болса затты, ойыншықты қалай дұрыс қолдану , қалай ойыншықпен ойнау қажет екенін түсіндіріп береді.
Сюжетті әңгімелеу - бұл бір уақытта болған, кейіпкерлері бар әңгіме. Балаларға сюжетті әңгімелер туралы түсінік беріледі - бірінші кейіпкерлерін атайды, кейде олардың сыртқы түрлеріне сипаттама беріледі, соңынан бірінші оқиғаның қай жерде болғаны туралы артынан 2-3 эпизодтардың арасындағы байланыс, ең соңында аяқталуы жөнінде айтады.
Осындай әңгімелеу кестесін бала бірден ұғып алмайды. Балаларға аяқтау ұсынылады, немесе оқиға болып жатқан орынды сипаттау, немесе екі кейіпкер арасындағы диалог, т.б. Сюжетті әңгімелеу кейіпкері баланың өзіде болуы мүмкін. Мысалы ол өзінің өткен туылған күні туралы айтатын болса, немесе мен қалай бірінші сыныпқа барамын деп ойын айтып бере алады.
Әңгіменің формасынан гөрі мазмұны өте маңызды. Балаларға әңгімелеп берудің әдістерін таңдау үшін оларға екі факторды ескеру қажет: не туралы әңгімелеуші айту керек, қандай психикалық процеске сүйену қажет. Әңгімелеп берудін үш категориясы: қабылдау бойынша, есте сақтаған оқиғаларды әңгімелеп беру, ойдан шығару. Бірінші екі әңгімелеу категориясы нақты негіздері болады, бар зат, құбылыстар туралы айтады.
Үшінші түрі - шығармашылық әңгіме болып есептеледі. Бала өзі ойластырып айтады, бірақ бала суреттегі кейіпкер туралы, көрмей тұрған зат туралы ойдан шығарып айта алады.
Немесе қолында ұстап тұрған ойыншықтар туралы әңгіме құрастыра алады.
Практикада бала түрлерін араластырып та айта алады. Тәрбиеші балаға талап қояды: бірінші не көріп тұрсын сол туралы айт, артынан ойдан шығарып айтуға болады.
Кішкентайлар тобында әңгімелеуге әзірлейді. Әңгімедегі оқиғаларды бірінен соң бірін тәрбиешінің сұрақтарына, илюстрацияларға, силуэттерге қарап әңгімелеп беруді ұсынады.
Бірнеше сөзбен өз ойларын айтқан балаларды мадақтау. Балалар тәрбиешінің әңгімесіне қатысады: аяқталмаған сөйлемдерде сөздерді аяқтайды, әңгімеде оқиғалар бір-бірінен соң келетінін байқайды.
Бес жасқа қараған балаларда монологтік тілде сөйлеу қабілеттері көрінеді. Ортаңғы топта мәнерлеп әңгімелер мен ертегілерді, заттарды сипаттауға, олардың маңызды қасиеттерін атап әңгімелеп беруге үйретеді. (ойдан).
Ересек тобында заттарды салыстырып, өз тәжірибесінен, есте қалған әңгімелер айтуға, суреттер бойынша салыстырмалы және түсіндірмелі әңгімелер қабылдауға сүйеніп (сюжетті сурет бойынша ІІІ тоқсанда). Әңгіменің сапасына көңіл аударады. Әңгімеде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сюжеттік сурет салу процесінде жоғары мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту
Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру жолдары
БАЛАЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Бастауыш сынып оқушыларынң сөйлеу тілін дамыту жұмыстарының әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жолдары
Оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістері мен түрлері
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР
Сөйлеу тілі жалпы дамымаған үшінші деңгейдегі балалардың байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасу деңгейін анықтау
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ СӨЙЛЕУІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ БӨЛІМІ
Балабақшада тіл дамыту жұмыстарының жүйесі
Пәндер