DELPHI - де мәліметтер базасымен байланысты ұйымдастыру


I КІРІСПЕ
II Негізгі бөлім.
2. 1 DELPHI программалау ортасы2. 2 Delphi - де мӘліметтер базасымен байланысты ұйымдастыру
2. 3 Мәзірлердің жұмысын ұйымдастыру
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Кіріспе
Бастапқыда компьютер болмаған кезде адамдар барлық есептеу, іс-жұмыстары қолмен істеген. Кейін технологияның қарқынды дамуына байланысты көптеген қажетті ақпарат құралдары пайда бола бастады. Осы пайда болған құралдар ішінде әрине өзімізге аса тиімді ақпарат құралы компьютер де бар. Компьютер арқылы ақпаратты сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға және де қабылдауға болады. Оның осы тиімді жақтарын пайдалана отырып, біз өзімізге тиісті жұмыстарымызды атқаруға мүмкіндік береді. Дами келе көптеген программалау тілдері пайда бола бастады.
XXI ғасыр елімізде қоғамдық информатикаландыруды - мемлекеттік саясаттың негізгі элементтреінің біріне айналып отыр. Қоғамды информатикаландыру - деп информатиканы елдің экономикалық нығаюын қамтамасыз ететін, ғылыми -техникалық прогресін жеделдетін қоғамдық байлық ретінде жаппай пайдалану және жылдам әрі нақты ақпараттар беруді айтамыз. Қазіргі таңда пайдалануға арналған арнайы программалар мен программалар жабдықтары көптен саналады. Сондықтан да осы зерттеудің өзектілігі ретінде компьютерлік программалық тілдердің ішінде танымал, әрі жетілген түрі болып саналып жүрген Borland Delphi 6. 0 программалық тілінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы: тест программалары, кезөкелген пәнді үйрететін программалар және т. б. программалар атқаруға болатынын көрсетіп, ұсынып отырмын. Delphi -дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте -бірте кеңейтілген 2, 3, 4, 5, 6-нұсқалары жарық көрді. Мысалы, 5-нұсқа 1999 жылы, 6-нұсқа 2001 жылдың мамыр айында жарыққа шықты. 5, 6-нұсқалардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Тек, Delphi 6, оған қоса 1991 жылы жарық көрген, салыстырмалы арзан, Linex операциялық жүйесінің негізінде де жұмыс істей алады Delphi 6-да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуге ұсынылып отырылған кітапқа қарастырылмаған кейбір өзгешіліктер енгізілген.
Ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресс және Қазақстан Республикасының егемендік алуы жағдайында жастарды өмір мен еңбекке баулу мақсатымен оларды оқыту мен тәрбиелеудің сапасын жан-жақты жақсарту қажеттігі қазіргі заманда дәлелдеуді талап етпейді.
Мектепте информатикадан білім беруді қайта құру осы жұмыстың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Оқушылардың информатикаға даярлауды жақсарту проблемасы, әсіресе қазіргі кезеңде, барынша алуан түрлі ғылымдарға информатиканың жедел енуі өмір шындығына айналып отырған кезде ерекше артып отыр. Алайда, оқушыларды мектепке оқыту мен тәрбиелеу ісін жетілдіру болашақ мұғалімді педагогтік институттар мен университеттерде әдістемелік-математикалық, психология-педагогикалық және кәсіптік даярлауды жетілдірумен барынша тығыз байланысты.
Соңғы жылдардағы жұмыс тәжірибеміз университеттердің түлектерін информатикаға даярлауда бірқатар елеулі кемшіліктер бар екенін көрсетті, олар мыналар: түлектердің мектепте информатика курсы бойынша алған білімдерінің қазіргі талаптарға сай келмейтіндігі; информатикалық білімдерді алудағы формализм; информатикалық мәдениет пен математикалық ойлау деңгейінің төмендігі; әдістемелік білімдердің атүстүлігі; түлектің алдағы әрекетке даярлауының мұғалімдік кәсіпке, ғылым және оқу пәні ретіндегі информатикаға деген ынта-ықылас, пәндік тұрғыдан да алдағы қызметті білуге ұмтылушылық сияқты қасиеттерінің жеткілікті дәрежеде дамығандығы. Сонымен, студентті университетте оқыту кезеңінде информатика мұғалімінің кәсіптік шеберлігі негіздерінің қазіргі кезеңде мектепті дамыту міндеттерін шешу үшін қажетті деңгейіне қол жеткізілмейді. Сондай проблемаларды шешуде өзімнің үлесімді қосу мақсатында мен осы тақырыпты таңдап, аддыма оны ары қарай зерттеу жұмысын жалғастыруды жөн көрдім.
DELPHI ТУРАЛЫ ТҮСIНIК 2. 1 DELPHI ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ Delphi тілінің тарихы Н. Вирт 70-жылдары жоғары деңгейлі Pascal тілін тапқаннан кейін басталды. Бұл тіл бағдарламалауды оқып үйренуде ең жақсы тіл болып табылады. Осыдан кейін 1983 жылы Borland компаниясын ұйымдастырған А. Хейлсберг басқа бағдарламалаушылармен бірге Turbo Pascal компиляторын құрастырды және ол Delphi тілінің дамуында келесі қадамдардың бірі болды.Содан кейін бағдарламалауға объектілі-бағытталған тұрғыда қолданылған Object Pascal пайда болды. Windows, Windows 3. 10 бірінші версиясы пайда болған кезде, бағдарламашылар Delphi 1-ді жасаған болатын. Бұл Object Pascal тіліне негізделген бағдарламаны визуалды өңдеуге арналған объектілі-бағытталған орта болып табылды, яғни Delphi-дегі бағдарлама Object Pascal тілінде жазылады, ол Turbo Pascal тілінің қабылдауышы мен дамушысы болып табылады. Turbo Pascal бағдарламалау тілі мен ол қолданылатын интегралдық құру ортасы кезінде бағдарламалық өнімді құру құралы, соның ішінде бағдарламалауды оқып - үйренетін құрал негізінде кеңінен танымал болған. Бұл танымалдық тілдің қарапайымдылығы, жоғары сапалы компилятор және қолайлы құру ортасына байланысты. Бірақ бағдарламалық технологиялар бір орында тұрмай ары қарай дамиды, сондықтан Borland фирмасы тағы бір жаңалық ашады: Turbo Pascal тілінің орнына Object Pascal тілі келеді, ол объектілі - бағытталған бағдарламалау концепциясына сүйенеді.
Программа негізінен екі бөлімен түрады.
- Borland Delphi программалау тілі.
- Paradox берілгендер қоры.
Курстық жұмыста Delphi программалау тілін пайдалану себебім, қазіргі таңдағы күрделі және жұмыс істеу жағынан мүмкіндігі тілдердің бірі.
2. 1-сурет. Delphi програмасының алғашқы көрiнiсi.
Жалпы, ортада программа құруға арналған 4-ші, модуль терезесi де iске қосылады (Unit1. pas) . Форма терезесiнiң астында орналасатындықтан, ол алғашқыда көрiнбейдi. Delphi-дiң негiзгi терезесiнiң құрамына мәзiр, аспаптар панелi және компоненттер палитрасы енгiзiлген .
2. 2-сурет. Delphi-дің негiзгi терезесi
Windows-тағы сияқты Delphi-де программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшiн алдымен формаға компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған компоненттi тышқан арқылы шертуi мүмкiн. Оның әр iс-әрекетi оқиға шақырады. Яғни, оқиға - программаның жұмыс iстеуi кезiнде объект жағдайының өзгеруi.
Delphi-де әр оқиғаға атау берiлiп қойылған. Мысалы, компоненттер палитрасының Button түймесi арқылы формада орнатылған Button1 компонентiн шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады.
Әр объектiге байланысты оқиғалар жеткiлiктi Мысалы, формаға байланысты оқиғалар саны - 35. Олар қасиеттер терезесiнiң Events қосымша бетiне енгiзiлген. Терезеде оқиға атауларының алдына On префиксi (қосымшасы) тiркестiрiлiп жазылған. Ол - атаудың оқиға екендiгiн бiлдiретiн белгi.
2. 3-сурет. Форма оқиғалары
Delphi-де программа (проект) екi бөлiмнен тұрады: алғашқыда автоматты түрде project1 атауы берiлетiн проект файлы (негiзгi модуль) және unit1. pas атауы берiлетiн модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес iс-әрекеттердi орындайтын программа мәтiнi (процедуралар) енгiзiледi. Программа мәтiнiн программалық код деп, терезенi программалық код терезесi не қысқаша редактор терезесi деп те атайды. Басында ескертiлгенiндей, Delphi iске қосылған кезде ол форма терезесiнiң астында көрiнбей тұрады. Оны экранға шығару тәсiлдерi:
- форманы жабу (жабу түймесiн шерту) ;
- код терезесiнiң бiр шетi форма астында көрiнiп тұрса, оны шерту.
Терезе белсендiрулi түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы (үлгiсi) көрiнедi. Оның тақырыбы нүкте арқылы бөлiнген класс және процедура атауларынан тұрады (1. 5-сурет) т. б.
2. 4-сурет. Код терезесi (Unit1)
Жалпы, формадан код терезесiне өту және код терезесiнен формаға өту үшiн F12 клавишiн басу жеткiлiктi. (1. 5-сурет) көрiнiп тұрғаны - код терезесiне енгiзiлген процедура дайындамасы. Оқиғаға байланысты құрылатын процедура оқиғаны өңдеуiш не оқиғаны өңдеу процедурасы делiнедi. Процедура дайындамасының жазылу түрi:
Procedure <атау> (Sender : TObject) ;
сипаттау бөлiмi
begin
процедура денесi
end;
мұндағы Sender параметрi құрылатын процедураның қай класқа тиiстiлiгiн анықтайды. Терезенiң сол бөлiгiндегi - браузер терезесi. Онда код терезесiнде барлық жарияланулардың құрылымын көрiп шығуға болады.
Тақташадағы батырмалар құрамын өзгерту үшін алдымен тақташаны оң жақ тышқан ьатырмасымен шертіп, шыққан терезедегі тақташалар тізімін және олардың статусын өзгертуге болады.
Пиктограммалық батырмалар арқылы негізгі меню жүйесінің маңызды опцияларына тез арада қол жеткізуге болады. Атқаратын жұмыстарына байланысты пиктограммалық батырмалар 6 топқа бөлінген . Әр топ жеке тақташада орналасады және олардың атқаратын жұмысы төменде көрсетілген.
STANDARD тобы
Объектілер репозитариясын ашу
Бұрыннан құрылған файл ашу
Файлды дискіге сақтау
Дискіге жазып барлық файлдарды сақтау
Бұрыннан құрылған прогамманың жобасын ашу
Жобаға жаңа файлды қосу
Жобадағы файлды жою
VIEW тобы
Екпінді жобаның құрамындағы модульдер тізімінен қажетті модулді таңдау.
Екпінді жобаның құрамындағы формалардың тізімінен керекті форманы таңдау
Форманың терезесінен программа кодының терезесіне және одан кері өту
Жаңа форманы құру
DEBUG тобы
Программаны компиляциялау және орындау
Түзету енгізіп жатқан программаның жұмысын уақытша тоқтату
Қадамдық тексеру ішкі программалардың жұмысын бақылау тәртіпте орындайды.
Қадамдық тексеру ішкі программалардың жұмысын бақыламайтын тәртіпте орындайды
CUSTOME тобы
Delphi ортасының құрамындағы анықтама жүйесін іске қосу
DESKTOPS тобы
Delphi ортасының екпінді күйін сақтау
Түзету тәртібіне сәйкестелген терезелерді орнату
Компоненттер жинағы-Delphi-дің негізгі ерекшелігі. Ол негізгі терезенің оң жағында орналасып, қажетті компонентті тез табуға арналған белгішілерден тұрады.
Компонент деп белгілі -бір қасиеттері бар және форма терезесінде кез келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын функционалды элементті атайды. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген, ол топтарды парақтар деп атайды. Компоненттер көмегімен программаның негізгі қаңқасы құрылады.
Программалау тілінде негізгі жұмыстарды істейді, яғни формаларды іске қосып және форма бетіндегі алма суреттерін шығаруға және есеп нәтижесін беріп отыруда пайдаланды.
Paradox берілгендер қорын пайдалануымның себебі, Delphi программалау тілімен жақсы байланысады және онымен жұмыс істеу кез-келген адамның қолынан келеді.
Берілгендер қорын басқару жүйесі (БҚБЖ) - берілгендер қорымен жұмыс істеуге арналған Delphi ортасындағы программалар қатарында dBase, Paradox, Access, FoxPro т. б. да бар. Database Desktop утилитасының құрамындағы Paradox ең қолайлы, көп тараған программа. Paradox программаның Paradox 1, Paradox 2, Paradox 3, Paradox4, Paradox5, Paradox6, Paradox 7 сияқты бірнеше нұсқалары бар.
Берілгендер қорында екі өлшемді кестенің жолдары жазбалар деп, бағандары өрістер деп аталады. Дәлірек айтқанда берілендер қорында кестедегі әрбір жол жазба болып табылады, ал жазба бірнеше өрістерге бөлінеді.
Windows жүйесінің элементтерімен таныс кез-келген қолданушының Paradox программасын оқып үйренуіне қиындық жоқ десе де болады. Өйткені, Paradox программасымен жұмыс істеу принциптері Windows жүйесіне негізделген, оның объектілері терезе түрінде ашылады.
Процедуралық программалау тілдерінде программаның жұмысы операторларды ретімен орындау бойынша, ал, логикалық программалау тілдерінде ол қатаң логикалық ережелерге сәйкес өзгертулер енгізу ретінде қарастырылған болатын. Объектіге бағдарлы оқиғалық программалау тіліне программаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері - Visual Basic тілі Qbasic программалау тілі негізінде, ал Delphi (Дельфи) Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі құрылған (visual - көзбен көру, экрандық) . Олар, әсіресе, Delphi программалау тілі - кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.
Паскаль тілін оқып үйренуге жеңіл және MSDOS жүйесінде программа дайындауға ең жақсы құрылымдық программалау тілі екені белгілі. Delphi-де Паскаль тілінде орындау мүмкін және мүмкін емес күрделі процестерді программалауға болады. DeIphi-дің негізгі ерекшелігі - онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылды (Windows ортасында пайдаланатындықтан, Delphi-де программаны көбінесе қосымша деп айтады) . Бұл программалау технологиясында нағыз революция жасады деуге болады.
Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша кітапханасы программалау ортасында дайындалып, арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттер элементтерінен жинақталады. Олар жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме программа құрылады. Delphi-де қолданылатын негізгі кітапхананы визуальды компоненттер кітапханасы (VCL, Visual Component Library) деп атайды. Компоненттер панелінде топ-тобымен жинақталған, жүздеген кластарға тиісті, стандартты компоненттер бар. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына да болады.
Delphi Windows жүйесінде праграммалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т. б. іс-әрекеттерді орындау да мүмкін. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты.
Delphi ортасында төрт терезе бар. Олар:
l) Delphi5-Projectl - Delphi5-тің негізгі терезесі;
2) Form1 - Форма;
3) Object Inspector - Объект инспекторы терезесі;
4) Unitl. pas - Редактор терезесі.
1 DeIphi-дің негізгі терезесі үш құрылымнан тұрады:
1 Мәзір.
2 Acnanamap панелі алтыға бөлінеді:
- Standard - Стандарттық;
- View - Көрсету;
- Debug - Баптау;
- Custom- Қолданушы;
- Desktop - Жұмыс столы;
- Internet - Интернет.
- Компоненттер палитрасы төмендегідей беттерден тұрады:
- Standard - Стандартты;
- Additional - Қосымша;
- Win32 - Windows интерфейсінің 32-разряды;
- System - функциялық жүйеге кіру мүмкіндік;
- Data Access - Берілгендер қорындағы информациямен жұмыс;
- DataControl - Берілгендерді элементтермен басқаруды құру;
- dbExpress - SQL-серверіне кіру мүмкіндігі;
- DataSnap - Көп салалы берілгендер қорындағы қосымшаны құру;
- BDE - BDE арқылы берілгендерге кіру мүмкіндігі;
- ADO - ActivX берілгендер объектісін қолданып берілгендер қорына байланыс жасау;
- InterBase - Аттас берілгендер қорына тікелей кіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
- SOAP - Аттас техногия көмегімен анықталған ортады берілгендерді алмастыру;
- InternetExpress - Аттас қосымшаны құру үшін берілгендер қорындағы анықталған қосымша-клиент және қосымша-сервер бір мезгілде болады;
- Internet - Интернет желісінде қосымша Web-серверін құру;
- FastNet - Инетернет желісіне кіру хаттамасын қамтамасыз ету;
- Decision Cube - Көп өлшемді талдау;
- QReport - Есепті құрастыру;
- DiaIogs - Стандартты сұхбаттық терезені құру;
- Win3. 1 - Windows3. 1 интерфейсі;
- SampIes - Бірге қойылатын жүйелік мысалдар;
- ActivX - ActivX компанентті;
- COM+ - Аттас объектілерді басқару;
- InterBaseAdmin - Аттас берілгендер қорына кіру мүмкіндігін басқару;
- WebSnap - Web-серверінің қосымшасын құру;
- Server - Жалпы COM серверлер VCL бөлігі үшін;
- IndyCIients - Клиент үшін Интернет тәуелсіз тұжырымдама компоненті;
- Indy Servers - Сервер үшін тәуелсіз тұжырымдама компоненті;
- Indy Miss - Интернеттің қосымша тәуелсіз тұжырымдама компонентті.
2. Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен көрінеді. Оның жиектеріне тышқан көрсеткішін орналастырып, ол екі жақты нұсқама түріне айналған кезде жылжыту және қалдыру тәсілі бойынша форманы кеңейту не қысу қиын емес. Кей жағдайларда экранда форма көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін View Forms командасын беру жеткілікті.
3. Форманы не онда орынатылған компонентті программа құру үшін дайындау оның кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Қасиеттер тізімі Объект инспекторы (Object Inspektor) терезесіне енгізілген. Тізімді инспектор терезесіне шығару үшін сәйкес объектіні (форманы не формада орнатылған форма компоненттін) бір шерту арқылы таңдау керек. Инспектор терезесінің жоғарғы қатарына таңдалған объект атауы да жазылып қойылады. Терезенің екі қосымша беті бар: Properties - қасиеттер және Events - оқиғалар. Терезе ашылғанда екі бағанға енгізілген жазулардан тұратын оның Properties бөлімі ашылулы тұрады. Бірінші бағанда көрінетіндер - қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар - олардың мәндері.
4. Delphi-де программа (проект) екі бөлімнен тұрады:
алғашқыда автоматты түрде project1 атауы берілетін проект файлы (негізгі модуль) және unit1. pas атауы берілетін модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес ic-әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар) енгізіледі. Программа мәтінін программалық код деп, терезені программалық код терезесі не қысқаша редактор терезесі деп те атайды. Delphi іске қосылған кезде ол форма терезесінің астында көрінбей тұрады. Оны экранға шығару тәсілдері:
- форманы жабу (жабу түймесін шерту) ;
- код терезесінің бір шеті форма астында көрініп тұрса, оны шерту. Терезе белсендірулі түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы (үлгісі) көрінеді.
2. 2 Delphi - де мӘліметтер базасымен байланысты ұйымдастыру
Delphi - дегі мәліметтер базасының негізгі жұмысы Borland DataBase Engine (BDE) болып табылады - Borland фирмасының мәліметтер базасының процессоры. BDE мәліметтер базасы және қосымша арасында делдалдық қызмет атқарады. Ол қолданушыға мәліметтер базасын нақты шешуге арналған жұмыс үшін бір тұтас интерфейс ұсынады, Delphi қосымшасы мәліметтер базасына тікелей катынаса алады, тек BDE - ге ғана катынасады.
Delphi қосымшасы, мәліметтер базасымен байланысу қажет болған жағдайда, BDE - ге қатынасады және мәліметтер базасының псевдонимін және сондағы керек таблицаны хабарлайды. BDE DLL - ге қосылатын минамикалық библиотека ретінде іске асады. Олар, басқа библиотекалар сияқты, API - мен (Application Program Interface -интерфейс прикладных программ) және IDAPI - мен (Intergrate DataBase Application Program Interface) байланысқан. Бұл қосымша қолданатын, мәліметтер жұмыс істеуге арналған процедура мен функциялар тізімі.
BDE - псевдоним бойынша мәліметтер базасы үшін лайықты драйвер табады.
Драйвер - көмекші программа, ол анықталған түрде мәліметтер базасымен калай жұмыс істеу керек екендігіне көмектеседі. Егер BDE - нің СУБД - ға сәйкес өзіндік драйвері бар болса, онда BDE осы арқылы мәліметтер базасындағы керек таблицамен байланысады және қолданушының тапсырмасын өңдеп, қосымшаға өңдеудің нәтижесін керсетеді.
BDE - SQL мен тығыз байланыста - сұраныстардың стандартталған тілі,
SQL -- серверлер (Sybase, Microsoft SQL, Oracle, InterBase) арқылы мәлімет алмасумен қамтамасыз етеді.
- Бұл мүмкіндік клиент/сервер платформасында кең қолданылады. Delphi 5 те мәліметтер базасымен жұмыс істеу үшін BDE - ден басқа ADO (Active Data Objects) Microsoft фирмасы өңдеген процессоры бар. ADO кез - келген мәліметтер түрінің қолданушылық интерфейсі, реляциондық және реляциондық емес мәліметтер базаны, электрондық почтаны, жүйелік және графикалық файлдарды қосқанда. ADO қолдану мәліметтер базасымен эффекті жұмысты қамтамасыз етеді.
2. 3Мәзірлердің жұмысын ұйымдастыру
Мәзірлер. Барлық Windows қосымшаларында қолданушы интерфейсінің элементі ретінде ең көп тараған элемент - мәзір. Мәзір - қосымшада орындалатын командаларды атқаратын қызметтеріне немесе т. б. белгілеріне қарай бір топқа біріктіріп тиімді пайдалану үшін қолданылады. Windows қосымшаларында қолданылатын мәзірлерді келесі түрлерге бөледі:
- Жүйелік мәзір(SystemMenu) - бұл, Windowsқосымшаларының барлығына тән мәзір түрі, сондықтан C++Builder-де қосымша құрғанда жүйелік мәзір форманың өзімен қоса анықталады. Жүйелік мәзірдің сурет-таңбасы, форманың тақырыптар зонасының сол жағында, ал оның командаларына сәйкес сурет-таңбалар (0, Τ, 1 немесе 2) оң жағында орналасады және оларды форманыңBorderIcons (типіTBorderIcons) (типіBoolean) мәнінfalseөзгерту арқылы алып тастауға болады.
Қосымшадағы
негізгі мәзір
(немесе оны бас мәзір, горизонталь мәзір деп те атайды) формаға
MainMenu
компонентінің көмегімен қойылады. Қосымшаның жекелеген элементтеріне арналып жасалатын
контекстік мәзір
(тышқанның оң жақ батырмасын басқанда пайда болатын мәзір) қосымшаға визуальдық емес
PopupMenu
компонентінің көмегімен енгізіледі.
Мәзір конструкторын пайдалану. C++Builder
ортасында формаға қойылған мәзірдің пункттерімен жұмыс жасау үшін Мәзір конструкторын (
Menu Designer
) қолданады. Оны шақыру үшін формада орналасқан
MainMenu
немесе
PopupMenu
компоненттеріне екі рет шерту керек, я болмаса олардың
Items
қасиеті шақырылады /4. 10-сурет/.
4. 10- сурет. Мәзір дизайнерінің терезесі.
Жаттығу жұмыстары
Музыка тыңдауды және суреттер қарауды орындай алатын әмбебап қосымша құрыңыз. Қосымша төрт терезеден тұрады. /4. 11-сурет(а, б, с, д) /
4. 11-сурет. а) Унерверсал программа терезесі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz