Модульді өлшемді кірпіш



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Минералды тұтқыр заттар жане олардың негізіндегі бұйымдар
I Минералды тұтқыр заттар
1.1Гипстік байланыстырғыш заттар
1.2 Керамикалық қабырғалық бұйымдар
1.3Керамикалық плиталар шығару технологиясы.
II Минералды тұтқыр заттар жане олардың негізіндегі бұйымдар
2.1Цементті клинкер
.

Кіріспе
Құрылыста қоспалар маңызды роль атқарады. Себебі, құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларының қасиеттері тек қана оның құрамына енген тұтқыр зат, ірі және майда толтырғыштарға ғана тәуелді болып қалмастан, сонымен бірге оларды қалыптастыру жағдайына да тәуелді болады. Тұтқыр заттың гидратациясы, ұстасуы мен қатаю жағдайларына химиялық қоспалармен әсер етуге болады. Қоспалар гидратация үрдісін реттеу арқылы, бетонның қатаюы мен ұстасу мерзімін басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге ғылыми тұрғыдан химиялық қоспаларды жіктеудің әдістемесі де қолданылады. Ғылыми зерттеу тұрғысынан алғанда химиялық қоспалар олардың әсер ету механизміне қарай жіктеледі. Әсер ету механизміне сәйкес қоспалардың төрт класы ажыратылады:
1) тұтқыр заттың ерігіштігін арттыратын, бірақ онымен химиялық реакцияға түспейтін қоспалр;
2) тұтқыр заттармен нашар еритін аз диссоцияланатын қосылыстар түзе отырып химиялық әрекеттесетін қоспалар;
3) кристалданудын дайын орталықтары;
4) тұтқыр заттардың дәндерінде адсорбцияланатын қоспалар.
Химиялық қоспаларды бетон технологиясында тиімді қолдану байланыстырғыш заттардың шығынын төмендету, су-цемент қатынасын жақсарту арқылы бетонның физика-механикалық қасиеттерін жақсарту, суық климаттық жағдайларда бетон қалыптастыру мүмкіншілігін беру, бетонның әр түрлі орта жағдайларына төзімділігін арттыру, бетонның реологиялық қасиеттерін жақсарту арқылы тиімділік береді.
Химиялық қоспалардың әсері тұтқыр заттардың фазалық құрамы мен қасиеттеріне тікелей тәуелді. Сондықтан қоспаларды қолдану кезінде тұтқыр заттың құрамы мен қасиеттерін ескеру қажет[4-8].
Цементті клинкер, шикізаттық қоспаны күйдіру нәтижесінде, бірнеше табиғи минералдар жүйесі түрінде болады. Белгілі бір табиғи минералдардан тұратын гранитпен салыстыру, полиминералдық жүйе ретінде клинкер туралы жалпы түсінік бере алады. Бірақ гранитке қарағанда клинкердің жекелеген бөліктерін қарапайым көзбен ажырату мүмкін емес, өйткені клинкер өте майда түйіршікті кристалдық, сондай-ақ аморфтық фазалардан тұрады.

1.1Гипстік байланыстырғыш заттар пайдаланатын өндеу материалдары.
Гипстік байланыстырғыш тұтқыр заттар көптеген белгілі минералдар арасында өздерінің тез қатаю, жақсы қалыптану және шығынды аз қажет ететін қасиеттерімен ерекшеленеді. Гипстік байланыстырғыш тұтқыр заттардың осындай қасиеттерді иемденуі олардан қысқа мерзімде сапалы өнім алу дәрежесін жоғарлатады. Бұл өнімдер көбіне құрылыс саласында қолданылады. Гипстік байланыстырғыш тұтқыр заттар жоғары берікті, жақсы акустикалық және жоғары жылу-физикалық дәрежелерімен ерекшеленеді. Олардың жалпы тығыздығы ( 800...1500 кгм ) шамасында болып келеді. Кез - келген салынатын ғимаратта басты конструкциялық және еңбек өнімінің ең алдынғы көрсеткіштері болып әрине, жар-аралық қабырғалар және басты қабырғалар орын алады. Себебі олар болашақ ғимаратттың қаржы бойынша басты бөлігін құрайды. Мысалы: жар-аралық қабырғалар бүкіл ғимарат қаржысының 15%, ал басты қабырғалар 35% құрауы мүмкін. Сондықтан да осындай мақсатта гипстік қабырғаларды қолдану немесе пайдалану жалпы құрылылыс үшін өте тиімді болып табылады. Көбінесе гипсті өнімдер жасауда төмен күйдірілген гипсті тұтқыр заттар қолданылады. Олар МЕСТ - 125, Г - 7 маркалы болып келеді. Себебі осы айтылып кеткен МЕСТ гипсті байланыстырғыш материалдардың барлық талаптарын қанағаттандырады, соның ішінде ( қатаю мерзімі, сызатқа төзімділігі, беріктік шегі) секілді қасиеттері қарастырылған. Сонымен қатар осы айтылып кеткен гипстік байланыстырғыш тұтқыр заттардың суға төзімділігі төмен болып келгендіктен оларды ҚНжЕСНиП 11-3-79 бойынша құрғақ және қалыпты режимді бөлмелерде қалданады.

1.2Керамикалық қабырғалық бұйымдар
Керамикалық қабырғалық бұйымдар қолданылады: сыртқы және ішкі қабырғалықтарға. Сыртқы қабырғалықтар ғимараттар үшін кірпіш және беткі тастар, ірі көлемді плиталар, сыртқы керамикалық плитар және ковры (кілем тәрізді) қолданылады. Кірпіш және беткі тастарды кірпіш стеналармен қатар жинастырып қояды.олардың формасы мен өлшемі бірдей болады, бірақ сапасы мен сыртқы түрлері бөлек болады. Түстері бірдей, беткі жағында дақ, жарық және де басқа да кемшіліктер болады. Беріктігі, сығылуы, пішіні, өлшемі, орташа тығыздығы, сусіңгіштігі МЕСТ сәйкес болуы қажет.беріктік маркасы 75, 100, 125, 150, 200, 250, 300, аязға төзімділігі 25, 35, 70. шикізат материалдарын қосқанда олардың түстері табиғи немесе боялған болуы мүмкін. әйнекті немесе екі қабатты қалыптау. Екі қабатты өнім ұқалыптауда екі массасымен дайындалады: қызылкүйдірілген саз, беткі қабатының қалыңдығы 3-5 мм-ден түстікүйдірілген боялған немесе боялмаған сазды дайындайды. Әйнек - жіңішке қабат, керамикалық бұйымның сыртқы жағынан салса әдемі түс береді. Әйнекті жасалуында табиғи материалдар, кремнезем және глинозем қолданады (кварцты, саз, песок, тальк) және де тұзды, қышқылды металдар: калия, натрия, лития, бора, кальция, магния, бария, цинка, свинца т.б. Суспензия мен консистенций сливокты алу үшін жіңішке ұсақ әйнекті сумен араластырамыз. Күйдірілген уақытта әйнекті балқыту беткі қабатына жайылып және салқындатқаннан кейін әйнек тәрізді қабатқа айналады. Ірі көлемді қабырғалық плиталар тікбұрышты немесе квадратты пішінді иемденеді. Ұзындығы 490, 990, 1190 мм, ені 490 және 990 мм, қалыңдығы 9-10 мм. Олар бір немесе көп түсті, әйнекті немесе әйнекті емес бет жағы жұмсақ және бедерді шығарады. Сусіңгіштігі 1 % , аязға төзімділігі 50 цикл. Мұндай плиталар жерасты жолдарында және ғимараттардың сыртына қолданады.
Құрылыстық керамика - тұрғын және өндірістік ғимараттардың құрылысында кеңінен қолданылатын керамикалық бұйымдардың үлкен тобы. Керамикалық қабырға материалдары - ең ежелгі жасанды материалдардың бірі, олардың жасы 5 мың жыл шамасында. Олар ұзақ мерзімділігімен, қышқылға төзімділігімен және құрамында қоршаған ортаға зиянды заттардың жоқтығымен ерекшеленеді. Ыдыс және тағы да басқа керамикалық бұйымдарды дайындау үшін сазды қолдану ерте заманнан бар еді, тіпті біздің эрамызға дейінгі бірнеше мың жыл бұрын. Ежелгі Греция мен Римде де керамикалық өндіріс жақсы дамыған. Археологиялық қазбалар нәтижесінде Еуропа мен Азия территорияларынан IV-V ғасырларға жататын керамикалық ыдыстар, қыш құмыралар, әшекей бұйымдар табылған.
1415 жылы III Иванның шақыртуымен кірпіш өндірісіне қосқан үлесі зор сол замандағы атақты архитектор және инженер Аристотель Фьорванти Мәскеуге келді. Ол кірпіштің өлшемін өзгерте отырып, оны жіңішкерту туралы ұсыныс айтты, ұсынған кірпіш өлшемі 6,5x2,5x1,5 верш, немесе 270x110x70 мм болды және көлемі жағынан қазіргі кірпіштің 1,05-дей.
Керамикалық өндірістің Қазақстанда пайда болуынан бастап өндіріс технологиясы өзгеріссіз қалды. Жұмыс қолының арзан болуы механикалық құрылғыларды керек етпеді. Осылайша кірпіш өндіру процесі ұзақ уақыт бойы былай болды: сазды қазу қолмен жүргізілді; сазды аяқпен араластырған немесе жылқының көмегімен; қалыптауды ағаш қалыптарға қолмен салу арқылы жасаған, ал кептіру ашық аудандарға қою арқылы, күйдіруді қарапайым пештерде жүргізген.
Керамикалық құрылыстық материалдардың түрлері тек қарапайым сазды кірпіш және черепицамен шектелді.
Ұлы Октябрь революциясынан кейінгі бірінші жылдан бастап-ақ кірпіш өндірісін дамыта бастады. Құрылыстық керамиканың өндірісі халық шаруашылығының маңызды саласы болып табылады.
Соңғы он жыл ішінде өндіріс көлемі жылына 50-100млн. дана шығаратын
механикаланған заводтар құрылды, олар қуатты сазды өңдейтін және қалыптайтын машиналармен және механикаланған үнемді кептіргіштер және пештермен жабдықталған. Қазіргі уақытта металдарды қолдануды, құнын және құрылыстағы жұмыс күшін, ғимараттардың салмағын азайтатын, жылуоқшаулағыштығы жоғарылататын құрылыс материалдарын өндіруде электростанциялардағы, металл және фосфорлық өндірістегі күлдер мен қалдықтарды қолдана отырып жасалатын бұйымдардың маңызы зор.
Құрылыстық керамикалық кірпіш дефицитті металдардың, цементтің, сонымен қатар тасымалдаудың да шығынын азайтатын жергілікті кең тараған қабырға материалдарының бірі. Өндіріс және қабырға материалдарын қолданудың жалпы балансы бойынша керамикалық кірпішке 30co-дай тиесілі. Өзіне күннің энергиясын сіңіре отырып, жылуды қалыпты және жай береді, бұл жаз мезгілінде тез ысып кетуден, ал қыста салқындап кетуден сақтайды. Кірпіштен тұрғызылған қабырға демалып тұрады, нәтижесінде бөлмеде ылғалдылық тепе-теңдік дәрежеде болады.
Қазіргі кезде керамикалық кірпіш өндірісінде мыналарға көп назар аударуда:
* технологиясын әрі қарай дамыту;
* шығарылатын өнімнің сапасын арттыру;
* түрлерін көбейту.
Жаңа өнеркәсіптер салу кезінде автоматталған және механикалық технологиялық құрылғыларды қондыру көзделуде. Дәстүрлі толық денелі кірпіштің орнын болашақта толықтай басатын, тиімді қуыс денелі кірпішті шығару көбеюде. Бұл тек қана шикізаттың шығынын азайтып қоймайды, сонымен қатар сыртқы қабырғалардың қалыңдығы мен массасын азайтады, осы кезде оның жылуұстағыштығы төмендемей, бұрынғыдай сақталып қалады.
Түрлерінің көбеюі, атап айтқанда, бұйымдардың өлшемдерін ұлғайта отырып, орташа тығыздығын қуыстарын көбейту арқылы 1250-1350 кгм3-ке дейін төмендету - 1м2 сыртқы қабырғаға кететін материалдың шығынын 20-30co-ға қысқартады.
Шығарылатын өнімнің сипаттамасы.
Жартылай құрғақтай престелген сазды кірпіш - көп қолданысқа ие қабырғалы керамикалық материалдардың бірі. Көбіне заводтар кірпішпен бірге тиімді және өлшемдері ірі келетін тастар, беттік (лицевые) кірпіш пен тастар шығарады. Кірпіштер мен тастарды МЕСТ 530-95 бойынша сазды және кремнеземдық жыныстардан (трепел, диатомит), көмір өндірісінің қалдықтарынан, сонымен қатар күлдердерден, минералдық және органикалық қоспалардан (оларды қоспауы да мүмкін) дайындайды. Кірпішті толық денелі немесе қуыс денелі етіп шығарады, ал тастарды тек қуыс денелі түрінде шығарады.
1. Негізгі параметрлері мен өлшемдері.

Кірпіштер мен тастар өлшемдеріне байланысты 1.1.кестеде көрсетілген түрлерге бөлінеді.
Кесте 1.1.1.
Бұйымның түрлері
Ұзындығы
Ені
Қалыңдығы
Кірпіш
250
120
65
Кірпіш қалыңдатылған
250
120
88
Модульді өлшемді кірпіш
288
138
63
Тас
250
120
138
Модульді өлшемді тас
288
138
138
Іріленген тас
250
250
138
Қуыстары горизонталь орналасқан тастар
250
250
120

Техникалық қасиеттері мен тығыздығына байланысты (көлемдік массасын) тұрақты массаға дейін кептірілген кірпіш үш топқа бөлінеді:
* тиімді, қарапайым кірпіштен жасалған, қабырғаның техникалық қасиеттерін жақсартады және қабырғаның қалыңдығына қарағанда жіңішке келеді.Бұл топқа тығыздығы 1400 кгм3-ден артық емес кірпіш және тығыздығы 1400 кгм3-ден артық емес тастар жатады;
* қатысты тиімді, жабын конструкциялардың жылу-техникалық қасиеттерін жақсартады. Бұл топқа тығыздықтары 1400 кгм3 жоғары кірпіштер мен тығыздығы 1450-ден 1600 кгм3 - ге дейінгі тастар;
* тығыздығы 1600 кгм3-ден жоғары болатын қарапайым кірпіш;
Кірпіштер мен тастардың массасы МЕСТ 22951-78 талаптарына сай болу керек. Тығыздығы бойынша кірпіштер мен тастар мынадай маркаларға бөлінеді: 300,250, 200, 175, 150, 125, 100, 75.
Аязға төзімділігіне байланысты Мрз 15, Мрз 25, Мрз 35 и Мрз 50 маркаларына бөлінеді.
Талаптар:

Кірпіштер мен тастар стандарттың талаптарын қанағаттандыру керек және дайындалуы белгіленген тәртіп бойынша жүргізілуі қажет.
Кірпіш пен тастардың қысқандағы және игендегі беріктік шегі 1.2.1. кестеде берілгеннен аз болмауы керек.
Қарапайым кірпіштің пішіні параллелепипед тәріздес, тік қабырғалы және бұрышты, беткі жағы тегіс және өлшемдері 250x120x65 немесе 250x120x88 болуы қажет. Беткі жағы бұдыр болуы да мүмкін. Радиусы 15мм -ге дейін дөңгелектелінген бұрышты кірпіш пен тастарды өндіруге рұқсат етіледі.кірпіштер мен тастардағы қуыстар жазықтығына параллель немесе перпендикуляр орналасу керек және олар түбіне дейін тесік (сквозные) не тек ойық болуы мүмкін. Түбіне дейін тесік цилиндрлік қуыстардың диаметрі 16 мм-ден артық болмауы керек, ал ойық қуыстардың диаметрі - 12 мм-ден артық болмауы керек. Диаметр несквозных пустот не регламентируется. Размер горизонтальных пустот не регламентируется. Сыртқы қабырға кірпіштері мен тастарының қалыңдығы 12 мм-ден кем болмауы керек.
Практика жүзінде өлшемдері дәл болатын кірпішті алу мүмкін емес, сондықтан да мемлекеттік стандартқа сай белгіленген өлшемдер мен көрсеткіштерден ауытқу келесілерден аспау керек:
1. Өлшемдерден ауытқуы, мм:
* ұзындығы бойынша ________ +-7
* ені бойынша ________ +-5
* қалыңдығы бойынша:
кірпіштің ________ +-3
тастың ________ +-4
2. Қабырғалары мен шекараларының түзу болмауы, мм, артық емес:
* жазықтығынан ________ 4
* жанынан ________ 6
Кірпіштің аяғына дейін күйдірілмеуі және күйіп кетуі жарамсыз болып табылады, ондай бұйымдарды тұтынушыға ұсынуға болмайды.
Әктік қоспалар сынақтан өткізгеннен кейін бұйымдардың бетінде жарықшақтардың пайда болуына әкеледі, сондықтан кірпіш бетіндегі жарықшақ ұзындығы 5-10 мм-ден болатын саны үштен артық болмауы керек.
Тұрақты массаға дейін кептірілген кірпіштер мен тастардың су жұтымдылығы толық денелі кірпіштер үшін 8% аз болмауы керек, ал қуыс денелі бұйымдар үшін - 6% кем емес.
Сумен қаныққан күйдегі кірпіштер мен тастар қандай да болмасын ақауларсыз (жарықшақтың пайда болуы, үгітілуі, түсінің өзгеруі) аязға төзімділігі бойынша маркаларына байланысты кезектесіп қатыру мен ерітудің 15, 25, 35, және 50 цикліне шыдау керек.
Сапа жағынан жоғары катергориялы кірпіштер мен тастар мына талаптарды қанағаттандыруы керек:
* қуыс денелілер эффективті не қатысты эффективті және беріктігі бойынша 100ден кем емес маркалы болуы керек;
* толық денелі кірпіштің маркасы беріктігі бойынша 150ден кем болмау керек;
* бұйымның аязға төзімділігі Мрз 25-тен кем болмау керек;
кірпіш пен тас жалпы көлемі бойынша сынықтары 3% артық болмау керек.
Берілген курстық жұмысымда есептеулер толық денелі кірпіш шығару бойынша жүргізілді. Өлшемдері:

* ұзындығы 250 +- 5 мм;
* ені 120 +- 4 мм;
* қалыңдығы 65 +- 13 мм.

Кірпіш құрылыста ғимаратардың сыртқы және ішкі қабырғаларын және т.б.элементерін тұрғызу үшін, сонымен қатар қабырғалық панельдер мен блоктар жасауда қолданылады.
Технологиялық бөлім.
Кірпішті таза саздан немесе созымталдығы жоқ төмен қоспалары бар саздардан жасайды. Көбіне шихта құрамына күйген қоспалар қосады.
Кірпіш дайындау үшін жеңіл балқымалы саздар негізгі шикізат болып табылады. Бұл таулы жыныстар сумен араластырғанда созымталды қамырға айналып, 800-1000°С температурада күйдіргенде тас тәрізді материал пайда болады.
Жеңіл балқымалы саздар жауын-шашын жыныстарына жатады. Кірпіш өндірісінде көп қолданысқа ие болған: элювиалды, гумидті, аллювиалды, теңізді және т.б. саздар.
Қабырға материалдарын өндіруге қажет саздың қолдану мүмкіндігін анықтау үшін оның түйіршікті, химиялық және минералогиялық құрамын, созымталдығын және технологиялық қасиетін білу керек.
Кірпіш өндірісінде сазды фракция құнды болып саналады, олардың құрамы 20co-дан артық болмауы тиіс.
Саздың құрамында шикізаттың технологиялық қасиеттерін арттыратын Al2O3 глиноземнің болуы маңызды: жеңіл балқымалы саздарда оның мөлшері 10-нан 15% дейін болады. SiO2 кремнеземнің құрамы 60-75% мөлшерінде болады.
Сазды кремнеземнің бөлігі сазды түзетін минералды байланыстыратын күйде және байланыстырылмаған күйде қалдық материалдар қасиетіне ие болатын қоспа ретінде болады.
Кальций саздардың құрамында карбонат және сульфат күйінде, ал магний доломит күйінде болады. Саздың кейбір сорттарында кальций мен магний оксидтерде (СаО және MgO) 25%-ға жетеді, бірақ олардың жалпы құрамы 5-10%-дан аспайды. Көбіне кальций мен магнийдің қосындысы керамикалық бұйымдардың пісірілуіне және беріктігіне қарсы әсер етеді. Сазды құрамның 20% көп карбонатты қоспаларда олар сәйкес өңдеусіз немесе байытусыз қолданыла алмайды. Темірдің, титанның, марганецтің және басқа да металдардың саздарда 10-12% мөлшерінде болады және керамикалық бұйымдардың маңызды қасиеттеріне қатты әсер етеді. Ең көп әсерді саздардың құрамында Fe2O3 оксиді және Fe(OН)3 гидроксиді түрінде болатын темірдің оксидтері және MnO2 марганец оксидтері тигізеді. Олар бұйымдардың пісу қабілетін жақсартып, түсін өзгертеді.
Калий және натрий саз құрамына қышқыл оксиді ретінде енеді және оның құрамы 3,5-5% мөлшерінде болады.
Күкірт сазда әртүрлі қосынды түрінде болады, оның құрамы қабырға керамикалық бұйымдардың сапасына әсер етпейді.
Органикалық заттар көбінесе саздардың құрамына 5-10%-дай болады. Бұйымдардың күюі кезінде олар жанып кетіп, қаңқалардың кеуектілігін арттырады. Саздардың құрамында органикалық заттардың, сулардың және карбонаттардың (СаСО3, МgCO3) болуына байланысты қамырға айналу кезінде жою көрсеткіші болады.
Кесте 2.1.
Кірпішті саздың шамамен химиялық құрамы, %.
SiO2
Al2O3
Fe2O3
CaO
MgO
Na2O+K2O
60-75
10-15
2-12
2-15
1-6
2-6

Саздың негізгі қасиетін анықтайтын саз түзуші минералдар көбінесе құрамында кремнезем және темір оксидтері, сонымен қатар, карбонаттар және суда еритін металдардың әртүрлі тұздары болатын аллюминийдің гидросиликаты ретінде келеді.
Саздардың ең маңызды қасиеті болып созымталдығы табылады, яғни оған су қосқан кезде сыртқы күш әсерінен әртүрлі пішінді қабылдай алатын және сыртқы күшті тоқтату кезінде оны сақтай алу қабілеті.
Пластикалық емес материалдар ретінде ірі түйіршікті құм, шлак, дегидратталған саз, шамотты қолданады, жанып кететін қоспа ретінде - ұсақталған көмір, торф және ағаш үгінділері қолданылады. Сонымен қатар саздардың табиғи қасиетін жақсартатын қоспаларды қолданады.
Шикізатқа сипаттама .
Керамикалық кірпіш өндірісінде негізгі компонент ретінде Ақжайық ауданы, Ілбішін кенорнының сазын қолданамыз. Бұл саз кептіруге орташа созымтал, орташа дисперсті, орташа сезімтал болып келеді.

Саздың карьерлік ылғалдығы - 19 % артық емес.
Созымталдық саны - 20.
Кептіруге сезімталдық коэффициенті - 1,55.
Жалпы отыруы - 11,4%.
Ауалық отыру - 7%.
Саз кептіруге орташа созымтал және орташа сезімтал болғандықтан, созымталдықты, отыру коэффициентін және кептіруге сезімтал коэффициентін азайтатын қоспаларды қосу керек. Саз кірпіштің жоғары беріктігін қамтамасыз ететіндіктен, түзейтін қоспаларды - ағаш үгінділерін қосу ұсынылады. Ұсақталған ағаш үгінділері пішіндеу кезінде созымталдықты төмендетуге көмектеседі, ылғал беруді жақсартып және ауалық отыруды азайтатын болғандықтан, өнімнің және кептіргеннен кейін жартылай фабрикаттың беріктігін арттырады, талшықтарымен салмақты шегендеу арқылы кептіру кезіндегі отыру коэффициентін төмендетеді.
Күйдіру процесі кезінде олар жанып кететін қоспаретінде қолданылады. Солай олар бұйымдардың бірқалыпты жылуын қамтамасыз етеді, және дайын бұйымның кеуектілігін арттырады. Кеуектіліктің артуы кірпіштің салмағын азайтады, жылу- және дыбысоқшаулағыш қасиетін төмендетеді және бұйымның беріктігін біраз төмендетеді.
Жанып кететін қоспа ретінде ағаш үгінділері қолданылады(ТУ-313-64). Үгінділердің ылғалдылығы 30% артық емес, гранулометриялық құрамы: фракция құрамы 5 мм-ден артық жіберілмейді; 1-ден 5 мм-ге дейін - 85%; 1 мм-ден аз - 15%.
Қалдықты қоспа ретінде шамот қолданылады. Оның ылғалдылығы - 5-9%. Гранулометриялық құрамы: түйіршіктің ірілігі 1-ден 5 мм-ге дейін - 85%; 1 мм-ден аз - 15%. Фракциялық құрамы 5мм-ден артық жіберілмейді. Шамотты қосу пішіндеу кезінде созымталдығын төмендетіп, кептіру кезінде отыру коэффициентін азайтуға және бұйымның беріктігін арттыруға көмектеседі.

Өндірістегі технологиялық сызбаны таңдау.
Шикізатты зауыттық жағдайда сынау үшін учасканың ортасында орналасқан шурфтан массасы 5-20 т жалпы сынама алады. Әдетте, мұндай зерттеуді ғылыми институтының эксперименталдық цехында немесе зауыттық жағдайда, тек бұрынғы лабораториялық зерттеу нәтижелерінде негізделініп, берілген өндіріс параметрлерін тиянақты бақылаумен жүргізіледі. Сынау жұмысын орталық және зауыттық лабораториялар мамандарын қатыстыра жүргізген дұрыс болады.
Егер зауыттық жағдайда шығарылған партия керамикалық сыналатын бұйымдар мемлекеттік стандарттың барлық талаптарына сапасы жағынан сәйкес келсе, онда зерттелінген шикізат (саз кені) қоры өнеркәсіптік пайдалануға жарамды деп мойындалады. Әрине, мұндай сенімділікке келу үшін саз кені орналасқан ауданның барлық жерінен алынған сынамалардың физикалық-химиялық қасиеттер көрсеткіштрі түгелдей шикізат кенінің жоспарланған керамикалық бұйымдарын шығаруға жарамды екеніне дәлел болулары қажет.

1.3Керамикалық плиталар шығару технологиясы.
Керамикалық плиталар шығару технологиясы.
Керамикалық плиталар сыртқы және ковры (кілем тәрізді). Плиталар стендті, цокольды, әйнекті және әйнекті емес беткі жақты, жұмсақ немесе бедер жағын әртүрлі түстер және өлшемдермен, квадратты және тікбұрышты пішінмен шығарады (15-ке жуық өлшемдер). Стендті плитаның сусіңгіштігі 2-9 %, цоколь 2-5 %6 аязғатөзімділігі 40-50 цикл. Плитаның пластикалық және жартылай құрғақ пресстеумен жасайды. Мысалы, Кабанчик плитасы өлшемі 120х65х7 мм, оны ақкүйдірілген саздан, әйнекті емес және әйнектен жасайды. Кірпіштік стеналарда, панелдерде қоланылады.
Ковров дайындауда (бір және көптүсті) әйнекті және әйнекті емес плитаның алаңы 115 см2-та орындалады. Керамикалық плитаның ішкі қабырғалық стендті, квадратты және тікбұрышты пішінде, сыртқы және ішкі бұрыштарында, карнезді тік плита, карнездің бұрыштары және т.б. Сусіңгіштігі 16 %, беріктігі 15 мПа. Сақтау температурасы 125 (150) 0С кемістіксіз.50-ге жуық өлшемді плиталарды шығарады. Плитаның қалыңдығы 5-8 мм. Плита жұмсақ және рефленным болуы мүмкін, олар беткі қабатын бір түсті әйнекпен жабады. Ақ және түсті плиталар бір және көптүсті суреттермен болуы мүмкін.
Майоликовы плитасы қызылкүйдірілген саздан жасайды. Ішкі қабырғалық кең көлемде қолданылады: жүзу алаптарында, ванна бөлмелерінде, асханаларында, ауруханаларда, дүкендерде, зертханаларда және т.б. ғимараттарда. Сусіңгіштігі 4 %. Плитаны квадратты, үшбұрышты, тікбұрышты, төрт, бес, алты, жеті фигуралармен шығарады. (30-ға жуық өлшемде). Қалыңдығы 4-13 мм.

II Минералды тұтқыр заттар жане олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыс керамикасының химиясы жəне технологиясы
Кірпіш - кең таралған керамикалық материал
Модульді өлшемді тас
Керамикалық материалдар-құрылыс кірпіш және ыдыстар пайда болуы, дамуы және өндірісі
Оңтүстік Қазақстан облысы шикізат материалдарыннан алынатын орташа тығыздығы 950 кг/м3 көбікті бетонның құрамын сұрыптау және көбікті бетон бұйымдарын дайындау технологиясы
Керамикалық кірпіш алу технологиясы және физикалық қасиеттері
Тасты және теміртасты конструкциялар
Объектті бағытталған программалау
Ғимараттардың құрылымдық схемалары
Клебша- Гордан теоремасы. Аға векторлармен аға циклдардың кестелері
Пәндер