Жылулық қозғалыс



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Молекулалы-кинетикалық теорияның объектісі - қатты, сұйық және газ тәрізді күйлердегі зат. Химиялық заттың ең кішкентай бөлшектері атомдар және молекулалар бар болатынын пайымдайтын ілім - молекулалы-кинетикалық теория.
Заттың атомдардан, ең кішкентай бөлінбейтін бөлшектерден құралатыны туралы гипотезаны бұдан 2500 жылдай бұрын көне грек ғалымдары Левкипп және Демокрит айтқан. Бұл гипотеза газ, сұйық және қатты денелердің негізгі механикалық қасиеттерін: газдың шексіз таралуын, заттардың серпімділігін, олардың диффузия арқылы өзара бір-біріне енуін түсіндіре алды.
Молекулалы-кинетикалық теорияның негізінде келесі қағидалар жатыр.
Барлық денелер атомдардан құралады. Атомдар деп заттың ең кішкентай бөлінбейтін бөлшектерін атайды. Бір қарапайым химиялық заттың барлық атомдары бірдей.
Атомдар үздіксіз ретсіз қозғалыста болады. Атомдарды өзара бір-біріне тартатын күштер бар. Өте жақын қашықтықта атомдар бір-бірін тебеді. :
Екі немесе көп атомнан тұратын заттың өте кішкентай бөлшектері молекулалар деп аталады.
Атомдардың және молекулалардың қозғалысы, олардың өзара әрекеті механика заядары арқылы суреттеледі.
Соңғы тұжырым ретсіз қозғалған кішкентай өте көп бөлшектерден құралған денелердің қасиеттерін анықтау үшін механиканың негізгі заңдарын қолдануға мүмкіншілік тудырады.
Жылулық қозғалыс
Қатты, сұйық және газ тәрізді денелерде атомдар және молекулалар қозғалысының ерекшеліктері бар. Қатты денелерде атомдар көрші атомдардың тартылыс-тебу күштері теңесетін нүктелердің маңайында ретсіз тербеліп тұрады. Сұйықтарда қатты денелердегідей атомдар және молекулалар өзара тепе-тендік нүктелер маңайында ретсіз тербеледі, бірақ айрықша олар орындарын өзара ауыстырып отырады. Газ тәрізді күйде болған заттың атомдар мен молекулаларының ретсіз қозғалысы шектелмеген. Қай молекула болсын басқа молекуламен немесе қабырғамен соқтығыс қанша еркін қозғала алады. Зат атомдарының және молекулаларының ретсіз қозғалысы жылулық қозғалыс деп аталады.
Молекулалы-кинетикалық теорияның эксперименттік негіздеуі
Бөлек молекулалар немесе атомдар тікелей байқалатын және жылдамдықтары өлшенетін тәжірибелер молекулалы-кинетикалық теорияны растайтын шешуші дәлелдер болып саналады.
Броундық қозғалыс
Сұйық немесе газда орналасқан ұсақ қатты бөлшектердің ретсіз қозғалысын алғашқы рет 1827 жылы микроскоп арқылы ағылшын ботанигі Р. Броун байқаған. Бұл құбылыс броундық қозғалыс деп аталады.
Ұсақ бөлшектердің броундық қозғалысты молекулалы-кинетикалық теория ретсіз қозғалған молекулалардың кездейсоқ соққыларының нәтижесі деп түсіндірді.
1905 жылы А. Эйнштейн молекулалы-кинетикалық теорияның негізінде броундық қозғалыстың теориясын жасады. Оның есептеуінше, броундық бөлшектің ретсіз қозғалысындағы ығысуының орташа квадраты осы ығысу уақыт аралығына және заттың температурасына тура пропорционал.
Француз физигі Жан Перрен 1908-1911 жылдары броундық қозғалысты зерттейтін жан-жақты эксперименттер өткізді.
Молекулалық физика бөлімін оқып-үйренудің үлкен білім аларлық маңызы бар. Оқушылардың негізгі мектептің 7-9 сыныптарда алған бастапқы қарапайым мәліметтері (заттың құрылысы және қасиеттері, жылулық қүбылыстары және т.б.) бағдарлы мектепте бөлімді оқыту кезінде қайталанады және оқушылар үшін жаңа мәліметтермен толықтырылады. Бұл бөлімде қарастырылтан негізгі ұғымдар мен шамалар молекуланың өлшемін, жылдамдығын, массасын өлшеудегі әдістер, заттың мөлшері және мольдік масса, оның өлшем бірлігі, бөлшектің концентрациясы, бөлшектің орташа квадратгық жылдамдығы, бөлшектің орташа кинетикалық энергиясы, термодинамикалық жүйе, жылулық тепе-теңдік, күй параметрлері, қысым, көлем, температура, жұмыс, жылу мөлшері, ішкі энергия. Негізінен жоғарғы сыныптағы молекулалық физика бөлімінде газдардың молекула-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуімен, термодинамикамен (жылулық құбылыстарды макроскопиялық деңгейде түсіндіретін) және төменгі сыныптарға қарағанда тереңірек газдардың, сүйықтардың және қатты денелердің қасиеттерімен танысады. Молекулалық физика бөліміндегі қүбылыстар: диффузия, жылу сыйымдылық, тұтқырлық, броундық қозғалыс, жылулық тепе-теңдік, заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі. Механика бөлімінен кейін молекулалық физика бөлімін оқудың өзінде үлкен бір мән жатыр. Өйткені бұл бөлімде оқушылар механикадағы қозғалыстан ерекше қозғалыспен танысады.
Молекулалық физика бөлімін оқытуда мұғалімнің негізгі мақсаты жылулық қозғалыстың механикалық қозғалыстан айырмашылығын түсіндіру кезінде динамика заңдарының қолдану шегін айқындау және де оқушыларды жылулық құбылыстар мен процестерді қарастаратын статистикалық және термодинамикалық әдістермен таныстыру. Бұл екі әдіс бір дененің күйін әр түрлі жолмен түсіндіргендіктен бірін-бірі толықтырады. Осыған байланысты мұғалім температура, ішкі энергия, идеал газ т.б. ұғымдарды термодинамикалық және статистикалық тұрғыдан олардың мазмұнын аша білуі керек.
Зерттеу объектісі: орта мектепте физика пәнін оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: білім берудегі молекула- кинетикалық тиориясының негізгі оқыту әдңстемелері.
Курстық жұмыстың мақсаты: оқыту әдістемелері арқылы оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру жолдарын көрсету;
Курстық жұмыстың міндеттері: Молекуллар массасы мен өлшемi. Салыстырмалы молярлық және молекулалық масса. Авогадро саны.
Молекулалар арасындағы өзара әсерлесу күштерi. Сұйық, газ тәрiздес және қатты денелердiң құрылымы туралы мәлімет беру.
.
Зерттеу әдістері: бақылау әдісі, салыстыру әдісі, анкета жүргізу, тестілеу. Оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру және оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I Тарау Молекула- кинетикалық тиориясының негізгі қағидалары
0.1 Молекулалық-кинетикалық теорияның негiзгi ұғымдары
Дене құрылымының молекулалық кинетикалық теориясы деп барлық денелер жеке бейберекет қозғалыстағы бөлшектерден тұрады деген көзқарас негiзiнде макроскоптық денелердiң қасиеттерi мен жылу процестерiне түсiнiк беретiн iлiмдi айтады.
Молекулалық-кинетикалық теория (МКТ) негiзi мынадай үш қасиеттен тұрады:
барлық денелер бөлшектерден - атомдардан, молекулалардан, оң және терiс зарядталған иондардан - тұрады;
бұл бөлшектер барлық уақытта үздiксiз және бейберекет қозғалыста болады;
бөлшектер арасында өзара әсерлесу күштерi - тартылу және тебiлу күштерi бар. Ол күштер электрлiк сипатқа ие. Бөлшектердiң өзара гравитациялық әсерлесуi өте аз.
Бұл тұжырымдардың ақиқаттылығы көптеген физикалық бақылаулар мен тәжiрибелер жүргiзу арқылы дәлелденген. МКТ-ның негiзгi көзқарастарына ең нақты дәлел бола алатын мысалдар:
броундық қозғалыс құбылысы (Броун);
молекулалық диффузия құбылысы;
қазiргi заманғы приборлар көмегiмен алынған жеке атомдар мен молекулалар кескiнi. 1-шi суретте вольфрам инесiнiң ұшында атомдардың орналасуы (ақ дақтар), ал 2-шi суретте кремний пластинасы бетiнiң микрофотографиясы келтiрiлген, мұндағы дөңдер - кремнийдiң жеке атомдары.
Молекуллар массасы мен өлшемi. Салыстырмалы молярлық және молекулалық масса. Авогадро саны.
Әртүрлi денелер молекуласының масса бiрлiгi ретiнде 12С көмiртегi изотобы атомының mocмассасының 112 бөлiгi алынады. Ол атомдық масса бiрлiгi (а.м.б.) деп аталады және мынаған тең:
1 а.м.б.=1,66·10-27кг. (1.1)
Заттың салыстырмалы молекулалық массасы МR деп заттың бiр молекула m0 массасының көмiртегi атомы moc массасының 112 бөлiгiне қатынасын айтады:
(1.2)
Зат мөлшерi деп берiлген жүйенiң бөлшектерiнiң, құрылымдық элементерiнiң, санына пропорционал ν шаманы айтады. Оны моль арқылы жазу қабылданған. Массасы 0,012 кг 12С көмiртегiнде қанша атом болса, сонша молекуладан (атомнан) тұратын зат мөлшерi бiр моль деп аталады. Бұл сан Авогадро тұрақтысыдеп аталады және NA арқылы белгiленедi:
NA ≈ 6·1023 моль-1. (1.3)

Сәйкесiнше, кез келген заттың 1 молiнде атомдар саны мен молекулалар саны бiрдей болады. Егер денедегi зат мөлшерi ν мольден тұрса, онда денедегi молекулалар N саны мынаған тең:

N = ν ·NA. (1.4)

Заттың молярлық массасы М деп бiр моль мөлшерiнде алынған зат массасын айтады. Ол бiр молекула массасының m0 Авогадро санына NA көбейтiндiсiне тең:

М = m0· NA кгмоль. (1.5)

Молярлық және молекулалық массалар арасында мынадай қарапайым байланыс бар:

М = 10-3 ·Мr кгмоль. (1.6)

Кез келген зат мөлшерiнiң m массасы бiр молекуланың массасын денедегi молекулалар санына көбейткенге тең:

m = m0· N кг. (1.7)

(1.5) және (1.7) формулаларын пайдаланып (1.4) өрнегiнен мынаны алу қиын емес:

ν = m М және N = ν·NA = NAA ·m M . (1.8)

Бөлшектердiң массасымен өлшемдерiн қосымша тәжiрибелiк деректердi пайдалана отырып есептеуге болады. Жеке жағдайда, молекулалардың сызықтыөлшемдерiн бағалауға болады.

Молекуланың өлшемiн былайша анықтауға болады. Бiр молекуланың алатын V0 көлемi зат V көлемiнiң, ондағы молекулалар N санына қатынасына тең:, мұнда ρ=mV - заттың тығыздығы. Молекуланың формасы радиусы r шар тәрiздес болсын. Сондықтан . Осыдан:

(1.9)

Мысалы, су молекуласының радиусы мына шамаға тең:

.

Молекулалар арасындағы өзара әсерлесу күштерi. Сұйық, газ тәрiздес және қатты денелердiң құрылымы
Молекулалар қозғалыс кезiнде бiр-бiрiмен өзара тартылыс және тебiлiс әсерiнде болады. 1.3 суретте молекулалық өзара әсерлесу күштерiнiң таралуы молекулалар арасындығы r арақашықтықтан тәуелдiлiгi келтiрiлген. Тартылу және тебiлу күштерi r-дан тәуелдiлiгi әртүрлi, сондықтан олардың қорытқы күшi нөлден өзгеше. Белгiлi бiр r = r0 арақашықтықта тебiлу күшi арасында тепе-теңдiк орнайды. Молекулалардың диаметрiмен салыстырылатын бұл арақашықтық тепе-теңдiк жағдайына сәйкес келедi. r r0 болғанда тебiлу күшi тартылу күшiнен басым болады. Сондықтан молекулалар бiр-бiрiне ене алмайды. Олардың арасындағы арақашықтық r r0 өскен сайын, молекулалардың тартылуы тебiлуiн жеңе бастaйды. Олардың ыршып кетуiне жол бермейдi. r r0 кезiнде, молекуларалық күштердiң әсерi болмайды.

1.4-сурет
1.4 суретте молекулалардың Ep потенциалдық энергиясының r арақашықтықтан тәуелдiлiгi көрсетiлген. Орнықты тепе-теңдiк (r=r0) жағдайында өзара әсерлесетiн екi молекуладан тұратын жүйенiң потенциалдық энергиясы Ep0минимумына жетедi. Ep0 шамасын потенциалдық шұңқырдың тереңдiгi деп аталады. Ek-ны Ep0-мен салыстыру заттың үш агрегаттық күйлерiн ажыратуға мүмкiндiк бередi: газ, сұйық, қатты күйi. Атап айтқанда: егер Ek Ep0, онда зат газ күйiнде, EkEp0 кезiнде - қатты дене, ал Ek ≈ Ep0 - зат сұйық күйiнде болады.
Газдың молекулалық-кинетикалық теориясының негiзгi теңдеуi
Идеал газ деп молекулалардың өзара әсерлесуi ескерусiз аз шама болғанда айтады. Молекулалардың өзара әсерлесуi олардың соқтығысуы кезiнде серпiмдi ұрылуы түрiнде байқалады.
Газ молекулалары барлық уақытта ретсiз жылулық қозғалыста болады, оның мөлшерлiк сипаттамасын молекуланың сызықты жылдамдығының орташа квадраты, дәлiрек айтқанда, кинетикалық энергиясының орта мәнi бередi. Жеке молекулалардың жылдамдықтары бiр-бiрiнен өзгеше болуы мүмкiн, бiрақ бұл жылдамдықтардың модулiнiң орташа мәнi белгiлi бiршама. Жеке молекулалардың жылдамдықтарын v1, v2, v3, . . . , vNарқылы белгiлеймiз. Сонда, жылдамдықтардың квадратының орташа мәнi келесi формуламен анықталады:
,
мұнда, N - газдағы молекулалардың жалпы саны. Екiншi жағынан . Қозғалыстың бейберекеттiгi әсерiнен молекулалардың барлық бағыттарда орынауыстыруы тең мүмкiндiкте. Сондықтан, жылдамдықтың проекциясының квадраттарының орташа мәндерi өзара тең:. Бұны ескере отырып, алатынымыз

(1.10)

1.5-сурет
Ендi идеал газдың ыдыс қабырғасына әсер ететiн күшiн табайық. Қоршаған ортаның қандайда бiр бетке әсерiнiң физикалық сипаттамасы - күш емес қысым болып есептеледi. Қысым деп бiрлiк ауданға нормаль бойымен әсер ететiн күштi айтады. Қысым p әрпiмен белгiленiп, анықтамасы бойынша мынаған тең: p=FnS, мұнда S - бет элементiнiң ауданы, ал Fn - бет элементiне перпендикуляр әсер ететiн күш шамасы (1.5 - сурет).
Идеал газ жағдайында Fn нормаль күштiң шамасы келесi өрнекпен анықталады:
(1.11)
мұнда, n - газ молекуласының концентрациясы (бiрлiк көлемдегi молекулалар саны: n=NV), m0 - молекула массасы.
Бұл қатынастың қорытындысы.
Газдың барлық молекулаларда vx жылдамдық мәнi бiрдей бола бермейдi, олай болса қабырғаға әсер ететiн күштiң уақыт бойынша орта мәнi v2x -қа емес, жылдамдықтарының орташа квадратына пропорционал: . (1.10)-шi формуланы ескере отырып, алатынымыз: Анықтамасы бойынша p = FnS. Бұдан шығатыны
(1.12)
Егер арқылы молекуланың iлгерлемелi қозғалысының орташа кинетикалық энергиясын белгiлесек: , онда (1.12) теңдеуiн басқаша түрде жазуға болады
(1.13)
(1.12) немесе (1.13) қатынастар газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негiзгi теңдеулерi болып табылады. Олар, тiкелей өлшенетiн, макроскоптық шама - қысымды қозғалыстағы молекулаларды сипаттайтын микропараметрлармен байланыстырады.
Газдың макропараметрлерi. Tемпература және оны өлшеу
Дененiң молекулалық-кинетикалық құрылымы ескерiлмегенде макроскоптық дене күйiн сипаттайтын шамаларды макроскоптық параметрлер деп атайды.
Бұндай шамалар қатарына көлем V, қысым P, температура T және басқалар. Көлем мен қысым механикалық сипатталатын шамалар. Температура дененiң қызу дәрежесiн бередi, оның iшкi энергетикалық күйiн анықтайды.
Егер қандайда бiр оқшауланған жүйенi құрайтын денелер температурасы бастапқы уақытта әртүрлi болса, онда уақыттың келесi мезеттерiнде олар бiртiндеп теңесе бастайды да ақырында бiрдей болады, денелер арасында жылулық тепе-теңдiк орнайды.
Жүйенiң жылулық тепе-теңдiгi деп оның барлық макроскоптық параметрлерi қай уақытта да ұзақ өзгерiссiз қалуын айтады.

1.6-сурет
Осылайша, температура денелер жүйесiнiң жылулық тепе-теңдiк күйiн сипаттайды, атап айтқанда: өзара жылулық тепе-теңдiкте тұрған жүйенiң барлық денелерiнiң температуралары бiрдей болады. Оны өлшеу үшiн кез келген макроскоптық белгiлi шаманың температурадан тәуелдiлiгiн пайдалануға болады. Практикада дененiң жылулық кеңу қасиетi жиi қолданылады, атап айтқанда, қысым тұрақты болғанда сұйық көлемiнiң өзгеруiнiң температурадан тәуелдiлiгi. Температураны өлшейтiн прибор - термометр, осы принципте құрастырылған. Термометрдi градуирлегенде санақ басын (0 деңгейiн) мұздың еру температурасын алады. Екiншi тұрақты нүктесi (мәнi) ретiнде (100 деңгейi) қалыпты атмосфералық қысымда судың қайнау температурасы алынады (1.6 - сурет).

1.7-сурет
Бұл Цельсийдiң градустер шкаласы деп аталады. 0-мен 100 нүктелерiнiң аралығын градус деп аталатын теңдей 100 бөлiкке бөлiнген (1.7 - сурет). Сұйық бағанының бiр бөлiкке жылжуы (орынауыстыруы) температураның 1 градус Цельсийге өзгеруiне сәйкес келедi. Әртүрлi сұйықтардың қыздырылғанда кеңуi (ұлғаюы) бiрдей болмағандықтан, термометрлерде оған сәйкес градуирленген.

II тарау Молекула-кинетикалық теория (МКТ) негіздерін оқыту әдістемесі.
2.1. Молекулалардың өлшемдері. Броундық қозғалыс.
Оқушылардың 7-9 сыныптағы физика және 8-9 сыныптағы химия курсынан алған білімдерін негізге ала отарып МКТ негіздерін оқытуды заттың құрылысынан бастаған дұрыс. Оқушылар молекула және атомның құрылысы, элементар бөлшектер (протон, нейтрон, электрон және т.б.) жөніндегі алғашқы мағлүматгарына сүйене отырып, затдегеніміз бөлшектерден түратының және ол материяның бір түрі екенін аиықтаймыз. Оқушыларға молекула, атом, ион, атом ядросы, элементар бөлшектер (протон, нейтрон, электрон және т.б.) заттың әр түрлі құрылымдық формасы екенін түсіндіру керек. Өйткені көптеген оқушылар зат дегеніміз тек молекуладан ғана құралады деп есептейді, бірақ бұл қате.
Зат құрылысының МКТ негізі ретінде әрқайсысы тәжірибе жүзінде дәлелденген үш қағида алынады: 1) зат ұсақ бөлшектерден тұрады; 2) бұл бөлшектер бір-бірімен өзара әсерлеседі; 3) бөлшектер үнемі қозғалыста болады.
XIX ғасырдың аяғында көптеген ғалымдар молекула мен атомның нақты бар екеніне күмән келтіреді. Мысалы, Людвиг Оствальд былай дейді: Атом мен молекула тек кітапхана шаңдарында ғана болады.
Бөлшектердің екі түрін молекула (корпускула) мен атом (элемент) анықтаған алғашқы ғалым М.В.Ломоносов (1711-1765ж.) екенін оқушылардың есіне түсіріп айта кеткен жөн. Оның болжамы бойынша корпускула біртекті және әртекті болып бөлінеді. Және де М.В.Ломоносов жылуды затты құрап тұрған бөлшектердің айнымалы қозғалысы ретінде қарастырады.
МКТ негіздері тақырыбындағы негізгі ұғым молекула ұғымы оны оқушылардың түсінуінің қиындығы сонда бұл бар нәрсе, бірақ оны қарапайым түрде бақылауға болмайды. Сондықтан да мұғалім оқушыларға бар екенін, оны танып білуге болатынын дәлелдеп шығуы тиіс.
Негізінен молекулалардың бар болуының шындығына көз жеткізу үшін олардың өлшемдерін анықтайтын және олардың қозғалыста болатынын дәлелдейтін классикалық тәжірибелерге көбірек көңіл бөліп оқытқан жөн.
1) Молекулалардың өлшемін ең алғаш рет Рэллейдің жасаған тәжірибесіі-іен көруге болады: Мұнда үлкен ыдысқа құйылған зәйтүн майының жайылуын қарастырып молекуланың диаметрі анықталады.
см
2) Молекулалардың массасыи француз ғалымы Ж.Пэрреннің (1870 -1943 ж.) жасаған тәжірибесінен анықтауға болады (суда шайыр тамшысы ауадағы молекулар сияқты қозғалыста болады). Перрен 0, 0001 см эмульсия қабатындағы шайыр тамшыларының санын микроскоп арқылы санаған м биіктікте ыдыс түбімен салыстырғанда тамшылар саны екі есеге азайған. Осы заңдылықты ауадағы оттегі молекулаларына қолданып, оттегі молекуласының массасын анықтады.

Мұнда кг шайырдың бір тамшысының массасы. Н = 5 км атмосфераның биіктігі. Шамалардың мәндерінде оттегі молекуласының массасы кг екендігін есептеп тапқан.
Қазіргі кезде молекулаиың массасы өте дәлдікпен анықталған. Мысалы, оттегі молекуласының массасы , сутегі молекуласыньщ массасы кг.
3) Молекуланың жылдамдығын Штерн 1920 жылы анықтаған Молекула 1 секундта 500 метр жер жүреді. Штерн тәжірибесініі: үлгісін "Айналмалы диск" арқылы көрсетуге болад 4) Зат мөлшері үғымдары енгізіліп, формуласы беріледі.және; - мольдік масса. БХБЖ зат мөлшері мольмен өрнектеледі. Бір моль бұл массасы 0,012 кг көміртегіндегі қанша атом болса, сонша молекуласы немесе атомы бар заттың мөлшері. Кез келген заттың 1 моліндегі атомдар, иондар немесе молекулалар саны бірдей. Бір молдегі атомдар саны NА деп белгілейді және оны итальян ғалымы (XIX ғасыр) құрметіне Авагадро тұрақтысы деп аталады және NАмол -1 тең.
5) Заттың молдік массасы деп бір мольдің мөлшерінде алынған
заттың массасын айтамыз. Ал - заттың массасы.
Мольдік масса былай анықталады: мұндағы - -заттың салыстармалы массасы. Затгағы молекулалар саны мына формулалармен анықталады
Молекулалардың қозғалыста болатынын Броунның (ағылшын ботанигі) бақылауларын айта отырып түсіндіру керек. Ол кезде Броундық қозғалысқа дұрыс түсініктеме берілмеген еді, тек 80 жылдан кейін А.Эйнштейн (1905 ж.) және М. Смолуховский (1909 ж.) теория жүзінде түсіндірді, ал Ж. Перрен эксперимент жүзінде дәлелдеп берді.
Броундық қозғалысты бақылаудан шығатын қорытындылар:
а) қалқыған броундық бөлшектердің қозғалысы молекулалардың соқтағысқанынан пайда болады;
ә) броундық бөлшектердің қозғалысы үздіксіз және бейберекет қозғалыста болады, ол сол заттың қасиеттеріне тәуелді;
б) қалқыған бөлшектердің броундық қозгалысы молекулалардың қозғалысын көрсетеді;
в) бөлшектердің броуңдық қозғалысы молекулалардың бар екенін, олардың үнемі бей-берекет қозғалыста болатынын дәлелдейді.
Қазіргі кезде молекулалардың бар екеніне ешкім күдік тудырмайды. Техниканың өсіп жетілуіне байланысты, электрондық микроскоптар ірі молекулаларды бақылауға мүмкіндік туғызды.

2.2 Идеал газ.
Реал газдарды танып, оқып білу үшін идеал газ үлгісін қарастырамыз. Негізінен физикада идеал газдың екі анықтамасы бар: термодинамика және молекула-кинетикалық.
Термодинамикадағы анықтамасы бойынша идеал газ дегеніміз температура тұрақты болғанда, белгілі массада газдың қысымы оның көлеміне кері пропорциоиал болатын газ.
Молекула-кинетикалық көзқарас бойынша идеал газ деп молекулалары материялық нүкте болып табылатын, өзара әсерлесетін, соқтығысқан кезде абсолют серпімді соқтығыс болатьш газды айтады. Газ молекулаларының арасында жылулық тепе-тендік орнағанда ғана идеал газ деп айтуға болатынын оқушыларға ескерту қажет.
Идеал газ үлгісінің қодцанылу шегі - өте жоғарғы қысымда және өте төменгі температурада қолдануға болмайды.
Егер газ сығылса, оның тығыздығы артады және молекулалардың арасындағы қашықтық кішірейеді, олардың соқтығысуы көбейеді, әрі бір-бірімен әсерлесуі артады. Мұндай жағдайда молекулалардың өлшемін ескермеуге болмайды. Ал газдың қысымы тек молекулалардың соқтығысуынан ғана емес, олардың өзара әсерлесуіне де байланысты. Егерде газдың қысымы 108 Па-дан артса, онда Бойль-Мариот заңынан көп ауытқу болатыны эксперименттен белгілі. Өте төменгі температурада осындай жағдайлар болады.
Идеал газ үғымын қалыптастыруға қайталау сабақтарында жалпы жоспарды пайдалануға болады.
6-кесте
"Идеал газ" үғымын қалыптастыруга арналған жалііы жоспар
Нысанның жалпы сипаттамасы.
Молекулалар арасындағы өзара әсер өлшеусіз өте аз және молекулалардың кинетикалық энергиясы өзара әсерлесудің потенциалдық энергиясынан әлдеқайда көп болатын газ.
Қандай басқа нысаналарға кіреді
Ауасы сиретілген барлық физикалық құралдарға кіреді.
Қандай нысаналардан тұрады
Бір- бірінен алшақ орналасқан молекулалар немесе атомдардан тұрады.
Пайда болу шарттары
Нақты газды сирету арқылы аламыз.
Нысананың физикалық қасиеттері
1. Сиретілген газды идеал газ ретінде тек жылулық тепе-теңдік болғанда ғана қарастыруға болады.
2. Идеал газ ретінде аз қысымдағы, қалыпты температурадағы газды алуға болады.
Сапалық сипаттамалары
1. Идеал газ молекулалары немесе атомдары бір-біріиен алшақ орналасады.
2. Идеал газдың молекулалары иемесе атомдары озара осерлеспейді.
3. Олар соқтығысқан кезде деформацияланбайды.
Үлгі
Газ бей-берекет қозғалыста болатын материялық нүктелерден тұрады, соқтығысқан кезде серпімді шаралар сияқты әсерлеседі.
Нысананы сипаттайтын негізгі

Оның мүмкін күйлері
Т=const болғанда Р V =const
Р=const болғанда =const
V =const болғанда =const
Онымен отетін қүбылыстар
Изопроцестер: изотермдік, изобарлық, изохорлық.
Практикада қолданылуы
1. Реал газдардағы өтетін ор түрлі процестерді жоне оның макро-микро параметрлерін өзара байланыстыру үшін идеал газ қолданылады.
2. Ішінен ауасы сорылған физикалық құралдарда пайдаланылады.

Газ зандарын оқыту әдістемесі
Газ заңдарын оқыту әдістерітң ерекшеліктері.
Газ заңдарын оқытуда индуктивтік, және дедуктивтік әдістерді қолдануға болады.
Индуктивтік әдісте бірінші газ заңдары оқытылып, идеал газ күйінің теңдеуі газ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек құқығы құқықтың жетекші салаларының бірі ретінде еңбек сферасындағы өмірлік қатынастарды реттейді
“Жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігін зерттеу”
«Құбыр ішінде құбыр» типті жылуалмастырғыш есебі
Тасымалдау құбылысы
Орта мектепте “Жылу құбылысы” тақырыбын оқыту әдістемесі
Термодинамика және динамика
МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКА БӨЛІМІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Молекулалардың өлшемдері
Жылу алмасу
Жылуалмасу түрлері туралы ақпарат
Пәндер