Музыкалық білім беру әдістемесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Музыкалық білім беру жүйесіне байланысты ұрпақтық психологиялық қасиеттерінде, болмыстың ішкі психологиялық негізінде, қоршаған ортаның әсері және педагогтың ұйымдастыру қабілеті. Сондықтан педагог -- музыкант музыка өнерінің заңдылықтарын біле тұра жалпы музыка дамуының заңдылықтарын да білуі қажет.
Сана мен әрекет бірлігінің принципі -- әдіснамалық саралау психологиялық пен музыкалық білім беру педагогика мәселесінде өз шешімін табады. Сондықтан, музыкалық қабілет іс-әрекет үстінде дамып қалыптасады және құрылады. Осы принципті іске асыру барысында педагог -- музыкант музыкалық қабілеттің процесс моделін өз оқушыларында музыкалық қызметін ұйымдастырып дамытады. Психологиялық-педагогикалық модель процесінде дамыған оқыту -- музыкалық қызметі анықталады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Музыкалық іс-әрекеттің барлық түріне балаларды еліктіріп әкету үшін мұғалім өзі отты жігерлі болуы тиіс. Мұғалім сабақтың қызықты және нәтижелі өтін қамтамасыз етеді. Музыка сабағының басқа пәндік сабақтармен ұқсастығына, айырмашылығына таңдана отырып, әр сабақтың өзінің бір-бірін қайталамайтын өрнектермен ерекшеленетінін айта кеткен жөн. Бұл, әрине, музыка мұғалімінің шеберлігіне шығармашылық қасиетіне байланысты.
Музыкалық іс-әрекеттер барысында:
- психикалық процестер дамиды: есту, есте сақтау қабілеті, зейіні, қабылдауы, елестету қабілеті, ойлау операциялары ынталанады;
- көру, есту анализаторлары тілдік-қимылдық кинестетикалық қимылдары дамиды;
- сөздік қоры, тілдің сауаттылығы, дыбысты дұрыс айтуы, сөйлеу дағдылары, тілдің әуендік-интонациялық жағы, тілдің мәнерлілігі белсене түседі және артады;
- ұсақ маторикасы, координациясы, қимылдардың ауысуы, мақсаттылығы артады;
- эмоционалдық-еркіндік саласы дамиды;
- ұжымдық сезімі, бір-бірі үшін жауапкершілік сезімі, адамгершілік қасиеттері, тәжірибесі қалыптасады;
- шығармашылық және ізденіс белсенділігі артады;
- қарым -қатынас іс-әрекеті эмоционалдық және әлеуметтік бейімділігі дамиды;
Жұмыстың нысаны. Эстетикалық тәрбие өнер құралдары, яғни музыкада - дыбыс, суретте - бояу, әдебиетте сөз арқылы көркем бейнелер негізінде оқушының дүниетанымын кеңейтіп, өмірдегі шындық пен әсемдікті сезіну қабілетінің дамуының ықпалын қалыптастыруы.
Курстық жұмыстың мақсат міндеттері:

музыка арқылы адамның ерекше сезіну қабілетін арттыру;
музыкалық санасы, ойлауы және қарым-қатынасын
қалыптастыру;
музыканы оқытудың психологиялық ерекшелігін білдіру;
музыкалық іс-әркетіндегі психологиялық эмоция-жігерлік
тысқары ерекшелігін қарау;
- Балардың музыкалық іс-әрекетін қалыптастыру

I Тарау. Музыкалық білім беру әдістемесі
1.1Музыкалық білім беру әдістемесі пәнінің мақсаты, міндеттері, жалпы бағыттары.
."Әдістеме"-деп педагогиканың ненің қалай екендігін яғни қандай дидактикалық негізде қандай әдіс мәселесімен құралдардың неғұрлым тұтас оқу процесін құруға болады және оның құрамына кіретін жалпы және жеке міндетті қалай шешу керектігін түсіндіретін бөлімді айтамыз. Музыка (грек . musire, туралы мағынасында музалар өнері) - негізінен тондардан (белгілі биіктіктіктегі дыбыстардан) тұратын, адамға өзінің өзгеше түрде ұйымдасқан мазмұнды дыбыстық жүйесімен әсер ететін, өмір шындығын дыбыстық көркем образдар арқылы бейнелейтін өнердің бір түрі. "Музыкалық білім"- музыка жөніндегі ілім.
Мысалы: Музыкалық білім беру әдістемесіне қандай, қалай жетуге болады? Балалардың музыкаға деген қызығушылығын арттыру, музыканы қабылдау кезіндегі бастауыш және орта буын назарын аудару. Музыка- адамзаттың рухани азығы, жан серігі және тілмен айтып жеткізе алмайтын ұшқыр қиалы, нәзік сезімі. Ол өзінің көркемдік және нәзіктігімен адам жанын баурап, олардың ақыл - ой, сана - сезімінің кеңейіп, жақсы мінез - құлықтарының қалыптасуына әсерін тигізеді.
Жасөспірімдерді музыка әлемін түсініп қабылдауға, талғампаздығын, тәрбиелеуге, эмоциялыќ сезімталдығын қалыптастыруда, білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етуде мектептегі музыкалық білімнің алатын орны ерекше. Қазіргі кезде мектептерде музыкадан теориялық және практикалыќ білім беру жүйесінен біраз тәжірибе, солай бола тұра да, музыка сабағын жүйелі түрде оқыту, әсіресе, қазақ мектептерінде ұлттық бай музыкалық мұрамызды мол пайдаланудың жолдары аз зерттелген. Олардың белсенділігін ынталандыру, көркемдік нәтижеге қалай ұмтылдыру керектігін көрсетеді. Музыкалық білім беру әдістемесі педагогикалық ғылым жүйесіне енеді және онда өзіндік орын алады. Ол музыкалық білім беру заңдылықтарын оның мазмұнымен әдістерін одан әрі дамытуға үлкен мән беруі қажет. Эстетикалық әдістеме музыка тану психология және басқа пәндермен сабақтаса отырып, музыкалық білім беру әдістемесі өскелең ұрпақтың музыканы түсіне қабылдауына жетелеуі тиіс. Бұл оның идеалогиялық маңызы. Музыкалық идеалогиялық маңызына қарайтын болсақ, ол қоғамның, мектептің тағы басқа өз міндеттерін шешуде әдістеме психология ғылымына сүйенеді. Мысалы: Музыкалық әдістердің бірі шығармашылық музыканы зерттеу, оның шығуын немесе дамуын білмей және іс-әрекет дегеннің не екенін білмей зерттеу мүмкін емес, сонымен қатар психологиямен тығыз байланыста екенін ескерген жөн.
Мектептегі музыкалық білім беру жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі - музыка сабағы. Музыка сабағында балалар ән салу, балалар аспабында ойнау,музыка тыңдау тәрізді іс әрекетпен айналысады музыка сабағындағы әрбір іс - әрекеттерді өткізу барысында, мұғалім оның не үшін қажет екенін айқын сезініп, берілетін тапсырманың қандай маңызы бар екендігіне есеп беруі тиіс. Музыка сабағын ұйымдастыру формасы: басқа пәндер сияқты музыка сабағында да оқушылар ерекше қабілетілігіне, икемділігіне, қызығушылығына қарай бөлінбейді. Бәрі бірдей тәлім алуы тиіс, сонымен қатар сабақтың ұзақтығы, жаңа материалдары түсіндіру, пысықтау, өткен сабақтардан алған білімін тексеру т.б.
Музыка сабағы саналық пен эмоциялықтың бірлігін қамтамасыз етіп, сабақтың әрбір элементін оқушылардың белсенділігін қызығушылығын арттыру тиіс. Мұғалім оқушыларды музыканы тыңдап, ән айтуға, оны қадырлей бағалай білуге, белгі бір шығарманың тәрбиелік мәнің сезіне білуге тәрбиелеу керек. Ол үшін де мұғалім белгілі бір шығарманы тындарда алдын ала айтар әңгімесі, әнді үйретпес бұрын өзі орындап оның әдемілігін, мәнін жеткізе білуі үлкен роль атқарады. Мұғалімнің аса сезімталдықпен айтқан әні, әңгімесі балаларды музыканы қалай болса солай тыңдай салуға емес, оны саналы түрде қабылдауға тәрбиелейді.
Музыка сабағында саналық пен көркем эмоцияның бірлігін қамтамасыз етіп қана қоймай, көркемдік пен техникалық пен бірлікпен іске асырылуына назар аударған жөн. Музыка сабағы өнер сабағы болғандықтан оның әр компонентінің көркем болуы талап етіледі. Бұл тек айтылатын ән мен орындалатын жаттығуларға да тән нәрсе. Әр бір дыбыс өте әдемі, мәнерлеп айтылуы тиіс. Өйткені, ол музыкалық дыбыс. Мәнерлеп орындауға дағдылану үшін техникалық жұмыстар қажет.
Сабақ өткізілмес бұрын, алдын ала оның мақсаты мен міңдетін және оларды іске асыру жолдарын, мазмұны мен құрлысын, оқыту әдісітері мен құралдарын тәрбиелік білімділік мәнін дамытпалы мүмкіндіктерін аңықтап алған жөн. Музыка сабаған қандай пәннен кейін қойылғанын да ескерген жөн. Мысалы, еңбек немесе денешынықтыру сабақтарынан кейін бірден ән айтқызу жемісті болмайды. Өйткені балалардың организмі шаршап отырады, осындай кезде ән айту бала дауысына салмақ түсіреді, бірте-бірте дауыс аппаратына зиян келтіріп, түрлі тамақ ауруларына ұшырауы мүмкін
1.2 Оқушыларға музыкалық білім берудің негізгі міндеттерін оқытудың әдістерімен тәсілдерінің байланысы.

Музыкалық білім беруді оқыту әдістерін тиімді қолдану педагогтық кәсіптік шеберлігіне байланысты. Мұғалім баланың ой - өрісін эмоциясын дамыта отырып музыкаға деген сүйіспеншілігі мен ынтасын әрі қарай дамытады. Балаларға музыкалық білім беру әдістері музыканың ерекшелігіне байланысты түрліше болып келеді мысал: Мұғалім балаларды музыкалық шығармамен таныстырғанда, бірінші әңгімеден бастайды, немесе композитордың басқа да таныс шығармалары туралы сұрақтар береді. (сөздік әдіс) , әңгіме барысында таныс музыкадан үзінді орындайды есту көрнекілігі музыканың шығу тарихымен таныстырады, сөздік әдіс . Балаларға музыкалны магнитафон лентасына жазып тыңдатады. есту көрнекілігі әдісі . Балалар түрлі тапсырмалар орындайдыТүрлі музыка тыңдай отырып оларды салыстырады және талдайды. есту көнекілігі әдісі, салыстыру әдісі, шығарманың идеясы атнықтайды қортындылауәдісі.
Музыка сабағында әр дайым эмоционалдық және шығармашылық атмосфера тудыру керек. Оқушылардың музыкалық қабілетін дамыту үшін, нәтижелі жұмыс жүргізіп табысқа жетуіне жағдай туғызу керек. Мысал: балалар бар ынтасымен жұмыс жүргізіп де ойдағыдай нәтиже болмағанда мұғалім эмоционалдық танысуын көтеріп отыруы керек, кейбір оқушы ән айтуда немесе өз бетінші жұмыс істеуде өз күшіне сенбейді. Осы кезде оқушылар әр дайым қолдап отыру керек.
Балалардың жұмысын дұрыс бағалау және оларды мақтап мадақтап, көңілін көтеру сабақ үстінде балалардың еркін жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Сабақ барысында жүргізілетін әр түрлі ойындар балалардың музыкаға деген қызығушылығынарттыра түседі. Мысалы мұғалім қыздарға қуыршақ берем оны бесік жырын айтып ұйықтайтынын сұрайды. Ал ұл балдар аңшылар мен қояндар ойынын ойнағанда бір топ балалар батыл болып аңшылар рөлін ал екінші топ қорқақ қояндар рөлін бейнелейді.
Музыка сабағы өнер сабағы болғандықтан, оның әр компонентінің көркем болуы талап етіледі. Бұл тек орындалатын ән мен тыңдалатын музыка ғана емес, орындалатын жаттығуларға да тән нәрсе. Әрбір дыбысты өте әдемі мәнерлеп айтылуы тиіс. Өйткені, ол музыкалық дыбыс. Музыка сабағындағы қолданылатын әдіс - тәсілдерге тоқтала кетейік. "Алды шолу өткенге оралу" әдісі. Аталған әдістің мәнін-ол жаңа тақырыптарды бұрынғы өтілген сабақтардағы материалдарға сүйене отырып жүргізу мұғалім үшін бұл әдістің өте үлкен маңызы бар, егер де сабақта мұғалім "алды шолу өткенге оралу" әдісіне жүгінер болса, онда ол сабақтың тиімділігін арттырып мына жағдайларды шеше алады:
а) Жаңа тақырып бұрынғы өтілген материал негізінде жеңілірек игеріледі.

б) өткен сабақ пысықталады.
в) мұғалім балалардың музыкалық білімін тереңдете, нығыздай байланыстыра түседі.
"Эмоциялық драматургия әдісі" сабақтың қызықты және нәтижелі өтуін қамтамасыз етеді. Музыка сабағының басқа пәндік сабақтармен ұқсастығына, айырмашылығына тоқтала отырып, әр сабақтың өзінің бір - бірін қайталамайтын өрнектермен ерекшеленетінін айта кеткен жөн. Бұл әрине, музыка сабағы мұғалімнің шеберлігіне икемділігіне шығармашылық қасиетіне байланысты.

1.3Балалардың шығармашылық дамуының міндеттері мен олардың шешім жолдары.
Шығармашылық - адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Жалпы шығармашылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз шәкіртін өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы, бапкері болуы тиіс. Оқушы шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы керек. Шығармашылықтың түрлері көп. Алайда, біздің нысанамыз сөз өнері - өнердің биік шыны. Бұл ретте ұлы ұстаз А.Байтұрсыновтың сөз өнері туралы мына пікірі соншалықты бағалы.
"Сөз өнері - адам санасының үш негізіне сүйенеді: 1. ақылға; 2. қиялға; 3. көңілге".
Ақыл ісі - андау, яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау.
Қиял ісі - меңсез, яғни ойдағы бар нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеп суреттеп ойлау.
Көңіл ісі - түю, талдау, яғни ұлы сыншының айтуынша, балаға сөз өнерін меңгерту үшін осы үш істі қарастыруымыз керек.
Жалпы баланың шығармашылық қабілетін дамытуға ең басты назарға алатын нәрсе:
Өлең шығаруға, суырып салмалыққа үйрету, яғни сауат ашу.
Ұйқасын тапқызу, сөзбен-сөзді байланыстыру.
Алдарына ой тастау, логикалық қабылдауын дамыту.
Осыдан келіп мынадай міндет тұрады: баланың қабілет дамуына әсер етіп, білімімен қарулдандырып, еліміздің білімді, жан-жақты, ғылым мен техникада, өнерде шығармашылық жұмыс жасай алатын азаматты тәрбиелеу.
Ал қазіргі музыка сабақтары балаларды жан-жақты дамыту барысында алдына көптеген мақсаттар қояды. Дәлірек айтсақ: балаларды музыканы тыңдай білуге үйрету, оны тұтастай қабылдау, сезіну, музыкалық мәнерлікке баулу, дыбыстардың типін түсіну және музыкаға қызығушылығын арттыру.
Балаларды музыкаға тәрбиелеудегі сан сұрақтардың бірі - музыкалық шығармашылық болып табылады, яғни балалардың өздері құрастырған вокальдық және аспаптық шығармалар. Осы жерден келіп екі түрлі көзқарас қалыптасады:
Композиторлық дарыны бар балалар ғана музыкалық шығармашылықпен айналыса алады, олардың әрі қарай шығармашылық қабілетін дамыту керек.
Әрбір баланы музыкалық шығармашылыққа баулу - әрбір баланың дамуына зор роль атқарады.
Өзі құрастырған шығармалардағы музыкалық шығармашылық белсенділік қандай дәрежеде борлмасын музыкалық ойлауына, орындаушылық шеберлігіне елеулі әсер етеді. Музыкалық шығармашылықты қорлданудың негізін қалаған, ірі музыка зерттеуші Б. Л. Яворский. Сондый-ақ баланың шығаармашылық жұмысына көп назар аударған Брюсова.
Музыкалық шығармашылық ән айту, тыңдау, музыкалық сауаттылық және музыкалық ырғақ педагогикалық процесстермен байланыста болса ғана, шығармашылық белсенділік нәтижелі болады. Сонымен қатар, жоғары сапалы маманданған педагог баланың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеруге міндетті. Баланың негізгі музыкалық ойлауына бағытталған музыкалық бейне эмоционалдық көңіл күйдің, музыкалық шығармаларда орындауға ынтасын, соған сәйкес педагогтың әңгімесі әсерінен дүниеге келеді.
Сонымен, оқушыларды шығармашылық жұмысқа бауылып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар мынадай:
Логикалық ойлауын дамытатын ойындар мен белгілі тапсырмаларды шешу (анаграмма, сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар, т.б.)
Қиялдау арқылы сурет салғызу.
Ой шапшандығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.
Белгілі бір әннің мазмұнына байланысты мақал құрастыру, жұмбақтар шығару.
Берілген тірек сөздер арқылы қызықты мәтін немесе сөздер құрастыру.
Ал сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс түрлері:
Орталық мұражайға апару.
Әртүрлі кездесулер өткізу (ақын, жазушылармен).
Әртүрлі тақырыптарға сайыс, пікірталас өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу.
Балаларға арналған журналдарға жаздырып, оны сабақ кезінде үнемі пайдалану.
Әрбір оқулып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинау, реферат жазу.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашлыққа баулу, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу - оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.
Сонымен қатар аспаптарды өткен кезде, мынадай тапсырам беруге болады төмендегі әріптерден сөз құрап жаз, яғни аспап аттарын.
Домбыра.
Қобыз.
Шертер.
Жетеген.
Сыбызғы.
* Сырнай.
* Асатаяқ.
* Керней.
Осындай сөздікпен жүргізілген жұмыстар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға зор үлесін тигізеді.
Музыкалық және эстетикалық тәрбие тарихы проблемаларының жекеленген аспектілері В.К. Белобородованың, И.П.Гейнрехстың, Ю.Б. Алиевтың, С.А.Карцеваның, О.А.Апраксинаның, В.Н.Шатскаяның және т.б. педагогикалық зерттеулерінде ашылды. Совет өкіметі кезінде қазақ халқының музыкалық творчествосы жөнінде бірқатар іргелі зерттеулер жарық көрді. Олардың ішінен А.Ерзаковичтің және т.б.еңбектерін еркеше атап өтуге болады. Қазіргі кезде қазақ музыка мәдениетін зерттеумен көптеген зертеушілер айналысуда. Олардың басты назарына музыкалық фольклордың түрлі аспектілері алынып отыр. Атап айтқанда, Б.Г.Ерзаковичтің, М.М.Ахметованың, А.Темірбаевтың, т.б.еңбектері қазақ халқының ән мәдениетін зерттеуге арналған. Ал П.В.Аравин, Б.Ш.Сарыбаева, И.Ф.Тификиди және т.б. авторлардың еңбектерінде қазақтардың аспаптық музыка, музыка мәдениеті проблеммалары қозғалса, Г.К.Котлованың, Б.Ғ.Ғазизовтың, В.Месманның жұмыстарында халық музыкасын профессионалдық музыкалық творчествода пайдалану мәселелері сөз болды. Музыкалық тәрбие - адамның музыкалық мәдениетін, музыкалық ынта-қабілетін нысаналы және жүйелі дамыту, оның бойынан музыкаға тебіреніп-толғана білуді, оны түсінуді сіңіру. Ол музыкалық қызметтің қоғамдық-тарихи тәжірибесін, музыкалық оқу мен элементтерін жаңа ұрпаққа табыс ету процесін қамтиды. Ал әрбір халықтың рухани мәдениетінің қалыптасу және даму процесі музыкалық-эстетикалық тәрбиенің даму процесі өзінше жүретіні мәлім. Музыкалық және эстетикалық тәрбиеде әрбір халықтың мәдени және рухани мұрасына дұрыс көз-қарасты қалыптастыру, олардың прогрессшіл және демократияшыл жақтарын таба білу, оларды қазіргі жоғарғы мектепте пайдаға жарату жолдарын көрсету маңызды мәнге ие болып отыр. Мұның бәрі, әлбетте, музыкалық және эстетикалық тәрбиенің бұрыңғы тәжірибесін және бүгінгі жәй-күйін терең талдауды қажет етеді. Музыкалық білім мен тәрбие беру жөнінде зерттеп, жұмыс істеген орта ғасырдың көрнекті ғалымы, философ Әбу Насыр Әл-Фараби. Ол 870 жылы Қазақстанның көне қалаларының бірі - Отырарда дүниеге келді. Әл-Фараби жан-жақты білім алып, ғылымға біржола ден қояды. Өзінің ерекше қабілеттігінің арқасында ол көрнекіт философ, математик, тарихшы, астроном, жаратылыстанушы, дәрігер, тамаша музыкант, музыка теоритигі және композитор болған. Әл-Фарабидің жас шағында жақсы ән айтқаны, өзінің бірнеше бірегей музыкалық аспаптарды жасап шығарғаны, музыкалық шығырмалады тамаша орындаушы болғаны туралы деректер баршылық. Әл-Фараби аса көрнекті музыка зерттеушісі болған. Оның Музыканың ұлы кітабы атты көлемді шығармасы қай кезде болмасын музыка зерттеушілерінің үлкен қызығушылығын тудырып келеді. Бұл еңбекті бүкіл музыка тарихшыралы бірауыщдан музыка теориясы жайлы жазылған үлкен еңбектерін қатарына жатқызады. Бұдан басқа Ғылымдардың шығуы, Музыка жайлы талдау, Ырғақтардың классификациясы атты туындыларында музыка ғылымын талдап береді. Музыкалық ұлы кітабында вокальдық шығармалар және вокальдық тәрбие беру туралы көптеген бағалы қорытындылары бар. Әртүрлі әуендерге келсек, адам ертеден-ақ ыңылдап ән салуға әуендетуге әуес және бейім болған. Біртіндеп бұл дәстүр ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа, халықтан-халыққа көшіп, музыкалық творчество байи түскен. Жалпы Әл-Фарабидің музыка жөнінде бізге жеткен еңбектерінде музыка теориясы, аспаптармен сүйемелдеу, музыкалық дарын туралы құнды пікірлер аз емес. Әл-Фараби мұрасы әлі толық зерттеліп біткен жоқ. Дегенмен қолда бар мұрасының өзі қазіргі музыка тану және музыка педагогикасы үшін орасан зор теориялық және практикалық қызығулық тудырады, әрі сол кездегі Қазақстан халықтарының халықтық музыкалық творчествосының қалыптасуы мен дамуына сипаттама береді.
Қазіргі уақытта музыкалық педагогиканың алдына қоятын негізгі мақсаты -әрбір жас талантты өз Отанын сүйіп, ұлттық өнер тасын қалауда өз күшін аямай жұмсауға тәрбиелеу. Сондықтан біз осы ЖОО-ны бітіріп шыққанда тек музыкант маманы болып қана қоймай, келешекте сол алған білімдерді пайдалана отырып, бүкіл елдің мәдениетін алға апару міндетіміз деп түсіну керек. Бұл мектепте сабақ берумен қатар, оқушыларды шығармашылыққа баулу, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, қиялын ұштау болып табылады.
Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шындығына, өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.
Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру, қазақ мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп ойлаймыз. Оқу-тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қарастыруға бағыттау білім беруде жеке оқытуды дамуына көзделуі қажет. Мұғалім үнемі оқушыға шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын нұсқап отырса, онда балалардың өздері де ізденіске түседі.
Психологтардың айтуынша музыкалық қабілеттілік туа біткен қасиет емес, ол тікелей пәндік әрекет арқылы дамиды. Оның дамуы баланың жаңа білім алуымен, оның біліктілігі мен дағдыларының қалыптасуымен тікелей байланысты. Шығармашылық қасиетті адам баласының бойында қальштастыруда сөз өнерінің берері мол. Бала жастайынан шығармашылық өнеріне қалай баулу керек. Қазіргі өзекті мәселелердің бірі-осы. Шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс:
- мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге бағыттауы керек.
- әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесу керек;
- оқушылардың шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай жасау;
- шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыру қажет.
Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біреуі - сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан ешнәрсе келмейді деген қорқыныш сезімі, екіншісі-өзіне-өзі тым риза болмаушылық сезімі, үшіншісі - жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу көздері, мысалы:
- оқушылардың шығармашылықпен айналасуына мектепте, сабақ үстінде қолайлы жағдай жасау;
- шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін шығармашылықтарын, қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдер қолдануға болады.
Бастауыш сынып оқушылары қиялшыл болып келеді. Мысалы, ертегі айтқанда олар көз алдына сол оқиғаны елестетіп отырады. Сондықтан ән айтқанда да, музыка тыңдағанда да, музыкалық-ырғақтық қимылдар жасағанда да дауысы, интонациясы, дене қимылы арқылы сол шығарманың сипатын дәл жеткізуге тырысады. Бұл қасиет балалардың бойындағы шығармашылық қасиетті дамытуға игі ықпалын тигізеді. Шығармашылық балалардың ойын ұштап, қиялын қанаттандырады, сезімталдық қабілетін, байқампаздығын арттырады.
Балалар шығармашылығын, әрине, шын мәнінде өнер деп қарауға болмайды, ол балалардың музыкалық саладағы ізденісінің көрінісі. Іздене отырып балалар өздері байқамаған жаңалықтар ашады. Балалардың шығармашылық әрекетінің тәрбиелік мәні зор.
Музыка психологиясын зерттеуші Б.Теплов болса, "шығармашылықпен айналысуды ең алғашқы күннен бастау маңызды, өйткені, музыкалық
мәдениеттіліктің іргетасын өз беттерінше қалауға ықпалын тигізеді", - деп көрсетті.
Л.Дмитриева, И.Черноиваненко оқушылардың шығармашылық әрекетке белсене, қызыға араласуы үшін мұғалімнің мына қағидаларды есте ұстағаны жөн екендігіне тоқталады:
1. Дидактикалық құнды, белгілі бір бағытта шығармашылықты қажет ететін музыкалық материалдар таңдай білу;
2.Сабақта шығармашылықпен айналысуға жағдай жасайтын әдіс-тәсілдерді қолдану;
3. Музыкалық іс-әрекеттің әрбір түрінде қолдануға болатын шығармашылық түрлерімен таныстырып отыру;
4. Импровизация түрлерін кеңінен пайдалану;
5. Шығармашылық тапсырмалардың бірнеше сериаларын әзірлеу;
6. Тақырыпқа байланысты қолданылатын іс-әрекеттерді бір жүйеге келтіріп, бір-бірімен тығыз байланыстыра білу.
Музыка сабағындағы шығармашылық баланы музыкаға қызықтыру арқылы суырып салма ән шығару, белгілі бір құбылыстарға музыкалық дыбыстың сәйкестігін табудағы басқалар. 1 сыныпта "Он саусақ" әнін үйреткенде музыкамен қоса қимыл қозғалыстарын келтіру. Осы әнді ойнау сергіту арқылы дамытуға болады. 2 сыныпта "Ақсақ құлан" күйін әңгімелеп тындатқаңда образға еніп, дыбыстардан құланның жаралану немесе домбыраның шегіне қорғасын құйғанда үзілуін шын мәнінде қабылдайды. Екінші сыныпта "Жыл басына таласқан хайуанаттар" музыкалық ертегісімен танысу барысында оқушылардың образға ену барысында шығармашылығы шыңдала түседі. Үшінші сыныпта айтыс тақырыбында суырып салма ұйқасын табу барысында да шығармашылықты талап етеді. Төртінші сыныпта классикалық шығармалармен танысу барысында оған сәйкес сурет салу, өлең шығару арқылы дамиды.
Түрлі шығармашылық тұрғыдағы әдістерді пайдалану арқылы тақырыпты терең меңгеруге, ой-өрісін шығармашылықпен ұштастыруда нәтижеге жетуге болады.
Сабақтан, сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысының орны ерекше.
1. Сыныптан, мектептен тыс түрлі музыкалық әрекет баланың музыка сабағына ашыла бермейтін жеке-дара музыкалық қабілетін ашуға ықпал етеді.
2. Балалардың ұжым болып әрекет етуге деген талпыныстарын қанағаттандырып, ұжымдық-орындаушылыққа, ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға үйренеді.
3. Сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жүмыс ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатаң шектеу болмайды. Бұл баланың өз ынта-жігеріне қалауына, еркіне сәйкес ұйымдастырылатын әрекеті.
4. Сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың әлеуметтік-музыкалық тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оны музыка өнерінің таңдаулы үлгілерімен кеңірек танысып, қажетті музыкалық практикалық іскерлігімен дағдыларын қалыптастырады.
5. Балалардың сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмыстарымен шұғылдануы олардың өз беттілігін, бастамашылдығын белсендіреді, тұрақты қызығушылығы қалыптасып, өз бетінше шығармашылықты тапсырмаларды нәтижелі орындалуын қамтамасыз ете алады.
Оқушылармен жеке жұмыс жеке дауыста ән салу немесе музыкалық аспаптарда: домбыра, қобыз, сырнай, фортопиано, скрипка, гитара және т.б. ойнап үйрену әуесқойлық қызығушылығын арттыру мақсатында музыка мамандарының жетекшілігімен ұйымдастырылады.
Топтық музыкалық тәрбие жұмысының түрлері көп: хор үйірмесі, музыкалық аспаптық ансамбльдер, балалардың музыка театры, т.б.
Музыкалық көпшілік іс-шаралар түрлеріне: музыкалық-тақырыптық ертеңгіліктер, кештер, кездесулер, музыкалық мейрамдар, апталықтар, конкурстар, байқаулар, консерттер, дискотекалар және т.б. жатады.
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы деп халық текке айтпаса керек. Баланы оқытып үйрету, жетістікті болу үшін, ұстаз өз бойында бар білімін аянбай жұмсап түсіндіріп көрсетуі тиіс, ал оқушы оны дүрыс қабылдап орындауға міндетті.
Қазақ халқының музыкасы ауызекі поэзиялық творчествомен тығыз байланысты: ән-жырлар, дастандар музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындалады. Аспаптардың барлығы алып жүруге ыңғайлы, құрылысы қарапайым, негізгі материалын табуға оңай болып келеді. Қазқтарға жеке дауыспен немесе қосылып ән айту, термелеу, күй тарту тән. Музыка аспаптарының және орындалу әуестінің сырттай қарапайым болуы қазақ музыкасының терең әлеуметтік, мазмұны бай, жүрекке жылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
Музыкалық білім берудің әдістемесі пәнінің ВУЗ – дық музыка педагогикалық мұғалімін дайындау жүйесінде алатын орны
Мектеп оқушыларының музыкалық ырғақ сезімінің көрінуінің психологиялық ерекшеліктері
Педагог-музыкантты дайындауда музыкалық-тарихи және музыкалық-теория мәселелері
Мектепке дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру
Музыка пәнінің құрылымы мен құрылысы
Балалардың музыкалық орындаушылықтарын қалыптастыру
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша элективті пәндер каталогы
Балалардың музыкалық аспаптарына сипаттама
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы балалардың музыкалық тәрбиесі
Пәндер