Мақағали шығармалары мен аудармалары
Кіріспе
І. Асқақ рух ақыны
1.1. Мақағали шығармалары мен аудармалары
1.2. Поэмалары

ІІ. Мұқағали мұрасы - сөз маржаны
2.1. Мұқағали поэзиясындағы ұлттық бейне
2.2. Мұқағалидың ХХ ғасыр лиризміне қосқан үлесі
2.3.Ақын мұраты - рухани мерез атаулымен күресу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді.
Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады.
Ауыл орта мектебін 1948 жылы бітіріп, өз ауылында комсомол, кеңес қызметтерінде болған. Кейін аудандық газетте әдеби қызметкер, Қазақ радиосында диктор болған, Қазақ әдебиеті газетінде, Жұлдыз журналында поэзия бөлімін басқарған. Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында әдеби кеңесші қызметін атқарған.
Тырнақ алды туындылары Нарынқол аудандық Советтік шекара (қазіргі Хан тәңірісі) газетінде 1948 жылдары жариялана бастаған. 1954 жылы бір топ өлеңі Әдебиет және искусство (қазіргі Жұлдыз) журналында, одан кейін бір шоғыр жыры Ә.Тәжібаевтың сәт сапар тілеген сөзімен Қазақ әдебиетінде жарияланған.
Аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын ұсынған. Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің Құдіретті комедиясын қазақшалады. Ақынның Саржайлау, Сөнбейді, әже, шырағын, Кел, еркем, Алатауыңа өлеңдеріне сазгер Н.Тілендиев ән шығарған.
Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, әпербақан сынға ұшырағанда да "Ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана" деген байламды берік ұстап, шен-шекпенге де, лауазым-атаққа да қызықпаған.
М.Мақатаев қаламынан "Қарлығашым, келдің бе?", "Дариға жүрек", "Аққулар ұйықтағанда", "Шуағым менің", "Өмір-дастан" т.б. жыр жинақтары туған. Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі - өлмес ғұмыры басталды. Ақынның артында қалған мол мұрасы: "Соғады жүрек", "Шолпан", "Жырлайды жүрек", "Өмір-өзен" т.б. жыр кітаптары, "Қош, махаббат!" атты прозалық кітабы оқырманның қолдан-қолға түспей, іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды.
Өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсеткен ақын Мұқағали "Жан азасы" (реквием) поэмасында өмір туралы гимн туғызды. "Аққулар ұйықтағанда" поэмасында ел наным-сенімін қастерлеу, сұлулық үндестігін жыр етсе, "Райымбек, Райымбек!" дастанында ел тарихын, ел басына қатер төнгенде қолына ту алып, жауына қарсы аттанған Райымбек Хангелдіұлының ерлігін суреттейді.
М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген

М.Мақатаев - адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның туған ауылына, Алатау табиғатына, сүйген жарына, аяулы әжесіне, балаларына, достарына, сағынышты махаббатына - баршасына арналған өлеңдері де шын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған жырлар. Олардың бояу әлемі мен әуен-сазы да ақын көкірегінің толғаныс-тебіреністен жасаған; бәрі де адамның өз дем, өз тынысындай шынайы, табиғи. Мұнда әккі қасапшының пышағындай жаланған жалаң техника жоқ, өмір мен соған елтіген көңілдің қас-қабағын баққан үйлесімді шеберлік бар. Әдетте ішінде жақсы өлеңі көп кітап көп те, ішінде бірде-бір жаман өлеңі жоқ жыр кітаптары аса сирек ұшырасады. М.Мақатаевтың Қарлығашым, келдің бе? жинағы сондай айда-жылда бір ұшырасатын аса сиректің бірі.
Жалпы Мұқаңның көзі тірісінде осындай ақадал пікір білдіріп, талантты танып, оның жақсылығын айтып нұрын тасытқан Әбіш ағаға біз, бүгінгі ұрпақ, қашан да алғыс айтуға тиіспіз. Мұқағалидың бүкіл шығармашылығына берілген зор бағалардың бірі де осы болса керек. Өйткені оны ақын көзі тірісінде оқып, қанаттанған, шабыттанған шығар. Өзі туралы мұндай бағалау сирек болғанмен, Мұқағали өзінің қазақтың аса дарынды ақыны екенін, өзінің ешкім аласарта алмайтын биіктігін білген. Бұл оның көзін көргендердің айтқанынан түйсінгеніміз, өлеңдерінен түйгеніміз.
М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы ол дүниеден озғалы бері тоқтаусыз айтылып та, жазылып та келеді. Бірнеше ғылыми диссертациялар қорғалды. Ал ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті, қазақ поэзиясы хақында сөз болғанда, Мұқағалидың өлең, дастандарына соқпай өту мүмкін болмай қалды. Ақын жырлары мектеп, жоғары оқу орындары оқу бағдарламаларынан ойып тұрып орын алды.
Оның өзі қайтыс болғаннан кейін Өмір-өзен (1979), Бәсіре (1981), Соғады жүрек (екі томдық) (1982), Шолпан (1984), Жырлайды жүрек (1989), Күнделіктері (1991), Үш томдық шығармалары (1991-1993) Жылап қайттым өмірдің базарынан (1994), Қарасаздан ұшқан қарлығаш (1999), Аманат (1999), Төрт томдық шығармалары (2002) кітаптары жарық көрген сайын Мақатаев поэзиясы оқырманмен етене жақын қауышып, әр қазақтың сырласына айналды.
Өзінің Күнделігінде ақын 1976 жылдың 14 ақпанында былай деп жазыпты :
- Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамау-ларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанында түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай. Жалған күйініш, жалған махаббат пен қуаныш, өтірік патриотизм және тағы-тағылар поэзияның жаулары. Көпшіліктің көңілін аулау үшін, рухыңның ыңғайын табу үшін жазу керек. Әрбір жазатын адам оқырманды күлдіріп абыржыта алады (бәрі оның шеберлігіне байланысты), бірақ оның жанына кіріп, есіңде мықтап қалу үшін барынша ашық, сезімтал әрі түсінікті болу қажет. Кейде қарапайым түсіне білетін көпшілік сенің образдарың мен прообраздарыңды артқы қатарға ысырып тастайды. Әрбір оқырман көркем шығармадан өзін, өз жанының бөлшегін іздейді.
Сондықтан мен өзімнің Менім арқылы жасырмай, жаппай өмірімнің шежіресін жасап шықтым. Жанымның мұңы мен қуанышы - бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын.
Сонымен, достар, бүкіл менің жазғаным, бар-жоғы бір ғана бүтін поэма. Адамның өмірі мен өлімі, қасіреті мен қуанышы туралы поэма. Егер нанбасаңдар, барлық өлеңімді жинап, бір жинаққа топтастырып көріңдерші. Естеріңде болсын, әрбір өлеңім өз орнында тұрсын. Яғни жылына және бойына қарай, сонан соң көз алмай оқыңдар. Сюжетіне көңіл аудармай-ақ қоюларыңа болады, ал композициясы мен архитек-тоникасына зер салыңдаршы. Егер мені содан таппасаңдар, онда ақын болмағаным!.
Мұқағали - жалпыхалықтық, ұлттық тұлға. Әрбір өлеңін оқығанда, оның қазақ екенін жазбай танисың, ұлт ақыны екенін айқын аңғарасың. Жалпы ұлттық рух дегенде, мынадай басты құндылықтарымызды алға тартар едік. Олар - туған жер, өскен өлкеміз, ана тіліміз, тарихымыз, дініміз, салт-дәстүріміз. Міне осы құндылықтардың қай-қайсысы болса да Мұқағали өлеңбаянының алтын арқауы.
Мысалы ұшаққа отырып сапар шеккен әрбір қазақ баласының ойына Мұқағалидың:
Іргелі қазақ болдық. Сақтар қалып,
Құс міндік темірқанат, аттар қалып,
Әйтсе де мақтанбалық, мақтанбалық! - деген жыр жолдары тұратындай.
Айналайын Ата мекен, Ақ мекен!
Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!
Туған өлке тәтті екен ғой,
Тәтті екен ! - дегенде, бойыңда ғажайып
отаншылдық сезімі оянады.
Қазақстан!
Пай, пай, пай!
Ардағым-ай!
Сен менің Шолпанымсың жанған ұдай.
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, арманым-ай! - ешқашан
көнермейтін, қазақ болғаның үшін көкірегіңде мақтаныш ұя салатын, құйылып түскен асыл сөздер.
Ақын қашан да халқымен, елімен бірге. Елі қайғырса бірге қайғырады, жұрты қуанса бірге қуанады. Оның:
Ерікті елміз, бүлінбеген қорғаны,
(Бәрімізге белгілі ғой ол жағы)
Қайтер дейсің қара бастың толғағы,
Тек жұртымыз күрсінбесе болғаны, - деген сияқты жырларын оқығанда, Мұқағали қазақ тәуелсіздігін көріп, бізбен бірге өмір сүріп отырғандай сезінесің.
Отансыз жан өмірінде оңбайды,
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға - сол қайғы.
Білесің бе,
Отанның сен не екенін ?
(Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.)
Екі Отан жоқ.
Жалғыз Отан - мекенім, - деп тайға таңба басқандай жазып кеткен ойлары, бүгінгі, болашақ ұрпақтың бәріне айтылған ақыл-өсиет. Бұл ғақлияны әрбір қазақ жүрегіне үкі етіп тақса да артық етпейді. Отанды сүюдің, оған құлай берілудің - асқақ үлгісі бұл.
Қазақ рухының басты да жарқын көріністерінің бірі - оның ана тілінің мәртебесінің биік, мерейінің үстем болуы. Қазіргі алапат жаһандану кезеңінде өз тіліміздің туын жоғары ұстау - әр қазақ баласының парызы.
Тіл өнерін, сиқырлы сөз өнерін,
Оңбайсың сөз өнерін тежегенің!
Тілден алмас жоғалса, сөзден қанжар,
Бұл тірліктен бір күнде безер едім.
немесе
Батар, кетер келмеске күнім менің,
Қалар бірақ киелі тілім менің.
Қасіретті шақтардан түңілгенде,
Қасиетті тілімнен түңілмедім, - деген сияқты қанатты жырлар қашан да қазақ халқының қасынан табылар тұмары іспеттес.
Жыраулардың жазбай кеткен жырларын,
Арулардың айтпай кеткен сырларын.
Қорқытыңның қорқынышты мұң-зарын,
Қобызыңның шанағынан тыңдадым.
Құлазыған сенің құла түздерің,
Не білмеген, не көрмеген, ізгі елім.
Жазылмаған тарихымның жолдарын,
Ауызекі аңызыңнан іздедім.
...Сенің бүкіл болмысыңның тағдырын,
Домбыраңның пернесінен іздедім.
Тарихымды жазудамын бүгін мен,
Бабаларым сенің Ана тіліңмен, - деп жыр төккен ақын тоталитарлық режим, коммунистік қоғам қыспағынан шыға алмай қалғанын түсінесің. Егер бүгінгідей еркін, азат заман болғанда, Мұқағали ақын тарих қатпарларын терең ақтарар да еді. Оған дәлел - сол бодандық заманның өзінде 1971 жылы Райымбек, Райымбек! дастанын жазуы. Бұл дастан - қазақ халқы бастан өткерген қиын-қыстау кезеңдердің шынайы бейнесін жасаған шоқтығы биік тарихи дастан. Жазылған соң он жылдан кейін барып Лениншіл жас газетінде жарияланды да. Сол поэмадағы:
Ақтабан шұбырынды,
Ақ туың жығылулы.
Олақ қатын тоқыған алашадай,
Өрмегіңнің арқауы суырылды.
Ақтық байлап, табынып тал-қайыңға,
Өтті күнің, сор қатып маңдайыңда.
Кетті қымыз жауыңның таңдайында,
Кетті қызың жауыңның борбайында.
Ақыныңа, серіңе, батырыңа,
Туысыңа қимаған, жақыныңа,
Тұяғымен ор қазған тұлпарларың
Тулап кетті жауыңның тақымында, - деген айшықты өлең жолдарымен халқымыз бастан кешкен құба қалмақ заманы, жоңғар шапқыншылығы ойраны, біресе Хиуаға құл болып, біресе орысты паналаған қазақтың қиын күндері көрсетіледі.
Мұқағали өмір сүрген кеңестік дәуірде Әлмерек би, Райымбек батыр, Қабай жырау, Сырымбет, Хангелді, Түке бабалардың есімін атаудың өзі үлкен қылмыс болып саналушы еді. Соған қарамастан, ақынның батылдығы арқасында тарихи шындық жыр тілінде өрілді. Бұл да Мақатаев поэзиясының ұлттық рухты көтерудегі зор үлесінің дәлелі.
Мұқағали ақын қазақтың салт-дәстүрлерінің поэзия-дағы тұтас галереясын жасады деуге де толық негіз бар. Бағана айтқанымыздай, Мұқағали жырлары - қазақи болмыс тіршілігіміздің, атадан балаға дарып келе жатқан асыл салт-дәстүріміздің де айнасы бола білді.
Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы [У.Уитмен, "Шөп жапырақтары" (1969); У.Шекспир, "Сонеттер" (1970); Д.Алигерьи, "Құдіретті комедиясының" "Тамұқ" бөлімі (1971)], 8 жыр жинағы ["Ильич" (1964), "Армысыңдар, достар" (1966), "Қарлығашым, келдің бе?" (1968), "Мавр" (1970), "Дариға-жүрек" (1972), "Аққулар ұйықтағанда" (1974), "Шуағым менің" (1975), "Өмірдастан" (1976)] жарық көрді. У.Уитмен, У.Шекспир, Н.Тихонов, Р.Бернс, Ф.Ансари, А.Акопян, А.Исаакян, Е.Евтушенко, Ф.Моргуннің бірнеше өлеңдерін аударды. Ю.А. Александров, М.М. Курганцев тәржімалаған ақын өлеңдері "Зов души" деген атпен орыстілінде басылып шықты
1.2.Поэмалары
Мұқағалидің "Ильич", "Ақ қайың әні", "Ару-ана", "Мавр", "Аққулар ұйықтағанда", "Қырандастар, қош болыңдар", "Чили-шуағым менің", "Шекарада", "Большевиктер", "Өмірдастан", "Арман", "Шолпан", "Досыма хат", "Алтай-Атырау", "Отаным, саған айтам", "Райымбек! Райымбек!", "Қашқын", "Жер үстінен репортаж", "Моцарт. Жан азасы" атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирикалық өлеңдерінде адам өмірінің мәні, әсемдік пен сұлулық, тазалық, ерлік, елдік, туған жер турасында терең толғаған. Ақын өмірінің соңғы кезеңінде жазған "Моцарт. Жан азасы" реквиемі пәлсапалық мазмұны, психологиялық тіні өзгеше туынды. "Табыт үні", "Халық үні", "Жесірлер үні", "Бесік жыры" аталатын 4 бөлімді туындының әрбір бөлімінде бірде табыт, бірде жесір-Ана, бірде Жер-Бесік атынан Өмір мен өлім туралы философиялық пайымдаулар айтылған. Ақын Моцарт тағдырын тілге тиек ете отырып, өмір туралы өз жанының оптимистік рухын, әрбір адамның жан түкпіріндегі арман-әнін жеткізеді. Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады, ол туралы: "Мен жырламаймын, Сырласамын. Сыры бір замандаспен мұңдасамын. Көгендеп жыр қосағын, Келмейді жыр жасағым" немесе "Тіпті де мен емес-ті "Мен" дегенім... Өзгенің жаны-сырын ұғу үшін, Өзімді зерттегенді жөн көремін" дейді. Мұқағали шығармашылығының тіні "өзін-өзі" зерттеуден тұрады. Мұқағалидің медитативті лирикасындағы лирик. Мен -- өзін-өзі іздеген, өмір мен өлім, адам мен қоғам, ғаламнан үйлесімділік іздеп шарқ ұрған, толассыз ізденістегі пәлсапашыл Мен. Мұқағалидің шығармаларында философиялық тереңдік, адамның психологиялық жан күйзелісін суреттеу, медитация басым. "Өмірдастан" атты топтамалы толғауында жесір жеңге (Дариға) образы арқылы тылдағы халық өмірі мен адамдық, азаматтық, адалдық, ар-намыс, рух пен нәпсі арасындағы толассыз күрес психол. шиеленіс арқылы шебер жеткізілген. Мұқағалидің шеберлігі өзі өмірден көрген-білгенін көңіл елегінен өткізе терең жеткізуінде. Имандылық,ислам діні турасында "Я, Жаратушы Аллам", "Сатқан емен", "Дін-ғылымның анасы", "Я, Алла", "Бүкіл дүние мұсылмандарына хат", "Адам қайдан жаралған", "Жүрек арызы", "Күн батты, міне, кеш кірді", "Не керек, осы, адамға", т.б. өлеңдер жазды. "Сатқан емен, сатпайтын дінімді мен", "Мұхаммедтің үмбеті-мұсылманмын", "Сайтанның да, күнәсіз періштенің, Бал мен уын талғамай неге ішкенмін. Періштенің қайғысын бөліспедім, Сайтанменен болса да келіспедім" секілді жыр жолдарында адам табиғатына сай тартыс, пенденің жан тылсымындағы жұмбақ қақтығыстар көрініс тапқан. Ол әсіресе тауды, қазақ ауылын көп жырлайды ("Тауда өстім", "Тау бір аңыз", т.б.). "Өлмесін деп берген ғой тауды маған, Мен күңіренсем, күрсініп тау жылаған". Ол қазақ өлеңін мазмұн, пішін жағынан түрлентті. "Қазақтың қара өлеңі құдіретім, онда бір сұмдық сыр бар естілмеген" дейді ақын. Мұқағали дәстүршіл ақын, ол өлеңге интонация, инверсия, мазмұн тұрғысынан жаңалық енгізді. Мұқағалидің поэзиясы ұлттық характерімен, мінезімен ерекшеленеді: "Су сұрасам, сүт берген, айран берген, Қартайып қалыпсың-ау, қайран жеңгем". Ақын өлеңге ерекше кие деп қарап, Музаға табынған: "О, Муза, маған алыс сөреңді бер, ұайыптан кел де, мені демеп жібер". Мұқағали адам жанының диалектикасына терең бойлап, оның болмысын шынайы бедерлейді ("Жапырақ жүрек-жас қайың"). Ол "Нағыз ақын алдымен ойшыл, философ болуы қажет. Поэзияда философ болу өзін қоршаған әлемді ұғыну, әр заттың мәнін білу, ақырына дейін "адам жанының инженері болып қалу" дегенді ұстанды (Күнделік, 10.2.1976). Ақынның шеберлігі өмірден өзін, өзінен өмірді көре білуінде. "Бүкіл менің жазғаным -- бар-жоғы бір ғана бүтін поэма. Адамның өмірі мен өлімі, қасіреті мен қуанышы туралы поэма" дейді ақын. Мұқағалидің адамзат ғұмыры мен әлем сырын жыр еткен лирикасы қазақ әдебиетіне қомақты мұра боп енді. Мұқағали поэзия жанрында ғана емес, проза, драма, сын саласында дақалам тартты. Қаламгердің "Қош, махаббат" жинағына (1988) әр жылдары жазылған "Құлпытас", "Марусяның тауы", "Өзгермепті", "Әже", әңгімелері, "Қос қарлығаш", "Жыл құстары" повестері мен "Қош, махаббат" пьесасы, бірнеше сыни еңбектері енген. "Рух және сезім" , "Сезім найзағайы", "1969 жылғы қазақ поэзиясы" атты әдеби сын еңбектерінде О.Сүлейменов, М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Ж.Нәжімеденов, С.Мәуленов, т.б. шығармаларына талдау жасап, өнер, поэзия туралы ой толғайды.[[3]]

Қазақ поэзиясында М.Мақатаевтың орны ерекше. Мұқағали ұлт ақыны. Уақыттың өзі оны мойындап, жыр тарланын лайықты тұғырына көтеруі де сондықтан.Бойға біткен табиғи дарынына қоса орыс және Еуроап классиктерін қанып оқып, ақынның ішкі әлемі соншалық байығанымен, қазақ сипатын ешқашан да өзгерткен емес. Қайта, алған мол білімінің арқасында өз поэзиясын әрлендірді.Ең бастысы, қара өлеңді дара қойып қазан миында қайнатты.Мақатаев поэзиясының күші мен өршенділігі мынада деп ұғамын: ло ұлттық мінезін, табиғатпен астасқан мәңгілік жанды жаратылысымен, сұлу ақиқатымен бойды баурап, ойды жаулайды.Мұқағали жыр әлемі сөз маржанына сусындырып, рахаттандырады. Мұқағали жырынан қазақ - қазақы мінезінің көркем суретін көреді.Ұлт өзін - өзі танып, рухани көтеріле алса, қаламгер үшін бақыт деген осы.Ақының Беташар, Наурыз айы туғанда, Жігіттер, мақтанбалық, Бабаларым рахмет сендерге, Мотродың даусын..., Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы, Сал, сал жырым секілді өлеңдері қазақ халқының салт - дәстүрін, ұлттық ерекшелігін, ұлтық мінезін бейнелейді. М.Мақатаев поэзиясының ұлттық бейнесі ақын қаламынан туындаған кез келген өлеңдерінен кездестіруге болады. Ақын қай тақырыпқа қалам тербесе де өлең бойынан қазақы тұрмыс - тіршілік, ұлттық болмыс, ұлттық мінез көрінеді. Сондай жырлардың бірі Наурыз айы туғанда.
Наурыз айы туғанда
Той болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға,
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда [6.178.] -
Ақын бұл жырында қазақ халқының салт - дәстүрі - Наурыз жыл басы туралы, наурыз айының қазақ халқы арасындағы қадір-қасиеті, қазақ халқының жыл басын күтіп, қасиет тұтуы, салт дәстүрі жайлы кеңінен жариялайды. Наурыз айында күн мен түн теңеліп, жаңаша күн басталатын кезең. Көктем мезгілімен бірге жаңа тіршілік басталады.Қасиетті жердің бусанып, табиғар ананың құлпыратын шағы да осы наурыз айында.Ақын қазақы дәстүрді, ұлттық бейнені жаңа жыл басымен байланыстыра бейнелейді. Қазақ дәтүріндегі сақталған сыбағаның сапарға кеткен иесінің аман-есен еліне оралуына тілектестігі де өлең бойында әдемі суреттелген. Сыбаға сөзінің өзі халық ұғымында жақсылықтың тілекшісі болып саналады.Сыбаға сақтау, адамдардың бірін-бірі қонаққа шақырып сыбағасын беру - ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан дәстүр. Шашылып ырыс шанақтан тармағында көктем мезгілімен келген жаңа жыл, жаңа күннің қуанышы бейнеленген.
Мақатаев поэзиясынан танылатын тағы бір қасиет - ұлттық мінез.Адам баласының басында кездесетін сабырлық, кең пейілділік, жомарттық, намысшылдық, момындық қазақ ұлтына тән мінез. Ақын поэзиясында бұл қасиет өлең сөздерімен оқырманға философиялық ой тастар өркениетке айналған.Яғни,
Сабырмен сабақалып дәуірлерден,
Сабырын сары алтыннан тәуір көрген.
Қазаққа мақтансын деп жер бермеген,
Жерінің кеңдігіндей сабыр берген[7.48.] -
деп қазақ халқына тән ұлттық мінез арқылы ұлттық бейнені сомдаған.Қазақтың Сабыр түбі сары алтын мақалын өлең жолына арқау ете ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz