Ертегі бала жанын қоректендіретін - рухани қор



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
I Кіріспе бөлім.
1.1 Өзін - өзі тану пәнін оқытудың ерекшелігі және бала
болашағына әсері
1.2Өзін - өзі тану және ұлттық тәрбие

II Негізгі бөлім.
2.1Өзін-өзі тану пәнінің ұлттық тағылымдармен сабақтастығы
2.2. Ұлттық құндылықтар туралы жалпы түсінік . Ұлттық құндылықтар арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру
2.3. Тұлғаны тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды пайдалану жолдары

III Қорытынды бөлім.
3.1Ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру моделі.
Өзін-өзі тану сабақтарында дәйек сөздер арқылы ұлттық құндылықтарды қалыптастыру

.

І. Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі:
Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты жан - жақты әлемдік білім кеңестігінен орын алу болып табылады. Бүгінгі жас ұрпақ - егемен еліміздің болашағы,халық тағдырын жетелейтін азамат.Ал сол ұрпаққа әлемдік деңгейде өркениетті негізде білім мен тәрбие беру,ұлттық құндылықтарды жас ұрпақ бойына сіңіру ғаламдық мәні бар мәселеге айналып отыр.Ғаламдану үрдісінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет - бейнесін,ізгі дәстүрін сақтау жолындағы күрес ұлттың сананы сақтау күресі екенін түсіну,яғни,ұлттық сана - сезімімен мінез құлқының ана тілінде,ата тарихын,төл мәдиетін және ұлттық салт - дәстүрді меңгеруі негізінде қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу міндетін айтамыз.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан 2030 бағдарламасында Біздің жас мемлекетіміз өсіп - жетіліп кемелденеді.Біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олар өз заманының жауапты да жігерлі,білім өрісі биік,денсаулығы мықты өкілдері болмақ.Олар бабаларымыздың игі дәстүрін сақтай отырып,қазіргі заманғы жағдайда жұмыс істеуге даяр болады - деген болатын.
Бүгінгі оқушы - Егеменді еліміздің ертеңгі ұрпағы.Ұрпақтың рухани байлығы,мәдениеті санналы ұлттың ойлау қабілетімен білімі болуы керек ...

Зерттеу жұмысының міндеттері:
Зерттеудің обьектісі:
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы:

1.1 Өзін - өзі тану пәнін оқытудың ерекшелігі және бала
болашағына әсері

Бүгінгі сапалы білім берумен саналы тәрбие берудің мақсаты адамның ептіліктері мен дарындылығына сүйене отырып, жеке адамды қалыптастыру және оның жан-жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету. Адамның өмірлік өзін-өзі тану мәдениетін қалыптастыру - өмір талабы. Өмірлік өзіндік таным - өте кең ұғым. Осы мақсатта мектебімізде атқарылып жатқан оңды істер аз емес. Жыл басында іс-шаралар жоспары жасалып, жоспарға сәйкес жұмыс жүргізіліп келеді. Пәннің берілу жәйін басты назарда ұстап, аудандық, облыстық білім бөлімінің әдіскерлері мен үнемі байланыста жұмыс жасаймыз. Сабақ беретін пән мұғалімдері біліктілік курстарынан бірнеше мәрте курстан өтті. Пәннің әлеуетін арттыру мақсатында басқа пәндермен пәнаралық байланыс жасап оқытуды тәжірибеге енгіздік. Арнайы кабинет бөлініп, талапқа сай жабдықталды. Пәннің берілісі педагогикалық кеңесте қаралып, кеткен кемшіліктерді болдырмауға іс-шаралар жасақталды. Мектебімізде Өзін-өзі тану пәні бойынша ашық сабақтар өтіп, онда интерактивті оқыту әдістері, түрлі бағытта тренингтер, релаксациялық жаттығуларды пайдаланып өткізуде. Ата-аналар мен үнемі байланыста болып, пән жөнінде пікірлерін біліп сабақтарға, түрлі шараларға қатыстырып отырамыз және ата-аналар Өзін-өзі тану пәнінің қазіргі қоғамда керек пән екенін үлкен сенім мен қабылдады. Атына сай адам өзгені танып білу үшін бірінші өзін жақсы білуі шарт. Өзін-өзі тану пәні болашақ ұрпақтың бойында рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы адами құндылықтарды, адамгершілік іс-әрекеттер мен мұраттарды өмірлік басщылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген.Соның нәтижесінде бала өзін-өзі таниды, бағалайды, тәрбиелейді. Бұл пәнді оқыту заман талабынан туындап отыр. Еліміздің ертеңі қазіргі жас ұрпақтарды тәрбиелеуде жасап жатқан барша істерге сәттілік тілейміз.

1.2Өзін - өзі тану және ұлттық тәрбие
Өзін-өзі тану- өмірді тану болып есептеледі. Сара Алпысқызының идеясы тамаша және қазіргі уақытта өте қажет.Өйткені қазіргі кезде теріс ықпалдар көп,адамдар бір - біріне қатыгез болып бара жатқандай.Бірақ осы балаларды сүйіспеншілік пен үйлесімділікке қалай тәрбиелеуге болады? Баланың бойына адамгершілік құндылықтарды халқымыздың бай құндылықтарымен ,яғни халықтық тәрбиемен ұштастыра жүргізу қажет деп есептеймін. Адам туа сала білмейді ,жүре келе біледі.Өмірге келген әрбір баланың болашағын алғашқы күннен қалыптастырған атамыз қазақ ілім - білімді үйрете отырып, балаларын татулыққа,өнерге баулып , барлық тағылымды отбасынан бастаған. Ұяда не көрсең ,ұшқанда соны ілесің деген бар.Ендеше айта кетейін,балаға дұрыс тәрбие беру - ата-ананың моральдық қана емес,заң жүзіндегі міндеті.Осы ретте ,ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу үшін қазақ халқының тиым сөздерін жастайынан көкейіне қондырып, айтып отырған жөн Міне,осы тиым сөздердің мәні мен мағынасын Өзін - өзі тану пәні сабағында үнемі қолданып отырған жөн.Бұл әр балаға рухани байлық, адамгершілігі мол азамат болып қалыптасуына бағыттаушы құрал ретінде қолданылады.Жастайынан ақыл айтып, санасына құймаса,беріде әке-шеше, арыда Отаны алдындағы асыл парызын түсіну,түсіне жүріп орындау кезкелген перзенттің өресі жете бермейтін дүние болып қалмақ. Өзін - өзі тану сабағында тиым сөздердің мән - мағынасын ашатын пікір алысу өткізіп,оқушыларға ой тастап отырса,санасына ұлттық құндылықты сіңірген азаматтар қатары толығар еді.Сондай сөздердің біразына тоқталып өтсем ... .. Дастарханға бірінші нан әкеліп қой, Нанды шашпа ,жерге тастама , Тойдым, Біттім деген жаман ырым. Қанағат десең, қанағат қарын аштырмайды.Әлі де ырыздығым таусылмасын деген жақсы ырыммен Тойдым деме, қанағат де деп жатады. Ас ішкен ыдыс - аяғыңды төңкеріп қойма,ырысың шашылады,Ас ішуді бірінші үй иесі бастасын деген ырым шаңырақ иесімен амандықта дастарханда жүздесе берейік деген тілекпен астасады.

Міне,осындай ырым-тиымдарды Өзін - өзі тану пәні сабағында мұғалім үнемі қолданып отырса оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің бірден - бір құралы болып есептеледі.Осы тұста бала тәрбиесінде қазақи тәрбие де астасып жатса ,одан ұтыла қоймаспыз деп ойлаймын. Жүсіп Баласағұни бабамыз: Соңыра күн қалмау үшін табаға Жөнге салып,ие болғын балаға. Баққан ұлдан сәл қалса назарың Түбі соның тарттым дей бер азабындеп айтқандай ,өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуде осы мақалам өз септігін тигізеді деп ойлаймын.

2.1Өзін-өзі тану пәнінің ұлттық тағылымдармен сабақтастығы
XXI ғасырда көтеріліп отырған Өзін-өзі тану рухани - адамгершілік білімінің түп тамыры тереңде жатыр. Ол - халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағлымдық ой-толғауларынан бастау алады. Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам ешқашанда сол қалпында қала алмайды - дейді Томас Манн. Ендеше өзін-өзі, өз мүмкіндектерін, өзінің өмірдегі орнын түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады. Өзін-өзі тану - адамның шындықты өзінше түсіну жағынан қарастыратын ілім, ол өз бойындағы бірегейлікке сәйкес келетін өзінің жеке құндылықтары жүйесін жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесімен ықпалдастыруға бағытталған.
Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білімі - ұлттық құндылықтарды іске асыру мен таратудың маңызды механизмі, өмірдің мәні мен өнегесі, тарихпен, ана тілімен, философиямен, әдебиетпен, дәстүрмен, психологиямен ұштасқан ұлттық-рухани білім мазмұны мен түрі.
Халықтан асқан ұлы ұстаз жоқ дейтін болсақ, ұлттық рухани мұралар - ұрпақтың-адамгершілік азығын жетілдіретін негізгі өзегі болмақ.
Ұлттық руханият негізінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан рухани мұраларды жинақтап, зерттеп-зерделеудің құндылығы арта түсуде. Ұлт тағдыры - ұрпақ қолында екенін жақсы түсінген ата-бабамыз өз ұрпақтарын ежелден ізгілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа, салауаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған.
Ұлттық құндылықтар - тұтас бір жүйе. Оған халықтың діні, тілі, мәдениеті, әдебиеті, өнері, сондай-ақ халықтың әлеуметтік және мәдени қауымдастық ретінде пайда болуымен бірге туындаған әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, жол-жоралғылар, ұғым-түсініктер, дағды, көзқарастар жатады.
Өркениеттің басты өлшемі болып табылатын құндылық адамзат дамуын байланыстырушы, сабақтаушы, жалғастырушы механизм ретінде дәріптеледі.
Құндылықтар - тілі, тұрмыс тіршілігі мен салты бір, тағдырлас халықтардың бірінен-екіншісіне ауысып, мәдени құндылықтардың ықпалдасуы арқылы халық дәстүрін толықтырып отырады. Құндылық теориясы өркениеттік құндылықтардың қалыптасуы мен даму бағдарларының алғышарты ретінде көрініс алды. Демек, адамзаттық құндылықтардың басымдылығын мойындау дегеніміз әлемнің тұтқасы жеке адам деп есептеумен тең. Өркениеттік құндылықтар адамдық мәдени игіліктер арқылы қордаланып дәстүршілдік пен жаңашылдықтың кезектес үдерісінде сабақтаса отырып белгілі бір тұтастықты құрайды. Құндылықтар адамзатты өзара түсіністік пен сыйластыққа, бірін-бірі қолдауға бағыттайды.
Құндылық адам өлшеміндегі мәдениетті көрсетеді, әрі тіршілік ету мен адамдық болмыс қалпының негізін құрайды. Құндылықтар қоғамды реттеу кезінде дәстүрлер мен ғұрыптар жүйелерін, әсіресе қоғамға аса маңызды адамдық нормалар мен құқықты өзіне бағындыра отырып, ыңғайлы деңгейге ие болады. Мәдениет пен өркениет материалды және рухани құндылықтар жүйесінде құрылады. Құндылық астарынан адам мен адамзат үшін оның жағымды да жағымсыз жақтары көрінетін материалды немесе рухани шындықтың анықтамасын байқауға болады.
Қазіргі қоғам жағдайында кейбір құндылықтарды ойдан шығару мен асыра бағалаудың қажеті жоқ. Әлеуметтік дамуды адамнан тыс қарау, оны ізгіліктің түп қазығынан айыру деген сөз. Бұл жерде адамгершілік, ізгілік мұраттарын, әдетте экономикалық табыстармен байланыстырып, әріге қалдыруға болмайды. Ізгілік өмірден тыс қаралмайды. Әлеуметтік дамудың үдерісі шын мәнінде осы бастаулардың өсуі мен пісіп жетілуі олай болмағанда, адамзат прогресі туралы сөз етудің мәні жоқ. Еліміздегі демократиялық үдерістердің дамуына байланысты үйлесімді дамыған, өмір заңдылықтарын жіті түсінетін, әлеуметтік белсенді, өз бетімен шешім қабылдайтын және оларды іске асыра алатын жеке тұлғаға сұраныс туып отыр. Бүгінгі күні, жеке тұлғаны дамытудың мазмұны мен түріне әлеуметтік, экономикалық мәселелердің шешімі, адамның қауіпсіздігі де тәуелді деуге болады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Білім бағдарламасында еліміздегі оқу-тәрбие жүйесін жетілдірумен байланысты алға қойған негізгі мақсат - Қазақстандық, азаматтық, ізгілік және жалпы адамзаттық құндылықтар идеяларының негізінде тәрбиеленушінің жеке тұлға ретіндегі сапалық қасиетін қалыптастыру көзделіп отыр.
Демек, қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі адамның үйлесімді дамуы, оның ізгілікке бет бұруы, жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруі. Бұл мәселелердің шешімін табуы білім беру деңгейімен тікелей байланысты.
Руханият - адамзаттың негізгі бастауларының бірі. Адам әдебиет пен өнер туындылары, түрлі уағыздар мен мінажаттар арқылы өмір тағлымдарын танып, руханияттылыққа қол жеткізеді. Бұл шындық, әділеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, сұлулық идеялары мен рухани-адамгершілік ұстанымдарын қабылдау мен пайымдауға әкеледі.
Руханият - байырғы әдеби тілімізде (шағатай тілінде) қолданылған, бүгінгі әдеби тілімізге 90-жылдардың басында - азат ойлауға толық еркіндік берілген кезеңде қайта енген сөз. Ол рух пен сезімнің жиынтық атауы... Біздің ұғымымызда руханият саласына тіл, әдебиет, мәдениет, музыка, сурет, тағы басқа сезімнен, рухтан өрбитін немесе осыларға байланысты өнер, ғылым атаулы тұтасымен кіреді.
Қазір отандық бұқаралық ақпарат құралдарында, түрлі әдебиеттерде руханият атауы орынды қолданыла бастады деп есептейміз. Біле-білсек, бұл дәстүрге адалдық, тарихқа құрмет деп пайымдайды филолог ғалым Д.Хамзабекұлы. Жоғарыда айтылғандардан ұлттық руханият - ұлттық құндылықтар жүйесі деп түйіндеуге болады.
Ұлттық руханият - ұлттық рухтан туындаған ұғым. Ұлттық рух болмаған жерде ұлтпын деп айту қиын. Руханиятқа ұлт тілі, діні, дәстүрі, ұлттық мәдениет, әдебиет, өнер және т.б. ұлттық құндылықтар жатады. Ол - халық санасының, мінез құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі, ұлттық болмысы. Ұлттық руханият мыңдаған жылдар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, әр адамның бойына ана сүтімен бірге сіңеді. Ұлттық руханиятты сақтау, оны нығайтып отыру және дамыту - өскелең ұрпақтың қасиетті парызы мен міндеті. Адам әдебиет пен өнер туындылары, түрлі уағыздар мен мінажаттар арқылы өмір тағлымдарын танып, руханияттылыққа қол жеткізеді. Бұл шындық, әділеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, сұлулық идеялары мен рухани-адамгершілік ұстанымдарын қабылдау мен пайымдауға әкеледі.
Ұлт дәстүрі - ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи нормалар мен үрдістер. Ол - қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.
Қазақ халқының өте әрідегі ата-бабаларының өмір сүрген кезінен бастап, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі - халық педагогикасы.
Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, жұмбақ, жаңылтпаштар мен мақал мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні адамгершілік имандылық, ақыл-ой тәрбиесіне келіп тіреледі.
Қазақ халқы бала тәцрбиесімен айналысатын қоғамдық орын балабақша ашылмастан бұрын-ақ, өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ, жаңылтпаш айтумен тәрбиелеп отырған.
Ауыз әдебиетінің басқа түрлеріне қарағанда мақал-мәтелдердің өзіне тән ерекшеліктері бар. Ол адам өмірінде, тұрмыс-тіршілікте кездесетін әр түрлі жағдайларға, құбылыстарға берілген даналық баға, тұжырым болып қолданылады.
Туған жер, ені, ел қорғау жөнінде кездесетін мақал-мәтелдер баланы патриоттық сезімге баулиды. Отанға деген, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді.
Халық ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бүгінге дейін даму, есту үстінде келе жатқан жанрлардың бірі-жұмбақтар.
Жұмбақ - өскелең ұрпаққа білім берерлік, тәрбиелік мәні бар құралдардың бірі. Мақал адамның логикалық ойын дамытса, жұмбақ, жаңылтпаш жас баланың тілін жетілдіріп, табиғат өмір жағдайындағы түсінігінен қиялдау қабілетін дамытады.
Мақал-мәтелдер тәрізді жұмбақтар да сәби балаларды ерлікке, отаншылдыққа үндейтін маңызды құралдардың бірі.
Ертегілерге бай елдердің бірі - қазақ халқы. Қазақ халқының ой-қиялының жемісі болып саналатын ертегілер балалардың туған еліне, ата-анасына деген сезімге бөлейді, ой-қиялдарын дамытады. Халық ертегілері өткен өмірді баяндаумен шектелмейді, болашақ туралы да ойлантып қиялдатады.
Қазақ ертегілерін өмір оқулығы деп қарауға болады, өйткені ұлттық психологиялық мәдениеті жанрдың бұл түрінде айқын танылады. Ертегіде халықтың мінезін, психологиясын тұрмыс-салтын, әдет-дәстүрін нақты бейнелейді.
Қазақ ертегілерінің аса бай, ең мол түрі-халықтың тұрмыс-салтына байланысты туған ертегілер. Бұған Ғажайып бақ, Ұр тоқпақ, Құйыршық ертегілерін айтуға болады. Ертегі әңгімелегенде, халықтың тұрмыс-тіршілігі түгел қамтылып суреттеледі. Байлық пен кедейлік, зорлық пен оған қарсылық, жауыздық пен жақсылық, осылардың бәрі ертегіде көрініс табады. Мұндай ертегілер алдымен баланы ақыл парасаттылыққа, кішіпейілділікке, ой тапқырлығына, адамдарды, табиғатты сүйе білуге, төзімді болуға баулиды. Мысалы Құйыршық, Ұр тоқпақ ертегісінде балалар қиялды, сиқырлы сезімдерді түсіне алады. Жақсылық пен зұлымдықтың қадір қасиетін ажырата алады. Әженің сиқырлы көзі жасы қасиетті жас екенін, қасиетті ақ бура деп түйе малының қадірін түсінеді.
Ертегілер жақсы аяқталуымен, яғни жақсылық, әділдіктің жеңуімен аяқталады. Ертегі бала жанын қоректендіретін - рухани қор. Қазіргі кезде балаларға арналған бейне көрілімдер шетелдік, мән - мағынасы түсініксіз болып кеткен. Сол себептен де жас ұрпаққа ұмыт бола бастаған халық ауыз әдебиеті үлгілерін үйретсек, олардың бойларына осы қазақ халқының, өз ұлтының тұрмыс - салт дәстүрін, өз елінің жырларын сіңірсек нұр үстіне нұр болар еді.
Қазақша ұлттық бейнедегі мультфильмдерден көбірек болғаны, оларды балаға үйде, балабақшада көрсетіп пайдалану өте маңызды. Жаста берген тәрбие - жас шыбықты игендей - деп, біз балаларға тәрбиені жастайынан халықтың педагогика элементтері мен халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдаланудан бастауымыз қажет. Өз халқының алтын қорынан нәр алып, сусындаған әрбір жас бүлдіршін болашақта өз Отанының жанашыр азаматы, елін- жерін қорғайтын ері болып өсетіні сөзсіз.
Бала бақша бүлдіршіндері мен оқушылардың ой- өрісін кеңейтіп, эстетикалық талғамын арттырып адамгершілікке, патриоттық сезімге баулу ісінде халық ауыз әдебиетінің алатын орны ерекше екенін естен шығармауымыз қажет. Тек қана бала бақша мен мектепте емес, ата-аналарда үйде өз баласына ертегі, жұмбақ, аңыз - әңгімелер айтып отыруы жөн. Яғни бесіктегі баладан бастап, қазақи сусындатудың соншалықты маңызды екенін әр ата-ана түсінгені дұрыс. Бала біткеннің бәрі ес білгеннен бастап, білсем, көрсем, естісем деп әрекет етуге ұмтылады.
Бала өзін қоршаған ортаны, табиғатты осы қиял ғажайып ертегі, мақал-мәтелдер арқылы көреді, сезеді. Тәлім - тәрбие отбасынан басталатын болғандықтан әр ата-ана өз ұрпағына қоғамдық тәрбие беруші орынмен біріге отырып тәрбиелегені жөн.
Өзін-өзі тану жобасы жалпы адамзаттық және ұлттық рухани құндылықтарды жаңғыртуға негізделген мемлекеттік эксперименттік білім беру бағдарламасы болып табылады. Бұл жоба Қазақстанда 2001 жылы қолға алынды және еліміздің жетекші педагогтері, ғалымдары, әдіскер мұғалімдері мен тәрбиешілері, жалпы зиялы қауым тарапынан жан-жақты қолдау тапты.
2.2. Ұлттық құндылықтар туралы жалпы түсінік
2.3.Ұлттық құндылықтар арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру.
Құндылықтар - тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар,ол шынайы болады,ол адамға тәуелді емес,дегенмен ол адам санасында орын алады.Құндылықтар сезім арқылы қабылданады,ал сана арқылы оны түсініуге болады,соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді,соған сай әрекет етеді.Нақтырақ айтатын болсақ,ана тілі мен ұлттық дәстүрді құрметтейтін,дүниетанымы,ақыл ой парасаттылығы қалыптасқан,мақсат қоя алатын,сол мақсатқа жету жолында жауакершілігі мол,мінез құлқы,айналадағы адамдарға қарым - қатынас мәдениеті жоғары,Отанын сүйетін,күрделі жағдайда нақты шешім қабылдай алатын,салауатты тұлға.Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде бастауыш сыныпта атқаратын жұмысының орыны ерекше.Тәрбиені сәби ана құрсағынан бастаса,оны білім теңізінің мектеп атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды.Ұлы Абай: Бала мінез үш алуан адамнан жұғады: біріншісі - ата - анасынан, екіншісі - ұстазынан, үшіншісі - құрбысынан. - деген екен.Қоғамға қызет ететін болашақ жеткеншектерге сапалы білім мен өнегелі ұлттың тәрбие беру - ұстаздың басты парызы.
Оқу мен тәрбие егіз.Оны бір - бірінен бөліп қарауға болмайды.Тәрбиенің өзі күнделікті сабақтың әр бір негізінде - ақ оқушы бойына сіңіре бастайды.Көп жылдан бері бастауыш сыныпта сабақ бере жүріп Бастауыш сыныпта оқу - тәрбие арқылы ұлттық құндылықты бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыру тақырыбында шығармашылық жұмыспен айналысып келемін. Мақсатым - ұлттық құндылықтарын бойына сіңіру арқылы қалыптасқан тәні мен жаны сұлу,өзіне - өзі сенімді,халықтың салт - дәстүрін,ата заңын,тарихын құрметтейтін,елжанды,әлемдік бәсекеге қабілетті тұлғаның негізін қалау.Бастапқы білім,тәрбие негізін салу.
Міндеттері:
1. Оқушының ұлттық сана сезімін қалыптастыру.
2. Ана тілі,діні,оның тарихы,мәдениеті,өнері,салт - дәстүрі,рухани мәдени мұраларды қастерлеу.
3. Оқушы бойына жанаршылық сезім,намысшылдық тәрбиесі,ұлттық мінезді қалыптастыру.
4. Сабақты,сыныптан тыс шараларды тартымды,ұтымды ұйымдастыру.
5. Оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу.
Бұл мәселенің өзектілігі - халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтарымыз жойылып кету алдында тұр.Бүгінгі оқушының рухани байлығы төмен,ұлттық санасы өзгеріп барады.Сондықтан оқушының бастауыш сыныптан санасына құятын,тәлім - тәрбие негізі қаланатын ошақ - мектеп.
Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып,нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет:
- белсенді қарым - қатынас:оқушы мен мұғалімнің әр бір мәселеде өз көзқарастарын білшдіріп отырады.
- Индиветтік:мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы,қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы
- өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту
- шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу,бір - бірінің пікірлерімен ерекшелігін құреттеу.Ғылыми теорияға,зерттеу еңбектерге
сүйіне отырып,бастауыш сыныптағы оқушылардың ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру моделін екі бағытта құрдым.
1 моделі - Оқушының идеалы,сенімі өзін - өзі тану құндылық ұғымын түсінуі.
2 моделі - оқушыға ақпарат беру,қызығушылығының туғызу.Бағалау - салыстыру,мәнін ашу,ұлттық құндылық ұғымын меңгеруі болды.
Мектеп табалдырығын бүлдіршін аттағаннан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап,тәрбие сағаттарында,оқыту үрдісінде қазақ зиялы қауымның еңбектерінің,қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы олардың бойына адами құндылықтарды қалыптастыра аламыз.Сондай - ақ ұлттың салт сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері:рәсімдер,рәміздер,ырым - тыйымдар,жөн - жорағылар,діни ұғымдар,сенімдер,перзеттік парыз,адамгершілік борыш,ұрпақтың мінеті арқылы ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып,ұлттық қасиеттерге айналады.Бала бойына ұлттық құндылықтарды дамытудағы негізгі құралдарға мыналарды жатқызуға болады:
1.Оқыту үрдісі
2.Сыныптағы тәрбие сағаттары.
3.Тәрие шаралары (пікір талас,кездесулер)
4.Саяхат жасау.
5.Кітап оқу.
Бастауыш сыныпта ұлттық құндылықты қалыптастыру ана тілі,математика,бейнелеу өнері сабақтарында жүзеге асырылады.Сабақ - тәрбиеден бір еліде бөлінбейтін біртұтас үрдіс.Мұғалім оқушының өміріне азық болар ең қымбат асыл қасиеттер - адамзаттың құндылықтары мен,біліммен қамтамасыз етеді.Мұғалім міндеті - оқушының жүрек
түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару.Әр бір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарын дамыту.Мұғалімнің сабақты ұйымдастырар алдындағы жауапты ісіне деген құштарлығын оятатын,бойндағы бар қабілет мүмкіндігін жарыққа алып шығатын күш - осы рухани - адамгершілік құндылықтар.Мұғалім баламен кездескен сәттен бастап,оның үйіне қайтатын уақыта дейінгі кезеңде(сабақты ұйымдастыру,оны өткізу,үзіліс кезінде,тәрбие сағаттары,жекелей әңгімелесу т.б) баламен тікелей қарым - қатынас екенін,рны мен ішкі сезімі байланыста болатынын бір сәтте естен шығармағаны абзал,сонда ғана жеке тұлғаны тәрбиелеу ісінде едеуір табыстарға қол жеткізе алады.

2.3.Тұлғаны тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды пайдалану жолдары
Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасындағы балаға ертегі арқылы адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру
Елжандылыққа тәрбиелеудегі қазақ ертегілерінің әсері
Бала жанын қоректендіретін рухани қор – ертегілер
Мектепке дейінгі балаларға ертегі кейіпкерлерімен таныстырудың маңызы
Мектеп дейінгі балаларды ертегілер жолымен тәрбиелеу
Мектепке дейінгі балаларға ертегілердің ішіндегі кейіпкерлермен таныстырудың маңыздылығы
Адамгершілікке тәрбиелеудегі қазақ ертегілерінің әсері
Ертегіні оқытудың тиімді жолдары
Қазақ ертегілерінің ішіндегі Түркі халықтарына ортақ кейіпкерлер - Алдар көсе , Қожанасыр және Тазша бала
Табиғатпен таныстыру арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
Пәндер