Жалпы табыс


Кіріспе
1. Табыс салығының экпномикалық мазмұны және ғалымдардың субьиектілеріне шолу
1. 1 Табыс салығының эканомикалық мазмұны
1. 2 Табыс салығы есебін жетілдіру мақсатында ғалымдар мен практиктердің еңбектеріне шолу
2«Шим-шак НС» ЖШС қаржылық эканомикалық жағдайы
2. 1«Шим-шак НС» ЖШС табыс салығының эканомикалық мазмұны
2. 2 «Шим-шак НС» ЖШС табыстар мен шығындар есебі
2. 3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау
3Салық міндеттемелері.
3. 1 Корпоративтік табыс салығының есебі
3. 2 Міндеттеме төсілімен табыс салығының есебі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді белгілейтін, Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды құжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімің, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылған (бөлінген) қаражаттарды айтамыз.
Салықтарды, алымдарды және басқа да міндетгі төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату құқығы Қазақстан Республикасының заң органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқық тек қана Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Салық төлеуші, салық міндеттемесін орындау барысында, салық салынатын объектісін, салық базасын, салық мөлшерлемесін, салық кезеңін білуге міндетгі болады. Бұл кезде: салық салынатын объектісі және салық салумен байланысты объектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егер де олар бар болса, онда салық төлеушінің міндеттемесі де пайда болады;
Салық базасы деп құқықтық, физикалық базасын айтады және де салық салу объектісіне басқа да сипаттамасы бойынша салық салуға жатуы мүмкін. Салық базасының негізінде салық сомасы жөне басқа да төлеулердің мөлшері анықталады.
Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне есептелген салық деңгейі болып табылады. Салық мөлшерлемесі пайыздық немесе абсолюттік сомасы бойынша салық базасының өлшем бірлігіне қарап белгіленеді.
Салық кезеңі - бұл уақыт кезеңі, әрбір салық түріне және Салық кодексінің басқа да міндетті төлемдеріне қолайлы етіп белгіленеді, сол кезең біткеннен кейін салық базасы анықталынып бюджетке төленуге жататын салық пен басқа да міндетті төлемдері есептелінеді.
Қазакстан Республикасындағы салық заңы - мүліктің кірістелген және тауарды сату мақсатында жөнелтілген, қызметтің көрсетілген, жұмыстың атқарылған кезеңімен есептелген шығысы мен төленген табысының кезеңіне қарамастан, салықтық есептің әдісіне орап есептеу әдісі бойынша құрылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Зерттелімге қойылған талап өзектілігі мен тақырыпта анықтаудың өзі қоғамымыздағы келесі мәселлерге жол табу: жергілік және мемлекеттік даму бағдарламасының қаржымен қамтамасыз етуді молайтудағы әлеуметтілік - экономиканың қарқынды дамуына мүмкіндік туғызу, жергілікті бюджет мүмкіншілігін арттырудағы олардың өз кірістері мен шығыстарын теңестіруді қамтамасыз ету мүмкіншілігін өсіру, жергілікті бюджеттің трасферттік қаржылану мүмкіншіліктеріндегі бей-берекеттілікті жою, салық салу мен салық төлеуден жалтару сыбайластық жемқорлыққа жол бермеу жолындағы бақылауды күшейту, салықбақылаушының қызметін тиімді ұйымдастырудың теориялық мәселелерін енгізу және салықтық түсім жоспарының жоғарылауының
жетілдірілуі, салықтық бақылау жүргізудің әдістемелігін жетілдірудегі салық қызметкерлерінің қызметіндегі құзыретін жоғарылату, салықзаңдылық актілерінің жүзеге асыруды тұрақты түрде бақылау жүргізуді орындау, салықтық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіре түсу және оны басқару саясатына арнайы ғылыми негіздеме жасау арқылы пәндік статус әперу. Бүгінгі күннің ең негізгі талабы "Көлеңкелі экономика мен сыбайластық жемқорлықпен" күрес жүргізу барысындағы қоғамдық даму заңдылықтарын орындау. Ол үшін әрқашанда бақылау жүйесіндегі тексеру, талдау әдістерін кеңінен қолдана біліп оны тек құқықтықнегізде жүргізе білу қажеттілігі туындап отыр.
Экономиканың дамуындағы жалпы ішкі өнім үлесіндегі қосымша құн өскен сайын бюджет көздері толықтанып, халықтық әлеуметтік және рухани шығындарын қанағаттандыра түсіру үшін нарықтық қатынастардың құқықтығы күшейе түсуіндегі барлық бағыттарды бақылау жүргізу әділеттіліктің негізгі даму бағыты. Сайып келгенде, зерттелінген мәселенің ғылыми және іс-тәжірибелік маңызы зор бастамалардың бірі екенін айта аламыз.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты салықтық бақылауды ұйымдастырудың теориялық жәнеәдістемелік ережесін анықтап, салықтық бақылаудың экономикалық категория ретінде мазмұнын, мақсатын және мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру, салықтық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіруге, тиімділігін арттырудың жолдарына әдістемелік және іс жасау.
Зерттеудің объектісі. Қазақстан Республикасындағы салықтық қатынастар мен салықтық бақылаудың заңдық негіздеріне сүйене отырып, оның ұйымдастырылу тәртібін жетілдіру мен бақылау құқықтық қызметін көтеру.
1. Табыс салығының эканомикалық мазмұны және ғалымдардың субьиектілеріне шолу
1. 1 Табыс салығының эканомикалық мазмұны
Салық салынатын пайда (залал) - бұл пайдаға салық төлеуге (орнын толтыруға) қатысты салық органдары белгiлеген ережеге сәйкес анықталатын, кезең iшiндегi пайда (залал) сомасы. Оны ұйымдар есептік мерзімдегі табыстың жалпы сомасынан барлық кәсіпкерлік қызметтің шығыстарын шегеріп анықтайды. Табыстар мен шегерімдердің түрлерін салықтық заңнамаларында бекітілген. Қаржылық есеп 2-де салық салынатын және есептік табыстардың арасында айырмашылықтар бар, олар тұрақты және уақытша болып бөлінеді (1-ші схема) .


айырмашылықтардың түрлері
Бұл жерде, есептiк пайда - бұл салық төлеу бойынша шығыстарды шегергенге дейiнгi кезең аралыгындағы таза пайда немесе залал. Аталған айырмашылықтар себептерінің біреуне кейбір баптардың бір есептеулерге кіргізілуі, ал екінші есептеулерден шегерілуі табылады. Мысалы, белгіленген шығыстарды салық салынатын пайданы анықтағанда шегеруге болмайды, ал есептік пайданы көрсеткенде осы шығыстарды шегереді. Мұндай шығыстарды тұрақты айырмашылықтар деп атайды.
Тұрақты айырмашылықтар - бұл ағымдағы есептi кезеңде туындайтын жене бұдан кейiнгi есептi кезеңдерде жойылмайтын салық салынатын және бухгалтерлiк табыстар арасындағы айырмашылықтар.
Субъект әрбір есепті күні кейінге қалдырылған салықтық активтіқ баланстық құнын қайта қарауға тиіс. Субъект кейінге қалдырылған салықтық активтіқ баланстық құнын азайтуға және салық бойынша шығысты осы актив құнсызданған дәрежеде, яғни осы кейінге қалдырылған салықтық активті өтеуге мүмкіндік беретін жеткілікті салық салынатын пайда алынатынына ықтималдық енді болмайтын дәрежеде ұлғайтады. Субъект осындай азайтуды жеткілікті салық салынатын пайданық болу ықтималдығы кейіннен пайда болатын дәрежеде реверсиялағаны жөн.
Салықтар кез-келген өркениетті мемлекеттердің негізгі кіріс көзі. Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген заңды тұлғалардан алынатын барлық салықтар мен алымдардың ішінде табыс салығының алатын орны ерекше. Әлемнің қандай мемлекеті болмасын, барлығында табысқа не пайдаға салық салынады. Бұл экономикалық категориялардың мазмұны, әсіресе олар салық салу объектісі ретінде қызмет атқарса, олар тұрақсыз болады. Жалпы алғанда, пайда дегеніміз шығыстарды шегергеннен кейінгі табыс, ал табыс-шаруашылық субъектілерінің өз тауарын, қызметін, жұмысын сатқаннан түскен түсім. «Табыс» категориясы қашанда «пайда» ұғымынан кең екендігі белгілі.
Қазақстанда қабылданған салықтық есеп ережесіне сәйкес, табыс - бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі немесе міндеттемелердің азаюы. Табыс алынған немесе алынуға тиіс өткізу құны бойынша бағаланады. Өткізу құны салық төлеуші мен сатып алушы немесе активтерді қолданушы арасындағы келісіммен анықталады.
Қазақстан Республикасы өзінің 16 жылдық қысқа тарихында салық салудың жоғарыда аталған екі кестесінде қолданып үлгірді. Қазақ ССР-нің 1991 жылғы ақпанның 14-дегі «Кәсіпорындардан, бірлестіктерден және ұйымдардан алынатын салықтар туралы заңына сәйкес салық салу объектісі ретінде пайда алынады. Осы заңды ауыстырған Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы ақпанның 12-дегі «Пайда мен табысқа салық салу туралы» Заң күші бар Жарлығында салық салу объектісі ретінде табыс та, пайда да алынады. Ал 1995 жылдың 24 сәуірінде қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар Жарлығы мен қазіргі Салық кодексінде де табыс салығы нысанына тоқтады және салық салудың ерекше категориясы салық салынатын табысты енгізеді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында заңды және жеке тұлғаларды қамтитын табыс салығының біртұтас конструкциясы енгізілді. Бірақ бұл субъектілер арсында олардың табыс түрлері мен оны алу әдістерінде айтарлықтай (едәуір) айырмашылық болуы бұл біріктірудің тиімсіздігін көрсетті және заңды және жеке тұлғаларға салық салудың екі режимі сақталды. Бұған қоса Қаржы Министрлігі заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу мен төлеудің тәртібі туралы бөлек 2 нұсқаулық дайындады. Жаңа Салық Кодексінде осы кемшіліктер ескеріп Салық Кодексінің табыс салығына байланысты ең негізгі ерекшелігі заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығының бір тұтастығы бұзылып, жеке-жеке салық болып бөлінген және дүниежүзілік халықаралық стандартқа сәйкес заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы корпорациялық табыс салығы деген жаңа терминмен алынатын болды. Қабылданған концепцияға сәйкес корпорациялық табыс салығының салық салу негізінде заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының салық салу принциптері алынған. Салық заңдылықтарының нормаларын біркелкі түсіндіруді қамтамасыз ету, салық төлеушінің қолдануын жеңілдету, салық тәртібін сақтау деңгейін жоғарлату мақсатында Салық Кодексінде нормативтік-құқықтық актілерінің біргеше ережелері біріктірілген, яғни Салық Кодексінде бұрынғы салық заңдылығындай, салықтың төлеушілері, салық салу объектісі, Жылдық жиынтық табысты қалыптастыру әдістемесі, оны кейін түзету мүмкіндіктері, шығындарды шегеріске жатқызу, сол сияқты табысты анықтау, залады көшіру құқығы және бюджетке төлеуге жататын салықты есептеу жолдары анықталған.
Табыс салғының бұрынғы есептеу әдісін сақтай отырып, жылдық жиынтық табыс пен салықтық шегерістердің құрамын қайта қарау жолымен корпорациялық табыс салығы бойынша салық ауыртпалығын төмендету ұсынылған.
Корпорациялық табыс салығының құрылу негізі. Корпорациялық табыс салығы корпорациялардың табысына салынатын тікелей салық. Содай-ақ бюджеттің реттеуші кірісі болып табылады.
Бюджеттің кірісін реттелетін және бекітілетін салықтар құрайды.
Реттелетін салықтар - қалыпты мөлшер бойынша бюджеттің әр деңгейі арасындағы бөлінетін салықтар.
Бекітілетін салықтар - тек бір бюджетке түсетін салықтар.
Заңды тұлға дегеніміз ҚР-ның не шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған дербес мүлкі бар, сол мүлікпен құқықтар мен міндеттерге мүліктік және мүліктік емес қатынастарды жүзеге асыратын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.
Корпорациялық табыс салығын төлеушілерге ҚР ҰБ мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, ҚР резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе ҚР-дағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар жатады.
Резидент заңды тұлға - ҚР-ң заңдарына сәйкес құрылған немесе оның нақты басқару органдары Қазақстанда болатын заңды тұлға.
Резидент емес заңды тұлға - ҚР аумағында кәсіпкерлік қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын, сондай-ақ тұрақты мекеме құрмай ҚР-нан табыстар алатын шетел заңды тұлғалары.
Табыс салығының салық салу объектілері болып:
- салық салынатын табыс;
- төлем көзінен салық салынатын табыс;
- ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаныңтаза табыскорпорациялық табыс салығы салынатын объектілер болып табылады.
1. 2 Табыс салығы есебін жетілдіру мақсатында ғалымдар мен практиктердің еңбектееріне шолу
Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде салық тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орыны кең және терең зерттелген. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынанқамтылған және Батыс елдердің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр. Ғалымдар мен қаржылық бақылау тақырыбы кеңінен қамтылғанымен салықтық бақылау туралы өте аз зерттелген. Тіптен салықтыңбақылау функциясы деген түсініктің өзі кейіннен шыққан түсінік. Өкінішке орай салықтық бақылау мәселелері, оның еліміздің салықжүйесіндегі орны мен маңызы, тәжірибе жүзінде қолданылуы Қазақстан Республикасында қазірше жеткілікті қамтылмаған. Мемлекеттің қаржы және салық саясатын жетілдіру мәселелерін зерттеуге өз еңбектерін арнап, сол арқылы экономика ғылымына айтарлықтай үлесқосқан төмендегідей экономистер мен заңгерлерді айтуға болады: А. Герун, А. И. Худяков, А. К. Арыстанова, Б. Б. Шермухаметова, Б. Ж. Ермекбаева, В. Г. Фурсов, В. Д. Мельников, Г. К. Жакупова, Г. М. Бродский, Е. Калюжанова, Е. Х. Сигаев, З. Атығаева, К. А. Сержантов, М. Т. Оспанов, М. Х. Тусеева, С. С. Сатубалдин, А. А. Нурумов, А. Б. Зейнельгабдин, А. Смит, А. Соколов, А. Тривус, В. Д. Ли, Г. А. Лесбеков, Г. Карагусова, Д. Г. Черник, Е. В. Порохов, К. А. Аттапханов, К. Ә. Сағадиев, К. К. Ильясов, М. Б. Кенжегузин, О. Тимофеева, С. Г. Пепеляев, С. М. Мусин, Ф. С. Сейдахметова және тағы басқалар. Бірақ, салық жүйесінің бақылау қызметі мен мемлекеттік қаржылық және мәселелерінің күрделілігі оның әрі қарай зерттеуді қажет етеді.
2«Шим-шак НС» ЖШС қаржылық эканомикалық жағдайы
2. 1«Шим-шак НС» ЖШС эканомикалық мазмұны
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында тиянақты, қатаң бақылау, тексеру ерекше орын алатыны шетел үлгісінен белгілі. Себебі, нарықтық қатынас принципімен, дамуды қамтамасыз ету үшін, ол елде-бәсекелестік шешуші рөль болып атқарылады. Бәсекелесті қамтамасыз ету үшін, өте қатал бақылауды тексеру қажет. Соның нәтижесінде ғана, нарықтық қатынас жолымен дамудың тиімділігі іске асырылады. Сондықтан есеп және талдау жұмысының қажеттілігі, көптеген себептермен анықталады.
Біріншіден - кәсіпкерлер өз шаруашылығының тиянақтылығын қамтамасыз ету үшін.
Екіншіден - өз жұмысын өзі сенімді түрде басқару, жүргізу үшін.
Үшіншіден - кәсіпкерлер өзара қарым-қатынас сенімді жұмыс істеу үшін және де өзінің капиталының тиімділігіне сенімді болу үшін.
Шаруашылық субъектісіне қазіргі уақытта тиімді жұмыс істеу үшін активтер және ұзақ мерзімді активтер керек, яғни негізгі құралдар, материалды емес нақты инвестициялар керек. Олар ұйымдарды қаржыландыру үшін негізгі капиталына және материалды - өндірістік қорларды өсіміне салымдар ретінде пайдаланады.
«Шим-шак НС» ЖШС-дегі есептегі жыл қорытындысын табыспен аяқтағаныменде, дұрыс жүйеге қойылған есеп және талдау жұмыстарының негізінде үлкен көрсеткіштерге жетуге болар еді деп ойлаймын. Мысалы, негізгі құралдардың есебін жүргізуді жетілдіру үшін автоматтандыру жүйесіне көшу.
Тозуы жеткен негізгі құралдарды, дер кезінде есептен шығару және олардың орнына бүгінгі күнгі талаптарға сай өнімділігі жоғары негізгі құралдарды сатып алу.
Бұл ұсыныстар өндірілетін өнім көлемін арттыруға ықпал етеді деп есептейміз. Сондай жағдайда ғана ұйымдар қазіргі нарықтық экономикалық жағдайда бәсеке төтеп беріп, өз өнімдерін халықаралық базарларға шығаруға мүмкіндік ала алады. Ал шығарған өнімдерді сапасы және саны жағынан сұранысты қанағаттандырмайтын шаруашылықтың нарық заманында өмір сүре алмайтындығы халықаралық тәжірибеде, дамыған елдердің экономикасына белгілі болып отыр [28, б. 50]
2. 2 «Шим-шак НС» ЖШС табыстар мен шығындар есебі
Табыс- бұл есепті кезеңде активтердің көбеюі немесе міндеттемелердің азаюы. Негізгі және көмекші қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды. Табыс сондай-ақ тауарлы - материалдық запастарды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздардан және дивиденттерден алынуға мүмкін.
Табыс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады: олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім шартта анықталады. Сатып алушылардың алған активтер үшін төлеген сомасы сату құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде, тараптар өздерінің келісім шарттарында бухгалтерлік есептің мынадай басты қағидаларына көңіл бөледі: есептеу, шығындық алаламау, яғни, екі жақты да бірдей көру, сақтық жасау т. б. Тауарды сатқаннан түскен табыс келесі жағдайда сақтаған кезде танылады: табыс сомасын үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда яғни бұл сатушының сатқан тауары үшін келісім-шартта көрсетілген соманы сатып алушының төлейтіндігі туралы сенім білдіреді [19, б. 102] .
Табыс бухгалтерлік есеп шоттарында 6-бөлімде көрсетіледі
6010- өнімді өткізуден, кызмет көрсетуден түскен түсім
6110- қаржыландырудан түскен түсім
6210- басқа да кірістер
6310- қысқарылатын қызметпен байланысты кірістер
6410- үлестік қатысу әдісі бойынша кірістер
Төмендегі 12, 13 кестелерде «Көліктік қызмет көрсету орталығы» Акционерлік Кәсіпорынының есепті кезеңнің табыстары мен шығыстары көрсетілген.
Кесте 1«Шим-шак НС» ЖШС-нің есепті кезеңнің табыстары, мың. тг
Көрсеткіштер
2010 жыл
2011 жыл
ауытқу
Тауарлар мен қызметтерді өткізуден түскен табыс
Қаржыландырудан түскен табыс
Басқа да табыстар
-16330
Жалпы табыс
Екертпе - деректер көзі «Шим-шак НС» ЖШС-нің материалдарынан алынған
1 кесте бойынша келесідей қорытынды жасауға болады: кәсіпорын 2010 жылы өнімді сатудан түскен табыс мөлшерін 68046 мың теңгеге жоғарылатты, ол жоспарды құру кезінде өнімнің жоғарырақ бағалары мен сатудың үлкен көлемдерін есепке алғанымен байланысты. Қаржыландырудан түскен табыс өзгеріссіз қалды, ал басқа да табыстар 16330 теңгеге төмендеді. Ал жалпы табыстар бойынша 2011 жылы табыс көлемі 57421 теңгеге артты.
Кесте 2 «Шим-шак НС» ЖШС-нің есепті кезеннің шығындары, мың. тг
Көрсеткіштері
2010 жыл
2011 жыл
ауытқу
Әкімшілік шығындар
Шаруашылық шығындар
Басқа да шығындар
Жиынтығы
Екертпе - деректер көзі «Шим-шак НС» ЖШС-нің материалдарынан алынған
Есепті жылда жұмыс күшінің азаюы мен қызмет көрсету көлемінің артуына байланысты, сәйкесінше кезең шығындары да артты, 2010 жылы -жалпы шығын 184250 теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 529884 теңгеге артты.
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономи-калық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz