Сөз бостандық құқы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе3-4
І бөлім. Адам құқығының даму эволюциясы.
1. 1 Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі: түсінігі, құрылымы, түрлері . . .
1. 2. Адам құқығы - азаматтың басты игілігі
ІІ бөлім. Мемлекет пен құқықтың арақатынасы .
2. 1 Мемлекеттің шығу тегі, белгілері
2. 2 Құқықтың пайда болуы және қайнар көздері
2. 3 Мемлекет пен құқықтың арақатынасы
2. 4Қазақстанда құқықтық мемлекет қоғамының қалыптасуы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
. . .
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке адам, қоғам және мемлекет үшін өмірлік маңызы және ең жоғары әлеуметтік мәні бар құқықтар мен бостандықтарды баянды етеді. Олар әр еркін жеке тұлғаның ар-намысын қамтамасыз етудің алғы шарты болады. Олар азаматқа, қоғам мүшесі ретінде сол қоғамды басқаруға, жаңғыртуға қатысу үшін қажет. Олар адамның материалдық және рухани қажеттілігін қанағаттандыру үшін экономикалық және әлеуметтік жағдайлар туғызады.
Мемлекет, қоғам үшін Конституцияда бекітілген құқықтардың маңызы сонда, олар мемлекеттің демократиялық, құқықтық мәнін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Конституцияда Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтiк мемлекет деп орнықтырудың екi негiзгi бастауы бар: бiрiншiден, Конституция болып табылады, өзiнiң қолданылуы арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiлiгiн қалыптастырудың басталуы негізiнде екендiгiн бiлдiредi; екiншiден, стратегиялық бағыт, мынадай Қазақстан Республикасы демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет құру жолында дамуы тиiс. Демек Қазақстан Республикасының демократиялық бағытта дамуының Конституциялық негiзi қаланды.
Адам құқығы - адамзат қоғамының өте құнды туындысы. Осы құқықтың сақталуы және қорғалуы әлемдік қауымдастықта күрделі мәселе. Кәзіргі таңда қол жеткізіп отырған жеңістер, оны ұстап қалу жағы, экономика мен мәдениеттің дамуы, қоғамдық қатынастың нығайа түсуі, қоғам мүддесі, жеке тұлға кұқықтары мен бостандықтары өркениетті демократиялық коғамды дамыту шарты.
Қоғамдағы заңдар, соның ішінде Қазақстан Республикасының Конституциясы әлеуметтік қатынастарды ретке келтіріп, адамдар мүддесіне зиян келтіретін әрекеттерге тиым салып, олармен ымырасыз күрес жургізуге бағытталған. Осы жерде жеке тұлғалар Конституция және басқа да заңдар принциптерін мүлтіксіз орындауға мүдделі. Осы мүдделерді жүзеге асыруда мемлекет орны ерекше.
Мемлекет - қазіргі қоғамның ажырамас бөлігі. Жеке тұлға мен құқық қатынасында мемлекеттің араласу дәрежесі маңызды мәселе. Демократиялық құрьлыс жағдайында мемлекеттің қоғам өміріне араласуы даусыз. Осы мөселенің төрікіні жеке тұлғаның қол жеткен нәтиже үлесіне жармасуында жатыр, ал мұның өзі олардың қоғамдық өндіріске және оның өрлеуіне қосқан нақты үлеске сай келмеуі мүмкін. Осы жерде жеке тұлға мен құқық арасындағы қатынас күрделі мәселеге айналады.
Тақырыптың мақсаты- мемлекет пен құқық арақатынасының түсінігі мен қағидаларын және мазмұнын зерттеп, оның мазмұны мен мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін, мәліинттер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру.
Курстық жұмыстың міндеті:
- Құқық пен мемлекет арақатынасын көрсету;
- Мемлекет пен құқықтың тарихын зерттеу;
- Мемлекет пен құқықтың қағидаларын қарастыру;
- Адам құқығын зерттеу
Зерттеу нысаны: Мемлекет пен құқық арақатынасының түсінігі, қағидалары, мазмұны.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.
Курстық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі: қарастырылып отырған тақырыпқа байланысты әртүрлі нысандағы мәліметтер қолданылған.
І бөлім. Адам құқығының даму эволюциясы.
- Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі: түсінігі, құрылымы, түрлері
Адам құқығының даму эволюциясы мемлекет және құқықтың пайда болуымен бірге дамып, сапалы құндылықтар деңгейіне көтерілді. Уақыт адам құқықтарының асқақтауына, тиімді қорғалуына өзінің ықпалын тигізуде. Олай дейтін себебіміз адамзат тарихы, оның прогрессивтік саяси - құқықтық идеялары адамқұқықтары қай заманда болмасын қастерлеу қажеттілігін үлкен, маңызы зор праблема етіп үсынады. Себебі адам жаратылыстың ең саналы, ең нәзік, ең күшті ажырамас бөлігі. Сондықтан адам құқықтарын қорғаудан, асқақтатудан, аяққа таптаудан адамзат өркениетінің қандай бағытта дамитынын болжауға болады.
Құл иеленуші мемлекеттерде адам құқықтары ашық, заң жүзінде теңсіздік аясында қалыптасып, құл иеленушілердің құлдар құқықтарын аяққа таптауға, басып -жашуға тікелей жол ашты. Құлдар заң нормаларында құқықтың субъектісі емес, объектісі, яғни зат, мүлік ретінде танылды.
Рим заңгерлері «Құл сөйлеитін құрал» деген қағиданы өмірдің барлық саласында қолданды. Теңсіздік, құл болу туа біткен қасиет ретінде танылды.
Феодалдық мемлекеттерде адам құқықтары басқаша көзқараспен бағаланды. Құл иеленушілік мемлекеттердегі адам құқықтарының жағдайларына қарағанда біршама прогресс болғанымен феодалдардың шаруаларға деген үстемдігі олардың құқықтарын аяққа таптаулары басқа сипаттқа ұласты. Феодализм қалыптастырған құқық жүие король, дворян, герцог, князь сияқты аз ғана топтардың құқықтарын асқақтатты, шаруалар тек сол феодалдардың қол астындағы адамдар болып саналды. Феодалдық құқық «жұдырық құқы», күштілердің ашық түрде теңсіздікті мойындатуы.
Адам құқықтарының теңдік идеясына көтерілуі буржуазиялық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты. Буржуазия идеологтері абсолюттік монархияда аяққа тапталған адам құқықтарын асқақтатып, теңдік бостандық идеясын адам құқықтарының іргетасы ретінде жариялады.
Буржуазиялық қатынастар дамып келе жатқан Англияда 1679 жылы «Хабеас корпус акт», «құқық туралы билль» (1688) сияқты құқықтық құжаттарда адам құқықтары теңдік мағнада мойындалды. Кейінірек, АҚШ -тың (1787) және Ұлы Француз ревалюциясының «Адам және азамат құқықтары декларациясында» (1789) асқан даналықпен адам құқықтарын туа біткен, ең қастерлі құндылық ретінде жариялады, «адам» және «азамат» ұғымдары енгізілді. «Барлық адамдар туғаннан еркін және тең құқылы. Қоғамдық айырмашылықтар жалпы пайда негізінде болды», - деп атап көрсетілді декларацияда.
Ресей отарына айналған қазақ қоғамында адам құқықтары өрескел бұрмаланды, орыс империясының енгізген заңдары қазақ ұлтын, оның құқықтарын аяққа таптаумен қатар, ұлттық қасиеттерін, дәстүрлі әдет - ғұрыптарын жоюды көздеді. «Орыс әкімшілігі қазақ қоғамын өз тарапынан тиімді басқару үшін және отарлық саясатты күшейту мақсатында империя құқық жүйесін енгізуді негізгі саясаттың санатына жатқызды. Бұл мақсатты жүзеге асыру мақсатында Қазақстанда әр мағнадағы құқық жүйелері бір -бірімен сапырылысып, өкімет органдарында бассыздыұ пен заңсыздыққа кең көлемде жол берілуіне жағдайлар туғызды. Өлкеде қазақ халқының санасына мүлдем жат, беймәлім, қабылдауға әлі дайын емес құқықтық жүйені пайдалануәділ сотты чиновниктер қалталылардың қолына шоғырланды». Осыған орай адам құқықтары туралы сөз қозғаудың өзі «Уақытша ереже» бойынша сотсыз тергеусіз, губернатордың қалауымен айдалып жіберілді.
Тіпті орыс әкімшілігінің барлық сатыларындағы шенеуніктері, өз тараптарынан ойына келген тәртіптерді орнатуды іс жүзіне асырып отырды. Қазақ ұлтының құқымен санаспай, бүкіл халықтың ар - намысын аяққа таптайтын әрекеттерді заңдастырып, ұлы державалық шовенизмді ашықтан - ашық асқақтатуды саясаттың ең негізгі өзегі ретінде танып бақты. Мысалы, Жетісу өздерінің кейбір бастыұтары қазақтар орыс офицерлері мен шенеуніктерін кездестіргенде, міндетті түрде атынан түсіп, бас киімін шешіп, иілуге міндетті түрде аттан түсіп, бас киімін шешіп, иілуге міндетті деген нұсқаулар шығаруға дейін барған. Верный қаласының мейрамханалары мен көпшілік орындардың есіктерінде, немесе маңдайында: «Иттер мен қазақтарға кіруге болмайды» деген жазуларды ілуге дәстүрге айналдырған. Адам құқы деген сөзді қолдану орыс әкімшілігіне ерсі, қажетсіз, тіпті қылмыс жасаумен пара - пар мағнада сезілді.
Еңбек мазмұнының негізіне арқау болған Казақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы, соған сәйкес заңдар, жеке тұлға құқығы мен бостандығын бекіткен құжаттар жиынтығы, адам құқығы теориясы мәселесінде ой пікірлер қалдырған данышпандар еңбектері және ағымды баспасөз, оқулықтар мен монографиялар материалдары. Мемлекет пен құқық теориясы бойынша жеке тұлға және мемлекет туралы қазіргі таным оны терең оқып үйренуге мүмкіндік береді Осы қажеттікті қанағаттандыру мақсаты мені сол тақырыбта дипломдық жұмысымды жазуға итермеледі.
ХХ ғасырдың басында қалыптаса келе жатқан қазақ зиялылары мұндай жағдайлармен келіспейбатыл түрде үн көтерді. А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, Б. Сыртанов, Б. Қаратаев, Ж. Сейдалин, Ж. Ақбаев, Р. Мәрсеков сияқты қайреткерлер қазақ ұлтының құқықтарының өрескел болмауына, аяққа тапталуына үзілді -кесілді қарсылық білдірді. 1911 жылы ірі қоғам қайреткері Барлыбек Сыртанов Еуропа өнегесінде, адам құқықтарын асқақтату қажеттілігін дәлелдеп «Қазақ елінің уставында» былай деп жазды: «Қазақ елінде адам баласының бәрі тең құқылы. Дініне, қанына, тегіне нәсіліне қарап адамды қорлауға жол жоқ. Адам тек закон һәм құдай алдында жауап береді»
Кеңес мемлекеті адам құқықтарын тек қана қағаз жүзінде ғана мойындайды. 70 жыл бойы коммунистік - тотилитарлық тежим адам құқықтарын басып жаншыды, еркіндік пен бостандық идеялары жоққа шығарылды, репрессия, жазығы жоқ адамдарды қамау, ату кеңес мемлекетінің ең негізгі саясатына айналды. Адам, индивид мемлекеттік машинаның тек ғана тетігі ретінде танылды.
Тек тәуелсіздікке қолы жеткен Қазақстан біртіндеп адам құқықтары конституциялық деңгейде, демократиялық талаптар негізінде жарияланды.
Жеке адамның құқықтық мәртебесін меңгеру үшін адам құқы мәселесін түсінуі қажет. Адам құқы табиғм құқықтан туындайды және ол барлық адам баласына туа біткен қаасиет ретінде танылады. Ол - өмір сүру, бостандық, езгіге қарсы тұру, бақытты болуға үмтылу. Бұл қасиеттер адамзаттың ажырамайтын құқықтары деп танылады.
Сонымен қатар азамат құқы деген ұғым бар. Азамат сөзі адамның арнайы бір мемлекетпен құқық пен міндет арқылы тікелей байланыста екенін аңғарьады. Адам және азамат құқықтары үнемі сәйкес келе бермейді. Кейбір мемлекеттердің конституциялары табиғи құқықтан туындайтын адам құқықтарының барлық талаптарын мойындамауы мүмкін. Белгілі заңгер ғалым А. К. Котов былай деп атап көрсетеді: «Жалпы социологиялық категория «адам құқы» мен мемлекеттік -құқықтық ұғым «азамат құқығының» байланысты болуы табиғи жағдай. Олардың арасындағы айырмашылық - адам құқы мемлекеттің мойындауынан тыс бола берді. Олардың дүниежүзілік қауымдастықпен гуманистік құндылық ретінде мойындалған. Негізінде, Адам құқын сыйлайтын мемлекет олардың негізгілерін өз кКонституцияларында бекітеді, сонымен қатар күнделікті заңнамаларда тәптіштейді».
Жеке адамның құқықтық мәртебесі деп мемлекетпен азаматтық арқылы байланыстығы адамның құқық, бостандық және міндеттерін пайдалануда, іс жүзіне асырудағы жағдайларын айтады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 - бабы. «Қазақстан Респубдикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», ң өмірі, құқықтары мен бостандықтары», ң өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деген құндылықтарды жарйялайды. Адам құқықтары мен бостандықтарын асқақтату, оларды ең жоғарғы құндылық деп мойындау демокротияны дамытудың үлгісі болып табылады. Сондықтан жеке адамнң құқықтық мәртебесі демократияның институтттарымен тікелей байланысты.
Адам құқықтары қоғамдық қатынастармен тығыз байланысты болады және соған байланысты арнайы топтарға жіктеледі. Заң әдебиетінде жіктелу мынадай түрлерге бөлінеді:
- Жеке құқықтар мен бостандықтар.
- Саяси құқықтар және бостандықтар.
- Әлеуметтік экономикалық және мәдени құқықтар мен бостандықтар.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтарын демократиялық сипатта жариялайды және «адам және азамат» деген тарауда нақтылы сипатталған.
А) Өмір сүру құқы (15 бап) «Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің адам өмірін қиюға хақысы жоқ»
Б) Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтары сот алдында қорғалуына құқы. (13 бап) жеке адамның заң қорғайтын құқықтары мен бостандықтарына, мүдделеріне қол сұғылған жағдайда сот арқылы қорғалады.
В) Қықұ қажетті қорғану құқы. Әрбір азамат заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғануға құқығы бар. Атап айтқанда өмірі, жеке меншікті, денсаулығын.
Г) Әркім өзінің жеке басының бостандығына құқы бар. Қазақстан Республикасында соттың санкциясынсыз ешбір адамды 72 сағаттан артық ұстауға тыйым салынады. Және ұсталған немесе қылмыс жасады деп айыпталған адам қорғаушыға құқығы бар.
Д) Адамның қадір - қасиетін қорғау құқы. Мемлекетте ешбір азаматты азаптауға, оған қарсы қатігездік, зорлық- зомбылық жасауға тыйым салынады. Мұндай әрекетке барғандар заң алдында қатаң жауапқа тартылады.
Ж) Тұрғын ұйге қол сұғылмау құқы. Жеке адамның тұрғын ұйіне оның рұқсатынсыз, келісімінсіз ешбір адам кіруге құқы жоқ. Ұйге басып кіру, тінту тек заң талаптарымен іс жүзінде асырылады.
З) Қазақстан Республикасында адамның жеке өміріне, өзінің және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар - намысының қорғалуына құқы бар.
2. Саяси құқықтары мен бостандықтары.
А) Сөз бостандық құқы. Әркім заң жүзінде тыйым салынбаған кез - келген тәсілмен еркін ақпарат алып, оны таратуға құқы бар.
Б) Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қараусыз жиналуға, жиналстар, митингілер мен демонстратциялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға құқықтары бар.
В) Азаматтар мемлекеттік органдарды сайлдауға және сайлануға, референдумға қатысуға, мемлекеттік қызметке кіруге құқы бар.
Г) Бірлесу бостандығы құқы. Азаматтар өздерінің алдына қойған мақсаттарын, мүдделерін іс жүзіне асыру үшін партиялар, кәсіподақ, қоғамдық ұйымдар құруға құқы бар.
3. Әлеуметтік - экономикалық және мәдени құқықтары мен бостандықтары.
А) Жеке меншікке ие болу құқы. Конституция бойынша жеке меншік пен мемлекеттік меншік тең дәрежеде қорғалады.
Б) Әрбір азаматтың еркін кәсіпкерлікпен шұғылдануға құқы бар. Бұл қызмет «заң тыйым салынбағанның бәріне рұхсат» шеңберінде жүзеге асырылуы тиіс.
В) Қазақстан Республикасының азаматы еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп тұрін еркін таңдауына құқығы бар.
Г) Демалу, денсаулығын сақтауға, жасы келгенде, мүгедек болғанда, асыраушысынан айырылған жағдайларда жалақы немесе зейнетақы алуына, неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекет қорғауында болу құқықтары.
Д) Азаматтардың білім алу құқы. Мемлекеттік оқу орындарында тегін білім алу конкурстық негізде болды.
Ж) Еркін шығармашылық құқы.
З) Ана тілі мен төл мәдениетін пайдалану құқы.
Адам құқықтары мен қатар мемлекет адамға арнайы құқықтық міндеттерде жүктейді. Құқық міндетсіз болмайды. Қазақстан Республикасының конституциясында мынадай міндеттер жүктейді:
А) Азаматтар Конституцияны, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға міндетті.
Б) Әркім мемлекеттің рәміздерін құрметтейге міндетті.
В) Заң белгілеген салықтар мен алымдарды төлеуге міндетті.
Г) отанды қорғауға міндетті.
Д) Тарихи және мәдени мұралардың сақталыуна қамқорлық жасауға міндетті.
Ж) Табиғатты сақтауға және оның байлықтарын ұқыпты қарауға міндетті.
1. 2. Адам құқығы - азаматтың басты игілігі
Адам құқығы- азаматтың басты игілігі. Қазіргі заманда өркениеттің басты жетістігі адам құқығы мен бостандығын нақты қалыптастыру болып табылса, барлық мемлекет оны қорғап, оған кепіл болуы тиіс. Осындай ізгілікті үрдістен тәуелсіз Қазақстан да шет қалып отырған жоқ. Адам құқығы - адамның муддесін қанағаттандыруга бағытталган, заңмен қоргалатын демократиялық құндылық. Елбасымыз Нұрсұл тан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің Негізгі заңы азаматтарымыздың дәулетті де бақытты өмір сүруін, олардың тәуелсіз, экономикасы өркендеген мемлекет құру жолындағы әрбір қадамын реттейтін басты құжат болып қала береді», деп атап көр сетті. Қазақстан Респуб ликасының Конститу циясы - демократиялық, адамзаттық даму жолына орныққан қо ғамның және мемлекеттің негізгі, басты құ жаты. Қазақстан Республикасының 1995 жыл дың 30 тамызында республикалық референдумда қабылданған Конституциясының 1 бабында «Қазақстан Республикасы өзін де мократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», деп айқындалған. Адам құн дылықтары мен бостандықтарын асқақтату, оларды ең жоғарғы құндылық деп мойын дау демократияны дамытудың үлгісі болып табылады. Сондықтан жеке адамның құқықтық мәртебесі демократияның институттарымен тікелей байланысты.
Адам құқығы -бұл жеткілікті дәрежеде кең, әмбебап және көп қырлы түсінік. Адам құқығы мен бостандығына қатысты мәселелерді талдап қарайтын болсақ, мемлекетіміздің оған ерекше мән беріп келе жатқандығын байқаймыз. Оған аз уақыт ішінде еліміздің демократияға айқын бет бұрып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын конституциялық құрылыстың негізі етіп қалағаны, ішкі және сыртқы саясатты қалыптастырғаны дәлел. Біздің негізгі заңымызда адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, одан ешкім айыра алмайды деп жазылып, баға берілген. Адамзат баласы ғасырлар бойы адам құқығы мәселесіне ерекше назар аударумен келеді. Талай-талай қақтығыстар, соғыстар, көтерілістер болғанда да әрбір жаңа ұрпақ адам құқықтарын қорғай отырып, адам құқықтары мен бостандықтарының субъектілерінің кең шеңберіне таралуына ұмтылыстар жасады. Мемлекеттердің тарихи даму кезеңдері олардың қоғамдағы ерекше құбылыстарымен ерекшеленеді. Қоғамның ең басты негізі- жеке тұлғаның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін маңызды құқықтар мен бостандықтар. Қазақстан Республикасының құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде алдына қойған және 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциямызда бекітілген негізгі мақсаты - адам мүддесін мемлекет мүддесінен жоғары ұстап, оны қамтамасыз ету. Бұл бағытта мемлекетіміздің ең бір атқаратын қызметі - мемлекетте адам құқығын қорғау, оны толық жүзеге асырылуына кепілдік беру. Қазіргі қоғам дамуының негізі адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының мәнінің өсуімен сипатталады. Қоғамның және жеке болмыстың әртүрлі аспектілерін қамтитын адамзат дамуының ең жоғары құндылығы - адам құқығы. Адам құқығын қорғау үшін бірінші кезекте адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын заң мазмұндарында көрсете отырып, оның қамтамасыз етілуі мемлекет тұрғысынан ғана емес, жалпы адамзат, халықаралық қауымдастық тұрғысынан ескерілуі, сол бағытта іс - әрекеттер жасалуы қажет. Адам құқығы - біздің кезеңіміздің өзекті мәселесі. Сондықтан да әрбір адам және қоғамның әрбір органы декларацияда көзделген құқықтар мен бостандықтардың құрметтелуіне, қорғалуына, ұлттық және халықаралық дамушы шаралар арқылы қамтамасыз етілуіне, танылуына және жүзеге асуына ұмтылуы тиіс.
Адам құқықтары - туылу кезінен пайда болатын тұлғаның ажырағысыз құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары жаратылыс жэне кез келген өзге құқықтың негізгі түсінігі болып табылады. Олар азаматтық құқықтар мен саяси бостандықтарды, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды, сондай-ақ қауымдар құқықтарын (балалар, әйелдер, ұлттық азшылықтар, халықтар және т. б. ) қамтиды. Адам құқықтары дегеніміз индивидтің өз қалауы бойынша әрекет ету мүмкіндігін (адам құқықтарының бұл бөлігін бостандықтар деп атайды) немесе белгілі бір игіліктерді иемдену мүмкіндігін (бұл адам құқықтарының өзі болып табылады) қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет қарым-қатынастарының нормалары, қағидалары.
70-80 жылдары көптеген мемлекеттер авторитарлы саясаттан демократиялық саясатқа өтті. Бұған әсер еткен бірден бір факторы- экономиканың дамуы болып табылады. Одан басқа, Америка Құрама Штаттарының, батыс еуропа елдерінің жүргізген саясаты мен жасаған қадамдары Испания, Португалия, Латын Америка елдері, Филиппин, Оңтүстік Корей мемлелекеті, Шығыс Еуропа мемлекеттеріне елеулі әсерін тигізді.
Жалпы өрениет қақтығысын Азия мемлекеттерінен көрініс табуға болады. Мұсылман елінің үндістер арасындағы қақтығысты бүгінгі таңда тек Пәкістан мен Үнді мемлекетінің арасындағы қарым қатынаспен шектелмейді. Ондай қақтығысты Үнді мемлекетінің ішіндегі діни бөліністер мен көзқарастардан байқауға болады. Осындай қақтығыстардың барлығы адам құқықтарының бұзылуаны әкеліп соқтырады [1] .
Мемлекеттік биліктің бастауы - халықтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау барлық мемлекеттердің басты қызметі болып табылады. Сондықтан қазіргі уақытта әлемнің барлық елдерінің конституцияларында, заңнамаларында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары бекітілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz