Басқару процесінің ақпараттық сипаттамасы және ақпарат алмасу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Уйымды баскаруды акпаратпен камтамассыз ету
Мазмұны
Кіріспе
I Тарау.Ақпарат мәні және басқару процесіндегі рөлі
0.1 Ақпарат туралы түсінік
0.2 1.2 Басқару процесінің ақпараттық сипаттамасы және ақпарат алмасу
II Тарау.Уйымды баскаруды акпаратпен камтамассыз ету
2.1Кәсіпорынның қызмет ету анализін ақпаратпен қамтамасыз ету.
2.2 ФудМастер ЖШС-нің ақпаратпен қамтамасыз етуі
ФудМастер ЖШС-нің өндірістік-шаруашылық қызметі
2.3 ФудМастер өнімінің бәсекелік ұстанымын бағалау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Бүгін біздің мемлекет, экономиканың жалпы құрылымындағы қызметтері саласы бөлігінің өсуі мен озық дамуын сипаттайтын және келесі кезеңді индустриалау, экономикалық дамыту сатысы - индустриалдан кейінгі қоғамының құрылысына бағыт алды. Индустриалдан кейінгі қоғамның тұжырымдамасы - өндірістің басты өнімдері болып табылатын ақпарат пен білім, ақпараттық қоғам - мәдениетті дамытудың жаңа тарихтық фазасы болып табылады. Ақпараттық қоғамның айрықша белгілері:
қоғам өміріндегі ақпарат пен білімнің ролін өсіру;
жалпы ішкі өнімде ақпараттық коммуникациялар, өнімдер мен қызметтер бөлігін өсіру;
мыналарды қамтамасыз ететін ғаламдық ақпараттық кеңістік:
а) адамдардың тиімді ақпараттық өз-ара іс-қимылы;
б) әлемдік ақпараттық ресурстарға олардың қол жеткізуі;
в) ақпараттық өнімдер мен қызметтерде олардың тұтынушылығын қанағаттандыру болып табылады.
Цифрлық технологияларды қабылдамау, оларды әлсіз дамыту болашақтағы ақпараттық қоғамның басымдығы және экономикалық өсуі үшін бүкіл әлемдік жарыста жеңілгенін білдіреді. Нақтылығы бүкіл әлемде ақпараттық кеңістікті шектеуді құра отырып, өндірісті, білімді және адамдардың өмірін түбірімен өзгертеді.
Ақпарат - басқару процесінің негізі болып саналады. Басқару процесінің барлық сатылары мен кезеңдері ақпаратты өңдеуге байланысты.
Басшының және басқару аппаратының ұйымдық практикалық қызметі де көбінесе ақпараттық сипатта болады, өйткені олар шешім қабылдау үшін ақпараттар алады, және қабылдаған шешімдер жайлы ақпарат тарады.
Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету ақпарат жүйесінің жұмыс істеуі арқылы жүзеге асады.
Ақпараттық жүйе - бұл кәсіпорынды басқарған қажетті ақпараттардың барлық түрі. Кең мағынада ақпараттық жүйе - бұл қажетті және дәлме дәл ақпараттарды басқару жүйесінің барлық буындарына дер кезінде жеткізілуіне ықпал ететін, басқару процесіндегі ақпараттарды қамтамасыз ету құралы.
Бүгін Қазақстанда бірыңғай емес, көп өлшемнің негізінде қалыптасқан ақпараттық кеңістігі әртүрлі мүгедектер үшін оларды ақпаратқа бір текті емес қол жеткізуін бірдей емес бөлумен, толығынан жоқтығы ерекшеленеді.
Ақпараттық теңсіздік аумақтар, ірі, орта және ұсақ елді мекендермен, қалалар және ауылдар арасында пайда болады. Ірі қалаларда ғылыми - білімдік әлеуетін әлдеқайда шоғырландыру байқалады, ол орта және ұсақ мекендерден өздерінің мүмкіндіктері бойынша әлдеқайда оларды айырықшылайды.
Ақпараттық кеңістікті дамыту қоғамның инфрақұрылымын дамытуға және Қазақстанды индустриалдық қоғамнан индустриалдан кейінгі - ақпараттық-қоғамға даярлауға жәрдемдеседі.

1 Ақпарат мәні және басқару процесіндегі рөлі
1.1 Ақпарат туралы түсінік
Ақпарат - информация термині латын тілінен енген - түсіндіру, баяндау, мәлімет деректер беру деген ұғымдарды білдіреді. Басқару ісінде ақпарат ұғымы сақтауға, таратуға және түрлендіруге тиісті деректер ұғымын береді.
Басқару процесі тұрғысынан қарастырғанда ақпаратта еңбек құралы, басқарылатын, басқаратын жүйелер және сыртқы орта туралы деректер жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл ұғымда ақпарат басқару процесінің негізі шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру ретінде орын алады. Басқару процесі шешімін біршама дәйектілігі түрінде жүзеге асады, ал оның тиімділігін аралық және ақырғы нәтижелер туралы ақпарат негізінде анықтауға болады.
Сонымен басқару процесінің барлық сатылары мен кезеңдері ақпараттарды өңдеуге байланысты. Басшының және басқару аппаратының ұйымдық практикалық қызметі де көбінесе ақпараттық сипат алады. Ақпаратсыз басқару мақсатын анықтау жағдайын бағалау, проблеманы тұжырымдау, шешім қабылдау және оның орындалуын бақылау мүмкін емес.
Нарықтық экономикаға көшкен жағдайда ақпарат рөлі арта түседі. Басқару құрылымын, олар атқаратын қызметінің құрамы мен мазмұнын түбегейлі өзгерту ақпарат тасқынының жеткізілуіне, оның мұқият таратылуына себепші болады. Экономиканы басқарудың барлық деңгейінде жоспарлау-экономикалық міндеттердің номенклатурасы мен мазмұны елеулі өзгеріске ұшырап, оларды шешудің сапасы мен режиміне талап күшейеді. Осы проблемаларды игеру көп жағдайда қажетті ғылыми-техникалық, коммерциялық және демографиялық деректерді жинауды, сақтауды және өңдеуді жүзеге асыруға байланысты.
Кез келген ұйымның даму стратегиясын қалыптастыру және әзірлеу кезінде басшы мақсаттар мен міндеттер қоюы, әрекетерді жоспарлауы керек, көрсеткіштердің әрбір топтарында қойылған мақсаттарға жету үшін жұмыстардың орындалуын бағалаудың критерияларын анықтау және мынадай сұрақтаға жауап беруі қажет:
көзделген қаржылық нәтижелерге жете отырып, біздің иелеріміз бен акционерлеріміздің алдында біз қандай болуымыз тиіс;
өзінің болашығын елестетуді іске асыру үшін, біздің тұтынушыларымыздың алдында біз қандай болуымыз тиіс;
біздің тұтынушыларымызды қанағаттандыру үшін, қандай бизнес-үдерістерде жетістіктерге жеткізуіміз тиіс;
өзіміздің болашағымызды елестетуді іске асыру үшін қандай өзгеру және жетілдіру қабілеттілігімізді біз қалай қолдауымыз қажет?
Осындай қатынас басшыларға ұзақ мерзімді нәтижелерге жетуге бағытталған стратегияларды өндіруге ұйымның барлық бөлімшелерінің күш-жігерін шоғырландыру мүмкіндігін береді. Бұл ретте көрсеткіштердің барлық төрт топтарының мақсаттары ұзақ мерзімді қаржылық нәтижелермен байланысты болады. Бөлімшелердің, командалар мен қызметкерлердің міндеттері ұйымның стратегиялық міндеттерімен сәйкес келеді. Ресурстарды, стратегиялық бастамалар мен жылдық бюджеттерді бөлу стратегияларға бағынышты, ал қорытындыларды талдау жөніндегі мәжіліс нақты кері байланысты орнату және стратегияны іске асыру барысы туралы нақты ағымдағы ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
Мақсатқа жету үшін, ұйымның барлық жұмыскерлері бір үйлесімді организм сияқты әрекет етуі қажет. Оған, тұлғаны құрметтеуге және мотивацияға негізделген, адамның табиғатына, білім мен ақпаратқа бағытталған менеджменттің сапасын арттыра отырып жетуге болады.
Үдерісті дұрыс басқаруда олардың артынан тұрақты бақылау және деректерді үнемі талдауды талап етеді. Барлық деңгейдегі басқару үдерісінде барлығы, кім өкілетті оған араласады, негізгі факты шешуде іскерлікті қабылдау, үдеріске араласуға болама екен, егер де керек болса, онда кімге. Үдеріске оған араласатын адамдар да араласуы мүмкін.
Ақпараттандыру - ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономи калық және ғылыми-техникалық процесс.
Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары Қазақстан Республикасының ақпараттық инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде электрондық үкіметті қалыптастыру, сондай-ақ елдің әлеуметтік және экономикалық дамуын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.
Электрондық ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйелер, ақпараттық жұмыстар мен электрондық қызметтер көрсету ақпараттандыру объектілері болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағында ақпараттандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға қатысатын мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар ақпараттандыру субъектілері болып табылады.

1.2 Басқару процесінің ақпараттық сипаттамасы және ақпарат алмасу
Басқару процесінің ақпараттық сипаттамасы әр түрлі кезеңдер мен сатылардағы ақпарат рөлі, оны пайдалану нышаны мен сипаты, параметрлері ықпал етеді.
Мұндай сипаттамаларға жататыны:
1. басқару процесінде пайдаланатын ақпараттардың саны мен сапасы. Ақпараттың барлық түрін саны мен сапасы бойынша мұқият бағалау мүмкін емес. Мұндай бағалау көп жағдайда ақпараттардың тіркелу әдістеріне, әр түрлі тасымалдаушылардың қолданылуына т.б. тәуелді.
Кейде басқару аппаратындағы қызметкерлерге ақпаратар шамадан тыс көп келеді, яғни ақпарат молшылығы пайда болады. Мұның өзі шешім қабылдауды қиындатады. Кейде керісінше - басқару аппаратының қызметкерлеріне қажетті ақпараттар жетіспейді де, ақпарат тапшылығы пайда болады, мұндайда ақпарат жеткіліксіздігі жағдайында шешім қабылдауға тура келеді.
2. ақпараттың толықсыздығы, мұның өзі басқару үшін қажетті және алынған ақпараттардың ара қатынасы бойынша анықталады. Қажетті ақпарат саны, оны жинауға және таратуға кететін уақыт шығынына байланысты. Ақпараттар сапасын бағалау үшін мынадай сипаттамаларды пайдаланады: дұрыстығы мен дәлдігі, толықтығы, өзектілігі, құндылығы және пайдалылығы.
3. ақпараттың дұрыстығы мен дәлдігі басқару ісін ақпараттармен қамтамасыз етілуін сипаттайды. Кез келген нақты деректер шынайы оқиғаның анықтылығын көрсетеді. Ақпараттар неғұрлым дұрыс болса, тиімді шешім қабылдау мүмкіндігі де соғұрлым арта түседі.
4. ақпараттың өзектілігі - басқару ісін ақпараттармен қамтамасыз етудің маңызды сипаттамасы. Ақпараттарды дер кезінде алмасу жөніндегі айшықты сөзді біз А.И.Бергтің жазғандарынан кезедстірдік. Ол бйлай дейді: ... ақпаратты аз шамада шарапқа теңеуге болады, ол көп тұрған сайын сапасы мен хош иісі жақсара түседі.
5. ақпараттардың құндылығы, пайдалылығы басқаруды ақпаратпен қамтамасыз етудің маңызды сипаттамасы. Бұл сипаттама салыстырмалы түрде, өйткені ақпараттың құндылығы оны қабылдайтын субъектілерге байланысты. Міне, сондықтан да ақпараттардың құндылығын қатаң бағалауға немесе өлшеуге болмайды. Дегенмен де, басқару практикасында әрбір басшы шешім шығаруды ойластыра отырып, алынған деректерді бағалайды. Егер басшыға жұмысына кедергі жасайтын тиімсіз ақпараттар тым жиі келетін болса, онда ол басқару процесіндегі ақпаратпен қамтамасыз етілуді теріс бағалайды.
6. ақпарат тығыздығы - бұл оның саны. Тиісті өңдеу техникалары болмағанда ақпарат тығыздығының төмендігі басқару процесінде қол жұмыстары көлемін ұлғайтып, ақпараттарды сақтау және іздестіру процестерін күрделендіреді, соның әсерінен өндірістік басқару еңбегі кемиді. Ақпараттың өте тығыз болуы, оны пайдалану үшін арнайы техникалық құралдарды қажет етеді.
Ақпараттардың тығыздығы, оны таратушыда тіркелуіне ғана емес, тіркелу белгілеріне, тіліне де байланысты. Іс құжаттарында терминдердің үйлестірілуінің, құжаттарды толтыру тәтібінің үлкен рөлі бар.
7. тиімді пайдалану мүмкіндігіне қарай ақпараттарды пайдалы, жалған және артық деп бөледі.
Ақпарат алмасу процесінің элементтері мыналар болып саналады:
-- ақпаратты жіберуші идеяны қорытушы немесе ақпаратті жинаушы және оны таратып беруші болып саналады;
-- символдар көмегімен кодталған ақпараттың өзін хабарлау;
-- канал, ақпаратты беру құралы;
-- алушы. бұл ақпаратты қажет ететін адам.
Ақпаратты алмасу барысында жөнелтуші мен алушы белсенді роль атқарады, әрі мұның өзі бір біріне қатысты бірнеше кезеңде өтеді. Бұларлың міндеті хабарды дайындау және каналды пайдалана отырып, екі жакка да түсінікті болуын қарастыру. Ақпарат алу кезеңдері мынадай:
а) идеяның пайда болуы; ә) кодтау және канал таңдау;
б) беру; в) декодтау.
Ақпарат алмасу процесінің кезеңдерін қарастырайық ақпарат алмасу идеяны тұжырымдаудан немесе ақпаратті тандаудан басталады. Бұл кезеңде жөнелтуші ақпарат алмасу үшін қандай концепцияны басшылыкка алу қажет екендігін шешеді де, мұнда ол көптеген факторларды ескереді. Мәселен, басшы жұмыс нәтижесін бағалау туралы ақпарат алмасқысы келсе, ол мынадай жайтты есте сақтауы тиіс: идеянын мәнісі сол, өзінің қарамағындағыларға олардың күшті және әлсіз жақтары туралы нақты ақпаратты хабарлау, әрі олардың жұмыс нәтижесін қалайша жақсартуға болатындығы жөнінде кеңес беру.
Ақпаратты жөнелтуші кодтауға аайдаланатын, символ типіне үйлесетін каналды тандай білуі тиіс. Каналдарға берілген сөздер мен жазылған материалдар, сондай-ақ электрондық байланыс құралдары, компьютер желілері, электроникалар, пошталар, бейнетаспалар мен бейнеконференциялар жатады. Хабарды беру тек бір каналмен шектелмеуі тиіс. Көп жағдайда екі және одан да көп коммуникациялық құралдар пайдаланылады.
Үшінші кезеңде женелтуші идеяны екінші бір адамға жеткізу үшін ақпаратті береді. Жөнелтуші хабарды жібергеннен кейін алушы оны декодтайды. Декодтау - бұл жөнелтушінің жіберген символын алушының түсінігінде аудару.
Басшы мынаны ескеруі қажет: олардын басқа орындардар алған ақпараты дәл болмауы және алмасу барысында әр түрлі ауытқулар болуы мүмкін. Осыған орай кері байланысты жолға қою қажет.

II Тарау.Уйымды баскаруды акпаратпен камтамассыз ету
2.1Кәсіпорынның қызмет ету анализін ақпаратпен қамтамасыз ету.

АХД - нің нәтижесі едәуір дәрежеде оны ақпаратпен қамтамасыз етуіне тәуелді. АХД үшін ақпараттардың барлық қайнар көздері жоспарланған, есептік және есептіктен тыс болып бөлінеді.
Ақпараттың басты жоспарланған сипатына барлық жоспарлардың түрлері қатысады, олар кәсіпорында орындалады ( перспективалық, ағымдық, оперативтік, технологиялық карталар), сонымен қатар нормативтік материалдар, сметалар, бағалықтар, проектік жобалық тапсырмалар және т.б.
Есептік сипаттағы ақпараттың қайнар көздері - бұл бухгалтерлік, статистикалық және операциялық есеп пен есеп-қисаптық құжаттарды сақтайтын барлық мәліметтер.
Анализда ақпаратпен қамтамасыз етудегі басты рөл бухгалтерлік есеп және есеп-қисап қатарына жатады, мұнда шаруашылық құбылыстар, процестер және олардың нәтижелері толықтай көрсетіледі. Мәліметтердің уақытындағы және толық анализі, бірінші реттікпен жиынтық есептік регистірде және есеп-қисапта болатын, керекті өлшемдердің қабылдануын қамтамасыз етеді, яғни жоспарлардың орындалуын, шаруашылықтың жақсы нәтижелеріне жетуге бағытталған.
Статистикалық мәліметтердің есебі және есеп берушілігі, мұнда жаппай құбылыстар мен процестердің санағы сипатталады, бұл терең оқып білу және өзара байланыстарды ұғыну, экономикалық заңдылықтарды білу үшін қолданылады.
Жедел есеп және есеп берушілік статистикалық және бухгалтерлік есеппен салыстырғанда көбінесе оперативтікке мүмкіндік туғызады, анализдік керекті мәліметтермен және осы арқылы жоғары тиімділікті аналитикалық зерттеулерге шарттар құрайды.
Ұйымның экономикалық паспортында есептік құжат болады, мұнда шаруашылық қызметтер бойынша бірнеше жыл ішінде жиналған мәліметтердің қорытындылары болады. Паспорттың ішінде болатын едәуір нақты көрсеткіштер динамикалық көптеген зерттеулерді өткізуге, тенденцияларды айқындауға және ұйымның заңға сәйкес экономикалық дамуына рұқсат береді.
Компьютерлік техниканың кеңейуімен ақпараттың жаңа машиналық қайнар көздері пайда болды. Бұған ЭВМ-нің оперативтік жадында орналасқан мәліметтер иілгіш дисктерде.
Есептен тыс ақпараттардың қайнар көздеріне шаруашылық қызметті реттеуші құжаттары жатады.
1. Өзінің әрекетінде ресми құжаттармен ұйым міндетті түрде мыналарды қолдану керек: мемлекеттің заңдарын, президенттің жарлығын, үкімет қаулысы мен жоғары басқару органдардың бұйрығын, қайта қарау мен тексерудің актілерін, ұйым жетекшісінің бұйрықтары мен билеуін.
2. Шаруашылық заңға сүйенген құжаттар: шарттар, келісімдер, сот органдары мен арбитраждардың шешім шығаруы, рекламациялар.
3. Ғылыми-техникалық ақпарат ( басылымдар, ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша қорытынды есеп беру)
4. Алдындағы тәжірибелік материалдарды оқып білу, бәсекелес ұйымдардың жұмыстары туралы мәліметтер, әртүрлі ақпарат көздерінен алынған ( интернет, радио, теледидар, газеттер)
5. Техникалық және технологиялық құжаттама.
6. Ұйымның әртүрлі жұмыс орындарының хал-жағдайын тексеруге арналған әдейі материалдар.
7. Жұмыс коллективімен іскер кездесуде немесе басқа ұйымдардың басшыларымен кездескен уақытта ауызша ақпарат алынады.
Ақпараттың зерттеу объектісіне қатысты ішкі және және сыртқы ақпарат болады. Ішкі ақпарат жүйесі - бұл статистикалық, бухгалтерлік, оперативтік есеп және есеп беруден, жоспарланған мәліметтерден, нормативтік мәліметтерден, ұйымның ішінде жасалынған мәліметтерден және т.б. тұрады. Сыртқы ақпарат жүйесі - бұл статистикалық жинақ, периодикалық және әдейі басылымдар, конференциялар, іскер кездесулер, ресми, шаруашылық заңға сүйенген құжаттардан және т.б. мәліметтерден тұрады.
Ақпаратты зерттеу жүйесіне байланысты басты және қосалқы болып бөлінеді, бұл қажетті нәрсенің аясын толық сипатта танып білу үшін қажет.
Аналитикалық ақпараттың мерзімдік түсуіне байланысты жиі және ауық-ауық болады. Жиі ақпарат көздеріне жоспарланған және есептік мәліметтер жатқызылады.
Ауық-ауық ақпарат керек жағдайларда құрылады, мысалы жаңа бәсекелес туралы мәлімдеу.
Өз кезегінде үнемі ақпарат мынадай түрлерге жіктеледі:
Әрқашанда - бұл өзінің мағынасын көп уақыт сақтап тұрады ( кодтар, шифрлар, бухгалтерлік есеп жоспарлары және т.б.)
Шартты әрдайым - өзінің мағынасын белгілі уақытқа ғана сақтайды ( жоспарлардың көрсеткіштері, нормативтер және т.б.)
Ауыспалы - оқиғаның әрқашан ауысуын сипаттайды (анализденген объектінің күйі туралы белгіленген уақыттағы қорытынды есептік мәліметтер).
Ақпаратты қайта қарап шығу процесін алғашқысына ( алғашқы есеп мәліметтері, инвентаризация, қарап шығу) және екінші реттіге белгіленген түзетулерді өткізген және жаңартылған ( есептік, конъюктуралық көрсеткіштер және т.б.) жатқызуға болады.
Ақпараттық қамсыздандырудың анализінде мекемеге талаптар қатары көрсетіледі. Бұл анализденген ақпарат, оның дұрыстығы, оперативтігі, салғастырылуы, рационалдығы және т.б.
Бірінші талаптың мәні экономикалық ақпараттың бүкіл жүйесі АХД талаптарына, тапсырмаларына сай болуы тиіс. Мәліметтердің алынуын қамтамасыз ету, факторларды тереңдетіп зерттеу қажет, резервтерді анықтау және басқарушылық шешімдерді даярлау. Экономикалық ақпарат нақты және объективті түрде зерттелінетін фактілер және процестер. Олай болмаса анализдердің нәтижелері бойынша нақты жағдайға сәйкес болмайды, ал аналитиктармен жасалынған ұсыныстар кәсіпорынға пайда әкелмей зиян әкелуі мүмкін.
Ақпараттардың оперативтілігі талаптардың жоғары болуының оперативтілігі мен нақтыланған анализінен тікелей шығарылады. Жасалынған шаруашылық процестер туралы ақпараттың тез келуі, анализді тезірек жасауға болады, артықшылықтары мен кемшіліктерін шығарып алуға болады, ұстай алмағандарды және жоғалғандарды жасауға болады. Ақпараттардың оперативтілігінің жоғарылауы жаңа байланыс құралдарын қолдану арқылы және оны ПВЭМ-да қайта қарап шығуы жүзеге асады. Ақпарат сапасының бірде бір талабы - ол қамқор жасау мен және оны зерттеу объектісімен, уақыт мезгілімен көрсеткіштерді есептеу методологиясымен және басқа да қатар белгілермен жүзеге асады.
Нәтижесінде ақпарат жүйесі рацоналды (тиімді) болуы керек, яғни жинауға, сақтауға, мәліметтерді қолдануға ең аз шығын жұмсалуы керек. Осы берілген талаптан ақпараттың пайдалылығын зерттеп білу керектігі көрінеді және осы арқылы ақпараттардың керек еместігін және пайдалылығын шығарып аламыз.
Осы арқылы АХД-нің ақпараттық жүйесі формалданған және жоғарыда айтылып кеткен талаптар арқылы жүзеге асуы керек, яғни бұл АХД-нің керекті шарттардың әрекеті мен тиімділігінің жоғарылауы болады.
Ақпараттың рөлі біркелкі емес, ол әр түрлі кезеңде түрліше болады. Мысалы, басқару мақсатын анықтаған кезде ақпарат ауқымы, оның соңылығы, құндылығы, толықтығы т.б. маңызды.
Жағдайды бағалаған кезде, осы бағалауды жинақы түрде, жүйелік тұрғыдан анықтауға мүмкіндік беретін ақпарат түрлерінің айрықша маңызы бар.
Шешім шығару және аналитикалық әрекет сатысында ақпаратты өңдеу мүмкіндігі зор рөл атқарады да, мұның өзі оның ұсынылу нышанына тәуелді болады.
Шешімді жүзеге асыру жөніндегі ұйымдық практикалық істе ақпараттың тарату процестері, таратылу жылдамдығы, дер кезінде берілуі, оның түсу толықтығы т.б. айрықша рөл атқарады.

2.2 ФудМастер ЖШС-нің ақпаратпен қамтамасыз етуі
ФудМастер ЖШС-нің өндірістік-шаруашылық қызметі
ФудМастер компаниясының тарихы 1995 жылдан бастау алады. Дәл сол кезде жас кәсіпкерлерді неліктен сүт өніміне сондай бай Қазақстан өңірінде йогурт атаулы керемет өнім жайлы білмейді? деген ой мазалады. Дәл сол кезде ФудМастер Есік қаласындағы сүт зауытының цехын жалға алып, өте дәмді, үлкен стакандарға салынған Crystal Lake йогуртын өндіре бастады. Йогурт өнімінің нарықта сәттілікпен өткенін байқаған кәсіпкерлер, ендігі кезекте бүкіл сүт саласын игеруге батыл бел буды. ФудМастер компаниясы қазақстандық нарықта алдыңғы қатарлы орынды алуды көздеді.
Компанияның меншігіне 6 зауыт және 1 сүт - тауарлық ферма кіреді. 6 зауытқа төмендегілер жатады:
"ФудМастер - Алматы " - Есік қаласындағы сүт зауыты
"ФудМастер - НС Астана " - Астана қаласындағы сүт зауыты
"ФудМастер - Қордай " - Жамбыл облысы, Ауқатты аулындағы ірімшік зауыты.
"ФудМастер - Асептик " - Есік қаласындағы ұзақ сақтауға арналған шырын және сүт өндірісі бойынша зауыт.
"ФудМастер - Агро" - Алматы облысы, Іле ауданы, Междуреченск поселогындағы сүт - тауарлық ферма.
"ФудМастер - АйсКрим " - Алматы қаласындағы балмұздақ өндірісі бойынша зауыт.
ФудМастер Компаниясы Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында сүт қабылдау торабын ұйымдастырды. Мұндай жеке меншік орындар шведтік сүт қабылдаушы резервуарлар мен алынған сүттің экспресс - анализін өткізуге арналған жабдықтармен жарақталды. Шаруаларға көлікпен, сондай - ақ бұзауларды сатып алуға кредит беру сияқты шаралар ұйымдастырды, ал қарыз сүтпен қайтарылды. Осылай сүт зауыттарына сүт ағуы басталды. Уақыт өте келе шикізаттың тек сапалы болуына қол жеткізілді.
Әрбір зауыттың тарихын және қызметін атап өтейік.
"ФудМастер" Компаниясының алғашқы зауыты Алматы облысының Есік қаласында "ФудМастер - Алматы" кәсіпорны 1995 жылы құрылған. Есік сүт зауытындағы алғашқы жетістіктер Қазақстанда сүт өнімімен айналысу пайдалы болатындығына көз жеткізді. Жыл сайын республиканың әр түрлі аумақтарындағы Компания меншігіндегі зауыттар саны өсті. Білікті мамандар тобы кәсіпорынды нарықта алғашқы орынға шығарды. Тәулік сайын сүт зауыты 100 тоннаға дейін сүт өндіреді.
Йогурт өндірісі бойынша шағын цехтан басталған Есік зауыты бүгінгі күні дәстүрлі сүт өнімі қатарын, оған қоса ацидофильді қатық, витаминді сүт, бифидумбактерин, "БИО" бифидумбактерин дақылдары қосылған өнімдер және т.б. қазақстандық нарық үшін жаңа сүт тағамдарын өндіруде. Оларды өндіру тек арнайы құрал - жабдықтарды ғана қажет етіп қоймай, сонымен бірге өндірістің ерекше мәдениетін талап етеді.
Өткен жылдар бойы кәсіпорын үлкен жетістіктерге жету мақсатында қазіргі талаптарға сәйкес өзгертіліп тұрды. 2001 жылы қуаттылығы сағатына 50000 литр суға тең болып келетін құрал - саймандар мен түтіктерді жуғыш екі тізбекті автоматты CIP станциясы орнатылған.
Жоғарғы технологиялық құрал - жабдықтар өнімнің аса сапалы болуын қамтамасыз етеді. Тек қана 2001-2002 жылдар аралығында Есік сүт зауытын қайта құру мен модернизациялауға 2 млн. АҚШ доллары жаратылған. Ал қазір жабдықталуы бойынша бұл зауыт европалық кәсіпорындардан қалыспайды.
"ФудМастер - НС Астана" ЖШС 1997 жылдың қаңтар айында пайда болды. Кәсіпорынның алдында тұрған міндет - Республиканың жаңа астанасын сапалы, әрі Алматыда кең таралып үлгерген "ФудМастер" сүт тағамдарымен қамтамасыз ету болды. Негізінен Астананың қалалық сүт зауытының бұрынғы жұмысшыларынан құралған мамандар тобы тез арада "ФудМастер"өнімінің негізгі ассортиментін өндіріп, оны өткізе бастады. Тек қана сапасы жоғары сүт тағамдарын өндіру арқылы және жаңашыл өнімдерді енгізе отырып, кәсіпорын тұтынушылардың сеніміне кірді. Кәсіпорын мамандарының көбі Еуропа мен Американың жетекші азық - түлік кәсіпорындарында тәжірибеден өтті.
Кәсіпорын өнімдері: тұтастай сүт өнімі: сүт, кефир, қаймақ, ряженка, сүзбе, "Пеппи" йогурттық сусыны.
Емдеу және профилактикалық мақсатта қолданылатын өнімдер: BFB, БИО - С, "БИО" - айран, А+Д сүті.
1998 жылы "ФудМастер " Компаниясы жеке меншігіне Оңтүстік Қазақстан облысындағы Көк Саек аулында орналасқан май - ірімшік жасауға маманданған зауытты алады. 1936 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп, кезінде өнімдері баршаға мәлім болған зауыт, экономиканың дағдарыс кезеңінде жұмысын толық тоқтатты. 7 жыл бойы тоқырау жағдайында болған зауыт, "ФудМастер" Компаниясының келуімен қайта жанданды. Зауыт күніне 30 тонна сүт өңдейді. Қазақстандық нарықта үлкен сұранысқа ие болған жұмсақ қышқылтым және балқыған ірімшік, сүзбе өнімдерін шығарады. Қазіргі "Хугарт" және "Роверс" технологиялық тізбектері заман талабына сай сапалы өнімнің алуан түрлі жиынтығын өндіруге мүмкіндік береді. Өз істерінің шебері болған жергілікті халықтан құралған еңбекші ұжым - кәсіпорыннның үнемі өсіп отырған тиімділігінің басты себепшісі.
Кәсіпорын өнімі:
- Жұмсақ тұзды ірімшіктер: "Ленгерский", "Моцарелла".
- Балқыған ірімшік: "Ленгерский", сыраға арналған кептірілген ірімшік "Чечил".
- Cүзбе: "Чудо - завтрак", "Чудо - сырок".
Қырғызстанмен Жамбыл облысының шекарасында Қордай атты табиғаты тамаша жерде "ФудМастер" Компаниясының ірімшік жасау зауыты орналасқан. Ірімшік жасау шеберлердің ірімшіктері жоғары бағаланған. 1978 жылы Ригада өткен Бүкілодақтық ірімшік жасаушылар конкурсында костромдық ірімшік ( "Қордай" ірімшігі ) бірінші орынға ие болып, ал қазақстандық ірімшік шеберлеріне "Жоғарғы сынып Шеберлері" және "Алтын қол Шебері" атақтары берілді. "ФудМастер" Компаниясы қатты ірімшіктің ерекше дайындау жолын сақтап қана қоймай, ірімшік жасаушы атақты шеберлерді жұмыс орындарында қалдыра алды. Қордай шеберлерінің өнімін FOODEXPO - 98 көрмесінде білікті мамандар жоғары бағалады және "ФудМастер" - дің "Гауда" ірімшігіне халықаралық танымның белгісі болған Алтын медаль, "Астана Фуд - 2000" көрмесінде "Қордай", "Росийский" ірімшігіне Алтын медаль берілді және май мен ірімшік жасау Бүкілресейлік ҒЗИ мамандарының үздік бағалауына ие болды.
1998 жылы "ФудМастер - Қордай" дәстүрлі рецептуралы қатты ірімшіктерді (костромдық, ресейлік, пошехондық) және "Элит" сыныпының гауда, голландық ірімшіктерін шығарады.
Зауытта капиталды қайта өңдеу жұмыстары жүргізілді. Жаңа техниалық жабдықтар сақтау мерзімі ұзағырақ, әрі сапалы ірімшіктерді жасауға мүмкіндік береді.
Өнімдері: "Қордай", "Аухатты", "Голландық", "Гауда".
1998 жылы "ФудМастер" Компаниясы сақтау мерзімі ұзақ натуралды шырын мен сүт өндіретін зауыт ашады. Бұл зауыт жаңадан салынды. Өндірістік тізбек қазіргі заманғы ең озық Tetra Pak құрал - жабдығынан тұрады. Шикізат пен дайын өнімге деген сапа стандарттары Қазақстан Республикасында қойылатын талаптардан жоғары болып келеді. Өнім өндіру барысының барлық сатыларында 7 дәрежелік тексеруден өтеді. "ФудМастер - Асептик" ұжымы қайратты да, жас мамандардан құралған. Батыл, алуан сарынды шешімдер қабылдануы, өнімнің Қазақстан мен көршілес елдерде тез кең тарауы Қазақстандағы шырын ендірушілердің арасында озық орынды ұстануға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын өнімі:
ЖТТ (жоғары температуралық технология) сүті: "Заилийское ",
"Деревенское"сүттері, "МУ - У" хош иісті сүт, "БИО - сүт".
2000 жылдың қаңтар айында "ФудМастер" Компаниясы Алматы облысы, Іле районы, Междуреченское аулында сүт - товарлық ферманы жеке меншігіне сатып алды. Сатып алынған шаруашылықта жандандыру жұмыстары жүргізілді:
* Асыл тұқымды мал тобы қалыптастырылды;
* Өндірушілік мүмкіндігіне қарай мал топтары бөлінді;
* Компьютерлік жабдықтаулар негізіндегі сараптау жұмысының жем өндіру және жем беру жүйелері енгізілді;
Компания АҚШ, Израиль, Голландия, Ресей және Қазақстанның мал асырау тәжірибесін қолданады. Ферма мамандары, мысалы, Кохран (АҚШ - тың Ауыл шаруашылық Министрлігі), МАШАВ (Израиль өкіметінің даму Орталығы), Эколинкс (USAID бағдарламасы), ПСО - центр (голландық өкіметтің даму бағдарламасы) және т.б.оқыту бағдарламаларына унемі қатысып отырады. Ресейлік, американдық және израильдік шаруашылықтың тәжірибесі жем беру мен малды ұстау негіздерін түбірінен өзгертті. "ФудМастер - Агро" сүт - товарлық фермасы орташа сауымында бір сиырдан 4800 литр сүт сауғанда күніне 78 тонна сүт өндіреді. Шаруашылықтағы мал басының түрі алатаулық болып келеді, сонымен қатар голштино - фризлік мал түрі де бар.малды рационалды, дұрыс қоректендіру мақсатында Компания Данияда шығарылған шағын комби жемдік зауытты сатып алды. Миксерлік техника фосфор, молибден, темір, кальций сияқты микроэлементтер мен дақылдардың қатынасы 100000 бөлікке дейін ұстанылады.
Ферма израильдік серіктестіктер берген мал ұстау процестерінің бағдарламалық жабдықтары (ГАВИШ) қолданылады. Программалық жабдықтардың көмегімен әр сиыр басының тарихы, шығу тегі, дамуы және т.б. маңызды ерекшеліктері бақыланатын көрсеткіштер базасын құрастыруға болады. Оған қоса ферма мамандары жануарларға жем берудің жеке есебін жүргізе алады.
Іске деген заман талабына сай көзқарастың арқасында "ФудМастер - Агро" сауымды көбейтудің бірден - бір көрсеткіштеріне жетіп отыр. Бүгінгі таңда фермадағы сауым Республикадағы ең жоғарғы болып есептеледі, атап айтқанда, орташа есеппен жылына сиыр басына 4800 литр сүт алынады. Ұжым сауым көрсеткішін жақын арада 7000 литрге дейін өсіруді көздеп отыр.
Сертификациялау бойынша халықаралық орган TUV CERT анықтап, дәлелдеуі бойынша ААҚ ФудМастер Есік қаласындағы кәсіпорында сүт өнімін өңдеу және өндіру саласына сапаны(ң) басқару (менеджмент) жүйесін енгізіп, қолдануда.Бұл сертификат сала лидері - ФудМастер Компаниясына бүкіл Орталық Азия регионындағы кәсіпорындардың ішіндегі берілген бірінші болып келеді.
Сәйкес тексеру аудиті өткізілген кейін берілетін ISO 9001 - 2000 сертификаты ФудМастер Компаниясының өндірген өнімі де, өндіріс жүйесі мен менеджменті халықаралық стандарттарға сай екендігін дәлелдейді. Жоғарғы сапаға тұтынушылар тарапынан сұраныс көбейді, ал сұраныс өз кезегінде көлемнің өсуі және компанияның тез дамуының шарты болды. ISO 9001 стандартының негізгі принціпіне сай процестермен басқару жүйесіне қатысты әр қызметкердің алдындағы алғашқы міндеті сапа болып табылады. Атап кететін бір жайт, TUV Rheinlad InterCERT Мерседес автомобильдерінің өндірісін сертификаттайды және екінің бірі оның клиенті бола алмайды. ФудМастер мұндай беделді ұйым сертификаттаған Қазақстандағы алғашқы компания болып табылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік Компания ФудМастер-Айс Крим 2001 жылдың 22 тамызында Алматы обылысының Басқару юстициясында тіркелген, РН № 8259-1907-ТОО. Мемлекеттік классификаторы бойынша коды ОКПО 39476368.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ЖШС ФудМастер-Айс Крим дербесзаңды тұлға болып табылады өз атына келісім-шарт жасайды, әр түрлі келісімдер істейді мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар және міндеттерге ие болады, сотта жауапкер және даугер болалады.
Заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Жансүгіров көшесі 482.
Меншік түрі - жеке.
ЖШС Компания ФудМастер-АйсКрим құрушысы болып АҚ Компания ФудМастер табылады, РН 4776-1907-АҚ.
Серіктестіктің Жарғылық капиталы 117 600 000 (жүз он жеті миллион алты жүз мың) теңгені құрайды. Тіркелген уақытта 29 400 000 (жиырма тоғыз миллион төрт жүз мың) теңге құйылды. Жарғылық капиталы Серіктестік тіркелген күннен бастап бір жыл ішінде толық төленуге тиіс.
ЖШС ФудМастер-Айс Кримнің негізгі қызметі болып балмұздақ өндіру және сату.
Серіктестікті басқару органдары болып мыналар табылады:
oo Серіктестік Қатысушысы - жоғарғы басқару органы;
oo Серіктестіктің Бас директоры - орындаушы орган.
Серіктестік шектелмеген қызмет мерзіміне құрылды.
Компания миссиясы: тұтынушының жоғарғы дәрежедегі талабына сай сапалы өнімді өндіру.
ФудМастер - Айс Крим ЖШС-нің өнімінің сипаттамасы келесідей болып келеді. Балмұздақтың негізгі төрт түрі бар: сүтті, кілегейлі, пломбир және миуалы.
Сүтті өнімдерсіз миуалы балмұздақ - калориясы төмен және құрамында майлар жоқ және түрлері бойынша жеміс-жидекті және хош иісті болып бөлінеді.
Сүтті негіздегі балмұздақтың құрамы әртүрлі болып келеді. Оның құрамында жеміс, жидек, карамель және жаңғақ болуы мүмкін және құрамы бойынша күрделі, бірақ оның негізгі құраушысы - сүт өнімдері: қоспасыз, құрғақ немесе қоюлаған сүт, кілегей, май, қант ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттың басқару тиімділігіне әсері
Ұйымдағы адамдардың арасындағы өзара қарым-қатынасы
Қашықтықтан білім беру технологиясының мәні
Бейресми коммуникациялар
Ақпараттық модельдеу
Коммуникация процесі
Ұйымдағы коммуникациялық байланыстарды талдау және олардың болашағы
Компас сервис орталығының сипаттамасы
Алынған есептерді талдау
Ұйымдардағы өзара қарым - қатынас және оларды басқару
Пәндер