Логикалық файлдың сипатталуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4
1.Файлдармен жұмыс істеу 6
1.1.Орындау командасы 6
1.2.Файлдарды ашу және сақтау терезелері 8
1.3.Сұхбаттасу терезелерінің стандартты элементтері 8
1.4. Бумалар мен жарлықтарды даярлау және жою. 9
1.5.Файлдарды, каталогтарды жою және қалпына келтіру. 9
1.6.Файлдар шарт белгісі 11
1.7.Файлдарды іздеу 12
2. Қолданбалы программалармен байланыс 14
2.1.Файлдармен басқа операциялар орындау 14
3. Файлдарды архивтеу 16
3.2.Архивтік файл. 16
Қорытынды 18
Қолданылған әдебиеттер: 19

КІРІСПЕ

Соңғы жылдары компьютер біздің өмірімізде елеулі орын ала бастады, ал болашақта оның әсері бұдан да арта түспек. Олай болса, барған сайын көптеген адамдардың компьютермен жұмыс істей білуіне тура келеді. Ал электронды есептеуіш машиналары (ЭЕМ) адамдар өзара қарым-қатынас жасайтын табиғи тілдерді, яғни ағылшын, араб, қазақ, неміс, орыс, француз т.б. тілдерді түсінбейді. Неге? Оның себебі - барлық табиғи тілдердегі сөздердің дәл бір мағыналы емес көбінесе бірнеше мағыналы болуында. Компьютер тек қана өзінің машина тілін түсінеді. Компьютерлерді жасап шығаратын әрбір фирма машинаны жеке өзіне ғана тән тілмен қамтамасыз етеді, сондықтан ЭЕМ-ның қанша үлгісі болса, сонша машина тілдері бар.
Адамдарға ана тілінде сөйлеу тән қасиет болса, компьютерлер өздерінің машина тілдерін пайдалануды ұнатады. Адам тілі мен машина тілдерінің арасындағы кедергіні жеңу үшін, машинаға бағытталған программалау тілі жасалады.
Файл дегеніміз не? Файл - аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не бағдарлама, не құжат болуы мүмкін.
Файл - бұл дискідегі не басқа ақпарат тасымалдаушыдағы аталған аумақ. Файлдарда бағдарламалар мәтіндері, құжаттар, орындалуға әзір бағдарламалар және басқа кез келген мәлімет сақталады.
Файл компьютерге бір мәліметтер жинағын екіншісінен ажырата алуға мүмкіндік беретін негізгі сақтау бірлігі болып табылады. Пайдаланушының файлға жиналған мәліметтерді шығарып алуға, оларды өзгертуге, жоюға, сақтауға, басып шығарғышқа немесе электронды пошта бағдарламасына жөнелтуге мүмкіндігі бар.
Бумалар дискідегі бағдарламалар мен құжаттарды реттестіру үшін қолданылады және файлдармен қатар, өзге бумаларды да қамти алады. Бумаларда түрлі файлдар - құжаттар, музыкалық клиптер, бейне, суреттер, бағдарламалар және т.б. сақталады.
Жаңа бумаларды жасауға, олардағы файлдарды жылжытуға, өзге бумалардан, компьютерлерден немесе Internet-тен файлдар көшіруге, буманың ішінде қосымша бума жасауға болады.
Амалдық жүйе және басқа бағдарламалар файлдарға жүгіне алуы үшін, файлдардың белгіленуі болуы тиіс. Бұл белгілеу әдетте файлдың аты деп аталады.
Windows амалдық жүйелерінде файлдардың белгіленуі екі бөлімнен тұрады: аты және кеңейтілуі. Файлдың аты 1-ден 254-ке дейін таңбадан кұрала алады. Кеңейтілуі нүктеден басталады. Мысалы, Word бағдарламасы құжатының кеңейтілуі .doc, Excel бағдарламасы .xls, Access бағдарламасы .mdb, архивтер .arj, .rar, .zip, музыканыкі - .mpЗ, суреттікі - .gif, .jpeg болады.
Файлдардың аттарында мынадай таңбадарды қолдануға болады:
1.Латын әрпінің кішкентай және бас әріптерін.
2.Сандар мен таңбаларды.
3.Бос орынды.
4.@ # $%&()_+,; = [] таңбаларын және файл атында бірден көп нүкте болуы мүмкін.
Файл аттарында \ :*?" ! таңбадарын пайдалануға болмайды. Файл аттарын жазу кезінде таңбалардың үлкен-кішілігі сақталады, бұл файлдар аттарын оқуды ыңғайлы етеді. Алайда, бір бума ішінде тек әріптердің үлкен-кішілігімен ғана ерекшеленетін аттары бар файлдардың болуына жол берілмейді. Мысалы, бір бумада Астанаға хат .doc және АСТАНАҒА ХАТ dос файлдары қатар сақтала алмайды. Файлдың аты 1-ден 254-ке дейін таңбадан құрала алады. Алайда 60-70-тен көп таңбадан тұратын аттарды қолданбаған дұрыс. Өте ұзын атты файлды көптеген бағдарламалар қабылдамай қоюы мүмкін. Сонымен қатар, дискілердің түбірлік каталогтарында ұзын аттарды қолдануға болмайды, түбірлік каталогтардың көлемі шектеулі.
Құжат бағдарламаға бағынышты, себебі ол не бағдарламаны өңдейтін объекті, не бағдарламаның өңдеу нәтижесі ретінде пайдаланылады.
Әр файлдың аты болады. Оның аты: оң және сол бөліктерден тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы бірден 255 символға дейін болады. Оны пайдалану үшін құжаттың қызметін анықтайтын мазмұндық жүктемесі бар. Файл атында \?:* " символдарын пайдалануға болмайды.
Файлдың типі бойынша компьютер оның бағдарлама немесе құжат екендігін анықтайды. Егер файлдың типінде .ехе немесе .соm белгілеулері тұрса, онда бұл бағдарлама болғаны. Ал қалған белгілеулері бұлардың бәрін компьютер құжат деп анықтайды.

1.Файлдармен жұмыс істеу

Қазіргі кезде қолданылатын операциялық жүйелердің бәрі де файлдармен жұмыс істейді. Мысалы, қандай да бір программа белгісіне тышқан курсорын апарып, оны екі рет шертсе, соған сай келетін программалық файл іске қосылады, бұл сәттерде файлдың қай жерде орналасқанын әркімге білу міндет емес. Әдетте әрбір адам дискіден файл оқу үшін не оған басқа бір файл жазу үшін, сондай-ақ қолданбалы программаларды іске қосу үшін файлдық жүйеге жүгінеді. Хабарлау тәсіліне қарай, файлды үш түрге бөлуге болады: мәтіндік, типтік және типтік емес.

Ақпарат ASCII кодымен берілген файл мәтіндік файл болып табылады. Мәліметтердің кез келген қарапайым типі осылай беріледі. Жеке мәндер файлда жол болып беріледі. Мұндай жазулар ақпарат бөліктері болып бірігуі мүмкін. Мәтіндік физикалық файлдың атауы үшін оның заты .txt, .doc болып беріледі. Программалау тілдеріндегі программа мәтіндегіфайлдар үшін заты тілдің белгісін білдіреді, мысалы, .pas, .bas. Физикалық мәтіндік файл тізбекті кіру мүмкіндігі бар файл болып табылады.

Типтік файл - бұл компоненттері - мәндері екілік кодпен берілген, файлдық типтен басқа, жай және құрылымдық типті файл. Файл компоненті деп файл жөніндегі дербес мәліметті айтады. Мысалы, integer немесе real типті файл. Типтік файл тікелей кіру мүмкіндігі бар файл болып табылады, бірақ өзінің компоненттеріне тізбекті түрде кіру мүмкіндігін де береді.

Типтік емес файл - бұл компоненттері 0 мен 1 екілік цифрлардан құралған сегіз битті тізбек болып табылады. Мысалы, жадының кез келген ұяшығындағы кез келген типті ақпарат түрінде көз алдымызға елестетуге болады. Файлдарға төмендегідей ұғымдар тән: файл атауы, файл типі, файл компоненті, файлды жазу, файлды жазудың соңы және файл соңы. Бұл ұғымдардың бәрі логикалық та, физикалық та бола алады. Мысалы, файлдың логикалық атауы және файлдың физикалық атауы. Файлды жазудың соңы - тасымалдаушыға физикалық жазудан кейін қойылатын белгі. Ол EOL (End Of Line) деп аталады. Ол физикалық файлмен жұмыс барысында жазудың соңы кездессе мәнін қабылдайды.

Файлдың соңы - тасымалдаушыға физикалық файл компонентінің соңын жазғаннан кейін қойылатын белгі. Ол EOL (End Of Line). Сондай-ақ, физикалық файлмен жұмыс барысында файлдың соңы кездессе, true мәнін қабылдайтын Паскальдың бұл айнымалы функциясы да осылай аталады.

Физикалық файлдар оның компонентіне кіру тәсіліне қарай тізбекті және тікелей болып екіге бөлінеді. Осы бөлінуге сәйкес файлдар тікелей кіру және тізбекті кіру мүмкіндігі бар файл деп аталады.

Файлға тікелей кіру жағдайында файлдың кез келген компоненттерімен жұмыс істеу үшін тікелей кіруге болады. Тікелей кіру мүмкіндігі бар файлдың барлық компоненттері нөмірленген. Нөмір нольден басталады, яғни 1-компоненттің нөмірі - 0, екінші компоненттің нөмірі 1 және т.с.с. Бұдан, файлдың соңына n+1 - ші орынға n - нөмірлі компонент орналасады. Тікелей кіру мүмкіндігі бар файлды тасымалдаушының кез келген бөлігіне тікелей кіруге мүмкіндік беретін ақпарат тасымалдаушыларда ғана орналастыруға болады, мысалы, магнитті дискілерде.

Тізбекті түрде кіру мүмкіндігі бар файл компоненттерін оқу тек бірінші компоненттен басталады. Сондықтан, тасымалдаушының қандай да бір компонентін оқу үшін ізделінді компонент табылғанынша алдыңғыларын өткізіп отыру қажет. Тізбекті файлдың қарапайым мысалына магнитті лентада жазылған файл жатады.

Object Pascal тілінде файлдармен төмендегідей жұмыс түрін ұйымдастыруға болады:
*
файл құру;
*
мәліметтерді файлға жазу;
*
мәліметтерді файлдан оқу;
*
файлды түрлендіру.

Файлмен жұмыс істеу үшін логикалық атауы бойынша логикалық файл сипатталуы тиіс. Одан кейін логикалық файл физикалық файлмен сәйкес құрылғыда, ақпаратты тасымалдаушыда байланысуы тиіс. Одан кейін физикалық файлды ашуға мүмкіндік болуы қажет. Файл тек оқу үшін, тек жазу үшін немесе оқу және жазу үшін ашылады. Оператор арқылы логикалық файл мен физикалық файлды байланыстырғаннан кейін файлмен жұмыс істеуде файлдың логикалық атауы пайдаланылады. Бұдан кейін жұмыс физикалық файлмен орындалады.

1.1.Орындау командасы
Логикалық файлдың сипатталуы
Файл үшін логикалық және физикалық файл ұғымы енгізіледі. Логикалық файл - бұл ақпараттың қандай да бір абстракт көлемі. Физикалық файл - бұл физикалық тасымалдаушыда жазылған логикалық файл: диск, дискет, дисплей экраны, магнитті лента және т.б. Мысалы, сыныптағы оқушылардың аты-жөнінің тізімі логикалық файл болып есептеледі. Сондай-ақ, қағазға немесе дискіге жазылған Object Pascal программасының мәтіні де физикалық файл болып табылады. Логикалық файл мен физикалық файлды байланыстыру стандартты AssignFile процедурасы арқылы жүзеге асырылады:
AssignFile(логикалық файл аты,физикалық файл аты);

Мұндағы логикалық файл аты - программада файлдық айнымалы ретінде хабарланған файлдық айнымалы, физикалық файл аты - файл атынан тұратын мәтіндік өрнек, егер қажет болса файлға кіру маршруты толық көрсетіледі.
Паскаль тілінде логикалық файл ретінде мәліметтердің арнайы типі - файл құрылымы енгізілген.Тәжірибелі адамдар Программа Диспетчеріне өздері үнемі жұмыс істейтін программаларды орналастырады. Ал анда-санда қажет болатын басқа программалар файлдық жүйе арқылы іске қосылады. Жұмыс столында орналасқан программалар санының аз болуы, олармен жылдамырақ жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Файлдық жүйені пайдалануды біз программаларды іске қосу мысалы арқылы былай етіп қарастырайық:
- Windows 3.х үшін - Программа Диспетчерінде Файл --Орындау.. командасын;
- Windows 98 үшін - Іске қосу --Орындау командасын таңдау қажет.
Экранға Орындау сұхбат терезесі шығады. Оны Командалық жолдың мәтіндік өрісінде жазып көрсетуге болады. Содан соң ОК батырмасын басып, керекті программаны іске қосамыз.

1.2.Парақтау - шолу (Пролистать-Обзор) терезесі
* Сыртқы мәліметтер ағынымен (поток данных) жұмыс істеу үшін оны ашу керек. Сонда сыртқы мәліметтер программадағы алдын ала анықталған FILE типімен байланыстырылады. Бұл типтің анық-талуы stdio.h тақырыптық файлы арқылы атқары-лады. FILE типі арқылы мәліметтер ішіндегі позиция-ларға нұсқауыш, буферге нұсқауыш көрсетіле алады.
* Сыртқы мәліметтер ағынына нұсқауыш, мысалы, fp программада былай сипатталады:
* #include
* FILE *fp;
* Осы fp нұсқауышы ағынды ашатын fopen функциясы арқылы мән қабылдай бастайды.
* 2. Файлдарда қолданылатын функциялар
* 1) Файл ашу үшін fopen функциясы қажет:
* fp = fopen(name,mode)
* мұндағы fp - файлға сілтейтін нұсқауыш; name - сыртқы мәліметтер жазылған немесе жазылатын файл аты, иденти-фикатор; mode - файлдың қандай режимде ашылатынын төмендегідей түрде көрсетеді:
* "r" - бұрыннан бар файлды оқу үшін ашу;
* "w" - бос файлды мәлімет жазу үшін ашу;
* "a" - файл соңына мәлімет қосып жазу үшін оны ашу;
* "r+" - файлды одан мәлімет оқу және жазу үшін ашу;
* "w+" - бос файлдан мәлімет оқу және оған мәлімет жазу
* үшін файл ашу (бұрын файл болса, ол өшіріледі);
* "a+" - файлдан мәлімет оқу және оның соңына мәлімет
* қосып жазу үшін ашу).
* Кейбір компиляторларда мәтінмен жұмыс істеу кезінде "t" әрпі қолданылады, мысалы, мәтін жазуоқу "at" не "rt" болып көрсетіледі.
* Ал "+" таңбасы мәлімет жазу және оқу режимдерінің қатар атқарылатынын көрсетеді.
* Файл ашылар кезде қате туындауы мүмкін. Мысалы, файл табылмады немесе дискетке мәлімет жазуға рұқсат жоқ, т.б. Осындай жағдайларда файл нұсқауышы NULL мәнін қабыл-дайды. Сондықтан қате болғанын анықтайтын мынадай опера-торлар тізбегі жиі қолданылады:
* if ((fp=fopen(fname,"w")) = = NULL)
* {printf("\n файлды ашуда қате шықты");
* getch();
* return(0);
* }
* Ашылған файл сеанс соңында fclose() функциясы арқылы жабылуы тиіс.
* 2)fclose(fp) функциясы ашық файлды жабады.
* 3)feof(fp) функциясы файл соңын анықтайды.
* 4)fgets(fp) функциясы файлдан бір символ оқиды.
* 5)fputc(fp) функциясы файлға бір символ жазады.
* 6)ferror(fp) функциясы файлға жазуоқу кезінде қате шыққанын тексереді.
* Бұлардағы fp - файлға сілтейтін нұсқауыш;
* 7-8) Файлға мәлімет жазуоқу үшін fprintf және fscanf функциялары пайдаланылады.
* fprintf - файлға мәлімет жазу үшін, ал fscanf - файлдан мәлімет оқу үшін қолданылады. Олардың жалпы жазылу түрі:
* fprintf(fp,"спецификация шаблоны", p);
* p - өрнек;
* Файлға сілтейтін нұсқауыш былай сипатталады:
* FILE *fp;
* fscanf(fp,"спецификация шаблоны",адрес);
* Мысал: Бүтін сандар тізбегін (n = 5) пернелерден енгізіп, оларды файлға жазу керек болсын делік.
* Мұның программасы:
* number.txt файлын ашып, соған 5 бүтін сан жазу
* #include
* #include
* main()
* {int k,i,n=5;
* char fname[]="a:\\number.txt";
* clrscr();
* FILE *fp;
* fp = fopen(fname,"w");
* clrscr();
* printf("Бүтін сандар %s файлына жазылады\n",
* fname);
* puts("Әр санды енгізіп, Enter басыңыз\n");
* for(i=0; in;i++) b=""n;i++)
* {scanf("%i",&k);
* fprintf(fp,"%d ",k); }
* fclose(fp);
* printf("Енгізілген сандар %s файлына
* жазылды\n",fname);
* getch();
* }
* Нәтижесі:
* Бүтін сандар a:\num.txt файлына жазылады
* Әр санды енгізіп, Enter басыңыз
* 1
* 2
* 3
* 4
* 5
* Енгізілген сандар a:\num.txt файлына жазылды
*
* 9-10) fgets және fputs функциялары сөз тіркестері-мен жұмыс істегенде пайдаланылады, олардың прото-типтері де stdio.h файлында жазылады.
* fgets функциясының жазылуы:
* fgets(str,n,fp);
* мұнда fp нұсқауышы көрсетіп тұрған файлдан ұзынды-ғы n - нен аспайтын символдар тіркесі оқылады да, олар-ды str көрсетіп тұрған тіркеске жазады;
* str - сөз тіркесіне нұсқауыш (компьютер жадындағы орынға сілтейтін нұсқауыш);
* n - оқылатын тіркестің максимал ұзындығы;
* fp - файл нұсқауышы.
* Мысалы, fgets(st,256,fp); немесе
* #define L 20
* main()
* {
* FILE *fp;
* char *st[n];
* fp=fopen("stroka","r");
* while(fgets(st,L,fp)!=NULL)
* puts (st);
* }
* Файлдарға сөз тіркестерін жазу үшін fputs функциясы келесі түрде қолданылады, мысалы:
* fputs(st,fp)
* мұндағы st - сөз тіркесі нұсқауышы; fp - файл нұсқауышы. Бұл функция `\0' символымен шектелген тіркесті (st көрсетіп тұрған) fp нұсқап тұрған файлға жазады.
* #include алдыңғы файл соңына 5 сан қосу
* #include
* #include
* main()
* { int i,k=0,s=0,n=5,y,x;
* char fname[]="a:\\number.txt";
* clrscr();
* FILE *fp;
* fp=fopen(fname,"at");
* if ((fp=fopen(fname,"at")) == NULL)
* { printf("\n файлды ашуда қате шықты");
* getch(); return(0);
* }
* puts("Enter басу арқылы 5 сан енгізіңіз:");
* for(i=1; i=n;i++)
* {scanf("%i",&x);
* fprintf(fp,"%d ",x);}
* fclose(fp);
* puts("Орындалды");
* getch();
* }
Арнайы сұхбат терезесін шақыру үшін Орындау терезесіндегі "Парақтау" батырмасы қолданылады. Оны басқан соң экранға компьютердің файлдық жүйесімен қатынас құруға арналған терезе шығады.
Файлды іздестіру мен таңдау үшін "Парақтау" терезесінде келесі әрекеттерді орындаған абзал:
- экранға шығатын Құрылғылар тізімінде файл жазылған диск атын таңдау;
oo файл сақталған каталогты Каталогтар тізімнен тауып, оны ашу;
oo Файл аты тізімінде программалық файлдың атын таңдау керек, сонда ол тізім үстіндегі мәтін өрісіне енеді;
oo "ОК" батырмасын басу.
Осы әрекеттерден соң, Орындау терезесі қайтадан шығады, тек Командалық жол мәтіндік өрісінде таңдап алынған программалық файлға баратын толық жол жазылатын болады. "ОК" батырмасын басқан соң, файл орындала бастайды. Дискілер немесе файлдар тізімінен олардың бірін таңдау, қажетті тізімге тышқан курсорын апарып, оны шерту арқылы іске қосылады.
Файлдар аттарынан төменде сол сәтте пайда болатын Файл типі тізімі орналасады. Бұл тізімде сұхбат терезесінде көрсетілуі тиіс файлдар атының типі (кеңейтілуі) бейнеленіп тұрады. Бұл мүмкіндік әдетте каталогта әртүрлі мақсаттағы көптеген файлдар- программалар, суреттер, мәтіндер және т.б сақталған жағдайда қолданылады. Келісім бойынша біздің тереземіздің Файл типі тізімінде, тек кеңейтілуі *.ехе болатын барлық программалық файлдар ғана көрініс табады.
Жоғарғы деңгейдегі каталогтардың (түпкі каталог) мазмұнын қарап шығу үшін, каталогтар тізімінен ағымдағы дискінің аты жазылған жолды таңдау қажет (таңдау үшін тышқанды екі рет шерту керек). Бұл орындалысымен каталогтар тізімінде дискінің аты жазылған жолдың төменгі жағына бірдей белгілер орналастырады, олардың әрқайсысы әр каталогты бейнелеп көрсетіп тұрады. Каталогтар аты белгілердің оң жағына жазылып қойылған.
Қандай-да бір каталогтың барлық ішкі каталогтары мен файлдарын қарап шығу үшін, оның атына тышқанды жеткізіп, екі рет шерту керек. Файлдар тізімінде таңдап алынған каталогта орналасқан файлдар көрсетіледі, онда файлдар болмаған жағдайда ол бос болады.

1.2.Файлдарды ашу және сақтау терезелері

Программада файлдармен жұмыс істеу үшін алдымен оны ашу қажет. Бұл әрекет алдын-ала хабарланған файлдық айнымалыны бұрын құрылған файлдың немесе жаңадан құрылатын файлдың атымен байланыстырылғаннан кейін, сондай-ақ, ақпарат алмасу бағытын көрсетуді қамтиды: файлдан оқу немесе оған жазу.
Файлмен жұмыс істеу үшін - ашу, ал жұмыс аяқталғаннан кейін - жабу қажет. Оқуға арналған файл RESET(FF) операторымен, жазуға арналған файл REWRITE(FF) операторымен ашылады. APPEND(FF) - мәтіндік физикалық файлға мәліметтер қосып жазуға арналған.
Мәліметтерді оқу және жазу белгілі READWRITE операторларының көмегімен жүзеге асырылады, тек тізімінің басында файлдық айнымалының аты көрсетіледі:

READ(FF,тізім)

WRITE(FF,тізім)

Файлдың жабылуы CLOSE(FF) операторымен орындалады.
Файлды шартты түрде басы бар, соңы тіркелмеген лента түрінде елестетуге болады. Файлдың компоненттері осы лентаға бірінен соң бірі тізбектеліп жазылады.
REWRITE командасы жазуға арналған файлды ашып, файлды жазу режимінің бастапқы күйіне келтіреді, маркер нольдік позицияға орналасады. Егер FF файлы бұрын болса, онда ол жойылады.
RESET командасы бойынша диск каталогындағы физикалық файлдың бар екендігіне көз жеткізеді, егер физикалық файл табылмаса, онда файл табылған жоқ деген хабарлама беріледі. Егер файл табылса, маркер көрсеткіші нольдік күйге келтіріледі, файл мазмұны жойылмайды.
APPEND командасы бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Турбо Паскаль программалау тілі және оның негізгі операторлары
Паскаль құрылымы бойынша сипаттама
Си программалау тілі туралы ақпарат
Turbo pascal тілінің негізгі элементтері туралы
C ++
UNIX операциялық жүйедегі файлдық жүйе
Файлдар және оның түрлері
Турбо паскаль программалау тілі
Паскаль программалау тіліне жалпы түсінік
Ақпарат және ақпараттық технологиялар туралы мағлұмат
Пәндер