Шымкент қаласының атмосфералық ауасының ластануы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
I
1.1Шымкент қаласының экалогиясының нашарлауы
1.2 Шымкент қаласының атмосфералық ауасының ластануы
2.1 Шымкент қаласында топырақтың ауыр металдармен ластану дәрежесі
2.2Шымкент қаласының атмосфералык ауасының ауыр металдармен ластануын экологиялық бағалау және оны азайту шаралары

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында түсті металлургия өндірісі қарқынды дамыған. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкент қаласының территориясында орналасқан "Южполиметалл" ӨК ЖАҚ-нан бөлінетін қалдық заттар ұзақ жылдар бойы табиғи ортаны ластауда. Олардың ішіндегі негізгілері - ауыр металдардың ауаға, топыраққа, суға таралу дәрежесі артуда. Ауадағы ауыр металдар жел арқылы тараса, ал топырақта ортаңғы қабаттарға дейін өтіп, өсімдік тамыры арқылы өсімдік ағзасына тасымалданып өз зиянын тигізуде. Атап айтқанда, Шымкент қорғасын өндірісінен бөлінетін негізгі ауыр металдарға - қорғасын, мыс , кадмий , мырыш жатады. Олардың ішінде қорғасын мен кадмий өте улы металдар. Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы белгіленген санитарлық мөлшерден асып кетсе, тірі ағзаларға ауыр металл иондары кері әсерін тигізеді. Сондықтан олардың қасиетін зерттеумен қатар, қоршаған ортаны тазарту жолдарынан іздестіру өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Шымкент қаласының территориясында орналасқан "Южполиметалл" ӨК АҚ ұзақ жылдардан бері қала территориясын зиянды қалдық заттармен ластауда. Қаланың айналасында көптеген өндіріс орындары соңғы жылдардағы экономикалық дағдарысқа байланысты өз жұмыстарын тоқтатқанмен, аталған қорғасын өндірісі қазіргі күнге дейін үздіксіз жұмыс істеуде. Оны жылдың барлық мезгілдерінде өндіріс мұржаларының будақтап шығып жатқан қою сұр түтін мен қаланың осы өндіріс орны орналасқан оңтүстік-батыс бөлігінің жиі-жиі көк тұманға малынып тұруынан, кейде тынысты тарылтып, тамақты ашытар атмосфера ауасынан да байқауға болады. Республикамызда өндіріс орындары дамуының ғылыми тұрғыдан жеткіліксіз негізделуі және өндірістік қуаттың көп жылдар бойы қарқынды өсуі адам экологиясы мен қоршаған орта гигиенасын төтенше ауыр жағдайға алып келді. Осыған байланысты қоршаған ортаның ластануы мен оның өсімдіктер мен жануарларға, адам денсаулығына тигізетін әсерін зерттеу үлкен қажеттілікке айналып отыр.
Өндірістік қалдықтардың қоршаған орта объектеріне түсуін, жиналуы мен миграциясын зерттеу , олардың әсерін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Қоршаған табиғи ортаның жағдайын бақылаудың құрамына өндіріс орындары мен ластаушы заттардың құрамы мен қасиеттерін, биосферадағы химиялық элементтердің таралуын, олардың құрылымы мен функциональды көрсеткіштеріндегі өзгерістерді бақылау кіреді.
Осыған байланысты біздің жұмысымыздың мақсаты- Шымкент қаласының территориясында ауыр металдардың таралуы мен өсімдіктерде жиналу мөлшерін анықтау және қоян арпа (Hordeum leporinum) өсімдігін биоиндикатор ретінде алып өсімдіктердің хромосомалық жиынтығына әсерін зерттеп, соның негізінде қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау.
Қазақстандағы экологиялық қауіптілігі жоғары аймақтардың бірі Оңтүстік Қазақстан облысы. Шымкент қаласындағы ірі өндіріс алыптарының бірі- Южполиметалл ӨК АҚ. Осы өндірістен бөлінген зиянды қалдықтардың негізгісі қорғасын және т.б. ауыр металдар. Олар суда, топырақта және тірі организмдерде жиналып, қоректік тізбек арқылы тасымалдана отырып адам ағзасына жиналады. Сондықтан қоршаған ортада ауыр металдардың таралу мөлшерін анықтап, олардың өсімдіктердің құрылысына әсерін бақылау өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Ғылыми жұмыстың жаңалығы -Шымкент қаласының климаттық жағдайында ауыр металдардың әртүрлі қашықтықтарға таралуына сәйкес өсімдіктерде жиналу дәрежесі анықталды. Жабайы астық тұқымдастардың өкілі- қоян арпа биоиндикатор ретінде алынып, олардың хромосома жиынтығына ауыр металдардың кешенді әсерінің мутациялық активтілігі бағаланды.

1.1Шымкент қаласының экалогиясының нашарлауы

Шымкент қаласының экологиялық жағдайы да қиындап барады. Автокөлiктердiң күрт көбеюi, iрi кәсiпорындардың ескiрген құралдармен жұмыс iстеуi ауаның қоршаған ортаға керi әсерiн тигiзетiн зиянды заттармен бүлiнуiне әкелiп соғуда.

- Бұрынғыша шаһардың оңтүстiк бөлiгiн ауыр металмен ластайтын Южполиметалл АҚ ӨК экологияны нашарлатудың негiзгi себепшiсi болып отыр. Осы күнге дейiн өндiрiстi жаңарту қолға алынбағандықтан қорғасынмен ластанған аумақ тазаланбай тұр, - дедi Шу-Талас экология департаментi ОҚО филиалының бөлiм бастығы Р.Өтебаев. Оның айтуынша, мекемелерде таза және ресурс үнемдеушi технологияларды қолдануға, қоршаған ортаны ластаудың алдын алу мақсатында экологиялық сараптама органдарымен ауаға шығарылатын шектiк мүмкiндiк нормативтерiне белгiлi дәрежеде қатаң шектеу қойылды. Лас заттарды ауаға шығарудың шектiк мөлшерi бұрын жылына 31 мың тонна болса, ендi 11 мың 676 тоннаға дейiн, яғни 2,5 еседен астам төмендетiлген.

Бүгiнгi күннiң ең өзектi түйткiлiнiң бiрi -- тұрмыстық қалдықтарды жою мен тазалау жүйесiнiң тиiмсiздiгi. Облыс орталығында қатты тұрмыстық қалдықтарын тастайтын аймақ 1980 жылдан берi пайдаланылып келедi. Оның жалпы аумағы -- 45 гектар. Пакет пен баклашка өркениеттiң жетiстiгi ретiнде өмiрiмiзге мықтап ендi. Олардың экология мен тазалыққа келтiретiн зияны шашетектен. Статистикалық мәлiметтерге сүйенсек, жыл сайын дүниежүзi бойынша триллион тоннаға жуық полиэтилен пакеттерi шығарылатын көрiнедi. Ең қауiптiсi, бұл пакеттердi қайта өңдеу мүмкiн емес, өзi тiптi шiрiмейдi екен.

- Пакет 50-60 жылға дейiн бүлiнбей жата бередi де сол жердi ластап, құнарлығын жояды. Мәселен, жылыжайдағы өсiрiлген өнiмдердi жинаған соң пленка орнында қалып кетсе, келер жылы ол жер өнiм бермейдi, - дейдi эколог-маман А.Асанов. Құрамында химиялық элементтер бар қалдықтардан қала тұрғындары көптеп зардап шегуде. Соңғы жылдары шымкенттiктер арасында тыныс алу жолдарының бiтелiп, демiкпеге, басқа да түрлi аллергиялық дертке шалдығушылар санының артып кетуi осының дәлелi.

Тұрмыстық қалдықтарды жинау ашық әдiспен жүргiзiлуде. Топырақпен жабу қолданылмайды. Ал, соңғы бес жылдың iшiнде жиналған қалдықтардың орташа көрсеткiшi 250 мың текше метрдi құрайды. Коқыс тастайтын полигонда қалдық өртенген жағдайда ауа улы заттармен ластанады. Тiптi, қалалық қоқыс тастайтын аймақта құрылыс жүрiп жатқанын қалай түсiнуге болады? Ал тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдейтiн зауыт салу, қалдықтарды жинау мен тасымалдауға мамандандырылған арнайы қызмет түрiн пайдалану әлi қолға алынбай отыр.

Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң мәлiметiне қарағанда, инвестициялардың жоқтығынан жаңа типтi қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу мәселесi шешiмiн таппай келедi екен.

Облыс экологтарының айтуынша, радиациялық қауiпсiздiктiң түйткiлдi жолдарын шешу үшiн уран өндiрушi мекемелердiң жұмысына қатаң бақылау орнату қажет. Өйткенi, елiмiздiң уран қорының негiзгi бөлiгi (62,7%) Созақ ауданы Шу-Сарысу уран кенi аймағында шоғырланған. Сондай-ақ, бұрынғы фосфор зауытының өндiрiс ауданын қауiптi дәрежеге жататын қалдықтар жайлаған.

Зиянды қалдықтар Кентау қаласындағы кен байыту фабрикасының орнында да сақталған. Оның жалпы көлемi 333,2 гектарды құрайды және 135,4 млн. тонна қалдық жинақталған. Бiрақ Байжансай, Хантағы және Байылдыр қалдық қоймаларының бiр бөлiгi мемлекет есебiнен жабылған.

Қоршаған ортаны жақсарту мақсатында облыстық бюджеттен қыруар қаржы бөлiнiптi. Ал табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы қатты тұрмыстық қалдықтарды қоса есептегенде төлемақысын 2 есеге көтерудi көздейтiн жоба әзiрлеп отыр. Сондай-ақ, қоршаған ортаны ластаушы кәсiпорындарға бақылау орнатуды мейлiнше қатайту қолға алынбақ.

Жаңа жоба iске асса, оның қоғамға қаншалықты пайдалы болмағын әзiрге тап басып айту қиын. Оған -- уақыт төрешi. Дегенмен, жағдайымызды жақсарту жолы өз қолымызда екенiн ескерсек, кез келген мәселенiң шешiмi адам баласының ынтасына байланысты. Бақылауды күшейткен де жөн. Бiрақ, бұл iсте ең алдымен әрбiр қазақстандықтың елге деген жанашырлығы қажет-ақ. Сонда ғана бұл шаралар қоршаған ортаны ластауға тосқауыл қойып, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруға септiгiн тигiзедi деген ойдамыз.
Атмосфералық ауаның ластану проблемалары

Оңтүстік Қазақстан облысының атмосфералық ауасының аса ірі ластауыштары Шымкент қаласында шоғырланған және негізінен олар ластауыш заттардың валдық шығарындыларын түзеді де, өңірдің әуе бассейнінің жалпы жағдайына әсер етеді. Егер, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның экологиялық жағдайы нашар алты өңірдің біріне жатса, Шымкент қаласы автокөлік түтінімен ең жоғары ластанған қалалардың үштігіне кіреді. Автокөлік санының артуы, әсіресе облыс орталығында, ерекше алаңдаушылық тудырады.
Атмосфералық ауаны жылжымалы көздердің ластауыш заттарының шығарындыларымен ластағаны үшін төлемдерін анықтау әдістемесінің негізінде Шу-Талас экология департаментінің Оңтүстік Қазақстан филиалы мамандарымен жасалған алдын-ала есептер бойынша соңғы 5 жыл ішінде жылжымалы көздерден ластауыш заттардың шығарындылары 2 еседен астам көбейген. Жылжымалы көздерден ластауыш зат шығарындыларының көбеюі облыс аумағында автокөлік санының артуымен байланысты болып отыр. Мәселен, егер 2003 жылы автокөлік құралдарының саны 84488 бірлікті құраса, 01.12.2009 ж. ОҚО ІІД жол полициясы басқармасының ақпараты бойынша заңды және жеке тұлғалардың 358 394 бірлік көлік құралдары тіркелген.

2003-2008 жылдарға жылжымалы көздерден ластауыш заттардың шығарындылары (тонн)

Жылдар 2003* 2004* 2005* 2006* 2007* 2008*
Южно-Казахстанская область
Ластауыш зат шығарындылары, барлығы 53278 67957 81171 98024 112204 121480

* - ластауыш заттардың шығарындыларының мәні есептік жолмен алынған.

2007-2008 жылдарға Оңтүстік Қазақстан облысының аса ірі табиғат пайдаланушыларының тұрақты көздерінен атмосфераға шығарылатын ластауыш заттарының шығарындыларының салыстырмалы анализі
Кесте
№ рс Атауы Зиянды зат шығарындылары, мың тонна Төмендеуі, көбеюі %, есе
2008г. 2007г.
1Петро Қазахстан Ойл Продактс ЖШС 16,816 16,779 + 0,22 %

2 Южполиметалл ӨК АҚ 1,098 8,51 - 87%

3Шымкентцемент АҚ 1,463 2,261 - 35%

4 3-Энергоорталық АҚ 1,586 0,741 + 2 есе

*№2ТП-ауа стат.есебінің мәндерінен алынған.
Кестені анализ жасап отырып келесілерді байқауға болады: 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы Южполиметалл ӨК АҚ-да (87%), Шымкентцемент АҚ-да (35 %) ластауыш зат шығарындылары төмендеген, сәйкесінше, негізгі металлургиялық кешеннің тоқтап қалуымен және цемент шығарудың төмендеуімен байланысты. Петро Қазахстан Ойл Продактс ЖШС-де (0,22 %) мұнай өңдеудің азырақ өсуіне байланысты шығарындылар да көбейген. 3-Энергоорталық АҚ кәсіпорнында 2008 жылы ластауыш заттардың 2007 жылмен салыстырғанда өсуі (2 есе) қазандықтардың жұмыс істеуіне отын шығынының артуына және Шымкент қаласындағы халыққа қызмет көрсету зонасы бұрын 1,2-ЖЭС қызмет көрсететін аймақтардың қосылуымен кеңеюіне байланысты болды.

Тұрақты көздерден ластауыш заттардың шығарындылары, тоннамен
Жылдар 2004 2005 2006 2007 2008
Барлығы 31075,9 36763,1 38921,4 39899,179 40360,135

Ластауыш заттардың шығарындыларының өсуі ЖЭО-да сұйық отын шығынының артуымен және қатты отын қазандықтарын пайдаланумен байланысты.

1.2Шымкент қаласының атмосфералық ауасының ластануы
Оңтүстік Қазақстан облысының атмосфералық ауасының аса ірі ластауыштары Шымкент қаласында шоғырланған және негізінен олар ластауыш заттардың валдық шығарындыларын түзеді де, өңірдің әуе бассейнінің жалпы жағдайына әсер етеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның экологиялық жағдайы нашар алты өңірдің бірі
Шымкент қаласы автокөлік түтінімен ең жоғары ластанған қалалардың үштігіне кіреді. Автокөлік санының артуы, әсіресе облыс орталығында, ерекше алаңдаушылық тудырады.

Атмосфералық
ауаның ластануы
Атмосфералық ауаны жылжымалы көздердің ластауыш заттарының шығарындыларымен ластағаны үшін төлемдерін анықтау әдістемесінің негізінде Шу-Талас экология департаментінің Оңтүстік Қазақстан филиалы мамандарымен жасалған алдын-ала есептер бойынша соңғы 5 жыл ішінде жылжымалы көздерден ластауыш заттардың шығарындылары 2 еседен астам көбейген. Жылжымалы көздерден ластауыш зат шығарындыларының көбеюі облыс аумағында автокөлік санының артуымен байланысты болып отыр.

2013-2014 жылдарға жылжымалы көздерден ластауыш заттардың шығарындылары (тонн)

Жылдар
2013
2014
Оңтүстік

Ластауыш зат шығарындылары, барлығы
112204
111480

2013-2014 жылдарға Оңтүстік Қазақстан облысының аса ірі табиғат пайдаланушыларының тұрақты көздерінен атмосфераға шығарылатын ластауыш заттарының шығарындыларының салыстырмалы анализі


Атауы
Зиянды затшығарынды
лары
ың тонна
Төмендеуі, көбеюі %, есе

2013г.
2014г.

1
Петро Қазахстан Ойл Продактс ЖШС
16,816
16,779
+ 0,22 %
2
Южполиметалл ӨК АҚ
1,098
8,51
- 87%
3
Шымкентцемент АҚ
1,463
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласы атмосфералық ауасының ластану жағдайы
Қоршаған орта жағдайының мониторингі
Автокөліктік ластануға экожүйенің әсері
Алматы қаласының ауа басейнінің сапасын бақылауды басқару және ұйымдастыру
Алматы қаласынан шығарылатын зиянды заттектердің қоршаған ортаның экологиялық жағдайына әсері
Жахандық қауіптер.Атмосфералық ауаның ластану мәселелері
Ақтөбе қаласының атмосферасын басқа қалалармен салыстыру
Ақтөбе қаласының ауа құрамының ластануы
Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтарының экологиялық жағдайына баға беру, аймақтың экологиялық жағдайының тәуекел факторларын және оны басқаруды талдау
Қоршаған ортаның химиялық ластануы туралы
Пәндер