Бағалы қағаздар нарығында айла - шарғы жасау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе:

Қазақстан Республикасындағы қылмыстың өсу жағдайында қоғамға азаматтарға аса зор материялдық нұқсан келтіретін экономикалық қылмыстардың қауіптілігі ерекше . Кең мағынасында экономикалық қылмыстарға контрабанда жалған ақшаларды немесе бағалы қағаздарды дайындап сату волюта операцияларының ережелерін бұзу, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді ұрлау, парақорлық және т. б. жатады.

Алайда нарықтық экономикалық жағдайында тікелей экономика аясында жасалатын, сауда ережесін бұзу, сапасыз өнімдерді і сату, жалған кәсіпкерлік, монополияға қарсы заңдарды бұзу және т. б қылмыстардың қоғамдық қауіпі зор.

Экономика аясындағы қылмыстардың обьектісіне нарықтық экономика жағдайларында, Қазақстан Республикасы саудасының қоғам мен азаматтардың мүдделері жағдайларында қалыптасатын қоғамдық қатынастар.

Экономика аясындағы қылмыстардың обьективтік жағы қасақана, заңға қайшы белсенді әрекеттер мен сиппаталады .

Экономика аясында қылмыстардың субьектісі мемлекеттік кәсіп орындарда, мекемелерде және ұйымдарда экономикалық, шаруашылық міндеттерді атқаратын, сондай- жеке кәсіпорындарда істейтін 16 жасқа толған азаматтар болып табылады. Экономикалық қылмыстардың субьективтік жағы қасақана сипатта жасалады. Олардың қылмыстарының себебі- материялдық мүделілік. Олар өз игіліктерін қоғамның, азаматтардың мүдделеріне зия келтіру есебінене пайда тауып, жасайды.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар дың қазіргі кезеңде көп орын алған олардың түрлері де қылмыс саласында алып отырған орнауқымды десек қателеспеймі себеббі бұл қылмыстар басқа қалмыстарға қарағанда яғни адам мен азаматтарға қарсы қылмыстардан кейі келтірер зардабы жоғары және түрлері де көп бұл қылмыстар тікелей қасақаналық пен жасалады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ғасырлар тоғысында тәуелсіздік туын берік қадап, өз алдына егемен ел атанған Қазақстан мемлекетінің даму бағытын басқаша саралап, жаңаша жолға түскеніне де он жылдан асты. Еліміздің мызғымас ірге тасы қаланып, Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып енді, тәуелсіз мемлекет ретінде 120-дан астам елдер мойындады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына арналған салтанатты жиналысында сөйлеген сөзінде «біз осы жылдар ішінде, сөз жоқ талай ондаған жылдарға татырлық жылдан өттік, біз Конституция қабылдадақ, онда билік құрудың жаңа қағидаттарын бекітіп, азаматтардың негізгі құқықтарын қорғауға алдық. Біздің басты жетістіктеріміз - 1995 ж. бүкіл халқымыз қабылдаған осы Конституцияның жемісі», - деді .

Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында көрсетілгеніндей қылмыстық заңнамада заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары құндылықтар ретіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының бастылығы мен ажырамастығын тану негізге алынуға тиіс.

Бұл тұжырымдамада көзделген шараларды орындау Қазақстанда демократиялық, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет құруға ықпал етеді.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар қоғамдық қатынасты қорғауға, ел экономикасының еркін де бір қалыпты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. ҚҚ-тің қарастырылып отырған тарауының маңыздылығы осында.

II ТАРАУ. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нысаны

2. 1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар ұғымы, түсінігі

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар материалдық және басқа да құндылықтарды, халыққа көрсетілетін қызметті бөлуге, айырбастауға және тұтынуға ба йланысты туындайтын, қоғамдық қатынасқа зардабын тигізетін, қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар қоғамдық қатынасты қорғауға, ел экономикасының еркін де бір қалыпты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. ҚҚ-тің қарастырылып отырған тарауының маңыздылығы осында.

Экономикалық қызмет саласындағы кәсіпорындарда сол қызмет процесінде қалыптасқан бірыңғай тектік қоғамдық қатынас болады.

Осы тарауға жататын бірқатар қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны ондағы қылмыс заты болып табылады.

2. 2. Экономикалық кызмет және кәсіпкерлік қызмет саласындағы қылмыстардың түрлері

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар материалдық және басқа да құндылықтарды, халыққа көрсетілетін қызметті бөлуге, айырбастауға және тұтынуға ба йланысты туындайтын, қоғамдық қатынасқа зардабын тигізетін, қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар қоғамдық қатынасты қорғауға, ел экономикасының еркін де бір қалыпты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. ҚҚ-тің қарастырылып отырған тарауының маңыздылығы осында.

Экономикалық қызмет саласындағы кәсіпорындарда сол қызмет процесінде қалыптасқан бірыңғай тектік қоғамдық қатынас болады.

Экономикалық қызмет саласындағы кәсіпорындарда сол қызмет процесінде қалыптасқан бірыңғай тектік қоғамдық қатынас болады.

Осы тарауға жататын бірқатар қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны ондағы қылмыс заты болып табылады. Мысалы, тауарлық белгі (ҚҚ-тің 222-бабы), коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтер (223-бап), бағалы қағаздар (225, 2230-баптар), жалған ақша (231-бап), төлем карточкаларымен өзге төлем және есеп айырысу құжаттары (232-бап), акциздік алым маркалары (233-бап) .

Қарастырылатын қылмыстардың көбісінің объективтік жағы қылмыстың жасалуымен сипатталады. Кейбіреулері әрекетсіздік арқылы да жасалынады. Экономикалық қызмет саласындағы кейбір қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны, ол - заңда көзделген қоғамға қауіпті зардаптардың болуы. Оларда материалдық құрам болады.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың барлығы, субъективтік жағынан, өздерінің әдейі қасақана жасалғандығымен сипатталады. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың субъектісі қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған, есі дұрыс адам бола алады.

2. 3 Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік қызмет

1. Кәсiпкерлiк немесе банктік қызметтi (банк операцияларын) тiркелусіз, сол сияқты осындай қызмет үшін міндетті лицензиясыз не рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнаманы бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу, егер бұл іс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе не ірі мөлшерде табыс алумен немесе айтарлықтай мөлшерде акцизделетін тауарларды өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткізумен ұштасса, -

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай

1) қылмыстық топ жасаған;

2) аса ірі мөлшерде табыс алумен ұштасқан;

3) бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекеттер -мүлкi тәркiленiп, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
215-бап. Жалған кәсіпкерлік

1. Жалған кәсiпкерлiк, яғни кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру ниетiнсiз, кредиттерді заңсыз алу немесе салықтан босату немесе тыйым салынған қызметті жасыру немесе өзге де мүліктік пайда алу мақсатында немесе осындай әрекеттердің жасалуына жәрдемдесу мақсатында жеке кәсiпкерлiк субъектiсiн құру не басқа заңды тұлғалардың олардың шешiмдерiн айқындау құқығын беретiн акцияларын (қатысу үлестерiн, пайларын) иемдену, сол сияқты оларға басшылық ету, егер бұл іс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе, -екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) бiрнеше рет;

2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

3) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған дәл сол іс-әрекеттер, егер олар өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса;

4) басқа жеке (заңды) тұлғаның келісімінсіз оның құжаттарын не жалған құжаттар пайдаланып жасалған дәл сол іс-әрекеттер -мүлкі тәркіленіп, ал

3) тармақта көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш мыңнан жеті мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзету жұмыстарына не үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған немесе аса ірі залал келтірген іс-әрекеттер -мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе онсыз, жеті жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

216-бап. Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей,
тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша
әрекеттер жасау

1. Мүліктік пайда алу мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектісінің іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттерді азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтіріп жасауы -

үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:

1) бірнеше рет;

2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

3) он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға жасалған;

4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекет, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса;

5) жалған кәсіпорынды пайдалану арқылы жасалған іс-әрекет -

мүлкі тәркіленіп, ал

4) тармақта көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш мыңнан жеті мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған немесе аса ірі залал келтірген іс-әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе онсыз, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету

1. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру, яғни тартылған қаражатты қабылданған мiндеттемелердi қамтамасыз ететiн кәсiпкерлiк қызметке пайдаланбай, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын немесе өзге мүлкiн не оған құқығын қайта бөлу және бiр қатысушыларды басқалардың жарналары есебiнен байыту арқылы осы активтердi тартудан табыс алу (мүлiктiк пайда табу) жөнiндегi қызметті ұйымдастыру, сол сияқты қаржылық (инвестициялық) пирамидаға немесе оның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету -мүлкі тәркіленіп, бір мыңнан үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;

4) ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге мүлікті тарта отырып жасалған дәл сол іс-әрекеттер -мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:

1) қылмыстық топ жасаған;

2) аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге мүлікті тарта отырып жасалған;

3) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекеттер, егер олар өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса, -мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, ал 3) тармақта көзделген жағдайларда мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құруға дем берушілік немесе оған немесе оның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету туралы өз еркімен мәлімдеген, сондай-ақ оның қызметін ашуға немесе жолын кесуге белсенді түрде ықпал еткен, қаржылық (инвестициялық) пирамиданы ұйымдастырушыдан басқа адам, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

2. 4Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түрлері

Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге

мүлікті заңдастыру (жылыстату)

1. Қылмыстық және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатын мүлікті конверсиялау немесе аудару түрінде мәмілелер жасасу арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңды айналымға тарту, егер мұндай мүлік қылмыстық және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылықтардан түскен табыстар болып табылатыны белгілі болса, оның шынайы сипатын, көзін, орналасқан жерін, оған билік ету, оны ауыстыру тәсілін, мүлікке құқықтарды немесе оның тиесілігін жасыру немесе жасырып қалу, сол сияқты осы мүлікті иелену және пайдалану немесе қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыруға делдалдық ету, егер бұл іс-әрекеттер айтарлықтай мөлшерде жасалса, -мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет;

3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:

1) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекеттер, егер олар өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса;

2) қылмыстық топ жасаған;

3) iрi мөлшерде жасалған іс-әрекеттер, -мүлкі тәркіленіп, ал 1) тармақта көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) мүлікті заңдастыру дайындалып жатқаны не оның жасалғаны туралы өз еркімен мәлімдеген адам, егер оның әрекеттерінде осы баптың екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген қылмыстар немесе өзге де қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Кредиттi заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану

1. Дара кәсiпкердiң немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйi немесе кепiл мүлкi туралы немесе кредиттi, дотацияны, кредиттеудiң жеңiлдiктi шарттарын алу үшін елеулi мәнi бар өзге де мән-жайлар туралы көрiнеу жалған мәлiметтердi банкке немесе өзге де кредиторға ұсыну арқылы дара кәсiпкердiң немесе ұйым басшысының кредитті, дотацияны не кредиттеудiң жеңiлдiктi шарттарын алуы, сол сияқты кредиттеудi, дотация берудi тоқтатуға, жеңiлдiктердi жоюға не бөлiнген кредит пен дотация мөлшерлерiн шектеуге әкеп соқтыруы мүмкін мән-жайлардың туындағаны туралы ақпаратты банкке немесе өзге кредиторға хабарламауы, егер бұл іс-әрекеттер iрi залал келтiрсе, -екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Бюджеттiк кредиттi нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау, егер бұл іс-әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе, -

екі мың айлық есептік көрсеткішке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. 3 Облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны мақсатсыз пайдалану

Қаржы ұйымы болып табылмайтын эмитент органдарының (эмитенттiң лауазымды адамдарының) осы эмитенттiң облигацияларын шығару проспектiсiнде белгiленген, облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың шарттары мен тәртiбiн бұзуға әкеп соққан шешiмдер қабылдауы, егер бұл іс-әрекет облигация ұстаушыларға iрi залал келтiрсе, -белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Монополистiк қызмет

1. Нарық субъектiлерiнiң монополиялық жоғары (төмен) немесе келiсiлген бағаларды белгiлеуi және (немесе) ұстап тұруы, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсiнен сатып алынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) қайта сатуға аумақтық белгiсi, сатып алушылар тобы, сатып алу шарттары, саны не бағасы бойынша шектеулер белгiлеуi, тауар нарықтарын аумақтық белгiсi, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) ассортиментi, олардың өткiзiлу немесе сатып алыну көлемi, сатушылар немесе сатып алушылар тобы бойынша бөлуi, сондай-ақ бәсекелестiктi шектеуге бағытталған өзге де іс-әрекеттер, егер олар азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе не нарық субъектiсiнiң iрi мөлшерде табыс алуымен ұштасса, -бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Бiрнеше рет жасалған не алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы не адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаған дәл сол іс-әрекеттер -
мүлкi тәркiленіп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген:

1) қылмыстық топ жасаған;

2) күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жойып немесе бүлдiрiп не оны жою немесе бүлдiру қатерін төндіріп жасалған іс-әрекеттер, қорқытып алу белгiлерi болмаған кезде -мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, үш жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Тауар белгісін заңсыз пайдалану

1. Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауын, тауар шығарылған жердің атауын немесе бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған соларға ұқсас белгіленімдерді заңсыз пайдалану, егер бұл іс-әрекет бiрнеше рет жасалса немесе iрi залал келтiрсе, -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан қор биржасы туралы
Қазақстандағы өзін-өзі реттеу ұйымдары
Қазақстан Республикасындағы KASE фонд биржасы
Бағалы қағаздар және биржа
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ҚОР НАРЫҒЫ
Әлемдік қаржы жүйесін реттеу механизмі
Екінші деңгеңгейлі банктердің бағалы қағаз операциясының есебі
Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және оның нарықтық экономиканы дамытудағы ролі
Бағалы қағаздар нарығындағы дағдарыстар
Қазақстанның қаржы нарығы қалыптасу кезеңдері, қазіргі жағдайы және даму мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz