Өтпелі ағаш кесу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Орманның адам өміріндегі алатын орны өте зор. Орманның шаруашылықтағы маңызы жан-жақты, ол - халық игілігі. Ал биологиялық тұрғыдан алғанда өте күрделі организм. Онда өзіндік өсу заңдылықтары мен ерекшеліктері бар ағаштар, бұталар, шөптер, аңдар мен құстар, жәндіктер мен әртүрлі микроорганизмдер тіршілік етеді. Орман негізінен ағаштар мен бұталардан құралады. Бірақ кез келген ағаштар мен бұталар шоғыры орман болып санала бермейді. Тек бір-біріне жақын орналасқан, бір-бірімен әсерлесіп өсіп тұрған ортасына ықпал жасайтын, соның арқасында өздері де өзгеретін ағаштар мен бұталар тобын орман деп айтуға болады.

Орманның құрамына, тығыздығына, биіктігіне байланысты жерге түсетін жарық мөлшері 5-10 пайыздан 50 пайызға дейін өзгеруі мүмкін. Ағаш жапырақтары көмір қышқыл газын жұтып, оттегін ауаға бөліп шығарады. Бір гектар жердегі орман сағатына 2 килограмға дейін көмір қышқылын жұтады. Бұл 200 адамның 1 сағатта бөліп шығаратын көмір қышқыл газына тең. Ғалымдардың есебі бойынша қазіргі уақытта адамдық-техникалық қажетке 43 миллиард адам дем алатындай оттегі жұмсалатыны анықталған.

Орман пайда болған жерлерде шөптің құрамы өзгеріп, сиреп, далалық шөптер орман ішінде өсуге бейімделген шөптерге орын береді. Ағаш ішінде түскен жапырақтар, сынған бұтақтар, қабықтар, өсімдік дәндері, өлген жәндіктер мен басқа да қалдықтар бірте-бірте қордаға айналып, орман топырағын құнарландыруға әсерін тигізеді. Қорда шірінділері топырақты әр түрлі қоректік заттармен толықтырып отырады.

Адамзаттың денсаулығы үшін қарағай орманының маңызы ерекше. Қарағайдың қылқанды жапырақтары мен діңі жүйке, тыныс жолы мен өкпе, жүрек пен қан тамырларыныңі аурулары сияқты көптеген науқастарға шипалы болып саналатын фитонцид заттарын бөліп шығарады.

Орманды жерде адам дем алғанда күш-қуаты артып, еңбекке қабілеттілігі жылдам қалпына келеді, көңіл-күйі жақсарып, эстетикалық талғамы күшейеді, адам жаңа шығармашылық оймен қанаттанады.

Орман қоғамға өзінің ағашы, өсетін өсімдіктері, оны мекен еткен жан-жануарлары арқылы мол пайда келтіреді. Сонын ішінде жергілікті климатқа, топыраққа да пайдалы әсерін тигізеді. Бірақ орман байлығының мөлшері қоғамның орманға сіңірген еңбегінің көлеміне байланысты. Оған орманшылардың көмегімен жүргізілетін орман шаруашылық күтім шаралары, өртенген кесілген жерлердің ормандарын қайта қалпына келтіру және екпе ормандарды өсіру шараларын арттыру жатады. Аталған шаралардың барлығы да ормандарды көбейту, яғни оның көлемін арттыруды көздейді. Орманның қайта түлеуі жүрмейтін жағдайларда жасанды екпе орман өсіру қажеттілігі туындайды.

Сонымен қатар орманның әлеуметтік-экономикалық маңызы ағаш сүректерін пайдалануға байланысты бағаланып келеді. Өйткені ағаш сүрегі мен одан жасалатын заттардың қолданылмайтын өндірісі жоқ. Қазір орта есеппен әрбір адамға есептегенде бірнеше ондаған текше метр сүрек пайдаланылады, ал бүкіл адамзаттың 80 пайыздан астамы әлі күнге дейін ағаш үйлерде тұратыны белгілі.

Халық шаруашылығына пайдалануға кесілген ағаш іске жарамды сүрекке және отынға бөлінеді. Оның іске жарамдылары өнеркәсіптік және азаматтық құрылыста, тау-кен өндірісінде, темір жолда, целлюлоза мен қағаз шығаруда пайдаланылады.

Біздің жобалағалы отырған курстық жұмысымызда ормандардағы аралык кесу жұмыстарының ішіндегі күтіп-баптау мақсатындағы ағаш кесу жұмыстарын жүргізу, яғни тапсырма бойынша Ақмола облысында орналасақан «Бурабай» Мемлекеттік Ұлттық Табиғи саябағында қарағай ағашына күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу.

Орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу жоғары дәрежеде пісіп-жетілген (0, 8-1, 0) екпелер пайда болған сәттен бастап жүргізіледі және әдетте басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу жүргізуге жол берілетін екпелерде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге дейін жарты сыныпта аяқталады және басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге жол берілмейтін екпелерде өсу кезеңі бойына жүргізіледі.

Орманды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесу Қазақстан Республикасының Орман кодексінде белгіленген орман пайдалануды шектеу режимдері ескеріле отырып, мемлекеттік орман қорының барлық санаттарының ормандарында жүргізіледі.

1. 1. Зерттеу аймағының табиғи-тарихи және экономикалық жағдайы

1. 1. 1 Территорияның сипаттамасы және орман өсу жағдайы

«Бурабай» Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Саябағы (ары қарай - МҰТС) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1243 қаулысы бойынша құрылды, ол бұрынғы «Бурабай» табиғи-сауықтыру орман кешенінің территориясында және Щучье ауданының басқада жер пайдаланушылары: «Бұқпа» жануарлар әлемін және орманды қорғау мемлекеттік мекемесінің және Қазақтың Орман шаруашылығы және агроорманмелиорациясы ғылыми-зерттеу институтының сынақ орман шаруашылығы - Бармашино орманшылығы территорияларында құрылды.

«Бурабай» МҰТС-ғы Ақмола облысының екі әкімшілік ауданы - Щучье және Еңбекшілдер аудандарының территориясында орналасқан. «Бурабай» МҰТС-ғы Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасына тікелей бағынышты. Оның мақсаты көлді-таулы-орманды ландшафтты қорғау, оның территориясында туризм және демалуды ұйымдастыру болды, оның аумағы 83511 га жерді алып жатыр

«Бурабай» МҰТС-ғы Солтүстік және Орталық Қазақстан ормандарының далалы аймағындағы территориясында орналасқан. Орман өсу ауданы бойынша тасты-талуы шоқ ормандар және жазық қарағайлы және қайыңды-көктеректі провинциясында орналасқан. Сонымен қатар Көкшетау-Моншақты жоталы таулы, ұсақ шоқылы қарағайлы ормандардың далалы орман өсу аймағының - Көкшетау-Моншақты қарағайлы және қайыңды-көктеректі ауданында және Орталық-Қазақстан ұсақ шоқылы қарағай ормандарының орман шаруашылық ауданында орналасқан.

Жоғарыда айтып өткендей МҰТС территориясының басым бөлігі таулы, қыратты рельефке жатады, әсіресе ол батыс бөлігінде айқын көрінеді. Бұл жерде Көкшетау таулы жотасы доға тәрізді иіліп орналасқан, жан-жағынан ірі көлдер қоршап жатыр. Солтүстік таулы жотасында ең биік нүктесі - «Көкшетау» тауы орналасқан. Жотаның биіктігі теңіз деңгейінен 947, 6 м. жетеді. Одан әрі оңтүстікке қарай «Бурабай» тауы, «Жеке батыр» таулары орналасқан олардың биіктігі теңіз деңгейінен 690 м және 826, 2 м. биіктіктерге жетеді. Оңтүстік бөлігінде тау жоталарының биіктігі 400-500 м. дейін төмендейді. Территорияның басым бөлігі таулы жоталы және жазықты рельефке жатады. Жалпы аумағының 83511 га жерінен орманмен жамылған аумақ 26123 га жерді алып жатыр (территоияның 31, 3 пайызы) .

Қазақстанның басқада қарағайлы ормандары сияқты Бурабайды аралды қарағай ормандары Оңтүстік Оралдың шығыс таулы беткейлерінен Оңтүстік Алтайдың батыс таулы жотасына дейін созылып жатқан қылқанды және аралас ормандардың жұрнағы болып саналады. Ерте заманның ылғалды және салқын ауа-райы жағдайында ұсақ шоқылы орман флорасының және солтүстік аудандары фаунасының енуіне жақсы жағдай жасалған. Көне түрлердің бір бөлігі осы заманға дейін сақталып қалған. Ауа-райының мерзімдік өзгеріп тұруының арқасында біресе ұлғайып, біресе азайып шоқ болып орналасу қалпына жеткен. Соңғы 200 жылдың ішінде ормандардың азаюуы тек адамзаттың әсерінен ғана жүріп отыр. Оларға - орманды мақсатсыз кесу, орман өрттері, мал жаю осылардың нәтижесінде кейбір аралды қарағайлар жойылып кеткен, қалғандары да өзгеріске ұшыраған .

Қазіргі уақытта «Бурабай» МҰТС-ның алдында ғажайып ландшафтты сақтау және бұзылған табиғи кешендерді сақтау міндеті тұр.

1. 1. 2 Ауа райы

Ауданның ауа-райы континентальды - қысы ұзақ әрі суық және жазғы уақыттың ыстық күндері қысқа. Ауа райының сипаттамасын келесі кестеден көруге болады (1кесте) .

Кесте 1 - Ауа райының көрсеткіштері

Реттік

Саны

Көрсеткіштердің атаулары
Күндері және көрсеткіші
РеттікСаны: 1
Көрсеткіштердің атаулары: 2
Күндері және көрсеткіші: 3
РеттікСаны: 1
Көрсеткіштердің атаулары:

Ауаның температурасы:

орташа жылдық

абсолюттік жоғары

абсолюттік төмен

Күндері және көрсеткіші:

+2, 2 0 С

шілдеде + 41 0 С

қаңтарда - 51 0 С

РеттікСаны: 2
Көрсеткіштердің атаулары: Жыл сайынғы жауын-шашын мөлшері
Күндері және көрсеткіші: 379
РеттікСаны: 3
Көрсеткіштердің атаулары: Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы
Күндері және көрсеткіші: 131 күн
РеттікСаны: 4
Көрсеткіштердің атаулары: Көктемдегі кеш үсіктер
Күндері және көрсеткіші: 18 мамыр
РеттікСаны: 5
Көрсеткіштердің атаулары: Күздегі ерте үсіктер
Күндері және көрсеткіші: 27 қыркүйек
РеттікСаны: 6
Көрсеткіштердің атаулары: Көлдердің қатуының орташа көрстекші
Күндері және көрсеткіші: 15 қараша
РеттікСаны: 7
Көрсеткіштердің атаулары: Су еруінің басталуы
Күндері және көрсеткіші: 10 сәуір
РеттікСаны: 8
Көрсеткіштердің атаулары:

Қар жамылғысы:

қуаттылығы

Күндері және көрсеткіші: 32 см
РеттікСаны:
Көрсеткіштердің атаулары:

пайда болу уақыты

ормандағы қар кету уақыты

Күндері және көрсеткіші:

15 қазан

15 сәуір

РеттікСаны: 9
Көрсеткіштердің атаулары: Топырақтың қату тереңдігі
Күндері және көрсеткіші: 192 см
РеттікСаны: 10
Көрсеткіштердің атаулары:

Желдердің басымдылығының көрсеткіші

қыста

көктемде

жазда

күзде

Күндері және көрсеткіші:

ОБ

ОБ

ОБ

ОБ

РеттікСаны: 11
Көрсеткіштердің атаулары: Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы
Күндері және көрсеткіші:

55-82 пайыз

(мамыр-маусым)

Ауа температурасының жылдық амплитудасы орташа есеппен 80-90 0 С құрайды. Шілдеде температура +41 0 С дейін көтерілуі мүмкін. Ал ең суық күні кейбір жылдары - 51 0 С дейін төмендейді. Жылына 379 мм жауын-шашын түседі, олардың ең басым мөлшері биік таулы аудандарға келеді. Топырақтың көктемде және жаздың басында тез құрғап кетуі жауын-шашынның аз түсуі және құрғатқыш желдердің көп болуына байланысты. Күзгі уақыттарда жауын-шашын аз болса және қар аз болған уақыттарды аяздан топырақтардың жарықшағы пайда болуы мүмкін.

Орташа жылдық ауа температурасы 0, 8 ден 2, 2 0 С-ға жетеді. Қысы қарқынды аязды ауар райымен ерекшеленеді. ең суық айларының орташа температурсы - қаңтар мен ақпанда -18, 4 -17, 4 0 С-ді құрайды. Температураның ең төменгі көрсеткіші - 51 0 С-ға дейін. Қысқы айларының орташа температурасы тұрақты емес, кейбір жылдары өз нормасынан ауытқуы да болуы мүмкін, олардың ауытқуы кейде ± 7-8 0 С жетуі мүмкін. Кей уақыттары оңтүстіктен келген жылы ағымдарының әсерінен температураның көтерілуі байқалады, соның әсерінен қысқы уақытта жылыну құбылысы байқалуы мүмкін. 0 0 С-ден өтудің орташа мерзімі көктемде 7-12 сәуір, күзде 21-25 қазан. Алғашқы үсік күзде орташа есеппен 21-27 кыркүйекте байқалады, ал соңғы үсік 18 маусымда. Жылы күндерінің орташа ұзақтығы 111 күннен 131 күнге дейін созылады, ең жылы айы шілде, бұл айда ең жоғарғы температура 40-41 0 С жетуі мүмкін. Салыстырмалы ылғалдылықтың ең төменгі көрсеткіштері мамыр -маусым айларында (54-56 пайыз) байқалады, ал ең жоғары көрсеткіштері қысқы уақытта: 83-84 пайыз. Ылғалдылығы 30 пайыздан төмен күндерінің саны жылына 30 күнге жетеді.

Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 379 мм құрайды. Ауа-райы және табиғат жағдайына Көкшетау жотасы басым әсер етеді. Бұл жағдай абсолютті биіктік қана емес рельефінің бөлшектеліп орналасуынан да туындайды. Жауын-шашынның басым бөлігі (78-81 пайызы) жылы мерзімде - сәуір мен қазан айларының арасында түседі ең жоғары көрсеткіші шілде айына келеді. Жауын шашын күндерінің жалпы саны 10-12 күнді құрайды, кейбір жылдары айына 20-25 күнге жетуі мүмкін. Жазда жауын шашын нөсерлетіп жауады және найзағай және бұршақпен ұласуы мүмкін.

Қар жамылғысы ашық жерлерде де орманда да біркелкі жайылмайды. Алғашқы қар әдетте қазан айының екінші декадасында түседі, бірақ жылудан тез еріп кетеді. Қалыпты қар жамылғысы алғашқы қар түскеннен кейін 20-25 күннің ішінде қалыптасады. Орташа есеппен 7-14 қарашада, орташа тәуліктік температура - 5 0 С жеткен кезде қалыптасады. Қар жамылғысы Көкшетау таулы жотасының аймағында орташа есеппен 32 см, ал кейбір жылдары 53 см. дейін жетуі мүмкін. Көктемдегі қар еру суық мерзімде де жүре береді (орташа тәуліктік - 10 0 С болғанда), бірақ алғашында баяу ериді.

Жел режимі жыл бойына оңтүстік-батыстан басым соғып отырады (52 пайыз), желдің орташа жылдық жылдамыдығы 3, 2-5, 3 м/с. Қысқы уақытта желдің соғуы орташа жылдық соғыуына қарағанды жоғары болуы мүмкін (20 пайызға дейін), ол боранның соғуына әкеліп соғады (30-40 күндей) . Ақпан мен наурыз айларында боранның ең басым соғу уақыты анықталған (99 пайызы) .

Бұл уақытта желдің соғуы көбіне 15 м/с асып түседі, кейде 30 м/с жетуі мүмкін. Жылы кезеңде құрғақ желдердің жылдамдығы 6-10 м/с байқалады және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 20 пайыздан кем емес. Жазғы уақытта буланудың мөлшері жауын-шашынның мөлшерінен асып кетеді. Құрғақ уақыттың тағы бір жағымсыз әсері қуаңшылықтың болуы, құм-шаң дауылдар топырақты құрғатып жіберуі мүмкін.

Жалпы алғанда ауа-райы жағдайы ағаш-бұталы өсімдіктерінің өсуі үшін қатал болып саналады.

1. 1. 3 Жер бедері және топырақ

Жер бедерінің геологиялық құрылымы, күрделілігі, ағаш-бұталы өсімдіктердің біркелкі болмауы және басқа да факторлар әртүрлі топырақ жамылғысының болуын көрсетеді. Жер бедерінің геологиялық құрылымы, күрделілігі, ағаш-бұталы өсімдіктердің біркелкі болмауы және басқа да факторлар әртүрлі топырақ жамылғысының болуын көрсетеді.

Әртүрлі ағаш тұқымы ылғалды әртүрлі мөлшерде қажет етеді және топырақ ылғалында болған өзгерісті бірі тез, екіншісі баяу сезеді. Қандай ағаш тұқымы болмасын, өскен топырағының ылғалының аз - көбіне үйлесіп кетпесе жақсы өспейді, кейде тіпті құрып кетеді.

Қарағайлы ормандардың астында қоңыр орман топырақтары кеңінен жайылған, ұсақтопырақты-тасты және граниттің жел қаққан қатты-тасты құмды, кварцитті-сортаңды және басқа да көне жел қаққан қабаттарынан орын алған. Қоңыр орман топырақтары үшін генетикалық қабатында әлсіз түрленген, қуаттылығы аз 20-40 (80) см, қоңыр түсі және топырақ құрушы түрлерінен қалған қасиеттері бар. Ұсақ таулы тастардың болуы және механикалық құрамының жеңіл болуы жоғары су өткізгіштік өқасиет береді сонымен қатар ауанмен тыныс алуы да жоғары.

Қарағай алқаағаштары астындағы органикалық заттардың шіруі және қара топырақтануы арқасындақуаттылығы аз, 3-5 (10) см гумусты қабатты орман төсенішінің құрылуына себеп болады. Зерттелетін аймақтың қоңыр орман топырақтарындағы басты топырақ құрушы көзі болып күлгіндену және сұрлану жағдайы жатады, олар әсіресе кварцитті-сортаңды және көне жел қаққан қабатында байқалады.

Қарағайлы-қайыңды ормандардың астарында қою-сұр орман топырақтары кездеседі. Олар әсіресе Көкшетау тау жотасының жел қаққан көне қабаттың қуатты делювиалды саздақты шөгінділерінде кездеседі. Қою-сұо орман топырақтары қарағй, қайың және балқарағайдың өсуі үшінжағымды топырақтар болып саналады.

Көкшетау таулы жотасында қара топырақтар үлкен кеңістікті алып жатыр. Олардың қалыптсуы тік белдеуге байланысты. Таулы жоталардың ормансыз аумақтары және ұсақ шоқылы төбешіктерде жартылай дамыған қара топырақтар алып жатыр.

Шоқы аралықтарындағы кеңістіктің топырақтары сортаңды кешенмен жайылған. Орманнан шыққан топырақтарда орманның жаңғыруы болмаса далаға айналу нәтижесінде шымның қалыптасу үрдісі күшейеді және олар өзінің орман өсу жағдайы бойынша орман топырақтарынан ерекше болады.

Жасыл алқаптың ойдағыдай өсуі үшін топырақтың ылғалы жеткілікті болуы шарт. Бірақ топырақ ылғалы артық та, кем де болмай, біркелкі болғаны дұрыс. Топырақ ылғалы тым артық болса, ол орманға су зиянды ықпалын тигізеді, егер орманға су тұрып қалып, ұзақ мерзімге дейін кеппей тұрса, жас ұрықтар өнбей қалады, ал өнгенінің тамырлары мезгілсіз шіріп кетеді. Топырақ тым құрғақ болса, ағаштың тамыр жүйесі ылғалға зәрулік етеді. Мұндай топырақта күл элементтері мен азот мол болғанымен ағаш тұқымдары қурап кетеді. Топырақтың ылғалы кенет өзгеріске ұшыраса, орманның өсуіне зиянды әсерін тигізеді, тіпті кейде орман ағаштарының құрып кетуіне де әкеліп соқтырады. Әр түрлі ағаш тұқымы ылғалды әр түрлі мөлшерде қажет етеді және топырақ ылғалында болған өзгерісті бірі тез, екіншісі баяу сезеді.

1. 1. 4 Ауданның гидрологиялық жағдайы және гидрографиясы

«Бурабай» МҰТС-ның гидрологиялық және гидрографиялық жүйесі ең алдымен көлдердің көп болуымен және ағын сулардың аз болуымен ерекшеленеді. Гидрографиялық жүйесі келесідей сипатталады:

Кесте 2 - МҰТС аймағындағы өзендердің сипаттамасы

Реттік

нөмірі

Көлдердің атаулары
Қысқаша сипаттама
Көлдердің ауданы
Реттікнөмірі: 1
Көлдердің атаулары: 2
Қысқаша сипаттама: 3
Көлдердің ауданы: 4
Реттікнөмірі: 1
Көлдердің атаулары: Үлкен Шабақты көлі
Қысқаша сипаттама: Теңіз деңгейінен биіктігі - 310, 6 м, тереңдігі 15 м. асады.
Көлдердің ауданы: 2213, 0 га
Реттікнөмірі: 2
Көлдердің атаулары: Кіші Шабақты көлі
Қысқаша сипаттама: Теңіз деңгейінен биіктігі - 303, 6 м, тереңдігі 10 м. асады.
Көлдердің ауданы: 1742, 0 га
Реттікнөмірі: 3
Көлдердің атаулары: Щучье көлі
Қысқаша сипаттама: Теңіз деңгейінен биіктігі - 395, 2 м, тереңдігі 20 м. асады
Көлдердің ауданы: 1715, 0 га

2 кестенің жалғасы

1
2
3
4
1: 4
2: Бурабай көлі
3: Теңіз деңгейінен биіктігі - 320, 5 м, тереңдігі 4, 5- 6 м. асады.
4: 1002 га
1: 5
2: Қатаркөл көлі
3: Теңіз деңгейінен биіктігі - 441, 2 м, тереңдігі 5 м. асады.
4: 465, 0 га
1: 6
2: Тасшалқар көлі
3:

Теңіз деңгейінен

биіктігі- 290, 8 м

4: 827, 0 га
1: 7
2: Майбалық көлі
3: Теңіз деңгейінен биіктігі - 301, 8 м
4: 58, 0 га
1: 8
2: Болатшалқар көлі
3: Теңіз деңгейінен биіктігі - 251 2
4: 153, 0 га

Көкшетау таулы жотасының көлдері таудың етегімен созылған тектоникалық құрылымдағы котловиналарда орналасқан. Олар ауданы бойынша басым, тереңдігі жоғары және таза ішуге жарамды судан тұрады. Ең ірі көлдерге: үлкен Шабақты, кіші Шабақты Щучье, Бурабай және Қатаркөл көлдері жатады. Жоғарыда аталған көлдерден басқа таулы аймақтың көлдері де жетерлік, бірақ олардың көлемі шамалы, оларға: Лебяжье, Лебединое, Иманай, Светлое көлдері жатады.

Көлдердің толысуы негізінен атмосфералық жауын-шашынның кұшімен және шамалы ғана оларға құятын өзендердің күшімен жүреді. Олардағы судың деңгейі ауысып отырады. Ұсақ көлдер жазғы уақытта құрғап қалуы мүмкін және сортаңды өсімдіктері орына алған құрғақ кеңістікке айналады.

Өзендердің дамуы өте әлсіз, ең ірі өзенге, Бурабай көліне құятын Сарыбұлақ өзені жатады. Бұрынғы уақытта бұл көл Қатаркөльден бастау алған уақыт өте келе қысқарып тартылып қалған. Көкшетау тауының шығыс бөлігінде Иманай деп аталатын екі су көзі ағады, олар Бурабай, Иманай және кіші Шабақты көлдеріне келіп құяды. Ал батыс бөлігінде шабақты өзені кіші шабақты көліне келіп құяды.

Гидрогеологиялық жағдайы Көкшетау ұсақ шоқыларының орналасуына байланысты, бұл жерде гранитті массивтерге тәуелді жер асты сулары орын алған. Ұсақ шоқылардың жер асты сулары 0, 5 м. тереңдіктен 5-7 м. тереңдікке дейін және биік жерлерде олардан жоғары орын алуы мүмкін.

Көкшетау жотасының жер асты суларының минералдануы жалпы алғанда әлсіз, бірақ тегіс жерлі бөліктерде оның минералдануы жоғарылайды.

Орман топырақтарының саз балшыққа айналу үрдісі байқалмайды. Бірақ ойлы жерлерде қайыңды және көктеректі ормандардың астында кішігірім саз-балшықты жерлер кездеседі, олар жаздың ыстық мезгілінде әдіетте кеуіп кетеді.

Орман ағашының өсуіне жер асты суының тигізетін ықпалы жер бетімен іркілмей ағып кететін судың ықпалымен бірдей болмайды, өйткені жер бетімен сіңбей ағып кететін су тез кеуіп кетеді де, өсімдікке ықпалын тигізбейді. Бірақ жер асты суының әр түрлі ағаш тұқымдарына және бір тұқым ағашының өзіне тигізетін әсері судың сипатына, метеорологиялық элементтерінің тұрақты - тұрақсыздығына, топырақтың физиологиялық құрылымына байланысты түрліше болады.

Жалпы алғанда бұл аймақтың табиғи-климаттық жағдайы орманның өсуі үшін өте қатал болып келетінін айта кеткен жөн, бұл жағдайы табиғи өсіп-тұрған ағаш-бұталы өсімдіктердің түрлерін біршама кемітеді, сонымен қатар интродуцент өсімдіктердің өсіруіне кері әсерін тигізіп келеді.

1. 1. 5 Орман қорының сипаттамасы

«Бурабай» МҰТС-ның территориясы ХІХ ғасырдың аяғынан бері Щучье-Бурабай таулы орман массиві аталып келген әкімшілік-географиялық ауданында орналасқан. Орманы қарағайлы-қайыңды алқаағаштарымен берілген және аздаған көктерек араласыды. Олар Қазақтың ұсақ шоқысының бір ауданына жататын таулы жоталарынан, ұсақ шоқылардан және жазық жерлерден орын алған және көлемі бойынша ірілі-ұсақты, орташа көлемді көлдер жүйесімен араласады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман шаруашылығының орналасқан жері
Орман шаруашылығының орман қоры
Орман шаруашылығы жайында
Ағаш конструкциялары және материалдары
Ағашты механикалық тәсілмен өңдеу
Орманды басты кесу
Ақмола облысы, Маралзинская орманшылығы
Климат және орман
Темір жолдарды орташа жөндеу
Ағаштан бес жасқа дейінгі балаларды дамытуға арналған құрастырмалы ойыншықтар жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz