Күріш дәнді дақылы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.Уалиханов атынағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті ШЖҚ РМК
Техника және технология факультеті
Инженерлік технологиялар және көлік кафедрасы

Тақырыбы: Күрішті қауыздалмаған жармаға өңдеудің тазалау және қауыздау бөлімнің жобасы

5В072800 Өндеу өндірістерінің технологиясы мамандығы

Орындаған: ТППК-51 тобының
студенті Балабеков.Ә.
Тексерген: Алибекова А.Т.

Көкшетау - 2018

Мазмұны

Кіріспе

1 1Бөлім
1.1 Жарма өндіру тәсілдері және технологиялық үрдістер схемасы

1.2 Қауыздау

2 Бөлім
2.1 Күріш дәнді дақылы

2.2 Күріштің зиянды жәндіктері

2.3 Күріш өсірудің технологиясының негізгі бағыттары және тарихи қалыптасуы

Қорытынды

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі



Жарма өндіру тәсілдері және технологиялық үрдістер схемасы
Соңғы кезге дейін жарма өндіруді механикалық технологияға негізделген . Оны жалпылай мына схема бойынша көрсетуге болады: ірілігі бойынша сұрыптау , қауыздау, дәнін қауызынан аршу , дәнді қауызынан аршу, дәнді астықтың түріне және алынатын сортына байланысты әр түрлі өңдеу (Қырнау, жылтырату, уаты немесе шаншу) , дайын өнімді сұрыптау. Схеманы қазіргі кезде ірі зауыттарда , жиі басқа тәсілдермен толықтыра отырып қолданады.
Астықты әртүрлі қоспалардан тазалау үшін технологиялық схемаға аспираторларды ,сеператорлар, триерлер, тас айырғыш машиналарды , қауыздағыштарды , дүмпілдеткішті (Обоечные машины) , магниттік қондырғылар және т.б тізбектеп қосады. Тазаланғаннан кейін қауыздау алдында астықты сұрыптау маңызы айтарлықтай ,себебі біркелкі тегіс астық жеңіл қауызданады. Қауыздау үшін әртүрлі машиналар пайданылады : дүмпілдеткіштерде ( соққылағыш) - дүркін-дүркін соғу қағидасына негізделген - айналмалы ұрғыштармен дән түрпілі қабырғалы (бетті) цилиндрге екпінмен лақтырылады , қауыздағыш тас немесе білікті қақпақты станоктар қысу (сығу) мен үйкелу қағидасына негізделген ( бұл машиналарда дән екі жұмыс бетінде - бір қозғалмалы және біреуі қозғалмайтын - алдымен сығылады (қысылады), сосын қозғалудың нәтижесінде гүл қауызы жарылады); Резиналы білікті қауыздағыштарда - голлендрлерде - үйкеліс қағидасына негізделген - астыққа айналмалы түрлі тастар , табақшалар (дегелектер), немесе торлы цилиндрлер (мұндайда дәннің дәнге үйкелісі жүреді) дүркін-дүркін әсер етеді.
Әртүрлі машиналарды пайдалану кәсіпорынның техникалық мүмкіндігіне ғана емес , соынмен бірге дәннің физикалық қаситеттеріне және құрылысына байланысты. Соққыға негізделген дүмпілдеткіш машиналар арпа , сұлыны, күрішті қауыздауға ғана жарамды. Қарақұмық пен тары білікті қақпақты станоктарда , күріш-қауыздағыш тастарда және резиналы білікті қауыздағыштарда жақсы қауызданады. Машиналар әр астық тобын өңдеуге мұқият реттелуі қажет. Қай қауыздау тәсілі болмаса да, астықтың біраз бөлігі қауызданбай шығады. Сондықтан қауыздағаннан соң өнімді желпумен сұрыптайды және қауызданбаған астықты сәйкес машиналарға кері қайтарады . Қауыздаудан кейін дәнді өңдеу - гүл қауызының қалдығын аластату үшін қырнаудан тұрады . Одан басқа қырнау кезіндегі жеміс және дән қабығы ,сондай-ақ ұрғыда аластатылады . Мұның барлығы жарманың тауарлық түрін жақсартады. Осыдан өңдеуден кейін ол ылжырап піседі және жақсы сіңеді. Жарманың кейбір түрлері мен сорттары (күріш, ас бұршақ , арпа және т.б) қауызданғаннан және қырлағаннан кейін арнаулы тастарда және голлогендерде жылтырлатады - бұл олардың түрін қылпыратады және біркелкілендіреді . Қырлау мен жылтырлатуда машинаның жұмыс бетіне үйкеленуіне негізделген. Көптеген астықтардан өндірілген жармаларды ірілігіне қарай бірнеше фракцияға бөледі.
Механикалық өңдеу процесінде (тазалау және әсіресе қырлау мен қауыздау) кейбір астықтың дәндері жасалынған әсерлерге шыдамайды да уатылады. Міне сондықтан жармалардың негізгі ассортименттерін сапасы төменірек өнім алынады . Күріштің қырналған бүтін дәндері мен уақтарының сапалық айырмашылықтары бұдан да көп. Жарма дайындағанда мал азықтық мақсатта пайданылатын - ұнтақ пайда болады. Бүтін жарма , уақ жарма және ұнтақтың шығымы бойынша жекелеген машиналардың және бүтіндей кәсіпорынның жұмысын бағалайды.
Астықтың әр фракциясын жеке-жеке қауыздау , өзегінің (дәнінің) молырақ шығуына мүмкіндік береді. Қауыздалмағаннан кейін өнімді сеператорға жібереді де (әр фракция үшін сәйкес елеуіш ауыстырылып қойылады), төрт фракцияға сұрыптайды: жарма - дән , уақ жарма, ұнтақ және қауыздалмаған астық . Соңғысы қайтадан шанаққа жіберіледі; ал дайын өнім тағы да магнитті аппараттан өткізіледі . Ауыл үшін көлемі кішірек жаңа агрегаттар шығарылған.
Нәрлі және алуан жарма дайындау үшін қазіргі кезде жарма зауыттарының технологиялық үрдісінің схемасына астықтың сумен және бумен өңдеуді , сондай-ақ жоғары қысыммен пісіруді қосады . Тазаланған астықты буландырылғанда өзектің (дәннің) біріктілігі артады, ал қабығы морт сынғыш келеді де , жоғарғы сортты жарма шығымы жоғарылайды , жарманың ылжырап пісуі жеделдейді . Одан басқа , буланғанда астық ферменттердің белсенділігі артып , жарманың сақталу мерзімі ұзарады. Өнеркәсіпте ботқа пісіруге небары 10...15 мин жеткілікті жармалар шығаруда.
Қауыздылығы-жарма дақылдарында негізгі анықталатын сапалық белгісі. Жарма дақылының қауыздылығы дегеніміз - дән қауызының талдауға алынған үлгі салмағына пайыздық қатынасы . Бұл сапалық белгі жарма өндірісінде жарманың шығымын анықтауда қолданылады. Мысалы , жарма өндірісінде мақсатында астықты қабылдау барысында ядроның мөлшері тарыда 74, сұлыда 63, ал қарақұмықта 71% -дан кем болмауы тиіс. Қауыздың мөлшері сұлыда 18-46%, арпада 7-15 % , тарыда 18-25% аралығында болады.
Әдетте , жарма дақылдарының оның ішінде тары, күріш , арпа , сұлы қабығынан арнайы құралдын көмегімен немесе қолмен ажырату арқылы анықтайды.
Ол үшін орташа үлгіден 50% гр өлшем алып, лас және дән қоспаларын ажыратып, одан екі қайталап дақыл түріне байланысты (сұлыда болмасы 5г , күріштен) дән аламыз. Дәнді қауыздан ажырату үшін фарфор ыдысының түбіне ұсақ металл тор төсеп , дәнді салады да , оның басына дәл осындай тор байланған үйкегішпен ысқылайды. Бұл кезде дәннің сыны үгітіліп кетпеуін қадағалау керек.
Қауыздан ажырату процесі аяқталған соң өлшемді тесігі ұзынша келген (1,8-2,0мм болмаса 2,2-20мм) елег3шке салып елеу арқылы тазалайды . Егер үлгіде қауыздан ажыратылмаған дін қалса , оны қайтара фарфор ыдысқа салып үйкеу арқылы ажыратады.
Сұлы дәнінің қауыздылығын қолмен ажырату арқылы анықтайды.
Қауыздан толық ажыратқан соң дән ядросын таразыда өлшеп, алынған үлгінің салмағы мен одан бөлінген қауыз бөлінген қауыз салмағының қатынасы арқылы сол дақылдың пайызбен берілген қауыздылығын есептейді.
ТЯ= {A+zg(Б-О)}(100-П)100+23O,%
ТЯ - таза ядроның мөлшері , %
А-лас және дән қоспасынан бөлек қалыпты дән мөлшері;
О-үгітілген дән пайызы;
Б- дән қоспасының мөлшері, %;
П-Қауыз мөлшері,% ;
Сұлы дәніндегі таза ядроның мөлшерін анықтауда келесі формуланы пайданылады:
Қ={(100-П)(100-C-3-М-О-К)100}+23O +K,%
Қ-сұлының қауыздылығы,%
C-лас қоспа мөлшері,%
З-дән қоспасының мөлшері,%
М-тесігі 1,8-20 мм болатын електен өткен ұсақ дәндерінің мөлшері,%
O-тесігі 1,8-20 мм болатын електе қалған дән мөлшері, %
K-негізгі дәнге жататын бидай, қара бидай немесе арпа дәндері,%
Жарылған ядролар жарманың сыртқы түрлерін нашарлатады, негізгі жарма массасымен бір мезгілде піспейді. Жарылған дәндердің мөлшеріне шек қойылады және жарманың түрі мен сортына байланысты 0,1-1,13% шамасында . Мұндай дәндер шектелген мөлшерден асып етсе, онда оларды қоспаларға жатқызылады.Ұншыққа маталды сым елеуіштерден өтетін ядроның ұсақ дәндері жатады.Ол жарманың сыртқы түрін нашарлатады және оның тез бұзылуына ықпал етеді, 0,3-0,5%-дан аспағаны жөн.
№ 056 сымды елеуіштерден өткенді ұн тозаңына (мугель) жатқызады. Ұндағы оның мөлшері 0,3-0,3-0,5%-дан аспауы керек .
Мәннейден басқа барлық жармаларда қоспалар анықталады. Ол үшін орташа үлгіден массасы 10нан 100 г дейін (Жарма мен қоспалардың түрлеріне қарай) шөкім бөлінеді . МСТ-пен қарастырылған елеуіштерде ұнтақ пен ұрылған ядроларды бөлу үшін елейді , соңынан елеуіште қалған қоспаларға төменгі елеуіштен өткен қоспаларды қолмен алып біріктіреді, 0,01гр дәлдіпен өлшейді және алынған шөкімге пайыз мөлшерін есептейді.
Жармада зиянды қоспалардың барлығы белгілі болғанда анықтау үшін қосымша шөкім өлшенеді.
Дәндерді және қауыздау өнімдерін металломагнитті қоспалардан тазарту процесін оларды электромагнитті сепараторларда, магнитті колонкаларда ұстау жолымен тазарту процесін жүргізу. Тазартуға келіп түсетін дәндер мен қауыздау өнімдерінің жылджу жылдамдығы мен қабат қалыңдығын реттеу. Дайын өнім салынған қаптарды, автоматты карусельді қондырғылармен жабдықталған желілерлде бекітілгенен басқа, түрлі типтегі қапты тігу машиналарында тігу. Магнитті қондырғылардың, желдеткіштердің, циклондардың, қапты тігу машиналарына қызмет көрсету, жұмысын бақылау және қадағалау. Таңбалау белгілерін тігу. Қапты тігу машиналарына жіп өткізу. Магниттік қорғау қондырғыларын металдан тазарту. Металл магнитті қоспаларды жинау және зертханаға тапсыру. Аспирационды және басқа да коммуникациялар мен жабдықтарды шикізат пен дайын өнім қалдығынан тазарту. Қызмет көрсететін жабдықты қосу және ажырату, оның жұмысындағы ақауларды жою. Тазартуға келіп түсетін өнімнің жылжу жылдамдығы мен қаба қалыңдығын реттеу. Жабдық пен бөлшектерді тазарту, майлау және жуу. Орынжайды газациялауға дайындауға қатысу.
Жарма зауыттарында шикізат пен дайын өнімді металл магнитті қоспалардан тазарту ережесін; дайын өнім салынған қаптарды таңбалау және тігу ережесін; шикізатты тасымалдау, қарапайым механизмдерде сепарациялау, жармалаудың тәртібін; магнитті қондырғылардың, желдеткіштердің, циклондардың, қап тігу машининалары мен күрделілігі жағынан ұқсас басқа да жабдықтардың жұмыс принципін; магнитті жабдықтың жүк көтеру нормаларын; жабдықтарды шикізат пен дайын өнім қалдығынан тазарту тәсілдерін; майлау жүйесі мен қолданылатын жанар-жағармай материалдарын.
Ұн тарту өндірісінің аппаратшысы

Дәнді және оның өнімдерін пневмотранспорт және желдеткіш қондырғыларын пайдалана отырып тасымалдау, дәнді тартуға дайындаудың (дән массасын қоспалардан тазарту, дәннің бетін "құрғақ" тәсілмен тазарту, жарма дақылдарын гидротермиялық өңдеу) және обойлы ұнтарту зауыттарындағы дәннің тартылған өнімдерін елеу процестерін жүргізу. Дәнді тазарту, үлесті салмағы бар қоспалардан айыру, дәнді жуу машиналарында ылғалдау, жарма мен дунстарды байыту, сұрыпты ұн тарту зауыттарындағы автоматты карусельді қондырғыларда қаптарға таралаудың технологиялық процесін жүргізу. Ұн тарту зауыттарындағы дән тазалау машианалары мен рассевтердің, жуу, елеуішпен елеу машиналарының, сығымдау колонкаларының, тұндырғыштардың, кондиционерлердің, автоматты карусельді қондырғылары мен күрделілігі жағынан ұқсас басқа да жабдықтың жұмысын бақылау және оларға қызмет көрсету. Дән тазарту бөлімі мен қалдықтар цехының қамбаларын тазалау. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысын баптау және реттеу. Өнімнің үздіксіз және біркелкі берілуін қамтамасыз ету. Қызмет көрсететін жабдықты қосу және тоқтату. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және оны жоюға қатысу.
Дәнді, жарма, бұршақ, майлы дақылдарды қауыздау, қауыздау өнімдерін елеу, тегістеу және жылтыратудың технологиялық процестерін әртүрлі конструкциядағы машиналар мен механизмдерде, қауыздау өнімдерін елеу процесін жүргізу. Жарманы булы және басқа да кептіргіштерде гидротермиялық өңдеу және кептіру. Дайын өнімді автоматты карусельді қондырғыларда таралау. Қауыздаушы, ұшырушы, тегістеуші және жылтыратушы қондырғылар мен машиналардың, булы және басқа да кептіргіштердің, автоматты карусельді қондырғылар мен басқа қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысын қадағалау және бақылау, оларға қызмет көрсету. Қызмет көрсететін жабдықтың белгіленген жұмыс режимін, дәннің және қауыздау өнімдерінің үздіксіз және біркелкі берілуін қамтамасыз ету. Сепараторларда, рассевтерде елеуішті орнату және керу. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысын реттеу және оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: дәнді, жарма, бұршақ, майлы дақылдарды қауыздау, қауыздау өнімдерін елеу, тегістеу және жылтыратудың технологиялық процестерін әртүрлі конструкциядағы машиналар мен механизмдерде, қауыздау өнімдерін елеудің технологиялық процесін; дайын өнімді автоматты карусельді қондырғыларда қаптарға таралаудың тәртібін; дәннің, дайын өімнің және қалдықтардың сапалық көрсеткіштерін (нормаларыны); елеуіштердің нөмірлері мен түрлерін; жабдыққа түсетін жүктемені және электр қозғағыш қуатын ескере отырып оларды белгілеу тәсілдерін; қызмет көрсететін жабдықтың; қауыздаушы, ұшырушы, тегістеуші және жылтыратушы қондырғылар мен машиналардың, булы және басқа да кептіргіштердің, автоматты карусельді қондырғылардың құрылымын; жарма зауытын қосу және тоқтату кезінде жабдықты желіге қосу мен ажыратудың тәртібін; абразивті жұмыс қабатын қалпына келтіру және жөндеу тәсілдерін; жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою тәсілдерін және оның тиімді жұимыс істеуіне жағдай туғызу ережесін

Күріш дәнді дақылы
Дүние жүзіне ең көп тараған мәдени дакылдың бірі күріш дақылы. Күріш -- өте құнды дақыл болып дүние жүзінің 110-ға жуық елінде 150 млн. га жерге егіліп, оның 90%-ы Азияда, 4%-ы Америкада, 2%-ы, Африкада, 4%-ы басқа кұрлықтарда өсіріледі. Күріш егіс көлемі жөнінен бидайдан кейін екінші, ал өнімділігі бойынша бірінші орын алады. Кебегі мал азығына пайдаланылса, ақұсағынан спирт, крахмал алынып, парфюмерияда қолданылады. Сабанынан жоғары сортты қағаз, картон, жіп, қап, қалпақ, төсеніштер мен тағы басқа да тұрмысқа қажетті заттар жасалынады. Сонымен қатар тұзданып, батпақтанған жерлерді жақсартып, ауыл шаруашылық пайдаланымға енгізуде күріштің агромелиоратиптік маңызы зор.
Қазақстанда күріш Қызылорда, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары 130 мың га көлемге дейін егіліп, одан 519 мың тоннаға дейін жалпы өнім алынды.
Барлық күріш өсірілетін аймақтарда оның, өнімін айтарлықтай төмендететін күріш зиянкестері, аурулары және арамшөптер болып табылады. Әлемдік деңгейде күріш өнімі зиянкестерден 14%-ға төмендесе, Қызылорда облысында зиянкестер мен аурулардың әсерінен бұл көрсеткіш 1970-1985жылдары, 8- 10%-га, ал соңғы жылдары 16-18%-ға дейін көбейді. Қазақстан Республикасының Қызылорда облысы күріш өсірілетін ең перспективалы аймаққа жатады. Бұл аймақта күріш егуге жарамды жер ресурстары, қолайлы климат жағдайы, кажетті су қоры жеткілікті болғандықтан 2006 жылы егіс көлемі 70 мың гектардан артты. Алайда күріш ауыспалы егістігіндегі күріш, бидай, жоңышқа, т.б. дақылдардың өнімі зиянкестер мен аурулар және арамшөптердің әсерінен төмендеуде.

Қазақтың күріш ғылыми-зерттеу институтында 1970-1992 жылдары Қазақстанның оңтүстігінде зиянды организмдерден өнімді қорғау мақсатында зерттеулер жүргізіліп ол өндірісте тексеріліп, өсімдік корғау шаралары жасалған.
Соңғы жылдары облыста ауылшаруашылық дақылдарының құрылымы өзгеріп, бұрынғы ірі шаруашылықтар майдаланып, олардың өсімдік қорғау шараларын орындауға мүмкіндігі болмағандықтан, зиянкестермен аурулардың көбейіп кетуі, Арал өңірінде осы мәселелер бойынша зерттеу жұмыстарын жалғастыруға мәжбүр етуде.
Ұсынылып отырған жұмыс көп жылдық ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі және соңғы (2001 -2005 ж.ж) ғылыми жетістіктер мен зиянды организмдерден қорғаудың озық тәжірибесі. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі, өсімдік қорғауда кешенді шаралар, оның ішінде агротехникалық, ұйымдастыру-шаруашылық және химиялық шаралар жүйесін қолдану тиімді екенін көрсетті.
Кешенді жүйеге ауыспалы егісті сақтау және ендіру, топырақ өңдеу, сорт алмастыру, тұқымды себер алдында фунгицидтермен өңдеу, оңтайлы мерзімде себу, минералды тыңайтқышты тиімді пайдалану, өсімдік қорғау шараларын дер кезінде мұқият орындау, егісті жинау және өсімдік қалдығын жою жатады.
Қызылорда облысындағы фауна мен флораны зерттеумен Л.Д.Казенас (1965), Л.А. Котлярова (1966-1990), Ж.А. Абилдаева (1970-2006) айналысқан. Ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде зиянкестердің түр құрамы, ауру түрлері, және олардың күріш егістігінде таралуы, анықталып, олардың зияндану дәрежесі мен санының азаюына әсер ететін шаралар жүйесі жасалды.
Күріштің зиянды жәндіктері
Күріш зиянкестеріне -- жағалық сұр шыбын, күріш масасы, күріш көбелегі, арпа минері жатады. Осы зиянды жәндіктер күріш егісіне жыл сайын едәуір нұксан келтіреді. Мұны Қазақстанда және басқа шет елдерде де жиі байкауға болады. Қызылорда облысының егіс алқаптарында күріш дақылына зиян келтіретін 22 түрлі жәндіктер мен шаян тәрізділер Л.А. Котлярованың (12) (1969-1992) зсрттеулері нәтижесінде анықталды.
Арамшөптермен күресу жолдары
Арам шөптерді агротехникалық шаралармен жою тәсілінің негізі -- ғылыми дәлелденген, дұрыс құралған күріш ауыспалы егісінде қаланады, яғни егіншілік мәдениеті де өз бастауын осы ауыспалы егістен бастайды. Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми -- зерттеу институтының тәжірибелері нәтижелері үш жыл жоңышка, немесе екі жыл түйежоңышка егілген жерде күрмек тектес арамшөптер меп қамыстың толық жойылғанын, ал қамыстың көктей алатын сүйріктер қорының 8 еседен артық азайғанын көрсетті.
Жоңышқа мен түйежоғышқа егісінде ылғал сүйгіш арамшөптердің өсе алуы бұл өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Мысалы кәдімгі камыс тамырының ылғалды сіңіру күші әлсіз болғандықтан, ол ылғалды өте жоғары, ыза суы жақын орналасқан топырақта ғана жақсы өсе алады. Ал тамырының ылғалды сініру күші жоғары жоңышқа, әсіресе түйежоңышка дакылдары ылғалды жақсы пайдаланып, жер асты суларының деңгейін төмендетеді, тамыры топырактың жоғарғы қабатында таралатын арамшөптер негізгі дақылдармеи ылғалға таласа алмай, өліп калады.
Арамшөптер ауыспалы егіс сақталмаған, кұнарлылығы төмен күріш танаптарында көптеп кездеседі. Институттың жүргізген зерттеулерінде күріш бір танапқа қатарынан 20 жыл тыңайтқышсыз егілген жерде тек доңыз коғаның саны бір шаршы метр жерде 75,3-93,3 данаға дейін жетті. Осы танаптың жылда тыңайтқыш (М50Р120) беріліп келген жерінде арамшөптің саны бір шаршы метр жерде 20.3-25,3 данаға дейін кеміді. Ал тыңайтылған ауыспалы егіс танабында егілген күріш егісінде арамшөптің барлығы дерлік өліп қалады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Күріш сорттары
Күрішті кейбір Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде (Қытай, Жапония, Вьетнам) көшеттен өсіреді. Күріштің бірнеше сорттары бар.
Қазақстанда көбірек таралғаны - Алакөл және Үштөбе сорттары. Оларды Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары шығарған, негізінен, Қаратал өзені бойында өсіріледі. Маржан сорты - Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты (қазіргі Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты) шығарған. Қызылорда облысының күріш егісінің 65 - 70%-ын осы сорт алады. Алтынай сорты - Қазақстан Ғылым Академиясының Өсімдіктер физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы институтында шығарылған. Бұл сорт Алматы облысында аудандастырылған, негізінен, Іле өзені бойындағы Ақдала аймағында өсіріледі. Күріш - негізгі азықтық дақылдардың бірі. Күріш дәнінен спирт, крахмал алынады, сыра дайындалады, сабанынан қағаз жасалады. Кебегі - мал азығы, одан жоғары сапалы май алуға болады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қоректенуі және тынайтқыштар
Күріштің азотпен қоректенуі КСРО мен шет елдерде кеңінен зерттелген. Күріш азот тыңайтқыштарымен жақсы қоректенеді, олар күріштің тыңайтқыштар жүйесінде маңызды (шешуші) роль атқарады. Бұл кезде тыңайтқыштағы азоттың күйіне (формасына) назар аудару қажет. Күріш егістіктерінде аммиакты (аммоний сульфаты, аммоний хлориді, сусыз аммиак, аммонийі бар күрделі тыңайтқыштар) күйдегі немесе амидті (мочевина немесе карбамид, кальций цианамиді) күйдегі азоты бар тыңайтқыштар ғана қолданылады. Өйткені олардың топырақтағы айналым процесінде аммонийлі азот түзіледі. Азоттың әр түрлі күйде (аммиакты және нитратты) күрішке енуінің басты себептерінің бірі олардың күріш егетін аймақтардың су алған топырақтарында тұру дәрежесінің әр түрлі болуы болып табылады.
Күріш қорегінің маңызды элементі фосфор болып табылады. Фосфор тыңайтқыштарын күрішке сепкенде дәннің өнімін жоғарлатады. Фосфор маңызды органикалық қосылыстардың құрамына енеді де зат алмасуға қатысады. Сондықтан оның жетіспеуі өсімдіктің өсіп дамуына, әсіресе бастапқы вегетацияға кері әсер береді. Азотты, фосфорлы, калийлі минералды тыңайтқыштарын бірге қолданбасақ күріштен жоғарғы өнімді алу мүмкін емес. Азоттың жетіспеуінен өсу процесі бұзылады, жапырақтар сарғаяды, сағақтардың дәнденуі төмендеп күріш өсімдігінің өнімділігі азаяды.
Құрамында қоректік элемент -- азот бар тыңайтқышты азот тыңайтқышы дейді. Азот -- тіршілік үшін маңызы өте зор элемент, ол жетіспеген жағдайда есімдіктің жапырағы бозғылт жасыл болып (мысалы, орамжапырак пен жүгерінің), бойы еспей, жапырағы жұқа және шырыны аз, гүлі майда болады. Өсімдікке азот тыңайтқышын берсе, есімдіктің өсуі мен дамуы жақсарып, өнім беруі жоғарылайды. Топырақ арқылы азотты әсімдік аммоний ионы NH4+ және нитрат ионы N0^ түрінде сіңіреді. Азот тыңайтқыштары минералды және органикалық болып белінеді Азотты тыңайтқыштарға: калий, натрий және аммоний (NaN03, KN03,NH4N03) нитраттары (селитра) жатады. Олар -- ақ түсті, суда жақсы еритін кристалл заттар, онда коректік элементазот 15 -- 16% болады. Аммоний сульфатында (NH4)2S04 21%-ке дейін коректік элемент -- азот болады. Көп қолданылатын тыңайтқыштың бірі -- карбамид (мочевина) CO(NH2)2 құрамында 46%-ке дейін азот бар. Сұйық тыңайтқыш аммиак суы NHg, онда қоректік элемент азот 80% шамасында болады.

АҚШ ұзындәнді күріші
Фосфор -- барлық тірі организмнің құрамына кіретін маңызды элемент. Фосфор ферменттердің, дәрумендердің кұрамында болады. Фосфорсыз хлорофилл түзілмейді, онда өсімдік жапырағы көмірқышқыл газын сіңіре алмайды. Өсімдікте фосфор жетіспесе, жапырақта қара қошқыл жасыл, қара дақ пайда болып, өсімдіктің гүлденуі мен пісуі баяулайды. Фосфор тыңайтқышын топыраққа енгізу арқылы алынатын жемістің сапасы жақсарып, өнімі артады. Фосфор тыңайтқыштары суда еритін, ерімейтін болып бөлінеді
Қазақстан жеріндегі бай фосфор қорын өңдеу жолын іздеу фосфорлы қосылыстар химиясын дамытуға негіз болды. Академик Ә.Б. Бектұров Қаратау фосфоритінен әртүрлі фосфор тыңайтқыштарын алудың ғылыми негізін қалады. Фосфор қосылыстары мен фосфор тыңайтқыштарын зерттеуде Ә.Б. Бектұров және оның шәкірттері көп еңбек сіңірді. Қаратау бассейнінің фосфорит кенінен Тараздың және Шымкенттің өндірістік бірлестіктері және басқа химия кәсіпорындары фосфор тыңайтқыштарын өндіреді. Калий. Кез келген есімдікке калий өте қажет. Калий жетіспесе, фотосинтез қарқыны төмендейді. Калий жеткілікті болса, өсімдікте крахмал, қантты зат, май түзілуі жоғарылайды және картоп, күнбағыс, жоңышқа, қызылша сияқты есімдіктердің өнімділігі едәуір артады. Топырақта болатын калий, көбінесе органикалық тыңайтқыштар -- қи, өсімдік күлі арқылы топыраққа түседі. Калий тыңайтқышының негізгі шикізаты шөптесін және ағаш типтес өсімдіктердің күліндегі карбонат К2С03 түрінде болады. Калий тыңайтқышының көндеріне силъвинит және карналит жатады. Силъвинит дегеніміз -- калий хлориді мен натрий хлоридінің біріккен тұзы NaCl-KCl, сол сиякты карналит те қос тұз KCl-MgCl,. Калий тыңайтқышына калий хлориді KC1 және калий нитраты KN03 жатады.
Топырақтың өнімділік деңгейіне, географиялық жағдайына, сорттық ерекшелігіне байланысты күрішті егу барысында азотты тыңайтқыштардың нормасы өзгеруі мүмкін. Ерте пісетін күріштің Дубоский 129, Арпа шахы және орташа пісетін Қазақстанның 5 сорттарын еккенде 110-120 кгга минералды тыңайтқыштар себу керек, ал орташа пісетін авангард, 140-180 кгга және кеш пісетін ақмаржан пен кенже сорттарына 180-200 кгга минералды тыңайтқыштарды себеді. Жоғарыда айтылған азотты тыңайтқыштардың нормасы мен күйі қалыпты жағдайға, яғни тұзсыз жерлерге арналған. Топырақ тұзды болған кездегі қолданылатын азот тыңайтқыштарының түрлері әлі шешілуде.
Сенегал өзенінің бассейніндегі тұзды жағдайдағы күріштің қоректенуін зерттеген француз оқымыстысының мәліметтері бойынша, азотты тыңайтқыштардың жоғарғы мөлшері пайда бермейді. Өйткені ол күріштің жапырылуына тұрақтылығын төмендетіп бос дәндердің санын көбейтеді. Осы пікірге В.П.Савчукта келіседі, ол тұзды жағдайда азоттың аз мөлшерін - 60-90 кгга ұсынады.
Парожняя З.Н. тіпті басқа пікірде, оның айтуынша тұзды топырақта азотты тыңайтқыштардың жоғарғы мөлшері көп өнім береді. Азотты тыңайтқыштар, әсіресе тұзды топырақтарда өсімдіктің химиялық құрамын өзгертеді. Тұздылық деңгейі жоғарлаған сайын жапырақтар мен сағақтарда азоттың (N), натрийдің (Nа), калийдің (К), кальцийдің (Са) және магнийдің (Мg) мөлшері көбейеді. Дәннің құрамындағы ақуыз аздап көбейеді.
Күріш егетін далаларда фосформен қоректендірудің өзіндік ерекшеліктері бар, оны тыңайтқыш жүйесін өңдеуде ескеру қажет.
Тұзсыз топырақтардағы күріштерге енгізілетін фосфор тыңайтқыштарының жылдық нормасы осы элементтің жылжымалы формасына байланысты, топырақ картасы мен картограммаға сәйкес дифференциалданған болуы керек.
Сонымен топырақтың құрамында 30 мг кг дейін жылжымалы фосфор болатын болса, фосфордың жылдық нормасы 90-120 кгга болуы керек.
Натрий мен магнийді сіңірген бұтақшаларда, аз натрийлі бұтақшаларда фосфор тыңайтқыштарының көп мөлшерін енгізгеннен өнім көп болады.
Осыған қоса оның азотты тыңайтқыштармен қатынасына көңіл аудару керек. Өсімдіктің фосфоржы сіңіруі белгілі дәрежеде топыраққа енген, азотқа байланысты, яғни топырақтың құрамындағы азот фосфорды ассимиляциялайды. Сондықтан, фосфорлы тыңайтқышының жылдық нормасы азотты тыңайтқыштардың жылдық нормасына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күздік бидай және қара бидай
Күріш және күріш суы
Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарын ажырату белгілері жайлы мәлімет
Күрішті өсіру, күту технологиялары
Күріш тамырының жүйесі - шашақ тамыр
Күріш жармасының сапасын бағалау
Ауыспалы егіс
Күріш дақылының биологиялық ерекшеліктері
Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарының марфологиялық және биалогиялық ажырату белгілері
Күріш ауыспалы егіс жүйесі
Пәндер