Милина ЖШС - нің шығындары


КІРІСПЕ1
БӨЛІМ 1. «Милина» ЖШС-нің ҰЙЫМ ЭКОНОМИКАСЫ2
1. 1 Кәсіпорынның ұйымның құрылтай құжаттарын оқып білу және дайындау. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі 2
1. 2 Кәсіпорының ұйымның шаруашылық қызметін жоспарлау 3
1. 3 Негізгі және айналым капиталы 5
1. 4Қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру және еңбекақы 7
1. 5 Кәсіпорынның ұйымның шығындарын және оның қаржылық нәтижелерін анықтау. Өзіндік құнды калькуляциялау 9
1. 6 Өндірістің жалпы тиімділігін анықтау 12
БӨЛІМ 2. «Милина» ЖШС-нің ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕБІ13
2. 1 Ұйымның есеп саясаты. 13
2. 2 Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі. 14
2. 3 Негізгі құрал-жабдықтар мен материалды емес активтер есебі. 17
2. 4 Тауарлы-материалдық қорларды есептеу және жеткізушілермен есептесу есебі. 19
2. 5 Еңбек пен оның төлем есебі. 21
2. 6 Өндіріске жұмсалған шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау. 23
2. 7 Дайын өнім және оны сату есебі. 25
БӨЛІМ 3. «Милина» ЖШС-нің АУДИТІ29
3. 1 Аудиторлық фирма жұмысының құрылымы және ұйымдастырылуы. Аудитордың қызмет міндеттері 29
3. 2 Ұзақ мерзімді активтер аудиті мен ревизиясы. 31
3. 3 Ағымды активтер аудиті мен ревизиясы. 32
3. 4 Қаражаттар аудиті мен ревизиясы. 33
3. 5 Міндеттемелер аудиті мен ревизиясы 34
3. 6 Еңбекақы бойынша есептесу аудиті мен ревизиясы 35
ҚОРЫТЫНДЫ 36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ37
КІРІСПЕОқу тәжірибесі - тұлғаның ақыл-ой дамуының, яғни тұлғаның үйренушілік қасиетін көрсетеді.
Мен, Сабыр Мерей Мұратқызы оқу тәжірибемді Нархоз Университетінің Экономикалық колледжінде өттім. Оку тәжірибені үш пәннен өттім: «Ұйым экономикасы», «Қаржылық есеп» және «Аудит». Осы пәндер бойынша әр тақырыптарға байланысты жұмыстарды атқардым.
Оқу тәжірибенің негізгі мақсаттары - «Ұйым экономикасы», «Қаржылық есеп» және «Аудит» пәндерінен алған теориялық білімімді кеңейту, тереңдету, бекіту болып табылады. Оқу тәжірибемде мысал ретінде «Милина» ЖШС құрып, соның негізінде тәжірибеге байланысты жұмыстар атқардым.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) - белгілі бір шаруашылық қызмет жүргізу мақсатында бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде құрылтайшылардың үлесіне (салымдарына) бөлінген заңды тұлға. Қызмет мақсаты пайда алуды көздейді. Қатысушыларының саны жүзден аспауға тиіс. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде ғана жауап береді.
Оқу тәжірибемнің бірінші бөлімінде, «Ұйым экономикасы» пәні бойынша ұйымның құрылтай құжаттарының типтік формасымен, шарттарымен, жарғыларымен танысып, оларды дайындадым. Өндіріс алаңындағы материалдар мен шикізаттарға қажеттілікті, қызметкерлердің еңбекақысын, негізгі құралдардың амортизациясын есептеп, өндірістің тиімділігін анықтау бойынша жұмыстарды орындадым.
Екінші бөлімінде, «Қаржылық есеп» пәні бойынша есеп саясатының мазмұнымен, құрылысымен танысып, ақша қаражаттарының есебі, тауарлы - материалдық қорлар есебі, еңбекақы есебі және де өндірістік шығындар есебімен байланысты есептер шығарып, тиісті құжаттармен таныстым.
Үшінші бөлімінде, «Аудит» пәні бойынша аудиторлық фирма жұмысының құрлымымен, ұйымдастырылуымен танысып, ұзақ мерзімді активтер аудиті, ағымдағы активтер аудиті, міндеттемелер мен еңбекақы бойынша есептесу аудиті тақырыптарымен танысып, аудит бағдарламаларын дайындадым.
БӨЛІМ 1. «Милина» ЖШС-нің ҰЙЫМ ЭКОНОМИКАСЫ 1. 1 Кәсіпорынның ұйымның құрылтай құжаттарын оқып білу және дайындау. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібіЖауапкершілігі шектеулі серіктестік ( ЖШС ) - белгілі бір шаруашылық қызмет жүргізу мақсатында бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген бөлінген заңды тұлға. Қызмет мақсаты пайда алуды көздейді. Қазақстан Республикасының “Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы” Заңына сәйкес жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш шамасына пара-пар сомадан кем болмауы керек.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті ұйымдастыру үшін құрылтай келісім шарты жасалады, онда:
- кәсіпорынның аты;
- мекен-жайы;
- негізгі қызмет бағыттары;
- қызмет түрлері;
- капитал мөлшері көрсетіледі.
Құрылтай құжаттары - Заңды тұлғаның іскерлік үшiн негiздеу қызмет ететiн құжаттары.
«Милина» ЖШС құрылтай құжаттарына жатады: жарғы немесе жарғы және құрылтайшылық келiсiм-шарт.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң құрылтай шарты:
- жазбаша нысанда;
- әрбiр құрылтайшының немесе оның уәкiлеттi өкiлiнiң шартқа қол қоюы арқылы жасалады;
- құрылтай шартын нотариат куәландыруға тиiс.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғысы - серiктестiктiң заңды тұлға ретiндегi құқықтық мәртебесiн белгiлейтiн құжат болып табылады. Заңды тұлғалардың Жарғысын құрылтайшы белгілейді. Жарғыда мекеменің нақты атауы, тұрған орны, атқаратын қызметінің түрлері, т. б. қажетті мәліметтер көрсетіледі.
ЖШС құрылуы, оның құрылтайшылардың құрылтай келісімшарттарын жасалуынан бастап серіктестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуімен аяқталады. Ол үшін ЖШС орналасқан жері бойыншахалыққа қызмет көрсету орталығына барып мынадай құжаттарды тапсыру керек:
- Тіркеу туралы өтініш;
- Үш данада ұсынылатын мемлекеттік және орыс тілдерінде құрылған құрылтай құжаттары;
- Паспорттың түпнұсқасы;
- Заңды тұлғаның орналасқан жерін куәландыратын құжат.
- ЖШС тіркеу үшін 2 АЭК алым алынады, оны растайтын түбіртек;
- Салық төлеуші заңды тұлғаның номері, жарғысы, мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі.
Оқу тәжірибемде мысал ретінде «Милина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрдым.
«Милина» ЖШС алғаш рет 2015 жылдың 23 қарашасында жеке тұлғаның меншігіндегі қаражаттары негізінде өз қызметін бастады. Алматы қаласында Әділет басқармасында №74445-1910 ЖШС куәлікпен мемлекеттік тіркеуден өтті.
«Милина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының заңдылықтарына және Ұйымның жарғысына, бухгалтерлік есеп стандартына сүйене отырып атқарады. Ұйымның жеке балансы, банкте есеп айрысу шоты, өзінің толық атауы жазылған мөрі бар.
Қазіргі уақыттағы серіктестіктің атқаратын қызметтерін төмендегіше көрсетуге болады:
- Электр жүйелері және электр подстанциялары үшін құрылғыларды, бөлшектерді өндіру;
- Жарық беретін жарықтандыру құрылғыларын жасап сату жұмыстары;
- Монтаждау, дәнекерлеу және электроникалық жұмыстар;
- Өндіріс жүргізу, жөндеу, безендіру мен құрастыру жұмыстары.
- Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету;
- Қоғамдық тамақтандыру;
- Заңда қарастырылған өзге қызметтерді жүзеге асыр.
«Милина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Алматы қаласы бойынша электр тораптарының өндірісін жүргізеді, монтаждау мен жөндеу жұмыстарымен айналысады, сонымен қатар тұрғын-үй өндірісімен айналысады. Ұйымның өндіріс құрал-жабдықтары, бағалы қағаздары, шикізаттары, материалдары, т. б. бар.
Материалдық ресурс ұйымның өндірістік қызметі барысында ерекше орын алады. Материалдық айналым құралдары мен негізгі құрал жабдықтар серіктестің материалдық ресурстарын құрайды.
«Милина» ЖШС-нің құрал-жабдықтарының жалпы саны 1015, жалпы құны 7070 мың теңгені құрайды. Ұйымның құрал-жабдықтарына амортизацияны өндірістік әдіс арқылы есептейміз.
«Милина» ЖШС-нің құрал-жабдықтары
Серіктестіктің табысы бір жыл ішіндегі өз қызметінің нәтижелері бойынша қаржы есебінің негізінде анықталады. «Милина» ЖШС-нің табысы жұмысшыларға еңбек ақы төлеуге, жұмсалған шығындарды жабуға жұмсалады. Табыстың қалған бөлігі ұлғайтуға, резерв жасауға, жарғылық қордың көлемін ұлғайтуға, қатысушыларға пайыз түрінде табыс төлеуге бағытталады.
Негізгі капитал (немесе негізгі қорлар) - өндірісте көп рет қатысатын еңбек құралдары, олар біртіндеп физикалық және моральды түрде тозады (ескіреді) және бөлшектеп (тозу шамасына қарай) өз құнын өндірілген өнімнің құнына (амортизация) қарай ауыстырады.
Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың үш басты көрсеткіштерін бөліп айтуға болады:
1) қорқайтарымы - қорлардың өнімділік деңгейін білдіреді және қор құнының бірлігіне келетін өнім құнымен белгіленеді;
2) қорсыйымдылығы - қорқайтарымға керісінше көрсеткіш, өнім бірлігін шығаруға арналған негізгі қорлардың шығынын сипаттайды;
3) құрал-жабдық жұмысының ауысымдылық коэффициенті - ол кәсіпорында орнатылған жабдықтың әр бірлігінің белгілі бір кезең ішінде орташа есеппен тәулігіне қанша ауысым жұмыс істегенін көрсетеді.
Айналым капиталы (немесе айналым қорлары) - өндірісте бір рет қатысатын еңбек құралдары. Олар толығымен қолданылады және толығымен, бірден өз құнын өндірілген өнімнің құнына ауыстырады. Осылай, айналу қорларының құндары әрбір айналған сайын дайын өнімнің құнымен өтеледі және толығымен тауарларды табысты сату жағдайында кәсіпкерге ақшалай нысанда қайтып оралады.
Мысалы: « Милина» ЖШС кәсіпорынын келтірілген мәліметтердің негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнын, негізгі өндірістік қорлардың амортизациялық аударымдарынының жылдық сомасын, барлық өндірістік негізгі қорлардың амортизациясының орташа мөлшерін, орташа амортизациялық кезеңін жеделдетілген әдіс бойынша есептеймін:
Енгізілгені
теңге
Шешуі:
1. «Милина» ЖШС негізгі қорларының орташа жылдық құнын есептеу.
Формуласы:
(жылдық бастапқы құн+енгізілгені*енгізілген күні-1ай / 12 ай - шығарылуы * шығарылу күні-1ай / 12 ай)
94 000+2500*6/12 - 500*8/12= 94917 4000+100*8/12 - 400*5/12 = 4500
6000+1000*2/12 - 500*4/12 = 6000 2500+200*6/12 - 100*5/12 = 2358, 3
128000+2500/12-3000/12 = 127 958, 3 3750+750*3/12= 3838, 5
( 94917+6000+127958, 3+4500+2358, 3+3838, 5+8500+9250) = 257 521, 6
2. «Милина» ЖШС амортизацияның жылдық сомасын есептеу
Формуласы:(орташа жылдық құн * амортизацияның орташа жылдық мөлшері/100)
94917*2, 8%/100 = 2658 127958, 3*12, 0%/100 = 30710
6000*8, 2%/100 = 492 4500*10, 7%/100 = 482
8500*5, 0%/100 = 425 2558, 3*14, 0%/100= 358, 2
9250*6, 0%/100 = 555 3838, 5*12/100 = 461
(2658+492+425+555+30710+482+358, 2+461) = 36141, 2
3. «Милина» ЖШС о рташа жылдық мөлшерін есептеу:
Формула: ( орташа жылдық құн/амортизацияның жылдық сомасы)
36 141, 2 / 257 521, 6 = 14
4. «Милина» ЖШС о рташа амортизациялық кезеңін есептеу
Формула: ( амортизацияның жылдық сомасы/ орташа жылдық құн)
257 521, 6 / 36 141, 2 = 7 жыл
1. 4 Қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру және еңбекақыЕңбекақы - қаржыландыру көзіне қарамастан, ақшалай немесе заттай түрде еңбекке төленетін ақылардың барлық түрі, сондай-ақ, әр алуан сыйақылар, қосымша төлемдер, үстеме ақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер. Бұлардың қатарына арнаулы заңға сәйкес қызметкерлерге жұмыс істемеген уақыты (жыл сайынғы еңбек демалысы, мерекелік күндер, т. б. ) үшін берілетін ақша сомасы да жатады.
«Милина» ЖШС-нің қызметкерлері мен жұмысшыларына еңбек ақыны есептеу екі әдіс бойынша жүзеге асырылады:
- Әкімшілік басқару құрамына, қызмет көрсету құрамына, қосалқы құрамға еңбек ақынымерзімді еңбек ақыәдісімен есептейміз. Мерзімді еңбек ақы -жұмысшының нақты орындайтын жұмысның мамандық деңгейін ескеріп, дұрыс тарифтік разряд беру және әр жұмысшының нақты атқарған жұмыс уақытын дәл есептеу.
Мерзімді еңбек ақыны төлеу кезінде жұмыскердің еңбек ақысы келесі түрде анықталады:
ЕА - жұмыскердің белгілі бір кезеңдегі еңбек ақысы.
- уақыт бірлігіндегі разрядтың тарифтік мөлшері (теңге/сағат, ай)
- нақты атқарған жұмыс уақыт қоры (күн, сағат)
Мысалы: Ұйымның директорына ЕА есептеу, оның тарифтік разряды - 19,
1 тарифтік разряд - 35422 теңге.
ЕА = 35422 х 3, 67 = 13 теңге
- Өндірістік құрамға еңбек ақыныкесімді еңбек ақыәдісімен есептейміз. Кесімді еңбек ақы -жұмысшының өндірген өнімі (атқарған жұмыс) көлемі мен сапасына байланысты дәл есептеу.
Кесімді еңбек ақыны төлеу кезінде жұмыскердің еңбек ақысы келесі түрде анықталады:
- жұмыскердің кесімді еңбек ақысы.
- өнім бірлігінің кесімді бағамы.
- шығарылған өнім көлемі.
Мысалы: Өндіріс қызметкеріне еңбек ақы есептеу, кесімді жұмысы айына- 1000 дана дайын өнім дайындау. 1 дана дайын өнім бағасы - 55 теңге.
ЕА = 1000 х 55 = 55000 теңге.
Өнімнің өзіндік құны - бұл өндіріске және өткізуге кететін ақшалай түрдегі шығындар.
Калькуляциялау - бұл барлық тауарлық өнімдердің де әрі бір бірліктің де өзіндік құнын есептеу.
Калькуляцияның мына түрлері болуы мүмкін:
• Жоспарлы
• Есеп берушілік (нақты) калькуляция
• Нормативті калькуляция
• Жобалық калькуляция
• Алдын-ала жүргізілетін калькуляция
Калькуляция барысында шығын есебінің объектісін және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау объектісін дұрыс анықтау қажет.
Кәсіпорынның сатып-өткізілген тауарларының (қызметтерінің) өзіндік құны 2016 жылда өткен жылмен салыстырғанда 2000 мың теңгеге жоғарылаған.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесі жаман емес. Серіктестіктің таза табысының мөлшері 2016 жылы өткен жылмен салыстырғанда 126, 4 мың теңгеге.
Өнімнің өзіндік құнына кірмейтін шегерістерге жататын кезеңдік шығыстар өткен жылы 15789, 6 мың теңгені құраса, есепті жылда олар 16477, 6 мың теңге болып, 688, 0 мың теңгеге көбейген. Сөйтіп, кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде 2015 жылы 1206, 96 мың теңге таза табысқа жеткен болса, 2016 жылы ол 126, 4 мың теңгеге көбейіп, 1333, 36 мың теңгені құраған.
Шығын - бірлестіктердің кәсіпорындардың, ұйымдардың өнімді өндіруге (жұмыстарды орындауға‚ қызметтерді көрсетуге), айналысқа жіберуге және өткізуге ақшалай нысанда жұмсаған шығыстарының жиынтығы.
Экономикалық мазмұнына қарай былайша топтастырылады:
- материалдық шығын (қайтарылма қалдықтар шегеріп тасталады)
- еңбекақыға жұмсалатын шығын
- әлеуметтік мұқтаждарға аударым
- тозымпұл (амортизация)
Өндірілген өнімнің босалқы қорлары өзіндік құн бойынша бағаланады. Бұл орайда өнімнің өзіндік құнына кіретін шығын мен есепті кезеңнің шығыны айқындалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz