ЖШС Ботбай кәсіпорынының жетістіктері



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ЖШС Ботбай кәсіпорынының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ...5
0.1 ЖШС Ботбай кәсіпорынының даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 5
0.2 ЖШС Ботбай кәсіпорынының басқарудың ұйымдастыру құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3 ЖШС Ботбай кәсіпорынының жетістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2 ЖШС Ботбай кәсіпорынының қаржылық көрсеткіштеріне жалпы талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.1 ЖШС Ботбай кәсіпорынының қызметін экономикалық-қаржылық талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2 Ұйымның материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз етілуін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.3 Өнімді өткізуге кеткен шығындар жоспарын талдау ... ... ... ... ... ... ... 2 1
2.4 Ұйымның табыстылығын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе

Өндірістік тәжірибе - тұлғаның ақыл-ой дамуының, яғни тұлғаның үйренушілік қасиетін көрсетеді. Өндірістік тәжірибе 28.05.2018 жылдан бастап 29.06.2018 жылға дейін ЖШС Ботбай құрылыс компаниясында өтілді.. Қысқаша құрылыс туралы айтатын болсақ: Құрылыс - материалдық өндіріс саласы; негізінен әр түрлі үйлер мен ғимараттарды салумен, салынып жатқан нысандарды іске қосуға байланысты жабдықтарды монтаждаумен шұғылданады.
Құрылыс қызметі - жаңа объектілерді салу және (немесе) бар объектілерді (үйлерді, ғимараттарды және олардың кешендері, коммуникациялары) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта құру, қалпына келтіру, күрделі жөндеу), солармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау арқылы негізгі құралдарды құру, сондай-ақ аяқталмаған объектілердің құрылысын уақытша тоқтатып қою және өз ресурстарын толықтай пайдаланған объектілерді пайдалану бойынша жұмыстарды жүзеге асыру бойынша қызмет.
Қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Ел басшылығы ол істі табысты жүзеге асырудың мемлекеттің одан әрі экономикалық және саяси дамуын айқындайтынын жақсы түсінеді. Шағын және орта бизнестің дамуының бірден-бір шешу жолы болып оларды қаржылық ресурстармен, яғни, несиемен қамтамасыз ету болып табылады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында кәсіпорындардың күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен кәсіпорынның және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму зандылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдалынады.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін бағаламай кетпеуге болмайды.
Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, кәсіпорын қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін, қатаң сақтаулары керек.
Бірінші бөлімінде, Ботбай ЖШС кәсіпорынның жалпы тарихымен, құрылысымен, басқарудың ұйымдастыру құрылымымен, оның жетістіктерімен таныстым.
Екінші бөлімінде, Ботбай ЖШС кәсіпорынның өнімнің шығу және сатылу динамикасын бағалау, еңбек құралдарын пайдалануды талдау, баланс өтімділігін талдау мен шаруашылық субьектісінің іскерлік белсенділік көрсеткіштерін есептеу және талдау бойынша жұмыстарды орындадым.
Жалпы тәжірибемнің мақсаты - теориялық білімімді бекіту, толықтыру және тереңдету; кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі бойынша нормативтік құжаттармен жұмыс істеу; бухгалтерлік, басқару, салық есебін жүргізу; бухгалтерлік, қаржылық және статистикалық есептілікті құрастыру; экономикалық талдау жүргізуді үйрену болып табылады.

1 ЖШС Ботбай кәсіпорынының жалпы сипаттамасы
1.1 ЖШС Ботбай кәсіпорынының даму тарихы

ЖШС Ботбай компаниясы (2005 жылғы 1 тамызға дейін Құмкөлқұрылыс ААҚ) өзінің қызметін 1987 жылы Құмкөл кенішін игеру және оны еліміздің мұнай құбырымен тасымалдау жүйесіне қосу жұмыстарынан бастады.
Атқаратын қызметінің негізгі бағыттары - магистралды және кәсіпшілік мұнай-газ құбырларын төсеу, мұнай-газ кеніштерін жайластыру, жалпы құрылыс жұмыстары.
Қызмет атқарған жылдар ішінде компания Қызылорда облысындағы Құмкөл, Қоныс, Арысқұм, Майбұлақ, Ақшабұлақ, Ащысай, Қызылқия, Арыс кеніштерін, Маңғыстау облысындағы Комсомол, Өзен кеніштерін, Ақтөбе облысындағы Лақтыбай кенішін және т.б. кеніштерді тәжірибелік-өнеркәсіптік және өнеркәсіптік жайластыру жұмыстарын орындап келді.
ЖШС Ботбай халықаралық құрылыс жобаларының қатысушысы болып табылады, атап айтқанда олар:
* Қазақстандық учаскедегі Азия газ құбыры, әрқайсысы 45 км құрайтын 2 тармақ, Ø1067,
* Кеңқияқ - Құмкөл мұнай құбыры, 111 км Ø32" (813мм),
* Орталық Азия - Орталық газ құбыры, 8,6 км Ø500Ø1420 мм,
* Ақшабұлақ - Қызылорда газ құбыры - 61 км Ø325 мм,
* Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры, 60 км Ø32" (813мм) және басқалар.
Сондай-ақ компания сутартқыштар, қабат қысымын қалыпта ұстау құбырларын, жылу трассаларын салып, технологиялық құбырлар мен жабдықтарды монтаждау жұмыстарын орындайды. Монтаждалатын құбырлардың диаметрі 15 мм-ден 1420 мм-ге дейінгі өлшемді құрайды, қабырғаларының қалыңдығы 36 мм-ден басталады, құбырлардағы жұмыс қысымы 400 атм дейін. Құбырлардың желілік бөліктерін төсеу және ілеспе технологиялық жабдықтарды монтаждау жұмыстарының жалпы көлемі 70-тен 90% дейінгі аралықты құрайды.
ЖШС Ботбай салған объектілерді Қазмұнайгаз АҚ, ҚазТрансГаз АҚ, ҚазСтройСервис МГҚК АҚ, Торғай-Петролеум АҚ, ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз АҚ, СНПС - Ай Дан Мұнай АҚ, Коммұнай ЖШС, Теңіз-Шевройл ЖШС, ҚуатАмлонМұнай БК ЖШС және басқалары пайдалануда.
Бес жыл ішінде орындалған жұмыстардың көлемі 2004 жылғы 2,1 млрд. теңгеден 2009 жылы 6,2 млрд. теңгеге дейін өсті (ҚҚС қоспағанда). Қызметкерлер саны 538 адамнан 780 адамға дейін көбейді. Компанияда ИСО 9001, ИСО 14001, OHSAS 18001 талаптарына сай келетін интегралданған менеджмент жүйесі тиімді қолданылып келеді.

ЖШС Ботбай компаниясы талап етілген сапаны тұрақты түрде қамтамасыз ете отырып, әр түрлі климаттық, геологиялық және географиялық жағдайларда жұмыс атқарады. Құрылыс жұмыстары елді мекендерден шалғай жерлерде -40° С тан +50° С дейінгі температурада жүргізіледі. Компания құрылыс қуаттылықтары мен ілеспе инфрақұрылымды объектілер құрылысының алаңына жылдам орын ауыстыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құрылымға ие.
ЖШС Ботбай жоғары білікті тәжірибелі мамандар жұмыс істейді, көпшілігінің компаниядағы еңбек өтілі он жылдан асады. Олардың қайта даярлау және біліктілігін арттыру шаралары ұдайы жүргізілуде. Өндірістік-техникалық база жоспарлы түрде жаңартылып тұрады, жыл сайын компания Жапония, АҚШ, Ресей, Германия елдерінің жетекші өндірушілерінен 10-20 бірлік арнайы техника мен автокөлік сатып алады. Бүгінгі таңда компания құбыр дәнекерлеу базасында және трассада жартылай автоматты дәнекерлеуге арналған 3 кешенді қоса алғанда, 269 бірліктен арнайы техника мен автокөліктен тұратын автопаркке иелік етеді.
ЖШС Ботбай - Қазақстан Республикасы Президентінің Алтын Сапа сыйлығын иеленуге арналған 2008 және 2009 жылдары өткен конкурстардың қатысушысы. Компанияның еншісінде Алтын сапа сертификаты, Ұлттық экономиканың көшбасшысы Құрмет белгісі, Хрусталь пи-рамида қазақстандық құрылыс сыйлығы, Қазақстанның үздік салық төлемгері-2007 атағы және көптеген басқа наградалар бар.
Кәсіби жетістіктерімізбен қатар құрылыс-құрастыру трестері, құрылыс материал зауыттары, көлік орындары қалыптасып, өркендеп өсті.
Біздің компания нарықтық экономика және өзгертілген инвестициялық саясат мерзімінде де құрамын сақтап, жетістіктен жетістікке жетіп келеді.Өндірістегі табыстар Алматықұрылысқа қоғамдық жұмыстарға қатынасып, қайырымдылық шараларды зор ықыласпен өткізүге мүмкіншілік беріп отыр.
Өткен 50 жылда компания жобалаумен қатар сәулетті-құрылыс ғимараттарын пайдалануға беруде үлкен тәжірибелерге ие болды.

1.2 ЖШС Ботбай кәсіпорынының басқарудың ұйымдастыру құрылымы

Басқару құрылымы - бұл ұйымның буындары мен жекелеген қызметкерлерінің жиынтығы, олардың тігінен және көлденеңінен байланысу және бағыну тәртібі. Басқарудың ұйымдық құрылымы көптеген сапалық қасиеттермен сипатталады, сондықтан да құрылымды қалыптастырған кезде оған әсер ететін факторларды талдауды талаптармен, сәйкес қағидалармен дұрыс үйлестіру қажет.
Жұмысты ұйымдастыру - бұл олардың дәрежесіне қарамастан барлық басшылар жүзеге асыруы тиіс қызмет. Алайда бұл тұжырымдаманың мағынасы еңбекті көлденеңінен және тігінен бөлу үшін құқықтар мен міндеттерді табыстау болып табылса да, ұйымның құрылымы туралы шешімді әрқашан жоғары деңгейдегі басшы қабылдайды. Ең жақсы құрылым - бұл сыртқы ортамен тиімді әрекеттесуге, өз қызметшілерінің күштерін өнімді әрі лайықты түрде бөлу және бағыттау, сөйтіп, клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру және өз мақсаттарына жоғары тиімділікпен жету үшін барынша жақсы мүмкіндік беретін құрылым.
Ботбай ЖШС-нің дербес атқарушы органы болып оның директоры табылады. Серіктестік директор лауазымына Қатысушымен тағайындалады. Ал атқарушы органының қаржы шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыру үшін тексеру комиссиясы құрылады. Ол 5 адамнан аспайтын құрамда құрылады. Өз шешімдерін Тексеру комиссиясы хаттамалар (шешімдер) түрінде жазбаша рәсімдейді.
Бас инженер ұйымның бірінші басшысының жалпы басшылығымен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара байланыс жасай отырып өзінің міндеттерін орындайды. Өз құзыреті шеңберінде әрекет етуге, ұтқырлыққа және табыстылыққа қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымның техникалық саясатын және нарықтық экономика жағдайында техникалық дамуының бағыттарын, қолданылып жүрген өндірісті қайта жабдықтау және техникалық қайта жарақтандыру жолдарын, өндірістің мамандану және перспективаға түрлендіру деңгейін анықтайды. Тиісті өндірістік құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) қызметтерінің тиімділігін қамтамасыз етеді және әкімшілік мәселелерді шешеді олардың жұмыс нәтижесін, еңбек және өндірістік тәртіпті қамтамасыз етеді.
Бас конструктор ұйымның бірінші басшысының жалпы басшылығымен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара байланыс жасай отырып өзінің міндеттерін орындайды. Өз құзыреті шегінде тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) ұйымды ғылыми-техникалық дамыту, бейінді бөлімшенің жұмысына бағыт сілтеу және үйлестіру бойынша қызметіне басшылықты жүзеге асырады, оның қызметінің нәтижесін қамтамасыз етеді, әкімшілік мәселелерді шешеді.
Басқарудың жоғары органы
Жалғыз қатысушы

Басқару органы
Ботбай ЖШС қадағалау кеңесі

Атқарушы орган
Ботбай ЖШС басқармасы

Ағымдағы кәсіпорын басшылығы
Бас директор,
Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары - бас инженер,
Бас директордың дамыту және жаңғырту жөніндегі орынбасары,
Бас директордың корпоративтік орталық жөніндегі орынбасары,
Бас директордың маркетинг жөніндегі орынбасары

Негізгі өндіріс
Технологиялық бөлімше
Тауар-шикізат өндірісі
Шығарылатын өнімнің сапасын бақылау
* Техникалық бөлім
* Орталық зауыт зертханасы
Еңбек және қоршаған ортаны қорғауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен ТЖ жоюды қамтамасыз ететін бөлімшелер
* Қауіпсіздік және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау бөлімі
* Азаматтық қорғау бөлімі
Кәсіпорынның күзетін қамтамасыз ететін бөлімшелер
* Корпоративтік қауіпсіздік бөлімі
* Өткізу және объектішілік тәртіптерді бақылау цехы
Негізгі өндіріске қызмет көрсететін бөлімшелер
* Өндірістік бөлім
* Бас механик бөлімі
* Бас энергетик бөлімі
* Бас метролог бөлімі
* Күрделі құрылыс бөлімі
* Сумен жабдықтау және кәріз цехы
Бөлімдер
* Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі
* Бухгалтерия
* Бюджеттік және салықтық жоспарлау бөлімі
* Қазынашылық бөлім
* Жаңғыртуды қаржыландыру бөлімі
* Персоналды басқару, еңбекақы төлеу және біріктірілген жүйелер бөлімі
* Сатып алулар және мониторинг бөлімі
* Өндірістік-техникалық қамтамасыз ету бөлімі
* Бағаларды сараптау бөлімі
* Ақпараттық технологиялар бөлімі
* Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
* Кеңсе
* Әкімшілік бөлім
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық басшы ұйымда еңбекті қорғаудың басқару жүйесінің әзірленуін және қызмет етуін қамтамасыз етеді. Ұйымның барлық бөлімшелерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жұмысын ұйымдастырудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз етеді және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады.
Бас технолог ұйымның бірінші басшысының және оның орынбасарларының жалпы басшылығымен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің өзара байланыста өз міндеттерін орындайды. Өз құзыреті шегінде тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) бөлімше жұмысын бағыттау және үйлестіру жөніндегі қызметіне басшылықты жүзеге асырады, әкімшілік мәселелерді шешеді.
Бас энергетик ұйымның бірінші басшысының және оның орынбасарларының жалпы басшылығымен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің өзара байланыста өз міндеттерін орындайды. Өз құзыреті шегінде тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) бөлімше жұмысын бағыттау және үйлестіру жөніндегі қызметіне басшылықты жүзеге асырады, әкімшілік мәселелерді шешеді. Энергетикалық және табиғатты қорғау құрал-жабдықтары мен энергия жүйелерін техникалық жағынан дұрыс пайдалануды және уақтылы жөндеуді, өндірісті электр энергиясымен, бумен, газбен, сумен және энергияның басқа да түрлерімен үздіксіз қамтамасыз етуді, кәсіпорындағы энергетика ресурстарының тиімді жұмсалуын бақылауды, үнемдеу режимі кезектілігінің сақталуын ұйымдастырады.
Бас бухгалтер ұйымның бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын, оның теңгеріміндегі ұйым мүлкінің сақталуын ұйымдастырады. Есептік-экономикалық бөлімшелердің (қызметтердің) қызметін қамтамасыз етеді және оған басшылықты жүзеге асырады. Қаржы-экономикалық қызметті қалыптастыру және реттеу жөніндегі бөлімшенің жұмысын бағыттайды және үйлестіреді, өз құзыреті шеңберінде әкімшілік мәселелерді шешеді, ұйымның бірінші басшысының жалпы басшылығымен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара қызмет ете отырып өз міндеттерін атқарады.

1.3 ЖШС Ботбай кәсіпорынының жетістіктері

Ботбай құрылыс компаниясының еңбегі Қазақстандағы 2016 жылдың №1 құрылыс компаниясы марапатымен еленді. Марапатты салтанатты түрде табыс етумен бірге жеңімпаздың атына мерейтоймен құттықтаулар да айтылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің құрдасы Ботбай биыл өзінің 25 жылдығын атап өтті. Осы жылдар ішінде компания 8 000 000 м2-ден астам түрлі мақсаттағы ғимараттар салды. Олар - тұрғын үй және әкімшілік кешендері, қонақүйлер, сауда-ойын-сауық орталықтары, білім беру және денсаулық сақтау нысандары, жүздеген шақырым жолдар.
Бүкіл ел үшін мерейтой жылы Ботбай Универсиаданың басты нысаны - Almaty Arena мұз сарайы, Ұлттық хореография академиясы, Қорғас-Шығыс қақпалары еркін экономикалық аймағы секілді тұтас еліміз үшін ауқымды және маңызды құрылыс нысандарын аяқтады, ЕХРО 2017 бірнеше павильондары мен көрмеге қатысушыларға арналған тұрғын үй кешені құрылысын аяқтауда.
Екінші жүлде де шаппай берілді. Ботбай компаниясы Алматыда салған Royal Gardens тұрғын үй кешені-курорты 2016 жылдың №1 премиум-класс тұрғын үй кешені номинациясы бойынша ең үздік атанды. Мұндай жоғары марапат Royal Gardens-ке қазақстандықтарға ұсынылған курорттағыдай өмір секілді өмір сүрудің түбегейлі жаңа идеясы үшін табыс етілді.
Компанияның тұрғын үй кешендерінде өмір сүрудің жаңа бірегей тұжырымдамаларын жасау мен дамыту идеясы 2017 жылы да жалғасады. Ботбай компаниялар тобы бірнеше жаңа жобалардың құрылысын бастайды және қазақстандықтардың сенімі мен қолдауын ақтауды жалғастыра береді.
Құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен компанияның бірінші басшылары ғана емес, сондай-ақ әкімшіліктің, Қазақстан құрылысшылар Ассоциациясының, "НұрОтан" ХДП-ның, Министрліктер мен ведомстволардың өкілдері де құттықтады. Мерекеде "Қазақстанның Құрметті құрылысшысы" және "Қазақстанның Құрметті сәулетшісі" сияқты жоғары атақтарға ие болған қызметкерлердің де аттары аталды, әріптестердің еңбектегі жетістіктері қажырлы еңбегі үшін медальдарымен, алтын және күміс грамоталармен, алғыс хаттармен аталып өтілді және "Өз мамандығының үздігі" байқауының қорытындысы шығарылды.
Ботбай Холдингтік компаниясының Басшысы Александр Якубович Белович қызметкерлерді мерекелерімен құттықтай келе, өткен жылды қысқаша қорытындылады және келешектегі жоспарлар туралы айтып өтті. Бірінші басшы Ботбай компаниясының қол жеткізген табыстары мен жетістіктері - кез-келген тапсырманы ойдағыдай атқарып келе жатқан осы компанияның қызметкерлерінің еңбегінің жемісі екенін атап өтті. Александр Якубович қызметкерлерге қажырлы да, аянбай атқарып жатқан еңбектері үшін шын жүректен алғысын білдірді.
Адамдардың өмір сүру сапасы, әр қаланың, аймақтың және тұтастай алғанда еліміздің экономикасының қарыштап дамуы құрылысшыларға да байланысты. Сондықтан құрылысшыларға мемлекеттік деңгейде де ерешке көңіл бөлініп келеді. Екінші жүлде де шаппай берілді. Ботбай компаниясы Алматыда салған Royal Gardens тұрғын үй кешені-курорты 2016 жылдың №1 премиум-класс тұрғын үй кешені номинациясы бойынша ең үздік атанды. Мұндай жоғары марапат Royal Gardens-ке қазақстандықтарға ұсынылған курорттағыдай өмір секілді өмір сүрудің түбегейлі жаңа идеясы үшін табыс етілді. Бұрынғы КСРО елдерінде, оның ішінде Қазақстанда Құрылысшылар күні 50 жыл бойы тойланып келеді. Кәсіби мерекенің құрметіне Ботбай компаниясында қызметкерлерді ұзақ жылдар бойғы қажырлы еңбектері үшін медальдармен, грамоталармен марапаттады және оларға құрметті атақтар берілді.
Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы атағын алғандар:
1. Жеңіс Нұрбосынұлы Нұғыманов, Ботбай құрылыс компаниясының президенті.
2. Павел Васильевич Боков, Алматы қаласындағы Мирный ТК (тұрғын үй кешені) құрылысының бастығы.
3. Қасқырбек Қосатбекұлы Парманов, Астана қаласындағы құрылыс-монтаж басқармасының бастығы.
4. Михаил Романович Ярлов, ЕХРО-2017 нысанының атқарушы директоры.
5. Тоқтасын Төстембайұлы Иманқұлов, Алматы.
2015 жылғы 24 сәуірде қаза тапқан. Біздің әріптесімізге қайтыс болғаннан кейін "Қазақстанның Құрметті құрылысшысы" атағы берілді. Ол біздің компанияда 2008 жылдан бастап бесінші разрядты ағаш ұстасы болып жұмыс істеді.
Қазақстан Республикасының Құрметті сәулетшісі атағын алғандар:
1. Маргарита Васильевна Бойко, Ботбай жобалау институтының есептеу-конструкторлық бөлімінің бас маманы.
2. Геннадий Владимирович Корнишин, Ботбай жобалау институтыны сәулет бөлімінің бастығы қызметін атқарады.
Бұдан өзге, біздің компанияның 95 қызметкері ведомстволық марапаттарға, Қазақстан құрылысшылар Ассоциациясының, "НұрОтан" ХДП-ның Есіл филиалының, ҚР ұлттық экономика Министрлігінің жер ресурстары Басқармасының Құрмет Грамоталары мен Алғыс хаттарына ие болды.
Біздің әріптестерімізге Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Масимовтың атынан жолданған Алғыс хаттарды ҚР құрылыс саласындағы Ұлттық ассоциациясының Президенті Адельша Магрупұлы Ермұханов табыс етті. Бұл құрметті марапатқа Ботбай Құрылыс компаниясының №2 СМУ сылақшысы Қияқбай Шайкамалұлы Дауытбаев пен "Ботбай Құрылыс компаниясының №2 СМУ аға прорабы Татьяна Николаевна Киктевалар лайық деп танылды.
Шілде айында біздің компанияға қарасты құрылыс жүріп жатқан нысандарда "Өз мамандығының үздігі" байқауы жарияланып, оған Алматы және Астана қалаларынан 130-ға жуық адам қатысты. Сайыс тас қалаушылар, арматурашылар, бетоншылар, үйдің төбесін жабушылар, сылақшы-майлаушылар арасында өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынға-15 адам, екінші орынға - 14 адам, үшінші орынға - 15 адам ие болды. Дипломдар мен марапаттаулар Құрылысшылар күнінде табыс етілді.

2 ЖШС Ботбай қаржылық көрсеткіштеріне жалпы талдау
2.1 ЖШС Ботбай қызметін экономикалық-қаржылық талдау

Кәсіпорынның қаржылық жағдайына жүргізілген талдау - кәсіпорын басшылығы осы уақыт аралығында қаржы ресурстарын қаншалықты ұтымды басқарған деген сұраққа жауап беруі тиіс. Осыған орай кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың негізгі міндеттері келесілер:
* кәсіпорынның қаржылық жағдайына уақытында әрі объективті баға беру, оның әлсіз жақтарын анықтау және оның пайда болу себептерін оқу;
* кәсіпорынның қаржылық жағдайын, оның төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын жоғарылату резервтерін іздестіру;
* қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану мен кәсіпорынның қаржылық жағдайын нығайтуға бағытталған шаралар жүйесін дайындау;
* қаржы ресурстарын түрліше пайдалану нұсқаларындағы қаржылық нәтиже мен қаржылық жағдайдың үлгілерін жобалау.
ЖШС Ботбай қаржылық есепті құрастырады және ҚР-ң заңдылықтарының талаптарына сәйкес қызметке талдау жүргізеді.
ЖШС Ботбай кәсіпорынының қаржылық есебі келесілерден құралады:
бухгалтерлік баланс;
пайда мен зиян туралы есеп:
ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
қаржылық есептің ажыратылмайтын бөлігі болып табылатын басқа есептер және түсіндірме материалдар.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның динамикасын талдауы кәсіпорынның болашағына қажетті әсер етеді. Бухгалтерлік есеп балансы, ол бір жағынан обьективті талдауды қамтамасыз етеді, ал екінші жағынан - аналитикалық есепті жүргізуді қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік баланс - активтер мен пассивтердің тепе-теңдігі.
Баланс активтері - бұл кәсіпорынға үздіксіз пайда әкелетін кәсіпорынның кірістері.
Пассивтер - белгілі бір мерзім аралығында уақытша пайдалануға берілген сыртқы орта қаржысы және мерзім аяқталғаннан кейін қайтарылатын кәсіпорынның шығыстары.

ЖШС Ботбай кәсіпорынының қаржы экономикалық көрсеткіштерін талдау. Бухгалтерлік баланс

Негізгі көрсеткіштер
Жыл соңы
Жыл басы
Ауытқулар
1
Ақшалай қаражаттар
93 303
94 117
+814
2

Пайда мен залал арқылы әділ құн бойынша есептелетін қаржылық
активтер
684 879
610 014
+74 765
3

Қысқа мерзімді саудалық және өзге дебиторлық берешек

35 437

31 925
+3 512
4
Қорлар
1 312
1354
-42
5
Негізгі құралдар
3 761
2 887
+914
6

Материалды емес активтер
352
872
-520
7
Активтер жиыны
819 133
776 667
-117 526
8
Міндеттемелер
1061
1219
-182
9
Акционерлік капитал
700 000
300 000
+400 000
10
Эмиссиялық табыс
16 536
7 822
+9 454
11
Меншігіне сатып алынған меншікті үлестік аспаптар
50 860
51 912
-1 148
12
Резервтер
17 523
16 274
+1 251
13
Капитал жиыны
810 950
797 789
+13 151

2016 жылдың соңында ЖШС Ботбай кәсіпорынының активтері жыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қысқа мерзімді инвестициялардың құндарының төмендеуі
«Barakat invest» ЖШС-нің экономикалық-қаржылық жағдайы
Қызмет көрсету саласындағы маркетинг
Кәсіпорынның ақшалай қаражаттармен болатын операцияларының есебі
Кәсіпорынның микроортасына талдау
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында бухгалтерлік есепті жүргізудің теориялық аспектілері
Керамин - Астана ЖШС серіктестері
ЖШС Инкассация сервис туралы
Ауаның ластануын талдау әдістері
Есеп саясатын аудиттеу
Пәндер