Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады.Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық теория экономикалық өсу категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді. Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан:өндіріс құрылымдары мен тұтыну құралдарынан тұрады.Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстентивті типіне немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типіне негізделе дамиды.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің эксентивті типінде өнім шығаруды екі есеге ерттыру үшін,жұмыскер саны және өндірістік қорлары екі есе ұлғаюы қажет.Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады.Практикада бұл ұлғаймалы өндірістің типтерін белгілі арақатынаста немесе бірін-бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз. Қазіргі жағдайда, ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификациялануының негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өнімділігін өсуі,ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады,осы мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады.Алайда рыноктық механизмнің сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзі жеткіліксіз.
Сұранымның қалыпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстесивті типін алатын болсақ,мұнда ерекше қиындық туа қоймайды.Экономиканың жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін: қоғам қай уақытта экстенсивті өсудің щектеулі кедергілерімен жолыққаша.Ондай кедергілерге табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз.
Бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген,қолайлы емес пайдалы қазбаларды қосу есебінен жабылады және бұл ресурстарды қымбаттатады.Өңделген кезінде ресурстар құнының бірлігі нәтижесінде түпкі өнімнің өсуін өте аз береді.Оның тиімділігінің төмендегенінде экономикадағы пропорционалдық өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды.
1.Экономикалық өсудің теориялары
Өндіріс қарқынын жеделдетуге қол жеткізу үшін,Батыс елдерінің әртүрлі өкілдері экономикалық өсудің моделі мен формулаларын жасап,алдағы уақытқа болжау құрады. Өсу формуласының негізінде кейнстің мультипликатор теориясы жатыр. Ол кейінірек акселерация теориясымен толықтырылады. Мультипликатор - көбейткіш,ал акселератор - бұл дайын өнім сұранымының өсушілігіне деген интенсивті өсушілік коэффициенті. Мультипликатор ұғымын ағылшын экономисті Кан 1931ж ендірген, кейінірек Дж.М.Кейнс өзінің Жұмыспен қамту,өсім және ақшаның жалпы теориясы (1936) кітабында дамытты. Бұл ұғымды А.Хансен, Р.Харрод, Дж.Хикс, П.Самуэльсон, Н.Калдор өз еңбектерінде қарастырған.Мультипликатор қолда бар күрделі қаржының өсуі кезіндегі ұлттық табыстың қанша есеге өсетіндігін көрсетеді.Мысалы,жаңа жолды салуға күрделі қаржы 5млн.долл. тең делік және орташа табыс жылына 1000 долл. болатын алғашқы кезде 1000 адамды жұмысқа тартады.Бірақ жолды салуға белгілі көлемде ірі жабдықтар мен материалдар қажет және оларды өндіруге жұмыс атқаратын 1200 адам керек болды.Жұмысты атқаратындардың өсуі тұтыну заттарына сұранымды өсіре түседі.Сөйтіп келесі кезекте олардың өндірісінің ұлғаюына алып келеді және 800 адамды қосымша жұмысқа тартады.Демек,инвестициямен тікелей байланысты 1000 жұмысшыны жалдау нәтижесінде,жұмысты атқаратындардың түпкі жиынтығын 3000 адам жалпы 15 млн. долл. табыспен құрайды немесе алғашқыдан 3есе көп деген сөз.Бұл жағдайда мультипликатор 3-ке тең. Акселератордың іс-әрекеті мультипликатормен байланысты: мультипликатор инвестицияның көбеюімен ұлттық табыстың өсуін қарастырады;акселератор - ұлттық табыстың өсуі инвестицияның өсуіне алып келеді.Кезегінде бұл барлық жүйені қозғалысқа алып келеді. Экономикалық өсудің біртекті, бір бағытта іс-әрекет жасайтын мультипликациондық процесі пайда болады.Акселерация принципін алғашқы рет 1913-ші жылы француз экономисті А.Афтальон (1874-1956) және 1919 жылы американ экономисті Дж.М.Кларк ұсынған.Мультипликациондық эффекті масштабын болжау үшін Дж.Кейнс ендірген тәуелділіктің мәні зор: тұтыну шығындары мөлшері мен осы деңгейдегі табыс - орташа тұтыну бейімділік-арасындағы тәуелділік. Орташа тұтынуға бейімділікті экономикалық ғылымда психологиялық фактор ретінде түсіндіреді, себебі адамның тұтыну тауарларын сатып алу ниетін көрсетеді: Тұтынуға бейімділік дегеніміз ұлттық табыстың тұтыну бөлігінің (С) барлық ұлттық табысқа қатынасы (Ү).

2.Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері
Экономикалық өсу экономиканың бір қалыпты алға қозғалысын және оның әлеуметтік-экономикалық прогресін көрсетеді.Мұндай прогрестің жалпы критериі өндіргіш күштердің даму деңгейі болып табылады. Кез келген басқа сияқты,экономикалық прогрестің қозғаушы күші қайшылық болмақ. Өндіріс пен тұтыныс арасындағы қайшылық жалпы негізгі және қозғаушы күш болып табылады. Тұтыныстар өндірісті ынталандырады,осылай қайталана береді. Бұл қайшылық - оның қоғамдық түріне тәуелсіз ең жалпылама және өндіріс дамуының табиғи негізі.Кез келген қоғамда тұтынысты дәріптеу экономикалық заңы бар.Жыл сайын тұрғындардың саны өседі және олардың тұтыныстары да өсіп отырады. Олардың тұтыныстарын қанағаттандыру үшін экономика материалдық және рухани игіліктерді қамтамасыз етуі қажет. Осыдан байқалатындығы, мүмкінділігіне қарай оның өміршеңдігі анықталады. Ескеретін жай, қоғам ресурстары шексіз емес, сондықтан экономикалық өсудің интенсивті типі қолайлылау.Себебі материалдық игіліктер мен қызмет көрсетудің артуына ғылыми-техникалық жетістіктердің негізінде, еңбек өнімділігінің өсуі есебінен қол жеткізіледі. Әрине,бұл барлық өндіріс факторларын тиімді қолданудың нәтижесінде ғана жүзеге асады.
Экономикалық өсудің қазіргі типінің өзіндік ерекшелігі бар.Ол мынамен байланыстырылады:оның артта қалуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық жүйе қатынастарын қалыптастыру
Экономикалық өсу және макроэкономикалық тепе- теңдік теориялары
Экономикалық өсудің теориялары
Экономикалық өсу типтері мен факторлары
Экономикалық өсудің типтері мен факторлары
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖӘНЕ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ - ТЕНДІК ТЕОРИЯЛАРЫ ТУРАЛЫ
Экономикалық өсу, оның типтері және факторлары
Экономикалық өсудің теориялық және әдістемелік негіздері
Экономикалық өсу - экономикалық дамудың маңызды көрсеткіші
Экономикалық өсудің типтері, тиімділігі мен сапасы
Пәндер