Салааралық баланс модельдерінің түрлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Мақсаты: Леонтьевтің салааралық шығын – шығару баланс моделі арқылы
еңбек нарығындағы Сұлтан ЭММК АҚ мен Наурыз 2030 жылыжайының өнім
өндіру мен шығын шығару арасындағы салыстырмалы жүйесін қарастыру.
Міндеттері:
1. Салааралық баланс модельдерінің түрлері мен негіздерін анықтау.
2. В.Леонтьевтің шығын - шығару моделін пайдалану арқылы Сұлтан ЭММК
АҚ мен Наурыз 2030 жылыжайының өнімдеріне есептеулер жүргізу.
Болжам: Белгілі бір өнімнің коэффициенттері және өнім өндіруге қатысты
нақты салалардың коэффициенттері арқылы математикалық моделін құрастыру
болып есептелінеді.
Еңбек балансының математикалық моделінің құрылымын ғылыми зерттеудің,
негізгі ұлттық экономиканың салалар бойынша еңбек шығынының негізін дәл
тура бейнелеу болып табылады.
Зерттеу әдістері: Экономика, статистика және математика ғылымдарының
қиылысындағы бірнеше пәндерді жүйелі түрде зерттеу - негізгі әдіс болып
табылады.
Жаңашылдығы: Экономикалық - математикалық модельдеумен байланысқан.
Сызықтық алгебрада шығымды матрицалар тобының пайда болуымен салааралық
баланс модельдерін зерттеу болып табылады.
Өнім өндірудің негізгі әдістемелік құралы болып, баланстық құрылым
жүйесі саналады. Оның ішінде: еңбек шығынының балансы және еңбек орындары
балансы кіреді.
Нәтижесі: Күнделікті өмірдегі шығаратын есептердің қолданбалылығы –
алдын ала болжау, нарық құрылымын зерттеу және жұмыспен қамтамасыз ету
мәселесі. Тиянақты осы сұрақтарды шешу үшін салааралық шығын - шығару
баланс моделі пайдаланылады.
Қолдану аясы: Мектеп курсындағы математика сабағында есептерді
шығаруға, шаруашылық – кәсіптік мамандықтарға арналған колледждер мен
лицейлерде пайдалануға болады.
Қазіргі таңдағы математиканың басқа ғылымдарға терең енуі, көбіне – көп
бұл үрдістің математиканың жекеленген аймақтарға бөліну нәтижесінде болып
отыр. Математика тілінің әмбебап болуы, біздің қоршаған ортаның шынайы
көрінісінің бейнеленуі.
Бүгінгі күнде экономикалық ғылымдар арасында алғы шепке математикалық
модельдеу шығып отыр. Компьютерлік модельдеудің негізі, ақпараттық өңдеудің
негізі болып, математикалық құрылым саналады. Бұл жай емес, себебі
математикалық теория қорытындыларында математика элементтері көптен бері
пайдаланылып келеді. Математикалық модельдің экономикада тереңдетілген
түрін белгілеу үшін экономикалық модельдеу атауын пайдалануда.
Өзекті экономикалық қиыншылықтарды тұрақты шешу үшін математикалық
жабдықты дағдыландырады және дамытады. Мысалы, сызықтың алгебрадағы өнімді
матрицалар тобының пайда болуы салааралық байланыс моделінің алдын ала
зерттеулерімен байланысқан. Сонымен қатар макроэкономикада аймақтар мен
елдердің экономикалық әрекетінде жоспарлау және сараптау деңгейінде
математикалық әдістерді және модельдерді айырмалардың нарықтық даму
жағдайындағы өзектілігін ерекшелейді.
Әлемдік экономиканың және жаңа қоғамның қалыптасуы жағдайында
ақпараттық қоғамның жаһандану жағдайында бүгінгі таңда математикалық
модельдеу біздің ғаламшарда өркениеттің даму болашағының қуатты сайманына
айналып, адамның өмір сүру әрекетінің қамтамасыз ету бағытында оңтайлы
экономикалық жолын анықтауға көмектеседі. Бүгінгі таңдағы экономика тек
қана ұтымды басқару жағдайында байланысқан макро және микро деңгейде түзу
сызылған және кері қайтарылған, тігінен және көлденеңінен байланысқан ашық
жүйені көрсетеді.
Осы жағдайда ұтымды және жоғарғы тиімді салааралық құрылымды құру
барлық елдер үшін өте маңызды. В. Леонтьевтің құрастырған салааралық баланс
ұғымы болжаудың басты құралы болып табылады.
Математикалық құралды экономикада кеңінен пайдалану математикалық
базалық білім мен қарулануға негізделеді.
Салааралық баланс моделі дамудың барлық үрдісін қамтиды, оған
өндірісті қоса есептегенде айырбастау мен тұтынуда, таратуда, ұлттық
өнімнің нақты және негізгі құнының формасын бейнелейді.
Салааралық баланс моделі макроэкономиканың бөліктері мен секторында,
ұлттық өнімнің негізгі шаруашылықты материалдық ағымда импорттық және
экспорттық байланыс көлемінің негізгі көрсеткіші болып табылады.
Бұл салааралық баланс моделін макроэкономикалық тепе-теңдікті
сараптауға пайдалануға мүмкіндік береді.
Салааралық баланс моделі нарықтық үдерістің нақты көрінісін көрсетеді,
сондықтан мұнда барлық жағдай теңестірілген, бірақ В.Леонтьевтің бұл
моделінде макроэкономикада нарықтық үрдістің қайталануы көрсетілмегенін
айтып кеткен жөн.
В. Леонтьевтің шығын шығару деп аталған моделі кейбір салаларда екі
жақты көрсетілуі нақты өнім жиынтығы және сатып алушылар, басқа салалардан
ұсынылған материалдық жағдай мен қызмет көрсету жағдайынының нақты
жиынтығына байланысты. Бұл Леонтьев моделінің ұлттық есептеу жүйесімен
байланысын көрсетеді.

І. Салааралық баланс модельдерінің түрлері
1.1 Экономика-математикалық модельдер: негізі және түрлері
Экономико-математикалық модель деп - түсінікпен жалпы түрде модельді
осы шақта тереңірек зерттеуге істелетін нақ объектінің (процесінің) шартты
кейінгі деп анықтауға болады. Модель жасау немесе пайдалану негізделген
зерттеу әдісі модельдеу деп аталады. Модельдеудің қажеттілігі нақ объектін
зерттеу қиындығы ал кейде тіпті мүмкін еместігінен туындайды. Нақ
объектілердің кіші кейпін ол дегеніміз модель жасау немесе зерттеу әлде
қайда жетілдірек. Бірдеңе туралы теориялық білім, әдеттегіде әр түрлі
модельдердің жиынтығы болып табылады. Бұл модельдер нақ объектінің маңызды
қасиеттерін көрсетеді, бірақ шыңдықта бұл объектілердегі процесстер
мазмұнды және бай. [3]
Модельденген объект пен модель арасындағы ұқсастық объект пен модельдің
құрылымында ұқсастық болып табылады. Белгілі бір жерден объект пен модель
ұқсас функция жасағанда функционалды ұқсастық байқалады. Объект пен
модельдің кезектесіп өзгеріп жатқан жағдайлары байқалғанда динамикалық
ұқсастық объект пен модельдің мүмкіншілдік ұқсастығы, ал геометриялық
ұқсастық объект пен модельдің кеңістіктің мінездемелері ұқсас болғанда
болады.
Бүгінде модельдердің ортақ бір жіктелуі жоқ. Бірақ көп модельдердің
ішінен сөздік, графикалық, физикалық, экономико-математикалық және басқа
түрлерін бөлуге болады. [6]
Сөздік немесе монографиялық объект құбылысы процестерді сөзбен сипаттау
болып табылады. Оның жиі анықтама, ереже, теорема, заңдылық немесе олардың
жиынтығы түрінде берілуі. [15]
Графикалық модель сурет, географиялық карта және сызба түрінде
жасалады. Мысалы сұраныс пен баға арасындағы өзара байланыс, ордината
осінде сұраныс, ал абцисса осінде баға график түрінде көрсетіле алады. Бұл
қисық сызықтан біз баға өскенде сұраныстың азаятынын, ал баға төмендегенде
сұраныстың көбейетіндігін көреміз, бірақ график түрінде ол көрнекілірек

D
Сурет 1. Баға мен сұраныс арасындағы
өзара байланысты көрсететін графикалық
модель .

P
Физикалық немесе заттық модельдер әзірше нақ объектілерді құрастыруға
жасалады. Аэродинамикалық қасиеттерін тексеру үшін ұшақ немесе планетаның
моделін жасау осы қасиеттерді нақ объектілерде тексеруден оңай және
экономикалық тұрғыда дұрысырақ.[18]
Экономико-математикалық модельден нақ объектінің немесе процесстің оң
маңызды қасиеттерін теңдеу жүйесі арқылы көрсетеді.
Тағы да, экономико-математикаық модельдердің ортақ жіктелуі жоқ
екенін айту керек, жіктелудің оннан астам негізгі белгілерін бөледі.
Кейбіреулeрін қарастырайық.[7]
1. Жалпы мақсаттың тағайындалуы бойынша
- теоретико-сараптаулық (экономикалық процесстердің қасиеттері мен
заңдылықтарын зерттегенде пайдаланады.)
- қолданыстық (жеке экономикалық мақсатты шешкенде пайдаланады)
2. Объекттің дәрежесі бойынша (жасау және пайдалану мақсаты бойынша)
- макроэкономикалық (экономиканың бір түрде барын көрсетеді)
- микроэкономикалық (әдетте кәсіпорын немесе фирма сияқты буындарынмен
байланысты модельдер)
3. Жеке тағайындалуы бойынша (жасау және пайдалану мақсаты бойынша)
- баланстың модельдер (ресурстың болуы мен олардың болуының сәйкестігін
міндет етеді)
- трендтік модельдер (мұнда модельденген экономикалық жүйе оның негізгі
көрсеткіштерінің үйренді (ұзын қарқын) арқылы көрсетіледі)
- оптимизациялық (өндіру, орналастыру тұтынудың әр түрлі нұсқаларының
ішінен ең жақсысын таңдау үшін арналған)
- имитациялық (зерттеліп жатқан жүйе немесе процестерін машиналық
имитациялық кезінде пайдалануға арналған)
4. Ақпараттың түрі бойынша
- сараптамалық (ақпарат негізінде құрастырылған)
- идентификациялағандар(аостериорды ақпарат негізінде құрастырылған)
5. Уақыт факторының ескерілуі жағынан:
- ататикалық (мұнда барлық өзара бағыныштықтар бір уақытқа тірелген)
- динамикалық (қозғалыстағы экономикалық жүйелерді сипаттайды)
6. Белгісіз факторларды ескеруі бойынша
- детерминирланған (егер ондағы шығу нәтижелері бір тұрғыда басқару
әсерлерімен анықталса)
- стохастикалық (егер кірісте берілген белгілі бір көрсеткіш жиынтығы
бар модельдер шыққанда кездейсоқ фактор әсеріне байланысты әр түрлі
нәтижелер болуы мүмкін)
7. Модельде пайдаланатын математикалық құрылғының түрі бойынша
- математикалық модельдер;
- сызықты немесе сызықты емес программалық модельдер;
- порреляция-регрессиялық модельдер;
- бұқаралық қызмет көрсету теориясы модельдері;
- толық жоспарлау және басқару модельдері;
- ойын теориясы және т.б. модельдер
8. Зерттеліп жатқан әлеуметтік-экономикалық жүйелерді қарастырудың түрі
бойынша
- дискринтивті (іс жүзінде байқалатын көріністерді сипаттауға,
түсіндіруге немесе бұл көріністерді болжауға арналған модельдер)
- нормативті (нормативті тұрғыдан қарастырғанда экономикалық жүйенің
қалай құрылғаны немесе дамуы емес белгілікті бір мінездеме мағынасында оның
қалай құрылуы және қалай жұмыс істеу керектігі қарастырылады. [4]
Бұл жұмыста мысал ретінде салаарлық баланстың экономико-
математикалық моделі шығын шығару таблицасы қарастырылады. Жоғарыда
келтірілген жіктеу түрлерін есепке алсақ бұл қолданбалы, макро-
экономикалық, сараптамалық, дискринтивті, детерминирленген, баланстың
матрицалық модель, санымен бірге статикалық және динамикалық САБ бар. [9]
Сонымен САБ-ты – баланстық модельдерге жатқызады. Баланстық модель
деп әрқайсысы жеке экономикалық объектпен өндірілетін өнім саны және бұл
өнімге деген жиынтық сұраныс арасындағы баланстық сұрауын білдіретін
теңдеу жүйесін айтады. Ол жағдайда кейбір өнім шығаратын экономикалық
объектілер жүйесі қарастырылады. Оның бір бөлігі жүйенің басқа
объектілерімен тұтынылады, ал басқа бөлігі ақырғы өнім ретінде жүйенің
сыртына шығарылады. [1]
Егер ақырғы өнім ұғымының орнына өзен жалпылама ресурс ұғымын
енгізсең, онда баланстық модель деп ресурстың болуымен оның қолданылуының
сәйкес болу керектігін қанағаттандыратын теңдеулер жүйесін түсіну керек.
Әр өнімнен оған сұраныс сәйкес болуы керектігінен басқа, жұмысшылар
мен жұмыс орнының болуы, төлей алатын халық сұранысы мен өніммен қызмет
көрсету ұсынысы және т.б. сияқты баланстык сәйкестіктердің көрсетілуі
мүмкін. Сонда сәйкестік деп теңдік немесе одан нақтылырақ сұранысты жаба
алатын ресурстың жеткіліктілігі, кейбір резервтің болуы деп түсіндіріледі.
[12]
Баланстық модельдердің ең маңызды түрлері:
- халықтың шаруашылыққа және жеке салаларға арналған меншік материалдық
еңбектік және қаржылық баланстар
- салааралық баланстар
- кәсіпорындар мен фирмалардың матрицалық техпромфин жоспарлары
Баланстық әдіс және оның негізінде жасалған баланстық модельдер халық
шаруашылығында пропорцияларды ұстап тұрудың негізгі құралы болып табылады.
Баяндаманың баланс негізіндегі баланстық модельдер құрылған пропорцияларды
білдіреді, онда ресурстың бөлігі әрқашан шығын бөлігіне тең. Бірақ,
баланстық модельдерде экономикалық шешімдердің жеке нұсқасын салыстыру
механизмдері жоқ немесе ресурстардың өзара салыстыруын қарастырмайды,
экономикалық жүйенің дамудың оптимальды нұсқасын таңдауға мүмкіндік
бермейді. Осымен баланстық модельдердің және жалпы баланстық әдістің
шектелуі анықталады. [5]
Сонымен, ұлттық шот санау жүйесінде ұлттық экономикалық құрылымның
өзара байланыстылығын сараптағанда шығын - шығару атына ие болған
баланстық әдісі пайдаланады. Жоғарыда айтылғандай, оның негізінде
экономикалық жүйені сараптауда процесс пен өнім редукциясы арқылы жүзеге
асыруға болады, ол дегеніміз басқа процесстер мен өнімдер арқылы белгілеу.
[17]

ІІ Салааралық баланстық модельдің мазмұны.
2.1Салааралық баланс моделіндегі экономикалық өсім (шығын-шығару)
Экономикалық өсімнің ең маңызды модельдерінің бірі салааралық баланс
моделі. Салааралық баланс моделінің теориялық негіздері КСРО-да бірінші 5-
жылдық алдындағы жылдары дайындалған, бірақ толық құрастырылған түрде алғаш
рет америкалық экономист В.Леонтьевпен шығын - шығару атымен көрсетілген.
[13] АҚШ-та салааралық балансты сараптауға сызықтық алгебра аппаратын және
шахмат типті кестені қолданған әдісі 30-шы жылдардан бастап америка
экономикасын зерттеуге В.Леонтьев қолданған. Оның қолданған бұл әдісі
экономикалық әдебиетте шығын-шығару атына ие болған. Шығын-шығару
моделі В.Леонтьевтың айтуы бойынша (Америка экономикасының құрылымы
монографиясында), жалпы тепе-теңдіктің экономикалық теориясын халық
шаруашылығының өзара байланыстылығын тәжірибеде зерттеуге талпыныс болып
табылады. [2]
Шығын-шығару экономикалық сараптау әдісінің өзінде В.Леонтьев ең
алғаш экономикадағы сандық байланыстарға назар аударады. Бұл байланыс
технологиялық коэффициенттер арқылы орындалады. [11]

2.2 Салалардың математикалық жүйесін шығын – шығару моделімен
құрастыру.
Аймақ немесе түгел мемлекет деңгейінде экономикалық жоспар құрғанда,
өнім шығару көлемін анықтау қажеттілігі жиі пайда болады. Ол белгілі
технология бойынша осы өнімге халықтың берілген бір сұраныс және өндірістік
қажеттілікті қамтамасыз етеді. Технологияның сызықтылығы туралы болжам (ол
дегенің, өнім шығару көлемі, ресурс көлемінің шығынына тура
пропорционалдығы туралы). [8] Осы есептің математикалық қалыптастырылуы
әйгілі шығын – шығару моделі болып табылады, ол 1930 жылы американдық
экономист В Леонтьевпен табылған болатын. Осы жалпы тепе-теңдік моделі көз-
қарасымен салыстырғанда, Леонтьев моделінің келесі ерекшеліктері бар:
- әр сала өзінің және тек бір ғана өнім түрін шығаратын, таза саладан
тұратын экономика қарастырылады;
- шығын мен өнім шығару арасындағы өзара байланыс сызықтық теңдеумен
белгіленеді, сипатталады (сызықтық және тұрақты технологиялар);
- өнімге сұраныс векторы берілген деп есептеледі, ол дегенің модельде
тұтынушыларды оңтайландыру мақсаттары болмайды;
- сұраныстан өнім шығару векторы есептеледі, ол дегенің, фирманың
оңтайландыру мақсаттары болмайды.
Зерттеу мақсаты бойынша Леонтьевтің салааралық шығын – шығару баланс
моделі арқылы, еңбек нарығындағы Сұлтан ЭММК АҚ мен Наурыз 2030
жылыжайының өнім өндіру мен шығын шығару арасындағы салыстырмалы жүйесін
қарастыру болғандықтан, алдыңғы мағлұматтарға сүйене отырып, алдымен ең
жеңілдетілген нұсқалары қарастырылды.
Экономикада кез келген өнімді өндіруде, одан шығатын зиянды заттар
сыртқы ортаға өз әсерін тигізеді. Мысалы: атмосфераның ластануы
жанармайдан және көліктің әр түрлі қозғалтқыштарынан шығарылатын
көміркқышқыл газының мөлшеріне, өзендер мен көлдердің ластануы, болаттың
көп мөлшерінің өндірілуіне байланысты. Халық шаруашылығының және оған
байланысты әр түрлі салалардың күрделі көп аймақтағы тауар мен қызмет
көрсетудің төмендеу және жоғарылау деңгейі шығын – шығару анализімен
түсіндіріледі. [10]
Алдында айтқандай, қажетті және зиянды өнімнің шығу деңгейін салааралық
баланс жүйесінде қолданылатын технологиялық коэффициенттер арқылы шығаруға
болады. Қорытындылайтын байланыс түрі бағыныштылықтың жинақтық бөлімі деп
қарастырылды. [14]
Бірінші мақсатымыз шығын – шығару анализінің арқасында осы ішкі
элементтердің бүкілхалықтық экономикаға қалай енгізілгенін анықтау. Екінші,
егер бірінші көзделген мақсатымыз орындалса, онда біз екінші мақсатымыздағы
сұрақтарға жауап таба аламыз, тіпті оның шығарылу жолы болмаса да. [16]
Екі аталған саланың әрбіреуі өзінің жылдық шығарылымының 1 бөлігін өзі
қолданады. Бір бөлігін басқа салаға жеткізеді, біздің жағдайымызда үй
шаруашылығы мұндай салааралық ағымды шығын-шығару кестесінде көрсетуге
болады (мысалы 1 кестеде). Өздері қолданатын екі саланың жалпы шығарылым
көлемдерімен сәйкес өнім түрлерінің шығыны мынаған байланысты: түпкі
тұтынушыларға, яғни үй шаруашылығына арналған ауыл шаруашылық өнімдерімдері
мен өңдеуші өндіріс көлемдері (1) және ерекше технологиялармен анықталатын
2 саланың ағымдағы шығын коэффициенттері (2). Ауыл шаруашылығына қияр
өндіру үшін оның 0,25 бірлік, тамақ өнеркәсіп өнімімен 0,18 бірлік өнімі
қажет деп болжанған, осы уақытта тамақ өнеркәбіндегі макарон өндіру үшін
0,40 бірлік, ауыл шаруашылығының өнімімен 0,14 бірлік өнімін қажет етеді.

Шығын-шығарудың макроэкономикалық
1- ші кестесі

1-ші сала: 2-ші сала: Соңғы қойылымЖалпы өнім
Ауыл тамақ (үй
шаруашылығы өнеркәсібі шаруашылығы)
1-ші сала: ауыл 25 20 55 100
шаруашылығы
2-ші сала: тамақ18 7 20 45
өнеркәсібі

Екі сала үшін өндірістің шығару тәртібі шағын кестелік формада
көрсетілген. Бұл экономикалық құрылымдық матрицасының 1-ші бағанда тұрған
сандар ауыл шаруашылығына жұмсалатын коэффициенттерді, ал 2-ші бағандағы
сандар өңдеуші өндіріс коэффициенттерін қажет етеді.
Шығарылымның бірлігіне шығындалған
2-ші кесте

1 сала: ауыл 2 сала: тамақ
шаруашылығы өнеркәсіп
1 сала Наурыз 2030 0,25 0,40
2 сала Сұлтан – ЭММК АҚ) 0,18 0,14

Ауыл шаруашылығы мен ауыр өнеркәсібінің соңғы сұранысы және аралық
қолданыстың бір жылдық қорытындысын технологиялық коэффициенттер анықтайды.
Бұл байланыс мына екі теңдеумен көрсетілді:
Х1 – 0,25Х1 – 0,40Х2 = Y1
X2 – 0,14X2 – 0,18X1 = Y2
немесе
0,75X1 – 0,402 = Y1
(1) -0,18X1 + 0,86X2 = Y2
X1 және X2 ауыл шаруашылығының және ауыр өнеркәсібінің белгісіз шығару
қорытындысын, ал Y1 және Y2 ауыл шаруашылық және ауыр өнеркәсіп өнімінің
соңғы қолданысын көрсетеді.
Белгілі Y1 және Y2 айнымалылар арқылы, белгісіз X1 және X2 табылды:
X1 = 1.500Y1 + 0.698Y2
(2) X2 = 0.314 Y1 + 1.308Y2
Осы теңсіздіктің оң жағына белгілі Y1 =55 және Y2=20 қойылып, X1 және
X2 табылды.
Осы теңсіздікті орындағаннан кейін, X1 және X2 мәндерінің 1
кестедегі
шығарылу қорытындысының мәнімен сәйкес келетініне көз жеткізілді.
2 нөмерлі теңдеудің матрицалық түрі:
(3)
Осыған кері матрица (1) теңдеуден құралған.

(4)
Екінші кестеде көрсетілген ауыр өнеркәсібінің, не ауыл
шаруашылығының 4 шығын – шығару коэффициенттері өзгеріске ұшыраған
жағдайда, осыған байланысты 4 нөмерлі матрица және 3 нөмерлі кері матрица
да өзгереді. Тіпті ауыр өнеркәсібінің және ауыл шаруашылығының соңғы
сұранысы (Y1 және Y2 ) өзгермесе де, екі саланың арасындағы қорытқы
өнімнің, шығынның баланстық жүйесін сақтау үшін, екі саланың (X1 және X2)
қорытқы өнімі өзгеруі тиіс. Екінші жағынан, егер соңғы өнімі өзгерсе, соған
байланысты X1 және X2 қорытқы өнімінің мөлшері 2 нөмерлі матрицаның жалпы
мәніне сәйкес келеді.
Айтып кеткендей, шаруашылықтағы ластану және қоршаған ортаға өз әсерін
тигізетін ішкі ластануларды экономиканың бір жүйесі ретінде қарастыру
керек.
Әр түрдің ішкі шығыны немесе кірісі бір немесе бірнеше саланың
технологиялық коэффициенттерімен түсіндірілуі керек және олар өзара бір
бірімен байланысып матрица құрады.
Мысалы: тамақ өнеркәсібінде қолданылатын технология атмосфераға 0,22
грамм зиянды қатты зат шығарады, сол уақытта ауыл шаруашылығында
қолданылатын технология атмосфераға 0,45 грамм зиянды заттар шығарады,
осыған байланысты қорытқы өнімге X3 белгісіз айнымалысын ішкі өнім деп
белгілеу арқылы, екі теңдеумен байланыстырылды:
0,75X1 - 0.40X2 = Y1
-0.18X1 + 0.86X2 = Y2
(5) 0,45X1 +0,22X2 – X3 = 0
3 теңдеудегі 1 айнымалы ауыл шаруашылығындағы (X1) ластану мөлшерін
көрсетеді, 2 айнымалы тамақ өнеркәсібіндегі (X2) ластану мөлшерін
көрсетеді. Ал X3 айнымалысы, яғни қорытқы ластану мөлшері, бұл екі саланың
ластану мөлшерінің қосындысына тең.
Егер Y1 және Y2 тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының соңғы
сұранысының мөлшері берілсе, онда бұл 3 теңсіздік тек X1 және X2
қорытқы өніміне ғана тиісті емес, сонымен қатар ластану өнімінің
қорытқысына да тиісті.
Шығын-шығару кеңейтілген жүйе теңдеуіндегі сол жақ бөлігіне кіретін
коэффициенттер мынадай матрица құрады:
(5а)
( 5) Жүйенің жалпы шешімі өз түрі бойынша (1) және (2)жүйелердің жалпы
шешімімен ұқсас, ерекшелігі тек мынада: кеңейтілген жүйені шешу 2 теңдеумен
емес 3теңдеумен шығады және (4) кері құрылымдық матрица 3 жолмен және
бағанмен шешіледі.
2- ші кезеңнен кеңейтілген құрылымдық матрицалардың орнына дәл
сондай нәтижелер алынды. (2) теңдеуден У1 мен У2 екі секторларының
өнімдеріне түпкі сұраныстың кез келген комбинациясын қанағаттандыру үшін
қажетті ауыл шаруашылық (Х1) және тамақ өнеркәсіп (Х2) өнімдерінің
шығарылым шамасы анықталды. 2-ші кезеңде (5) амалдың соңғы теңдеуіне Х1
және Х2 шамаларын қоя отырып, ластаушы заттардың жалпы шығарылымын, яғни
Х3 анықтаймыз.
Жорамал бойынша У1=55 және У2=20 болсын. 1 кестеден алынған ауыл
шаруашылық және тамақ өнеркәсібінің өнімдерге түпкі сұраныс көлемі туралы
сөз болып отыр. Бұл шамаларды (5) оң жақ бөлігіне қоя отырып, жүйенің жалпы
шешімін қолданып, теңдеу шешілді, мұнда Х1=100, Х2=45. Күткендей олар 1
кестедегі сәйкес жалпы өнім көлеміне тең.
(5) амалдың 3-ші теңдеуін қолдана отырып, Х3=55 табылды. Бұл екі
саладан шығатын ластаушы заттардың жалпы көлемі.
Анализді жалғастырмас бұрын, шығын-шығару кестесіне ластанудың мәнін
жазу керек.
3 кестенің бірінші қатарында тұрған мәндер ауыл шаруашылығының әсерінен
шығарылған 45 грамм шығарылды, қайта өндеу өнеркәсібінің коэффициентерін
оның жалпы өніміне көбейтіп, макарон өндіруде атмосфераға түсіретін зиянды
заттардың 5510 грамын құрайды анықталды.
Ластаушы заттар енгізілген шығын - шығарудың макроэкономикалық
3-ші кесте

1-ші сала 2-ші сала У Х
Наурыз 2030 Сұлтан –ЭММК
АҚ
1-ші сала 25 20 55 100
Наурыз
2030
2-ші сала 18 7 20 45
Сұлтан
–ЭММК АҚ
Ластаушы 45 10 55
заттар

Дәстүрлі экономикалық статистика тауар мен қызмет етудің шығарылуы мен
қолданысын анықтайды. Шығын-шығару кестесіне мысалы неліктен шығару және
қолдану кіреді, ал іштен жану қозғалтқыштарының жұмыс кезінде пайда болған
көмірқышқыл газы кірмейтіндігі түсіндіріледі. Ол экономикалық статистиканың
негізі болатын жоспарлық іс-әрекетімен айналыспайды.
Технологиялық байланыстарды түпкілікті зерттеу үшін, оларды өлшейтін
жанама жолмен топтау керек.
Бірақ, жалпы әңгімеден ластану өлшемінің дәл жағдайына келгенде,
есептеу барысында баға аймағында қиындықтар туындайды.
Қала немесе жеке аймаққа арналған шығын-шығару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салааралық баланстың теориялық негіздері
Экономикалық математикалық модельдердің даму тарихы
Экономикалық өсудің негізгі модельдері
Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу: факторлары, кезеңдері, ерекшеліктері
Леонтьев – тарихы, теориясы, экономика моделі
Өндіріс шоттары
Салааралық байланс және халықаралық сауда моделі
«Мathcad-та программалауды оқыту»
Қоршаған ортаның ластануы және экономикалық құрылымы
Логистиканың теориялық негіздері
Пәндер