Көркемөнер шығармашылығының қалыптасу ерекшеліктері
КІРІСПЕ
Қазан революциясының жеңісінен соң көркемөнерге жетекшілік жүргізу
мемлекеттік сипатқа ие болып, үкімет қамқорлығына алынды. Жаңа қоғамдық
құрылымның қалану жағдайы, қалыптасқан саяси ахуал көркемөнерді жаңа адамды
тәрбиелеу құралы ретінде пайдалануда күн тәртібіне қойды. Осындай аса
маңызды міндеттерді шешу үшін көркемөнер мәселесін мемлекеттік мәселе
дәрежесіне көтеріп, оның мемлекеттік басқару жүйесін құру алғашқы күннен-ақ
қолға алынды. Айталық 1917 жылы 9-қазанда Халық ағарту комиссариаты жанынан
мектептен тыс ағарту, театр, өнер бөлімдері құрылады. Бұл құрылымдар
міндетіне саяси ағарту ісімен қатар көркемөнерге де жетекшілік жүргізу ісі
жатады. 1919 жылы Халық ағарту комиссиариатының мектептен тыс бөлімі Саяси
ағарту комитеті, театр бөлімі Орталық театр комитеті болып қайта құрылады.
Ал жергілікті жерлерде хальгққа білім беру бөлімдері жанынан губерниялық
қалалық кіші бөлімдері ашлады. Құрылым қызметтерінде ажыратымдылық
ерекшелік болады. Мәселен, өнер бөлімі, оның жергілікті кіші бөлімі МУЗО
музыкалық ағарту қала көркемөнеріне жетекшілік жүргізсе, мектептен тыс
ағарту бөлімі ауылдық-деревнялық көркемөнерге басшылық жүргізетін болған.
Сондай-ақ, әуесқой театр өнеріне де басшылықты жергілікті жағдайда
губерниялық қалалық халыққа білім беру бөлімдері құрамындағы жұмысшы-шаруа
театры кіші бөлімі жүргізеді. Осы басқару жүйелері арқылы көркемөнерге
белгілі бір дәрежеде саяси-әлеуметтік және ұйымдастыру-эстетикалық бағдар
мен ұстаным беру іске асырылады. Көркемөнерге жүргізілетін ортақ
мемлекеттік басқару жүйесінің құрылуы, әрине, жаңалық болатын.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Көркемөнер шығармашылығы - бұрын болмаған
жаңа нәрсе жасауға бағытталған адам қызметінің әртүрлі нысандарының бірі.
Көркемөнер шығармашылығы - өнерді осы нақты әлемде көрсетеді.
Эстетикалық әрекеттің түп-тамыры өнермен байланысты. Көркемөнер
шығармашылықтың мәні де адам әлемін тұспалдай, белгілі бір көркем бейнелер
арқылы жеткізеді. Көркем туындылар дүниеге деген белгілі бір
көзқарастардың, ұжымдық ой-пікірдің, азды-көпті ақпараттың рәмізі болып
табылады. Ол - болашақтағы ұрпақтарға үндеу, белгілі бір көркемөнер
шығармашылығы - әлеуметтік құрылымның көрінісі.
Көркем туындылар көркем бейнелер арқылы қоғамның қойнауында сырт көзге
білінбестей өтіп жатқан өзгерістерге, шиеленістерге сезімталдық танытып,
көрнекілейді. Соның нәтижесінде керкемөнер шығармалар әлгі күрделі
жағдайлардың ушықпай, ішінара бәсеңдеуіне жәрдемдесетін сауықтыру шарасына
да айналады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Курстық жұмыстың мақсаты көркемөнер
шығармашылығының мәнін ашып, оның даму тарихын, қазіргі жағдайын және оның
дамуын, негізгі кезеңдерін қарастырып, ұсыныстар ұсыну.
Курстық жұмыстың міндеттері. Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі
мiндеттердi орындау қажет:
1. Көркемөнер шығармаларының даму тарихына шолу;
2. Көркемөнер шығармаларының қалыптасу ерекшеліктерімен танысу;
3. Көркемөнер шығармалардың саяси-әлеуметтік негізі жағдайын
қарастыру;
4. Көркемөнер шығармашылығының мәні, қазіргі жағдайы және оның дамуын
сипаттау;
5. Көркемөнер шығармашылығының негізгі кезеңдеріне тоқталып, ұсыныстар
ұсыну;
Зерттеу объектісі. ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі.
Пәні. Мәдени-демалыс қызметті бағдарламалық жоспарлау және
ұйымдастыру.
1 КӨРКЕМӨНЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1 Көркемөнер шығармашылығының қалыптасу ерекшеліктері
Жаңа құрылымның қалыпты жұмыс жүргізуі көп күш жұмсауға, әсіресе
материалдық шығынның өтелімін жолға қою, көркемөнерге білікті жетекшілік
жүргізетін кадрларды даярлау сияқты мәселелерді шешуге тікелей байланысты
болады. Осы мәселелер 1918 жылдың 28-тамызы мен 1920 жылдың 3-қазаны
аралығында өткен мектептен тыс ағарту жұмысы оның кіші бөлімдері
қызметкерлерінің Бүкілресейлік съездері мен кеңестерінде (1918 ж. 28
тамызда Ағарту ісі жөніндегі Бүкілресейлік І-съезд, 1919 ж. 24 қаңтардағы
Халыққа білім беру жөнтндегі губерниялық бөлімдердгң мектептен тыс
бөлімдері меңгерушілерінің ІІ-кеңесі, 1919 ж. 6-19 мамырдағы Мектептен тыс
білім беру жөніндегі Бүкілресейлік І-съезд, 1920 жылғы 25 ақпандағы
Губерниялық халық ағарту бөлімдерінің мектептен тас жұмыстар жөніндегі
бөлімшелері меңгерушілерінің Бүкілресейлік ІІ-кеңесі, 1920 ж. 3 қарашадағы
Губерниялық және уездік халыққа білім беру бөлімдері саяси ағартушыларының
кеңесі, 1919 ж. 7 мамырдағы өнер қызметкерлерінің съезі, 1919 ж.
Жұмысшышаруа театрыньгң Бүкілресейлік съезі. 1920 ж. саяси-ағарту
қызметкерлерінің ІІ-съезі) қаралады. Съездер мен кеңестерде өнер бөлімінің,
театр комитетінің, оның жұмысш-шаруа театры кіші бөлімінің, МУЗО-ның қызмет
түрлері мен мазмұны кезең сәтіне орай анықталынып, көркемөнердің идеялық
және ұйымдастыру қағидалары жасалынады. Көркемөнерге жүргізілетін
жетекшілік қызметінде ұйымдық - шығармашылық бастамамен партиялық
басшылықтың бірлігін қалауға байланысты (Партияның ҮШ съезі шешімінің
талабы) негізде дәйектеледі.
Көркемөнер мәселесіне 1920 жылғы Саяси - ағарту қызметкерлерінің ІІ
съезі баса назар аударады. Съезде Театр және мектептен тыс білім беру.
Халыққа білім беру жүйесінде көркемөнер секциясын ұйымдастыру деген
тақырыптарда баяндама жасалынады. Съезде қабылданған революцияда бұқаралық
көркемөнерді қолдау мен дамыту ісі мемлекеттік басқару жүйесінің ең басты
міндеті екендігі атап көрсетіледі. Бұл көтерілген мәселе соңынан партияның
X съезінде қабылданған Саяси бас басқарма туралы революцияда нақтыланып,
заң жүзінде бекітіледі. Революцияда саяси бас басқарма мен оның жергілікті
ұйымдарының көркемөнерге қатысты бағдарламасы да белгіленеді. Сондай-ақ,
онда революциялық репертуар жасалынып, оны баспадан шығаруды жеделдете
қолға алу, кәсіби өнер шығармаларын көркемөнер табиғатына икемдеу,
музыкалық мерекелерді ұйымдастыру іс-шаралары көзделеді.
Көркемөнердің театр жанрының идеялық ұйымдастыру ұстанымының революция
жариялаған мұрат-мүддесіне сай қаланып, даму жолына түсуіне 1919 ж. қазан
айында өткен жұмысшы-шаруа театрының Бүкіл Ресейлік I съезінің орны ерекше.
Съезде халықтық көркемөнер, оның театр жанры қандай болуы керек деген талас
мәселе шешімін табады. Онда халықтық көркемөнердің, оның ішінде театр
жанрының уақыт талабына сай даму жолына түсуіне, кәсіби өнер мөн театр,
сондай-ақ өткеннің көркемөнер шығармашылығы мұралары теріс ықпал жасайды
деген пролетарлық көркемөнер шығармашылығыет теоретиктері тезисі толық
теріске шығарылады. Съезде репертуардың тақырыптық мазмұны мен өрнегін
анықтау, қалау, режиссерлік дағды, біліктілікті шыңдау, театралдық білім
беру мәселелерінде де ортақ шешім қабылданды [1].
Жаңа тұрсипат пен мазмұнда қалыптаса бастаған көркемөнерге қоғамдық
ұйымдар да қамқорлық танытады. Мәселен, 1918 жылы қаңтар айында өткен
кәсіподақ ұйымының, 1919 жылы ақпан айында өткен тұтынушылар қоғамы
көркемөнер шығармашылығы-ағарту қызметкерлерінің Бүкілресейлік I съезі
көркемөнер жұмысының дамуына лайықты үлес қосу мәселелері бойынша
бағдарлама қабылдап, ортақ іске жұмыла кірісуге үндеу таратады.
Көркемөнерге жетекшілік жүргізу жұмысына жүйелі жәрдем беру мақсатында Өнер
қызметкерлерінің кәсіподағы Рабисте (1919 ж. 7 мамыр) елеулі еңбек
үлгісін көрсетеді. Сайып келгенде, мемлекет пен қоғамдық ұйымдар кезең
қиындығына қарамай, революция мұратына сай көркемөнерді ұйымдастырудың,
оның идеялық бағыт-бағдрын, ұстанымын анықтаудың ықтималды жолдарын іздеп-
табуда орайлы мүмкіндіктер жасауға ұмтылады. Жаңа құрылым жүйелері алдында
көркемөнер жетекшілері кадрларын даярлау мәселесі де ең күрделі пара
қатарында тұрады.
Көркемөнер ісін дамыту мақсатында атқарылған жұмыстар барысында өнерді
мақсат-мұрат талап деңгейінде ұйындастыратын оқу-жаттығу жұмыстарын
жүргізетін кадрлардың тапшылығы аса көп қиындықтар туғызады. Көркемөнерге
көп жағдайда оның табиғатынан бейхабар, педагогикалық және әдістемелік
біліктіліктері жоқ, тәжірибе қоры жұтаң, жұмысты ұйымдастыру қағидаларын
білмейтін Халық қалаулылары жетекшілік жүргізеді. Мұндай жетекшілер жаңа
саяси-әлеуметтік жағдаймен уақыт талабынан туындайтын көркемдік-көркемөнер
шығармашылығы қызмет жұмысы міндеттерін түсінбегендіктен репертуардың
тақырыптық өрнегін, құрылымдарын, мазмұндарын қалау, репертуар талдау
сияқты күрделі іс-шараны шешуде талап үдесінен шыға алмайды. Ал
көркемөнерге жетекшілікке тартылған кәсіпқой мамандар көркемөнердің
революция жариялаған мұраттарына сай қызмет етіп, идеялық ұстанымнан
ауытқымау талаптарын ұйымдастыру әдістемелері мен тәжірибе дағдылары
көркемөнер табиғатына қарама-қайшы келіп жатты. Осындай объективті және
субъективті жағдайлардан кадрлардан тұрақтылығы бұзыла береді. Қалыптасқан
жағдайға байланысты көркемөнер жетекшілерін даярлау үшін оқу орындары
жанынан арнайы факультеттер мен бөлімдер ашу, қысқа мерзімді жедел оқу
жоспарына негізделген курстарды ұйымдастыру жедел қолға алынады. Мәселен,
Петроград мектептен тыс білім беру институтында хор академиясы, музыкалық
білім беру кафедралары үйымдастырылып, білікті кадрлар даярлау басталады.
Сондай-ақ, Петроград Жанды сөз (1918 ж.) институты. Москвадағы Я.Свердлов
атындағы коммунистік тәрбие универститеті (1919 ж.), В.Володарский атындағы
(1920 ж.) үгіт-насихат институты көркемөнердің сая салалы жанрларына
кадрлар даярлай бастайды. 1918 жылдан бастап халық универститеттері жанынан
өнер факультеттері ашылады. 1919 жылдың желтоқсан айынан бастап Халық
ағарту комиссиариаты театр бөлімі Жұмысшы-шаруа театры кіші бөлімі
инструкторларын даярлайтын курстар ұйымдастырады. Осындай іс-шаралардың
орындалуы арқасында көркемөнерге жүргізілетін жетекшілікті ретке келтіру
мүмкіндіктері жасалынады. Оның жұмыс әдісінің стилі өзгеріп, қарымды сипат
алады. Басты мәселе осы іс-шаралар арқылы көркемөнердің саналы түрде саяси-
әлеуметтік міндеттерге жүгініңкіде болуы жүзеге асырыла бастайда.
Көркемөнер қызметін басқару жүйесі Кеңес өкіметі құрамындағы ұлттық
республикалар, аудандар, аймақтар да құрылып, олардың басшылығымен
көркемөнер ұлттық таным мен табиғат ерекшеліктері ескеріле, дәстүрлі ұлттық
сипаттылығы сақталған қалану жолына түседі. Көркемөнердің калыптасуы, өріс
алуы, ұлттық аудандардағы қалыптасқан саяси-әлеуметтік, көркемөнер
шығармашылығы-көркемдік өмірдің даму сатысы деңгейіне, өмір сүрудің
әлеуметтік-тұрмыстық сипатына тікелей тәуелді болғандықтан оның сандық және
сапалық жағында қарама-қайшылықтың болуы заңды табиғи құбылыс болатын.
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында музыка өнері тегінде ұлттық
дәстүрде өркендей бастағанымен, революция идеясы оның тақырыптық-мазмұндық
сипатына ғана емес, табиғатына да әсерін тигізе бастайды. Мәселен, қазақ
халқының саз өнерінде марш ырғағындағы ән-күйі кеңес дәуіріне дейін кездесе
бермейді. Кезең талаптануына орай марш ырғағындағы революциялық әндерін
алғашқы шығарулардың бірі – Бейсен Жанекешов болған. Ол жан-жақты білімдар,
шешен, ақын, жарамды насихатшы, сазгер, ұйымдастырушы болған талант иесі.
Б.Жанекешов 1918 жылы бұрынғы Бөкей ордасында Орал облысы жасақталған
бірінші үлгілі қазақ ұлттық атты әскер құрамасының саяси бас басқармасының
бастығы қызметінде жүріп, қызыл әскерлер үшін әндер шығарады. Бейсен әндері
тыңнан туған жаңа шы1ғармалар тобына жатады. Өйткені, мұнда халық
мелодияларын пайдаланбай-ақ өзі жазған өлеңдеріне лайықты ырғақтағы әндер
шығарылған. Мәселен, Орда қаласында қаза тапқан 80 қызыл әскердің қайғысына
арналған Аттаныс жыры секілді әндері қазақ ән жанрындағы соны құбылыс.
Окініштісі - Бейсеннің көп әндері кезінде нотаға түсірілмей қалғандықтан
ұмыт дүниеге айналған. Сондықтан да оның сазгерлік шығармашылық болмысы
толымды іздену нысанасына айнала алмай отыр. Ол 1921 жылы небәрі 33 жасында
дүние салды.
Өнердің қай жанрын алып қарасақ та, оның дамуына нақтылы екі фактордың
әсер ететіні белгілі. Бірінші фактор - төлтумалық халықтың дәстүрді өз
өнері болса, екіншісіне - қоспа, басқа халық өнерлері жатады. Қазақтың
революциялық әндері қатарының толыға түсуіне, өріс алуына екінші фактордың
әсері айтарлықтай болған. Жалпы сол кездегі пролетарлық-интернационалдық
және қызыл әскер мелодияларын пайдаланған әндердің шығуы осының дәлелі.
Батыс елдерден келген әндермен байланысы бар қазақтың революциялық ән
үлгісіне мысалға Айдарбек Масанов Қостанай кеңес-партия мектебінің
директоры қызметін атқарған шығарған Жалшылар қорғаны әнін де жатқызуға
болады.
Жалпы басқа халықтар өнерінің ықпалынан Қазақстанда, оның байрғы
тұрғындары қазақ халқының, тағы да туыстас басқа халық өкілдері тұрған
жерлерінде бұқаралық театрландырылған ұлттық сипаттағы инсценировкалар қаз
тұрып, рухани игілік қызметіне айналып жатады. Оған дәлел ретінде Шығыс
кеші ойын-сауық отауы ұйымдастырған инсценировкаларда Қызыл сана үгіт
театры қойылымдарын айтуға бодады.
Қазан роволюциясының алғашқы жылдарындағы өркениетті қадамдарының
біріне көркемөнер шығармашылығыет, өнер жетістіктері мен байлықтарын қалың
еңбекші бұқара қауым игілігіне асыру мақсатындағы бастамалары жатады. Кеңес
өкіметі орнаған жер-жерлерде аштарға – нан, халыққа – бейбітшілік
сияқты қанатты сөздермен қатар өнер де – бұқаралық деген ұран да ел
арасында тез тарап жатады. Саяси еркіндіктің жариялануы, алғашқы саяси-
әлеуметтік дүмпулердің сана-сезімге орасан зор әсер етуі халықтың өнер
әлеміне деген іңкәрлігін туғызады. Еңбекші бұқараның өнер әлеміне деген
ынтызарлығы мен құштарлығының оянуы, осындай жағдайды кеңес үкіметінің өз
мүддесі үшін қолданып қалу әрекеті, көркемөнердің қалануына бұқара халық
арасындағы элементарлық эстетикалық сауатсыздықты жою жолындағы күрестің
күш алуына алғы шарттарды қалайды.
Сол кездегі көркемөнерге, әсіресе, оның саз түрі жанрына тән бір
ерекшелік - музыкалық ағарту қызметінің бой алуында еді. Өйткені, бұқара
қауымның қарапайым эстетикалық сауаттылығы көтерілмейінше жаңа қоғам
мұратына қызмет ететін көркемөнердің қалануы мүмкін болмаған болар еді. Сол
себепті де кеңес үкіметі музыканы насихаттау қызметінің осы түрінің кең
таралуына жан-жақты қолдау көрсетіп, арнайы нұсқаулар береді.
Халық ағарту комиссариатының өнер бөлімі берілген нұсқаудың негізінде
бұқара қауымның көркемдік - эстетикалық бейсауаттылығын жою ісіне өнер
қызметкерлері мен қайраткерлерін тарта бастайды. Жергілікті жер жағдайында
музыкалы-ағарту қызметіне басшылықты халыққа білім беру бөліміндегі МУЗО
жүргізеді. МУЗО-ның негізгі міндетіне кәсіпқой музыка қызметкерлеріне,
ұжымдарына идеялық және ұйымдастырушылық басшылық жүргізу, клубтарға, қызыл
әскер саяси ұйымдарына көркемөнерді ұйымдастыруда әдістемелік, материалдақ
көмек көрсету, сондай-ақ ақысыз халықтық музыка мектептерін ашу жатады.
Музыка мектебінің мақсаты - өнерпаздардың өнер құбылысы, өнер әлемі туралы
жалпылық түсінігін қалау болғандықтан, музыкалық сауат ашу, ән-саз тыңдау,
көпшілік болып ән айту, революциялық әндерді дұрыс ырғақта орындау сияқты
сабақтар мен жаттығулар міндетті түрде өткізілетін болған. Музыкалық ағарту
тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру, оның жаңа түрлерін енгізу мақсатында
кәсіпқой өнер қызметкерлерін жұмысқа тарту, шефтік жұмыстарды ұйымдастыру
қолға алынады. Шефтік жұмысты жүргізу әсіресе, қызыл әскерлер бөлімдері мен
құрамаларында кең етек алды. Шефтердің ұйымдастыруымен жылжымалы концерттік
бригадалар өмірге келеді. Музыкалық ағарту-тәрбие жұмысының тиімділігін
арттыру жолындағы ізденістен оның Азаматтық соғысы жылдарында кең танымал
болған қызықты түрі Музыкалы дүйсенбілік пайда болды. Музыкалы
дүсенбіліктің жұмысына белгілі өнер ұжымдары, қайраткерлері, өнерпаздар
қатысады. Әсіресе музыкалық ағарту тәрбие жұмысын жандандыруда кешкі
халықтық музыка мектебінің ұйымдастыруымен өткізілетін концерттердің
қызметінің бедел мен сұранымға ие болуы оның аумақтық шекарасын кеңейтіп,
өзара концерт алмасу сияқты жұмыс формасын байытады. Алайда, жұмыстың
аталған түрлері бұқаралық сипатқа жете алған жоқ еді. Оған уақыт
кезеңіндегі құбылмалы, қарама-қайшылықты сәттер, оқиғалар мүмкіндіктер
бермеді.
Алғашқы революциялық дүмпу жылдарында бұқара-көпшілік болып ән орындау
жаппай үрдіске айнала бастады. Осындай құбылыс хор жанрының басқа өнер
түрлеріне қарағанда жанданып, бұқаралық түр-сипат алуына қайнаркөз болды.
Орындаушылықтың ең оральмды әрі қол жеткізілген түрі - хор үйірмесі қаз
тұра бастаған көркемөнер шығармашылығы-ағарту мекемелерінде алғашқының бірі
болып ұйымдастырылып жатады. Ол кезде хорды ұйымдастырушылар арасынан әр
сала қызметкерлерін кездестіруге болар еді [2].
1.2 Көркемөнер шығармаларының саяси-әлеуметтік негізі
Бұқара қауымның саз өнерінің хор жанрына деген қызығушылығын оған
жаппай қатысу мотивін қалайша түсіндіруге болады.
Көркемөнердің барлық түрлеріне қарағанда хор жанрының өзіндік орнын
ерекшелей түсінетін мынадай ажыратылымы бар.
1. Хормен ән айту, біріншіден, ұжымдық орындаушылық өнерге
жататындықтан, ол табиғатына сай бұқаралық өнер түріне жатады. Сондықтан да
хорда орындаушылардың сипа-сезім, ой-арманы, аңсары, еркі, қабілеті басқа
өнер түрлеріне қарағанда молдау. Бұл ерекшеліктің өзі хор өнерінің
көркемөнер шығармашылығы-көркемдік ағарту-тәрбие саласындағы пәрменді
құралдық маңызын, орнын даралап тұрады. Осы ерекшеліктен Кеңес өкіметінің
бұқарамен жүргізілетін музыкалық көркемөнер шығармашылығы-ағарту, тәрбие
жұмысының пәрменді құралы ретінде хор жанрына қолдау танытқан себебін де
түсінуге болады.
2. Хормен ән айту - өнер әлеміне қатысудың ең ықтималды жолы. Өйткені
халықтың басым көпшілігі хор өнері арқылы жеке орындаушылыққа бейімделіп,
музыкаға көзқарасын, таным-талғамын орнықтырады, түлете түседі.
3. Хор өнері адамгершілікке тәрбиелеудің тиімді, екпінді құралдарының
біріне жатады. Хорға қатысудың өзі адамдардың серіктестік, әріптестік,
жолдастық, достық рухын оятып, ұжымдық сана-сезімнің қоғам ұстанған мұратқа
сай қалыптасуына негіз қалайды, жеке мүддені ортақ мүдде үлесіне шығару
сезіміне тәрбиелейді. Ал Кеңес үкіметіне қоғамдық сананы қалыптастыру
негізгі мақсат саналған. Революция жеңісінен соң кеңес үкіметінің тағдыры
кеңестік патриотизм рухындағы, санасындағы социалистік идеология мен мораль
еңбекке, қоғамға деген жаңа көзқарас, қоғамдық міндеткерлік қалыптасқан
бұқаралық көпшілік қауымдастықтың табандылығына байланысты болды. Осындай
аса маңызды міндеттерді шешуде хор өнері өз табиғи ерекшелігіне сай
оралымдылығымен көріне білді. Хор репертуарының героикалық ерлік, лирико-
романтикалық халық шгармашлығымен қатар революциялық күрес идеясын
марапаттайтын, әскери-патриоттық мазмұндағы туындылардан құрылуы да
қоғамдық міндет талабын жүзеге асырудан туындаған болатын. Дегенмен, хор
жұмысын ұйымдастыру мен жолға қоюда әр түрлі сипаттағы қиыншлықтар да
жеткілікті болатын. Атап айтқанда, көркемдік орындаушылық дағдыларын
қалау, меңгеру жетімсіздігі, репертуар құрамының жұтаңдығы, таңдау
қиындығы, жалғыз дауыста орындаушлық үрдісінің үстемдігі. Екінші жағынан
хор үйірімелеріне жүргізілетін жетекшілікке басшылық жасайтын ортақ
әдістемелік орталықтың болмауы жаңа сипаттағы хор көркемөнерінің дамуына
тежеу жасады. Сондай қайшылықтар жас хор қадамы алдына жұмыстың жаңа
ұйымдастыру формасын жасау, көркөм үйірме жөтекшілері кеңесін ұйымдастыру,
әдістемелік негізді қалау сияқты күрделі мәселелерді алға тартады.
Қайшылықтардан шығу жолындағы ізденістен хор секциясы, бұқара-көпшілік ән
секциясы пайда болады. Секцияларға МУЗО тағайындаған инструкторлар
жетекшілік жүргізеді. Секцияға топтасқан хор үйірмелері жетекшілерінің
мүддесі барлық музыкалық жұмыстарды үйлестіріп, орталық жетекшілікке жүйе
орнықтыру болатын. Сайып келгенде, саз көркемөнер жұмысын орталықтандыру
хор - баста буын міндетіндегі іске асырыла бастаған болатын. Секциялар
халық ағарту комиссариатының мектептен тыс бөлімімен тығыз байланыс құрып,
аудандық, аймақтық, деревнялық хор жұмысын ұйымдастыру ісімен де
айналысады. Секциялар ұйымдастырған концерттер аудитория сұранымына ие
болады. Секциялар, әсіресе, хор секциясы ұйымдастыру жұмыстарымен қатар
орьгндаушылардың көркемдік-идеялық деңгейін көтеру, жетекшілердің
біліктілігін жетілдіру шараларымен де айналысады [3].
Қазан революциясынан соң дүниеге келген бұқаралық музыкалық ағарту
тәрбие жұмысы тарихи маңызға ие болды. Оның мәні мынада: көркемөнер
үйірмелері өз мүшелерінің қарапайым эстетикалық бейсауаттылығын жою жұмысын
жолға қоймайынша, жұмыс тиімділігін, екпінділігін, қарымдылығын орнатуы
мүмкін болмас еді. Шындығында, клубқа келгөн еңбекші бұқара қауым өнер
туралы, оның мән-мазмұны, сан алуан құбылыстары жайлы қарапайым таным-
түсінікке зәру, мұқтаж болатын. Осы мұқтаждық етуі МУЗО қызметінің басты
саласына арналған болатын.
Революция идеясы әкелген дүмпу әсері саз көркемөнерінің хор жанрының
үстем жағдайға ие болуына саяси-психологиялық алғы шарт жасайды. Хор
өнерінің дамуына, сондай-ақ оны дайындау ісіне материалдық көп шығын
жасаудың қажет еместігі оқу-жаттығу жұмысының ықшамдылық сипаты,
орындаушылық шеберлігіне қойылар талап деңгейінің басқа саз өнер түрлеріне
қарағанда жеңіл болуы, яғни қарапайымдылығы, орындаушылықтың ұжымдық
сипатына байланысты хорға қатысушылардың моральдық-интеллектілік мотивті
сияқты факторлар негізгі қозғаушы күш болған.
Революция жеңісінің алғашқы жылдарында саз көркемөнерінің халық
аспаптары, үрлемелі аспаптар оркестрлері де даму жолына түседі. Олардың
да қаз тұрып кетуіне өнер қызметкерлері мен белгілі қайраткерлерінің елеулі
еңбектері болды. Айталық, Ресейдің үлкен өндір іс қалаларында, елді
мекендерінде оркестрлер ұйымдастырылып, жетекшілік көмек көрсетуге сол
кездегі танымал В.В.Андреев атындағы оркестр қызметкерлері, белгілі өнер
шеберлері В.Куприянов, А.Глазунов, В.Астафьев, В.Маркузе, П.Столбов,
Г.Миккель, В.Каратыгин үлгілі өнер көрсетеді. Дегенмен, саз өнерінің жалпы
оркестрлік түрінің сандық өсімі, сапалық деңгейі қарама-қайшлыққа толы
қиындық кез қалыптасуына, саяси құралдық екпінді қолданыс сұранымына орай,
екінші жарынан материалдық-техникалық қор жұтаңдығы, оқу-жаттығу жұмыстары
талап ететін уақыт тапшылығы сияқты жағдайларға тәуелді болғандықтан өріс
ала алмайды. Содан кейін ескерер жай, көп халықтар үшін саз өнерінің
аталмыш түрі бейдәстүрлік өнерге жатады. Айталық, шығыс халықтары, оның
ішінде қазақ халқының көркемдік көркемөнер шығармашылығы өмір салтында
оркестр жанры болған емес. Сондықтан да оның қаланып өрістеуіне әлеуметтік-
психологиялық негізбен қатар, көркемдік-ойлау танымдық деңгейді көтеруге
байланысты көркемөнер шығармашылығы-көркемдік қызметтерді ұйымдастыру да
керек болатын.
Революция жеңісін қорғау, монархиялық құрылымды әшкерелеу, кеңестік
үкімет жүргізіп жатқан саясат пен іс-шараларды үгіттеу, марапаттау, жалпы
саяси міндеттерді екпінді түрде шешу мәселелері әуесқой театр жанрларының
үгіттік түрлерін дүниеге әкеледі. Олар атап айтқанда, қызыл әскер театры
агитка, театрландырылған бұқаралық көрінім, митинг-концерт,
клубтық инсценировка сияқты құрылымдық түрі мен орындаушылық стилі
жағынан өзгешеліктері бар клубтық театр формалары еді. Әуесқой театр
жанрының қалануы, оның дамуы көркемөнердің басқа түрлеріне қарағанда қарама-
қайшыльғы бар ерекшеліктерге толы болды. Оның ең басты ерекшелігі - театр
ісін басқарудың ортақ құрылымдық жүйесінің болмауы еді. Айталық, 20-
жылдардың ортасына дейін әуесқой театр жұмысын ұйымдастырудың негізгі төрт
түрі сақталып келді. Олар: пролетарлық көркемөнер шығармашылығыет
пролеткульт студиялары, өндірістік т.б. мекемелердегі клубтық театр
үйірмелері, қызыл әскөр театры, шаруалар театры.
Бұл құбылыс кеңес үкіметі орнаған барлық жерлердегі театр жұмысына тән
ортақ құбылыс болды. Театрларға басшылықты Халық ағарту комиссиариатының
театр бөлімі (1919 жылдың сәуір айынан бастап губерниялық қалалық халыққа
білім беру бөлімінің кіші театр бөлімі), пролетарлық көркемөнер
шығармашылығыет ұйымы, қызыл әскер саяси бас басқармасы, тұтынушылар қоғамы
(кооперация), сондай-ақ кәсіподақтың көркемөнер шығармашылығы-ағарту ұйымы
жүргізеді. Ал осы басқару механизмдері арасында үйлесімділік болмады. Оған
бір жағынан жалпы театр өнерінің қоғамдағы орны мен ролі, даму бағыты
тураль әр түрлі көзқарастардың қалыптасуы ықпал етсе, өкіші жағынан
пролетарлық көркемөнер шығармашылығыет басшыларының мемлекеттік-партиялық
басшылықты мойындамай, дербестік құрылымдық жүйені сақтау саясаты да кері
әсерін жасайды. Әр жүйенің өзіндік жұмыс стилі, ұстанымы, бағдары ортақ
істі басқарудағы қарама-қайшылықты орнықтырады. Осындай жағдайдан
мемлекеттік ортақ басқару жүйесін жасау талабы өзекті мәселе дәрежесіне
көтеріледі. Жер-жерлерде театр қандай болуы керек?, театрда басқару
жүйесіндегі дербестік қалу керек пе?, театр қандай ұстанымда басшылыққа
алу керек? деген сұрақтар төңірегінде піктрталастар көбейеді. Мәселенің
түйіні 1919 жылы қазан айында болған Бүкілресейлік I Театр съезінде
шешіледі. Съезде барлық театрлар жұмысын үйлестіруші орталық Жұмысшы-шаруа
театр ассоциациясы құрылады. Көп ұзамай ассоциацияға қызыл әскер театры
басқармасы қосылып, жұмысшы-шаруа, қызыл әскер театрлары кеңесі болып
қайта құрылады. Кеңес 1920 жылы қазан айында таратылады да, театрды
басқару ісі саяси бас басқарма құзырына өтеді (1920 ж. 12 қазан). Саяси бас
басқарма көркемөнерге орталықтандырылған мемлекеттік басшылықты жүргізетін
партиялық функцияны атқарушы құрылым болатын. Саяси бас басқармаға өнер
бөлімдерінің партия саясатын күнделікті іс-шараларда басшылыққа қатал
алуына бақылау жүргізу, тәжірибелік көмек беру т.б. міндеттер жүктелінеді.
Сөйтіп, өнердің барлық жанрлары партияның үгіттік-насихаттық құралына
айналады.
Әуесқой театр өнерін саяси міндеттер талаптарын орындаушы құралға
айналдыру аңсары (идеясы) оның репертуарлық саясатының құрылуын күрделі
мәселеге айналдырады. Қазан революциясы кеңісінің алғашқы айларынан-ақ жаңа
үкіметтік құрылым талаптарына сай революциялық дәуір үнін сипаттайтын жаңа
драматургия жасау міндеті алға тартылады. Алайда, әрбір басқару құрылым
жүйесіндегі театр түрлері репертуар саясатын қалауда дербестік сипатты
сақтап қалуға тырысады. Өйткені, революцияға дейінгі қаланған әуесқой
театрдың ықпалында қалыптасқан дүние танымдық ойлау жүйесі осындай
ұстанымның баяндылығын мұрат тұтады. Осындай жағдайдан өнеркәсіп клубтың
театр үйірмелерінде бұрынғы әуесқой театр үрдісіне еліктеушілік көптеп
кездеседі. Революциялық дәуір талап еткен деңгейде қызыл әскер театры
драмалық қойылымдарда шығармашылық үлгі көрсетеді. Бұл театрлардың
репертуарлары мазмұндық түрі бойынша да тақырыптық өрнегі жағынан да жаңа,
революцияның мұрат-аңсарына сай бағытта жасалады. Қызыл әскер театрларының
репертуар қорын романтйкалық, ерлік-романтикалык, әскери-патриоттық
шығармалар қалайды. Соңғы мазмұндағы репертуарды тек революциялық күрес
идеясын сипаттайтын жаңа шығармалар-толықтырған. Бұл тақырып шығармаларының
басты кейіпкерлері сол дәуірдің күрескерлері, қайраткерлері болатын.
Көркемдік деңгейі жағынан тұрпайы, мазмұндық байлығы жұтаң болса да саяси-
әлеуметтік, дәуір үнін суреттейтін шығармаларда сахналау - қызыл әскер
театрларының беделін көтереді. Бір жағынан бұған баста себеп - қызыл әскер
театры драматургиясының идеялық принципіне нақтылы оқиғаның, яғни сол
ортаның, басынан өткен оқиғаның арқау болуында еді. Саяси жағдайға
байланысты репертуар саясатын қалауды жетілдіру ізденісі театрдың жаңа
үгіттік түрі агитканы дүниеге әкеледі. Агитка шағын пъесаға негізделген
шғармашылык форма. Оның драматургиялық негізі де нақтылы оқиғалар мен
деректерден тұрады. Агитка өзінің атына сай аудиторияны саяси міндеттерді
шешуге үгіттеу, нақтылы ерлік іс-әрекетке уағыздау, шақыру функциясын
атқарады. Елдегі жағдайдың өзгермелі сипаты соған орай саяси міндеттөр
үгіттік жұмыстарда сенімді әсерде өткізуді талап етеді. Ал ол өз кезегінде
іс-шаралардың көркемдік-бейнелік шамасына, яғни оның толымдылығына
байланысты еді.
Азамат соғысының соңғы жылдарында танымал болған әуесқой театрдың тағы
бір үгіттік жанры – митинг-концерт өмірге осындай сұраныстан келген.
Митинг-концерт музыкалық-ағарту жұмысының да функциясын атқарған. Алайда,
мұнда да үгіттік сипат табиғаты бұзылмай, қойылымның тек көркемдік-
бейнелілігі артады. Шешен сөзімен концерттік шығармалар реттілік заңымен
ауысып орындалатын митинг-концерттің тақырып мазмұны белгілі оқиға
желісін немесе революция қайраткерлерін ескеа алу салтанатына құрылады.
Азамат соғысы жылдары театр өнерінің тағы бір жанры -бұқаралық
театрландырылған қойылым да көркемөнер шығармашылығы-көркемдік өмірде өз
орнын алады. Қойылым сол кездің ерлік рухын, дәстүрін суреттеген
театрландырылған героикалық спектакль болатан. Оның да драматургиялық
негізін революциялық идея құрады. Өнердің бұл түрінің басқа театр
жанрларынан ерекшелігі - бұқара - көпшіліктің орындауына негізделіп,
нақтылы сөз тіркестерінің болмауы. Текст окиға желісінің өрбуіне байланысты
табан аста айтылып шығарылатын болған. Бұқаралық қойылымның тағы бір
ерекшелігі - оның көркемдігі, эмоциялық әсерлілігі қатысушы топтардың қимыл-
әрекетіне, орындалу ретінің сақталу деңгейіне, ишаралы сияқты тағы басқа
кинетикалық құралдарды қолдану ырғақтарының лайықты орындалуына байланысты
еді. Қойылымның басты міндеті - үгіттік табиғатты сақтай отырып,
көрермендеріне жаңа өмір өркениеттілігін, салтанатын дәріптеуден гөрі
өмірді басқаша бастау қажеттігін дәлелдеп, соған сенім орнықтыру мақсаты
болатын. Бұқаралық қойылымды ұйымдастыру, дайындау аса күрделілігімен
дараланған. Оны ұйымдастыру, дайындау материалдық-техникалық құрал
толымдылығына ғана емес, режиссерлік көрегенділік пен білімпаздыққа,
тәжірибе молдығы мен суреткерлік қиял байлығына да тәуелді еді.
1919 жылдың соңын ала сахна төріне клубтық театрдьң клубтық
инсценировка деп аталатын жаңа формасы шығады. Клуб инсценировкасы екі
бағытта өрбиді. Бірінші бағыттағысының репертуарлық негізінде революция
барысындағы оқиғалар арқау болса, екінші бағытындағысының тақырыптық
мазмұны негізінен жергілікті оқиғалар, яғни еңбекшілердің еңбек өнімділігі,
тұрмыс-салт жағдайн, көркемөнер шығармашылығы-көркемдік, танымдық өмір
өзгерістері т.б. құрады. Клуб инсценировкасының басты ерекшелігі - оның
драматургиясын әлеуметтік тапсырыс бойынша маман драматургтер жазбайды. Ол
драматургия негізіне нақты, жергілікті фактілерді арқау өткен, мазмұны
бойынша романтикалы-героикалық спектакль сипатындагы клубтық шығармашылық
форма болатын. Клуб жұмысының осы формасы уақыт талабымен үндесіп, күні
бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Қорыта айтқанда, кеңес үкіметінің
қалыптасуы кезіндегі уақыт талабы, жаңа мемлекеттік құрылымның идеологиясы,
саяси міндеттері, тақырыптық түрі, мазмұны, құрылымдық түрі, орындаушылық
стилі жағынан өзгешелігі бар, бұрын қолданылмаған үгіттік клубтық
театрларды өмірге әкеледі. Олардаң барлығы да саяси міндеттөр талабы
үдесінен пмга білдт, сондыктан да мемлекет, қоғамдық құрылымдардан қолдау
көреді. Өзіндік қолтаңбасы бар, тұүрпайылау даяр үлгіге үйірсек схематизмді
клубтық театр жанрларының пайда болып қалыптасуына бір жағынан сол кезде
көтерілген "пролетарлық көркемөнер шығармашылығыеттің буржуазиялық
көркемөнер шығармашылығыеттен бөлек болуы керек деген саяси ұран да
себепші болды.
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында бұқара қауымның көркем-өнерге
құштарлығы оянып, мыңдаған үйірмелер ашылады, Бұл - тарихи шындық. Сонда
бұған тек революция идеясы мен оның іс-шрасы, үндеуі, яғни саяси аяғы шарт
қана себеп болды ма? Бір жағынан бұл да себеп болды. Бірақ басты себеп
революция әкелген психологиялық өзгеріс пен ішкі сезім-күйді, қоғамдағы өз
меніңді білдіру, жаңа өмірге қуаныш, оны қолдау сияқты адамдардағы сезім-
пиғылдар болса керек. Шындығында, еңсені езген монотонды, ауыр жұмыс,
күйбеңі көп жұпыны тұрмыс-күй, әлеуметтік теңсіздік, адамдардың санасына
осы құбылыстарға қарсы контрасты көңіл-күйдің көтеріңкілігін калайтын, сән-
салтанатқа ие болу тілегі мен бақытты өмір белестеріне деген іңкәрлікті,
прогреске деген құштарлық үмітті білдіретін эмоционалдық ашқарақтықты
оятады.. Осындай көңіл-күй күйкылжуларына қанағат табу мақсатында еңбекші
қауым клуб жұмысына, ондағы көркемөнер үйірмесіне қатысады. Н. К. Крупская
1921 жылы жазған Саяси бас басқарма және өнер деген мақаласында Қазан
революциясының идеясы бұқара санасына, оның өмір сүру әдеттеріне үлкен
өзгеріс жасап, өмірінің эмоционалдық жағына, оның өте нәзік тұстарына
жаңғырту мен серпіліс акелгенін айтады. Осыдан келіп, бұқараның өнерге бет
бұрғандығы, өнер көмегі арқылы өз әлемін билеген түсінікті, тілекті,
үмітті, сағыншты т.с.с. көңілякүй сәттертн көркемдеуге, орнықтыруға
тырысудың, оған ұмтылыстың орасан зор болғандығы айтылады.
Қорыта айтқанда, Кеңес үкіметінің қалыптасу жылдарында сол кезеңнің
қиындығына қарамастан, өзіндік бет-бейнесі, қолтаңбасы, бұрын қолданылмаған
құралдары бар көркемөнердің ерекше түрлері үгіттік формасы қалыптасады.
Қатысушылар қатарының толығу себебі мына жағдайларға байланысты болы.
Біріншіден, үйірмеге қатысушлар қоғам өзгеріс сипатына сай өздерінің ішкі
толғаныс сезім күйлерін, жаңа өмірге көзқарасын, ондағы өз орнын, уақыт
табын сезіну, оған қатыстылық пиғылдарын өздеріне түсінікті тұрпайы, даяр
қалпында үйірсек, сырттай еліктейтін нақты, әрі түсінікті суретті
көркемөнер арқылы білдіруге тырысада. Екіншіден, өнер әлеміне қатысу -
басым көпшілік қауымға таңсық құбылыс болғандықтан, қызығушылық сезімі
басты себеп те болған.
Кеңес үкімтінің алғашқы жылдарында Қазақстанда көркемөнер қалай жолға
қойылды? Оны нығайту жолында қандай шаралар атқарылды. Жергілікті тұрғын
қалақ халқтың дәстүрлі коркемөнерін дамыту мәселелері шешімін қалай тапты?
Азамат соғысы мен шет ел интервенттеріке қарсы күрес жылдарында
көркемөнерпаздылықты қолға алу мәселесі ұлттық республикалардың көркемөнер
шығармашылығы-ағарту жұмыстарының да басты назарында болады. Көркемөнер
шығармашылығы-ағарту жұмыстарының басты салаларының бірі - көркемөнер
Қазақстанда революция жылдарында жаңа түр мен мазмұнда қалыптаса бастайда.
Революция жариялаған мұраттар басшылыққа алына отырып, көркемөнерпаздылыққа
мемлекеттік демеу, қоғамдық қамқорлық жасалынып, олардың тыныс-тіршілігіне
бағыт-бағдар беру мәселесі мемлекеттік дәрежеде қолға алынады. Айталық,
1978 жылдың шілде айында Түркістан АКСР Халық комиссариаты жанынан халық
өнеріне арнайы басшылық жасайтын "Театрдың көркемөнер шығармашылығы-ағарту
Комисиясы" құрылды. Мұндай басқару жүйесі қырғыз қазақ ревкомының жанынан
да құрылады. Басқару жүйесінің ішкі құрылымында арнаулы көркемдік бөлімдер
: тео теат, изо бейнелеу өнері, музо музыкалық ағару, лито әдебиет
жұмыс жасаған, Бұл көркемдік бөлімдердің негізгі атқарар міндеттері
халықтың көркемдік-эстетикалық дамуын кешеуілдетпей ұлттық өнерді қалауға,
оның өркен жаюына қамқорлық жасау болатын. Жергілткті жер жағдайында
губерниялық атқару комитеттері бастаманы басшлыққа ала отырып, осындай
түбегейлі іс-шараларды жүзеге асырумен айналыса бастады. Айталық, Семей
губерниялық атқару комитеті өзінің 1918 жылғы наурыз айының 22 күнгі
Мәжілісінде халықтың эстетикалық талабын орындау мақсатымен жылжымалы
труппалар ұйымдастыру белгіленіп, қазақ ақындарының тобы құрылады. Сол жылы
Семей қаласында Өнер қызметкерлерінің серіктестігі деген қоғам да
құрылады. Семей губерниялық атқару комитетінің 1918 жылдаң 22 наурызындағы
мәжіліс шешімі ауесқой ойын-сауық театр жұмыстарын ұйымдастырып, оны жолға
қоюда маңызды орын алды. Мәжіліс шешімдері бағдарға алынып, жер-жерде
драмалық үйірмелер ашылады, Өнер қызметкерлері серіктестігі қоғамды мен
драма үйірмелерінің жетекшілері өзара келісе отырып, 1920 жылы 10 мамырда
болашақта театр қозғалысының жетекшілігіне айналатын орталықтандырылған
театр тобын ұйымдастырды. Кейін осы топтың негізінде Семейдегі Абай
атындағы және А. В. Луначарский атындағы драма театрларының негізі
қаланады.
Қазақ ұлттық көркемөнерінің қалыптасуына, дамуына ұлттық Жігер, іс-
аймақ көркемөнер шығармашылығы-ағарту ұйымдарының іске асырған жұмыстары
да аса маңызды орынға ие болды. Ес-аймақ қоғам Семей қаласындағы қазақ
демократ жастарының алғаш рет ұйымдасқан көркемөнер шығармашылығы-ағарту
ұйымы болды. Ұйымның басты мақсаты-ұлттық ойын-сауық кештерін, спектакльдік
қойылымдар көрсету арқылы халықтың эстетикалық сұранымын қанағаттандыру,
олардың арасына білім тарату сана-сезіміне қозғау салып, жаңа қоғамдық
көзқарас қалыптастыру болатын. Қазақ кеңес кәсіптік театры мен кино
өнерінің көрнекті өкілдері Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Жұмат Шанин, Қали
Байжанов, Жүсіпбек Елебековтер өздерінің өнер жолдарын осы Ес-аймақ
қоғамы ұйымдастырған көркем үйірмеден бастаған болатын.
Қазақ әдебиетінің алыбы Мүхтар Әуезов осы ұйым өмірімен тығыз
шығармашлық байланыста болып озі жазған сахналық қойылымдарының
режиссерлік түсіндірмелерін, сахналық шешімдерін қадағалап отырған,
М.Әуезовтің Еңлік – Кебек, Ел ағасы, Бәйбіше-тоқал, Қаракөз
пьесалары Ес-аймақ труппасының репертуарынан берік орын алады, Сондай-ақ,
Сакен Сейфуллиннің Бақыт жолына, Қызыл сұңқарлар, Жебір болыс, Алтын
сақииа, Бетім-ау, құдағи, Сылаң коз пьесалары да труппа репертуарына
қабылданып, сахналанады.
Сeмей қаласында туысқан татар жастарының да Көркемөнер
шығармашылығыет атты көркемөнер шығармашылығы-ағарту қоғамы, драмалық
үйірмелер, ойын-сауық кештерін ұйымдастырып, концерттер өткізіп тұрған.
Ұлттық үйымдар үнемі шығармашылық бірлестікте, қарым-қатынаста болып, өзара
ортақ іс-шараларды жүзеге асырада.
Олардың бірлескен шығармашылықтарынан туған Семей өңіріне, кейін бүкіл
Қазақстанға танымал болған Шығыс кеші атты кең көлемді театрландырылған
ойын-сауық бағдарламасы қашан да халық сұранымында болды. Шығыс кеші ойын-
сауық бағдарламасының, оның құрылымдық ерекшелігі мұнда негізінен тұрмыс-
салт, ұлттық мерек, кәде, рәсім, әдет-ғұрып, ойын -сауық элементтерінің
үйлесімді көрініс табуында. Сондықтан да ойын-сауықтың тақырыптық өрнегі
мен мазмұны осы ерекшелікке сай оның талаптары негізінде өріліп, құрылуына
өзгермелілік сипат алып отырған. Мұндай ерекшелік ойын-сауықты
ұйымдастырушылардан шығармашылық жауапкершілік сұранысты талап етеді. Ойын-
сауықты өткізу, оның көркөмдік деңгейі мен құны көп жағдайда оны
жүргізушілердің шеберлігіне, атап айтқанда білімдаралығына, көркемдік ойлау
деңгейінің дәрежесіне, дүние таным кемөлдігіне, шешендігі мен тапқырлығына,
табан асты қисынды шешім қабылдау мен кештің өтілу реттілілгін қатал сақтай
білу сияқты қабілетіне байланысты болған [4].
1.3 Көркемөнер шығармашылығының шетелдік тәжірибесі
Орыс өнерінде және көркем шығармашылық салада кешенді, көп қырлы
үдерістер орын алды. 90-шы жылдардағы ең көрнекті ерекшеліктердің арасында
коммерциализация, идеологиялық шектеулердің жоқтығы және Батыс бұқаралық
көркемөнер шығармашылығыетінің зор ықпалы бар. ХХ ғасырдың соңғы онжылдығы
ресейлік азаматтарға бұрын қол жетімсіз болатын өнер туындыларын
қайтаруымен ерекшеленді. Жеке кітап басып шығару жылдам дамыған. Анна
Ахматованың, Марина Цветаеваның, П. Васильев, Владимир Набоков, Булгаков,
Солженицын, Бродский I., Максимов, және басқа да көптеген - сөрелерінде
бұрын көрнекті орыс жазушылар, ақындар, ойшылдардың жұмыстарын жүргізуге
тыйым салынды. Орыс оқырмандары елде жарияланбаған әлем әдебиетінің
еңбектерімен танысуға мүмкіндік алды. Жаңа газеттер мен журналдар түрлі
талғамға арналған. Ресеймен қарым-қатынастардың қалпына келуі бұрын
көркемөнер шығармашылығыет қайраткерлерін тастап кеткен. Көркемөнер
шығармашылығы мұраны сақтап қалу, орыстар өнерінің жоғалтылған шығармаларын
әр жылдары орыс тілін қайтару жөніндегі орасан зор жұмыс Ресей Көркемөнер
шығармашылығыет Қорымен жүзеге асырылды.
Әдебиетте отандық реалистік дәстүрлерді дамыту жалғасты. Осыған орай,
олар өз жұмыстарын В. Распутин, Михаил Алексеев, Юрий Бондарев, Г.
Бакланов, және басқалар жалғастырды. Сонымен қатар кейінгі заманауи түрде
жұмыс істейтін өте танымал жазушылар айналды. Осы үрдісті ұстап отырғандар
үшін қоғам мен морализмді қабылдамау тән. Әдебиеттің эстетикалық маңызы
алдыңғы қатарға шығарылады. Сонымен қатар, авторлар әлеуметтік идеалдың
болу мүмкіндігіне күмәнмен қарайды деп аталатын бұл әдеби әдебиет
белгілері арасында: актінің артсақ, әлеуметтік таптық таңбалар, aphoristic
мәтін жұмыстар, нақты идеялар болмауы және ирония бүкіл жұмысын тараған.
Жаңа экономикалық реалиялар орыс киносының дамуына айтарлықтай әсер
етті. Мемлекеттік қолдаудың болмауы фильмдерді шығарудың күрт төмендеуіне
әкелді. Егер 1992 жылы 178 фильм түсірілсе, ал 1995 жылы - 46 ғана болса,
1990 жылы ресейлік кинофильмдер нарығында батыс таспалар басым болды.
Тәжірибелі және бастаушы ресейлік кинематографистер кинематографтың
экономикалық тиімділігі мәселесіне тап болды. Бұл өнер формасын
коммерцияландыру, ең алдымен, оның проблемалары мен стилистикасы. Егер 1990-
шы жылдардағы қылмыстық-іздестіру сипаттамалары жеткілікті түсті
көрініс тапса, оң уақыттың кейіпкері туралы мәселе ашық болып қала
береді. Отандық киноиндустрияның кинорежиссер Н. Михалков, Владимир
Тодоровски, Эльдар Рязановтың, С. Бодров және тағы басқа елеулі жауап болып
табылады. Елде Сочидегі Кинотаврдың жыл сайынғы Бүкілресейлік кинофестивалі
өтеді. 90-шы жылдардың соңында Халықаралық Мәскеу кинофестивалі қайта
жанданды. Дамыған даму, отандық теледидар сериясын ерекшеленбейді, алайда
үлкен тақырыптық әртүрлілікке ие.
Музыкалық өнімді одан әрі дамыту. Бір жағынан, классиктердің білгірі
симфониялық жұмыстарды, опера және балет спектакльдер атақты дирижер мен
орындаушылардың концерттері қатысуға мүмкіндік алды. Екінші жағынан, 1990-
шы жылдары ұлы стилді әртүрлілігімен және кең аудиториямен таныстыруымен
ерекшеленетін жаңа жастар музыкалық көркемөнер шығармашылығыетінің қарқынды
даму кезеңі болды.
Онжылдықта көптеген жарқын театр қойылымдары пайда болды. Танымал
театр ұжымдарымен қатар, жаңа театрлар мен студиялар құрылған. Жаңғыртылған
қойылымдар - кәсіпкерлер. Көрерменнің бастапқы режиссердің шешімдері, ескі
және жаңа театрландырылған жұлдыздар ойындары көп тартылды. Бейнелер,
стильдер мен тақырыптардың алуан түрлері бейнелеу өнеріне тән. Тұтастай
алғанда, көркемөнер шығармашылығыеттің дамуы 90-шы жылдардағы ресейлік
өзгерістердің толық емес және сәйкессіздіктерін көрсетті. Елдің рухани және
көркемөнер шығармашылығы даму перспективалары тікелей басталған
реформалардың табысына тікелей байланысты болды [5].
2 КӨРКЕМӨНЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН БОЛАШАҒЫ
2.1 Көркемөнер шығармашылығының негізгі кезеңдері мен оның жүйесі
Көркемөнер шығармашылығықтың негізгі сатыларын атап көрсетсем: бірінші
кезең - түпкілікті талдауда шындықты бейнелеудің салдары ретінде туындайтын
көркемдік дизайнды қалыптастыру; Екінші кезең – жұмыстың жасалуы. Өнер
адамның іс жүзінде рухани саласының қозғалысын қамтиды. Біздің сана-
сезіміміздің саласы объективті әрекет ететін пәннің әлемін көрсетеді.
Барлық шығармашылық процесс мазмұн мен форманың диалектикалық өзара
әрекеттесуімен сипатталады. Көркемдік пішін - бұл мазмұнды материалдандыру.
Жұмыстың мазмұнын ашатын шынайы суретші әрқашан өнер заттарының
мүмкіндіктерінен шығарады. Әрбір арт-форманың өзіндік материалы болады.
Мәселен, әдебиетте - бұл сөз, музыкада - бұл дыбыстар, мысалы, тонна,
ұзақтығы, биіктігі, дыбыс күші. Суретшінің материалының дұрыс таңдалуы
шындықтың эстетикалық қабылдауына сәйкес келетін шынайы өмір бейнесін
береді. Жалпы, кез-келген өнер туындысы көркем сурет пен материалдың
үйлесімді бірлігі ретінде көрінеді. Осылайша, көркем нысан - тұтас
элементтердің механикалық комбинациясы емес, екі қабат - ішкі және
сыртқы нысанды қамтитын күрделі білім жүйісі ретінде қарастырылады.
Төменгі деңгейде орналасқан нысанның элементтері ішкі өнер нысанын және
жоғарғы деңгейде орналасқан элементтерді - оның сыртқы формасын құрайды.
Ішкі формаға мыналар жатады: сюжеттер мен кейіпкерлер, олардың өзара
байланысы - көркемдік мазмұнның бейнелі құрылымы, оны дамыту тәсілі. Сыртқы
пішін барлық көркем-бейнелеу өнерін қамтиды және ол мазмұнды жүзеге
асырудың тәсілі ретінде әрекет етеді. Пішіннің элементтері: композиция,
ритм - бұл қаңқалық, көркемдік-пішінді өнер туындысының негізі, сыртқы
форманың барлық элементтерін біріктіреді. Көркемдік мазмұны материалдандыру
процесі тереңдіктен бетіне қарай жүреді, мазмұны барлық деңгейдегі пішінді
өткізеді. Өнер туындысын қабылдау керісінше болып келеді: алдымен сыртқы
пішінді, содан кейін тереңдікке еніп, ішкі пішіннің мағынасын ұстаймыз.
Нәтижесінде біз көркемдік мазмұнды толық меңгердік. Демек, нысанның
элементтерін талдау өнер туындысының нысанын неғұрлым дәл анықтауға
мүмкіндік береді. Көркемөнер шығармашылығының формасы - бұл ішкі ұйым,
экспозициялық көркемдік мазмұнды білдіру үшін осы өнер формасының керемет
құралдары деп білеміз.
Өнер туындысында тақырып және идея аса маңызды рөл атқарады. Тек осы
санаттар адамның ішкі әлемінің құрылысында өнердің өзіндік әрекет ету сәтін
түсінеді. Олар әлемнің қажеттіліктеріне негізделген адам әлемінде орын
алатын және қажет ететін орынды көрсетеді. Егер өнер - бұл сезімнің
әлеуметтік әдісі болса, онда бұл сезімдерді қалыптастыру жолдары мен
механизмдері болуы керек. Сондықтан адам шындықының семантикалық мазмұнын
көрсете аламыз. Демек, адам рухы қызметінің мазмұны мен формасы тарихи
тұрғыдан нақты құбылыс. Эстетикада ол тақырып пен идея секілді санаттарға
түседі. Тақырып - бұл өнер туындысында көрініс тапқан мазмұнның анықтығы.
Мысалы, Лермонтовтың Отаным поэмасында Отанға деген сүйіспеншілік
Левитан, Шишкин секілді табиғат сезімі болуы мүмкін. Тақырыбы адамның
білімге деген қарым-қатынасы болуы мүмкін, мысалы, сәулетші Пятницкий Қазан
университетінің ғимаратының жобасы. Тақырып адамзат қоғамының өмірімен
анықталады, бұл олардың маңызды сәттері. Аналар тақырыбы, әке болу, әкелер
мен балалар арасындағы қарым-қатынас, махаббат, батырлық және т.б. Әрине,
осы тақырып, адамға тікелей қатысты. Ол осы маңызды сәттерді оқшаулау
керек, олардың маңыздылығын түсінуі керек. Сондықтан өнерді идеялардың
күресі өрісі болып табылатын тұтас үдеріс ретінде елестетуге болады. Әлемді
интерпретациялауда тұрақты жаңа нәрсе енгізу. Мазмұн мен нысанның өзара
әрекеттестігі учаскелер мен сюжеттер санаттарында да байқалады. Фабула -
бұл жұмыстың сырттай сыртқы сызбасы. Әдеттегі әңгіме-көркем өнер бүгінгі
күні абсурдтық жағдайға әкелді. Жұмыстың сюжеттік қабаты - бұл мазмұнды
құрайтын әрекеттер мен қарсы әрекеттер кешені. Сюжет әртүрлі өнер түрлеріне
тән, өйткені бұл рухани әрекеттер мен қарсы әрекеттер кешені. Бұл қабат
архитектура, мүсін және музыка сияқты нақты құралдармен ойнатылуы мүмкін.
Өнердегі жанрлық пішін. Жанр бір нысанда немесе белгілі бір мазмұнды
көздейтін өнердің басқа түрінде қалыптасқан тарихи нысаны болып табылады.
Әнұран бейнесі, портрет, натюрморт, бейнелеу өнеріндегі карикатура,
симфония, музыкадағы соя, әкімшілік ғимарат, көркемөнер шығармашылығыет
сарайы, университет, шіркеу, архитектурада мешіт және т.б. жанр категориясы
мазмұнды қалыптастыруға арналған сәтті көрсетеді. Мұны мұздатылған мазмұн
деп айтуға болады. Жанрдың санатында адамзаттың шындықты көркемдік
меңгеруінде туындайтын процестер туралы түсінік береді. Біз көркемдік даму
үдерісінде пішіннің маңыздылығын түсінеміз. Жұмыстың нысаны біздің
субъективті ойлау нысандарымен байланысты. Әрине, біздің ой-санамызда
туындайтын бейнелер қиял күшімен жасалады. Демек, жанр өте маңызды, ол
толық семантикалық имидж жасау үшін адамның қиялын іздестіру жұмысын
түзетеді. Шындықпен өзара әрекеттесу процесінде мидың белсенділігі
ойластырылған объекттің имиджін жасағанда, біз ақыл мен қиялдың үйлесімді
жұмысын көреміз. Сондықтан жанр - біздің субъективтіліктің белсенділігі
үшін белгілі бір дайын модель. Тарихи дамып келе жатқан жанрлардың қоғам
өмірінің мазмұнымен байланысты екендігі анық. Ежелгі эпос қоғамның рухани
мифологиялық түрімен байланысты, қиял адам мен объективті шындық арасындағы
байланысты қалпына келтіруге тырысты. Өнердегі жанрлар барлық тарихи
процестермен, оның барлық мазмұнымен тығыз байланысты деп айтуға болады.
Жанрлық өнердің бөлінуі көркем үдерістің даму деңгейі мен оның өмір
салтымен, әлем көзқарасымен, саясатымен, сыныптардың, өнер мен экономика
арасындағы өзара байланыс.
Өнердегі пішін қалыптастыру үдерісіне енген сыртқы әлемнің
заңдылықтарын, ритм, контраст, ұқсастық, антитез, симметрия, ассиметрия
секілді заңдылықтарын белгілеуге болады. Ритм - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz