Қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарының іскерлік стратегиясына жаңа технологияларды енгізу


КІРІСПЕ
Әлемдік қонақ үй шаруашылығы бүгінгі күні - өз көлемі бойынша жаһандық, интеграцияланған және қызмет көрсету сферасының динамикалық саласы, ол нарықтық экономика, халықаралық еңбек бөлінісінің объективті заңдылықтары, өндіріс интернализациясы принциптеріне негізделеді.
ХІХ ғасырдың аяғы қызмет көрсету саласының, әсіресе, әлемдік қонақ үйлік индустрияның көшбасшылары болып саналатын және осы саланың басқа мемлекеттерде дамуына әсерін тигізетін постиндустриалды мемлекеттерде жаппай дамуымен сипатталады.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Бүгінгі таңда қонақ үй туризмнің маңызды саласының бөлігі болып саналатын қонақжайлық өнеркәсібінің құрамды бөлігі болып табылады. Қонақ үй қызмет көрсетулерін өндіру мен тұтынуда сапа аса үлкен маңызға ие болады. Сапалы қызмет көрсетусіз қонақ үй өзінің мақсат-мүдделеріне жете алмайды. Сонымен қатар орналастыру құралдарын категориялау мәселесі сапаны басқару көзқарасы тұрғысынан аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Осыған орай дүниежүзілік тәжірибеде орналастыру құралдарын категориялау мәселесін шешуде бірнеше бағыт белгіленген. Қонақ үй бизнесін басқаруда маңызды мәселелердің бірі болып кадрлар мәселесі табылады. Қонақ үй қызмет көрсетуінде қызметкерлердің мәдени түрде қызмет көрсете білуі адам рерсурсының маңыздылығын растайды.
Қонақ үйлік шаруашылық - орналастыру құралдарында - орналастыру қызметін ұсынатын кәсіпорындарда уақытша тұруға мамандандырылған қызмет көрсету сферасының секторы. Мұндай кәсіпорындар қонақ үйлер, мотель, кемпинг, турбаза, пансионат және т. б. болуы мүмкін.
Айта кететін жайт, көп жағдайларда қонақ үйлік шаруашылық орналастыру орнындағы тамақтандырумен де айналысады және одан мүлде тәуелсіз бола алмайды (Рокко Анджело мен Эндрю Владимирдің анықтамасы бойынша қонақжайлылқ индустриясы - қысқа мерзімдегі тұру және/немесе тамақтандырумен қамтамасыз ету болып табылады) .
Қонақ үйлік шаруашылық-туристік-экскурсиялық қызмет көрсету жүйесінің негізгі нысаны. Саяхаттау барысындағы туристке көрсетілетін қызметтер кешенінің арасында қонақ үйлік қызмет көрсету орталық орын алады. Белгілі бір қызмет көрсету жиынтығы бар уақытша тұру орны, орналастыру құралы кез-келген туристік бағдарламаға, әрбір турға кіреді.
Қонақ үй шаруашылығы немесе қонақ үйлік индустрия қонақжайлылық саласының ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол мейрам хана, кафе, көлік, экскурсияларды туристік - экскурсиялық қызмет көрсету желісіне байланыстырады.
Қызмет көрсету сферасы ретінде қонақ үйлік шаруашылыққа барлық мінездемелер сай. Қызмет көрсету сферасы материалдық және материалдық емес өндіріс сфераларының байланысы үрдісінде пайда болады және еңбектің тұтынушылық бағасы, зат ретінде емес, қызмет ретінде қолданылатын қызметке негізделеді.
Соңғы жылдары Қазақстанда қызмет көрсету саласы барлық бағыттар бойынша біртіндеп дамып келе жатыр, негізінен, халыққа қызмет көрсету, яғни жеке тұтынушылық қызметі. Әсіресе туристік - қонақ үйлік қызмет көрсету бойынша инфрақұрлымының дамуынсыз мүмкін емес.
Тәжірибе мен теорияда «қонақжайлылық индустриясы» түсінігі көп таралған. Нарықтық экономикада қонақжайлылық индустриясы ретінде, қонақтарға қызмет көрсетумен байланысты, қызмет нарығындағы кәсіпкерлік қызметі түсіндіріледі. Қонақжайлылық индустриясына қоғамдық тамақтануды, дене шынықтыру, спорттық және басқа да ойын - сауық түрлерін ұйымдастыратын демалыс саябақтары және қонақ үйлер кіреді.
Экономикалық әдебиеттерде және тәжірибеде «қонақ үй» түсінігінің нақты анықтамасы көрсетілмеген. Көбінесе оны латын сөзі «hospitalis» (қонақжай), ағылшынша «hospitality» (қонақжайлылық), француз сөзі «hospice» (өзгеше қабылдайтын үй) сөздерімен байланыстырады. Басқа да жорамалдар бар, соның негізінде, қонақ үйлер үйінен қашықта орналасқан адамдарға ұсынылатын кешенді қызметтер, соның ішінде - орналастыру мен тамақтандыру қызметтерін ұсынатын кәсіпорындар саналады.
Қонақ үйлер әлеуметтік саланың қызметті элементі болып есептеледі және қоғамдық өндіріс тиімділігінің жоғарылауында және халықтың өмір сүру деңгейінің өсуінде үлкен роль атқарады. Қонақ үйлік бизнес- Қазақстандық нарыққа үлкен потенциал және барлық деңгейдегі бюджетке тұрақты табыс әкелетін перспективті және қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі болып есептеледі. Сол себепті де жылдан-жылға әлемде қонақ үйлер саны өсіп келеді.
Курстық жұмыстың мақсаты. Курстық жұмыстың мақсаты Қонақ үй секторының ерекшеліктерінің мәнін ашып, оның қалыптасуын, қазіргі жағдайын, қызмет көрсету секторының түсінігін, олардың классификациясын, мәселелері мен туризм дамуына әсерін қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері . Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
1. Қонақ үй индустриясының қалыптасуын және оның қазіргі жағдайын көрсету, яғни тарихи аспектілерін, Қазақстан территориясында қонақ үйлердің пайда болуын қарастыру;
2. Қонақ үй шаруашылығы қызмет көрсету секторын, түсінігін, сипаттамасын және ерекшеліктерімен таныстыру;
3. Әлемдің қонақ үйдің классификациясын талдау;
4. Қазақстан қонақ үй шаруашылығының мәселелерін және оның туризм дамуына әсерін анықтау.
Зерттеу объектісі. Курстық жұмыс істеу барысында, мен, зерттеу объектісін «Rixos» қонақ үйін алдым.
1 ҚОНАҚ ҮЙ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
1. 1 Қонақ үй шаруашылығының тарихи аспектілері
Қонақ үй шаруашылығының тарихы мен қазіргі жағдайын айтпас бұрын «қонақ үй»сөзінің анықтамасын біліп алумыз керек. Сонымен, қонақ үй дегеніміз уақытша тұруға арналған кәсіп орын. Қонақ үйде рұхсат етілетін минималды бөлмелер саны 10 болуы тиіс. Қонақ үй бұлқолданушыларға қаражат деңгейіне байланысты номер түрін ұсынатын, тәулік бойы технологиялық процессте жұмыс істейтін, негізгі қызмет пен қоса қосымша қызмет түрлерін көрсететін, өнімдерін ұсынатын және ыңғайлық пен комфорт тудыратын ғимарат.
Ал қонақжайлылық - кез келген қамқор қызмет көрсетушінің құпиясы. Туристік қызметтер өндірісі мен демалыс орнының жайлылығы, қызметкерлердің жақсы қызмет көрсетуінің үйлесімділігі [1] .
Ең алғаш рет қонақ үй өнеркәсібі түсінігі антика заманында қолданыла бастаған. Антика заманы тарихи ғасыр ретінде белгілі. Бұл мәдениет әлемі және қайталанбас тағдырымен және жекелігімен тарихи ортада өмір сүрген адамдар әлемі. Ең алғаш рет қонақ үй өнеркәсібі туралы ескі манускриптерде - Вавилонның патшасы Хаммурапидің кодексінде таверналардың иелеріне билік жөнінде әңгімелерді жеткізіп отыруын жүктеген. Келушілердің құрамы әртүрлі болған. Кейбіреулері «қонақжайлық» сөзі ескі француз сөзі «ospis» - біртүрлі қабылдау деп жобаласа, енді біреулері латын сөзі «hospitalis» дегенді яғни - қонақжайлық дегенді білдіреді деген. Қонақжайлар - дәл осылай антика дәуірінде өз үйінде жанұясымен қоса күтетін адамдарды атаған. Қонақжайлармен шетелдік мемлекеттер қарсылықты көмек, достық және қорғаныс жөнінде келісім құрған. «Қонақжайлық» түсінігі адамзат өркениеті сияқты ескі түсінік. Қонақ үйдің ең алғаш шығуы, адамдарға қызмет көрсету кәсібімен, түнгі жатар орнына тоқтау себебтерімен тікелей байланысты. Қонақ үйлер әдетте бір елмен басқа елдерге баратын басты жолдардың бойында орналасады. Сонымен бірге жолаушыларды күтумен қатар, қонақ үйлерде үкімет қызметкерлерімен өкілдер жұмыс жүргізеді. Қонақ үйлерде адамдарға түнеу, баспана, сол жерде тамқтандырады, аттарын ауыстырады. Орта ғасырларда Еуропада тұрақты аулалар монастырлар кезінде соғыла бастады. Шіркеу жолаушылары діни қызметкерлерге, әулие жерлерге саяхаттаушыларға арнап қонақ жайлар ұйымдастыруды міндеттеді. Уақыт өте келе тегін қонақжайлылықтан кіріс табуға есептелінген мекемелерге айналды. Алғашқы қонақ үйлер бастамасы Таяу шығыста, Орталық Азияда және Кавказияда орын ала бастады. Шөл далалар мен таулы үстірттерде саудагерлер тауар керуендерімен жолаушылайды. Олар әдетте шатырларда, кеу кездері керуен сарайларда, әр түрлі қонақжай кешендерінде, адамдардың арнайы түнеу орындарында жайғасты. Сауда байланысының дамуына байланысты Еуропада қонақжай шаруашылығының біршама өсуіне әкеп соқтырды. Мысалы XIV - ғасырда Миланда 150 қонақ үйі орын алды. Дегенмен ол кезеңдегі қонақжай шаруашылығы ең төменгі сатыда еді. Қонақ үйлерде ешқандай жағдай болмады, санитарлық деңгейі өте төменгі жағдайда болды. XVIII-XIX ғасырлардағы мемлекетаралық экономикалық және саяси байланыстардың өсуі, Еуропа қалаларындағы қонақ үй шаруашылығының тез дамуына ықпал етеді. Қонақ үй жұмысы үлкен табыс әкелетін маңызды салаға айнала бастады. XIX ғасырдағы өндірістердің дамуы қонақжайлығы, туризмнің дамуымен байланысты. Теңіз жағалауларында, минералды су көздері маңында табиғаты керемет орындарда ірі және ұсақ қонақ үйлер құрылыстары бой көтере бастады. Олардың уақыт өте келе техникалық жабдықталуы, қонақтарға арналып өте ыңғайлы жағдай жасалынып қызмет көрсетудің әдістері және түрлері өзгерді. Экономиканың бұл облысында компаниялар, акционерлік қоғамдар, корпорациялар және синдикаттар пайда бола бастады. Осындай біріккен ірі мекемелер өз еліндегі қонақ үй шаруашылықтарын басқара отырып, сондай - ақ басқа мемлекеттерде қонақ үй тұрғызумен айналысты. Лондонда қонақ үй синдикаты, Францияда «Қонақ үй қожайын одағы» құрылды. Бұл мекемелердің жеке иегерлері нөмірлерге бағаларын белгілеп, қонақ үй қызметкерлері мен мамандар даярлап туризмнің дамуына жағдай жасады. 1906 жылы «Халықаралық қонақ үй иелерінің одағы» құрылып, әр түрлі әлем елдерінің 1700 қонақ үй иегерлерін біріктірді [2] .
Қонақтарды қабылдау үшін салынған ең ежелгі үйлерге таверналар жатады. ХХ ғ. басында б. э. д. 1792-1750 ж. ж. аралығында өмір сүрген вавилондық патша Хаммурапидың заңдары ойылып жазылған адам бойымен бірдей қара тас табылды. Хаммурапи заңдарын таверна иелері үкіметке жеткізіп отыруы тиіс болды. Жеткізбеген жағдайда өлім жазасына кесілді. Сол кездегі таверналар теріс жағынан танымал болды.
Ежелгі Шығыс мемлекеттеріндегі үлкен каравандарға жиналып, түйемен серуендеу кең таралды. Караван жолдарында түнеуге арналған шатырлар кездесетін. Басқыншылардан сақтану мақсатымен, каравандар шіркеулік қабырғалармен қоршалған, түйелерге арнайы орны бар, қонақ үйлік кешен ретіндегі караван-сарайларда жиі тоқтайтын. Азиядағы саяхатшыларға ұсынылған жайлылық Европамен салыстырғанда ілгері болды. Рим империясының гүлдену шағында да саудагерлер, саяхаттаушы жастар, әртістер мен қажылар ауыр жолдан кейін тек шағын таверналарда тоқтай алатын.
Ежелгі мемлекеттердің халықтары танымдық, спорттық, емдік мақсаттармен саяхаттай бастады. Сауданың дамуы есебінен саяхаттаушыларға түнейтін және тамақтанатын орынның қажеттілігі туындады. Саяхаттау сол уақыттарда өте қиын әрі баяу болатын, таверналар аз және барлық саяхаттаушыларға жетпейтін. Рим империясының кеңеюі қонақжайылық жүйесінің дамуын талап ете бастады. Империяны оперативті басқару үшін астананы басқа қалалармен байланыстыратын, ұзындығы 80-120 мың шаршы шақырымға жететін үлкен жолдар салынды. Осы жолдарды саяхаттаушылар қолдана бастады. Б. з. д. І ғасырда Рим империясында барлық негізгі жолдар бойында мемлекеттік постоялые дворы пайда болды, олар әрбір 25 миль сайын орналасатын және басқарушы шенеуліктер мен арнайы рұқсаты бар адамдар тоқтай алды. Уақыт өте келе, бұл постоялые дворы барлық адамдарға қызмет ете бастады. Белгілі бір қаражатқа оларға арнайы жол сілтеушілер, қорғаушылар, сонымен қатар, тұратын орын мен тамақтану қызметі ұсынылды.
Кейбір бай жер иеленушілер өз иеліктерінің шекарасында жеке постоялые дворы сала бастады. Оларды құлдар басқаратын болды. Ауылдық жерлерде және Римнің өзінде «пристанща» - бақшасы, ауласында суы бар, құрметті қонақтарды қарсы алуға арналған бөлек бөлмелері бар залдары болатын кешен секілді қонақ үйлер пайда болды.
Римдіктер қонақ үйді белгілі бір жүйемен жіктеді. Олар «пристанищаның» екі түрін салды: біреуі плебейлерге (стабулярии), екіншісі - тек патрициилерге (мансионес) арналды. Венециялық саудагер-саяхаттаушы Марко Поло өз заманында Римге саяхаттап, постоялые дворы туралы жақсы сипаттамалар қалдырды. Осылайша Ежелгі Римде қонақжайлылық жүйесі біртіндеп дами бастады. Римдік пирлер аса танымалдыққа ие болды. Қалталы Римдік азаматтарға арналып трактирлердегі өзіндік «мейрамханалар» ұйымдастырылды, осылардың ішінде римдік Секвиль Локарттың мекемелері танымал болды. Римдік аспаздар қала элитасына айналып, жоғары атақтармен марапатталды. Адриан императордың басқару кезінде ол (б. э. д. 117-138) өз аспаздық өнерінің академиясын ашты.
Алғашқы қонақ үйлердің нақты пайда болған уақытын білу мүмкін емес. Бұл индустрия тарихының тамыры тереңде жатыр. Адамдар саяхаттай бастағаннан-ақ, оларға тоқтайтын орын қажет болды. Ежелгі Грецияда саяхаттаушыларды орналастыратын таверналар болған. Бірақ қонақ үйлік индустрия өз бастауын Римнен алады. Дәл осы жерде саудагерлер мен шенеуліктер сауда мәселелерін шешу үшін мемлекет арасында саяхаттауы тиіс болатын. Бұл қозғалыстардың есебінен, көбінесе саяхаттаушыларға арнайы жол бойында орналасқан сарайлар мен қонақ үй желілері көбейе бастады. Римдегі театрлық қойылымдардың өткізілуі де көрермендерге арналған орналасу орындарының салынуына себеп болды. Олар театрларға жақын орналасатын, өйткені кейбір уақытта жаңбыр жауа бастағанда көрермендер осы мекемелерде жауыннан қорғанатын.
Жоғары шендегілердің орналастырылуын алдын-ала ұйымдастыратын, ал саудагерлер мен қарапайым саяхаттаушылар бұл мәселені өздері шешетін. Орналасатын жерге нақты баға белгіленбейтін, әр сахаттаушы қонақ үй иесімен бағасын келісе отырып беретін. Постоялые дворы комфорттылық пен айырмашылық жасамаса да, демалуға болатындай болды. Олар көбінесе ағаштан соғылатын. Ортағасырлық Европадағы ең алғашқы постоялые дворы жер үйлер сияқты болды, өйткені әркім өз үйіне саяхатшыны орналастыра алатын.
Нәтижесінде постоялые дворы сол уақыттағы жеке коммерциялық кәсіпорындарға айналды. Шіркеулер мен қамалдар ғана тастан жасалатын. Мұндай орындар ұрылардан жақсы қорғалғандықтан, бай адамдар шіркеулерде тоқтайтын. Шіркеулер саяхаттаушылар мен құрбан шалушыларды қабылдап отырды. Шіркеулер ең алғаш қонақ үйлік желіні құрды деп айтуға болады.
Қонақ үйлік құрамы дамып келе жатқан бизнес түріне айналды, «қонақ үйлер иелерінің ұйымы» өздері үшін және өз қонақтарына арнайы ережелерді жасай отырып дами бастайды.
1539 жылы Генрих VIII шіркеулер мен ғибадатханалардың салынуын тоқтата отырып, қонақ үйлік бизнестің дамуын тоқтатты. Дәл осы орындарда сыйынушылар жағдайына байланысты тұратын орын мен тағаммен қамтамасыз етілетін. Шіркеулік жерлер сатылғаннан кейін, шіркеулердің қонақ үйлер иелері ретіндегі функциясы жоғалды.
Қонақ үйлердің дамуына әсер еткен тағы бір факторлардың бірі, ұлттық почталық жүйенің қабылдауынан көп уақыт бұрын үй иелері жылқылар мен оларға арналған орындарды патшалық почта қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұстауға міндетті болды. Ағылшын заңы қонақ үйді қоғамдық үй ретінде таныстырып, қонақ үй иелерін саяхатшылардың жағдайына жауапты қылды.
Көптеген адамдар үшін ескі қонақ үйлер XVIII ғасыр аяғы мен XIX ғасыр басында гүлдене бастаған кареталық заман 1784 жылы Парламент экипаждарда басқару почталарын жеткізуді енгізгенде басталды. Почталық экипаждар максимум 7 жолаушыны ала алды. Қалталы саяхатшылар бөтен адамдарсыз почталық фаэтонда жүре алды. Ұлттық почталық жүйе сол уақытта көптеген қонақ үйлермен қамтамасыз етілді. Қалалық қонақ үйлер саяхатшылардың әдеттеріне бағынады және табыстың көп бөлігі көбінесе экипаждарға арналған жылқылардың болу шартына түседі. 1838 ж Ағылшын Парламенті почтаны теміржол арқылы тасуға рұқсат етілді және кареталық заман бітті.
Көптеген американдық ауылдар мен қалалар бүгінгі күні калониялық уақыттан бері сақталған таверналардың көпшілігі қонақтар мен жанұялар үшін және үй иелерінің қолданысына берілетін үлкен үй формасында салынған.
Алғаш қонақ үйлер Францияда пайда болды. Бұл қамалдар қаланың әсем жерлерінде орналасады. Олар тастардан жасалды және аса комфорттылықпен ерекшеленеді. Мұнда мейірімді саяхатшылар тоқтайды.
1829 жылы Бостонда «Тремон-Хаус» ашылды. Бұл отель сияқты безендірілген, бөлмелердің кілті бар әр нөмірде ванна мен дәретханасы болатын алғашқы қонақ үй. Осылайша көп жылдарға американдық отельдерге арналған стандартты дизайн қалыптасты. Қалалық отельдер теміржол станцияларының маңында орналасты, ал теміржолдар курортты бизнес бөлігін және курортты иеліктер сияқты болды.
ХІХ ғ. аяғында қонақ үйлік желілер қалыптаса бастады. Европада қымбат отельдердің көбісі 1870-1907 ж. ж. Ритс отельдер желісін құраған Ритс Цезарь атымен байланысты болған.
Қонақ үйлік бизнестің көп жылдық тарихы бар. Бірінші отельдер уақытынан бері көп нәрсе өзгерді, бірақ олар келесі қонақ үйлердің дамуына үлкен үлес қосты. Қонақ үй шаруашылығының тарихы қазіргі жағдайда айқын көрінеді [3] .
1. 2 Қазақстан территориясында қонақ үй шаруашылығының пайда болуы
Қазақстанда қонақ үй шаруашылығының көне тамыры тереңде жатыр. Оның пайда болуы алғашқы қоныстардың, көлік жолдарының және сауда қатынастарының дамуымен байланысты. Алғашқы қонақ үйге ұқсас ғимараттардың ашылуын біздің эрамыздың алғашқы ғасырына қатыстыруға болады. Ұлы Жібек жолы бойындағы аймақтардың зерттелуінен біз көне көпестермен саяхатшылардың үлкен керуендермен түйелер арқылы қатынайтынын білдік. Олар керуен жолының бойындағы қалаларда немесе елді-мекендерде шатыр құрып түнейтін болған. Қазақ хандығының құрылуы қонақ үй шаруашылығына еш кері әсерін тигізбей, бірқалыпты дамуды байқатады. Қонақ үй кешендері дамуының одан арғы тарихы Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңі болып табылады. XIX ғасырдың алғашқы жартысының соңына қарай Қазақстан толығымен Ресей империясының қол астына енген кезде соғыс қорғаныстарын, жаңа жолмен қалалардың салынуы қонақ үй шаруашылығының одан ары қарайғы дамуын талап етті. Сол жылдардағы қонақ үйлердің мысалы ретінде бекеттірді, қонақ үй палаткалармен шатырларды айтуға болады. Осылайша қарқынды дамыған Қазақстан қонақ үй шаруашылығы 1903 жылы Алматы қаласында алғашқы «Европа» қонақ үйінің салынуына әкеп соқты. Тарихты артқа тастаған Қазақстанда қазір 1559-қа жуық қонақ үй жұмыс істесе, оның басым көпшілігі Астанада, Алматыда, Қарағандыда, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан обылыстары аумағында орналасқан. Қонақ үй шаруашылығын туристік шаруашылықтан бөліпқарауға болмайды. Ал соңғысымен біздің елдің жағдайы тамаша емес. Әрине сыртқы туризм бізде біршама жақсы дамыған: қазақстандықтар үшін шетелде демалуды әдетке айналдырған - 45, 8%, ішкі туризм бойынша - 37, 9% көрсетсе, туристердің Қазақстанға келу көрсеткіші небәрі 16, 3%-ке ғана жетеді. Мемлекет осылардың соңғысына мұқтаж, себебеі оның арқасында елге шетелдік валютаның көп келуімен, өндіріс салаларының қарқынды дамуына бастау алады. Қазақстанға туристерді келтіру үшін бірқатар жұмыстар атқарып, оның ішінде қонақ үй инфраструктурасын қолға алу керек. Еліміз қарқынды дамудың нарықтық жолына түскендіктен Қазақстан көптеген шетелдік әріптестерімен жұмыс жасап, әр қаладағы біріккен өнеркәсіптермен және шетел өкілеттіліктерімен қатар әр қаланың қонақ үй өмірі біршама қайта жанданды. Жаңа қонақ үйлер пайда болып, ескілері жаңартылып немесе қайта күрделі жөндеуден өткізілді [4] . Айта кетерлік жайт, Қазақстандағы бірдей жұлдызды қонақ үйлердің сапа деңгейінің әр түрлі екендігі ешкімге жұмбақ емес. Тіпті арнайы маман емес, қарапайым турист көзімен-ақ кейбір жұлдызы төмен қонақ үйлердің қолайлығымен қызмет көрсету деңгейі, оның жоғары жұлдызды «ағайындарына» қарағанда әлдеқайда биік екендігін көруге болады. Дәлірек айтсақ, сол сияқты, бірақ төмен деңгейлі бағамен қолайлы, европалық деңгеймен салынған 3 жұлдызды қонақ үй, тек бизнес туристерге ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның табиғат кереметін тамашалауға келген қарапайым шетел қонақтарына да ұнайтыны сөзсіз. Сондықтан да Қазақстан қонақ үйлері ең алдымен елге келетін туристер ағымының 86 % құрайтын алыс шетел адамдарының, содан кейін тек 14 % құрайтын ТМД туристерінің қалауынан шығуға жұмыс істеуі қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz