МӘДЕНИ ДЕМАЛЫС ҚЫЗМЕТІ
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Өмірде, кез-келген елді мекен, қала,
ауыл, кент, әрбір еңбекші ұжымда, әр жанұяда өзіндік қайталанбайтын
жағдаяттар мамандар үшін мәдени демалыс тақырыбын ашып беру.
Қазіргі таңда заманауи жағдайларға байланысты өмірдегі түрлі
қайшылықтар , әлеуметтік теңсіздіктер, таптық бөлініс, түрлі шиеленістер,
демалу жұмысының дамуына, жалпы қоғамның рухани дамуына өз әсерін тигізбей
қоймайды. Адамдар, әсіресе жастар жағы, көбіне бос уақытты қалай өткізу
мәселесін барынша еркін, тәуелсіз түрде шешеді, түрлі әрекеттерге, пайдалы
да, зиянды да жағдайларға жолығып жатады. Сан жылғы тәжірибелер
көрсеткендей, рухани түрде байлығы жоқ, дұрыс тәрбие алмаған, өмірге деген
көзқарасы дұрыс қалыптаспаған жастардан үнемі кесапат мінезді қылықтар
пайда болады, және де олардың демалу әрекеттері мәдени тынығу жұмысының
бірден бір күресетін мәселесі боп отыр. Өзімшілдік, экстремистік,
ұлтшылдық, қаскөйлік, девиантты мінез-құлықтар арқылы олар өздерінің таяз
болған рухани байлықтарын толтырады. Осындай қауіп-қатер, қоғамның
болашағына кері әсер етіп, мәдени тынығу жұмысының, әсіресе жастармен жұмыс
мәселесін алға қойып отыр.
Қазіргі мектептерде тәрбиенің сапасына, әдіс-тәсілдерінің мазмұнына,
мақсатына зор көңіл бөлуде және жаңаша көзқарастар қалыптастырылуда. Жаңа
талап негізі қарқынды өркениет бағыттарынан қалыспай, терең білімді игеру.
Осыған орай, қазақ мектептерінің оқыту жүйесінде әлемдік және ұлттық
негізде жеке тұлғаны дамыту үшін өте орынды жағдайлар жасалып, нәтижелері
көрінуде болашақ ұрпақты тәрбиелеу ең басты міндеттердің бірі- мектеп
оқушыларының іс-әрекетін ізгілендіріп, рухани дамуының дұрыс жолға қойылуы.
Ол үшін оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін гуманистік бағытта тәрбиелеп,
олардың алдын-ала шығармашылықпен дамытуына жол ашу.
Курстық жұмыстың мақсаты. Мәдени-демалыс қызметтерін басқаруды
ұйымдастыру құрылымын зерттеу, демалыс уақытын ұйымдастыруда мәдениет рөлін
анықтау және демалыс уақытын дұрыс пайдалану.
Курстық жұмыстың міндеттері. Мәдени демалыс түсінігін айқындау, мәдени-
демалыс қызметтерін ұйымдастыру тәртібі, жастарға, оқушыларға демалыс
уақытының маңызын анықтау.
Курстық жұмыстың объектісі. Мәдени демалысты ұйымдастыру орындары,
еліміздегі мәдениет тарихы, қазіргі кездегі мәдени демалысты дамыту
шаралары;
Курстық жұмыстың пәні. Еліміздің мәдениет тарихы жайлы оқулықтар,
мәдени демалыс жайлы соңғы зерттеу жұмыстары, демалысты дамыту туралы
еліміздегі стратегиялар.
1. МӘДЕНИ ДЕМАЛЫС ҚЫЗМЕТІ
1.1. Бос уақыт және мәдени демалыс ұғымы
Бос уақыт бұл жеке адамның жалпы уақытының отбасылық, қоғамдық
міндеттері мен үй шаруасын анықтауға, сондай-ақ физиологиялық
қажеттіліктерін \ұйықтау, тамақтану және т.б.\ өтеуге кеткен уақытының
қалған бөлігі.
Әдебиеттерде мәдени демалыс адамдардың демалыс пен ойын сауыққа,
өздігінен білім алуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған ақыл-
ой, эстетикалық қимылдық іс-әрекеттері деп түсіндіріледі.
Мәдени демалыс ұғымына берілетін түсініктерді төмендегідей төрт түрге
бөлуге болады.
Бірінші, мәдени демалыс- қол бос уақыт, сайрандау, іс бастылықтан бос
кеңістік: (Даль бойынша)
Екінші, мәдени демалыс әрекетсіздік, демалыс , жұмыс істеуге қарама
–қарсы ұғым;
Үшіншіден, мәдени демалыс – сапа, қасиет – қабілеттілік, шеберлік;
Төртінші, мәдени демалыс- адамдардың жұмыс пен оқудан бос қалыптағы
жағдайы [1].
Француз социологы Дюмазадьенің, айтуынша; мәдени демалыс- жеке адам
өмірінің демалысы мен сауығуы үшін немесе адамдармен араласа отырып білімін
кеңейтуге және өзінің шығармашылық қабілеттерін еркін дамытуға арналған,
үйірмелік жұмыс пен қоғамдық міндеттерді атқаруға қарама қарсы ұғымдағы
әрекет болып саналады.
Әдетте социологияда мәдени демалысты міндетті жұмыстан тыс, оқу мен
қоғамдық міндеттерден, демалыстың әр түрлі түрлерінен, тұрмыстық
тіршіліктен бос уақыт бөлігі деп түсіндіріледі. Бос уақыттың қызметі көп
қырлы. Жалпылама алғанда оның біріншіден, рекрациялық қызметін \ дене,
психикалық қажыр қайратты, энергияны қалпына келтіру мақсатындағы демалыс
\, екіншіден, дамушы\ жеке адамның физикалық, интелектуалдық, көркемдік,
адамгершілік қырларының дамуы \, үшіншіден, мәдени демалыс пен мәдени
демалыс қам-қарекеттері түрлерінің айқындалуы \ спирттік ішімдіктер ішу,
құмарпаздық ойындар, бұзақылық, жәй ғана ештеңе бітірмеу\ оның мәдени
демалысқа кереғар құбылыс ретіндегі бұзылған функцияны қалпына келтіру
қызметін атқарғандықтарын жатқызуға болады [2].
Жеке адамның демалыс уақыты оның уақыт өткізуінің әртүрлі әдістері мен
түрлеріне байланысты қалыптасады. Бірақ бұл жерде адам бойындағы дағды мен
белгілі бір кезеңдерде қалыптасқан айырмашылығы жоқ қызметтері бірде
конструктивті күрделі дамуға бейімделген немесе деконструктивті кері ықпал
етуші болып келуі мүмкін.
Мәдени демалыстың түрлері бір-бірінен көлемі жағынан\ ұзақтылығы\;
мазмұндылығына; мәдени демалыс қызметтің өзіндік іріктелуі арқылы\;
белсенділіктілігіне, әрекетшілділігіне немесе немқұрайлылығына, суырып
салмалылығына; жоспарлануы мен жоспарлауына келмейтін
стихиялығына;кеңістікке қатысты шектелушілікке; отбасылық немесе қала
аралауға қатысты; қарым – қатынас жасайтын ортасына;.
Бос уақытта айналысатын іс-әрекет түрлері кітап оқу, театрға,
концерттерге бару, спортпен айналысу мәдени демалыс элементтері деп
аталады. Элементтің кейбір түрлері бос уақыттың жалпы бөлігіндегі өздерінің
үлес салмағына орай және мәдени құндылығына қарай ерекшеленеді.Нақты
белгілі-бір әлеуметтік топқа тән элементтер жиынтығы, оның мәдени демалыс
құрылымын жасай отырып, адамдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына, оның
мәдени деңгейіне байланысты болып келеді де қоғамдағы өзгерістерге қатысты
өзгеріп отырады [3].
1.2. Мәдени демалыс қызмет түрлері, әдістері мен құралдарының жалпы
сипаттамасы және мәдени демалыс деңгейлері
Мәдени демалыс қызмет түрлері мен қолданылатын әдістері және
құралдарыныңжиынтығы әдістеменің құрамдас бөліктері.
Адамдардың сана сезімінде идеялық-экономикалық әсер ету аспаптары мен
құралдарын жұмыс құралы деп айтуымызға болады. Қойылған мақсатқа қол
жеткізу барысында қолданылатын барлық нәрсе құрал болып есептелінеді.
Құралдар қатарына ауыз екі сөз, мерзімді баспа сөз , теледидар, насихат
құралдары,дыбыс жазғыш, дыбыс шығарғыш, дыбыс күшейткіш аппаратуралар,
көлік, музыкалық аспаптар, костюмдер жатады. Әрбір құралды пайдаланған
кезде оның әрқайсысының, мүмкіндіктерін жете білу қажет, оны өз жұмысында
тиімді қолданудың әдістемесін білу керек. Негізгі қойылатын талаптар
мынадай; әсер ету құралын қанша жеке дара, оның әсер ету обьектісіне қарай
таңдайды.Мысалы; жасөспірім, зейнеткер, дінге сенуші, үй шаруасындағы әиел-
осы адамдарға ннемесе топтарға әсер етудің өзіне лайық идеялық-эмоционалдық
құралдары болуы тиіс; құралдарды іріктеу іс-шараның мақсатына ғана
байланысты; әсер етудің таңдалған құралдарының сапасы мен саны көркемдік
қойылым міндеттеріне сай болуы керек. Құралдарды іріктеп алған кезде мәдени
демалыс ұйымдастырушы оны пайдалану әдістемесін жете білу керек [4].
Әдіс ұғымы негізденген, белгілі бір қызметтің орындалуына төселген
тәсілі деген ұғымды білдіреді.
Жұмыстың әдісі, педагогика және психология заңдылықтарына сүйене
отырып мәдени демалыс қызметті басқару болып табылады.
Әдістердің төмендегідей түрлері бар;
- ақпараттық.
- эвристикалық\ жаңа ұғым, түсінік беру\
- зерттеу әдісі
- бағалы-бағдарлық әдіс
- шығармашылық ұйымдастыру және оған ықпал жасау әдісі
- рекреакциялық-гедонистикалық әдіс
- мәдени демалыс қызметінде адамдардың жүріс-тұрысына ықпал ету әдісі.
Ағарту әдістеріне;
- баяндау,факт,идея,ауызша түрде баяндау.
- демонстрация.
- жаттығулар. Алған білімді түсіндіруге арналған арнайы бағытталған
қабылдау мүмкіншіліктерің арттыру жатады.
Тәрбиелеу әдістері бұл көпқырлы, педагогикалық процестің барлық қырын
қамтитын әдіс. Мәдени демалыс қызметіне төмендегідей тәрбиелеу әдістері;
дәлелдеу, мадақтау, бетке басып айту әдістері жатады.
Шығармашылық қажырлылыққа жағдай жасау әдісіне;шығармашылық міндетті
алға қою, іскерлік ойындар, шығармашылық қабілет пен мүмкіндікті
жетілдіруге арналған жаттығулар,шығармашылық бірлестік мүшелерінің даму
және қабілет деңгейлеріне сәйкес шығармашылық ынтымвқтастықты ұйымдастыру,
ұжым арасында және бюасқа да жерлерде шығармашылық сайыс, бәсекелер
ұйымдастыру жатады.
Демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастырудағы қолданылатын әдістерге мұндай
қызметті басқарудың қиындығына байланысты: сауықтық шаралар, өзін өзі
қалпына келтіру шараларға тарту, ығыстырып, ауыстыру, ойын сауықтардың
ұйымдастыру әдістері жатады [5].
Мәдени демалыс мекемелеріне келушілер мен жұмысты
ұйымдастыруда,жұмыстың түрлері бұқаралық, топтық және жеке дара болып
бөлінеді.
Мәдени демалыс қызмет тұрі екі жақты тұжырымдалды. Біріншіден,
адамдарды бірлескен іс-әрекетке жұмылдыру әдісі ретінде ұйымдастыру түрі-
жеке, топтық, бұқаралық болып келеді, екіншіден, идеялық- эмоционалдық
материалдық өзін ұйымдастыру тәсілі ретінде әдістемелік түрлері ауызша,
басылымдық, насихаттық, кешендік, театрландырылған болып тұжырымдалады.
Мәдени демалысты ұйымдастыру жүйесі адамдардың бос уақыттағы сұранымы
мен қызығушылығына байланысты болып айқындалады.
Әдетте бір сұрамымды қанағаттандыру екінші сұранысты тудырады. Бұл
мәдени демалыс пен оның әрекет түрлерінің байи түсуіне ықпалын тигізеді.
Мәдени демалыс құрылымы бір-бірінен психологиялық және мәдени мәніне
байланысты айырмашылықтар негізіндегі қабаттардантұрады [6].
Енжар демалыс (пассивный отдых) - бұл мәдени демалыстың ең қарапайым
түрі. Кім қандай іспен шұғылданады- бұған ешқандай да мән берілмейді, тек
күнделікті жұмыстан сананы басқа жаққа аудару. Демалыстың бұл түріне мақсат
қойылмайды, ол ырықсыз түрде болатындықтан жеке адамға ғана тән, ол шын
мәніндегі мәдени демалыстың бастамасы ғана. Енжар демалыс ұзаққа
созылмайды. Ол мәдени демалыстан сәл де болса жетілдірілген ойын-
сауық деп атауға болатын деңгейіне жатады. Оған әр түрлі сейіл құру,
қыдырыстар мен киноға бару, спорттық сауықтарды тамашалау жатады. Ойын
сауықтан мәдени демалыстың келесі жоғары деңгейіне өту адамдардың мәдени
саласындағы белсенді ізденістеріне қажетті рухани қызығушылығының артуына
байланысты. Бұл ізденістер адамның танымдық қалыптастыруға
әрекеттерін қалыптастыруға жағдай туғызады, яғни адам бойындағы
танымдық әрекеттерді жүйелі түрде маңызды кітап оқу, лекция тыңдау,
музейлер мен көрмелерге барып тұру арқылы қалыптастыруға болатындығын
көреміз. Танымдық әрекет адамдар үшін өзіндік маңызға ие, сонымен қатар
мәдени демалыстан шығармашылық денгейге өтудің үлкен мүмкіндігі болады.
Шығармашылық адам бойында қанағаттану сезімін тудырып , рухани жетілудің
құралы болып табылады .
Кез келген іс-әрекет, егер де ол адам бойындағы рухани күш пен
қабілеттілікті өз бойына сіңіре білсе, ол шығармашылықтың іс-әрекеті бола
алады. Шығармашылыққа техникалық, өнертапқыштық, ғылыми ізденіс, көркем
өнерпаздыққа қатысуы және т.б. жатады [7].
Адамның белсенді әрекетке деген сұранымынан басқа оның дүниені және
өзінің ішкі жан дүниесін жанымен сезінуге, пайымдауға поэтикалық және
философиялық ойлауға деген сұранымы болады. Мәдени демалыстың бұл
деңгейін меңзей қарау, пайымдау деуімізге болады.
1.3. Шетелде мәдени демалысты ұйымдастыру тәсілдері
Қазіргі заманғы өркениеттің дамуындағы жетекші бағыттарының бірі
қоғамның рухани өміріндегі демалыс рөлін күшейту және оның мүшелерінің
денсаулығын сақтау болып табылады.
Шет ел тәжірибесіне үңілсек АҚШ, Канада, Жапония, Түркия, Дания,
Бразилия сияқты дамыған елдердің басым көпшілігінде түрлі топтағы адамдарға
арналған ұлттық бағдарламалар қабылданған және іске асырылған:
❖ мәдени нысандар және аймақтық демалыс орталықтарының құрылысын
қаржыландырады;
❖ балаларға эстетикалық білім беру және демалыстарын ізгілендіру
жүйесін жүзеге асырылады;
❖ халықтың бос уақытын ұтымды пайдалануына жәрдемдесуге бағытталған
әлеуметтік педагогтардың, аниматорлардың және басқа да мамандардың
дайындығы кеңейтілген.
Әлемде қабылданған моральдық-эстетикалық демалыс әлеуетін іске асыру
тәжірибесі Қазақстан үшін де ерекше қызығушылық тудырады, соның ішінде
ұлттық және мәдени дәстүрлерді қорғаудағы халықаралық тәжірибеге ерекше
көңіл аударылады. Мысалы, Жапонияда қолданбалы халық өнері үшін материалдық
ынталандыру жүйесі әзірленіп, сәтті жүзеге асырылуда. Мектептерде және
мәдени-демалыс орталықтарында танымал музыкалық, хореографиялық және ән
өнері дамытылады. Халықтың мәдени дәстүрлерін көрсететін кинофильмдер,
пьесалар, көрмелер мемлекеттік және жергілікті билік органдарының елеулі
субсидияларын алады.
Фольклорлық өнерді, халықтық салт-жораларды және салт-жораларды сақтау
және байыту туралы үнемі алаңдаушылық Батыс Еуропа елдерінің мемлекеттік
саясатының маңызды бағыты болып табылады. Әрбір мектепте немесе басқа оқу
орнында іс жүзінде фольклорлық ұжымдар бар, ал бейне және аудио
кассеталарда жазылған фольклорлық музыка соңғы американдық хитке қарағанда
көп сатылады [8].
2. МӘДЕНИ - ДЕМАЛЫС ҚЫЗМЕТТЕРІН БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1. Мәдени демалыс қызметіндегі педагогогикалық процестің мәні
мен құрылымы
Мәдени демалыс қызметі адамдардың өндірістегі қызметіндей емес,
еркін түрде құрылады. Мәдени демалыс әрекет қашан да ерікті түрде
іспен айналысу деп түсіндіріледі, онымен айналысу үшін ешқандай да сыртқы
әсердің материалдық азаматтық, таңдауға мүмкіндіктің шектеулілігі, яғни
сыртқы қажеттіліктің керегі жоқ.
Мәдени демалыс қызметі тек ерікті түрде қызмет түрін таңдауға ғана
емес, сондай-ақ осы мәдени демалыс барысында еркін жұмыс істеуге
негізделген. Мәдени демалыс әрекет ол педагогикалық процесс болып
есептелінеді. Бұл мәдени демалыс қызмет процесіндегі екі түрлі
әрекеттің диалектикалық үйлесуі. Бір жағынан бұл штаттағы әлеуметтік
қызметкері немесе басқа ұйымдастырушылық лектор ретінде арнайы дайындалған
адамдардың қызметі болып көрінсе, ал екінші жағынан әлеуметтік
мекемелерге келушілердің, бұқаралық көпшілік әрекеті болып саналады. Олар
бірінсіз бірі ешқандай мазмұнға ие бола алмайды.
Мәдени демалыс қызмет негізін - адамдардың жеке басының қызығушылығы
мен сұранымын қанағаттандыруы, жұмыс күнінен кейін жәй ғана тынығудан
бастап белсенді түрде шығармашылықпен айналысуы, білімін өздігінше
жетілдіруі құрайды [9].
Кез келген күрделі құбылыс, оны белгілі бір жүйеге келтіру арқылы,
яғни оның ішіндегі бөліктердің тығыз байланыстағы, бір біріне тәуелді,
бірінсіз-бірі болмайтын тұтастық деп түсінуге болады. Әдетте жүйенің
компоненттерін ажыратып, оның құрылымы мен қызмет ету тәсілдері
қарастырылады. Мәдени демалыс қызметіндегі педагогикалық процесстің
негізгі компоненттері төмендегідей ; мекемелерд жұмысының мақсаты мен
мазмұны; ықпал ету обьектісі- адам немесе қауым; ықпал ету субьектісі-әсер
ету инициаторы; ықпал етуші бастаушы адам немесе адамдар; белгілі бір
мақсатқа жетуге және оның мазмұнын жеткізу үшін қолданылатын
педагогикалық факторлар;
Мәдени демалыс қызметінде ықпал ету субьектісімен обьектісінің нақты
шекарасы жоқ, олар үнемі бірін-бірі толықтырып алмастырып отырады.
Мәдени демалыс қызметіндегі педагогикалық процесстің құрылымы негізін
(кез келген педагогикалық процесс сияқты) педагогикалық факторлардың өзара
үйлесе отырып субьектімен обьектінің заңды байланыстарды құрайды.
Мәдени демалыс қызметіндегі педагогогикалық процесті саналы
түрде басқару, мәдени демалысты ұйымдастырушының өзінің іс-әрекетінде
жеке адам қалыптастырудың ішкі қозғаушы күштерімен обьективті
факторларын жан- жақты қолдана білгенде ғана сәтті шығады. Бұл жердегі мән
бірінші кезекте адамдардың қызығушылығы мен сұранымына сүйене отырып
жасалуында.
Кез-келген сұраным белгілі бір ынта ықылас артқанда туындайды.
Онда болмыстың екі қалыптағы жағдайлары; нағыз және тілектестіктің
болуымен айқындалады [10].
Адам бойындағы кез келген жаңа қабілет, оның өз бойындағы
құштарлығымен практикалық және психикалық белсенділігі артқан кездегі
нәтижелермен ғана қалыптасуы мүмкін.
Педагогикалық жұмыстың теориялық және практикалық мәні іс-
әрекет пен психикалық бірлігі принципіне және жеке адамның жетілуіне
әлеуметтік ықпалдың шарттылығы принциптері негізделеді.
Жеке адамның бос уақыттағы өзін өзі қалыптастыру процессі, оның
басқа дай адамдармен қарым қатыастары арқылы айқындалады.Адам дамуының
қозғаушы күші ретінде сұранымды , іс-әрекетті және соған орай қарым
қатынасты айтуға болады.
Мәдени демалыс қызмет аясындағы педагогикалық процесті басқарудың
принциптері мен заңдары қызметті жоспарлау жүйесінде де кеңінен
көрсетіледі. Жоспар басқару циклінің құрамдас бөлігі ретінде, белгілі
бір педагогикадық мақсатқа жету бағдарламасы болып табылады. Осы үшін
ықпал етудің белгілі бір жүйелілігі оның ұзақтығы, қолдану аясы,
құралдарды іріктеу қамтылады.
Мәдени демалыс қызмет жағдайында педагогикалық процесті ғылыми
басқарудың және оның заңдылықтарының жоспарлануында байқалуы бұл
процесті жетілдірудің маңызды шарттарының бірі болып саналады.
Педагогикалық процестің тиімділігі мәдени демалыс қызметтің мақсаты
мен міндеттеріне, құралдары мен әдістеріне және әлеуметтік
мекемелеріндегі жұмыс түрлерінің бір бірімен тығыз байланыста
болады.
Сонымен мәдени демалыс қызмет жағдайындағы педагогикалық
процесті басқару бұқаралық, топтық, жеке дара әсер етудің күрделі
жүйесінен тұрады.
Бұл әсер етудің түрі мен сипаттамасындағы және бағыттарындағы
айырмашылықтар жеке адамның әлеуметтік мәдени өнерпаздығының
әртүрлілігін қамтамасыз етеді.
Жеке ықпал ету процесін басқару мәдени демалыс қызмет обьекті
мен субьектінің өзара ықпал ету, өзара киліге отырып
ынтымақтасуына байланысты. Мұның барлығы педагогикалық талаптардың
бірлігі негізінде іске асырылуы тиіс [11].
2.2. Мәдени демалыс қызметті ұйымдастыру әдістемесі және оның
заңдылықтары
Бүгінгі күнгі педагогика адамның қалыптасуын бүтіндей бір процесс деп
қарайды, ал бұл тәрбие жұмысының өзара байланыстылығын, мақсатты түрде
ықпал етуді, белгілі бір жүйелілік арқылы ұйымдастырудың қажеттілігін алдын-
ала талап етеді.
Әлеуметтік мәдени демалыс қызметіндегі ұйымдастыру деп әлеуметтік
мекемелердегі өзара айқын байланысын басқарудың тиімді жүйесін және
клиенттермен өзара қатынастарға қол жеткізетін педагогикалық процестің
элементтерін барынша үйлестіріп реттелуін айта аламыз.
Мәдени демалыс қызметі әдістемесі - бұл мақсатты айқындайтын, идеялық-
эмоционалды әсер етудің түрін, құралдарын іріктейтін,клиенттердің сұранымы
мен талғамын есепке ала отырып, оны қанағаттандыруға қатысты адамдардың
өзін-өзі тәрбиелеуге, белсенділігін арттыруға, айналадағы болып жатқан
құбылыстарды қабылдауға барынша жағдай жасауға, адамның жан-жақты дамуына
жеке уақытын қызықты өткізуге байланысты, оның қайсыбір әрекеттердің
әдісін, әдістемесін, тәсілін қамтитын шығармашылық процесс [12].
Мәдени демалыс қызметі әдістемесінің құрамдас бөліктері;
- Бірінші қолданылатын педагогикалық факторлар жйынтығы,
клиенттерге ықпал етуді қалыптастыратын бастаулар мен негіздер;
- Екінші, адамдар арасында көп қырлы қатынасты ұйымдастырудың және осы
қатынасты басқарудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы. Мұндай әдістер
мен тәсілдер әлеуметтік мекемелердің әлеуметтік және педагогикалық
мақсаттарға жетуіне бағытталады;
- Үшінші, мәдени демалыс қызметтің даму жолдарын айқындап және оны
басқарудың принциптері мен ережелерінің жиынтығы.
Құрылымның бұл бөліктері бір-бірімен органикалық түрде байланыса
отырып мәдени демалыс қызметі әдістемесінің дұрыс қолдану мүмкіндігін
жасайды.
Әдістемелер жалпы әдістеме, жекелей әдістеме, салалық әдістеме,
ересектермен жұмыс істеу әдістемесі, балалармен және жасөспірімдермен жұмыс
істеу әдістемелері болып бөлінеді.
Жалпы әдістеме әлеуметтік жұмыстың әдістемелік құрылымының негізгі
заңдылықтарын, мәдени демалыс қызметіндегі педагогикалық процестің негізгі
факторларын әлеуметтік қызметті басқарудың жан-жақты әдістерін зерттеп
қарастырады.
Жекелей әдістеме әлеуметтік мекемелердің күнделікті жұыстарының егізгі
бағыттарын талдап,сипаттайды. Жекелі әдістемеге; ақпараттық-ағарту
жұмыстары әдістемесі; шығармашылық өнерпаздыққа жетекшілік әдістемесі;
демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру әдістемелері жатады [13].
Салалық әдістемеге әлеуметтік мекемелердегі эстетикалық тәрбие
төңірегіндегі, ұлттық мәдениетті дамыту, салт дәстүр, рәсімдерді өмірге
енгізу бағытындағы жұмыстардың ерекшелігі жатады. Сонымен қатар жұмыс істеу
әдістемесі жалпылама немесе жекелей сипатта болуы мүмкін.Әдістемелік
тәжірибенің және әдістемелік ұсыныстарды тексерудің негізгі қайнары-
әлеуметтік мәдени демалыс қызметінің практикасы болып саналады.Оны
ойластырудың мәні тәжірибелік және теориялық деңгейде қарастырылуы мүмкін.
Тәжірибелік деңгей - бұл практиканы тікелей ойластыру және
түсіндіру.Тәжірибелік денгейдің тиімді жэағы жағдайы шұғыл түрде есепке
алуда нақтылығы өзіндік ерекшелігі, нәтижесінің шығармашылық сипатта
болуында.Әдістеменің теориялық негізделуі үшін педагогика,
психология,социология,мәдениеттану, этнография және т.с.с. социологиялық
зерттеудің соны нәтижелерін қолдана отырып нақты материалды ойластыру
қажет.Әдістемені жазу төмендегі кезеңдерді қамтиды; іс-шараны сипаттау,
тәжірибені ойластыру,ұсыныстар енгізу –эксперименттік тексеру-қорытындыны
тұжырымдау [14].
Енді осы мәдени демалыс қызметі әдістемесінің қалыптасу кезеңдеріне
тоқталайық.
- Қандай да болсын қызықты іс-шараны сипаттау. Теориялық сипаттамада
мәдени демалыс қызметі әдістемесінің жалпы заңдылықтары айқын көрінген
тұстары жазылады. Әдістемелік сипаттама кең көлемде жазылуымен
ерекшеленеді.
- Тәжірибені ойластыру - бұл ең шығармашылық кезең, бұл кезеңде
топтастыру-ортақ ерекшеліктерді іздестіру, біртекті іс-шараларды
топтастыру, тәрбиелік міндеттерді насихатшы, үгітші, консультанттардың
әрекеттері арқылы іске асыру шарттары, іс-шараның өту барысындағы
қатынасушылардың әрекеттері- қол жеткізген жетістіктер арасында өзара
байланыстың себеп салдарын іздестіру.
- алдын ала ұсыныстар енгізу немесе ғылыми жорамалдар, болжамдар
жасау. болжамдар да, әдістемелік ұсыныстар да жалпы педагогикалық
заңдылықтар мен басқа да тәрбие орындарының тәжірибелеріне сүйенуіне
болады.
- эксперименттік тексеру. Мұндай тексерістен кез-келген теориялық
және әдістемелік жаңалықтар өткізіледі.
- Қорытынды тұжырымдау. Қорытынды пікірлер нақты әдістемелік немесе
жалпылама-теориялық болуы мүмкін. Кез-келген жағдайда оларды практикадағы
эксперименттік тексеруден кейін анықтауға болады [15].
Мәдени демалыс қызмет әдістемесінің заңдылықтары түсінігі мәдени
демалыстың педагогикалық процестердің әдістемелік құрылымдағы жалпы және
озық үлгілерің қамтиды. Мәдени демалыс қызмет әдістемесінің заңдылықтары
әдістемелік принциптермен ережелермен байланыса отырып жекелей әдістердің
тиімділігін айқындайды. Принцип - бұл заңдылықтар мен айқындалатын жалпы
міндетті талап, бұл қысқаша түрде белгіленген заңдылық. Ереже-көпқырлы,
оларды қолдану аясы белгілі мақсат пен жағдайға байланысты шектеулі болып
келеді. Әдіс –бұл кішкене ғана міндетті шешуге, кіші гірім мақсатқа жетіп
отыру үшін қолданылатын шара.
Мәдени демалыс қызмет әдістемесінің негізгі заңдылықтарына тоқталайық.
Басты заңдылық негізінен әлеуметтік және де педагогикалық міндеттердің
байланысы. Бұл заңдылық мазмұнының түріне сәикес жалпы әдістемелік
принциптермен байланысты болып келеді. Осы тұста ереже бойынша тұжырымдалуы
мүмкін. Іс- шараны ұйымдастыруға кіріспес бұрын мақсаты
ойластырылып,алдымен идеясын айқындап, сонан кейін формасын қарастырылады.
Әдістеменің екінші заңдылығы Мәдени демалыс шараларындағы адамдардың
белсенді қимыл әрекеті.Бұл заңдылық аудитория белсенділігін арттыру
принциптерін эмоционалды жағдайды алмастыруды қажет ететін, барынша күрделі
әрекетке тартатын, аудитория назарын өзіне тартып, баурап алар ережелерді
туғызады.
Келесі заңдылық тәжірибенің, өзара тәрбиелеу және өзін-өзі
тәрбиелеудің үйлесімділігі- бұл обьекті мен субьектінің бірлігі және өзара
әрекеті принциптерін қарастырады.
Мәдени демалыс қызметінің келесі заңдылығы адамдар арасындағы
байланыс, қарым-қатынас мәдениеті. Бұдан келіп адамдар арасындағы өзара
қарым қатынас мәдениеті принципі туындайды. Бұған бірнеше әдістемелік
ережелер; адамның қарым қатынасқа деген ұмтылысына, қарым қатынастық жағдай
жасауға сүйенеді.
Мәдени демалыс педагогикасындағы жеке дара ықпал етудің мәні
күрделірек болып келеді. Мектеп пен мектептен тыс мекемелердегі Мәдени
демалыс қызметті зерттей келіп, оның жеке дара ықпал етудің төмендегідей
жолдарын айқындауға болады.
Жас ерекшелігіне байланысты, mектеп пен мектептен тыс мекемелердегі
мектеп жасына дейінгі, бастауыш, ортанғы және жоғары сынып оқушыларының
жастарына қарай педагогикалық ықпалдың өзіндік ерекшелігін айқындау.
Оқу орнының түріне қарай жалпы білім беретін мектеп оқушысы, кәсіптік
техникалық училище, техникум, интернат, балалар үйі және т.б. орындарының
оқушысы тәрбиеленушісі болуына сәйкес ондағы тәрбиелік әрекеттің
ұйымдастырылуының әртүрлі ерекшеліктеріне байланысты болады.
Жыныстық жас ерекшелігіне қатысты жасөспірімдер мен бойжеткендер
арасындағы жүргізілетін мәдени демалыс жұмыстың ерекшеліктеріне қатысты
болады.
Қиын, есі кеш кірген сондай ақ құлықтық нормадан жиі ауытқуыбар
балалар мен жасөспірімдер арасындағы жұмыстарға байланысты педагогикалық
ықпалдың мақсатты болуы.
Өмір сүру ортасы мен дамып жетілудің өзіндік ерекшкліктері балалардың
оқу және мәдени демалыс әрекеттеріне,қаладағы өзара қарым-қатынасына, құнды
бағдарларына әрекеттеріне белгілі бір ықпалын тигізіп отырады.
Балалар мен жасөспірімдердің бос уақыттағы қызығушылықтарына
байланысты. Бұл ретте ғылыми-техникалық, спорттық қызығушылық әрекетіне
қарай балаларды топтастыруды айтуға болады.Бұл топтардың әрқайсысы
ұйымдастырудың ерекше түрін қажет етеді.
Жеке дара ықпал етудің жолдарын білу және мәдени демалыс шараларға
қатысушылардың нақты құрамының барлық мүмкіндіктерін аша білу басты
педагогикалық міндет [16].
Сонымен мәдени демалыс қызметіндегі жеке дара ықпал ету педагогикалық
нәтижеге төмендегідей мүмкіндіктер ықпал ету педагогикалық нәтижеге
төмендегідей мүмкіндіктер арқылы жетуге болатындығын айқындайды;
шұғылданмпаздылық қатысушылардың топтарын анықтау; осы топтың мектеп пен
мектептен тыс мекемелердің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты, салыстырмалы
түрдегі әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін білу ,есепке алу; мәдени
демалыс әрекеттегі қарым қатынастың мақсатын білдіретін проблемаларды
айқындау;
Әдістеменің заңдылықтарына сондай ақ мәдени демалыс қызметінің дамушы
қалпына келтіруші факторлардың бірігуі жатады. Бұл заңдылық мәдени демалыс
қызметтік бос уақытта ұйымдастырылуына қатысты. Бұдан кейін мәдени демалыс
қызмет демалыспен босаңсуды қамтамасыз ететін әрекетке деген сұранымды
танымдық мақсаттағы сауықты ұйымдастыруды қажет етеді.
2.3. Мәдени тынығу жұмысындағы түрлі бағыттағы жұмыстар
Тәрбие берудің кез-келген жүйесінің негізгі мақсаты - білім алушы
(оқушы) тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы
педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған
сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда, тұлғалық дамуының шарты
ғана емес, сонымен катар оның негізі және құралы болып табылады. Оқыту мен
дамытудың ара қатысының сипаты туралы сұрақ та маңызды.
Тәрбие процесінің барлық кезеңінде белгілі бір сапалар қалыптасады,
бірақ әр жеке сыныпта тәрбие әдісі өзгеріп отыруы тиіс. Бірінші сыныпқа дәл
келетіні, үшінші сыныптағыларға сәйкес келмейді, ал бесінші сыныптағылар
оны қабылдамауы мүмкін. Тәрбиеленушілердің жекелік және түлғалық
ерекшеліктері. Жалпы әдістер, жалпы бағдарламалар тәрбиелік өзара
әрекеттегі тек бастама ғана. Жекелік және тұлғалық түзетулер қажет.
Инабатты тәрбиеші өз әдістерінше әр тұлғаның өзіне тән қабілетгерін
дамытуға, оның өзіндік қасиеттерінің сақталуына, "мендік" белгілерін
қалыптастыруға мүмкіндік беретін әрекеттерді жасайды [17].
Тәрбие-қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара қатынасын
қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның
жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады.Тәрбие маңыздылығы сондай, біздің
болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана
Адам болып қалыптасады.
Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан
жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі
таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты
мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты
мәселесінің бірі-өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық-адамгершілік
қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі
замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді
ұрпақ тәрбиелеу.
Ал мұғалім мен мектептің ең қасиетті міндеті-рухани бай, жан-жақты
дамыған жеке, дарынды тұлғаны зерттеп, дамытып, қалыптастыру. Болашақты
гүлдендіріп, тәуелсіздікті нығайтатын ұрпақ алдымен рухани ұлттық тәрбие
нәрімен сусындауы қажет. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-
салты, әдебиеті, мәдениеті, өнері, шыққан түп-тамырында жататыны белгілі .
Сол ұлттың байлықты бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім
берудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін,
талантын ашу, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне-өзінің жол ашуына түрткі
жасау. Міне, бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті осы... Жаңа
білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес,
оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Ендеше, тәрбие-ауадай
қажет [18].
Иә, егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең
мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу бүгінгі
алға қойған басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар-бүгінгі
мектеп оқушысы. Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен
түскен емес. Тәрбие мәселесі адам баласының ғұмырындағы көнермейтін,
ажырамайтын баға жетпес құндылық, бала тәрбиелеу мәселесінің негізгі өзегі-
өмір тәжірибесі, өз халқының әдет-ғұрпы.
Ақиқат пен аңыздың асқарында ғұмыр кешкен Бауыржан Момышұлы атамыздың
мына сөзі де менің жанымда жүреді. Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ
едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ
елден қорқам. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан
қорқам. Үшінші, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Солардан
қорқам деген атамыздың осы қорқынышын болдырмайтын, бесік жыры үнінің
құдіретіне тәнті болып өсетін баланың тәрбиеленуіне, ертегіні құмарта
тыңдап, оның қызығына тамсана білетін жеткіншектің көбеюіне, дәстүрімізді
сыйлайтын намысты ұл мен қыздың өсуіне тірек болатын тәрбие жұмысы ұлттық
мінез, ұлттық келбетіміздің ажарлануына жол ашады [19].
Заманымыздың заңғар жазушысы М. О. Әуезов: Адам баласы жан жемісін
татпай, өмірдің терең мағынасында шын мақсатын түсіне алмайды деген екен.
Жан жемісі алдымен оқу-білім, тәрбие десек, сол жемісті берер мәуелі
ағашымыз мектеп, ол мектептің жүрегі- мұғалімдер емес пе?!
Мектеп-білім ошағы, тәрбие ордасы, тағылым табалдырығы. Мектеп-
тұлғаның толық қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Әр жеткіншек-
зерттелмеген құпия. Сол зерттелмеген құпияны ашып, баланың басқаға
ұқсамайтын қасиетін тани білу-ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІ сьезінде
Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім
оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға
жүктелетін міндет ауыр,-деген болатын. Ендеше елдің ұлтжанды азаматын
тәрбиелеймін деген кез келген ұстаз ұлттық мәдениетпен, тарихи, мәдени
мәліметтер және құнды ата-баба мұраларымен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz