Қазақстандағы венчурлық бизнес



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 2

I. Қазақстандағы венчурлық бизнес 4
1.1 Қазақстандағы венчурлық бизнестің дамуы 4
1.2 Инновациялық компанияның даму деңгейлері 11
1.3 Ірі және шағын бизнестің салыстырмалы талдауы 13
1.4 Ғылыми техникалық өнім нарығын қалыптастыру 17

Қорытынды 21
Пайдаланған әдебиеттер: 23

Кіріспе
Венчурлық бизнес тұжырымдамасы ресейлік бизнес әлеміне жақында қатысты. Батыс елдерінен айырмашылығы, осындай инвестициялар қазірдің өзінде бұрыннан қалыптасқан тәжірибе болған, біздің елімізде әлі де дамып келе жатқан, венчурлық қаржыландыру 20 жыл бұрын пайда болған жоқ.
деген сөз Венчурлық ( венчурлық) және оның барлық туынды ағылшын шыққан болып табылады және тәуекел Гэмбл немесе бизнес ретінде аударады.
Венчурлық бизнес (немесе венчурлық қаржыландыру) шағын және орта бизнесте тікелей инвестициялардың нысаны болып табылады, олардың негізгі қызметі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік зерттеулерді жүргізу және іс жүзінде қолданылатын жаңа жоғары технологиялық идеяларды әзірлеу болып табылады. Басқаша айтқанда, бұл тәуекелді бизнес-жобаларды іске асырумен айналысатын фирмалар немесе компаниялар.
Венчурлық қаржыландырудың мақсаттары, түрлері, нысандары мен объектілері
Венчурлық қаржыландырудың мақсаты - перспективалық, бірақ тәуекелді жобалар мен бизнесті инвестициялау нәтижесінде инвесторлардың пайдасын алу.
Инвестицияның түрлері бойынша ішкі және сыртқы бизнес кәсіпорындары арасында айырмашылық бар.
Бірінші типтегі даму идеяларын іске асырудың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Шетелдік кәсіпорындарды қаржыландыру әр түрлі көздерден қаражат алудың тәсілі: инвестициялар, сақтандыру, қайырымдылық, зейнетақы қорлары, мемлекеттік ресурстар, жеке инвесторлар.
Тәуекелдерді бірнеше түрлі нысандарда жасауға болады:
қоғамның акцияларын инвестордың меншігіне беру үшін;
3 жылдан 7 жылға дейінгі орташа мерзімді несие түрінде;
инвестициялардың екі жоғарыда көрсетілген нысандарының комбинациясы түрінде.
Инвестиция нысандары кәсіпорындардың бірнеше түрі болып табылады:
бастаушы фирмалар (жолдың басы дегенді жақында аудару) - жаңа ғана қалыптасып жатқан және нарықта тәжірибесі жоқ жаңа компаниялар;
бастаушы фирмалар - өздігінен шыққан кәсіпорындар қазірдің өзінде дайын әзірлемелер бар, бірақ одан әрі дамыту үшін қаражат жоқ;
Кеңейту фирмалары (кеңейтуден - кеңейтуден) - өздерінің нарықтағы орнын толығымен игерген және өзгелерге әсерін кеңейтуге дайын компаниялар, бірақ оларда жаңа аумақтарды дамыту үшін ақша жоқ;
бизнес-идеялар - тек қана тәуекелді жобалар, ол нақты пайда алу үшін қаржыландыруды талап ететін ешқандай материалдық база болмайды.
Венчурлық қаржыландыру әдістемесі
Әдетте, венчурлық инвестор өз ақшаларын салыстырмалы түрде кішігірім кәсіпорындарға салады. Бұл компаниялар, әдетте акциялары қор биржаларында сатылмайтын және олардың иелерінің кішігірім иелеріне тиесілі акционерлік қоғамдар болып табылады.
Сіз банктік кредиттеу арқылы венчурлық қаржыландыруды анықтай алмайсыз немесе оны стратегиялық серіктестік нысаны ретінде қабылдамаңыз. Бұл аздап өзгеше тұжырым.
Банк несиелік ұйымдарынан айырмашылығы, тәуекелді инвестор кәсіпорынға берілген қаражатқа материалдық қамтамасыз етуді (мүлік кепілі) талап етпейді.
Стратегиялық серіктестіктен өзгеше, компания немесе жеке тұлғалар венчурлық капиталға инвестицияларды жүзеге асыра алады, басқарманың белгілі бір шешімдердің инвестициялық объектісін қабылдағанына немесе дамудың даму үрдісін түзетуге елеулі әсер ете алмайды.
Қаржылық компания - бұл тек қаржылық тәуекелдерді алып жүрген пассивті байқаушы. Венчурлық бизнестің тағдыры үшін барлық жауапкершілік оның иелеріне тиесілі.
Тіпті, құзыретті және мұқият есептелген инвестиция да оң нәтижеге кепілдік бере алмайды. Тиімді венчурлық капиталға инвестициялар, егер демеушілік компаниялардың нарықтық құны 5 жыл ішінде бірнеше есе өссе, қарастырылады.

I. Қазақстандағы венчурлық бизнес
1.1 Қазақстандағы венчурлық бизнестің дамуы
XXI ғасыр жүз жылдық ғаламдық инновацияның өркендеу ғасырына айналатынын қазіргі әлем елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр.
Қазіргі кезеңде кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары оны жетілдірудің нарықтық механизмдерінің инновациялық түрлерінің одан ары жақсартуды қажет етіп отыр.
Қазіргі таңда Қазақстанның инновациялық дамуы - біз үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оның үстіне бүгінде ел Президенті әлемнің барынша бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіру мақсатын қойып отыр. Жаңғыртуларсыз, жаңа технологияларсыз және тұтастай инновацияға екпін бермейінше бұл мақсатқа жету мүмкін емес. Әрі мұны бәрі түсініп отыр. Егер әлемдік тәжірибеге көз салсақ, нақ осы инновация дамыған мемлекеттер экономикасын өсірудің негізгі құралы ретінде венчурлік бизнес саласын дамыту әсер еткенін көруге болады.Осыдан шығатын ендігі мәселе - шикізат тәуелділігіне ие Қазақстан экономикасын осы салаға бағыттап, айырықша көңіл бөле отырып, сол саланы барынша қарқынды дамыту. Өкіншке орай, венчурлік бизнес саласы елімізде кенжелеп келеді. Сол себепті қарастырылып отырған тақырыбымыз бүгінгі күнде өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Қазақстанда Венчур-ағылшынның venture тәуекелді кәсіпорын,бастама дегенді немесе мекеме тәуелділігі деген мағынаны білдіреді. Венчурлық капитал жеке бизнесті қаржыландырудың баламалы нысаны ретінде АҚШ-та 50-жылдардың ортасында пайда болды.Еуропаға ол тек 70-жылдардың соңында ғана келді. Венчурлық капитал пайда болғанға дейін әлемде шағын және орта бизнесті қаржыландыруды банктік капитал,ірі корпарациялар мен компаниялар және ауқатты адамдар қаржыландыру арқылы жүзеге асырылған.
Жалпы, венчурлік бизнес дегеніміз -- технологиялық жаңалықтарды енгізудің негізгі формасына айналған тәуекелге негізделген бизнес. Ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерциялауға негізделген иннновациялық салаларға салынатын тәуекелділік деңгейі жоғарылылығымен сипатталады.
Егер венчурлық бизнес дегенді тікелей аударатын болсақ-тәуекелді кәсіпорын болып шығады. Ал венчурлық компаниялар тәуекелді жобаларға салынған инвестициялар есебінен ақша табады[1].
Венчурлық бизнес көпшілікке таныс емес бизнес түріне жатады, тек соңғы жылдары ғана бизнестің осы түріне айрықша назар аударыла бастады. Қазақстан азаматтары венчурлық қорлардың жұмысымен толық таныс деп айта алмаймыз.Әрине,оған қорлар жұмысының ашық жұмыс істемеуінің де өз әсері бар. Енді, осы венчурлық қорларға тоқтала кетсек.
Қазақстанда ең алғашқы венчурлық қорлар 2004 жылы пайда болды. Еліміздің венчурлық инфрақұрылымын құруға бастамашы болған мемлекеттің өзі еді.Венчурлық қорларды құруға мемлекет атынан Қазақстанның даму институты- Қазына орнықты даму қорына кіретін ҰИҚ өзек болған. 2005 жылдан бастап ҰИҚ Еуропалық венчурлық капитал қауымдастығы мен венчурлық инвестициялаудың Сингапурлық қауымдастығына мүше болып табылады.
2004 жылдан бері ҰИҚ даму институты қазақстандық инвесторлармен біріге отырып 6 венчурлық қор құрды. Олар: Адвант венчурлық қоры, АҚ, Венчурлық Әрекет жоғары технологиялар қоры АҚ, Сентрас АИФРИ АҚ, Glotur Technology Fund АИФРИ АҚ, Almaty Venture capital АҚ, Logycom Perspective Innovations АИФРИ[2].
Венчурлық қорларды құру инновациялық қызметке жеке капиталдың тартылуына, оладың қаупінің төмендеуіне, инновациялардың коммерцияларндыру саласында мемлекет пен жеке кәсіпкерліктің өзәрә тиімді әрекет жасауына өз септігін тигізеді.
Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.
Дағдарыстан кейінгі кезде нарықтық реформалардың нәтижелері инновациялық дамуға жаңа көзқарас қалыптастырумен анықталуда.
Венчурлік инвестициялау тәуекелді капитал салымын білдіру мақсатында қолданылатын термин. Мұндай инвестициялау технологиялық жаңа енгізілімді жүзеге асырудың негізгі үлгілерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерліктің аталған түрі көп жағдайда перспективасы кепілдікке алынбаған, үлкен тәуекелділікке ие жоғары ғылымдық және технологиялық салада ғылыми зерттеулер қорытындыларын коммерциялизациялауға тән.
Шағын бизнес жүйесінде инновациялық процеске өз қызметін арнайтын бөлігі маңызды роль атқарады. Оған жоғары дәрежеде елдің интенсивті экономикалық өсуі және халық шаруашылығының бәсеке қабілеттілігін жоғарылату тәуелді болып табылады. Шағын инновациялық бизнеске салааралық сипат тән. Мұндай бизнестің объектісі - оны ғалымдардың шығаруынан тәжірибеге енгізуге дейінгі барлық идеялардың ғылыми қозғалысы, яғни венчурлік бизнесті жүзеге асыру кезеңдері деп ойлаймын.
Негізінен венчурлық бизнесті дамыту үшін инновациялық инфрақұрылымнан басқа,инновациясын тәуекелі жоғары жобаларға салушыларда, жоғары инновациялы жобаларды ұсынушылар да жеткілікті болуы шарт.
Тап бүгінде ұлттық инновациялық жүйені құрудың бірінші кезеңі аяқталып, екінші кезеңі басталып жатыр. Ендігі мақсат - венчурлық бизнеспен Қазына да, оның еншілес компаниялары да емес, жекеменшік секторлардың тікелей айналысуын қамтамасыз етуіне тіреліп тұр. Дамыған елдерде бизнестің бұл түрі, негізінен, қалталы адамдардың қолында. Ал бізде оны құрып, аяғынан нық тұрғызуды мемлекет Қазына тұрақты даму қоры арқылы ғана жүзеге асыру үстінде. Елбасы өзінің халыққа Жолдауында индустриалды-инновациялық стратегияның аясында инновациялық технологияларды өндіріс пен өнеркәсіпке белсенді түрде енгізу керектігін атап көрсеткенін ескерсек, венчурлық инвестициялық саясаттың қандай маңызды тетік екендігін шамалай беруге болады. Аталған стратегияны жүзеге асыру үшін жалғыз Қазынаның ұмтылысы жеткіліксіз екендігі және анық .
Жалпы Инновация ұғымы ағылшынның innovation сөзінен аударғанда жаңа енгізілімдер, жаңалықты ғылыми- техникалық игеру мағынасын береді.Шағын кәсіпкерліктегі инновациялық үрдіс 4 қолданбалы кезеңдерден құралады.
1-ші кезеңде іргелі ізденістік ғылыми- зерттеулік жұмыстар жүргізілді.
2-ші кезеңде қолданбалы ғылыми-зерттеулік жұмыстың соңғы іске асуына мүдделі, инвесторлардың тапсырыстары мен қаржылық құралдар есебіне қолданбалы ғылыми- зерттеулік жұмыстың іске асу үрдісі сипатталады.
3-ші кезеңде инновациялық жобаны қаржыландырудағы технико- экономикалық үйлесімдік турасында негізгі шешімі өнделетін тәжірибелі- конcтрукторлық жұмыс жүргізіледі немесе кейбір компоненттер инвестицияланады.
4- кезеңде ғылыми сыйымдылықтағы өндіріс іске қосылады, технологияның жобалық- сериялық шығарылуынан бастап, масштабтық өндіріспен нарыққа шығуға дейінгі кезең.[3]
Шағын инновациялық бизнесті көбінесе тәуекелдік және венчурлік деп атайды. Бұл шағын бизнестің инновациялық қызметтің өзінің ерекшеліктерінен басқа, сыртқы орта өзгеруінен жоғары тәуелдігімен сипатталады. Шағын бизнестің тәуекелділік деңгейін туралы орташа есеппен алғанда әрбір он венчурлік фирмалардың тек бір-екеуі ғана жетістікке жететін фактісі көрсетеді. Тағы да бір инновациялық жобалардың көңіл толтырмайтындығы: орташа алғанда жүзден тек екеуі ғана қаржыландырылады.
Жоғары тәуекел сонымен қатар, оның жоғары компетенциясымен де жүргізіледі: инновациялық жобаларды енгізуден мүмкін пайда нормасы бұрынғыға қарағанда жоғары болуы мүмкін, инновациялық салаға және сәйкес шағын бизнестің өмір сүруіне мүмкіндік береді, басқа жағдайда болмас та болар еді. Сонымен қатар, инновациялық жобаның жүзеге аспау қаупі жоғары екенін есте сақтау қажет. Егер де осындай жобалар көп болып, олар салалық жоспарда жайғастырылса, заң бойынша тәуекел саны минизацияланады және инновациялық бизнестің жетістікке жету ықтималдылығы жоғарылайды. Сондай-ақ, сәтті инновациялық жобалардан түсетін пайданың жоғарлығы соншалықты, ол сәтсіз басталған барлық шығындардың орнын толтыра алады. Осыдан тәжірибе жүзінде дәлелденген инновациялық жобаларды орталықтандырумен және қаржылық тәуекелді диверсификациялау негізінде оларды енгізуді ұйымдастырумен айналысатын венчурлік қор деп аталатын тиімділікті қызмет ету дәлелдемесі шығады. Мұндай қорларда шетелде шағын инновациялық фирмаларды қаржыландыру үшін арналған капитал шоғырланады.
Әр түрлі сипаттамаларды қорыта келе, инновация -- өтімділігі жоғары жаңа өнімді ойлап табу деген ұғым туады. Бұл тұрғыдан алғанда ашылған жаңалықтың барлығы инновацияға жатпайтынын айтқан жөн. Өйткені, іргелі міндеттерді атқаруға негізделген, яғни осыған дейін белгісіз болып келген табиғат құбылыстарын ашу сияқты жаңалықтар ешқандай материалдық игіліктерді тарту етпейтіндіктен де, ол ғылыми ізденістердің жемісі ретінде ғана есептелінеді.
Экономикалық қатынастар жүйесінен инновацияның алатын орны орасан зор. Себебі инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан, бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға жұмсап келеді. Осыған байланысты нарықтық экономика кезеңіндегі бәсекелестік күресте инновация өнімінің өзіндік құнын азайту, инвестициялар ағынын арттыру, өнім өндірушінің имиджін қалыптастыру және жаңа нарықтарды, оның ішінде сыртқы нарықтарды бағындырудағы аса тиімді таптырмас құралға айналуда деп зерттеулер негізінде тұжырымдауға болады.
ҚР инновациялық қызметті қаржыландырудың көздері ретінде кәсіпорындардың өз қаржысы, республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары, инновациялық қорлар қаражаты, мемлекеттік гранттар және заңға қайшы емес қаржыландырудың басқа да түрлері жатады. Қаржыландыру инфрақұрылымы ретінде даму инситуттары, венчурлік қорлар, кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер, екінші деңгейлі банктер және т.б. жатады.
Қазақстан тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көбінесе қарапайым қаржыландыру көздері, яғни банктер немесе басқа да қорлар инновациялық ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландырудан бас тартады. Өйткені онда тәуекелділік жоғары болады. Сондықтан бұл жағдайда арнайы осындай көп тәуекелі бар жобаларды қаржыландыру үшін әлемдік тәжірибеде венчурлік қорлар құрылады.
Қазақстандағы ғылымның негізгі проблемаларының бірі ғылыми зерттеулердің аяқталмаушылығы, олардың өндірістен қол үзушілігі болып табылады. Ғылыми әзірлемелердің қажетсіздігі, ғылым жүйесіндегі қазіргі құрылымдық диспропорция және соның салдарынан өнеркәсіптегі инновациялық белсенділіктің төменгі деңгейі өндіріс факторларының өнімділігін арттыру ғылыми-техникалық және инновациялық прогресс негізінде ғана мүмкін бола тұрса да, экономиканы реформалаудағы ғылымның рөлін жете бағаламаумен түсіндіріледі.
Венчурлік қорлар венчурлік инвестициялаудың негізгі механизмі болып табылады. Венчурлік инвестициялаудың бастапқы кезеңінде қызметті инновация жасауға және коммерциялауға бағытталған компанияларға жеке, отандық және шетелдік капиталды тарту мемлекеттің тікелей үлестік қатысуымен венчурлік қорларды құрғанда мүмкін болады. Венчурлік қорға инвестицияланатын мемлекеттік қаржылар осы қорға кіретін жеке инвестициялардың тәуекелдерін төмендетеді.
Қазақстан Республикасында инновациялық белсенділіктің өсуіне жоғары техникалық жəне ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға жəрдемдесу мақсатында ұлттық инновациялық қор құрылған.­ Инновациялық қорды құру инновацияларды енгізудің тиімді жəне рыноктық тетіктерінің болмауының жүйелік проблемасын шешуі ­ венчурлық қаржыландыруды ынталандыруы тиіс.­ Венчурлық кəсiпорындарды дамыту мен қолдаудың пəрмендh­ тетiктерiнiң бiрh­ бизнес-инкубация процесh­ болып табылады­ яғни табыстың мүмкiндiгiн айқындау əлі ­күрделі ­оларды дамытудың əлі ­ерте ­қауіпті ­ кезеңiнде инновациялық жобаларға қолайлы жағдай жасау­ сондай-ақ технологиялық компанияларды жедел дамыту үшiн процесс болып табылады.
Венчурлық инвестициялар-бұл орташа деңгейден жоғары табыстылығы бар тәуекел инвестициялары.
Венчурлық бизнесті инновациялау:
-Идеяның,жаңа өнімнің пилоттық үлгілерін құрумен байланысты қолданбалы зерттеулер және оның коммерциялық әлеуетін бағалау;
-Алғашқы сериялық өндіріс және өнімді алғашқы сатулар;
-Өндірістің алғашқы кеңейтілімі және өнімді өткізу үшін жаңа рыноктарға шығару;
-Жалпы венчурлық бизнесті дамыту үшін келесідей шараларды атқарумыз керек:
-Елдегі инновациялық күштерді нығайту және қалыптастыру;
-Индустриялық-инновациялық дамуды халық арасында насихаттау;
-Шағын инновациялық бизнесті ынталандыру;
-Зейнетақы қорлары мен сақтандыру қорларының венчурлық бизнеске инвестициялауын ынталандыру
Венчурлік қаржыландыру алдыңғы үш деңгейде қаржыландыра алады. Ал көп қолданылатын міндеттемелік қаржыландыру тек үшінші деңгейден ғана басталады.
Венчурлық қаржыландыру басқа қаржыландырулардан, соның ішінде банктік несиелеуден қандай айырмашылығы бар ? Біріншіден, инвестор өз қаржысын акцияға сала алады. Қаржылық кеңестер беру арқылы жаңадан ашылған кәсіпорындардың жұмысын алға бастыруға көмектеседі. Екіншіден, банктер сияқты тоқсандық, жылдық пайыздық төлем талап етпейді. Венчурлық капитал беруші сәтсіздіктер орын алса, акционері ретінде жауапкершілікті өз мойнына алады. Кәсіпорынның негізін қалаушы мен инвестор әріптестікте жұмыс жасайды.
Егерде венчурлық инвестордың қаражаты жетпейтін болса, ол компаниямен бірлесе жаңа қаржы көздерін іздейді. Сосын жоғары технологиялы компания венчурлық капиталды тарту, ғылыми сыйымды өнім шығару, жоғары рентабельді болғанынша кеңеюі, жоғары пайда алып келуі мен акцияларының қор биржасында сатылып, пайда әкелуі сияқты даму кезеңінен өтеді.
Жақында венчурлық капитал мен тікелей инвестициялардың қазақстандық қауымы құрылған болатын. Бұл қауымдастықтың құрылу мақсаты-ҚР венчурлық қаржыландыруды дамытуға көмектесу, венчурлық бизнестің дамуы үшін оңтайлы жағдайлаар жасау, венчурлық қаржыландыру тетіктерін жасап шығару, отандық және шетелдік капиталдың қатысуымен венчурлық қаржыландырудың жүйесін қалыптастыру.
Бізде венчурлық бизнестің дами алмау себебі венчурлық қорлар мен ғалымдар арасын байланыстыратын мықты мамандардың болмауы. Әйтпесе венчурлық бизнес біздің мемлекет үшін өте қажет. Венчурлық бизнес бұл жаңа жобалар мен инновациялық тауарлардың кілті болып табылады. Сондықтан бизнестің бұл түрі Қазақстан үшін өте тиімді.
Бүгінгі күні әлем адамдарға қарағанда жылдамырақ өзгеруде. Қазіргі заманның дамығаны сонша, шекараны өшіріп, арақашықтықты жақындатып, қазіргі заманның коммуникация құралдарының мүмкіндігін арттыруда. Қазақстандық алдында нарық субьектілерінің өзара тауарлар мен қызметтерді өндірудегі бәсекелестікті қолдап және дамыту міндетімен қатар елімізде ғылыми ізденістерді қажет ететін технологиялар саласындағы әлемдік бәсекелестіктің толыққанды қатысушыларына айналу үшін білім экономикасын дамытуға арналған жағдайлар тудыру міндеті де тұр.
Ел экономикасының дамуы мен халықтың әл ауқатының жақсаруы ғылыми техникалық жетістіктердің нәтежиесі болып табылады.
Алғашқы венчурлық бизнес Қазақстанда Ұлттық инновациялық қор акционерлік қоғамын құрумен тікелей байланысты. Қоғамның жарғылық капиталы үш миллиард теңгені құрайды. Қоғамның негізгі міндеттері:
-отандық және шетелдік инвесторлармен бірігіп, венчурлық қорларды құру;
-гранттар беру жолымен жаңа технологияларды, тауарлады, жұмыстарды, қызметтер көрсетуді құруға бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру;
-инновацияларды енгізуді қаржыландыру;
-ұлттық инновациялық инфрақұрылым элементтерін құруға қатысу;
-ғылыми-техникалық өнім рыногын қалыптастыруға қатысу;
-инновациялық технологияларды көшіру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту
Біз бірақ оның жұмыс нәтежиесі туралы айта алмаймыз. Себебі, венчурлық қор бір жобаға инвестиция салып,оны аяғынан тік тұрғызып, өзі жобадан шығып кетуі үшін кем дегенде бес жылдай қажет болады. Жалпы, венчурлық қорлар қысқа мерзімдік инвестицияларды жүзеге асырады. Венчурлық капитал тәуекелге бел буған кәсіпорынның аяғынан тұруына қаржы жағынан көмектесуге жауапты.
Венчурлық бизнес еліміз үшін маңызды.Банк несиесіне қарағанда, оның өзіне тән ерекшеліктері жеткілікті. Сол себепті, венчурлық бизнес әлем үшін де, еліміз үшін де таңсық емес.
Қазақстан Республикасында концессиялық қатынастарды заңды реттеу белгілі бір деңгейде қалыптасқан. Қазақстан Республикасы мен шетелдік инвесторлар арасындағы қатынастарды реттейтін 2006 жылы Қазақстан Республикасындағы концессия туралы ҚР-ның Заңы қабылданды.
Осы Заң концессияға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, концессия шарттарын жасаудың, оны орындаудың және тоқтатудың талаптары мен тәртібін айқындайды, концессионерлерді мемлекеттік қолдау кепілдіктері мен шараларын айқындайды.
1.2 Инновациялық компанияның даму деңгейлері
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, концессия мемлекеттің жекеменшік инвестицияға қызығушылығынан қолданылады. Қазақстанда концессияға қызығушылық артуда.Әсіресе ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда: көлік және телекоммуникация салаларында, жол салуда, т.б.
Алайда, концессиялық жобаларды іске асырудың негізгі проблемалары бұл жобалардың капитал сыйымдылығының өте жоғары болуы ұзын ақшаларды қажет етеді. Біздің ойымызша, зейнетақы мен сақтандыру қорларының қаражаттарын пайдалану қажет. Келесі проблема концессиялық жобаларды өтеу мерзімінің ұзақтығында.Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамытуда лизингтің маңызы зор.Өйткені кез келген инновациялық кәсіпорын ашу үшін алдымен кәсіпорынға толық технологиялық циклді қамтамасыз ететін құрал-жабдықтар қажет. Ал жаңа технологиялар қымбат тұрады және оны кез келген кәсіпкер сатып ала алмайды. Бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы қажетті құрал-жабдықтарды лизингке алу болып табылады.
Венчурлық капитал дәстүрлі емес, жаңа компанияларды қолдауға жұмсалады. Бұл бір жағынан тәуекелді арттырса, бір жағынан үлкен пайда әкеледі.
Венчурлық капитал салушы өзінің қаражатын компаниядан 5-7 жылдан кейін қалай алатынын анықтап алуы керек. Ал қаржыландырудың жетістігі компнаия акциясының құнының өсуімен анықталады.
Кәсіпорын 3-5 жылдан соң қор нарығына акциясын шығаруына болады. Венчурлық кәсіпкер алғашында салған капиталын 5-10 есеге өсіруді көздейді.Әрі олар өз мақсаттарына жетеді.Мысала, Ресейде ғалымдар мықты иммунитет қалыптастыратын Тимоген дәрілік препаратын ойлап тапқаны үшін шамалы қаржы жұмсаған. Бұған бірден бірнеше мемлекеттер қызуғышылыұ танытты. Тіпті соңында осы тауарды шығару құқығын АҚШ бірнеше миллион долларға сатып алды. Сонымен қатар 1975-1979 жылдары танымал емес шағын Apple Computer атты америкалық компания біраз инвесторлардан 7 миллион доллар алған болатын. 1980 жылы 12 желтоқсанда жоғары сұраныспен компьютер шығарып сататын кәсіпорын,өзінің акциясын қор нарығына шығарғанда құнды қағаздары бір күнде шарықтап кетіп, 1,7 миллиард долларға көтерілді. Кәсіпорынның негізін қалаушы Стивен Джобс 24 сағаттың ішінде акциясы 4 миллиард доллар құрайтын миллиардер болып шыға келді.
Бұдан біз мынадай тұжырымға келеміз, венчурлық бизнес бұл жаңа идеялармен инновациялық тауарлардың кілті болып табылады. Венчурлық капитал сонымен қатар модамен бірге жүреді. Кейін бұл сәннен кете бастағаннан кейін тауарға сұраныста азаяды. Мысалға ұялы телефондар мен дербес компьютерлер шығаратын кәсіпорындарды алсақ болады. Сұраныс азайғаннан кейін венчурлық қаржыландыру да азайды. Осы себептерден кәсіпорындар көптеп шығынға кетіп отырды.
Венчурлық кәсіпорындар тез арада мемлекеттің бүкіл өндірісінің заманауи ғылыми-техникалық қайта жарақтандыруға және қайта құрылымдауға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, шағын жоғары технологиялы венчурлық кәсіпорындар, ертенгі күннің ірі компаниялары мен корпорациялары екнін естен шығармаған жөн. Әлемдік экономикаға ену үшін, бізге бәсекеге қабілетті өнімді өндіру қажет, ал венчур- лық қаржыландыру осыған мүмкіндік туғызады. Қазақстанда венчурлық бизнесті дамытсақ, ол еліміздің экономикасына үлкен пайда алып келеді. Бүкіл әлемдік деңгейде Қазақстанды индустриалды мемлекеттер қатарына қосып, бірігей ұлттық экономиканың негізін қалайды[8].
Қазіргі таңда ел экономикасы дамуының шешуші факторлары -- ғылым мен инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз. Бүкіл əлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калифорнияда құрылған дүние жүзіндегі ең алғашқы технопарк АҚШ-тағы "Силикон аңғарының" пайда болуына негіз болды. Өткен ғасырдың 80-жылдары технопарктер тек АҚШ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Австралия, Бразилия, Индия, Қытай, Жапонияда да құрыла бастады [9].
2015 жылға дейінгі кезеңде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Венчурлық кәсіпкерлік және оның Қазақстандағы даму қарқыны
Венчурлық капитал
Венчурлық бизнесті ұйымдастыру мен басқарудағы ерекшеліктер
Кәсіпкерлік венчур ұғымы мен құқықтық мәселелері
Венчурлық кәсіпкерліктің теориялық және ғылыми-тәжірибелік проблемаларын зерттеу, Қазақстан экономикасындағы ұлттық инновациялық жүйенің басымдықтарын анықтау, елімізде венчурлық кәсіпкерліктің дамуы мен кәсіпорынның инновациялық қызметіне талдау жасау
Венчурлық бизнес
Отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметін экономикалық талдау
Инновациялық қызметті реттеу
ҚР өнеркәсібінде инновациялық процестерді дамыту
Қазақстан Республикасындағы инновациялық үрдістер
Пәндер