Еңбек ақы бойынша диплом алды іс – тәжірибе


Міндеттемелердің есебі мен аудиті:
-2 Еңбекақы бойынша жұмыскерлермен есепайырысу есебі мен аудиті;
-3 Мердігерлер мен жеткізушілермен есепайырысу есебі мен аудиті;
-4 Басқа да кредиторлық қарыздардың есебі мен аудиті
Кіріспе
Диплом алды іс - тәжірибесі - мамандықтың оқыту жоспарының аса маңызды элементтерінің бірі, сондықтан да оқыту пәндері бойынша білімді бақылаудың аса маңызды түрі болып табылады. Ол студенттердің өз мамандығына қатысты білім алуына, білім деңгейін дамытуға өз үлесін қосады, сонымен қатар профессионалдық, ұйымдастырушылық жұмыс біліктілігін арттыруға, өндірістік практика пәні бойынша ақпаратты жалпылау мен рәсімдеу, жинақтау үрдістеріне байланысты сұрақтарды оқып - білуге үлкен септігін тигізеді.
Диплом алды іс - тәжірибесі студентің жоғарғы оқу орнында алған білімін пысықтайды, кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру облысында практикалық білім алуға, өндірістегі ұйымдастырушылық, басқарушылық және экономикалық сұрақтар бойынша профессионалды компетенциялық білім алуға көмектеседі.
«Есеп және аудит» мамандығының студенттері диплом алды іс - тәжірибесін мемлекеттік ұйымдарда, барлық түрдегі мүліктік ұйымдарда, экономиканы мемлекеттік реттеуді басқару ұйымдарында, нарықтық инфрақұрылым салаларында, ғылыми - зерттеулік ұйымдарында диплом алды іс - тәжірибесі базасы ретінде өтуіне рұқсат етіледі.
Диплом алды іс - тәжірибесі оқу жоспарына сәйкес алтыншы тоқсаннан кейін өткізіледі, ұзақтығы сегіз апта.
Диплом алды іс - тәжірибесі мақсаты - болашақ мамандардың қызметінде практика барысында алынған білімдерін теориялық түрде қалыптастыру болып табылады.
Диплом алды іс - тәжірибесі негізгі міндеттері:
- практика базасымен танысу, оның ұйымдастырушылық және өндірістік құрылымымен, менеджментімен танысу;
- қаржылық, экономикалық бөлімдер, бухгалтерлік бөлімшенің жұмысымен танысу және олардың өзара байланысын қарастыру;
- кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру шараларымен танысу;
- кәсіпорындағы қолданылатын бухгалтерлік есептің әдістерімен танысу;
- кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың өңделуі мен рәсімделуінің тәртібімен танысу;
- бухгалтерлік есептің жеке бөлімдерімен танысу;
- болашақ дипломдық жұмыс тақырыбын таңдау үшін басты критерий болып табылатын ғылыми - практикалық қызығушылықты студенттің қабылдауы;
- ұйымда жұмыс атқару, шешім қабылдау үшін келіссөздер жүргізу бойынша практикалық жұмыстар атқару.
Мен диплом алды практиканы өттім. Заңды мекен-жайы :
I Жалпы бөлім
1. 1 Іс - тәжірибе базасымен танысу. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудитпен танысу.
Жер қорларымен басқару бойынша Қазақстан республикасының агенттiгi "Жер қорларының орталығы және жерорналастыру Мемлекеттiк ғылыми-өндiрiстiк" Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның шаруашылық жүргiзуiн құқықтағы Қарағанды iшкi мемлекеттiк кәсiпорыны жер қорларының орталығы және жер пайдалануды мемлекеттiк ғылыми-өндiрiстiктiң iшкi мемлекеттiк кәсiпорындары туралы №1682-шi 1996 жылдың 30 желтоқсанындағын Қазақстан республикасының үкiметiнiң қаулысымен сәйкес жасалған.
Кәсiпорынды басқаруды мемлекеттiк құрылыммен, сонымен бiрге мемлекеттiк меншiктiң құқық субъектiсiнiң функциялары мемлекеттiң уәкiлеттi органының құқықтары, 1-шi тармақтармен ескерiлген кейбiр жайларды ескермегендер 2-1 пайдаланылады №2335 1995 жылдың 19 маусымындағы ҚРдың Президентасының мемлекеттiк кәсiпорын туралы жарлықтың 25-шi бабының 1-шi тармағы бойынша госнпцзем құрылған.
Кәсiпорын өз қызметтерiнде Қазақстан республикасының мемлекеттiк кәсiпорын туралы 1995 жылдың 19 маусымындағы № 2335, сонымен бiрге осы жарғы заңды күшi бар Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан республикасының азаматтық кодексi, басқа нормативтiк құқықтық акттермен, жарлықпен негiзге алады.
Кәсiпорын шынымен шаруашылық жүргiзуiн госнпцземнiң iшкi мемлекеттiк кәсiпорынның формасында заңды тұлға болып табылады, банкте есеп шоты бар, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасының суретi бар мөрi және фирма атауы, бланктер, дақпырттар және қалған ресми атрибуттары бар.
Кәсіпорынның мекен-жайы : Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Пассажирская көшесі 15а
Кәсіпорынның реквизиттері:
РНН 30173039
БИН 971240001107
ИИК kz319G01319985
БИК ABKZKZKX
АО «БТА БАНК»
Кәсiпорынның қызметiнiң мақсаттары:
Кәсiпорынның қызметтерi зат мемлекеттiк жер кадастрды жүргiзуге және әбден жетiлдiру бойынша жұмыстардың жүзеге асыруы болып табылады.
Кәсiпорынның қызметтерi мақсат тиiмдi қолданудың ұйымының бағалы қамтамасыз етуi және жер қорларының қорғауы, заңға сүйенген тағы басқа кадастрлар үшiн жер жылжымайтын мүлiгi бойынша мемлекеттiк ақпараттық қорды жасауы болып табылады.
Кәсiпорынның қойылған мақсаттарын орындау үшiн келесi функцияларды жүзеге асырады:
1) Мемлекеттiк жер кадастрды жүргiзу бойынша жұмыстар:
Жер телiмдерiнiң теңестiру мiнездемелерi, iздену және жер - есептiк материалдар және құжаттар бойынша мәлiметтердiң жинақталуы және қағаз сақтаушыларына жүргiзуi.
жер телiмдерiнiң шекараларының анықтау және өзгерiсi, кадастр iстерi және электрондық деректер қорларына енгізу
жер пайдалануды жер телiмi және құқығын қамтамасыз ететiн құжаттардың әзiрлеуi бойынша жұмыстардың өткiзуi
мемлекеттiк меншiктiң жеке меншiкке немесе жер пайдалануға берiлетiн бағалау құны жер телiмдерiнiң есептеулерiнiң әзiрлеуi
мемлекеттiк тiркеудiң мақсаттары үшiн жер телiмдерiнiң есепке алуы
кадастр электрондық карталарының жасауы және мазмұнды оларды көкейкестi күйiнде сақтау
2) мемлекеттiк жер кадастрды жүргiзудiң мақсаттары үшiн түгендеу, топырақтардың барлауға және зонаға бөлуi, сонымен бiрге геодезиялық, картографиялық, топырақ, геоботаниялық, көрiнiс, агрохимиялық тағы басқа тексерулер және iздеулер арналған жұмыс жасау
3) берілген иапсырыстардың келесілер бойынша орындау:
топырақтар, қолдану, жақсарту және жер қорларының қорғауының программа жобаларының зонаға бөлуiнiң облыстық және аймақтық схемаларының әзiрлеуi
Кәсіпорында бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қызметін бейнелейді.
1. 2 Қаржылық есептілікті экспресс талдау
Есептілік - бұл кәсіпорынның қаржы - шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын көрсеткіштердің жиынтығы. Оның көрсеткіштері мерзімдімәліметтер мен солар үшін белгіленген кестелердегі есепті мәліметтерді қорыту жолдарымен қалыптастырылады.
Жеке балансы бар және заңды тұлға болатын барлық кәсіпорындар, сондай - ақ шаруашылық қызметтен кіріс алатын басқа шаруашылық субъектілер қаржылық есептілік түзуі тиіс.
Қаржылық есептілік бухгалтерлік баланс, кірістер мен шығыстар туралы есеп, ақшалар қозғалысы туралы есеп, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп, есеп саясаты туралы ақпарат пен түсіндіру қағазынан тұрады. Есептіліктің негізгі нысаны бухгалтерлік баланс болып табылады.
Есеп ұйым есеп саясатына өзгерістер енгізілсе, онда мұндай өзгерістер нәтижесінде пайда болған түзету сомасы МСФО (IAS) №8 «Есеп саясаты, есеп саясатындағы өзгерістер мен қателер» стандартының талаптарымен сәйкес бейнеленеді. Түзеті, қатені анықтаудан соң шығарылған, бірінші қаржылық есептілікте өткенді шолу түрінде жасалады. Кәсіпорында елеулі қатенің сипатын, әрбір бұрын көрсетілген кезеңдегі, мүмкіндігі барынша болатын түзетудің сомасы.
Түзету сомасын бейнелеу үшін 5520 «Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы) » шоты арналған. №4 «Ақшалар қозғалысы туралы есеп» стандарты субъектінің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті түзу тәртібін ретке салады. Есеп, пайдаланушыларға есепті кезеңдегі операциялық, инвестиялық және қаржылық қызметтері бойынша ақша қаражаттарының келуі мен кетуі туралы, оларды ақпаратпен қамтамасыз ете отырып, заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерістерді бағалауға мүмкіндік береді.
Субъектінің жылдық есептілігі үшін есепті кезең 1 қаңтардан басталып 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл болып табылады. Жаңадан құрылған субъект үшін бірінші жыл оның мемлекеттік тіркеу кезеңінен басталып, сол жылдың 31 желтоқсанына дейін болады. Субъектінің тіркелуі немесе онымен заңды тұлғаның статусын алынғанына дейін орын алған операциялар бірінші есепті жылдың қаржылық есебіне енгізілед
Жоғарыда айтылып кеткен мәліметтерді түйіндей келе КГП «Кадастр орталығындағы» - бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізу шаралары қаржылық есептілік және бухгалтерлік есеп қағидаларына, сонымен қатар бухгалтерлік қызметтің методологиялық негізі ретінде бухгалтерлік есеп стандарттарына негізделетінді деген қорытындыға келуге болады.
II Қаржылық есеп
2. 1 Капитал есебі мен аудиті
Капитал - бұл кәсіпорынның барлық міндеттемелерін шегеріп тастаудан соң активтердегі үлесі. Бұл түсінік баланстық теңдемеден келіп шығады:
Активтер = капитал + міндеттемелер
Бухгалтерлік баланстағы меншікі капиталды белгілейтін сома активтер мен міндеттемелердің бағалауына байланысты.
Жарғылық капитал кәсіпорын мүлкіне оны құрған кезеңдегі қатысушылардың салымының жиынтығы болып табылады. Жарғылық капиталды белгілеу мен қалыптастыру тәртібі және пайдалану шаруашылық жүргізуші субъектінің іс - қызметінің өрісі мен жағдайына, ұйымдастыру - құқықтық түріне байланысты. Жарғылық капиталды тексеру жарғылық капитал көлемінің құқықтық - нормативтік акті талартарына сай болуын, жарғылық капитал көлемінің өзгеру ықтималдығы, бухгалтерлік есепте жарғы капиталының шамасына ықпал ететін операцияларды көрсетудің және қолданылған корреспонденциялардың дұрыстығы болып жүзеге асады.
Д - т 5110 «Төленбеген капитал» шотына және К - т 5010 «Салымдар мен пайлар» шотына қатысушылардың салымдары сомасына, жарғы капиталы мөлшері ұлғайғанда К - т 5010 «Салымдар мен пайлар»шотына, 2410 «Негізгі құралдар», 1310 «Материалдар», 1320 «Тауарлар», 1070 « Банктегі акктредитивтегі, чектердегі, карт - шоттардағы және басқа да шоттардағы ақша», 1040 «Ұлттық валюта ағымындағы корреспонденттік шоттағы ақша» және 1010 «Кассадағы қолда бар ақша» бөлімдер шотына жазылады.
Кәсіпорынның қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижелері, есепті жылдың соңнда бұл шотқа: кірістерді шоттың кредитіне, ал шығыстарды дебетіне шығыс етіп, кірістер мен шығыстарды салыстыру жолымен 5610 «Жиынтық кіріс (жиынтық залал) » шотында анықталады.
Есепті жыл мен өткен жылдардың қаржылық - шаруашылық нәтижелері 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (залалы) » және 5520 «Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (залалы) » шотында анықталады.
2. 2 Негізгі құралдар мен материал емес активтердің есебі
Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес негізгі құралар - өндірістік, өндірістік емес салаларында еңбек құраладары ретінде ұзақ мерзім (1 жылдан көп) қызмет ететін материалды активтер (4) .
КГП Кадастр орталығында - негізгі құралдарына келесілер жатады: жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, құрылғылар, өндірістік және шаруашылық инвентарь, арнайы құралдар және өзге де негізгі құралдар.
Негізгі құралдарды бірнеше өндірістік циклда қолданыстан өткізеді, олар тозады, алайда өз пішінінін жоғалтпай өзінің құнын өндірілетін өнімнің құнына алмастырады. Негізгі құралдарға қарағанда айналым құралдары бір ғана өндірістік процеске қатысып, өз құнын толықтай қайта өндірілген өнімге аударады.
Бухгалтерлік есепте негізгі кұралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. "Негізгі құралдарға" - қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.
№16 «Негізгі құралдар есебі» Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты бойынша негізгі құралдар 2 бөлімнің 2400 бөлімшесіндегі 2410 Негізгі құралдар, 2420 Негізгі құралдардың құнсыздануы мен амортизациясы шоттарында есепке алынады.
Қолдану ерекшелігіне байланысты негізгі құраладар келесідей ажыратылады:
Әрекет етуші - өндірістік және шаруашылық қызметте қолданылатын негізгі құралдар.
Әрекет етпейтін - уақытша қолданыста жоқ негізгі құралдар.
Қоймада сақталатын - ликвидациялау, жөндеуден өткізу, авария жағдайында әрекеттегі негізгі құралдарды алмастыруға арналаған негізгі құралдар.
Бастапқы құн: негізгі құралдар бухгалтерлік есепте олардың келіп түсу сәтінде сатып алуға кеткен барлық нақты шығындарды қоса алғандағы алғашқы құны бойынша есептеледі.
Бастапқы құн: негізгі құралдар бухгалтерлік есепте олардың келіп түсу сәтінде сатып алуға кеткен барлық нақты шығындарды қоса алғандағы алғашқы құны бойынша есептеледі.
Негізгі құралдардың келіп түсуі шот-фактуралар[37] мен жүкқұжаттар[14] негізінде жүргізіледі. Зауытқа негізгі құралдар келесі тәртіппен келіп түседі:
Жеке және заңды тұлғалардың өтеуі арқылы негізгі құралдарды сатып алу барысында;
Өзге жеке және заңды тұлғалардың қайтарымсыз беруі негізінде;
Айырбас операциясын жүргізу барысында негізгі құралдарды сатып алу;
Негізгі құрал оюъектілерін ұзақ мерзімді жалға беру.
Негізгі құралдардың синтетикалық есебі №12 журнал - ордерінде 1000 «Ақша құралдары» синтетикалық шотының кредиті бойынша оған сәйкес шоттар жоспарының кореспонденциялануы арқылы жүргізіледі. Ай соңында әр синтетикалық шот бойынша кредиттік айналымдар есептеліп «Барлығы» жолында көрсетіліп, кейін Бас кітапқа ауыстырылады.
Негізгі құралдардың жарамсыздығын анықтау немесе олардың қалпына келтіруі үшін жөндеуден өткізуге мүмкіндігінің жоқтығын, сонымен қатар көшіруге қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін ұйымның директоры тағайындайтын арнайы комиссия құрылады және ол өз қызметін тұрақты атқарады.
Материалды емес активтердің және олардың қозғалысының есебі 2730 «Өзге де материалды емес активтер» шотында жүргізіледі. Дебет бойынша материалды емес активтердің келіп түсуі мен олар бойынша жүргізілетін операциялар ай басы мен соңына қалдық ретінде көрсетіледі, ал кредит бойынша материал емес активтердің шығарылуы көрініс табады. 2730 «Материал емес активтер» шоты бойынша аналитикалық есеп инвентарлық карта жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Амортизация есептелуі үшін сызықтық әдіс қолданылады. Материал емес активтердің барлық түрлеріне байланысты жинақталған амортизациялық аударымдар жөнінде жалпы ақпаратты жинақтауға 2740 «Басқа да материал емес активтердің амортизациясы» шоты арналған. Жинақталған амортизация арнайы өңделген кестеде және журнал - ордерде көрсетіледі.
Материалдық емес активтер - өндірісте ұзақ мерзім пайдалануға болатын (1 жылдан астам) физикалық негізі жоқ ақшаға жатпайтын активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, кәсіпорын тарапынан бақылауда болып, оны пайдаланудан кәсіпорын болашақ экономикалық тиімділік күтеді.
Материалдық емес активтер физикалық негізсіз және оларды материалды және материалды емес активтер құрамына кіргізуге болады.
2700 "Материалдық емес активтер" бөлімшесінің шоттарын талдамалық есепке алу "Материалдық емес активтердің мүліктік есеп карточкасында" жүргізіледі. Карточка кәсіпорынға түскен материалдық емес активтердің барлық түрлерін есепке алу үшін қолданылады. Материалдық емес активтердің әрбір жеке объектісіне бухгалтерияда мүліктік карточка ашылады. Карточка "Материалдық емес активтерді алу-беру актісінің", техникалык және баска құжаттардың, кәсіпорынның материалдық емес активтердің объектісін алғанын растайтын құжаттардың негізінде толтырылады. Материалдық емес активтерді есепке алу бабына патентті алу, авторлық құқықты алу да жатады.
Патенттер. Патент оның ұстаушысының патент қамтыған нәрсесін, процесін немесе қызмет түрін және дәл сондай әрекетті басқа түлғаның жүзеге асыруына тиым салатын, бақылайтын, сататын, өндіретін және пайдаланатын құкық болып тақ, патент деп белгілі кәсіппен, саудамен, тауар сатып алумен шұғылданатын тұлғаларға берілген кұжат саналады. Патент берілгенде патенттік алым (пошлина) ұсталынады. Патентті алуға кептеген ірі кәсіпорындар мүдделі болып келеді. Себебі, патент сатып алуға да, патенттелінген жаңалықтарды өндіріске енгізуге де қаржысы болуы керек.
Материалды емес активтер бастапқы құн бойынша есепке алынады. Материалды емес активтердің келіп түсуі мен шығарылуын материалды емес активтерді қабылдау - шығару актісі[ 10] бойынша рәсімдейді («1С:Кәсіпорын» бағдарламасында № НАК - 1 жеңілдетілген формасы қолданылады) . Актіде материалды емес активтерд түрінің нақты атауы, оның кәсіпорынға жіберілу мерзімі (немесе кәсіпорында өндірілу мерзімі), объектінің сипаттамасы, оның бастапқы құны, амортизация нормасы және т. б. қажетті мәліметтер көрсетіледі. Акт толтырылғаннан кейін қажетті құжаттармен қоса бухгалтерлік бөлімге жіберіледі, бас бухгалтердің қолы қойылып, кәсіпорынның жетекшісімен бекітіледі.
Материалды емес активтердің аналитикалық есебі инвентарлық карталар арқылы жүргізіледі. Материалды емес активтер бойынша амортизация олардың қолданылу мерзімі мен бастапқы құнынан саналған нормалар барысында аударылып отырады. Жыл басынан бастап әр ай сайын материалды емес активтердің инвестициялық түгендеуі жүргізіледі. Материалды емес активтердің ликвидациясы кәсіпорында жүргізілген жоқ.
2. 2 Қорлар есебі
Өндірістік қорлар - бұл бір өндірістік цикл процесінде толықтай тұтынылатын, өзінің құнын бірден өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына көшіріп, оның материалдық негізін құрайтын еңбек заттары.
Қорлар - бұл:
1) шикізат қорлары, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар мен кешендік бұйымдар, отын, ыдыс, ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және өндірісте немесе жұмыстарды, қызметтерді орындау кезінде пайдалануға арналған өзге материалдар;
2) аяқталмаған өндіріс;
3) субъектінің қызмет барысында сатуға арналған дайын өнім, тауар түріндегі активтер
КГП Кадастр орталығының есеп саясатында қорлар есебінің қағидалары мен ережелері анықталған:
1) көліктік қызметті көрсету үшін орташа өлшенген құн әдісімен жүзеге асырылатын жанармайдың өзіндік құнын бағалау;
2) қорлар есебі барысында үздіксіз жүйе қолданылады;
3) қорларды инвентаризациялау әр квартал сайын өткізіледі.
Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес «Қорлар есебі» Кадастр орталығының қорлар есептік құжаттарда олардың нақты өзіндік құнымен көрсетіледі.
Материалдар есебін дұрыс және тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін қажеттісі:
- материалдық тауардың бірегей номенклатурасын әзірлеу
- құжат айналымының айқын жүйесі және қорларды кірістеу және шығару жөніндегі операцияларды рәсімдеу тәртібін сақтау
- бастапқы құжаттардың есептік нысандарын біркелкі қалыпқа келтіру
- қорларға тұрақты түрде түгендеу жүргізу
- бухгалтериядағы материалдардың есебі учаскесін компъютерлендіру
Өндірістік қорлар функционалдық бағыты бойынша былайша бөлінеді:
Шикізаттар мен материалдар - бұл өнім әзірленетін еңбек заттары. Олар өнімнің материалдық негізін қалайды. Ауыл шаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіптің өнімдері.
Негізгі материалдар - бұл ұсатушы өнеркәсіптің өнімдері.
Көмекші материалдар - бұл шығарылатын өнім құрамына енетін материалдар, бірақ негізгі материалдардан ерекшелігі - өнімнің заттық негізін қаламайды
Қорлардың барлық түрлерінің есебі 1300 - «Қорлар» бөлімшесіні негізгі, активтік, инвентарлық шоттарында жүргізіледі.
1310 - «Шикізаттар мен материалдар»
1320 - «Дайын өнім»
1330 - «Тауарлар»
1340 - «Аяқталмаған құрылыс»
002 - «Жауапты сақтауға қабылданған қорлар»
003 - «Қайта өңдеуге қабылданған материалдар»
005 - «Монтаждауға қабылданған жабдықтар
Қорлардың түсуі мен шығыны тұрақты негізде есептеліп отырады, яғни қорлардың қозғалысын бақылап отыру үшін әр күн сайын орындалады. Қорлардың әрбір атауына жеке шот жүргізіледі. Сатып алу осы шоттардың дебетінде көрсетіледі. Қорлардың кез келген түрі өндіріске берілетін болса, соған сәйкес қор шоты аударылған қорлар сомасына кредиттеледі. Дәл осы сома өткізілген өнімнің өзіндік құны шотында дебеттеледі
Салыстыру мақсатында қолданылмаған қорларды есептеу (инвентаризациялау) жүзеге асырылуы мүмкін. Егер инвентаризациялау мен үздіксіз есеп мәліметтерінің арасында ауытқулар пайда болса, онда кезең соңында үздіксіз есеп жүйесінде инвентаризациялау сомасы көлеміне дейін түзетулер енгізіледі. Осылайша, үздіксіз есеп жүйесі арқылы қолданылатын және кезең соңында қалған қалдықтардың санын қадағалап отыруға болады. Үздіксіз есеп жүйесі бухгалтерлік есептің ішкі бақылауының жоғарғы деңгейін қамтамасы етеді, сонымен қатар ол есепте көрсетілген сомалар мен тауарлардың фактілік саны арасындағы айырмашылықты тұтынушыға анықтап көрсетіп отырады. Барлық есептік кезең бойынша қорлардың өткізу өзіндік құны және қорлардың нақты түрлерінің қоймада болуы мәлімденеді.
Қорлардың кезеңдік есебі (10) . Қорлар есебі біркелкі жүргізілмейді, олар физикалық қайта санау (дана, лтр, тонна, т. б. ) әдісі бойынша кезең соңында есептеледі. Қорларды сатып алу «Сатып алулар» синтетикалық шотының дебеті бойынша көрсетіледі, ол біруақыттық шоттарға (ауыстырылған) кредиттеледі. Келесі формула арқылы есептеледі:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz