Шәкірттің жақсы болмағы ұстазынан



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақтың ұстаздық ілімі
Жоспар:
1.Ұстаздық ілімнің ұзақ сонар тарихынан.
2.Заманауи ұстазға қойылар талап,артылар сенім,мамандық өзгешелігі. 3.Ұстазды жасынан бейімдеп, жеткілікті дайындап,ғұмырлық жетілдіру жолы.
Қазақ-өткенді қадірлеген,жаңаны байыптаған, болашақты болжап бағдарлаған дана халық .Ежелгі ескі заманнан бастап күні бүгінге дейін ғұмыр кешкен қазақ халқы: отбасы,әулет,ауыл,ата-ру,тайпа,топ, одақ,ұлт қатарлы қауымдастықтың сан түрін құрай отырып, елдікке жетіп, аты әйгілі (шамамен 16 империя орнатып) мемілекет құрып, Ұлы Дала кеңістігінде бес мыңнан астам уақыт тіршілік еткен көне,текті, байырғы қауым. Мемлекеттің шаңырағы бір де биіктеп,бір де шайқалып, скифтердің тұңғыш патшасы Торғытайдан бастап,қазақтың соңғы ханы Кенесарыға дейінгі уақыт кеңістігінде тасқын судай сапырылған сақ, ғұн, түркі,оғыз-қыпшақ ұрпақтары ұзақ сонар тауарихын найзаның ұшымен ғана емес,ақыл-парасат күшімен де,ұрпақ тәрбиелеу ісімен де,ұлағатты үлгі өнегелі сөзімен де, кісі болдыру амал-айласымен де, ақыл-кеңес үлгісімен де айшықтап,бізге сарқылмас ілім мұрасын мирас етті.Қазақтың тәрбиелеу ілімі қалыптасып, дамып,іске асу барысында талай ұлық ұстаздар туып шықты, әулет мектебінің сан түрі пайда болды.Бұл мектептердің бас ұстаздары ана мен дана,ата мен әже,әке мен шеше,аға мен көке,дос пен таныс,жеңге мен жезде сияқты ұлағатты ұстаздар есімі,іс-әрекеті ел есінде,халық жадында мәңгі сақталған. Ұлы Даланың ұлық ұстаздарының ақыл парасаты мен тәжірибесі негізінде: Көшпелі тұрмысқа сәйкескен,киізтуырдықтыарға (қазақ,қырғыз,монгол) ортақ жас ұрпақты оқытып білім беретін,тәрбиелеп үлгі өнеге көрсететін,еңбек пен өнерге баулитын,өмірге дайындайьын,өздеріне ғана тән ОҚУ БІЛІМ-ТӘРБИЕ жүйесі қалыптасқан.Ұлы Даланың Ұлық Ұстаздарын көп қырлы ілімдерінің ішінен Ұстаздық ілімі туралы қысқаша баяндалық.Қазақта әлемге әйгілі ,ұлық ұстаздар ертеде де болған,қашанда бар,бүгінде де ортамызда жүр,келешекте де болады.
1.1.Ұстаздардың ұстазы-Әбу-Насир әл Фараби.(870-950) Фараби ертедегі Қазақстан жерінен шыққан, қазақ топырағында дүниеге келген, ғұлама ғалым. Шығыстың ұлы ойшылы, әрі ағартушысы, әйгілі математик, философ, музыка зерттеушісі, тарихшы болған.Туған жері-Отырар (Фараб) қаласы. Отырар (Фараб) ойшылдарының ең атақтысы, ең ғұламасы -Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз","Шығыстың Аристотелі" ұлы ғұлама. Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда, Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб(Отырар) қаласында, отырарлық әскербасының жанұясында дүниеге келген. Ол туған жерінің атауымен "әл-Фараби",яғни "Фарабтық" деген атқа ие болған.Фараби алғашқы білімін Отырар медреселерінің бірінде алған . Өмірін араб елдерінде өткізген. Ол Аристотель еңбектерін араб тіліне аударып, оған түсініктемелер жазған. Сол үшін оны "екінші ұстаз" (Аристотельден кейінгі) деп атаған Дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан ұлы бабамыздың педагогикалық мұрасы да тілегей-теңіздей мол дүние.Данышпан ойшыл өз еңбектерінің көпшілігін ұстаздық тұрғыдан тәлім-тәрбиелік мақсатқа орайластыра жазған.Мәселен,ғұлама бабамыз оннан астам недагогикалық - психологиялық трактат жазған. Әл-Фарабидің айтуы бойынша нағыз ұстаз ғана айтқанын екі еткізбейтін, ешкім шағым жасауға батылы бармайтын, білімі телегей-теңіздей, ақыл-ой парасаты да, ерік- жігеріне де ешкім тең келе алмайтын адам. Осындай қасиеттері бар ұстаз ғана шәкіртке үлгі-өнеге көрсетеді, ол халықты соңына ертіп,орындауға жұртты өз сөзімен жігерлендіре білу.оның мұң-мұқтажын,талап-тілегін орындай алады.Әл-Фараби түсінігінде, ұстаз да қала басшысы сияқты ел жетекші, халық қадірлісі (менеджер-педагог). Медресе балаларды оқытып, тәрбиелесе, қала бастығы олардың ата-анасына өнеге көрсетеді, халықты ізгі қасиеттерге баулиды. Олай болса мұның екеуі де "сегіз қырлы, бір сырлы" қай жағынан да болса барша халықтан көш ілгері тұрған кісілер. Сондықтан бұл екеуіне де мынадай 12 түрлі қасиет сәтті қабысып келсе нұр үстіне нұр болған болар еді:
1. Тән ерекше жетілген түрлі іс-әрекетті нәтижелі етіп орындауға ыңғайлы бейім болуы;
2. Нені болса да жақсы айырып, тез тұжырымға келе алатын;
3. Өзінің түсініп, сезгенін көріп, білгенін есіне жақсы сақтай алатын;
4. Көреген ойлы, талғампаз, ақылды адам болуы;
5. Ойын анық, дәл бере алатын, көркем сөйлей алатын шешен;
6. Ілім-білімді, оқу-ғылымды жан тәнімен, ұңғыл-шұңғылын ақыл-ой жұмысының үлкен бейнетін тек ләззат санайтын адам;
7. Қайда жүрсе де өте ұстамды;
8. Өтірік-өсекті, мылжыңдықты жек көріп, шындықты, әділдікті бар ынтасымен сүйе білу;
9. Өр кеуделі, жан мен арын бірдей кіршіксіз ұстайтын адам;
10.Мал-мүліккке, дүние-жиһазға, мәнсіз ұсақ тіршілікке қызықпау;
11 .Табиғатынан әділ, шынайы, шыншыл;
12.Басқаға дау, өзіне де қиянат қыңыр-қиқар болмай, әркез шешімге келе алатын байсалдығы мен батылдығы қатар жүре алатын, қорқыныш пен үрейге жол бермейтін адам.
Фараби еңбектерінде ұстаз бен шәкірттің ара қатынасы, бұл екеуінің психологиялық қасиеттерінің қандай болуы керек екендігі жайлы де аз айтылмаған. Ұстаз өз шәкіртінен адалдық, сыпайылық, ізгілік, әділдік сияқты жақсы қасиеттерді көргісі келсе, онда оның өзінде де осы аталған қасиеттері болуы шарт. Пәлсапаны үйрену үшін алдын - ала нені білуі қажет? дейтін еңбегінде ол былай дейді: Мұғалімдік (ұстаздық) еткен адамның өлшеуі (әдісі) тым өктем (қатаң) болмасын және тым асыра босаңсытқан төмендікпен де болмасын. Егер тым қатты, үнемі ызғарымен болса, онда оқушылар мұғалімді жек көретін халге жетеді. Егерде өте босатып жіберген кішіпейілділік болса, онда оқушылар жағынан мұғалімді кем санау, оның ғылымына жалқау қарау қаупі туады. Ұстаз ескерер тағы бір жәйт,- дейді Фараби, - бұл шәкірттің мінез - құлқындағы жағымсыз мінезді, ұнамсыз қылықты болдыртпау, онда жақсы сипаттардың қалыптасуына мүмкіндік беру. Кімде- кім туған кезінен бастап және жас жеткіншек шағында жоғарыда аталаған шарттарды бойына дарытқан болса және есейгеннен кейін басқа алты шартқа сай келетін болса, біріншісінің орнын басатын екінші басшы сол болады:
- Бірінші шарт - дана болу.
-Екінші шарт - қалаға арнап бірінші имамдар белгілеген заңдарды, ережелер мен әдет - ғұрыптарды жадында сақтап, жетік білу, өзінің барлық іс -әрекетін осыларға сәйкес жүргізу.
-Үшінші шарт - бұрынғылардан тиісті заң сақталмаған жағдайда, бірінші имамдардың үлгісімен әрекет жасай отырып, бұл жөнінде тапқырлық көрсету.
-Төртінші-бірінші имамдар аңдай алмаған нәрселерді, бұрыннан қалыптасып қалған жағдайды да, болашақ оқиғаларды да қалаған кезінде танып - біліп отырарлықтай тапқыр да білгір болу; өзінің осындай іс - әрекетінде ол халықтың әл - ауқатын жақсартуды мақсат етуге тиіс.
- Бесінші - бірінші имамдарының заңдарын және солардан кейін, солардың үлгісі бойынша өзі белгілеген заңдарды толық игерген,оларды басқаға игерте алатын болу керек.
- Алтыншы - әскери істерді жүргізу үшін қажетті дәрежеде қайратты болу, оның бер жағында әскери өнерді қызмет бабындағы өнер ретінде біліп алу...
Ғұлама бабамыз ұстаздық мамандықты өте жоғары бағалап: тәрбиеші адам (қазіргі мұғалім) - мәңгі нұрдың қызметшісі.-деген.
1.2.Ілімі асқақ,рухани ұстаз-Қожа Ахмет Яссауи(1094-1167)Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзиясының көрнекті өкілі, дуалы ауыз данышпан, кемеңгер ақын ағартушы Ахмет Яссауи көне Исфидзат (Сайрам) қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы Ибраһим Ата мен Қарашаш Ана осында тұрып, осы жерде қайтыс болған.Араб, парсы авторларының жазбаларына қарағанда Ахметтің әкесі өз заманында сауатты, көзі ашық адам болған. Тіптен балауса, бүлдіршін Ахметке араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы Исфахан, Бағдат қалаларынан ұстаздар жалдап үйретеді. Он алты жасында-ақ болашақ ақын, шығыс поэзиясын, әдебиетін, философиясын жетік меңгереді. Он жеті жасынан бастап, өзі де өлең жаза бастайды. Өз жырларын шығыс авторларынан бірінші болып, сол кездегі шайырлар секілді араб, парсы тілдерінде емес, өзінің ана тілі - түркі тілінде жазған. Алғаш рет білімді жергілікті ғұлама Арыстанбап бабадан алады, кейін Бұхара қаласында дәріс алуға барып, парсының белгілі ғалымы Жүсіп Хамаданиден білімін тереңдетеді, діни медресесінде оқиды. Оны тәмәмдаған соң сопылық жолдың біраз ащы-тұщысын татып, көптеген қалаларды аралап, туған шаһары Түркістанға қайтып оралады да, Арыстанбаб қалап кеткен дәстүрді жалғастырады. Осында ол ислам дүниесі кең таныған кемеңгерге айналады... Орталық Азияда сопылық IX-X ғғ. кең таралған, ол,жеке сопылық мағынадағы мектептер құрумен көрінді, олардың басында араб тілдес елдерде-шейхтар,иран тілдестерде-шейхтар мен пирлар,ал түркі тілдестерде шейхтар, пирлар, ишандар,баба, ата деп аталатын тәлімгерлер тұрды. Яссауидің қоғамға қабылдатуды мақсат еткен идеал адам типі - кемел адам, яғни сопы, дәруіш. Яссауиде барлық адам "кемел адам" болуға ұмтылуы керек.Тәлімгерлерге де,шәкіртке де қойылатын талап осы.Яссауи күнделікті өмірдің өзінде оқу-білім, халықты сауатттандыру, көкірек кезін ашу ар түзейтін (хал) ілімін қалыптастыру жөнінде көптеген құнды ойлар айтып, осы игілікті іске өзі де белсене араласып отырды.Оның айтуынша ...ең ауыр майдан надандықпен,нәпсімен күресі майданы: әрі ұзақ, әрі ызасы көп....Қаламгер ғұлама ғалым қараңғылықтан халықтың көзін ашудың қаншалықты қиын екеніне ашық, әрі дәл, дөп басып айтқан Әрине ол аумалы-төкпелі заманда елдің жағдайының тұрмыстары ауыр болғаны белгілі. Баршаның білім алуы оңайға соқпады. Оқу білімге құмарлық, имандылық иірімдері, инабаттылық, адамгершілік қасиет, адал еңбек, патриоттық әуен, елжандылық, ұлтжандылық сезімдер, ақыл-ой тәрбиесі, табиғатты қорғау секілді тәлім-тәрбие салалары Диуани хикмет, Мұнажатнама, Пақырнама, Мират-ул-Қулуб секілді еңбектерінде көрініс тапқан.Дәлірек айтанда, медіреселердің ашылуына ықпал етумен қатар өзі оқулықтар мен тәлім-тәрбие беру әдіс-тәсілдеріне нұсқаулар да жазды.Қ.А.Ясауидің өзі жазған немесе басқа халифалары шәкірттері жазған оқулықтары бойынша алдыңғы толқыны бірнеше миллиондаған түркі тілдес ұрпақ өкілдері сауат ашты, білім нәрімен сусындады, ғибратты тәлім-тәрбие үлгілерімен тәрбиеленді.
Қазақ даласына исламның таралуы діни білім мен араб тілін оқытып үйрету қажеттілігі негізінде мешіт,медіресе,кітапханалар салынып,осы іс-әрекетке тікелей әсер етуші түркістандық пір Яссауидің дана да,дара даналығы негізінде тәрбиелеу сопылық ілім қалыптасып, оқытып білім берудің сопылық педагогикасы салтанат құрып,сан миллиондаған ұрпақтардың білім алып, сауат ашып,жүрегіне рух нұрын құюда өлшеусіз өнеге көрсетті. Яссауи бабамыз сопылық педагогиканың реформаторы,әрі ғұлама ғалымдығын көп алдында қорғап дәлелдеген ұстаз. Яссауи зікірі (сопылық үшкіру) кезінде ән боп айтылды, олар жиі белсенді дене қимылдарымен және қатысушылардың экстатикалық тәртібімен (асма) қатар жүрді. Хусам-ад-дин Сығнақи Рисалада, шейх Ахмет Яссауи жүз жетпіс маңдай алды және нағыз ұстаздар қызметінде болды және олардан иджаз немесе өз бетінше уағыздауға рұқсат алды. Сол дереккөзіне сәйкес ол олардың (яғни осы ұстаздардың) жарлықтарының иесі болды және олардың әрқайсы оған өз хиркаларын кигізді ( сопылық мектептердегі сабақтастық символы). Ол олардан зикр-и-джахр (қатты зикр), самаў и ракс - салттық билердегі музыкалық үшкіруді қабылдады.Мұсылмандықты қабылдаған түркі халықтары үшін ислам дінінің негіздерін үйрену, шариғат заңдылықтарын түсіну, зерттеу, тарату талпынысын арабтіліндегі Құран Кәрімді, Мұхаммед пайғамбар хадистерін, исламдық мәтіндерді игеру арқылы ғана жүзеге асыру мүмкін болып табылатын. Мұсылманның парызы саналатын іс-әрекеттер(бес уақыт намаз, ораза, қажылық) де белгілі бір дәрежеде араб тілді мәтіндермен байланысты болды. Сондықтан ислам дінін игеру бірінші кезекте күрделі де көп салалы араб тілін жүйелеп, жіктеп, егжей-тегжейлі үйренуді талап етті .Осының бәрін иманды-білімді ұстаздар мен шәкірттері арқылы жүзеге асатынын ғұлама толық түсініп дұрыс шешкен. Рухани тазалық пен кемелдікті мақсат еткен Ясcауи жан тазалығы, ар тазалығы, жүрек тазалығы қағидаларын бірінші орынға қойды. Ол өз ілімін қоғамды тәрбиелеуші, түзетуші ар ілімі ретінде түсіндірді. Қожа Ахмет Яссауи XII ғасырдың басында өзінің алғашқы шәкірттерін түрік әлемінің түрлі қиырларына жібереді.Қызынан туған өзінің жиенін Ахмет Сопы - Қайалыққа,Хәкім ата Сүлеймен Бақырғаниды Үргенші қаласына жібереді. Ахмет Яссауидің сыбайластары мен шәкірттері: Хәкім ата (5821183 ж. қайтыс болған) және Саид Ата (6151218 ж қайтыс болды) өз шейхтарының рухани әдісін Сырдария мен Жайық бассейндеріне,Хорезмде және Шығыс Түркістанға таратты.Яссауи ілімінің таралу процесі Орталық Азияның далалық аудандарын исламдандырумен қолма-қол жүрді. Қожа Ахмет Яссауи өмір сүрген кезде оның шәкірттерінің арасында 12 мың таңдаулы және 99 мың қарапайым халықтан шыққандар болды.Оның Яссы қаласында 40 ханаках-чилляханы (шіркеу,сопылық үшкіруге оқытатын 40 күндізгі курстардан өтуге арналған арнайы оқу орны) болды, онда түрік әлемінің әр түкпірінен келген көптеген зерттеушілер оқыды. Міне осылай ұлт ұстазының терең салихалы педагогикалық саясатының нәтижесінде Түркістан өлкесі қазақтың ағартушылық орталығына айналып,ғұлама бабамыз қоғамдық қайраткер дәрежесіне көтерілді.
Ұстаздық ілімін орнықтырған ғұлама ұстаз-Ыбырай Алтынсарин(1841-1889).Ыбырай атамыз ұстаздықты өз үйінен бастап,қазақтың әулет мектебінде қалыптасқан Ата-ана-бас ұстаз қағидатын сыныптық мектепке алып барған жаңашыл ұстаз .Себебі орыс-қазақ халық мектебі ашылғанға деін шәкірттерін өз үйінде оқытып,қазақтың әулет мектебін халық мектебіне ұластырып, енді Ұстаз-шәкірттердің екінші ата-анасы болуға тиіс екенін- өз үлгісімен көрсете білді. Жалпы қазақ халқы ұстазды ерекше қадір тұтып, барынша сыйлап,ата-анасындай көретін дәстүрі бар жұрт.Кәзір жер басып жүрген әр қазақтың жүрегінде алғашқы ұстазы анасымен бірге сақ таулы.Ыбырай атамызға ұстаз тіптен де,ерекше қадірлі де,қажет болған. Қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп түсінген. Білім сапасы мұғалімге байланысты. Оқыту мен тәрбиелеуде басты күш - ұстаз тұлғасы. Ыбырай айтқандай Халық мектептері үшін мұғалім бәрінен де қымбат болып табылады. Олармен ешбір керемет педагогикалық басшылық та, мұқият инспекторлық бақылау да тенесе алмайды, мұғалім-мектептің жүрегі.Ы.Алтынсаринның ұстанған басты қағидасы баланың жеке басын қадірлей отырып,оны ізгілікке, қайырымдылыққа жұмылдыру болды Ағартушы ұстаз елге үлгі боларлық шығармалар жазу барысында алдына мақсат қойды. Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа , тазалыққа , отырықшыл тұрмыстың артықшылығына үйретудің өзі қазақ даласына тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білемін-дейді. Өз шығармаларында адамгершілікке тәрбиелеу идеясын көтеріп , оны шешудің жолдарын іздестірді. Шығармаларының идеясы-шыншыл, еңбексүйгіш , әдепті , қоғам белсендісін тәрбиелеп және оларды ғылым-білімге үйрету еді. Ата-ананы сыйлау , құрмет тұту ана қадірін түсіну , жақын достарын сыйлай білу керек деген жалпыхалықтық қағиданы әрқашан бала зердесіне салып отыру әрбір тәрбиешінің міндеті дейді . Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасынан да бүкіләлемдік тәлім тәрбиенің алтын діндегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі кластық мектептерінің меңгерушілеріне жазған нұсқау хатында, ол: Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай және жұмсақ сөйлесуі және шыдамдылық етуі тиіс, әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оқушыларға түсініксіз болады да жалықтырып жібереді... Оқушыларды бағалағанда олардың іске мәнді қатнасы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың біліміне қарап бағалау керек, деп жазған еді, ал Н. И. Ильминскийге жазған бір хатында: "Шәкірттер кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік жағынан әсер етуге бар күшімді салып отырмын. ... мен балаларды жазалауды сүйетін қатал адам емеспін. Бірақ тентек етіп өсірсең балалардың адамгершілік қасиетін бұзып аласың - десе , Жеміс ағаштары атты әңгімесінде тәрбиеде үлкен мән бар, ақыл кеңесті алмасаң анау тұрған үлкен ағашқа, қисық ағашқа ұқсап өсесің деп әке баласына берген ақыл ғибратын келтіру арқылы тәрбие жөніндегі көзқарасын білдіреді.
Міне, осылай ,Ұлы даланың ұлық ұстаздары негізін салған. Ұстаздық ілімі нақтылы іске асып,орныға түсті.Ұстаздық ілімге қатысты орынды да,ойлы пікір білдірмеген бір де бір ойшыл жоқ. Жүсіп Баласағұнидің ойынша, ұстаздық ететін адамдары аз, оқып- үйренуге ұмтылатын шәкірт жастары жоқ жұрт ешқашан надандықтан құтыла алмайды. Нағыз надандық хат танымағандық және оқып- танымағандық емес, көңілдің жан- дүниенің көрсоқырлығы. Сондықтан ақынның ойынша, әрбір адам үшін қараңғылықтан, надандықтан құтылудың ең дұрыс жолы - адам ешбір басқадай жолмен емес, тек қана дұрыс өмір сүру арқылы өз әлемін таба алады. Мысалы: От парызы - жану. Онсыз жай ғана көмір. Қант парызы - оның тәттілігі. Тәттілігі болмаса, жай ғана сусымалы зат. Сол сияқты біздің парызымыз да ар-ұжданымызға құлақ түру. Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. - дейтін Абай атамыз: Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға,ақырын жүріп,анық бас,еңбегің кетпес далаға-деп ұстаздарға тамаша кеңес береді.Ал,шәкірттерге: "Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады." Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен демекілік. Не көрсе соған талпынып, "ол немене?", "бұл немене?" деп, "ол неге үйтеді?", "бұл неге бүйтеді?" деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені.Осы қажеттілікті қанымдау тек ұстаздардың қолынан келеді.
Ұлы Абай Адамның ерекше қасиеттері-ақыл-ой,сана-сезім,ішкі жан дүниесі,жоғары кәсіби-дәрежесі,шығармашылығы ұстаздан қалады-деп тегін айтпаған.Олай болса,баланың бойындағы ерекше қасиетті,шығармашылықтың қабілетті ашу-тәрбиеге жүктелер жауапты міндет.
Ұлт көсемі,ғалым-педагог А.Байтұрсынұлы: Ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, мето-дикадан хабардар оқыта білетін мұғалім. Екінші - оқыту ісіне керек құралдардың қолайлы, һәм сайлы болуы. Құралсыз іс істелмейді, һәм құралдар қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы. Үшінші - мектепке керегі белгіленген программа. Жаңа жолдың көшбасшысы жаңа оқып шыққан жас мұғалімдердің қолында. Бұлардың күштері тың, білімдері соны, пікірлері жаңа - ниетті, жұртына қызмет ету...Ал,тәрбие хакімі: Баланың бойына ұлттық құндылықтың нәрін сеуіп, азамат қылып тәрбиелейтін ұстаз. Сондықтан да ұстаз білімді де білікті болуы керек. М.Жұмабаев кезінде: Әрбір ел келешегіне негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебімен салмақ. Бір елдің тағдыры - мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе-деген екен.Жалпы ұстаз еңбегінің зор екендігін,оны дұрыс бағалап құрметтеудің адамзаттқа борыш екендігін қазақтың ақыны да,батыры да,ақылман ғұламасы да толық түсінгекн.Ұрпаққа аталы сөз қалдырып аманаттаған.
Шәкірті жоқ ұстаз - мылқау ұстаз.(Ыбырай Жақаев )Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адагершіліктің жаршысы болуға тиіс.(Спандияр Көбеев )Мұғалім деген ат-қасиетті ат.Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам мұғалім. (Сәбит Мұқанов )Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы - мұғалім (Ғ. Мүсірепов) Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін. (Серке Қожамқұлов )Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді(Мәлік Ғабдуллин)Ұстаз- ұлық емес,ұлы қызмет. "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз" (Бауыржан Момышұлы)Мектепті сыйлағандықтан,мамандығын жан- тәнімен сүйгендіктен мұғалім ең алдымен өзінің интелектісін көтеруі керек, дүниеге деген көзқарастарын биіктетуі керек.(Әбділда Тәжібаев) Ұстаз - ұлы есім.(М.Әуезов) : Атам да сыйлайтын Атамның тұстасы, Папам да сыйлайтын Ауылдың ұстазы. Қамқоры ұл, қыздың Мұғалім - ол біздің ( Мұзафар Әлімбаев ) Ұстаз болу - жүректің батырлығы, Ұстаз болу - сезімнің ақындығы, Ұстаз болу - мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы (Ғ.Қайырбеков) Данышпан да, дана да оқып сенен,Атақ-даңқын асырды бар әлемнен."Ұстаз" деген аяулы, асыл жанды,Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең! (Мәриям Хакімжанова) Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.Жақсы мұраптың атынан су ереді, Жақсы ұстаздың соңынан шәкірт ереді. Ұстазға қарап шәкірт өседі. Қайратсыз ашу - тұл, Тұрлаусыз ғашық - тұл, Шәкіртсіз ғалым - тұл. Атпаз көрген ат таныр, Ұстаз көрген хат таныр. Ұстаз мәртебесі - ел мерейің Ұстаздан шәкірт озарҰстазыңды ұлы әкеңдей сыйла Ұстазы талантты болса, Шәкірті талапты болады. Ұстаз - ұрпақ мақтанышы. Ұстаз болу - жүректің асылдығы. Ұстаз шәкіртіне білім жолын үйретеді, Білімді жан тас қамалды күйретеді. Бұйырмас білім тоқымай, Ұстаздық қылма оқымай. Жарасады сыпайылық балаға, Ұстазыңа одырайып қарама. Шәкірттің жақсы болмағы ұстазынан
2.1. Заманауи ұстаздың атқарар міндеті,игерер қабылеті
Ел болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеу сияқты жауапкершілігі мол, ізгі де игілікті іс Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Бекет Өтетілеуов сынды ұлы ұстаздардан бастау алады.Осы ұлылардың ұлағатты істерін жалғастырушы ретіндегі бүгінгі заман талабына сай, жаңа тұрпатты мұғалім қандай болуы керек? Оған жүктелетін жауапкершілік пен қойылатын талап қандай? Кәсіптік деңгейіне арқау болатын кәсіп құрылымы (профессиограммасы) -- жеке басының сапалық негізгі қасиеттері: мемлекеттің, әлеуметтік ортаның идеясын насиахттаушы; өз кәсібіне жан-тәнімен берілгендік; маман ісіне адалдық, ұжымшылдық, кәсіптік-педагогтік бағыттар Сапалық белгілер: мұғалімдік қызметке бейімділік, қабілеттілік, баланы сүю, байқағыштық, ұйымдастырушылық, орынды талап кою, ұстамдылык, әдептілік, сенім арту, бедел, мақсатты айқындау, ізгілік. Педагог қызметкер:
- өзінің кәсіптік құзіреті саласында теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;
- білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
- білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;
- өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;
- педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;
- оқушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. (ҚР Білім туралы заңы. 7 тарау,50 - бап 3б).
Мектептану ғылымында ғалымдар педагогтық еңбектің ерекшеліктері мен,олардың қарым-қабылеті жайында көптеген түйіндер келтіреді. Т.А. Ильина мұғалімнің кәсіби маңызды сапа -қасиеттерін міндеттік себептеріне байланысты бірнеше топқа жіктейді:
а) міндетті ә) өте маңызды б) мүмкіндігінше болуға тиісті в) мұғалімге қажетсіз сапа - қасиеттер. Міндетті деген сапа - қасиеттерге тоқталатын болсақ, олар кәсіптік қызметпен тікелей байланысты сапа-қасиеттер. Маңызды сапа- қасиеттер тобына адамгершілік, имандылық сезімдердің жоғары дәрежеде қалыптасқан деңгейі; балаға деген сүйіспеншілік; ізгілік; педагогикалық байқағыштық; кез келген құбылысқа бейімделе алу қабілеті, педагогикалық оптимизм; танымдық қызығушылық пен жалпы жан-жақтылық; мейрімділік пен әділдік; талап қоя білу мен сезімталдық; ұстаздық борыш пен жауапкершілік; іс- әрекет нәтижесін алдын-ала болжай білу; сөйлеу мәдениеті; байсалдылық жатады. Мамандық қасиеттері : - Дидактикалық қабілет; - Академиялық қабілет; - Перцептивті қабілет; - Сөйлеу қабілеті; - Ұйымдастырушылық қабілеті; - Коммуникативті қабілет; - Конструктивті қабілет; - Қолданбалы қабілет . Ресейлік зерттеушілер С.Л. Рубинштейн, Б.М. Теплов қарастырған ахуалдардың негізінде педагогикалық қабілеттердің тұтас бір жинағын іріктеді.. Олардың ішіндегі Н.Д. Левитов пен Ф.Н. Гоноболин анықтаған негізгілерін қарастырайық. Н.Д.Левитов негізгі педагогикалық қабілеттер ретінде : балаларға білімдерді қысқа және қызықты формада беру қабілеті; бақылампаздыққа сүйенетін, оқушыларды түсінуі қабілеті; ойлаудың өз бетінше және шығармашылық қалыбы; тапқырлық немесе шапшаң және дәл бағдарлану; мұғалімнің өзінің жұмысын, және де жақсы оқушылар ұжымын жасауды қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық қабілеттер. Оқу материалын оқушыларға қол жеткілікті қылу қабілеті және оқу материалын өмірмен байланыстыру қабілеті екеуі бірігіп өзіндік бір дидактикалық қабілеттер тобын құрайды, олар білімдерді неғұрлым қысқа және қызықты формада беру деген неғұрлым жалпы қабілетпен байланыстырылады. Мұғалімнің оқушыны түсінуі, балаларға деген қызығушылық, жұмыстағы шығармашылық, балаларға қатысты бақылампаздық - бұл адамның рефлексивті-гностикалық қабілеттерімен байланысты қабілеттердің екінші тобы. Балаларға педагогикалық еріктік әсер ету, педагогикалық талап қоюшылық, педагогикалық әдеп, балалар ұжымын ұйымдастыра алу қабілеті - бұл, қазір атап жүргендей, интерактивті-коммуникативті қабілеттер. Ф.Н. Гоноболин бөлген қабілеттердің өте маңызды төртінші тобы - мұғалім тілінің мазмұндылығын, ашықтығын, бейнелілігін және сенімділігн сипаттайтын қабілеттерді қамтиды. Неғұрлым жалпыланған түрде педагогикалық қабілеттерді В.А. Крутецкий көрсеткен, ол оларға сәйкес жалпы анықтамалар берген.
1. Дидактикалық қабілеттер - шәкірттерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүсін өнерінің түрлері оның жасалу техникасының теориялық негіздері
Бастауыш сыныптарда еңбекке үйрету сабақтарын ұйымдастыру мен өткізудің өзіндік ерекшеліктері
Мұғалімнің педагогтік тактісі
Бейнелеу өнерінде сурет салуда қолданылатын құрал - жабдықтардың пайдалану реттері
Тәрбие үрдісінде мақал - мәтелдерді пайдалану
Бастауыш сыныптарда өнер және айналадағы орта сұлулығы туралы әңгімелеудің практикалық дағдыларын қалыптастырудың рөлі
Қазақ халқы қолөнерінде шәкірт тәрбиелеу жүйесі – дуальді оқыту бастауларының негізі
Математика сабағында дарынды балалармен жұмыс
Ясауи туралы ілімі
Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Пәндер