Өлшеу құралдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Респуликасы ғылым және білім министрлігі Рудный
индустриалды институты

Баяндама

Тақырыбы: Өлшеу құралдары

Орындаған: Елубек Н.Р.
Қабылдаған: Еркетаев Е.С.

Рудный 2018
Өлшеу құралдары

Адамзат тарихында өлшеу құрал-саймандарының атқарған рөлі ауқымды болды. Өлшеу құралдары сауда саласында маңызды рөл атқаруына байланысты, өте дәл безмендер мен таразылар қажет болды. Таразы -- ең көне метрологиялық аспап. Ол сауданың, өндіріс пен ғылымның дамуына орай пайда болып, жетілдіріп келеді. Ілінген тостағандары бар иыққа салатын иінағаш түріндегі ең қарапайым таразы Көне Вавилон (б.э.дейін 2,5 жыл бұрын) мен Египетте (б.э. дейін 2 мың жыл бұрын) айырбас саудада кеңінен қолданылды. Сол уақытты алғашқы күн сағаттары, яғни уақыт өлшейтін аспап та пайда болды.
Алғашқы топогеодезиялық құрал-сайманға өлшеуіш пен тізбек, тікбағыт аспабы мен тегістікті өлшейтін деңгейлер жатады. Армиллярлық сала, ал кейіннен астролябия сол уақыттағы көзбен астрономиялық бақылауға арналған ең алғашқы, ең дәл көрсететін құралға айналды. Навигациялық биіктікті өлшеуіш пен астролябия конструкциясы бойынша қарапайым болды, ал кейін оларды сектант алмастырды. XVII ғасырда пайда болды, сөйте тұра X. Гюйгенс тек 1657 жылы сағатта механикалық тілді қолданды, ал кейін, яғни 1765 жылы ол сағатта тіл ретінде серіппені қолдануды ұсынды. Сағаттың осы конструкциясы осы қазіргі уақытқа дейін қолданылады. 1646 жылы Б. Паскаль сұйық құйылған бағанның көмегімен қысымды өлшеуге арналған алғашқы аспапты ұсынды.
ХVIII-ХІХ ғасырдағы өнеркәсіптік революцияның арқасында жаңа буынның және жаңа дәлдік стандартының бірқатар аспабы жасалды. 1638 жылы жасалған алғашқы бұрандалы микрометр XIX ғасырда айтарлықтай жақсартылды. Өлшеудің дәлдігі машина бөлшектерін жасаудың дәлдігін арттырып, олардың өзара алмасымдылық деңгейін көтерді, бұл өндіріс ауқымы кеңейіп, бұйымдардың кұнын арзандатуға мүмкіндік берді. XVIII ғасырда Г. Фаренгейт сынап термометрін жетілдіріп, температура өлшеудің меншікті шәкілін енгізді, содан кейін Цельсий мен Кельвин шкалалары (шәкілдері) пайда болды. 1848 жылы Э. Бурдон манометрлерде деформацияланатын түткітерді пайдалануды ұсынды, бұл аспаптың конструкциясын айтарлықтай жеңілдетіп, осы аспаптардың дәлдігін арттырды.

XIX ғасырда электр энергетикасы дами бастап, осының нәтижесінде гальванометр сияқты аспап жасалды. XIX ғасырдың ең маңызды жетістігіне зерттелетін процестерді талдауды тереңдету жатады. Микроскоп жетілдіріліп, спектометр мен поляриметр сияқты аспаптар жасалды, сонымен бірге жаңа зерттеулер саласы пайда болды.
XX ғасырда өндірісте қажет сан алуан өлшейтін аспаптар әзірленді. Осы аспаптар бұрынғылармен салыстырғанда анағұрлым дәл әрі жылдам жұмыс істейтін болды. Ғасырдың басында техниканың радио байланыс деп аталатын жаңа саласына аспаптар қажет, ал осы аспаптардың басым көпшілігі электр және электрондық болды. Олардың жұмысы негізгі кұрамдасы бір энергияның түрін екінші түрге айналдыратын құрылғыға негізделді. II дүниежүзілік соғыстан кейін химиялық және физикалық талдаулар мен өлшеулер басқаша жүзеге асырылатын болды. Бұрын талдау мен өлшеу үшін зерттелетін материалдың көп мөлшерін қажет ететін біршама ұзақ процесті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлшеу құралдарын калибрлеу
Өлшеу құралдарының негізгі метрологиялық көрсеткіштері
Элементарлы өлшеу құралдары
Өлшеу құралдарының түрін бекіту
Стандартталмаған өлшеу құралдарын қолдану
Өлшеу құралдарының қателіктерін нормалау
Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялау және сынау
Өлшем құралдары және олардың жіктелуі
Өлшеу бірліктері
Технологиялық процестің метрологиялық қамтамасыз етілуі
Пәндер