Бухгалтерлік баланс аудиті
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Бухгалтерлік баланс және оны талдау тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1. Ұлар ЖШС техника - экономикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Бухгалтерлік баланстың түсінігі мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3. Бухгалтерлік баланстың құрылымы мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2. Бухгалтерлік баланс аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.1. Бухгалтерлік баланстың талдау тәсілдері мен аудитін жетілдіру шаралары ... ..16
2.2. Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есепті құру үшін қажетті шараларды енгізуді жақсарту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
КІРІСПЕ
Елімізде мемлекеттік меншікке негізделген кәсіпорындарды жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асырылуы, жаңадан қалыптасқан шаруашылық жүргізуші субьектілердің табысты қызмет етуі мақсатында тиісті экономикалық және құқықтық инфраструктураның құрылуы, республиканың кең шеңберлі халықаралық байланыстары, қаржы нарығына шығуы, шетелдік инвестициялардың көптеп таралуы бухгалтерлік есеп жүйесін кезеңдеуді талап етеді.
Қазақстанда қабылданған бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі кәсіпорындарды ішкі және сыртқы инвесторлар үшін ашығырақ көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік, жалпы еліміздің экономикасын көтеруге оң әсерін тигізеді. Еліміздегі кез - келген кәсіпорынның шаруашылық қызметі бір - бірімен тығыз байланысты - жабдықтау, өнім өндіру өндірілген өнімдерді, тауарларды сатып - өткізу сияқты шаруашылық процесстерінен тұрады.
Бүгінгі таңда әлемдік ғаламдану жағдайында ел Президентінің басты бағыт деп анықтаған Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету маңызды рол ойнап отыр. Экономиканың бәлекеге қабілеттілігі мен транспатренттілігінің негізгі белгісі болып, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарға сәйкес болуы керек екенін ескеру керек.
Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандарттары бұл Қазақстан тұтас экономикасының, Қазақстандық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігі мен инвестициялық тартымдылығының құрамдас бөлігі, сондай - ақ экономиканың жедел дамуы мен капиталды интеграциялауға қызмет ететін, қаржылық есептілікті жалпы және біріңғай түрде түсінуге қажет қазіргі заманғы стиль. Ал ҚЕХС білу және онымен жұмыс істеу қазіргі заман талабына сай бухгалтер мен аудитордың ғана емес, басшының да қажетті, сапалы бедел белгісі болып табылады.
Субъектінің қарамағындағы қаржылық ресурстары мен өзіне қабылдаған міндеттемелері туралы ақпараттарды қаржылық жағдай жөніндегі қорытынды есеп нысанында пайдаланушыларға ұдайы тапсырып отыру - бухгалтерлік есептің негізгі мақсатының бірі болып табылады. Ондай қорытынды есеп дәстүрлі түрде баланс деп аталады. Ол активтердің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің жағдайын ақшалай өлшеммен белгілі бір мерзімге көрсетеді. Сөйтіп, бухгалтерлік баланс дербес есеп жүргізуші кез келген шаруашылық жүргізуші субъектінің нақты бір уақыт сәтіндегі қаржылық жағдайын көрсетеді.
Курстық жұмыстың өзектілігі - қаржылық есептің құрамдас бөлігі бухгалтерлік баланстың көрінісі мен тәсілдерін қалыптастыруға негізделген. Баланс өтімділігін талдау мен өзгерістерін қарастыру және шетел тәжірибесін зерттеу курстық жұмыстың басты негізгі мақсаты мен міндеті.
1. БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУ ТӘСІЛДЕРІ
1.1 Ұлар ЖШС техника - экономикалық сипаттамасы
Ұлар жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2000 жылы құрылды. Мемлекеттік тіркеу куәлігі № 10135 - 1917 - ЖШС 19.01.2000 жылдан бастап.
Семей қаласында осы кезеңнен бастап тұрақты жұмыс істеп, даму үстінде. Қазіргі уақытта бұл кәсіпорын қаламыздағы дамыған өндіріс орны деп танылады және оның бірнеше қоймалары мен негізгі орындары да бар. Осы кәсіпорын құрылғаннан бастап, өздерінің көрсететін қыметтерінің сапалылығын айқындап, сапалығының ішкі бақылау жүйесі және де оны әр жыл сайын жетілдіріп отыруды қолға алған.
Сонымен қатар қызмет көрсету үшін Семей қаласы бойынша сату орындары орналастырып, қоймалары кәсіпорын аумағында орналастырылған.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің негізгі мақсаты - клиенттердің тұтыну деңгейін қамтамасыз етуге байланысты қыметтер көрсетіп, оларға жоғарғы сапалы өнімдерді ұсыну. Жеңілдіктер жасау.
Ұлар жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қазіргі таңда тағамдардың 300 ден аса түрін нарыққа шығарады. Тағамдардың ассортименті жыл сайын өзгеріп тұрады.
Қазіргі таңда ҰЛАР ЖШС-нің негізгі бірлесе жұмыс жасайтын кәсіпорындары ірі дүкендер мен қаладағы сауда орындары, сонымен қатар негізгі тұтынушылардың қажеттіліктерін өтеуде эффектіивті жұмыс жасау орындары.
Кәсіпорынның алға қоятын барлық өнімдері куәліктерге сай тексерілген таза өнімдер.
Негізгі қызмет түрлері мыналар:
* сапалы, куәландырылған өнім ұсыну;
* өнімді жеңілдікпен сату;
* Тапсырыстар қабылдау;
* қала бойынша жедел жеткізу;
* клиенттің ұсыныстары мен талаптарын орындау;
* Өнімнің әртүрлілігін қамтамасыз ету.
Ұлар ЖШС-нің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері төмендегі кестеде көрсетілген.
Кесте 1 - Ұлар ЖШС-нің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері
№
Көрсеткіштер
2007 ж
2008 ж
Ауытқу
Абс.(+-)
%
1
2
3
4
5
6
1
Өнімдерді сатудан табыс, мың теңге
200253
215160
+14907
+7
2
Өндірілген өнімнің өзіндік құны, мың теңге
169199
178583
+9384
+5
3
Жалпы табыс, мың теңге
31054
36577
+5523
+17,7
4
Кезең шығыны, мың теңге
2122
2854
+732
+34,4
5
Салық салуға дейінгі табыс, мың теңге
28932
33723
+4791
+16,5
6
Корпоративтік табыс салығы
6450
6780
+330
+5,1
7
Таза табыс, мың теңге
22482
26943
+4461
+19
8
Сатылған өнімдердің 1 бірлігіне шығындар
84,5
83
-1,5
-2
9
Сату рентабельділігі, %
15,5
17
+1,5
+9
10
Негізгі құралдардың орта жылдық құны, мың теңге
217000
278300
+61300
+28
11
Ағымдағы активтердің орта жылдық құны, мың теңге
198300
212150
+13850
+7
12
Қор қайтарымдылығы, теңге
1,08
1,29
+0,21
+19,4
13
Қор сыйымдылығы, теңге
0,92
0,77
-0,15
-16,4
14
Ағымдағы активтердің айналымдылығы
1,01
1,02
+0,01
+0,9
15
Жұмысшылар- дың орта тізімдік саны, адам
190
280
+90
+15
16
Еңбекөнімділігі, мың теңге
712603
727913
+15310
+2
17
Еңбек ақы қоры, мың теңге
67260
90780
23520
+35
18
Дебиторлық қарыздар, мың теңге
3125
4356
+1231
+39,3
Бұл кестедегі "Ұлар" ЖШС - нің екі жылдық техника - экономикалық көрсеткіштері көрсетілген. Оларға нақты тоқталатын болсақ, кәсіпорын табысты болғанын байқауға болады. Жалпы өнімді сатудан түскен түсім 2008 мен 2007 жылды салыстырғанда 14 907 мың теңгеге немесе +7% өскендігі байқалады. Оған тауарға сұраныстың өсуі, яғни жаңа тұтынушылардың әсері мол. 2008 жылды 2007 жылмен салыстырсақ, ол +5%- ға, яғни 9384 мың теңгеге өскен. Жалпы табыс сомасы 2008-2007 жылдар аралығында - +17,7%, яғни 5523 мың теңгеге өскен, ал кезең шығындары 2008 жылы 2007 жылға қарағанда +34,4%, яғни 732 мың тг. өскен, бұған өнім өндірумен байланысты шығындардың өсуі әсер етті Салық салуға дейінгі табыс 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда +16,5%-ға, яғни 4791 мың тг. өскен. Корпоративтік табыс салығы 2008 мен 2007 жылдарды салыстырғанда 5,1%-ға, яғни 330 мың теңгеге өскен. Таза табыс көлемі 2008-2007 ж. салыстырғанда 19%-ға, яғни 4461 мың тг. өссе, сатылған өнімдердің бір бірлігіне шығындар 2008-2007 жылмен салыстырғанда -2%-ға, яғни 1,5-ке азайғанын көруге болады. Сату рентабельділігі +9%-ға, негізгі құралдардың орта жылдық құны +28 %-ға, яғни 61300 мың тг. өскен, оған комбинаттың жаңа негізгі құрал түрлерінің алғаны әсер еткен. Ағымдағы активтердің айналымдылығын 2008 ж мен 2007 ж салыстырсақ +7%-ға, яғни 13850 мың тг. өскен. Қор қайтарымдылығы 2008 ж мен 2007 ж. салыстырғанда - 0,21% -ға, яғни 19,4 тг.өскен. Қор сыйымдылығы 2008 мен 2007 жылдарды салыстырып қарасақ, -16,4%-ға, яғни -0,15 мың тг. азайғандығын көреміз. Ағымдағы активтердің айналымдылығы 2008 ж. мен 2007 ж. салыстырсақ, +0,9%-ға, яғни 0,01 өскен. Жұмысшылардың орта тізімдік саны 2008 ж. мен 2007 ж. салыстырсақ 15%-ға немесе 90 адамға көбейген, еңбек өнімділігі +2% немесе 15310 мың тг. өскен, еңбекақы қоры +35% немесе 23520 мың тг. және дебиторлық қарыздар +39,3%, яғни 1231 мың теңгеге өскенін байқауға болады.
1.2. Бухгалтерлік баланстың түсінігі мен түрлері
Субъектінің қарамағындағы қаржылық ресурстары мен өзіне қабылдаған міндеттемелері туралы ақпараттарды қаржылық жағдай жөніндегі қорытынды есеп нысанында пайдаланушыларға ұдайы (жүйелі түрде) тапсырып отыру - бухгалтерлік есептің негізгі мақсатының бірі болып табылады. Ондай қорытынды есеп дәстүрлі түрде баланс деп аталады. Ол активтердің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің жағдайын ақшалай өлшеммен белгілі бір мерзімге көрсетеді. Сөйтіп, бухгалтерлік баланс дербес есеп жүргізуші кез келген шаруашылық жүргізуші субъектінің нақты бір уақыт сәтіндегі қаржылық жағдайын көрсетеді.
Қаржылық жағдай деп шаруашылық жүргізуші субъектіге қатысты активтердің нақты бары мен оларға қарама - қарсы қойылған олардың құралу көздерін (меншікті капитал мен міндеттемелерді) түсіну керек:
Σ Α = Σ MK + M.
Бухгалтерлік баланс көптеген қаржылық коэффициенттерді (өтімділік, қаржылық оралымдылық, орнын толтыру коэффициенті) есептеуге негіз болады. Сонымен бірге баланс кәсіпорын өндірісін және оның жаңа өндірістерді игеру саясатын бағалауға, сондай - ақ активтерін бағалауға мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік баланстың төмендегі түрлерін (типтерін) ажыратып көрсетуге болады:
Кәсіпорын қызметінің басталуымен ұштастырылатын кіріспе баланс. Осы кәсіпорында бухгалтерлік есепті жүргізудің бастамасы болып табылатын баланстың бұл түрінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Көп жағдайда ол өте аз өзгеріске ұшырайды (дифференцияланады). Ол түсінікті де өйткені кәсіпорын жаңадан ғана құрылған кезде оның шаруашылық қарым - қатынастары әр түрлілігімен ерекшелене алмайды. Мүлкі негізінен ақша салымы және ұйымдастыру шығындарынан тұратын активтерімен көрсетілетін болғандықтан, ол өте қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Кіріспе балансты құруды белгілі бір мерзіммен (айдың 1-ші күні) ұштастыру мүмкін емес. Кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметін бастайтын балансы оның жарғысы тіркелген күнге құрылады.
БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС
Активтер
Міндеттемелер
Меншікті капиатал
капитал
Ұзақ мерзімді активтер
Ағымдағы активтер
Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Ағымдағы міндеттеме
лер
Активтер
Міндеттемелер
Меншікті капиатал
капитал
Ұзақ мерзімді активтер
Ағымдағы активтер
Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Ағымдағы міндеттеме
лер
Негізгі құ- ТМБ,ақша Несиелер, Несиелер, Жарғылық
ралдар,Ма- қаражаттары, Кейінге қал- Кредитор- капитал,
териалдық Қаржылық дырылған лық борыш- қосымша
емес актив- инвестиция- салықтар тар,төленуге төленген
тер, инвес- лар,Дебитор- және бас- тиісті есеп- капитал,
тициялар лық борыш- қалар телінген шы- қосымша
және бас- тар және ғыстар және төленбеген
қалар басқалар басқалар капитал,
резервтік
капитал,
бөлінбеген
таза табыс
1 схема. Бухгалтерлік баланс
Жылдық (қорытынды) баланс - есеп беру мерзімінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы жөніндегі ақпараттар көзі болып табылады. Ол есепті жылдың аяғында (есепті жылдан кейінгі жылдың 1-ші күніне) құрылады. Есепті жылдың аяғына ең дұрыс (сенімді) баланс құрудың міндетті постулаты - бухгалтерлік есепте нәтижесін толық көрсете отырып, кәсіпорынның мүліктеріне және қаржылық міндеттемелеріне міндетті түрде түгелдеу жүргізу. Жылдық бухгалтерлік баланс негізінен есеп регистрлерінің, Бас кітаптың мәліметтері негізінде құрылады.
Жойылу балансы - шаруашылық жүргізуші субъект әртүрлі себептерге байланысты жойылған сәтте құрылатын баланс. Жойылу баланысының кәдімгі баланстан негізгі айырмашылығы оның баптарының бағалануымен айқындалады.
Бағалау сатып - өткізу бағасы бойынша жүзеге асырылады, көп жағдайда ол бастапқы баланстық құнынан әлдеқайда төмен болады. Әдетте қорытынды баланста болатын кейбір баптар, мысалы, бюджеттік бөліп - таратушы Алдағы кезеңнің есебіне жататын табыстар, Алдағы кезеңнің есебіне жататын шығыстар, Күмәндә борыштар бойынша резервтер және Болашақ төлемдердің резерві баптары жойылу балансында тіпті болмауы мүмкін. Басқа жағынан қарағанда жойылу балансында бұрын болмаған баптар пайда болуы мүмкін, мысалы, фирма бағасы (гудвилл). Кәсіпорынның меншікті капиталдары жойылу балансында кейде жеке баптарбойынша көрсетілмейді. Себебі жойылу кезеңінің басында кәсіпорынның барлық меншікті капиталы арнайы ашылған Жою шотына аударылады. Бұл шотта мүліктік баптарды бағалаудағы айырмашылық, сонымен бірге жоюға байланысты шығыстар көрсетіледі. Шоттың қалдық сомасы (сальдосы) жойылу балансының активінде немесе пассивінде көрсетіледі.
Брутто-баланс - реттеуші баптар енгізілетін баланс. Реттеуші баптарға негізгі құралдардың тозуы, материалдық емес активтердің амортизациясы және тағы басқалары жатады.
Нетто-баланс (немесе тазаланған баланс) - реттеуші баптар алынып тасталған баланс. Оны кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау кезінде пайдалану ыңғайлырақ. Мұндай баланстың мәліметтері кәсіпорынның қарамағындағы шаруашылық қаржыларының нақты сомасын сипаттайды (көрсетеді).
Ішкі баланс (мейлінше егжей-тегжейлі) қаржылық талдау жасау, жоспарлау, басқару және кәсіпорын мен оның филиалдарының, құрылымдылық бөлімдерінің шаруашылық қызметіне бақылау жасау үшін пайдаланылады.
Сыртқы баланс сыртқы пайдаланушылар үшін құрылады. Сыртқы падаланушылар үшін ол ең басты ақпарат көзі болып табылады. Ондай баланстың мазмұны, құрылымы және сыртқы пайдаланушыларға тапсырылу тәртібі заңмен, шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясатымен, пайдаланушылардың талабымен айқындалады. Баланс салық органдарына, банктерге, қор биржаларына тапсырылады, бұқаралық ақпарат құралдарында, арнайы анықтамаларда басылады.
1.3. Бухгалтерлік баланстың құрылымы мен мазмұны
Өзінің құрылымы бойынша бухгалтерлік баланс жиынтығы әр уақытта
өзара тең ьолатын екі қатар сандар болып табылады. Бұл тепе-теңдік жағдай - баланстың маңызды белгісі.
Екі жақты кесте түріндегі бухгалтерлік баланстың сол жақ бөлігінде субъектінің активтері (экономикалық ресурстары) көрсетіледі. Осы активтерге қатысты әртүрлі тұлғалардың талаптары пассивтер деп аталады. Пассивтер екі түрге бөлінеді:
1. міндеттемелер, яғни кредиторлардың талаптары (басқаша айтқанда,
субъектінің иесінің басқа кез келген тұлғаның);
2. кәсіпорын иелерінің капиталы, яғни, кәсіпорын иелерінің талаптары.
(Акционерлік кәсіпорын иелерінің капиталы, әдетте, акционерлік капитал деп аталады).
Егер кәсіпорынның барлық активтері оның иелерінің немесе кредиторлардың тапарпынан талап етілетін (ізделінетін) болса және де осы талаптардың жалпы сомасы талап етілген активтердің құнынан айпайтын болса, онда ол актив пен пассивтің теңдігін көрсетеді. Бұл бухгалтерлік есептің екі жақтылық приципінен формалды түрде туындайтын негізгі бухгалтерлік теңдеу:
Активтер = Міндеттемелер + Капитал.
Бухгалтерлік есептің барлық процедуралары осы теңдікпен туындайды. Төменде екі жақты кесте түріндегі бухгалтерлік баланстың қысқартылған үлгісі нысаны келтірілді (кесте 2.)
Активтер
Есепті кезеңнің басына
Есепті кезеңнің аяғына
Меншікті капитал және міндеттемелер
Есепті кезеңнің басына
Есепті кезеңнің аяғына
1
2
3
4
5
6
I.Ұзақ мерзімді активтер
Материалдық емес активтер:
Бастапқы құны
жинақталған амортизация
қалдық құн
Негізгі құралдар:
Бастапқы құны
жинақталған тозу құны
қалдық құн
Ұзақ мерзімді инвестициялар
ЖИЫНТЫҒЫ
II.Ағымдағы активтер
Тауарлы-материалдық босалқылар
Ақша қаражаттары
Дебиторлық борыштар
Басқадай ағымдағы активтер
ЖИЫНТЫҒЫ
116
26
90
116
49
67
26
183
367
25
49
2
443
98
18
80
78
36
42
42
164
244
18
44
5
311
I.Меншікті капитал
Жарғылық капитал
Резервтік капитал
Бөлінбеген таза табыс
ЖИЫНТЫҒЫ
II.Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Ұзақ мерзімді несиелер
Кейінге қалдырылған салықтар
Ұзақ мерзімді қарыздық міндеттемелер
ЖИЫНТЫҒЫ
III.Ағымдағы міндеттемелер
Қысқа мерзімді несиелер
Кредиторлық борыштар
ЖИЫНТЫҒЫ
52
22
180
254
108
9
85
222
12
158
170
52
18
126
196
98
7
48
153
9
117
126
БАРЛЫҒЫ
626
475
БАРЛЫҒЫ
626
475
Субъектілердің бухгалтерлік балансында біртекті қаржы ресурстары (активтер) және олардың құралу көздері (меншікті капитал, міндеттемелер) бірыңғай көрсетіледі. Баланс активтерінің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің осындай біртекті көрсеткіштері баптар деп аталады. Баланстың Активтер бөлімінің баптары қаржылық ресурстардың жай-күйлерін бейнелейді, Меншікті капитал және Міндеттемелер бөлімдерінің баптары кәсіпорын активтерінің құралу көздерін бейнелейді.
Халықаралық тәжірибеде баланстың жоғарыда қарастырылғаннан басқа құрылымы белгілі, мысалы, АҚШ-та, Англияда және басқа да бір қатар елдерде баланста алдымен активтердің барлық баптары, ал содан кейін меншікті капитал мен міндеттемелер баптары келтіріледі.
Активтер баптары басшылыққа алынып жүрген заңдарға және жекелеген елдердің дәстүріне сәйкес белгілі бір жүйемен орналастырылады. Активтердің жекелеген баптары баланста мүліктердің жылжу (қозғалу) деңгейіне байланысты, басқаша айтқанда өтімділік (ликвидтілік) деңгейі бойынша, яғни мүліктің осы бөлігі шаруашылық айналымында қандай жылдамдықпен ақша нысанына айналатындығына байланысты орналастырылады.
Отандық іс-тәжірибеде активтер әдеттегідей өтімділіктің (ликвидтіліктің) жоғарылау тәртібімен құрылады, яғни баланстың бірінші бөлімінде ең алдымен өзінің тиімді пайдалану мерзімінің аяғына дейін бастапқы нысанын (формасын) сақтайтын қозғалмайтын (жылжымайтын) мүліктер көрсетіледі, содан кейін барып ағымдағы активтер көрсетіледі.
Активтер өтімділіктің (ликвидтіліктің) төмендеуі тәртібі бойынша орналастырылған кезде бірінші орында ақша қаражаттары, тауарлар, өндірістік босалқылар, аяқталмаған өндіріс, дебиторлық борыштар баптары және т.б. тұрады (баланста активтерді орналастырудың бұл схемасы, мысалы, АҚШ, Англия мемлекеттерінде қолданылады).
Баланстың меншікті капитал және міндеттемелер бөлімдерінің баптары да активтер сияқты белгілі бір жүйеде, яғни міндеттемелердің қайтарылу (өтелу) жеделдігінің деңгейі бойынша топтастырылады. Біздің тәжірибемізде олар қайтарылу жеделдігінің өсуі бойынша топтастырылады. Пассивтік баптарды қайтарылу жеделдігінің төмендеу тәртібімен орналастырған жағдайда, алдымен қысқа мерзімді міндеттемелерді сипаттаушы баланс баптары (қысқа мерзімді банк несиесі, кредиторлық борыштар және т.б.) келтіріледі.
Бухгалтерлік баланста активтер мен міндеттемелер ұзақ мерзімді және ағымдағы болып жіктеледі.
Бухгалтерлік балансқа деген екі көзқарас
Бухгалтерлік баланстың активтер жағын да пассивтер жағын да екі көзқараспен қарастыруға болады:
1.Ресуртар және талаптар, яғни жоғарыда айтылғандардың негізінде баланстың активтер жағының баптары бухгалтерлік баланс құрылған күнге кәсіпорынның экономикалық ресурстарын құрайды. Міндеттемелер мен капитал - бухгалтерлік баланс құрылған мерзімге кәсіпорынға қойылған талаптар. Міндеттемелер - үшінші жақтың талаптары, яғни кәсіпорынның банктерге, сатып-өткізушіліктерге, өздерінің қызметкерлеріне және басқа кредиторларға қарыздарының сомасы. Капитал кәсіпорын иелерінің талаптарын көрсетеді.
Алайда, бухгалтерлік балансқа қатысты бұл көзқарастың кейбір кемшілік жақтар да бар. Біріншіден, акционерлік капиталды талап ретінде түсіндіру өте күрделі.себебі кәсіпорын иелері мен кредиторлар оған әртүрлі мағына береді. Активтерге қатысты талаптар деген заңдық мағынасы бар ұғым болып табылады және оның маңызы тереңірек, егер компания банкротқа ұшырауына байланысты жойылатын болса, онда ол кәсіпорын қызметінің үздіксіздігі концепциясына сәйкес келмейді. Сондықтан бухгалтерлік балансты түсіндірудің екінші тәсілі тартымдырақ болуы мүмкін.
2.Қорлар көздері және оларды пайдалану бағыттары. Бұл көзқарас бойынша бухгалтерлік баланстың сол жағы кәсіпорынға берілген қаржыларды бухгалтерлік баланс құрылған мерзімге пайдалану немесе салу бағытын көрсетеді. Бұл салымдар кәсіпорынның алдына қойған мақсаттарына жетуіне, анығырақ айтқанда таза табысқа (пайдаға) қол жеткізуіне көмектесу үшін жүзеге асырылады. Оң жағында активтерге салынған қаржылардың құралу көздері, яғни, активтердің қалай қаржыландырылатындығы көрсетіледі.
Бұл көзқарас бойынша негізгі бухгалтерлік теңдеу -
Активтер = Міндеттемелер + Капитал
бұлайша түсіндіріледі: кәсіпорын активтеріне салынған әрбір теңгені не кредитор не кәсіпорын иесі салады және де әрбір берілген теңге активтердің жекелеген түрлеріне салынады.
Бухгалтерлік балансты түсіндірудің екі тәсілі де дұрыс және бірін - бірі толықтырады.
1.3. Бухгалтерлік баланстың құрастырылуының шетелдік тәжірибесі
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты шоғырландырылған (консолидацияланған) баланстың ролі артып отыр.
Ірі компаниялар салық төлеуде тиімдірек экономикалық жағдайларға қол жеткізу үшін немесе басқадай мақсаттармен еншілес кәсіпорындар құрады. Инвестор олардың бірінің акцияларын сатып ала отырып, барлық кәсіпорындар туралы түсінікті ақпараттар алғысы келеді.
Шоғырландырылған (консолидацияланған) қаржылық қорытынды есепті құрудың негізгі мақсаты - бас кәсіпорын мен еншілес кәсіпорындардың қызметін бірегей шаруашылық ұйым ретінде көрсету. Бухгалтерлік есептің 13 Шоғырландырылған (консолидацияланған) қаржылық қорытынды есеп және еншілес серіктестіктерге салынған инвестициялар есебі деп аталатын ұлттық стандартына сәйкес шоғырландырылған (консолидацияланған) қаржылық қорытынды есеп дегеніміз - бір серіктестіктің қорытынды есебі ретінде тапсырылған топтың (бірнеше еншілес серіктестіктің) жекелеген қаржылық қорытынды есептері.
Шоғырландырылған (консолидацияланған) қаржылық қорытынды есепті дайындау кезінде негізгі серіктестік пен оның еншілес серіктестіктерінің қаржылық қорытынды есептері активтер, міндеттемелер, меншікті капитал, табыстар және шығыстар туралы мәліметтерді қосу арқылы баптар және жолдар бойынша бірігеді. Бірқатар операциялар бойынша қайта есептеуді болдырмау мақсатында алып тастау (жою) әдісі қолданылады. Шоғырландырылған (консолидацияланған) қаржылық қорытынды есептерді топ жөніндегі қаржылық ақпараттарды бірегей ұйымдар туралы ақпараттар ретінде көрсету үшін одан төмендегі көрсеткіштер алынып тасталынады:
oo Негізгі серіктестіктің еншілес серіктестіктердің әрқайсысына
салынған нивестицияларының баланстық құны және негізгі серіктестіктің еншілес серіктестіктердің әрқайсысының меншікті капиталындағы үлесі;
oo Негізгі және еншілес серіктестіктер арасындағы өзара есеп
айырысулар бойынша шоттардағы сальдо (қалдық);
oo табыстар, шығыстар және дивидендтер бойынша ішкі топтық
операциялар, сондай - ақ осы операциялардың нәтижесінде пайда болатын іске асырылмаған (жұмсалынбаған) табыс немесе зиян, орны толтырылмайтын зияндардан басқа.
Америка ғалымдары Б. Нидлз, Х. Андерсон, Д. Колдуэллдердің
еңбегінде былай делінген: Шоғырландырылған (консолидацияланған) балансты дайындау кезінде еншілес және бас (аналық) кәсіпорындардың қорытынды есептерінен тиісті баптар бірігеді. Кейбір баптар негізгі және еншілес серіктестіктер арасында болған операциялардың нәтижесінде сальдоланады. Мысалы, бір компанияның борышын басқа компанияның жабуы немесе есепті құру кезінде негізгі кәсіпорын мен еншілес кәсіпорындар арасындағы мұндай операциялар қорытынды есептің жиынтығында көтсетілмеуге тиісті. Себебі сатып алу - сату операциялары, қарыздың төленуі және олардың алынуы ақша қаражаттарының кәсіпорын ішіндегі кобеюін туындатпайды. Қайта есептеуді болдырмау мақсатында алып тастау (жою) тек қорытынды есепті дайындау барысында орындалады және негізгі кәсіпорынның да еншілес кәсіпорындардың да бухгалтерлік есеп регистрлерінде көрсетілмейді.ешқандай шоғырландырылған (консолидацияланған) есеп регистрлері жүргізілмейді
Сонымен, бізде қолданып келген мәліметтерді жинақтаудан шоғырдандыруды (консолидациялауды) екі белгі бойынша ажыратуға болады:
1) шоғырландырылған (консолидацияланған) қорытынды есеп екі
немесе бірнеше өзара байланысты, бірақ солай болғанмен заңдытүрде дербес кәсіпорындар бойынша құрылады;
2) шоғырландыру (консолидация) негізгі және еншілес кәсіпорындар
баланстары баптарының қарапайым қосындысы емес, қорытынды есеп мәліметтерін белгілі бір түрде құрамдастыру (қиыстыру) болып табылады.
Субъектілердің бухгалтерлік балансында бартекті қаржы ресурстары (активтер) және олардың құралу көздері (меншікті капитал, міндеттемелер) бірыңғай көрсетіледі. Баланс активтерінің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің осындай біртекті көрсеткіштері баптар деп аталады. Баланстың Активтер бөлімінің баптары қаржылық ресурстардың жай-күйлерін бейнелейді, Меншікті капитал және Міндеттемелер бөлімдерінің баптары кәсіпорын активтерінің құралу көздерін бейнелейді.

Активтер баптары басшылыққа алынып жүрген заңдарға және жекелеген елдердің дәстүріне сәйкес белгілі бір жүйемен орналастырылады. Активтердің жекелеген баптары баланста мүліктердің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz