Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
3

1 БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жаңа педагогикалық технологияның ерешеліктері 5
1.2 Оқытудың қазіргі технологияларын енгізу жағдайы 12

2 БІРТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАНДЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
2.1 Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану

15
2.2 Әлеуметтік – психологиялық қызмет көрсету саласының он екі
жылдық білім беру жүйесіндегі сипаты
25

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі:
Қазіргі кезеңде Республикасызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
қазақсандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңестігіне енуге бағыт
алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі
өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім
берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты
міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және
қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.
Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау
қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы
білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде.
Сондықтан білімгерді тек маман ретінде ғана қарамай, оны ез қоғамының
азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік
жасау қажет.
Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін
ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең
негізгі қызметі - адамның менталитетін, адамгершілігін, творчестволық
қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуынын
ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің Білім ғасырындағы міндеті мен
мазмұнын айқындап берді.
Зерттеудің мақсаты: Асқактаған күмбездер де, ғимараттар да,
экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, белсенді
адамдар. "Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер,
инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер,
зауыттар мен биржалардьщ иелері болады" (Қазақстан-2030 бағдарламасы).

Әрине, "келешектің иесі - жастар". "Жастар өзінің ата-анасынан гөрі
заманьша көбірек ұксас келеді". Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды
көркейтетін, дамытатын жастар тәрбелеу.
Зерттеудің объектісі: Тараз қаласы, №8 Төле би атындағы гимназия, 2 б
сыныбы.
Зерттеудің міндеттері: қазіргі таңдағы оқу-тәрбие процесіндегі жаңа
технологияландыру бірнеше міндеттерді жіктейді.
1. Ақпараттандыру және инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды
іздестіру.
2. Оқу-тәрбие процесінде жаңалық енгізулерді алғашқы байқаудан
өткізу, ұйымдастыру және кеңес алу.
3. Оқу тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер әрбір ғылым саласының алатын жаңалығы
да, атқаратын қызметі де, жаңалықтар ашса, пайдасын тигізсе педагогика
қоғамдағы адам өміріндегі түрлі әрекеттерді талдау арқылы тиісті деректерге
назар аудара отырып, теориялық нанымдау жасап, педагогикалық жүйенің
меңгеру технологиясын жетілдіруге ықпал етеді. Педагогикалық болжамның
тәлім-тәрбие мен оқу-тәрбие процесінің тиімді амалдарын белгілеудегі
қызметі мәнді де мағыналы болар еді.
Зерттеу әдістері: педагогикалық – психологиялық талдау. Осы проблема
бойынша озық тәжірибелерді зерттеу.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, зерттеу
көкейкестілігінен, зерттеу мақсатынан, зерттеу объектісінен, зерттеу
міндеттерінен, ғылыми болжамнан, зерттеу әдістерінен, ІІ тараудан,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 БІЛІМ БЕРУ ЖҮИЕСІНДЕГІ ЖАҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1.1 Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім
берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім
беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі
уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттігінен туып отыр. Осыған
орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып,
мектеп өміріне енгізіліп жатыр.
Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен оқытудың ұжымдық
тәсілі, сондай-ақ, профессор Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен
дифференциялау және білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру
ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы
еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жұр.
Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың
басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне
енгізу болып табылады.
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты
дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша
әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан
танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл
әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен
құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны
орындау үшін төмендегідей ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.
1. Оқушылардың өзіндік іздену іс-әркетінің әдістерін меңгеру талап
етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту
әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни жаңа жағдайдағы "оқыту әдістемесі" деп
отырғанымыз: "оқушы - мұғалім" ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы.
Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы
белсенділігіне баса назар аударылады.
2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық
түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат - оқушыға
деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-
қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронталды түрі, көбінесе, бағыт беру,
талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.
3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша "оқытуды ізгілендіру" қажет. Бұл
үшін оқу құралдары оқушылардың өзідігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе
алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты
қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына
аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек-ақ.
Жаңа технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория
- Л.С.Выготскийдің "оқыту үрдісінде оқушының ақыл-ойының дамуы "актуалды
даму" аймағынан жақын арадағы даму" аймағына ауысуы туралы теориясы. Бұл
ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден
өнімді іс-әрекетті қажет ететін келесі деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-
әрекет арқылы жүзеге асады.
Ендеше оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың
жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік
ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа арналған
жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар - әңгімелесуші-
оқулықтар мен оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс
дәптерлері.
Әңгімелесуші-оқулық бойынша жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп,
анықтама мен ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу-мысалдармен оларды
бекіткеннен кейін жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға
көшеді.
Оқытудың жаңа технологиясы жағдайында оқушылардың өздігінен жүргізетін
танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша
құрастырылып, ондағы барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған
болса оқушыларда ынталану пайда болады. Мұндай жаңа технология бойынша
сабақ беріп жүрген мұғалімдер үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас
алмайтындығын айтады. Өйткені оқушылар өзара бәсекелесе отырып жұмбақ,
сөзжұмбақ, ребус, математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі
тапсырмаларды шешуге ұмтылатыны даусыз. Бұл жерде "үлгерімі кейіндеп қалып,
өз құрбыларын белгілі бір себептермен қуып жете алмайтын оқушылармен қалай
жұмыс істеуіміз қажет?" деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де оңды шешуі
қарастырылған. Олар мыналар:
• барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге
көмектеседі;
• сыныптың басқа оқушылары өздігінен жұмыс істеп жатқан кезде
мұғалімің үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты болады.
Деңгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат - сынып оқушыларын
"қабілетті" және "қабілетсіз" деп жасанды әр түрлі жіктерге бөлуді
болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту, сонымен қатар барлық
оқушыға қатысты ізгілендіру ұстанымдары сақталады. Сондай-ақ деңгейлеп
оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны
есепке алынып отырады. Демек, қандай оқушы болсын, өзінің жақсы
оқитындығына қарамастан "оқушылық міндетті", яғни бірінші деңгейдің жұмысын
орындаумен бастайды. Нәтижеде бұл барлық оқушыларды тірек білімімен
қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы
талаптарына сай міндетті бірінші деңгейді толық игеруін жүзеге асырады.
Мұндай есепке алу (зачеттік) жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі нашар
оқушылар кем дегенде "оқушылық" деңгейге сәйкес білімді толық меңгерді.
Өйткені алғашқы деңгей тапсырмаларын толық және дұрыс орындамайынша олар
келесі деңгейге көшпейді. "Міндетті" деңгейді толық меңгерген оқушы әрі
қарай ілгері ұмтылады, өзіне өзінің сенімі артады.
Жалпы жаңа педагогикалық технологияда бағалау үрдісі арнайы "қосу"
әдісімен жүзеге асырылады. Бағалау жүйесінде оқушы білімінің ең төменгі
деңгейі негізге алынады және ол деңгей мемлекеттік стандарттың ең төменгі
талабына сәйкес келеді. Дарындылығына, бейімділігіне, жоғары даму деңгейіне
қарамастан оқушылардың барлығы бірінші деңгей тапсырмаларын дұрыс орындауы
шарт. Бірінші деңгейдегі барлық дұрыс және мезгілінде орындалған
тапсырмалар "есеп-зачетка" алынып отырады. "Зачеттің" "екіліктен"
айырмашылығы: бірінші деңгейдің "есепке алынбаған" тапсырмалары қашан
"есепке алынғанша" міндетті түрде, қайта-қайта тапсырыла береді.
Өзін-өзі бағалау "қосу" әдісімен жүргізілетіндіктен оқушы бұрынғыдай
"екілік" аламын деп қорықпайды. Сөйтіп оқушыда жоғары ұпай жинауға деген
талпыныс пайда болады. Ол дұрыс орындалған тапсырмалардың санына ғана
тікелей тәуелді.
Жаңа педагогикалық мұндай технологиялар арқылы оқытуды ізгілендіру мен
демократияландыруға, оқушылардың өздігінен бағыт-бағдарын анықтап, дамуына,
ең бастысы, өзін-өзі тәрбиелей алатын тұлға ретінде қалыптасуына жағдай
жасауға болатыны күмәнсіз. Сондықтан да білім беру жүйесінің алдында тұрған
басты мақсат: жаңа технологияның талаптарына сай жаңа оқулықтар буынын жазу
болып отыр. Бұл жаңа оқулықтар мен дидактикалық құралдардың ерекшелігі сол,
олардың мазмұнын қысқа мерзімде ешқандай бейімдеусіз-ақ компьютерге
кіргізуге болады екен. Себебі, бұл құралдардың құрылымы электрондық оқулық
құрылымдарына ұқсас.
Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның
өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен
дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға
қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.
Жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту технологиясында оқу пәндері әдістемелері
мен білім беру технологияларын жоспарлау жүйесі қолданылады.
Пәндердің әдістемесін қолдануды жоспарлау мынаған келіп тіреледі, яғни
әр оқушының өз кезеңі барысында мұғалім оған қажетті әрбір жаңа
педагогикалық технологиялар мен әдістемелерді міндетті түрде пайдалануы
қажет. Қазіргі заманғы қоғамдық білім саласында білім беру үрдісінде
көптнген филисофиялық бағыттар, ағымдар, мектептер бар.
Педагогикалық технологияға олардың бәрәнің негізінде сипатттама беру
мүмкін емес. Біз тек қана педагогикалық технологиялардың
тұжырымдамасыннан айқын көрінетін бірнеше философиялық негіздердің
кейбіріне ғана тоқталамыз. Олар материализм мен идеализм, диалектика
мен метафизика, гуманизм және антигуманизм және т. б.
Диалектикалық – материалистік бағыт кеңестік дәуірде білім берудің
өзегі болып табылғандықтан, одан басқа бағыт туралы айту мүмкін
болмағанын біз сол кезде жарық көрген оқу әдістемелік әдебиеттердің
кез-келгенінен табамыз.
Ізгілік – адамды және тұлғаға есебінде танып, оның құндылықтврын
бағалап, оған еркіндік беріп, өз қабілетін көрсете білуге жағдай
жасайтын жүйе.
Теософия – діни бағыттағы мектептердің маңызды іргетасы болып
табылады. Теософиялық ізгілік парадогмасының тамыры халықтық
педагогикада жатыр.
Педоцентризим – философияның баланың қызығушылығы мен талабының,
қажеттілігінің басымдылығын бағалай отырып, оның жан-жақты дамуына
жағдай туғызуды негізгі міндет деп есептейтін бағыты.
Прагматизм – тұжырымдамасы бойынша жеке бастың интеллектуалдық
және адамгершілік қасиеттері оның сирек кездесетін табиғатына және
тәжірибесіне байланысты. Мұның негізі адамға табиғат берген
қабілеттілікке, өзін-өзі икемдеуге байланысты шешіледі деп есептейді.
Қоғам өмірінің кенеттен өзгерісі мен білім беру жүцесінің,
білім беру мақсатымен формаларының, оқыту мазмұны мен
технологиясының арасындағы сәйкессіздік білім беру жүйесінің
дағдырысқа ұшырауына соқтырды:
- педагогикалық білімге деген сұраныс;
- педагогикалық білім берудің кәсіптік деңгейін көтеру;
- жалпы білім берудің ерекшелігі мен икемділігі;
- жалпы білім берудің қоғамның талабына сәйкес келуі;
- дәстүрлі технологияның тиімділігінің төмендігі;
- қоғамның жеке тұлғаның дамуына қойып отврған талабының
өсуі;
- оқытудың жаңа технологиясын ендіруге кері әсер етіп отырған
психологиялық, әлеуметтік кедергілер.
Оқыту технологиясы оқыту теориясын бейнелейді және оқытудың
технологиялық деңгейін стратегиясы мен тактикасы болып табылады.
Мектептердегі білім мазмұны мәдениетіөркендеген демократиялық
қоғамға үйлесімді жаңа адам үлгісін тәрбиелеуге бағытталуы тиіс.
Осы заманғы ұлттық мектеп білім мазмұны тұжырымдамасының
методологиясы таным процесінің философиялық теориясынан, жеке тұлға
болмысын түсінуге бағытталған іс-әрекет туралы ілімнен, түрлі оқу
пәндерін оқытуға диалектикалық тұрғыдан қарау мен тұтас
педагогикалық процесс теориясымен негізгі қағидаларынан келіп шығады.
Қазіргі уақытта жалпы білім қоғамдық қажеттілік қана емес,
сонымен қатар, жеке адамның өзіне де қажет, оның қоғамдық мәдени
өмірге кәсіптік еңбекке қатысып, білімін одан ары жетілдірудің
мөлшері болып табылады.
Сондықтан да жалпы білім беру мектептің білім мазмұнын жаңарту
үшін нақты әлеуметтік жағдайларда дамитин әрбір оқушының талғам –
тілегінің, оның табиғи – биологиялық – гинетикалық негіздноін,
қабілетін, денсаулығы мен психологиялық ерекшеліктерін барынша ескере
отырып, жеке тұлғаны шығармашылықпен іс-әрекет ете білу мақсаты
басшылыққа алынады.
Жаңартылған білім мазмұнының ғылыми - әдістемелік негізіне дамыта
оқыту идеясы алынған. Дамыта оқытудың ерекшелігі оқушыда пәндік
білім, білік, дағды қалыптастырудың қажеттілігін жоққа шығармайды,
бірақ оқыту мен оқушыны дамыту міндеттерін, басымдылығын қолдамайды,
оқыту оқушының дамуын қамтамасыз ететін жағдай болуы керек дегенді
приоритет етіп қою.
Дамыта оқыту жүйесінде оның мазмұны оқушының жеке бас болмысын,
тұлғасын дамытудың құралы деп қарастырады. Ол мазмұнды оқушы
меңгеруі тиіс теориялық ұғымдар мен түсініктер жүйесі, оны саналы
меңгеретін жалпыланған амал- -әрекеттер және ұстанымдарды беріліп
бейнелеуі қажет және бұл мазмұн оқулықта көрініс табуы шарт.
Кез - келген технология адамның психикалық дамуын анықтайтын
деректер, алғашқы себептер туралы түсініктерден пайда болады.
Дамудың негізгі жетекші факторына байланысты технологияларды
төмендегінше бөлуге болады:
- психиканың дамуы биологолиялық тұқым қуалау арқылы
анықталады деп қарастыратын биогендік технологиялар;
- жеке тұлғаның қалыптасуы адамның әлеуметтік тәжірибесіне,
оқып үйрену нәтижесіне байланысты деп қарастыратын
социогендік технологиялар;
- даму нәтижесі адамның өзіне, тәжірибесіне, өзін-өзі
психологиялық жағынан жетілдіруіне байланысыты анықталады
дегенді жақтайтын психогендік технологиялар;
- жеке тұлға және оның қасиеттерін материя емес деп
үғындыратын идеалистік технология.

1.2 Оқытудың қазіргі технологияларын енгізу жолдары

Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім
беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті
осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы
мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім
беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:
• білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау
қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық
жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;
• ақпараттық дәстүрлі әдістері - ауызша және жазбаша, телефон және
радиобайланыс - қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
• баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына,
азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
• мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі
бірлігіне ұмтылыс жасалуда;
• қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен
қолданылуына және ғылымның роліне мән берілуде.
Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы
негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады:
• есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді
пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
• білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық
құрылым жүйесіне көшу;
• оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап
оқыту бағдарламасына өту.
Қазір Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған
көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша
қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы
мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа
технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен
оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде
сынап қараудың маңызы зор.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын
меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны
меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани,
азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін
тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына
көмектеседі.
Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық
лексиконымызға берік еніп келеді. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы
пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте: "Технология - бұл қандай да
болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы" делінсе,
Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат
көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық
үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің)
белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология
түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің
үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды
ұйымдастырушы құрылымы.
ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология - бүкіл оқыту
үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын олардың бір-біріне өзара
әсерін, білім берудегі формасын оңайландыру міндеттерін ескере отырып
меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі.
Педагогикалық үрдіс технологиясы дегеніміз мақсат-мүддені анықтаудың
жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына
қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың
мазмұн, форма, әдіс-амалдарының, дидактикалық талаптарының психологиялык-
педагогикалық нұсқауларының жиыны.
Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал,
дидактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің
жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға,
ынтасына, оқу - іс-әрекетіне игі мұғалімдердің интеллектуалдық,
шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс тәжірибесінің
нәтижелілігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие процесінің
басты күре тамырының ролін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық
технология - оқу-тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған
көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін
қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі (компонент).
Бір технологияның өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты
әркилы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі кезде әдебиеттерден қазіргі заманғы
білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам
педагогиклық технология қолданылып жүргендігі мәлім. Бірақ мұғалімдер оны
өз тәжірибелерінде жүйелі қолдануға дағдыланбаған және оны әдістемеден
ажырата алмайды. Оқытудың жаңа технологияларын таңдаудың М.М.Поташник
ұсынған критерийлері:
• елдің, аймақтың, қаланың талап-тірегі - мектепке әлеуметтік сұраныс;
• мектептің дамуы туралы мемлекеттік құжаттар -мемлекеттік сұраныс;
• қазіргі ғылымның адам туралы жетістіктері мен табыстары;
• педагогикалық озат тәжірибе;
• мұғалімдердің, мектеп басшыларының іс-тәжірибесі, интуициясы,
шығармашылығы;
• мектептің жұмыс үрдісі мен нәтижелерінің талдамасы.
Бұдан педагогикалық технология таңдау барысында:
• алынып отырған технологияның мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға
сай болуы;
• жүйелілігі;
• тиімділігі т.б. ескерілуі керек деген қорытынды шығады.
Педагогикалық технология оқу үрдісімен, мұғалім мен оқушының іс-
әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрылымына мыналар кіреді:
а) тұжырымдық негізі.
ә) оқыту мазмұндық бөлімі:
• оқытудың нақты және жалпы мақсаты;
• оқу материалының мазмұны.
б) үрдістік бөлім-технологиялық процесс:
• оқу үрдісін ұйымдастыру;
• оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары;
• мұғалім жұмысының әдістері мен формалары;
• мұғалімнің материалды меңгеруді басқарудағы іс-әрекеті;
• оқу үрдісінің диагностикасы.
№3 кестеде оқыту технологияларының классификациясы көрсетілді.
Мұғалімнің оқыту технологиясын қолдануға дайындығын оның
қызметінің сан қырлы жақтарына байланысты. Оның оқыту технологясына
қолдану дәрежесі, көзқарасын біз оның білімі мен тәжірибесінің,
мұғалім ретіндегі іс-әрекетінің нәтижесімен бағаладық.
Қоғам бүкіл жүйесін жаңартуға, оның ішінде білімді ұрпақ
даярлауды жаңартуға өте ынталы, себебі қазіргі мектептерге жаңаны
тез меңгеретін, өзгерістерге бейімділігін, қоғам өзгерісін дұрыс
қабылдай алатын жас ұрпақ қажет. Сондықтеан жас адамды жан-жақты
жетілдіруде қоғамның талап тілегін, мүддесін ескеру қажетті де
міндетті болып табылады.
Жалпы орта мектеп оқушылары іс-әрекетіеің негізгі түрі – оқу
үрдісі болып табылады. Сондықтан оның болашақ қоғам жасаушы
жастарды дамытуда, оқытып тәрбиелеуде оқытудың жаңа технологиясын
қолдануға дайындаудағы потенциялдық мүмкіндіктерін ақындау жауапты
міндет.
Педагогикалық – психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқытудың
жаңа технологиясын қолдануда әр құрамдас бөлік бойында қызмет
түрлеріне тоқталайық.
Ынталық – қызығушылық компоненті оқушылардың қарастырып отырған
мәселеге көзқарасын, құндылық бағалау көзқарасын, ынта –ықыласын,
талап – тілкгі мен сұранысын көрсетеді.
Бағдарлық –нысанаоық компонент оқушылар жаңа технология туралы
ақпаратын оған бейімделу, үйренуге ыңғайлану дәрежесін қарастырады.
Мазмұндық компонент оқушылардың оқытудың жаңа технологиясы туралы
білімі, оның мән-мазмүны, ерекшеліктері, қолданудың әдіс-тәсілдері,
амалдары туралы бірлігімен сипатталады.
Процессуалдық компонентке оқушылардың өзі білетін жаңа
технологиялардың жүзеге асыру білігі мен дағдысы кіреді.
Қоғамдағы түбірлі өзгерістер, әсіресе, оқуағарту,
білім беру саласындағы ізгілендіру мен демократияндыру процестері
мектептерде білім мазмұнын жаңартуды, білім беруді
басқару жүйесін жетілдіруді, мұғалімддерге қойылатын талап
деңгейін өзгертуді қажет етіп отыр. XXI ғасыр шебінде
жаңа технологиялардың пайда болу ғылымның жас ұрпақты – болашақ
азаматтарды өміріне даярлау сапасына ықпалын бұрынғыдан
күшейтеді, өйткені XXI ғасыр табалдырығында білім өзінің
маңыздылығы жөнінен елдің стратегиялық ресурстарымен бәсекелесе
алатын капиталға айналады. Ғылыми техникалық прогрестің
жетістіктерін игерудің және жаңа технологияларды жасаудың жоғары
білікті мамандарды қажет ететіні айқын болып отыр. Болашақ және
қазіргі заман азаматтары қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін оның
әлеуметтік парызына жауап беруді көздейтін, жаңалыққа сергек, өз
ісіне гуманистік сезіммен қарайтын педагогикалық күрделі
құбылыстардың барысын идеялық адамгершілік тұрғыдан шеше алатын,
жаңадан ойлау дамуын ұйымдастыра алатын және ата-аналармен, ұжыммен
педагогикалық ынтымақтастық орнатуға бейімділігі бар, шығармашылық
еңбек ететін азамат даярлау міндеті басты назарда болуы керек.
Инновациалық теориясының негізін қалаушылар неміс ғалымдары В.
Земберг, В. Метчерлих, австралиялық И. Шушпетер.
Жаңалықтарды ашу процесінде ғылым мен практикалық білімнің және
зерттеу мен практикалық білімнің және зерттеу мен практикалық
тәжирибелер нәтижелерін практик қызметкерлердің меңгеруі арасындағы
байланыстың үзілуінің себебі – педагогикалық білім мен енгізу
қызметкерлерінің бір-біріне қатыссыз жекелей дамуында.
Жаңалық – педпгогикалық зерттеулерді бағалау негізгі
критерийлерінің бірі, шығармашылық үрдістің түпкі нәтижесі, кез-
келген жаңалықтың өзіндік құндылығы, дербес қасиеті.
Педагогикалық неология (гректің neos - жаңа, logos -сөз)
педагогика теориясы мен нәтижесіндегі жаңалықтар туралы ілім.
Кесте №3. Оқыту технологияларының классификациясы

Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру байланысты оқытудың міндеттері
Оқыту міндеттері
2. БІРТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАНДЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

1. Оқыту үрдсінде педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану

Жеке тұлғаға бағытталған оқыту арқылы мынадай нәрселерге қол жеткізудің
бірнеше мүмкіндіктері бар. Олар:
- өзінің алған білімін практикада қайда, қалай, қандай мақсатта
пайдалануға әр оқушының танып-білу үшін іс-әрекетке белсенді қатынасу
мүмкіндігі;
- әртүрлі проблемаларды шешуде, қарым-қатынаста адамдармен жұмыс істей
алу дағдысының қалыптасуы;
- өз класының, мектебінің басқа адамдармен кең қарым-қарынас жасау
мүмкіндігі;
- қажетті ақпаратты алу мүмкіндігіне байланысты өзінің ойын
қорытындылау, оны жан-жақты зерттеу мүмкіндігі;

Бұл міндеттерді шешуге тек білім берудің мазмұнын өзгеруімен ғана емес,
оқыту технологияларын өзгерту арқылы қол жеткізуге болады. Ал білім беру
ісінің үздіксіз екендігін ескерсек, өзгерістер тек мектепте ғана емес,
колледждерде, жоғарғы мектепте де жүруі тиіс. Бұл - жай сөз емес, қазіргі
өмірдің кажеттілігі. Сондықтан да білім беру ісінің тек күндізгі бөлімінде
емес, сырттай, тіпті қашықтықтан оқыту (дистанциялық) түрінің өзіне де
оқыту технологиялары енгізілуі керек. Қазір акпараттардың көзі ретінде
эклектрондық құралдар: радио, телевидение, компыотер, интернет пайдаланылып
жүр. Үлкен материалдық шығындардан қорқып, оларды енгізбей қалуға болмайды.
Бұл біздің жастарымыздың алдыңғы қатарлы елдер жастарымен тең болуына
көмектеседі. Осылайша енгізілген жаңа білім парадигмасы, оның алдына қойған
мақсаттарын шешу үшін енгізілген жаңа технология өзінен-өзі оқу процесін
өзгертпейді. Бұл процесте маңызды рөлді мұғалім атқарады.
Авторлардың ойы бойынша оқыту технологиясы арқылы оқу процесі
ұйымдастырылған кезде оқу материалы бойынша өзінің мүмкіндігі мен
қабілеттілігіне байланысты өз жобасын жасай алады. Сөйтіп әр оқушы өзінің
тұлғалық мүмкіндігін толық пайдалана алады.
Ғалымдар 60-80 жылдардағы және қазіргі кездегі білім беру
технологияларына, олардың мазмұнына анализ жасай отырып, мынандай корытынды
жасайды. Алғашқы кездегі технологиялар оқушы біліміндегі кемшіліктерді
түзетуге, оның білім дәрежесін анықтауға бағытталады. Ал қазіргі білім беру
технологиялары оқушының болашақтағы дамуына, оны болжауға бағытталады.
Технологияларды оқушының болашағын болжау мен дамуына қатар бағыттау,
қажетті ақпаратты оқу процесінде біртіндеп беруге негізделеді. Бұл процесс
ғылымда "мониторинг" деп аталады.
Осы педагогикалық мониторинг мұғалім мен оқушыны қажетті ақпаратпен
қамтамасыз етеді. Осылайша ұзақ үздіксіз бақылау оқу процесін тиімді
басқаруға көмектеседі. Алғашында пайдаланған технологиялардың ерекшеліктері
мен кемшіліктері - олар бір рет жасалынып, оның ұзақ уақыт бойы ұқсастығы
бірдей жағдайларда пайдаланыла берілуі.
Қазіргі технологиялар жетілдіруді, әртүрлі жағдайларда пайдалана беруді
талап етеді.
Бүгінгі күндері педагогикалык оқыту технологияларың дұрыс пайдалана
білу-үлкен қажеттілік. Дегенмен көптеген жағдайда оқыту әдісін оқыту
әдістемесін, оқыту технологиясын, педагогикалық оқыту технологияларың бір-
бірінен ажыратып, пайдалана білу қажет. Олардың арасындағы байланыс бірін-
бірі толықтырып отыратын ұғымдар екендігін түсіну ләзім.
Оқыту әдісі-оқыту процесі кезіндегі мұғалім мен оқушының оқу процесінің
мақсатын шешуге бағытталган бірімен-бірі байланысты іс-әрекетін
ұйымдастырудың тәсілі.
Оқыту әдістемесі - ғылыми негізделген белгілі бір пәнді оқытуда
пайдаланылатын ережелер мен тәсілдер жиынтығы.
Оқыту технологиясы - белгілі бір оқыту мақсатын жүйелі және біртіндеп
практикаға енгізуге бағытталған оқыту тәсілдері мен құралдары жиынтығының
жүйесі.
Педагогикалық оқыту технологиясы -алдына қойған мақсатқа жету үшін
педагогикалық процеске қатысушылар: мұғалім мен оқушы, субъект-субъект
қарым-қатынасында іс-әрекет ететін, нәтижесін, қабілеттерін жүзеге асыру
және оларды уақыт талабына сәйкестендіруге бағытталатын іс-әрекет.

Әдістеме мен оқыту технологиясының салыстырмалы кестесі

Біздің ойымызша әдіс, әдістеме, оқыту технологиясы, педагогикалық оқыту
технологиялары - бір-бірімен байланысты, бірін-бірі толықтыратын ұғымдар.
Қазіргі кездегі педагогикалық оқыту технологиясы мұғалім мен оқушылардың іс-
әрекеттерін, олардың бірлескен жұмысының алгоритмін көрсетеді. Сонымен
оқыту технологиясы - әдістемеге қарағанда кең ұғым. Әдістеме негізінен
мұғалімнің шеберлігіне байланысты, мұғалім іс-әрекетіне негізделеді. Оқыту
әдістемесі мұғалім тәжірибесі мен оның шеберлігін көрсетеді. Оқыту
технологиясы оқыту процесіне қатынасушылардың субъект-субъект қарым-
қатынасы негізінде оқыту, тәрбиелеу, дамыту, өз мүмкіндіктерін жүзеге
асыру, оны уақыт талабына сәйкенстендіруге бағытталады. Технология каңқасы,
ал әдістеме оның сыртқы қабығы ретінде қарастырылады.
Ғылыми әдебиеттерде жоғарыда аталған ұғымдардан басқа "балама
технология" деген ұғымда кездеседі. Балама (альтернативті) латын сөзінен
аударғанда бірнеше мүмкіндіктің болуы, таңдау мүмкіндігінің болуы деген
мағынаны білдіреді. Алайда дәстүрлі технологиямен қатар басқа
технологиялардың пайда болуымен салыстырмалы түрдегі ерекшелігін аңғаруға
болады.
Дәстүрлі оқытудың негізгі сипаттамалары:
- мұғалімге оқушының сөзсіз бағынуы.
- мұғалім идеясына қарсы көзқарастың болмау кажеттігі - оқушының
мұғалімге бағынышты болуы;
- қорқыныш сезімінің туындауы, т.б.
Бұл жүйеге балама - еркін оқыту мен тәрбиелеу ерте заманда да болды..
Еркін және табиғатына сәйкес тәрбиелеу еңбектерінде жалғастырылды. Бұл
еңбектерде тәрбиенің негізгі идеясы - іс-әрекет пен шешім қабылдау
мүмкіндігінің болуы.
Дәстүрлі жүйеде оқушыға орындаушылық қызмет қана беріледі, онда оқушы
белсенділігі мен өз бетінше шешім қабылдауға жол берілмейді. Сондықтан
оқушы өз күшіне сенімсіздікпен қарайды, қателесуге қорқады. Мұғалім өзіне
берілген уакытта оқу материалын жеткізуте тырысса да оқушы қызығушылығының
белсенділігі төмендейді. Мұндай оқыту әдісі айтқан ойды қайталаушыларды
дайындайды, ал қазіргі кезде қоғамға орындаушылар ғана емес, шығармашыл
тұлғалар, өз мүмкіндігін жетілдіре алатын, қажетінше дамытатын адамдар
қажет. Бұл тағы да оқытудың жаңа тиімді түріне кешу қажеттігін дәлелдейді.
Мұны қоғамға қажетті адамдар сапалары дәлелдейді. Олар:
- алған білімін пайдаланып, проблемаларды шеше алу;
- шығармашылықпен ойлап, өзіне-өзі сын көзбен қарай алу;
- ақпаратпен жұмыс істеп, қажеттісін пайдалана алу.
Информациялық қоғам ғасырындағы адам өмір жағдайына тез бейімделе алуы,
алған білімін пайдаланып, қоғамнан өз орнын таба алуы, проблемаларды шеше
алуы тиіс. Оларды өзіне-өзі сын көзбен қарап, кездескен қиындықты көре
білуге үйрету қажет. Оларды дұрыс шешімдер қабылдауға үйрету жаңа
педагогикалық технологияны пайдалану арқылы іске асады.
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңіндегі басты мәселелердің бірі-
мектептегі білім беру жүйесінде оқыту үрдісін технологияландыру. Осыған
орай оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне
енгізілуде.
Педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін
дамуына жан-жақты білім алуына, белсенді шығармашыл болуына жағдай жасалады
Жоғарыда келтірілген ғалымдардың еңбектері және басқа еңбектерді зерттей
отырып педагогикалық технологияларды атқаратын мақсат-міндеттеріне және
олардың іс-әрекетіні қарай жүйелеп бір схемаға келтірдік (схема 1)

Схема 1
Педагогикалық технологиялардын түрлері

Ынтымақтастық педагогикасы. Талап ету педагогикасынан қарым-қатынас
педагогикасына көшу. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа технологияны пайдалану – сапалы білім көзі
Инновациялық технологияларды пайдалануда оқушылардың шығармашылығын арттырудың педагогикалық негіздері
Педагогикалық ресурстарды тиімді қолдану мәселелері үшін қолданылатын ақпараттық технологиялар
Биология сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану
Биологияны оқытуда қолдануға тиімді интерактивті әдістер
Ақпараттық технологияларды қолдану
Қазақ тілін оқытудағы цифрлық технологиялар
Қазіргі замандағы педагогикалық оқыту технологиялары
Авторлық мектептің педагогикалық технологиялары
Ақпараттық технологиялардың пайдалану ерекшеліктері
Пәндер