КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ СЕЗІМДЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАКЛЫҚ СЕЗІМДЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
1.1 Педагогика тарихында оқушылардың эстетикалық сезімдерін дамыту
жайлы ой-пікірлер
1.2 Қазіргі бастауыш мектептегі оқу пәндерінің оқушылардың эстетикалық
сезімдерін дамытудағы ролі
2. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ
БЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Бастауыш сыныптарда лирикалық шығармаларды оқытуға қойылатын
талаптар
2.2 Табиғат лирикасына жазылған шығармаларды оқытудың әдіс-тәсілдері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Білім беру жүйесіне елеулі
өзгерістер енгізіліп жатқан қазіргі оқушының жеке басын дамытуға, оны
ізгілікке баулып, шығармашылық ойын жинақтай білуіне, оларды халықтың
көркем өнер мәдениетіне тарта отырып, эстетикалық тәрбие беруге баса назыр
аударылып отыр.
Тәрбиенің қай саласы болса да негізінен балаларға,
жасөспірімдерге арналады. Ал оларды әсемдікті сезініп, түсінуге, қадірлей
білуге баулу эстетикалық тәрбиені жүргізу арқылы іске асырылады. Жалпы
білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарындамынадай
нұсқау бар: Аса маңызды міндет – оқушыларға көркемдік білім беру мен
эстетикалық тәрбиені айтарлықтай жақсарту, әсемдік сезімін дамыту,
кінаратсыз көркемдік талғам, өнер шығармаларын, туған табиғаттың сұлулығы
мен байлығын дұрыс түсініп, бағалай білу қасиетін қалыптастыру қажет.Осы
мақсатта әрбір оқу пәнінің, әсіресе зор танымдық және тәрбиелік күші бар
әдебиеттің, музыканың, бейнелеу өнерінің эстетикалық мүмкіндіктері
пайдаланылсын.
Бастауыш мектепте болашақ азаматтың эстетикалық мәдениетінің
негіздері қаланады. Олай болса, халқымыздың өнерін, өнермен келген
сұлулығын, талғам – талабы, әсемдік мұраларын оқушылардың бойына алғашқы
күннен бастап сіңіру – бастауыш мектептің абыройлы міндеті.Жас ұрпаққа
эстетикалық тәрбие беруде мектептің атқаратын ролі зор.
Оқу мен тәрбие күрделі бір істің екі жағы. Осы қай жағын
ақсатып алсақ та баланы жан-жақты жетілдіру ісін дұрыс жолға қоя алмаймыз.
Ал тәрбиенің қай саласын алсақ та ол эстетикалық тәрбие беру ісімен іштей
қабысып жатады. Демек, адамгершілікке, инабаттылыққа, елін сүюге, ерлікке,
еңбек сүйгіштікке тәрбиелеудің арқауы эстетикалық тәрбие болып саналады.
Бүгінгі күнге дейін эстетикалық тәрбие беруді көптеген адамдар
зерттеп келгенімен, бастауыш сынып оқушыларына қазіргі уақыт талабына сай
дұрыс берілмей келеді. Сондықтан да мен осы тақырыпты өзімнің дипломдық
жұмысымның тақырыбы етіп алып отырмын.
Енді осы тақырыптағы еңбектерге тоқталайық. З.Әбілованың
Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру атты еңбегінде балалардың талғамын
қалыптастыруда мәдени мұраның ролі туралы, қазақ мектептеріндегі
эстетикалық тәрбиенің қазіргі кездегі жағдайы жайлы, эстетикалық тәрбиені
тек сабақ арқылы ғана толық іске асыруға болады деген мақсат көздеп қана
қоймай, сол мектеп үйі, оның іші – сыртының жабдықталуы, оқу - тәрбие
жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы, педагогтар коллективінің ынтымақты болуы,
балалар коллективінің тәртібі, сыпайылығы, көрегенділігі, оқу үлгерімі,
кішіпейілділігі арқылы да берілетіндігіне көңіл бөлген.
Сонымен бірге, сыныптан тыс жұмыстарда эстетикалық тәрбие берудің
кейбір формалары мен әдістеріне кеңінен тоқталып өткен.
М.Х.Балтабаевтың Қазақ халық музыкасы және студент жастар атты
еңбегінде қазақ халқының музыкалық творчествосының идеялық – тәрбиелік
маңызын талдау негізінде студенттерге эстетикалық тәрбие берудің неғұрлым
тиімді формалары, әдістері мен құралдары ашып көрсетіледі. Сондай-ақ
көркемөнерпаздар үйірмелерінің қоғамдық жетекшілерін даярлаудың
педагогикалық проблемалары жөнінде де материалдар берілген.
Б.Т.Омаргазинова Өнер тәрбиелейді,Алматы, 1988 жыл. Мұнда жеке
адамды жан-жақты дамытудағы өнердің ролі мен маңызы сөз болып, үйелмен
(семья), мектеп және еңбек ұжымдары жағдайында ұлттық өнердің пайдалануынан
мысал алынып, жастар мен тәрбие жұмысындағы өнердің түрлері мен әр түрлі
құралдарын пайдаланудағы тиімді әдіс- тәсілдері көрсетіледі.
С.А.Ұзақбаева Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық
дәстүрі деген еңбегіндегі балалар мен жастарға музыкалық – эстетикалық
тәрбие беру қарапайым әдістерімен, тәсіл-құралдармен сәби шақтан әр
отбасында жүзеге асырылып отырғаны жайында, балаларды ән-күйге, ауызекі
халық шығармашылығының қазыналарына тартып, музыкалық-эстетикалық талғам
мен нанымды қалыптастыру жайында, өнер негіздерін игеру - өскелең ұрпақты
тәрбиелеудің қажетті элементі, халықтың ән айтуға, музыкалық аспапта
ойнауға, шешендікке, суырып салма ақындыққа үйренуге ұмтылысы жөнінде
әңгіме еткен.
Ал, оның Өміршең өнер өрісі атты еңбегінде қазақ мектептеріндегі
музыкалық, эстетикалық тәрбие беру ісінің даму жолдары баяндалып, Қазақстан
мектептерінде оқушыларға музыка арқылы тәрбие беруді жаңарту.
Музыкалық – эстетикалық тәрбие беру жүйесінің қалыптасуы мен
қазіргі жағдайы жөнінде кеңінен сөз болады.
Жоғарыда аталған еңбектерді оқи отырып, менің осы жұмысты орындау
барысында алдыма қойған мақсатым – бастауыш сынып оқушыларына ана тілі
сабақтарында табиғат лирикасын оқыту арқылы эстетикалық тәрбие берудің
теориялық негіздерін талдай отырып, әдістемелік жолын көрсету.
Бұл мақсаттан туындайтын міндеттер:
- Теориялық еңбектерге сүйене отырып, бастауыш сыныптарда эстетикалық
тәрбие берудің мәні мен мазмұнын анықтау.
- Ана тілі оқулықтарында лирикалық шығармалардың берілуі мен оқытылу
жайын сипаттау.
- Ана тілі сабақтарында эстетикалық тәрбие берудің тиімді әдіс –
тәсілдерін озат мұғалімдердің іс-тәжірибесіне байланысты пайдалана
отырып анықтау.
Зерттеу объектісі: Бастауыш мектептегі оқыту процесі.
Зерттеу пәні: Ана тілі сабағында эстетикалық тәрбие беру.
Зерттеу жұмысында қолданылған әдістер: философиялық, психологиялық,
педагогикалық, әдістемелік әдебиеттермен танысу, талдау, озат іс-
тәжірибелерді оқып-үйрену, бақылау, әңгіме, сұрақ-жауап әдістері.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тармақтан, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ЭСТЕТИКАЛЫҚ СЕЗІМДЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
1. Педагогика тарихында оқушылардың эстетикалық сезімдерін дамыту жайлы
ой-пікірлер
Эстетикалық тәрбие адамның рухани бейнесін қалыптастырудың соншама
ауқымды саласын қамтиды. Кейде эстетикалық тәрбие деген ұғымды көркемдік
тәрбиелеу деген ұғыммен пара – пар алып жүрміз.
Көркемдікке тәрбиелеу дегеніміз - өнер құралдарымен тәрбиелеу деген
сөз.Ал эстетикалық тәрбие дегеніміз- Ильиннің айтуынша - өнердегі,
табиғаттағы және бүкіл қоршаған өмірдегі, әсемдік құралдары арқылы
тәрбиелеу деген сөз.Сондықтан көркемдікке тәрбиелеу эстетикалық тәрбиемен
пара – пар емес, оның өте маңызды, бірақ құрамдас бөлігі болып
табылады.(Ильина Т.А. Педагогика. Алматы, Мектеп, 1977-134 бет).
Осы орайда белгілі педагог Р.Қоянбаев Педагогика атты еңбегінде:
Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге
үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлаеуге баулиды, оған керісінше
ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады,- деп, өнер арқылы
эстетикалық тәрбие беру жолдарын қарастырған.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттерінің бірі – эстетикалық сезімді және
эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және
көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын
білуге тырысады, ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай
қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезіну үшін, оған түсіну үшін ең
алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласы үшін әрбір адамда білім болуы
қажет. Білім адамды әдеміліктің объективтік критерилерімен қаруландырады.
Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді.Айналадағы дүние
сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық
баланың эстетикалық дамуының негізгі болады.
Қазақ ағартушылары эстетикалық тәрбиеге арнайы тоқталмаса да, ерекше
мән бергенін олардың зерттеу жұмыстары мен шағармаларынан аңғаруға болады.
Ш.Уалихановтың эстетикалық көзқарасы қоғамның саяси және философиялық
көзқарастарымен тығыз байланысты болды. Өзінің зерттеу жұмыстарында ол
қазақ халқы мен Орта Азия халықтарының тұрмыс – тіршілігіне, ұлттық әдет-
ғұрпына, салт-дәстүріне баса көңіл бөледі. Сөйтіп, өз халқының ауызекі
әдебиеті, әсемдік танымы, көзқарасы арқылы эстетикалық талғамын ашуға
ұмтылады.
Шоқан халықтың ежелгі архитектуралық құрылыстарын эстетикалық тұрғыда
қабылдай білуге байланысты құнды пікірлер айтты. Қазақ моласы мен оның
төңірегінен қазақтың бар мәнер талғамы, архитектурадағы өнері, оның ою мен
бейнелеу салты байқалады - деп халықтың мәдени деңгейінің жоғары болғанын
көрсетеді. Өз халқы мен бірге Қырғызстан және Шығыс Түркістанның ежелгі
архитектуралық құрылыстарына (Алашахан, Ботағай, Айша бибі т.б.) тас
мүсіндеріне (Қозы-Көрпеш – Баян сұлу кешеніндегі,Түймекенттегі т.б.) ғылыми
тұрғыда талдау жасайды.Сөйтіп қазақ халқының эстетикалық мақсатты көздеген
өзіндік сәулетшілік шығармалары болғанын баяндайды.Осы көне заманның көз
болып келген мұраларды әсемдіктің үлгісі деп қабылдай білуге
үйретеді.(Уалиханов Ш. Таңдамалы (2 бас.), А.1985.348 бет)
Сол секілді, қазақтың біртуар ағартушысы Ы.Алтынсарин халықтың
көркем шығарма туындаларын өте жоғары бағалап, өнердегі және өмірдегі
барлық әдемі нәрселердің құндылығын түсінуге тек қана білім берудің
арқасында жетуімізге болады деп есептейді. Ы.Алтынсарин өзінің
педагогикалық еңбектерінде, тек білімдікке ғана емес, мәдениеттілікке
үндейді. Қазақ қыздарына арналған тұңғыш әйелдер қол өнері мектебінің
ұйымдастырылуы да Ы.Алтынсариннің еңбегі т.б. Оның педагогикалық еңбектері
эстетикалық көзқараспен тығыз байланысты. Ол: Мектеп қазақ халқының
арасында жаңаша мәдениетті өмір сүрудің жаңа әдет - ғұрып, тәртіп, тазалық,
қолөнер мен өнердің үлгісі болуы қажет, - деп атап көрсетті. ( Сыдықов Ә.
Ы. Алтынсариннің педагогикалық шығармалары мен ағартушылық қызметі.-
Алтынсарин: Мектеп, 1969 – 40 бет).
Ы. Алтынсарин өзінің барлық педагогикалық теориясын жас-
жеткіншектердің эстетикалық тәрбиесін қалыптастырып, жетілдіруде қазақ
халқының ғасырлар бойы тәрбие саласында жиған бай тәрбиесін негізгі алу
қажет деген пікірді ұстанды. Ол қазақтың қолөнерін де өте жоғары бағалаған
және сол өнерге жастайынан баулу мақсатымен бірнеше қолөнер мектептерін
ашты. Егер Яковлев атындағы қолөнер мектебінде ағаш ұсталығы және киім тігу
(машинамын тігу) жұмыстарын жақсы қолға қойылса. Красноуфимскідегі реально
училищесі мен ауыл шаруашылық мектебінде тері илеу, қыш- құмыра өнерлері
меңгерілді, ал Торғайдағы қазақ қыздары үшін алғашқы мектепте, қарапайым
халықтың тұрмысына керекті,... киім тігу, киім пішу, шәлі тоқу, түбіт
шарқау тоқу, жіп шалу және қазақтардың қолында көп болатын жүн, қыл секілді
материялдардан өрмек тоқу, киіз басу, бау және тақыр киімдер тоқу сияқты
әйелдер істейтін жұмыстар үйретілді (Алтынсарин Ы. Таза бұлақ.-Алматы,
1988. 287- бет, Джумагулов К., Алтынсарин Ы. Ташкент, 1975.141 бет.) Яғни,
Ыбырай халықтың қолөнеріндегі әдемілікті, өзі ғана түсініп, қызықаумен
шектелген жоқ.
Ыбырай сол кездің өзінде – ақ, сол өнерге балаларды да
ынталандыруға атсалысты. Онсыз да ұмыт болып бара жатқан әдеттерді тезірек
меңгеріп, құнды, пайдалы деген жағын эстетикалық талғаммен қабылдап, өмір
қажетіне шығара білуге шақыруды қазіргі заман талабымен ұштасып жатыр.
Осы айтылғандар Ыбырайдың әдет-ғұрып, салт-дәстүрді тәрбие
саласының өзекті мәселесі деп қарағандығының дәлелі.
Балалар мен жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беруде халық
мұрасының тәрбиелік күшін ұлы Абай да жоғары бағалады. Эстетикалық тәрбие
саласында арнайы еңбек қалдырмағанымен, өлеңдері мен қара сөздерінен Абай
да халық мұрасының тәрбиелік мәнін жақсы түсініп, оны жинауға атсалысты.
Ел ішінен қолөнер бұйымдарын жинастырып Семей музейіне тапсырады,
маңайындағы ақын – жыршаларға халық арасынан кең тараған жырларды қайта
жырлауды, оларды хатқа түсіруді жүктейді.(Қазақ фольклористикасының
тарихы.Алматы.1988ж. 69 бет).
Абай өзінің педагогикалық идеялары мен көркемдік тәрбиелеу ой
тұжырымдарын өрбіте келіп, 27-ші қара сөзінде былай деп атап айтады: Сократ
пен Аристотельдің пікірлері: әуелі көзді көрсін деп беріпті, егер көз жоқ
болса, дүниедегі нәрселердің көркінен қайтіп ләззат алар едік...(1,122).Осы
Абай қырық үшінші қара сөзінде ары қарай толықтырады. Ол хабарлардың
ұнамдысы ұнамды қалыппен, ұнамсызы-ұнамсыз қалыппен, әрнесін өз суретімен
көзге түседі...Жан қуатымен адам хасия қылған өнерлері де күнде тексерсең
күнде асады. Көп заманнан тексермесең, тауып алған өнерінің жоғалғандығын
және өзінің ол мезгілдерден бір басқа адам боп кеткендігіңді білмей
қаласың. (Абай. Екі томдық шығармалар жиынтығы.-
Алматы.Жазушы,1.2:Аудармалар мен қара сөздер.122-161 бет),-деп Абай мұнда
адамның көркемдік шығармашылығының негізінде эстетикалық сезімді жатқызады.
Абай өзінің шығармашылығында эстетикалық түсініктерге, әсемдік,
сұлулық, талғам және т.б. эстетикалық категорияларға арнайы талдау
жасамағанымен оның өлеңдерінде осы түсініктерді қамтитын мазмұнды шумақтар
аз емес.
Балаларға эстетикаға әсерленуі туған табиғатты бейнелейтін көркем
сипаттама мен көріністерді жақсы түсінуге негіз салады.Мектеп оқушыларына
эстетикалық тәрбие ьеруде мұғалімдердің алдына қойылатын күрделі міндетті,
ол-оқушылардың көрген-білген заттарнының, көркем нәрселерінің сырын дұрыс
аша отырып, сезімдерін оятумен бірге ойлау, қиялдау сияқты қасиетінің
дамуына да жол ашу. Яғни адамның дүниені эстетикалық мақсатымен де тығыз
байланысты.
Осы орайда аса көрнекті совет педагогы А.С.Макаренко: ...
балаларымыз- еліміздің келешегі, баланы дұрыс тәрбиелеу біздің қуанышымыз,
ал нашар тәрбиелеу-біздің көз жасымыз және ар алдындағы айыбымыз,- дген.
Сондықтан да тәрбие жұмысы бүкіл пелагогикалық ұжымның қызметі болып
саналады. А.С.Макаренко өзінің тәрбиеленушілерінен кербездік, сынқойлық,
тазалықты ғана емес, әдемілікті, жүріс-тұрыс, сөйлеу әсемдігін талап ете
білді.Сондықтан да олар өте ақ жарқын, сыпайы болып өсті.
Балалардың әдемілікке деген сезімін қай жерде болмасын мектепте,
үйде, демалыста, т.б. дамытып, жетілдіріп отыру керек. Мектепті, кластарды,
арнайы бөлмелерді эстетикалық тұрғыда безендіргенде міндетті түрде оларды
қатыстырған жөн.
Бұл тұрғыда А.С.Макаренко кімді де болмасын қызықтырмай қоймайды.
Оның мекемелерінде болған адамдар гүлдердің көптігін, жалтыраған паркетті
айналарды, асханадағы аппақ жапқыштарды, бөлменің мінсіз тазалығын таңдана
әңгімелейді.
Педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп оқушыларын тәрбиелеу
және дамыту проблемаларымен шұғылданған В.А.Сухомленский табиғаттың мектеп
оқушыларын қалыптастыруда алатын ролін өз практикасында ерекше қолданған.
Ол Балаға жүрек жылуы атты кітабының Табиғат кітабының үш жүз беті деп
аталатын бөлімінде балалардың эстетикалық сезімін тәрбиелеуде табиғаттың
мүмкіншіліктерінде өз тәжірибесінде ерекше орын берді. В.А.Сухомленский
сабақты балалармен көбінесе табиғат аясында өткізетін. Табиғатты әсемдікке
тәрбиелеудің құралы ретінде пайдаланып, қоршаған дүниенің қасиеті мен
сұлулығын таныта білді. Ол туралы Бала сұлулықты сезініп, оған қуанатын
болсын, оған бейнеленген образдар оның жүрегімен зердесінде мәңгі сақталып
қалатын болсын. Әсемдік-адамгершіліктің, ізгі сезімдердің, шын жүректі
қарым-қатынастың жаны мен тәні,-деп жазды.
Педагогика ғылымының практикасы мен теориясына баға жетпес үлес
қосқан ғалым – ағартушы тәлімгер – ұстаз, балалардың эстетикалық өмірлеріне
белсенді араласқан педагог Н.К.Крупская: Көркемдікке тәрбиелеу ісінде
көптеген аса күрделі проблемалар туады. Бала өнер арқылы өзінің көңіл
сезімін тереңірек түсіне білуі қажет. Көркемдікке тәрбиелегенде баланың
өлең, ырғақ, музыка, би арқылы өз пікірін жеткізуіне, оның табиғи түрде
ілгері дамуына кедергі жасамау керек-деп, эстетикалық тәрбиенің міндетін
анықтайды. Ол 1931 жылы декабрьде Правдада жариялаған мақаласын Мектепте
бейнелеу өнеріне көңіл бөлінсін деп атады.
Мұнда Өнер орасан зор ұйымдастырушылық роль атқарады,- деп атап
көрсетеді.
Баланың эстетикалық талғамын қалыптастыруда көркем өнердің ролі
орасан зор. Көркем өнер дүниені образдық түрде бейнелеудің және өзгертудің
формасы ретінде өте күрделі, жан-жақты құбылыс. Онда мектеп оқушыларына
тікелей әсер ететін, бір-бірімен байланысты тәрбиенің идеологиялық,
адамгершілік, эстетикалық жақтары бірлікте келеді.
Әрбір адам өнердің игілікті күшін бала кезден бастап сезінді. Ол
рухани жағынан жетілуімізге ықпал етеді, жеке басты және қоғамдық өмірде
кездесетін мәселелердің шешімін табуға, тіпті кейде өмірден өз орныңды
табуға көмектеседі.
Педагогикада эстетикалық тәрбиені өнер әдістері арқылы жүзеге
асыратын болғандықтан, Көркем тәрбие деп аталады. Ол тікелей өнер
шағармаларына көңіл аудара отырып, баланың әдемілікті түсініп қабылдауын
талап етеді.
Эстетикалық тәрбие баланың жас кездеріне байланысты әр түрлі
дамиды. Оның өзі баланың белгілі нәрсеге әсерленуімен байланысты. Кіші
мектеп жасында баланың алғаш мектепке баруы, одан алған әсері, оның
көркемдік әрекеттерін дұрыс түсініп ұғынуына түрткі болады. Алайда Бұл
жаста баланың ықыластылығы тұрақсыз болады, ұзақ мерзім өнер шығармаларымен
танысу тіпті өнермен айналысу оны тез жалықтырады. Көркем творчествоның
нәтижесінен гөрі сурет салу, желімдеу, музыка процесі қызықтырады. Ал
эстетикалық құбылыстарды бағалауы белгілі бір жағдайларда ғана байқалады.
Еңбек процесі үстінде адамның өзі шыңдалып – шықты, оның әсемдік
сезімі, сұлулық заңдарымен туындылар жасау қабілеті қалыптасты. Ақыл-ой,
білім, тәжірибе, қажыр-қайрат барлығы еңбек сұлу бола алады.Оқушылар тұтас
тұлғаға, жан-жақты жарасым тапқан жанға айналады. Еңбек процесі үстіндегі
эстетикалық сезімнің ең басты ерекшелігі сол, онда жасөспірімдер еңбекті
дайын нәтиже ретінде тамашаламай сұлулықты ендіру процесіне белсене
араласады. Сол сұлулықтың негізін қалап жасайды. Сондықтан оның эстетикалық
сезімдері-қуанышы, мақтанышы, кеуде кернеп, шектен тыс тасып төгіліп
жатады. Өмір тек еңбек қызық болғанымен, арасында демалуға бос уақыты болуы
қажет. Ол үйде, мектепте, достарыңның арасында, үлкен ұжымда немесе сан
алуан қарым-қатынас ортасында. Бұл тұрмыс эстетикасы.
Эстетикалық тәрбиеде шәкірттердің күнделікті тұрмысына әдемілікті
ендіруде ерекше көңіл бөлу керек. Себебі әдемілік гармониялық
(үйлесімділікті), симметриялықты, сәйкестілікті, жүйелілікті талап етеді.
Тазалық пен жинақылық жас жеткіншектердің эстетикалық тәрбиесіне өте
керекті жағдай. Таза үй, таза бөлме, самал ауа , мектеп құралдарының
жинақтылығы, шәкірттермен мұғалімдердің ұқыпты киінуі эстетикалық сезімге
әсер етеді. Тұрған жерін, жұмыс, демалыс орнын әдемі ұстау творчестволық
шабыт тудырады, мәдени мінез – құлықты тәрбиелейді. Мектеп оқушыларының
өзге адамдармен және өзі өмір сүріп отырған қоғам жөніндегі қарекет -
қылығын мінез - құлық деп атаймыз. Әрине, мінез -құлықты дербес ғылым
этика зерттейді, сонымен қатар оны эстетика да қарастырады.
Егер этиканың негізгі ұғымы - жақсылық болса, ал эстетиканыкі-
сұлулық. Ізгілік,жақсылық жасау – қоғамға пайда келтіру деген сөз. Егер
еңбектен пайда мен сұлулықтың тұтастығын іздесек, онда өсіп келе жатқан жас
ұрпақ әрекетінен, оның бет-бейнесінен жақсылық пен сұлулықтың, яғни
этикалық және эстетикалық қасиеттердің сай келуін қалыптастыруға тырысамыз.
Олардың мінез-құлқы неғұрлым қалтқысыз қалыптасса,ол эстетикалық ләззат
әкеледі. М.Горький: Эстетика – бұл болашақтың этикасы-деп бекер
айтпаған.Жасөспірімдер үлкендермен, дос-жолдастарымен қарым-қатынаста
сыпайы, әдепті, байыпты болулары абзал. Осы қасиеттердің бәрі мектеп
оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің негізгі көзі болып табылады.
Көп жағдайда оқушылар тәртібінің дұрыстығына сыртқы, кейде үстірт
белгілер арқылы баға беріледі. Тәртіп шеңберіндегі олардың мұраттары
мұғалімнің, жақын адамдардың тәртібі мен іс-әрекеті, қоғамдық өмір мен өнер
ықпалымен қалыптасады. Бұл тұрғыда әдебиеттің, олардың оқушылар есінде ұзақ
сақталатын кейіпкерлерінің бейнелері үлкен орын алады.
Оқушылардың эстетикалық санасының және шындыққа қатынасының
ерекшеліктерін білу оқушылар өмірін эстетикалық көзқарас тұрғысында дұрыс
ұйымдастырвға көмектеседі.
Эстетикалық тәрбие бағыттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең
жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі
әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді, өнер шығармаларын тануға,
қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты
қалыптастырады.
Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі –
эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі,
өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулер
әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер оған
онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті
сезу үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір адамда
білім болуы қажет.Білім адамды әдеміліктің объективтік критерилерімен
қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы
дүниедегі сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық,
қамқоршылық баланың эстетикалық дамуының негізі болады.
Эстетикалық ұғымды пайымдауды, баға беруді қалыптастыру –
эстетикалық сезімді қалыптастыру - эстетикалық тәрбиенің тағы да бір
міндеті. Әдемілікті сүю, оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін
білім.
Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ, үндестік, музыка
мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеру қажет. Осыған
байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, байымдай және бағалай
біледі.
Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның
маңызы өте зор. Эстетикалық таным – бұл өмірдегі, еңбектегі және
табиғаттағы сыртқы әсемділік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер
шығармаларына жоғары талап қою. Мысалы, мұзда конькимен мәнерлеп сырғанақ
тебу жарысы өткізіледі. Сонда орындаушыларға екі түрлі баға, яғни бірінші
баға – көркемділігін келістіре орындағаны үшін, екінші баға – мәнерлеп
сырғанаудың техникасын жоғары дәрежеде игергені үшін қойылады. Әрине,
орындаушыларға әділетті баға қою үшін мамандардың, әсіресе төрешілер
алқасының эстетикалық танымы, білімі жоғары дәрежеде болуы керек.
Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үйлерін қабылдаумен, не
тегіне творчествомен байланысты іс-әрекеті мүмкіндік береді.
Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті
мәселелердіәң бірі – баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу.Ол
әдемілікті сезіп және анық заттарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша
өзін қоршаған айналаға өзгеріс жасауы қажет.
Өмірге енген эстетика ( еңбек, табиғат эстетикасы ) адамдар
қатынасы, адамды сүйсіндіреді. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке өз
үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғау қажет.
Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелеп отырып, оларды
өздігінен ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тыңдаушы болуға
үйрету керек. Балалар, әдебиетті оқуға, кино – фильмді, теледидарды,
спектакльды көруге, музыканы тыңдауға өте ынталы болады.
Әр түрлі әдеби, музыкалық шығармалардағы іс-әрекеттің, оқиға
жемісін дұрыс түсіну үшін балаларды көп ізденуге үйрету, бағыт беру
ұстаздардың басты міндеті.
Баланың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі тұтас
педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі демалыс
эстетикалық бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік
элементтерін енгізі алады.
Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті - өнер және әдебиет
салаларында балалардың қабілетін, ынтасын бейімділігін дамыту.Осыған орай
мектепте жүрген оқушылардың ықтимас мүмкіндіктерін және қабілетін барынша
ашу керек.
Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары - әдебиет пен өнер. Олар
зор идеялық тәрбиелік роль атқарады. Әдебиет пен өнер саласына балгілі
көзқарастарды әр түрле құралдар арқылы енгізеді.
Белгілі орыс суретшілері П.А.Федотовтың, В.Г.Перовтың,
И.Е.Рениннің және қазақ суретшілері Ә.Қастеевтің, М.Кенбаевтың,
Қ.Шаяхметовтың т.б. творчествосымен байланысты бейнелеу өнері адамдардың
тәрбиесіне күшті ықпал етеді.
Сонымен, өнер мен әдебиет шындықты игерудің және танудың құралы.
Өнер мен әдебиет адам дамуының және рухани өсуінің басты шарттарының бірі
болып табылады.
Әдемілікті сезуде, эстетикалық көзқарасты және танымды
қалыптастыруда табиғат зор роль атқарады. Табиғат адамды қуанышқа бөлейді,
сезімін дамытады, эстетикалық түсінігін дамытады, эстетикалық түсінігін
байытады. Адам табиғатты бақылаушы ғана емес, ол тұтынушы, сұлулықты
жолаушы творчестволық қызметкер. Сондықтан өзінің күшін, қабілетін адамдар
бақыты үшін табиғатқа өзгеріс жасауға жұмсауы керек. Мысалы, қала мен
селоны, тұрғын жерлерді көгалдандыру, бақ және гүлдер өсіру, мәдениет және
демалыс орындарын әшекейлеу – бұл зор эстетикалық қамқорлық.
2. Қазіргі бастауыш мектептегі оқу пәндерінің оқушылардың эстетикалық
сезімдерін дамытудағы ролі
Эстетикалық білімді берудің негізі – оқу пәндері. Бастауыш сынып
оқушылары әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесінде табиғаттың, еңбектің
сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Олар
әдемі жазуға, мәнерлеп оқуға және айтуға үйренеді. Ал бұл мәдениетті
сөйлеуге, көркемдік танымын қалыптастыруға, қиялын дамытуға игі әсер етеді.
Ана тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамыта отырып, мұғалім
суретке қарап әңгіме құрауды, әсер алған оқиғаларды айтып беруді, қиялына
жаңа белгілерді жасауға үйретеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда болып,
олардың рухани күші дамиды.
Музыка сабақтары өте әсерлі сезімдерді оятып, музыка мұраттарын
қалыптастырып, бала тәртібіне ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән салу балалар
үшін өнегелік - әсемдік мәні бар, себебі көтеріңкі көңіл, ержүректік
сезімдерден ортақ әсер алу оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді және
топтастырады. Сондықтан саналы тәртіп пен мінез-құлықтық тәрбиені күшейту
үшін музыка пәні бағдарламасында халық әндерін игеруге мән берілген.
Музыка пәнінің бағдарламасы ән салу және жазылып алынған музыкалық
шығармаларды тыңдау негізінде оқушылардың есту қабелетін дамытуды көздейді.
Бастауыш мектеп мұғалімі музыка сабағын өзі жүргізетіндей даярлығы болуы
керек немесе музыка сабақтарында тікелей қатынасып, ол пәнді жүргізушімен
тығыз байланыста отырып, басқа сабақтарда, сыныптан тыс жұмыстарда
музыканың адам өміріндегі алатын орны туралы әңгімелер өткізуі тиіс.
Бейнелеу өнері сабақтарының балалардың эстетикалық сезімін
дамытуда ықпалы мол. Кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер, сәулет өнерлері
құралдарымен өмір, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі. Бейнелеу өнері
шығармалары әсемдік үшін күреске шақырады, адамдар мұраттарына, күнделікті
өмірдегі тәртібіне үлкен ықпал жасайды.
Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзік сезіну, алған әсерін бейнелеу
өнері құралдарымен шамасына сай беру, сызықтық сурет салу сауатын меңгеру,
жеке балаларда кескін, мүсін, сызықтық суреттерде әсемдікті жасау қабілеті,
олардың өзіндік іс-әрекеті бейнелеу өнерін тану барысында қалыптаса
бастайды.
Мұғалім басқа сабақтарда өз тапсырмаларын бейнелеу өнері
сабағындағы тапсырмамен үйлестіреді.
Сонымен бастауыш мектептегі оқу пәндерінің оқушылардың эстетикалық
сезімдерін дамытудағы ролі орасан зор десек, ол асыра бағалау болмас еді.
Көп түрлі эстетикалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру оқушыларды
эстетикалық дүние - танымның негізгі көзі болады.
Басты мәселе, күнделікті өмірлегі әсемдіктің адам мен табиғаттың
бірлескен әрекетінің күнімен пайда болғанын ұғындыру. Осының негізінде ғана
оқушы өз еңбегінің пайдалы екенін және оның сұлулығын жасайтын адам екенін
түсінеді.
Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдарына мектепте табиғаттың,
қоршаған ортаның, еңбектің, көркемөнердің, жеке пәндердің ролі ерекше.
Сұлулық туралы алғашқы түсініктерді балалар табиғаттан алады.
Табиғат әсемдіктің қайнар көзі. Табиғаттың таңғажайып сырында, оның
сұлулығында эстетикалық сезімге әсер етерлік, оны тәрбиелей аларлық
құдіреті күш болады. Ол эстетикалық сезімнің, байқампаздық, қиялдың дамуына
үлкен әсерін тигізеді. Көрнекті совет педагогы В.А. Сухомлинский : Мен
балдырғандарды өздерін қоршаған дүниеге олар әр күн сайын әлденедей бір
жаңалық ашатындай етіп, біздің әрбір қадамымыз ғажайып табиғат
сұлулықтарына – ойлау мен сөздің қайнар көзіне саяхат болатындай етіп
енгіземін ... Мен кітапты ашудан, алғашқы сөзді буынға бөліп оқудан бұрын
балалар дүниедегі ең ғажайып кітаптың – табиғат кітабының беттерін оқитын
болуына күш салдым, - деп табиғат эстетикалық тәрбие берудің беташары,
әсемділіктің тапсырмас бұлағы екенін ұстау өз еңбегі арқылы дәлелдейді.
Табиған үйлесімділіктің, әсемдіктің , мәңгілік жаңарудың , қатаң
заңдылықтың, әр түрлі сызық, бояу, дыбыстардың көмегі арқылы балаларды
азаматтық сезімге тәрбиелейді. Балалар ақырындап Табиғат – ел байлығы,
оны болашақ үшін қорғау керектігін түсінеді. Оқушылардың эстетикалық
сезімін дамыта түсу үшін мұғалімдер табиғат көріністерінің сұлулығы мен
әсемділігі жырланған шығармаларды көбірек пайдаланғаны дұрыс.
Мысалы, ұлы Абай әр жыл маусымына арнап жазған өлеңдерінде табиғаттың
құбылыстарын, әсем көрінісін, адамдар арасындағы қатынастармен, күнделікті
өмір тіршілігімен байланыстыра отырып шебер суреттеген.
Жаздыгүні шілде болғанда,
Көк орай шалғын , бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда ...
деп, жаздың келгенін хабарласа,
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан,-
деп күз көрінісін , ал:
Ақ киімді денелі, ақ сақалды
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды,-
деп, қыстың келіп қалғанын хабарлайды.
Абайдың бұл өлеңдерінен басқа табиғат жыршыларына ұқсамайтын,
өзгеше стильдік, өзіндік үнді, тек Абайға тән сарынды байқауға болады.
Егер оқушылар табиғатты қорғауға, жаңартуға ат салысатын болса,
табиғаттың эстетикалық ықпалы да арта түседі. Бұл жерде эстетикалық тәрбие
экологиялық тәрбиемен де тығыз тұтаса түседі, өйткені экологиялық тәрбиенің
де басты бағыты жас жеткіншектерге табиғатпен қатынаста жоғары
мәдениеттілікті , қоршаған ортаға деген азаматтық жауапкершілікті
қалыптастыру. Міне, сондықтан оқушылардың табиғатты қорғау әрекеттеріне
(бақылауды күнделікті жүргізуде, табиғат бұрышында, мектептің оқу – тәрбие
участогінде, табиғатта, үйде, жануарларды қорғауда, мектеп ауласын
көгалдандыруда, орман, құстар, егін күнін тағы басқа ұйымдастыруда)
эстетикалық бағыт беріп отыру керек.
Оқушыларды көркем мәдениетке баулудың басты әдісінің бірі –
бейнелеу өнеріне тәрбиелеу.
Бейнелеу өнері оқушылардың көркемдік тұрғыда ойлануын,
творчестволық елесін, көрген нәрселерін есте сақтау, кеңестік ұғымын
бейнелеу қабілеттілігін жетілдіруді көздейді. Бұлар балаларға бейнелеу
сауатының негізін үйретуді, оларға суреттің, кескіндеудің, желімдеу,
қолданбалы өнердің әсерлі әдістерін пайдалануды қалыптастыруды талап етеді.
Баланың сезімдік – эстетикалық тәрбиесінде театрдың әсері
ерекше.Оқушылар театр өнерін дұрыс қабылдау үшін аларды алдын ала дайындау
керек. Театр өнері - әдебиет, сөз өнері, музыка, пластика, бейнелеу
өнерлерінің амал-тәсілдерін бойына жинаған синтездік өнер.
Еңбек процесі үстінде адамның өзі шыңдалып, оның әсемдік сезімі,
сұлулық заңдарымен туындылар жасау қабілеті қалыптасады. Ақыл-ой, білім,
тәжірибе, қажыр-қайрат барлық еңбек үстіндегі жан рақатымен ұштасқанда ғана
еңбек сұлу бола алады. Оқушылар тұтас тұлғаға, жан-жақты жарасым тапқан
жанға айналады. Еңбек процесі үстіндегі эстетикалық сезімнің ең бастысы
ерекшелігі сол, онда жасөспірімдер еңбекті дайын нәтиже ретінде
тамашаламай, сұлулықты өндіру процесіне белсене араласады. Сол сұлулықтың
негізін қалап жасайды. Сондықтан оның эстетикалық сезімдері – қуанышы,
мақтанышы, кеуде кернеп, шектен тыс тасып төгіліп жатады.
Өнер эстетикалық тәрбие берудің негізгі құрамы. Алайда эстетикалық
сезім, әсерлер, толғаныс-толқыны күнделікті өмірде туындап жататыны да
белгілі. Мысалы: айналадағы табиғат эстетикалық әсер тууына түрткі болып
жатады.
Сөйтіп, табиғаттағы әсемдікті дұрыс түсіну арқылы, балалардың
бойында табиғатты аялау, бағалау, оны сүйе білу сезімін қалыптастырып,
табиғат байлықтарын қорғай білуге бағыттаймыз.
Халық өнері, әсіресе, сәндік қолданбалы өнер өзінің өміршеңдігін,
өнер арқылы ұрпақты жақсы мінез-құлықтарға: адамгершілікке, батылдыққа,
отан алдындағы, ата-ана алдындағы парыздылыққа, адалдыққа және т.б.
тәрбиелеудегі мол мүмкіндігін көрсетті.
2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫН ОҚЫТУ
АРҚЫЛЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ

Әдебиет – эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдарының бірі.
Әдемілікті сезінуде, эстетикалық көзқарастарды қалыптастыруда табиғат зор
рөл атқарады. Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, сезімін дамытады,
эстетикалық түсінігін байытады. Сұлулық туралы алғашқы түсініктерді балалар
табиғаттан алады. Табиғат - әсемдіктің қайнар көзі. Табиғаттың таңғажайып
сырында, оның сұлулығында эстетикалық сезімге әсер етерлік, оны тәрбиелей
аларлық құдіретті күш болады. Ол эстетикалық сезімнің, байқампаздықтың,
қиялдың дамуына үлкен әсерін тигізеді.
Табиғат үйлесімдіктің, әсемдіктің, мәңгілік жаңарудың, қатаң
заңдылықтың, әртүрлі сызық, бояу, дыбыстардың көмегі арқылы балаларды

талғамын жетілдіре, бекіте түсу үшін ана тілі сабақтарында табиғат
көрінісінің сұлулығы мен әсемдігі жырланған шығармаларды пайдаланудың мәні
ерекше.
Ахмет Байтұрсынов Әдебиет танытқыш атты (1926) кітабында ауыз
әдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеуметтік, қоғамдық маңызымен қатар оның
адамгершілікке, әсемдікке, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеудегі сырын,
құдіретті күшін айырықша атап көрсеткен.
Лирикалық шығармаларды бала оқи отырып, айналадағы өмірмен,
табиғатпен, адамдардың еңбегімен, құрбы-құрдастарымен танысады, олардың
қуанышы мен сәтсіздіктеріне ортақтасады. Лирикалық шығармалар баланың
санасына ғана емес, сонымен бірге сезімі мен ішкі жан дүниесіне әсер етеді,
өлең сөз оқушыны қанағаттандырады. Оқушыларға қазіргі кезде адамның
қасиеттері туралы білімдерді айтып беру олардың эстетика ұғымдары мен
тәжірибесін қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Соған сәйкес ұлт тағдыры, ұлт тілі жеке адам тағдыры жөнінде
жаңаша түсініп, гуманистік сана-сезім қалыптасып келеді. Ана тілі пәні
оқушыны өз халқының әдеби мұраларымне таныстырып, жалпы адамзаттық рухани
байлықтарды игеруге жол салады. Сөйтіп адам мен қоғам жайындағы оқушы
түсінігі мен тәжірибесін қалыптастырады. Жас бүлдіршіндердің рухани
мәдениетін көтереді. Ұлтының тіліне деген сезімін тереңдетеді. Қоғам
алдындағы оқушылардың жауапкершілік сезімін ұштайды.
Қазақ лирикасы әдебиеттану ғылымының негізгі саласы ретінде 20-30
жылдардан бастап зерттеле бастады. Ал қазақ төңкерісіне дейін қазақ
ақындарының ішінде поэзияның мақсатын, лириканың міндетін орыс
классиктерінше, халықтық тұрғыдан ұғындырған Абай атамыз болды.
Абайдың:
Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ел данасы.
Тілгі жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келер айналасы-
деп басталатын өлеңінде лирикалық көркемдік құнын, әлеуметтік күшін
әдебиеттану ғылымына жолдама, өркениетті рухта түсіндіріледі. Әрине,
әркімнің-ақ жанында ақындық сезім болады. Бірақ сөз патшасын ерлердің ері,
данасы ғана қиыстыра алады.
Лириканың түрлерін оқыту әдістемесін жасау ісі 20-30 жылдардан
басталады. Бұл ретте Ахмет Байтұрсыновтың еңбегін атауымыз керек. Ол
әдебиет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz