Түбір сөз



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 СӨЗ ҚҰРАМЫ-МОРФОЛОГИЯНЫҢ БАСТЫ ОБЪЕКТІСІ
1.1 Сөз құрамының қарастыратын мәселелері
1.2 Сөз құрамы туралы зерттеулер

2. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СӨЗ ҚҰРАМЫН МЕҢГЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
1. Сөз құрамын бастауыш сыныпта оқытудың жалпы сипаттамасы
2. Түбір және туынды сөздерді оқыту
3. Қосымшаларды оқыту

ҚОРЫТЫНДЫ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

КІРІСПЕ

Тіл – тілдің қай –қайсысының болса да өзара бір-бірімен
байланысты екі жағы болады. Оның бірі-тілдің сөздік жағы, екіншісі-тілдің
грамматикалық жағы. Тілдің осы екі жағының бірлігінен барып біртұтас тіл
құралады да, айтылатын ой түсінікті болып, тіл ғылымының бұл екі саласы да:
лексикология да, грамматика да- өздерінің тексеру негізі етіп сөзді алады,
демек, тексеруді сөзден бастайды.
А.Ысқақов сөзге мынадай анықтама береді: Сөз дегеніміз қыры-сыры мол
күрделі тілдік категория.
Әдетте, тілі жаңа ғана шығып келе жатқан сәби де тіл үйренуді жеке –жеке
сөзден бастайды: екі адам арасындағы қатынас та сөзден басталады. Бұл
айтылған№дардан да, қазақтың Сөз сөзден туады, сөйлемесе, неден туады
дейтін мәтелінен көреміз. Тілдің таяншы сөз екенін осыдан білеміз.
Сөздің өзі идеяға айналған саналы зат. Сөз – адам баласының барлық қоғамдық
тіршілігінің сәулесі, көрінісі, дерегі. (Г. Лафарг) Сөзді қолға ұстап,
көзбен көруге келмегенімен, сезім мүшеміз құлақ арқылы естіп, ақыл-ой
арқылы түйіп, керегімізге таратамыз. Сөз тек мағына жағынан емес, құраы
жағынан да аса күрделі категория. Сөз
Қолданғанда әр алуан тұлғалық өзгеріске ұшырап, түрленіп отырады. Ондай
өзгеріс, әрине, ең алдымен сөздің морфологиялық құрамында болып отырады.
Осы ғалымның айтуынша :Сөздің сыртқы дыбыстық шашылымына соқпвйынша, онымен
байланыстырмайынша жалпы сөз тұлғасын талдау мүмкін емес. Өйткені сөзді
бөлшекке бөлі, саралағанда, біріншіден, бөлшектің мағынасын, екіншіден,
бөлшекиің сыртқы формасын анықтау мақсаттары көзделеді.

1. СӨЗ ҚҰРАМЫ – МОРФОЛОГИЯНЫҢ БАСТЫ ОБЪЕКТІСІ

1. Сөз құрамының қарастыратын мәселелері

Грамматика сөзді тексергенде фонетикаға да, лексикаға да сүйенеді,
олармен тығыз байланыста отырып, сөздің сырын ашады. Сөзден сөз тудырып,
оларды бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөйлем ішінде әрқайсысын орын-
орнына қою үшін көптеген морфологиялық заңдылықтарды білу қажет. Атап
айтқанда, олар мыналар:

1. Сөз құрамы.
2. Сөздің жасалу жолдары.
3. Жалғаулардың жалғану тәртібі.
4. Сөз таптары олардың қызметі.
5. Әрбір сөз табына жататын сөздердің түрленуі және өзгеруі.
Зерттеу жұмысының актуальдылығы-
бастауыш сынып оқушыларының ең қиын тақырып екендігіне, оның себептерін
ашып, қиындықты жеңу жолдарын практикада, іс жүзінде көрету.
Зерттеудің теориялық мәні- аталған проблеманың төңірегіндегі ғалымдар
көзқарасына талдау беру.
Зерттеудің практикалық мәні- сабақ үлгілері арқылы тақырыпты меңгерту
жолдарын қарастыру.
Қорыта айтқанда, тіліміздің болашағы сәби тілінен басталады. Сол
тілдегі сөздің мағынасын сезіп, асыл ойын көңіліне тоқып өссе, педагог
үшін одан жоғары мақсат та, мұрат та жоқ.. Морфологияның негізгі
міндетінің бірі-сөздің грамматикалық құрылысы дегенде, әрине, біз ең
алдымен сөздің морфологиялық тұлға –тұрпатын сөз етеміз. Сөйлеу
дағдысында әр сөз белгілі заң бойынша сөздермен қарым-қатынасқа түседі,
қилы өзгеріске ұшырап, әр түрлі қызмет атқарады.
Морфология сөздерді, олардың қарым-қатынастарын сол тілдің өз
жүйесінде бар, сол жүйенің қалыпты бір көрінісі, бөлшегі ретінде талдап,
оларды бір-бірімен ұштастырып қарайды. Өйткені сөзден сөз талдау, сөзді
түрлендіріп өзгерту, сөз бен сөзді жалғастыру амал-тәсілдерін алсақ,
олардың қай-қайсысы болсын, әбден қалыптасып, орныққан, әрі үнемі
қолданылатын дағдысы, жүйелі құбылыстар.
Осы себептен сөздер морфологиялық құрылысы жағынан әр қилы болады.
Сол әр қилылық сөздердің құрамының әр түрлі болуына байланысты да, сөздің
құрамының түрлі-түрлі болуы оның бөлшектеріне байланысты. Мысал алып
сөздің құрамы деген ұғымды анықтайық. Ғашықтың тілі – тілсіз тіл
(Абай), -деген сөйлемдегі тілі, тіл, тілсіз сөздері сөйлеу қажетіне қарай
өзгертіліп қолданылған. Өзгеріс сөздердің сыртқы көрінісінен айқын
көрініп тұр. Бұлардың ортақ формасы тіл деген түркі бөлшек сыртқы
формасының үш түрлі болу ерекшеліктеріне қарай, мағыналық өзгешеліктері
де бары даусыз. Мұндағы тіл деген түркі бөлшек сөздің негізгі лексикалық
мағынасы не, ол бөлшек адамның мүшесі әрі қоғамдық қатынас құралының аты.
Ал тілі дегенде – і бөлшегі құралды үшінші адамға (ғашыққа) желіп тұрса
сіз бөлшегі (тілсіз) сөзі жоқ тіл деген мағынаны білдіріп тұр.
Сөздің лексикалық, грамматикалық мағыналарын білдіретін осындай
бөлшектер морфемалар деп аталады.
Морфема- гректің mopphe (форма) деген сөзінен алынған термин. Олар түрлі
болады.
1. білдіретін мағынасының сипатына қарай.
2. Сөз ішіндегі орнына қаай.
3. Сөз ішіндегі атқаратын қызметіне қарай.
Сөздің морфологиялық құрамындағы морфемалардың мағыналары мен
қызметтері бірдей емес. Ең алдымен, ол морфемаларды түбір морфема және
қосымша морфема деп негізгі екі салаға бөледі.
Мысалы, бастық, тілші, келісім сөздерінің құрамында түбір морфема да,
қосымша морфема да бар. Түбір морфеа сөздің ұйытқысы, ал ең негізгі
морфема: бас, тіл, кел.
Қосымша морфемалар деп түбірге қосылып, оған қосымша сағына үстейтін
морфемаларды айтамыз.Қосымша морфеманың бір де –біреуі, бірнешесі қосылып
та ешқандай мағынаны білдіре алмайды.
Мысалы: Жолы берді жолдас дейді. Жолы, жолдас- түпкі морфемасы жол, ал
қосымша морфемалары- -ы,-дас. Жеке тұрғанда ешқандай мағынасы жоқ.Осындай
мағыналары мен қызметтеріне қарай сөзден –сөз тудыратын қосымшалар
жалғаулар деп аталады.Ал енді жұрнаққа тоқталсақ, мағынасы мен қызметіне
қарай, жұрнақтарды сөз тудыратын және форма тудыратын жұрнақта деп екі
салаға бөлуге болады. Сонымен қатар, кейбір жұрнақтар әрі сөз тудыратын,
әрі форма тудыратын синкретикалық морфема есебінде қызмет ете беретін
(мыс: ойыншық, борасын) жалғаулар, жұрнақтар да, форм тудыратын
қосымшалар да, сайып келгенде, сөздің формасы деген ұғымға енеді және
өзара бір-бірімен тығыз байланысты.Бірақ қаншалықты байланыста боғанымне
де оларды өзара миластыруға да, бірін-бірімен теңестіруге де болмайды.
Өйткені олардың бәріне тән ортақ жалпы заңдар, жалпы қасиеттер бола
тұрса да, өзді - өздеріне ғана тән ерекшеліктері, соған лайық өз заңдары
бар. Сол себептен бұларды бір –бірінен ажырату қажет.
Сөзден сөз тудыратын жұрнақтардың қай-қайсысы болсын, сөзге (түбірге)
жаңа лексикалық мағына үстемелейтіндіктен өзі жалғанған сөзді басқа бір
жаңа лексикалық тұлғаға айналдырады. Мысалы: ек, егу, егін, егіннен,
егінші, егіншілік сөздерінің түбірі бір болғанымне, олардың әрқайсысы
басқа-басқа ұғымдарды білдіреді. Форма тудыратын жұрнақтар да сөз тудыру
категориясына жақын. Бірақ өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл жұрнақтың
мағынасы мен қызметі жағынан сөз тудыратын жұрнақтар мен сөз
байланыстыратын жалғаулардың екі арасындағы, демек, екеуінің де
ерекшеліктеріне жуықтайтын категория деп қарауға болады. Демек, бұл
жұрнақ сөзді өзі жалғанғаннан кейін де сол сөздің түбірден негізгі
лексика-семантикалық қазығынан алшақ әкетпейді.Мысалы: кел, келме, келер,
келе, келсе, келгелі, келеді.Түбірге жұрнақ жалғанғаннан кейінгі форма
негіз я туынды түбір деп аталып жүр. Мысалы: егіншілік-ек Түбір сөзіне
әуелі –ін, одан кейін –ші, одан кейін –лік жұрнақтары қосылған. Ұйы-м-дас-
тыр-у-шы-лық, осы сияқты сөздер туынды сөздер деп аталады.
Жұрнақтар құрамы жағынан бір дыбысты да, екі дыбысты және одан көп
дыбыстар да бола береді. Сөз формалары да- тарихи құбылыстар. Демек,
тілдің грамматикалық құрылысының дамуы, жетілу ерекшеліктерімен
байланысты, сөз формаларының да бірте-бірте өзгеріп я ауысып, я жаңадан
қосылып, немесе, керісінше, қолданудан шығып қалып отыруы-заңды нәрсе.
Бұған тіл-тілдердің грамматикалық құрылыстарды, олардың формалары
замандар бойы бірте-бірте даму, жетілу, ауысу, жаңару, көнеру
процестерінің нәтижесінде пайда болдған деген жалпы қағиданы сөз етпей
–ақ түрік тілдеріндегі морфологиялық формалар бұрынғы кездегі
синтаксистік формалардың дамуын туған дейтін пікірді айтса да жеткілікті.

2. Сөз құрамы туралы зерттеулер

Сөз құрамын зерттеу 1913 жылы шыққан А.Байтұрсынұлының Тіл
құралдарында орыс тілі грамматикаларына еліктеп, сөздерді тұлғасына
қарай беске бөлгенін көреміз: Түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қосымша
сөз, қсымшалар.А.Байтұрсынұлы үшеуіне ғана дұрыс аударма берген. Соңғы
екеуіне дұрыс термин таба алмаған.
1930 жылдардан бастап сөздің құрамы жеке ғылыми мақалалар түбірінде әр
жақты зерттелген, атақты ғалым Құдайберген Жұбанов морфологияға мынадай
анықтама берген: Морфология-сөздің қалай құралатынын зерттейтін ғылым.
Сөз тұлғасы жайында Қ. Жұбанов, А. Ысжқақов және Ә. Қайдаровтың
еңбектерінде кездестіреміз. Қазақтың көрнекті тілші-педагог ғалымы Қ.
Басымов өзінің Қазақ тілінің жалғау-жұрнақтары атты мақаласында
жұрнақтарды сөз аяғына қосылып, өзге сөз тудырып, түбірден сөз жасап
отыратын буындарды жұрнақтар деп атайды.Ал жалғаулар жайында алғашқы
ғылыми анықтаманы профессор Қ. Жұбановтың Қазақ тілі граматикасы
еңбегінен көреміз. Онда: Бір сөзді басқа бір сөзбен қиындастыру үшін
жалғанатын қосымшаны жалғау, -дейді. Бұл ванықтама кейінне жарық көрген
түрлі грамматикалық ғылыми зерттеулерге, жеке мақалаларға негізгі өзек
болғаны мәлім.
Бірақ Жұбановта да термин жүйесінен жұрнақты үстеу деп атау
дағдысы кездеседі. Бершін келе жұрнақ-жалғаулар жалпылама сөз болудан
гөрі жеке-жеке алып талдану объектісіне айналып, арнайы зерттеулер
жүргізілген ғылыми мақала жазу дәстүрі туған. Осы кезде Қазақстанда біраз
журналдар мен жеке жинақтарда С.Аманжоловтың, М. Балақаевтың,
Ш.Сарыбаевтың жалғаулардың қызметі мен мағыналары, жасалу жолдары туралы
және топтастыру пинциптері жайында біраз мақалалары шыққан. Ал 1950
жылдан бастап жалғау –жұрнақтар диссертациялық тақырыптарға айналып,
олардың тарихы мен жасалу жолдары және сөз тудыру қызметтері кеңінен
зерттеліне бастайды. Жұрнақ арқылы сөз тудырылуына арналған зерттеулер
қазақ тілі білімінде Қалыбаев, Телеуов, Құлманбетова, Қаямова
еңбектерінде бар.
Тағы да Қ. Жұбановтың пікірлеріне, еңбек, зерттеулеріне тоқталсақ:
қосымшаларды тілге туа біткен нәрсе емес, түбір сөздердің біразы басқа
түбірлерімен қосақталып жүре-жүре азып-барып, қосымша болып кеткен
делінеді. Мысалы: оқушы –мын, оқушы – сың, осында –мын қосымшасы мен
жіктеу есімдігінен, -сыз қосымшасы сіз жіктеу есімдігінен өзгеріп барып
жасалған. Олар қосымша болғаннан кейін түрі бұдан да гөрі өзгеріп,
танымастай болып кете берген. Мысалы: ата-м,
ана-м дегендегі –м қосымшасы да мен деген түбірден жасалған. Кітаб-ы,
бала-сы дегендегі ы, сы қосымшалары ол, сол сілтеу есімдіктерінен пйда
болған.Сөз тұлғаларының ең бір күрделі және қиын да қызықты түрі-күрделі
сөздер мәселесі, күрделі сөздердің жеке тараулары қос сөздер, біріккен
сөздер, қысқарған сөздер.
Бұл мәселеге Қ. Жұбановта көңіл аударған: сөздің сыртқы көрінісін
сөздің тұлғасы дейміз, -деген анықтама бергенде. Оларды алты топқа
бөлген:
1. Түбір сөз
2. Қосымшалы сөз
3. Кіріккен сөз
4. Қиюлы сөз
5. Қосарлы сөз
6. Қосалқы сөз
Бұл терминдердің біразы қазір басқаша да айтылады: қосымшалы-туынды сөз,
кіріккен-біріккен сөз, қосарлы қос сөз, қосалқы – оңаша жұмсала алмайтын
үстеулі сөз. Қосалқы сөздерге шейін, сайын, менен, да, қой, ақ, тым,
әрең, өте, ең сөздері жатады. Ғалым Жұбановтың қос сөздер туралы пікірі:
Қос сөздің ертеден белгілі екі түрі бар. Үстеме буынды, күшейтпе буынды;
бір сыңары ықшамдалып қайталанған қос сөздер қатарына жатады да, үстеме
буындары сын есім сөздердің әуелі толық түрін қысқартып, соңынан п дыбысы
арқылы бұның бітеу буынға айналудан пайда болған.
Мысалы: қара қап- қара , таза тап-таза, қызыл қып- қызыл.
Басқа тілдер сияқты қазақ тілінің де қалыптасуы, дамуы, жетілуі, оның
грамматикалық құрылысы мен сөздің құрамындағы дыбыстың өзгерістерге
түсіп, жаңа сөз жасайтын не сөзді түрлендіретін, сөз бен сөзді
байланыстыратын қосымшалардың әр алуан тұлғалық құбылыстарға ұшырауына,
сөз мағыналарының әр түрлі реттерден көркемдегіштік қасиеттеріне ие
болуына байланысты.
Қорыта айтқанда , бұндай өзгерістердің сипатын үнемі тіліміздің даму,
баю, жаңа стильдік мүмкіндіктерге ие болу бағытында болған. Бұл мәселе
кейінгі кезде жаңарып, толықтырылып, нәтижесінде жаңа объектіге айналып,
сөз жасам деп аталып жүр. Сөз жасам объектісінің негізгі зерттеу
объетісі, міндеті- сөздің жасалу процесін емес, сол процестің нәтижесін,
яғни туынды сөздің құрылымын, жасалу жолын зерттеу.

2 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ СӨЗ ҚҰРАМЫН МЕҢГЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ.

1. Сөз құрамын бастауыш сыныпта оқытудың жалпы сипаттамасы

Грамматиканың күрделі тарауы морфология Сөз құрамы және Сөз
таптары болып екі салаға бөлінеді. Сөз құрамы бастауыш мектепте
грамматикалық терминдер арқылы оқытылады. Бағдарлама бойынша негізгі
тақырыптарды өте отырып, оқушылар алғашқы бетте түбір сөз, қосымша және
жалғау мен жұрнақ деген ұғымдармен танысып, олардың анықтамаларын,
қызметін түсінеді. Содан кейін барып, біріккен, қос, қысқарған сөздердің
ерекшеліктерін, жазылу емлесін үйренеді. Бұларға қоса оқушылар сөз
формалары, олардың өзгеру, түрлену жолдары жөніндегі білімдерін сөз
таптарын оқумен байланысты тереңдете түседі. Сөз таптарын оқығанда сөз
құрамы білімдері әлдеқайда ұлғаяды. Сөз құрамын жақсы меңгеру сөз
таптарын жақсы қабылдауларына негізін салады. Сондай-ақ әр бір сөз
табынын туынды сөз тудыратын көптеген жұрнақтармен танысады. Сонымен
, осы тақырыпты алудағы себебім, осы тақырыпта тереңірек қарастырып,
жақсы әдістерін іріктеп,іс жүзінде іске асыру міндетті жүктеледі.
Сонымен, сөз құрамы – бастауыш сынып оқушылары үшін ерекше мәні бар әрі
қиын тақырып, сөздің мағыналы бөлшектерінің (морфологиялық) ұғымын
жетік меңгеру процесі. Оқушылардың абстракциялы ойлауының дамуын, тіл
фактілерін бақылап, оған талдау жасап алуын және мұғалімнің
жетекшілігі арқылы өздігінен келе білуін талап етеді.
Ал морфемаларды оқып білудің, толық меңгерудің маңызы мынады:
1. Сөзді морфологиялық құрамына қарай талдау және сөз жасау
жаттығулары оқушының логикалық ойы мен тіл байлығын дамытуға өлшеу
әсер етеді.
2. Сөз құрамын оқып үйрену оқушының орфографияны толық меңгеруіне,
сауатты жаза білуіне негіз қалайды, өйткені қазақ тілі түбір
сөздерін дұрыс жазу ережелері морфологиялық принципке негізделеді.
Балалар сөз құрамы жөніен үйренген теориялық білімі мен сөзге
талдау сөзді және оған жалғанатын қосымшаларды ұрыс жазуға
заңдылықтарын саналы түрде бірте-бірте меңгере түседі.
3. Сөз құрамы жөнінен теориялық материалмен танысу балалардың тіл
туралы білімін кеңейтеді.
4. Сөз құрамын меңгерту мен сөз жасау тәсілдеріне жаттықтыру , сөз
тануға деген назары мен ынтасын аударады. Сөздің мәніне терең
түсініп, дұрыс қолдана білуге сөз мағынасы мен формиаларының ара
қатынасына зейін аударуға дағдыланады.
5. Сөз құрамы бөліктерін үйретумен бірге сөздің қоры байиды. Сөз
тіркестерінің байланысын табуға және өз ойларынан сөз
тіркестерін жасауға , сөйлем құрау дағдысына машықтану арқылы
оқушылардың ауызша , жазбаша сөйлеу мәдениеті дұрыс қалыптасады
, орфоэпиялық норманы сақтап, мәнерлеп оқуға және таза сөйлеуге
үйренеді. Сөз құрамы тақырыбынан алғашқы ғылыми ұғымдарды
меңгеріп, дағды алуы жас балалардың дүние танымының саналы
қалыптасуына негіз болады.
Қазіргі бағдарлама бойынша сөз құрамы 2- сыныптан таныстырылады.
Мұнда түбір мен қосымша туралы түсінік , қосымшаларды жұрнақ және
жалғау болып бөлінетіні, бұлардың бір-біріне айырмашылығы ,
негізгі, туынды түбір жайында білім беріледі, қосымшалардың жазылу
емлесі меңгертіледі. 3– сыныпта осы берілген ұғымдар кеңейтіле
түседі, бұған қоса жұрнақтың түрлері , түбірлес сөздер туралы
түсінік алады. 4- сыныпта күрделі яғни, туынды сөздер және олардың
түрлерімен танысады, олардың әрқайсысының жазылу емлесін игереді.
Сөз құрамын меңгерту төмендегідей міндеттерге жетуді көздейді.
1. Жүйелі практикалық жұмыс процесінде түбір, жұрнақ, жалғау деген
ұғымдарды саналы меңгеруді қамтамасыз етеді.
2. Оқушылар орфографиямыздың морфологиялық принципті мәнімен
танысады .
3. Оқушыларды сөзді бөлшектеріне талдай алу іскерліген
машықтандыру , яғни сөздің түбірін, жұрнақ жалғауларын тану,
бірімен – бірі сөзге түрлі- түрлі жұрнақ ,жалғап, түбірлес бар
сөз табу сияқты көптеген жаттығу жұмыстары атқарылады, сөйтіп
түбір формасы бірдей , мағынасы басқа сөздерді түбірлес
сөздерден , ал түбірлес сөздерді омонимдер мен көп мағыналы
сөздерден ажырата білуге үйренеді.
4. Оқушыларға дұрыс ережелерінің негіздерін білдіріп, олардың өз
сөздеріне өте жиі қолданылатынын қосымшаларды пайдалануға назар
аударылады.
Балаларға жаңа сөз жасату , лексикалық жаттығулар жүйесінде олардың
актив сөздігін байыту, шығармашылық сипаттағы тапсырмалар орындату,
байланыстырып сөйлеуге үйрету міндеттерін шешу де көзделеді. С.
Қазыбаев : Сөз құрамы тақырыбын өткенде, алдымен морфемалардың
өзіндік белгісі практикалық жұмыс үстінде аңғартылады, содан соң
ғана грамматикалық белгілі ұғымының анықтамасы түсіндіріледі. Бұл
бақылау әдісіне негізделген жекеден жалпы ұғымға – қотындыға
әкелетін жол , яғни индуктивтік жолмен жұмыс жүргңзгенде жатады. Ал ,
бастауыш оқушыларының психологиялық еркешелігі дербес ақуалдан, типтік
фактілерді талдаудан жинақ қорытындыға келіп, ередже – анықтамалады
үйрететін осы индуктивтік әдіспен жұмыс істеуді қалайда. Өйткені 8-9
жасар балардың абстракциялы ойлау қызметі әлі дами қоймайды -дейді
ғалым.
Сөз құрамының анықтамаларымекн танымтыру методикасында түбір мен
түбірлес сөздердің мағыналық өзара байланыстарын бақылаьту әдісімен
түсіндіріледі. Әр түрлі қосымшалардың жалғануымен бір түбірден
өррбіген сөздер бір- бірімен салымтырыла талдатылады.
Содан кейін,барлық түбірлес сөздердің ортақ бөлімі -түбір табылады.
Бұл арада сөздің сырт пішінінде, әсіресе , оның бастапқы бөлімінде
құрылымдық жағынан ұқсастығы бар сөздерді оқушылар түбірлес сөздер деп
шатастырады, соны ескеру керек. Ол үшін ондай сөздердің (түбірді
білу) барлығына мағынасы ортақ бір сөздің негіз болып тұрғандығына
нанымда мысалдар келтіру керек.
С. Қазыбаев еңбектерінде мынадай мысалдар беру арқылы қарастырған :
Ор деген сөзді қосымшалар жалғап түрлендіру жолымен одан тараған
түбірлес сөздердің бір тобы – зат есім, екінші тобы – сын есім, үшінші
тобы- етістік сөздердің негіз алғанын танытуға болады.
Үлгі: 1. Ор-зат есім. –Орды қаз .
Орлы – сын есім. – Жерді терең орла. (ет.)
2 Ор – сын есім. – Ор ешкі.
Ор қоян.
Ор – етістік. – Егінді ор.Егін орағы . (зат есім)
Орғңыш жігіт (сын есім)
Бастапқы буыны сырт формасы жағынан түбірлес сөздерге ұқсас болып
келетін сөздерді де балалардың түбірлес сөздер қатарына қосып,
жаңылысатыны жиі кездеседі. Оны болдырмау үшін ормиан , орта , орын
секілді сөздерді тақтаға жазып, салыстыру әдісімен мағыналарын анықтау
қ ажет.
Үлгісі мынадай:
Орман- тоғай арасында көрінеді ақ шатыр.
Орта бойлы бала жігіт келеді.
Бұрын барсаң орын бар-
Деген сөйлемдерде орман, орта, орын сөдерінің әр қайсысы жеке- жеке
мағыналары бар дербес түбір сөздер екені танытылады. Демек, ол
сөздерден Ор деген негізгі түбірдің бөлініп шықпайтынына балалар
ғылыми тұрғыдан дұрыс түсінік алды. Негізгі түбірден кейін тұратын
сөз бөлшегі қосымша деген ұғым. Бұл екі сатыда түсіндіріледі. Әуелі
сөзге жалғанып, оны жалпы түрлетіндіретін сөз бөлшектері. Қосымша деп
аталатыны турасында кіріспе іспетті ұғым береді. Бұл тұста қосымшаның
жұрнақ және жалғау болып бөлінетіні айлы сөз қозғамайды. Одан әрі
қосымшаның сөз мағынасын өзгертетінін және сөздің тек формиасын
түрлендіретін екі түрлі болатыны түсіндіреді. Бұл а жаттығу септік
жалғау жалғанып, текске өндіріледі де, сол сөздер таптырылып,
жалғаудың сөз мағынасын өзгертпей , тек сөзбек сөзді байланысмтырып
қана тұрғаны көрсетіледі. Ал жұрнақты жалғап, әлгі сөздің мағынасы
түрліше болып өзгергені байқалады.
Сөйтіп, жұрнақ сөз құрамының мағына түрлендіретін деген бөлшегі
қорытынды шығарылады. Сонысмен, сөздің бөлімі түбір, жаңа сөз
тудыратын бөлімі- жұрнақ, сөз тудырмайтын бөлімі жалғау түйін
жасалады. Бұлардың түбірге жалғану реті және бірінің үстіне бірінің
еселеп те жалғана беретіні мысалдар арқылы беріледі.
Мысалы:қосымшаларды таныстырғанды мына таблицаны пайдалануға болады:
1. шопан жайлау- ды көрді
шопан жайлау- ға шықты
шопан жайлау- да болды
шопан жайлау- дан қайтты.
2. Біз кеме- ші - лер- мен кездестік .
Бірінші – бір сөзге әр түрлі қосымша жалғанатынын, ол қосымшалар өзі
жалғанған сөзді сөйлемдегі басқа бір сөзбен байланыстырып тұратыны
байқалады.
Екінші мысалдан түбірге қосымшалардың жалғану тәртібі көрінеді.
Түбірге алдымен жұрнақ, одан соң жалғаулар үстемелеп жалғанатыны
талданып таныстырылады.
Қорыта келгенде сөздің түбірге жалғанатын бөлшегін қосымша дейміз.

2. Түбір және туынды сөздерді оқыту

Екінші сыныпта өтілетін сөз құрамы тақырыбы бойынша үйретілетін
білім мазмұны мынандай: негізгі түбір, қосымшалы сөз, қосымша, бір
түбірге қосымшаның жұрнақ және жалғау болып екі түрге бөлінетіні,
туынды сөз, қосымшалардың сөзге жалғану тәртібі.
Түбірмен таныстырғанда мысалға алынатын сөзім оқушыларға таныс заттың
атын білдіретін сөздер болуы ескертіледі. Ал қосымшалардан оқушылардың
тез түсінуге қолайлысы- көптік жалғаулар. Мысал үшін: гүл, күн
дегенімізде бір гүл , бір күн деген ұғымды түсінеміз, оларға дер
қосымшасын жалғап айтқанда, гүлдіңде, күнніңде саны әлде нешеу, көп
деген мағына пайда болады. Енді осындай сөз мағынасына көптік мән
беретін қосымшаны өздерің ойлаған сөздеріңе жалғап қандай өзгеріс
болғанын байқаңдаршы, - деп балаларға өздік жұмысын орындату тәсілі
қолданылады. Сонда оқушылар жете таныс кітап, дәптер, қалам, парта
сияқты сөздерге көптік жалғауларын жалғап айтып, сабақ материалында
айтып байытуға өз үлестерін қосады. Бұл арада көптік жалғау деген
термин әзір аталмайды. Бірақ көптік жалғауды таныту қызметіне дайындық
жасалып, балаларға оны практикалық тұрғыда байқату, түсіндіру мақсаты
жүзеге асырыла бастады.
Одан әрі қосымшаладрдың түр-түрі кездесетіні, сөдер арқылы
қосымшалы сөз жасалатыны көрсетіледі. Қосымшалардың сөздерді
түрлендіретіні және сөзйлемдегі сөздерді бір бірімен байланыстырып,
сөйлеу құруға қызмет ететіні бірте- бірте танытылады. Сонымен, бұл
тақырыпьтан сөздің өзгермейтін бөлімін негізгі түбір ( түбір сөз)
сөздің түбірге жалғанатын бөлшкгін қосымша деп атайтынымыз жөнінде екі
ереже үйренеді жаттығы тапсырмаларын орындатқанды түбінр сөздерді
қосымша сөзге айналдыру, қосымшалы сөзден түбірді таптыру немесе
берілген сөздерде лайық қосымшаларды тауып жалғап жазу міндеттері
орындалады,-дейді ғалым С.Қазыбаев . Осы жұмыстарға байланысты ,
тьүбір мен қосымшаға байланысты емле ережелері үйретіледі . Демек,
түбірдегі дауыстылардың жуан және жіңшке дыбыс болуларына қарай
қосымшалардың да жуан және жіңішке болып жалғанатыны, ал түбірдің
соңғы дыбысының дауысты, қатаң, ұяң болуына сәйкес қосымшалардың
алдыңғы дыбысының сондай дыбыстан басталып, үйлесіп жалғанатынына
мысалдар арқылы бақылатып, жаздырып түсіндіріледі.
Мысалы: ән, оқу, аң сөздеріне – шы,-ші,-қыш,-ғыш,-гіш,
қосымшаларының лайықтысын жалғау жөнінде ьапсырма беріледі.
Сондықтан негізгі түбірлерден кейін үстемеленіп қосылып тұрған сөз
бөлшектерін қосымша дейміз деп, осы қосымшалар сөз, қосымшалау сөз
деген ұғымнан нақты білімге қарай жетелеп, сол қосымшалардың
мағыналарын байқату жолымен жұрнақ, жалғау деген ұғымға әкелеміз.
Рахметова бұл арада көронекіліктің орасан зор пайда келтіретіні
мәлім,-дейді.
Әуелі жұрнақ таныстырылады. Ол үшін түбір мен жұрнақтың , сөздің
мағыналары салыстырылады. Оны әр сөзге әр түрлі жұрнақ жалғап та,
немесе бір сөзге әр түрлі жұрнақ жалғап та, байқатуға болады. Мұнда
алынатын сөзіміз деректі заттың аты болуы тиіс.Мысалы: су-шы, су-
лы,су-сыз,су-дан.Бұл ұғымға оқушылар түсінген кезде , сөз
мағыналарын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз деген ереже
беріледі. Одан әрі жалғаулардың мағынасы мен қызметі түсіндіріледі.
Бұл арады бір сөзге бірде жалғау жалғап салыстырылады.
Ал оқулықта : Екі түбірден құралған сөзді біріккен сөз
дейміз. Олар бірігіп жазылады,- деген анықтама айтылады да, аққу,
күнбағыс, шаңсорғыш, балмұздақ, иитмұрын сөздері мысалға беріледі.
Бұл сөздердің тиісінше ақ және қу , күн және бағыс деген екі-екі
сөзден бірігіп, үшіншісі жаңа мағыналы сөз пайда балғанын таныту
міндет көзделмейді . Өйткені біздің орфографиямызда біріккен сөздер
сөздің өзіне тән айырым белгісі әлі егжей-тегжейлі дәлелденіп біте
алмай келеді. Егер төртінші сынып оқушыларына екі түрлі мағыналы
сөз пайда болады, - деген ереже берілсе, ғалым С. Қазыбаевтың айтуы
бойынша тоғыз жасар бала кез келген сөз тіркесіп келген жа ғдайда
оларды біріккен сөздер тобына қосып қате түсіндеі. Ал ең бастапқы
түсінік дұрыс, айқын болуы тиіс.Әйтпесе, оқушының не қате не жансақ
ұққан түсінігін қайталап жөндеп алу өте қиынға түседі. Сол себептен
жас балаларды жаңсақтыққа кезіктірмей , оларға біріккен сөзден
мысал көрсету, жаздыру жолымен есте сақтау арқылы түсінік беріледі.
Сол үшін бақылау әдісі қолданылып, мысалға келтірілген
біріккен сөздің қандай- қандай сөздерден екені таланып көрсетіледі.
Одан әрі текстен біріккен сөздерді өздеріне таптыру тәсілі
қолданылады. Немесе біріккен сөздер жасату тапсырмалары орындатылады.

Ғалым Әбдірахман Исабаевтың еңбегінде қазақ тілі бойынша
талдауы , орындалу тәсіліне қарай ауыз ша да, жазбаша да,
жүргізілетіндігі айтылады. Ауызша талдау көбінесе сыныпта , ал
жазбаша талдау үйде өткізіледі,-дейді, Кейде бұл екеуін қосып
өткізуге де болады,- дейді. Төртінші сыныпта берілетін білім көлемі,
негізінде оқулыққа ендірілген сөздерді ғана меңгерту принципінде
оқулыққа ендірілген сөздерді ғана меңгерту принципінде ұсталады.
Оларда сөздің ішкі мәніне теориялық жағынан сақтауды талап етеді.
Сол талапқа орай, 92 біріккен сөз енгізілген 86 адам, жер, су,
жануар, өсімдіктер, деректі заттардың аттарын білдіретін зат
есімдер. Мұндай біріккен сөздерді түсіндерген кезде әр және кім , бір
және неше деген екі-екі сөз бірігіп әркім бірнеше ешкім,
ешбір деген жаңа сөздер жасалған деп айтып, жазылу үлгісін
көрсетіп қана қоймай , сонымен бірге ондай сөздерді есте сақтау
тапсырылады. Әйтпесе, олар қай-қай сөз таптарынан бірігіп тұрғанын
түсіндіруге оқушылардың дайындығы жоқ деп айтада. С.Қазыбаева
өзінің еңбегінде . Біріккен сөздерді оқытқанда ерекше көңіл бөлетін
мәселе олардың жазылу емлесі бойынша бұл сыныпта төмендегі төрт
жағдайды ескеру қажет.
Біріншіден, жалпы біріккен сөздердің қосылып жазылытандығы
. Ол барша практикалық жұмысқа байданысты үздіксіз орындалып отырады.

Екіншіден , кейбір бірігіп жасалатын екі сөз аралығында
к,қ, дыбыстарының г,ғ дыбыстарына айналап айтылатыны. Бірақ жазғанда
тбірдей бұрынғы қалпы сақталады. К,қ дыбыстарының жазылатын көк жиек
, қарақұс тәрізді сөздердің көкжиек, қарағұс болып айтылуын
байқату, жаздырып дағдыландыру әдісімен түсіндіріледі. Осы арада
мынаған тоқтала кетейік . оқулықта қырық аяқ түрінде жазылатын
сөздің айтылуы қырығаяқ болып айтылады. Демек, қырық сөзінің соңғы
бітеу бойындағы ы дыбысы келесі аяқ сөзінің басқы а дыбысының
ықпалымен сөйлеуде түсіп қалады. Осы рақ буынындағы ы дыбысының
түсіріліп айтылуы, кәдімгі ойын, орны, қырық сөздерінің соңғы
буындарындағы Осы -рық буындағы ы дыбысының түсіріліп айтылуы,
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөздің құрылымы
Морфологияны оқыту кезінде оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру жағдайлары және әдістері мен тәсілдері
Жалпы білім беру мектебінде сөз құрамын оқыту
«Сөз құрамы» тақырыбын оқытуда көмекші мектептің 5-7 қазақ сынып оқушыларының грамматикалық білім және орфографиялық дағдыларының жағдайын анықтау
Сөзжасамның жалпы түсініктері. Морфемдік талдау және орфография
Сөзжасамдық тәсілдердің бөлінісі
Негізінен сөзжасам саласында біріккен сөздер - туынды сөздер
Сөз және оның морфологиялық құрылымы
Сөздердің морфологиялық құрылымы
Сөзжасамның сөз жасаушы тәсілдері
Пәндер