БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

KIPICПE

1 БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Бастауыш Сыныпта білім берудің психоло - педагогикальқ мәні
1.2 Бастауыш сыныптағы білім берудің жағдайы

2 БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
2.1 Бастауыш сынып окушыларының өз беттерінше орындайтын
жұмыстарын ұйымдастыру
2.2 Бастауыш сыныпқа білім берудің тиімділігін арттыру жолындағы
эксперимент нәтижесі

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестігілігі. Ұзақ жылдар бойы мектептер
біркелкі жоспарлар мен бағдарламалар бойынша оқыту үрдісін
жүргізді.Кеңестік Одақтың өктем билігінен, қазақ мектептерінде білім беруде
оқу бағдарламалары мен оқулықтарға толық үстемдік орнатылғандықтан
жаратылыстану ғылымдарынан географияны, биологияны және химияны республика
табиғатымен, ғылым жетістіктерімен байланыссыз оқытуға, оның теориялық
ұғымдарын, зандылықтарын (бұлар Ресейдің табиғатына негізделіп
түсіндірілгендіктен) оқушыларға кітап бойыншажадағай, құрғақ жаттығумен
меңгеруте мәжбүр етті. Сондықтан мектепте берілетін жалпы білімнің
мазмүнын, оқу жүмысын үйымдастыруда оқыту әдістерін түтастай қайта қарап,
түбегейлі жаңартудың қажеттігі басты мәселе болып отыр.
Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру түжырымдамасында
Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек зерттеу объектісі ретінде
ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субъектісі қүдіретті мәдениет
үлгілерін дүниеге әкелген, әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен
оқушыларды баурап әкететін субъектісі ретінде көрінуімен бедерленеді
делінген.
Оқыту екі жақтың да, мұғалім оқушы, бірдей еңбек етуін талап
ететін үрдіс, сондықтан ұстаз өзінің іс-әрекетін ұйымдастырып, тек оның
орындалысымен ғана қанағаттанып қоймай, оқушының да белсенділігін, білім
игерудегі әрекетін дамытуға ықпалын тигізуі керек.Қазіргі қоғам
шығармашылық қабілеті бар, талантты іскер мамандарға мұқтаж. Ал жалпы білім
беретін мектептердегі пәндерде оқушыларға көп жағдайда дайын білім
ұсынылады, оқыту әдістері оларды өздігінен жаңа ақпараттар іздестіруге, оқу
тапсырмаларын өздігінен шешуге талпындырмайды, яғни оқыту өдістемесі, дайын
нұсқауларды бұлжытпай атқаруға ғана бейім орындаушылар
тәрбиелеуге бағдарланып құрылған. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасыу мен
дамуының стратегиясы деген 1992 жылғы еңбегінде мемлекетіміздің егеменді,
төуелсіздігіне жеткізетін төрт күш аталған: біріншісі жеріміздің
қойнауындағы байлық; екіншісі жеріміздің бетіндегі байлық; үшіншісі
өндіріс байлығы; төртіншісі тапқырлардың ақыл ой байлығы,
тапқырлардың үйреншікті қалыпқа сыймайтын, бүкіләлемдік деңгейдегі
жасалымдары. Тапқырлардың үйреншікті қалыпқа сыймайтын, бүкіл әлемдік
деңгейдегі жасалымдары - дегеннің өзі шығармашыл тұлғаның ерекше, дәстүрлі
емес ой-пікірінің нәтижелі мағынасын береді. Мектептегі оқыту үрдісінің
негізгі мақсаттары баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін
қалыптастыру, сол арқылы таным өрекетін белсендіру. Бұл оқушының өзіндік
әрекеттерін, дербес жүмыс жасау қабілеттерін дамытудың маңыздылығын
айқындайды. Бүл мәселе Қазақстан Республикасының Білім туралы заңындагы
білім бері жүйесінің міндеттері туралы бабында: жеке адамның шығармашылық,
рухани жеке мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының
берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамыу үшін жағдай жасау арқылы
интелектік байтумен қатар әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне
баулу, қазақ халқы мен республикасының басқа да халықтардың тарихын, әдет
ғүрпы мен дәстүрлерін зерделеу қажеттілігі атап көрсетілген. Педагогика
ғыльгмы және мектеп практикасы баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін
қалыптастырып, сол арқылы таным өрекетін белсендіру қажеттігін көрсетеді.
Осы мәселелер оқушының шығармашылық қабілеттерін, шығармашылық әрекет
қырларын дамытудың өзекті екенін анықтайды. Ол үшін не істеу керек, қандай
шаралар ойластыруы қажет? Оқуға деген қызығуы, өзінің білім алуға ұмтылысы
керек. Ол ұстаз тарапынан сабақ өткізудің өртүрлі жолдарын қарастырып, өдіс-
тәсілдерді жетілдіріп дәстүрліемес сабақтар түрлерін әдістемелік тұрғыда
дұрыс ұйымдастыруды талап етеді. Осындай еңбек оқушының оқу әрекетін тиімді
меңгеруіне, соның нәтижесінде оқуға деген ынта, құлшыныс, талап тауып
бұрынғы игерілген білім, білік, дағдыны пайдалана отырып, әр түрлі оқу
тапсырмаларын шешуде шығармашылықпен еңбек етіп, өз әрекетін бақылауды,
басқаруды және дамытуды үйренуіне себебін тигізеді.
Жас кезден игерілген ойдың оралымдылығы, ақылды икемділігі дүниенің
қыр-сырын меңгеруге шексіз мүмкіндік береді. Аталған Бастауыш сыныптарда
білім берудің тиімділігін арттыру жолдары деп алуға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты. Оқушы бастауыш сыныптарда білім берудің ғылыми -
педагогикалық тұрғыдан тұжырымдау.
Зерттеу нысаны.
Жалпы білім беретін орта мектептегі бастауыш сыныптың оқу -тәрбие процесс!.
Болжамы:
Егер бастауыш мектепте оқу - тәрбие процессі кезінде:
Оқу процесінде оқушылардың білім алу жолдары анықталса;
Оқушылардың белсенділігі және өзін - өзі дамыта алу қабілеттері артса;
Оқу процесі дұрыс ұйымдастырылса онда бастауыш сынып
оқушыларына білім берудің тиімділігі артады.
Зерттеудің міндеттері.
Зерттеудің мақсатына жету, ұсынылған болжамымызды тексеру үшін мынадай
міндеттері шешілді. Бастауыш сыныптарда білім берудің
тиімділігін арттыру жолдарында оқушылар білім берудің мәнін және
шарттарын анықтап оның педагогикалық теория мен практикадағы зерттелу
деңгейін анықтау. Білім берудің арттыру жолдарында сабақтарда тиімді
әдістемелік жүйесін жасау. Оқушылар білім берудің әдістемелік
тәсілдерін өзгертіп, түрлендіріп отыру тіл дамыту пәні мазмұнын
тұжырымдау.Педагогикалық эксперимент кою арқылы сабақ
түрлерін сынақтан өткізу. Зерттеудің жетекші идеясы: Оқушылар
белсенділігін арттырудың дидактикалық, ғылыми теориялық негіздерін
тұжырымдау арқылы жас ұрпақтың шығармашыл адам болып шығуына ықпал тигізу.
Зерттеу әдістері. Зерттеліп отырған мәселеге қатысты бұрынғы
одақтағы көрші мемлекеттердегі зерттеулерді, әдістемеші
мұғалімдердің озық тәжірибелерін жинақтау, ғылыми әдістемелік
басылымдарға теориялық талдау жасау. Эксперимент нәтижелерін өңдеу және
қорытындылау.

1 БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Бастауыш сыныпта білім берудің психологиялық- педагогикалық мәні

Жастарға ғылым негізін үйретіп, адамгершілікке тәрбиелейтін
мектеп ішіндегі негізгі тұлға - мұғалім. Өйткені ол мектеп есігін ашқан
жеткіншекті мәдениетті, идеялы, қажырлы және табанды етіп қалыптастырады.
Мұғалім сынып оқушыларының толық үлгірімі жолында күш-жігерін салып, еңбек
еткенде ғана бұл міндеттерді орындай алады. Ондай мүғалім өзінің барлық
білігі мен білімін бүкіл оқу-тәрбие ісін үйымдастырып, тиімді жүргізуге
жұмсайды. Сонда оқушылардың сабақты үлгіре алмауының себебі қандай? Ол
себепті білуге бола ма? Әрине, болады. Оқу-тәрбие ісінің мақсатқа жеткізер
жолдарын көрсету үшін алдымен осынау көкейкесті сұраққа жауап беріп алайық.
Оқушының сабақты нашар оқуының, сабақты үлгіре алмауының басты себебі оқыту
жұмысының сапасыз болуында. Педагогикалық талаптар мен
әрбір пәннің оқыту әдістемесін шебер де толық қолданбаса, оқу жүмысы дүрыс
үйымдастырылмайды. Оқушылар өтілген материалды толық түсінбейді, үйге
берілген тапсырманы орындап келе алмайды не шала орындайды. Оқушының
қатардан қалып қоюы әуелде уақ-түйектен басталуы мүмкін. Мысалы, оқушы
сабақтың дұрыс өткізілмеуі себепті өтілген материалдардың біраз жерін не
бәрін түсіне алмай қалады, болмаса көмескі не теріс түсінеді. Көпшілік
оқушының үйінде түсінбегенін сұрап алатын кісісі болмайды. Осылардың
салдарынан оқушы материалды меңгере алмайды. Жаңа сабақ өткен материалдарға
негізделіп жүргізілетіндіктен, оны да шала түсінеді. Сонымен біртіндеп
оқушы бағдарламаның бір бөлігін шүала түсінген немесе мүлде түсінбеген
болып шығады. Осыдан келіп оқушының сабақты нашар оқуы, үлгірмеушілігі
келіп туындайды. Мынадай да жағдай болады. Мәселен, сабақ әдістемелік
жағынан дүрыс өткізіледі. Бірақ кейбір оқушылар сабаққа ынта қоймай, басқа
жұмыспен айналысып (тәртіпсіздік жасап) не алаң көңіл болып отырады.
Мұғалім мұндай оқушыларды байқамай қалады да, ола ақырында сабақты
үлгірмеушілерге айналады. Ал сабақтың сапасыз өтуі - мұғалім білімінің
жеткіліксіз, тәжірибесінің кем, әдістемені жете меңгермегендігінен болады.
Оның үстіне кейбір мұғалімдер сабаққа алдын ала даярланбай келеді.
Дайындықсыз сабақ қашан да нашар өтеді, оқушыларға тартымды болып шықпайды,
бұл да тікелей үлгірмеушілікке апарып соғады. Сабақ үстінде болсын,
сабақтан тыс уақытта болсын оқушылардың әрқайсысының денсаулығына, сабақты
қабылдау қабілетіне, тіліне, мінез-құлқына жеке-жеке көңіл бөлмеуден де
үлгірмеушілік келіп шығады. Сабақты үлгірмеудің тағы бір себебі - мұғалім
оқушының білім көлемін жиі-жиі тексеріп тұрмайды немесе үстірт тексереді.
Оқушыныңы нақтылы білімін саралап, анықтамайды. Ережелерді құрғақ жаттауына
жол береді. "Сыныпта уақыт жетпейді" деген сылтаумен жаттығу жүмысын кем
жүргізеді. Содан барып оқушылар білгенін, үйренгенін іс жүзінде қолдануға
қиналады.
Оқушылардың сабақты үлгірмеуінің тағы бір себебі - үйге тапсырма беру
мен оны тексері әдістемесінің дұрыс болмауы. Өйткені кейде үйге берілген
тапсырманың саны мен сапасына жете көңіл бөлінбей, тапсырма мөлшерсіз,
үстірт, калай болса солай беріле салады. Сол себепті оқушы оны түсінбей
қалады да, үйге барғанда орындай алмайды немесе шала, кате орындайды.
Сөйтіп, ертеңіне сұраған уақытта қиналып, жауап бере алмайды. Осындай бір-
біріне ұласқан кемшіліктерден келіп үлгірмеушілік шығады.
Мұғалім оқытып жүрген оқушысына әрқашан қамқорлық жасап, жан
ашып, бағыт-бағдар бермесе, ол сабақты оқымай кояды. Мысалы, сабақт
үлгірмейтін оқушы "сен адам болмайсың, оқысаң да, оқымасаң да бәрібі деген
сөздерді мұғалімнен де, үй ішінен де жиі естісе, ол
сабақк бұрынғыдан да бетер ұлыссызданып, жалқаулыққа салынады.
Көңілі қалдырған кісілерді кеке тұтып, сабақты әдейі оқымай, даярланбай
кояды, Кейде, керісінше жағдайлардан да сабақты оқымаушылық болады. Мысалы
оқушы ата-ананың тым еркелетіп, өз бетінен жіберуінен барып, сабақ оқудан
гөрі ойынмен айналысады да, сабаққа даярланбайды. Кейде мұғалім
үлгірмейтін оқушылардан сабақты сұрамайды, не өте аз сұрайды, сондықтан
оқушы сабаққа даярлануды қояды. Мұғалім ол оқушыдан сабақты тоқсанның
аяғында, оқушыларға баға қою керек болғанда ғана сүрайды. Материал өте
көбейіп кеткендіктен және көптен бері сабаққа даярланбағандықтан, оқушы
қанағаттанарлықсыз баға алады.
Оқушының сабақ үлгірмеуінің басқа бір себебі - мұғалім оқушының
ата-анасьшен тығыз байланыс жасамайды. Біріншіден, ата-ана сабаққа қажетті
жағдайды өз дәрежесінде туғызбағандықтан, баласы сабаққа даярлана алмайды.
Мысалы, үйде сабақ оқитын арнайы орын, тиісті оқу жыбдықтары болмаса, оқушы
сабаққа даярлана алмайды. Оқушының сабаққа себепсіз көп келмей қалып (не
ауырып қалып), өткен сабақты білмеуінің не күн тәртібінің болмауынан,
болған күнде оны дұрыс орындамауынан үлгірмеушілік шығады. Өйткені оқушылар
сабақтан кейін, не сабаққа барар алдында дұрыстап тамақтанбаса не күнде кеш
жатып, ерте тұрса, олардың сабақка ықыласы болмайды. Сабаққа үлгірмеушілік
оқушының денсаулығынан да бірден бір байланысты. Себебі оқушының бір жері
ауырып отырса, сабаққа ықыласы болмайды. Не болмаса, сыныптың ауасы жиі
тазартылып түрмаса, оқушының көңілі сергек болмай, тез шаршап, бойы ауыр
тартады, өтілген сабақты жөнді үқпайды. Осыдан келіп үлгірмеушілік шығады.
Оқушылардың сабақты үлгірмеушілігінің және бір себебі - оларға бір-
біріне жолдастық көмектік дұрыс ұйымдастырылмауынан, ұйымдастырылған күнде
әрбір оқушының меңгере алмаған тақырыбына ғана нақтылап көмектеспей,
жалпылама қосымша сабақ түрінде өткізілуінен.
Оқушыларға қоғамдық жұмыстар көп тапсырылса, олардың сабақ даярлауға уақыты
жетпей, күнделікті сабаққа ілесе алмайды. Болмаса, оқушылардың қоғамдық
ұйымдарының жүмысы дұрыс ұйымдастырылмай, оқушыларға қоғамдық ықпал
туғызылмаса да үлгірмеушілік келіп шығады.
Оқушылардың сабақ үлгірмеушілігінің тағы бір себебі - оқу-тәрбие
ісіндегі кемшіліктердің алдын алу шараларының дұрыс ұйымдастырылмауы,
сабақтың көп кезекпен оқытылуы, сыныпта оқушылар санының көп болуы. Сабақ
кестесінің түрақты болмауы, оның бағдарламалық талаптарға сай жасалмауы да
оқушылардың үлгіріміне кері әсер етеді.
Сонымен оқушылардың сабақты үлгірмеу себептерін біліп алғаннан
кейін, енді негізгі мақсат оны болдырмаудың жолдарын көрсетуге тырысайық.
Озат мұғалімдердің тәжірибелері сыныптағы оқушылардың сабақ үлгірімін толық
қамтамасыз етуге болатындығын әлдеқашан шешкен. Демек, барлық оқушының
сабақты жақсы оқуын қамтамасыз ету - әрбір мұғалімнің қолынан келетін іс.
Әрбір оқушыға сабақ барысында берілетін сүрақтарды алдын ала ойлап
қою керек, тапсырманы да әрбір оқушының күші мен қабілетін ескере отырып
берген жөн. Біздің педагогикалық жүмыстарымыздағы ең негізгі іс -сабаққа
әзірлену. Мен қырық жылдан астам мүғалімдік қызметімде бүған көзім анық
жетті. Күн сайынғы жаңа сабағыма жаңа жоспарлар, көрнекі қүралдар жасауға
және қосымша материалдар әзірлеуге көп уақыт бөліп отырдым. Сабаққа
мүғалімнің үқыпты даярлануы мен сабақты сапалы өткізуінің жолдары мен
әдістері көп бола түрса да, соның үш кезеңіне ғана тоқталмақпын. Сабақтың
басқа бөлімдері осы үш кезеңнің көмекшісі болуға тиісті. Олар біріншіден
оқушының үй тапсырмасын тексеру жолдары (оқушыларды өз бетінше жұмыс
істеуге даярландыру ісі). Екіншіден үйге тапсырма берудің әдістері.
Үшіншіден, жаңа материалды түсіндіру тәсілі.
Оқушылардың үйде орындап келген жұмысын мғалімдер үнемі қадағалап
тексеріп отыратын болса, олар үйге берілген жүмысты тыңғылықты етіп
орындауға дағдыланады. Бүл әдіс жалқау оқушыға да қозғау салып, оны
тапсырманы дүрыс, үқыпты орындауға міндеттейді. Үй тапсырмасын тексергенде,
әсіресе, оқуы нашар, сондай-ақ тапсырманы қалай болса солай орындайтын
оқушылардың дәптерлерін жиі-жиі тексеру керек. Бүл әдіс артта қалғандарды
оқуға талаптандырып, олардың белсенділігін жақсартады. Мүғалім сабақ
соңынан оқушылардың дәптерлерін жинап алып, үйде ұқыптап тексеріп шығады.
Мысалы, үйге тапсырылған есептің, мысалдардың нәтижелерін тексергенде, сол
есептің қалай жазылғанына да мән беру керек. Сонда ғана оқушының ұқыптылығы
мен ой-өрісін кеңейтіп, есепті, мысалды дұрыс шығаруына, оның сауаттылығын
арттыруға қол жетеді. Үйге тапсырылған жұмысты жақсы орындаған оқушыларды
дәріптеп, көтермелеу, басқаларға үлгі етіп көрсету -үлгірімі төмен
оқушыларды сабаққа ынталандырудың бірден-бір әдісі.
Өткен материал жөніндегі оқушылардың ұғымын тексерудің тиімді екі
жолы бар. Бірінші - жеке оқушыны тақтаға шақырып, тиісті сүрақтарға жауап
алу. Екінші сүрауды сынып оқушыларына тұтас беріп, олар ойланып болғаннан
кейін, жауап беретін оқушының фамилиясын атау. Бұл екі әдісті де қолдану
пайдалы, сонымен бірге қосымша әдістерді де қолданып отыру керек. Мысалы,
мүғалім 2-3 оқушыға тақтада сөйлем талдатып, не есеп шығартып, басқа
оқушылардан ережелерді сұрау жұмысын жүргізуіне болады. Бірнеше оқушыға
әртүрлі ережелерді кезектестіре айтқызу, болмаса оларға жеке-жеке қағазға
жұмыс жазып беріп, оны орындағаннан кейін жинап алып тексеру. Бүл
жұмыстарды мұғалім үйіне алып кетіп тексеріп, тиісті баға қояды. Немесе
бірнеше оқушыны
алдыңғы партаға отырғызып, бөлек қағазға бұрын даярланған жұмысты жазбаша
орындату, бұл уақытта басқа оқушылардан тиісті сұрақтарға жауап алу.
Мұғалімнің оқушыға берген сұрағы дәл, анық, ұғымды болғаны дұрыс.
Шұбалаңқы сұрақтан аулақ болу керек. Берілген сұраққа оқушының толық
түсінген-түсінбегенін де анықтау қажет. Оқушы жауап бергенде мұғалім көңіл
қойып тыңдап, тиісті жерінде бас изеп, қоштап қойғаны дүрыс. Бұл жағдай
оқушының сенімін күшейтеді. Оқушы жауап беріп тұрғанда басқа оқушылардың
қол көтеруіне, күлуіне, жауап беріп түрған оқушының сөзін бөлуіне мүлде
тыйым салу керек. Өйткені жауап беріп түрған оқушы жаңылып, жауап бере
алмай қалуы мүмкін. Кейде мүғалім сабақты үлгіре алмайтын оқушыдан күдер
үзіп, ол жауап бермей жатып-ақ, оның тағдырын шешіп қояды. Сабақты нашарлау
оқитын баланы тақтаға шақырып алып, "Ал, Ыбыраев, тым болмаса бүгін бірдеңе
айтарсың?!" "Жылқыбаев, тақтаға кел Сен бүгін де түк білмейтін шығарсың?!"
немесе "Шалабаев, тым болмаса мына сұрауға жауап беруге жарамайсың ба?"
дегендей, оқушыны орынсыз кемітетін жағдайлар кездеседі. Осы жолмен сабақ
сұрағанда оқушы дұрыс жауап бермек түгілі, білгенінің өзін ұмытып қалады.
Не қырсығып, жауап бермей қоятын кездері де болады. Себебі оқушының өзіне
деген сенімі кемиді, ынтасы түсіп, сол сабақтан көңілі қалады. Келе-келе
сабақты оқымайтын, оған қызықпайтын болады. Кейбір мұғалімдер оқушы дұрыс
жауап бере алмай қалса, не бөгелсе, оған ренжіп кекетіп, немесе ұрсып,
қабағын шытады. Мүғалімнің өзін бүлай ұстауы оқушыларға өте ауыр тиеді.
Оқушыларда дұрыс үйретемін деген мүғалім мұндай әдеттен аулақ болуы керек.
Кейде мүғалім сабақты жақсы оқитын оқушылардан не болмаса сабақты
үлгірмейтін (жалқау) оқушылардан көп сұрап, көңілді аударып жібереді де,
орташа оқитындарға көңіл бөлмей қояды. Сондықтан бұл оқушылар сабаққа
даярлануды мирексітіп, ақырында даярланбай келетін әдетке дағдыланады.
Мұндай жағдайды мүғалім дер
кезінде елемесе, онда, үлпруші оқушыларымызды үлгірмеуші оқушылардың
қатарына қосуға өзіміз себепкер боламыз. Мына жағдайларды да мұғалім естен
шығармауы керек. Оқушының жауабы аяқталғаннан кейін мүғалім оған қандай
баға қойды, оның берген жауабының кемістігі мен жетістігін көрсетіп,
түсіндіріп отыруы керек. Оқушылардың жауабында кеткен қателерін, дұрыс емес
жерлерін олардың жауабына бөгет жасамайтындай етіп түсіндіріп отыруы керек.
Егер оқушы жауап бере алмаса, не жауап беріп тұрып тоқтап қалса, мүғалім
жетекші сүрақтар арқылы көмектесуі қажет. Көмектесу дегенде, окушы жауаптың
басын бастаса, көпшілігін мүғалімнің өзі айтып жіберуі тиіс деген ұғым
тумауы керек. Мұғалім оқушының берген жауабының тек мазмұнына ғана көңіл
бөліп қоймай, оның тіліне де, сөйлемді қүрастырып, дүрыс сөйлеуіне де көп
көңіл бөлуі керек. Оқушы тілін тек дұрыс сөйлеу аркылы ғана дамыта алады.
Бұл ана тілі сабағына емес, барлық пәндерге де ортақ міндет. Мүғалімнің
қойған бағасы дұрыс, әділ екені оқушылардың барлығына да айқын болуы тиіс.
Баға қою -өте жауапты кезең. Бағаны дұрыс қоймау оқушыларға үлкен әсер
ететінін, бұның тәрбиелік және оқушылардың сабакты дұрыс оқулары үшін
маңызды екендігін мүғалімдер ұмытпауға тиіс. Әр уақытта оқушылардың
жауабына сәйкес еткен материалға қысқаша қорытынды жасап отыру олардың
білімін нығайтуға пайдасын көп тигізеді.
Сабақтың екінші кезеңі жаңа тақырыпты түсіндіру. Оқыту жұмысының
нәтижелі болуы - материалды дұрыс түсіндіруге және сабақты дұрыс жабдықтап
өткізуге байланысты. Жаңа материалдың идеялық мазмұндылығы, оны мұғалімнің
ұғымды түрде анық түсіндіруі, сөйлеген кезде қимыл әрекеттерінің орынды
болуы, балалардың сабақты көңіл қойып тыңдауына ерекше әсер етеді. Сол
сияқты көрнекі құралдар, үлгілер (модельдер), суреттер, кестелер, гербарий
мен коллекциялар, т.б. көрнекі кұралдарды пайдалану оқушыларды сабаққа
қызықтырып, ықыласын арттырады. Әдістемелік тәсілдерді өзгертіп,
түрлендіріп отыру, оқушылардың сабақ үстінде өз бетінше істейтін жұмыстары
мен жаттығу жұмыстарын тиімді етіп, түрлендіріп жүргізу - олардың сабаққа
белсене қатысуына жол ашады.
Класта оқуға немесе жаттап алуға арналған әңгімелер мен
өлеңдерді мұғалімнің өзі мәнерлеп оқуға көп мән беруі керек. Балалар
мүғалімінің мәнерлеп оқығанын, сөйлегенін мейілінше көңіл қойып тыңдайды.
Мұғалімнің дауыс ырғағы, қимыл-козғалыс әрекеттеріне қызығып, өздері де
сондай болуға талаптанады. Мүғалім жаңа сабақты түсіндіргенде оқулыққа
қосымша көркем шығармалардан, өмірден мысалдар келтіріп, балаларды
ынталандырып, қызықтырып отыруға тиіс. Оқу материалын осылайша қызықты етіп
баяндау - оқушылардың білімге қүмарлығын арттырады. Олар айналасындағы
өмірден, тіршіліктен көп жаңалықтар үйренеді, ой, сана-сезімдері өсіп,
білімдері нығаяды.
Жаңа материалды түсіндіргенде барлық оқушының зейінін сабаққа
аударып, олардың сабақты барынша ықыласпен тыңдауына қатты көңіл бөлу
керектігін мұғалім ерекше ескеруі керек. Өйткені үлгірмеушіліктің және
сабақты ұқпай қалушылықтың өзі нақ осы жаңа тақырыпты түсіндіріп түрғанда
оқушының сабаққа қызықпауынан оның көңілі сабақтан баска жақта болуынан
келіп шығады. Сондықтан мүғалім сөйлеп тұрғанда оқушылардың отырысын,
олардың зейіндерін, ойларын байқап тұруы керек. Егер де
бірінші сабақ қызықсыз өтсе оқушының сабаққа ықылассыздығы кейінгі сабаққа
да әсер етеді. Егер бірінші сабақ өте қызықты болып өтсе, оның сабақка
қүмартуы, зейіні кейінгі сабаққа да сөзсіз арта түседі. Немесе оқушылар
үзіліс кезінде жүгіреді, ойнайды, әр нәрсеге көңілі бөлінеді. Сол көңіл
күйлерін басып, оқушылардың зейінін сабаққа аударып алуды мүғалім
ескермесе, оқушының өтіп жатқан материалды шала үғынуында дау жоқ.
Сондықтан да оқушының зейінін сабаққа аударуға мұғалім бар мүмкіндікті
пайдалануы керек. Бұларға қосымша сыныптағы жаттыгу жұмыстары мен
оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыстарына және олардың жаңа материалды
қалай ұғынғандарын жинақтау, қорыту жұмысына да күнбе-күн көңіл бөліп отыру
- оқушылардың сабақ үлгіріміне кепілдік береді.
Сабақты жүргізудің үшінші кезеңі үйге тапсырма беру. Ол сабақтың
негізгі бөлімінің бірі болып жоспарға енгізілуі керек. Өйткені оқушылардың
сабақты дұрыс үлгіруі, жаңа сабақты меңгеруі - үйлерінде істейтін жұмысының
нәтижелілігіне тікелей байланысты. Үйге тапсырма қоңырау соғылған кезде
үстірт, асығыс берілуі өте пайдасыз. Үйге тапсырманы үнемі сабақтың соңында
емес, жаңа тақырып түсіндірілісімен, сыныптағы жаттығу жұмыстарынан бүрын
да беруге болады. Үшінші жолы - жаңа тақырыпты түсіндірудің алдында беру.
Тапсырма берудің бүл түрін тақырыптың ыңғайына қарай қолданып отыру керек.
Тапсырма бергенде оқушылар тәртіпті отырып, ынталы тыңдасын.
Тапсырманың қашан, қалай орындалуына нақты нүсқау беріп, жақсылап түсіндіру
қажет. Балалардың ұққан-ұқпағанын білу үшін орташа не нашарлау оқитын
оқушыларға үйге қандай тапсырма алғандығын, оны қалай орындайтынын
айтқызған жөн. Немесе мұғалім тапсырманың орындалу жолын ауызша айтады не
тақтаға жазады.
Математикадан тапсырма бергенде мәтіндегі кейбір сөйлемдердің мәнін
ұгындырып жіберу керек. Есептің қиындық, жеңілдік жағын (оқушылардың
шығаруға шамасы келе ме?) мұғалім алдын ала ескеруге тиіс. Ал тіл
пәндерінен жаттауға өлең бергенде, оны қалай жаттау тәртібін, айту
техникаларын (қозғалыс, қимыл, дауыс ырғақтарын) түсіндіреді.
Оқушылардың үй тапсырмасын күн тәртібіне (режиміне) сәйкес орындауын
мұғалім күнбе-күн қадағалап отырса, құба-құп. Үй тапсырмасының сапалы
орындалуына оқушыларға үйде толық жағдайдың
жасалуы - басты шарт. Атап айтқанда: шамның жарық болуы, жарықтың сол
жақтан түсуі, жұмыс істейтін арнаулы орынның болуы, керекті оқу құрал-
жабдықтарымен қамтамасыз етілуі, сабақ даярлап отырғанда ештеңеге алаң
болмауы осының барлығы оқушының сабақты толық үлгіруін қамтамасыз етеді.
Оқушылардың сабақты үлгіруіне оқу құралдарының жеткілікті болып, оны орынды
пайдалана білу, сабақтан қалмауы он, әсер етеді. Қосымша сабақтар өткізіп,
сыныптан тыс жұмыстарды жолға кою, ең ақыр аяғында оқушылардың ата-
аналарымен педагогикалық түсінік жүмыстарын күнбе-күн іске асырып отыру
міндет. Тек сабақты қызықты, ұғымды етіп өткізбесек (педагогикалық,
дидактикалық әдістерді тиімді пайдалансақ), бұл міндеттің үдесінен
шығарымыз сөзсіз.

1.2 Бастауыш сыныптағы білім берудің жагдайы

Әліппе оқытудың кезеңдері: Бірінші кезең. Әліппе оқытудың бірінші
кезеңінде қойылатын міндет -а, о, ы, у дауысты және м, л, р, ш, н, с
дауыссыз дыбыстарымен таныстыру. Бүл дыбыстардың ерекшелігі - олардың созып
айтуға келетіндігі, сөздің ақаранда өзгермейтіндігі. Ал бүл жағдай осы
дыбыстарды сөз ішінен бөліп алуды және оларды қосып, буындар мен сөздер
құрауды жеңілдетеді.
Бұл кезеңде дыбысты ажыратудың ең қолайлы тәсілдері мынадай:
а) сөз ішіндегі немесе буындағы бөлінуге тиісті дыбысты анықтау
(көтеру және қатты айту); ә) сөздерді салыстыру; б) сөзді аяғына дейін
жеткізбей айту;
Жоғарыда көрсетілгендей, бірінші тәсілде таныстырылатын дыбысты
көтеріңкі дауыспен айтамын. Балаларға осы дыбыстар қатысқан сөздерді
айтып тыңдатамын. Дыбыстардың сөздің қай жерінде (басында ма, ортасында ма,
соңында ма) тұрғанын айыртамын.
Екінші тәсілді қолданғанда, екі сөзді бірінен соң бірін іле-шала
айтып, дыбысталуын салыстырамын. Бірақ салыстыратын сөздердің дыбыстары
оқушылар білетін дыбыстар болуы керек. Мысалы, "о" дыбысын айыру үшін
"ора", "ара" деген сөздерді аламын. Өйткені балалар бұған дейін "а", "р"
дыбыстарын үйренген болатын. Олар бұл сөздерді менімен бірге қосыла айтып,
бірлесіп талдаған кезде, бірінші сөз "о" джыбысынан, екінші сөз "а"
дыбысынан басталатын айырмашылығын табады.
Үшінші тәсіл - сөзді аяғына дейін жеткізбей айтып, балаларға бір затты (не
суретті) көрсетемін. Мысалы, нардың суретің көрсетіп, балаларға дауыстап
атын айтқызамын. Содан кейін өзім "нар" деген сөзді айтамын да, артынан
соңғы дыбысын тастап кетіп, "на..." деймін. Оқушылардан: "Сөзді толық
айттым ба?" деп сұраймын. Олар сөзді толық емес түрімен салыстырып, мен
тастап айтқан дыбысты аңғарып, өздері "р" деп толықтырады.
Сөз не буын ішіндегі дыбыстардың қалай айтылатынына көп көңіл
аударамын. Мысалы, "о" дыбысын айтқанда ерін дөңгеленіп алға шықпайды,
тілдің арты көтеріледі. Ал "а" дыбысын айтқанда ауыз кең ашылады, тілдің
үшы сәл көтеріледі, "р" дыбысын айтқанда, тілдің ұшы таңдайға тиеді де,
дыбыстауға керекті ауа қарқынды шығады. Дыбыс дірілдеп естілетінін айтып
(көрсетіп) түсіндіремін. Оқушылардың өздеріне бірнеше рет қайталатамын.
Дыбыстарды сөз, буын ішінен айыртқан кезде, қосымша дыбыс қатынастырмай,
тек өзін ғана жеке "с" деп "м" дыбысын "ом", "ым", "мы" демей, "м" деп
айтқызып үйретемін. Өйткені косымша дыбыстар қосып айтып үйрету -
оқушылардың хат тануына бөгет жасайды. Олар белгілі бір дыбыспен және оның
әрпімен танысып болғаннан кейін, сол дыбысты бүдан бүрын үйренген басқа
дыбыстармен (егер үйреніп отырған дыбысы дауыссыз болса, оны бұрын білетін
дауыстылармен, егер үйреніп отырған дыбысы дауысты болса, бүрын білетін
дауыссыздармен) қосып айтып көрсетемін. Мысалы, м-ма, л-ла, а-ал, о-ор,
т.б. Бұл жұмысты кеспе әліппенің көмегімен жүргіземін. Оқушылар кеспе
әліппе арқылы буын, сөз қүрастыруға жаттығады. Бұл жаттығу жұмыстарын дұрыс
жүргізу үшін, дыбыстардан буын және сөз құрастырудың үш тәсілін кең
қолданамын. Бірінші тәсіл - сөзді талдай барып, қайта құрастырамын. Мысалы,
"шана" сөзін буынға бөлдіремін және буынды қайтадан толық етіп айттырамын.
Содан кейін балаларға осы буынды кеспе әліппенің әріптерінен құрастырғызып
оқытамын. Екінші буынды да осылайша талдап барып, құрастырғызып оқытамын.
Содан кейін ғана сөздің өзін тұтас (шана) оқытамын.
Екінші тәсіл үқсастығына қарай дыбысты алмастыру. Мүнда оқушыларға таныс,
жаңа ғана оқып шыққан сөздің бір әрпін екінші әрпімен алмастырамын. Олар
үқсастығына қарап, екінші әріппен алмастырады, жаңа сөзді оқып шығады.
Мысалы, су-шу, сан-сана, мал-мол.
Үшінші тәсіл - толықтыру тәсілі.
Балалар "аш" деген сөзді құрастырып, оқып шығады. Осы сөздің алдына "ш"
әрпін қосып, оларға шықкан сөзді (шаш) оқытамын. Қайтадан "ш" әрпін алып
тастап, қалғанын (аш) оқытамын. Немесе әріпті сөздіңсоңына жалғастырғызып
та дағдыландырамын. Егер балалар "ал" деген сөзді оқып шықса, аяқ жағына
"а" әрпін қосып, "ала" сөзін алуды меңгертемін. Мысалы, ор-ора, шар-шара,
он-оны, т.б. Кеспе әліппені ыңғайлырақ ету үшін оларға екі түрлі жабдық
істетемін. Біріншісі дәптер тысына ұқсас қалың қағаздың ішкі екі бетіне
жиырма-жиырмадан қалталар жабыстырылады, оларда алфавиттегі әріптер
сақталады.
Екіншісі - ұзынша үш-төрт қатарға планка желімделінеді. Буын, сөз
құрастырғанда, әріптер осы планкаларға тізіледі. Осы екі жабдық әрбір
оқушыда болуын талап етемін. Өйткені бұл құралдар икемді және пайдалануға
өте қолайлы.
Ал буын, сөз құрастыруды көрнекі етіп көрсету үшін өзім ірі
әріптерден істелген кеспе әліппені қолданамын. Ірі кеспе әріптер арнайы
қалтада сақталады. Буын кестелері, әсіресе Әліппені өтудің алғашқы
кезеңдерінде жеке буынды көрсету (ша, ла, на), буынды толықтыру (ал-ала, ол-
сол), буынға буын қосып (ша, на-шана, ак-ақша, өт-өткір) сөз құрастыру үшін
пайдалы-ақ. Балалар сөзді, буынды оқығанда, оларды жатқа оқымай, әріптер
бойынша оқуын қадағалап отырамын. Бұл үшін балалардың қолында қағаздан
істелген көрсеткіштері болады. Олар бәрі қосылып, не жеке бір бала
әліппедегі мәтінді оқыған кезде: "Көрсеткіштеріңмен сол жақ бағанадағы
бірінші сөзді көрсетіңдер, бағанадағы үшінші сөзді оқыңдар,
көрсеткіштеріңмен екінші бағанадағы бірінші сөзді көрсетіңдер" деп айтып
отырамын. Мұның үстіне әрбір бағандағы сөздердің мағынасын түсіндіріп,
мүмкіндігі болса, сол сөзді білдіретін затты не оның суретін көрсетемін.
Әліппені оқытудың екінші кезеңі Екінші кезеңде балалар і, ә, е, ү, и, ө, ү
- дауысты дыбыстарын, т, қ, к, п, ж, ғ, б, д, й, з, г, ң - - дауыссыз
дыбыстарын үйренеді. Әліппені оқытудың бүл кезеңінде балалар ашық, түйық
буынға қосымша бітеу буынмен толық танысады. 1-кезеңде жуан буындармен
таныстырылса, 2-кезеңде жіңішке буындарды толық меңгертуге көңіл аударамын.
Ал дауыссыз дыбыстардың жіңішке екендігін білдіру үшін дауыстыдан тікелей
бүрын не кейін түрған дауыссыз дыбыстарды жіңішкертіп айтамын. Осылайша,
балаларға жіңішке дауыстының ықпалымен дауыссыздың жіңішке айтылатынын
аңғартамын. Мысалы, ке-ше, те-ре-зе. Көбінесе ашық буындарды қолданамын.
Өйткені буынның жуан, жіңішкелігін айыртуға ашық буын көп жеңілдік әкеледі.
Оқушыларға Әліппені оқытудың бұл кезеңінде балалар сөздерді буынымен оқудың
үстіне, сөйлемдер мен тұтас мәтіндерді оқып дағдыланады, түгелдей хат танып
болады. Әліппені оқытудың үшінші кезеңі. Әліппені оқытудың бұл кезеңінде
в, я, ю, х, ф, ч, э,ц, е, щ, һ дыбыстары мен ь, ъ таңбалары өтіледі.
Балалар бұл кезеңге дейін көптеген әріптерді танып, оларды сөзде, буында
айыра біледі, оқып жаттығады. Үшінші кезеңдегі әріптер ауызекі сөйлеуде
сирек қолданылатын дыбыстар, әріптер (термин сөздер) болып есептеледі. Бұл
әріптер көбінесе өндірістік, техникалық мәнді атауларда кездеседі. Олар
-көп буынды және дауыссыздар тіркесі бар сөздер.
Оқушылар бұл дыбыстарды жақсы игеру үшін ұзақ кақыт жаттығады.
Сондықтан негізгі талап әрбір дыбыстың айтылуын, жазылуын үйрету. Бүрыннан
таныс сөздерді үйрету, әліппедегі мәтінді оқыту. Өйткені бұл дыбыстар оқу
жылының екінші жартысынан бастап орыс тілі сабағында қайта оқытылады. Бұл
дыбыстарды үйреткенде, әліппені оқытудың бірінші кезеңіндегі сияқты
артикуляция әдісін кең пайдаланамын. Ішінде осы дыбыстар кездесетін,
оқушылар үшін таныс және түсінікті сөздердің тізімін жасатамын.
Оны үлкейтіп, қалың қағазға жазып, сынып бөлмесіне іліп қоямын. Мысалы:
В әрпіне - вагон, вокзал, вожатый;
Ф әрпіне - ферма, фабрика, телефон, футбол;
Ч әрпіне - чемпион, Чкалов, Мичурин, чемодан;
Ц әрпіне - цифр, цех, мотоцикл, полиция;
Э әрпіне - электр, элеватор, аэроплан;
Щ әрпіне - щетка, ащы, тұщы, щи, т.б.
Әріптерді дүрыс және көркем жазуға үйрету. Оқушыларды оқуға
үйреткендегідей, жазуға үйрету үшін де шеберлік керек. Оларды жаза білуге
үйретуде үш мақсатты еске аламын.
Бүлардың біріншісі - әріптерді жаза білуге және жеке әріптерді өзара қоса
білуге үйрету.
Екіншісі - әріптерді әдемі етіп, дұрыс жаза білуге дағдыландыру.
Үшіншісі балаларды жазу жүмысына өте үқыпты қарауға
дағдыландыру. Балаларға әріптерді таныстырмастан бүрын, әліппеге даярлық
кезеңнің өзінде, әріп элементтерімен түрлі сызық, өрнектерді қаламмен
жаздырамын. Бүған себеп оқушылар қаламды анық түсіреміз деп, саусақтарын
басып жазып дағдыланады. Оқушыларға дәптерді бірінші рет үлестіргеннен
бастап, дәптерлерін ата-аналары, мектеп басшылары қарап отыратынын,
дәптерлеріне қарап жүмыстары бағаланатынын және жыл аяғында дәптерлері
мектеп көрмесінде салыстырылатынын түсіндіріп отырамын. Жақсы дәптер иесін
сынып жиналысында басқаларға үлгі етіп, алғыс жариялаймын. Бүл әдіс ата-
аналарға қатты әсер етті: жалқау балалардың түзелуіне себепкер болды.
Оқушылардың таза, үқыпты ұстаған дәптерлерін және 1-сынып оқушыларына
арналған жазу үлгісін көрсетіп отырамын.
Бірінші дәптерді пайдаланғаннан бастап оларға дәптерді қалай ашу
мен пайдалануды да түсіндіремін. Әріпті жаздыраудан бұрын сөзге, буынға
талдау жасатамын. Әріптің элементтерін арнайы сызықтары бар сынып тақтасына
жазып көрсетемін. Сынып тақтасына жазылған әріп элементтерін көрсететін
көрнекі құралдарды пайдаланамын. Жазуды бастап жазарда қаламды жолдың қай
жеріне қойып, қалай жүргізу керектігін, әріп элементтерінің қайырмасын
қалай келтіруін (доғал, сүйір, ілгек) түсіндіремін.
Буынды немесе сөзді жазғанда әріптердің жалғасуына айрықша көңіл
бөлемін. Оқушылардың қаншалықты ұққанын анықтаймын. Бұл үшін бірнеше балаға
алдында көрсеткенімді сынып тақтасына жаздырып орындатамын. Қатесі болса,
түзетіп, қосымша нұсқаулар беремін. Сөз жазғанымда оның дәптер жолында
қалай орналасатынына көңіл аударамын. Өйткені оқушылар сөзді тасымалдауды
үйренбегендіктен, сөздің сыймаған бөлігін қайда жазатынын білмейді.
Сондықтан дәптердің жолына тұтас сыятын сөздерді іріктеп алып отырамын.
Жазуда қиналатын, жаза алмайтын не өте нашар жазатындарды назарымнан
шығармаймын. Оларға қалай жазуды қосымша түсіндіремін, дәптерлеріне бір рет
жазып көрсетемін, өз көмегіммен қаламсапты жылжытып жазғызамын, қарындашпен
өзім жазып беріп, оның үстінен сиямен жүргізу әдісін үйретемін.
Бір буынды немесе бір сөзді қайта-қайта, 4-5 жолға жаздырудан аулақ
боламын. Өйткені бұдан нәтиже кем шығатынына көзім жетті. Буынды, сөзді
немесе жаңа сөйлемді сұрыптап алғанда, әрбір жаңа жолға буын немесе жаңа
сөз, не болмаса сөйлем жазылатындай етіп аламын. Қиындығына қарай тек жеке
әріптерді ғана 2-3 жолға жаздырамын. Осылай еткенде жазу жүмысы түрленіп,
балалардың ынтасы артатын болады. Бала бір жолға бір сөзді толтырып, келесі
жолға жаңа сөз жазатын болса, бірінші рет жазатындай ықыласпен толтырады.
Егер екінші, үшінші жолдарға да бірінші жолға жазғанды жазатын болса, бүл
баланы жалықтырып жібереді де, ол асығатын болады. Мұнымен қатар әр жолға
жаңа буын немесе жаңа сөз жазғанда оқушылар әріптердің әр түрде жазылатынын
аңғаратын болады. Мысалы, ар, шар, ал, алма дегенде, әріптер бір-біріне
калай жалғасатынына жаттығады. Жаздыратын буын, сөздерді дыбыстарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаны ластанудар қорғау жолдары
Экология есептерін компьютерлік модельдеу
Химия және табиғатты қорғаудың экологиялық мәселелері
Орта мектепте экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұны, түрлері мен әдістері
Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің дамуы
Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты
Оқытудың педагогикалық теориялық негіздері мен инновациялық педагогикалық технологияның ерекшеліктері
ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие
Химия курсын дәстүрлі оқыту технологиясы
Пәндер