Баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие

М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе

І. Қазақ этнопедагогикасындағы эстетикалық тәрбиенің теориялық
негіздері.
1.1. Қазақ халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие бойынша шыққан
әдебиеттерге шолу.
1.2. Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің мәні мен
міндеттері.

ІІ. Бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогика негізінде эстетикалық
тәрбие беру әдістемесі

2.1. Халық ауыз әдебиеті, ұлттық ойындар – эстетикалық тәрбие беру
құралдары.
2.2. Халықтың музыкалық шығармашылығы мен сәндік-қолданбалы өнерінің
эстетикалық тәрбиедегі көрінісі.
2.3. Бастауыш сынып оқушыларына оқу-тәрбие үрдісінде эстетикалық
тәрбие беру жолдары.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

К І Р І С П Е

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан елінің ел болуы ана тілінен ,
салт дәстүрінен мәдениетінен, тарихынан өз жастарына тәлім тәрбие беруінен
бастау алады
Мұндай көзқарасты өткенге оралу емес, қайта олардың рухани дүниесін,
ұлттық сана сезімін , тіл мен ділін, бауырмалдық қадір қасиетін жаңғырту,
қалыптастыру идеясын басшылыққа алу деп түсіну қажет.
Біздің ұлттық намысты басқа бір ұлт оятпайды, оған өзімізді -өзіміз
тәрбиелеу арқылы жүзеге асыруымыз қажет. өткен ғасырдың танымал жазушысы
Глеб Успенскийдің Интеллигент –это человек который несет свет-деген
пікірі зиялы адам рухының қоғамдағы маңыздылығына айрықша мән
бергендігінде. Сондықтанда адам факторын жандандыру міндетін белсенді шешу
мәселесі тікелей зиялылықты қалыптастырудан процесімен байланысты.
Зиялылық –білімділік, тәрбиелілік, мәдениеттіліктің бірлігі. Ол
жастардың эстетикалық мәдениетін қалытастырудан бастау алады .
Эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең
жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі
әдемілік атаулыны бағалай, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты
қалыптастырады. Оқушыларда бастауыш мектепте-ақ эстетикалық тәрбие берудің
негізі қаланады. Ал негізгі, орта мектептерде эстетикалық тәрбие берудің
мүмкіндіктері кеңейе түседі. Тәрбиенің бұл саласына қойылатын міндеттерге
тарих пәні ойдағыдай үлес қосады. Бастауыш мектепте оқыту барысында
эстетикалық тәрбие берудің міндеті-оқушыларды тарихи құбылыстардың, әсіресе
, өнер туындыларын қабылдап,түсіне білу, оны бағалай білу қабілетін
қалыптастыру түрлі қоғамдық құбылыстарға эстетикалық тұрғыдан қарауды
үйрету. Тәрбиенің бұл саласын оқытып, үйретуде тарихтағы адамның қызметін
ашып көрсетуге, мәдениетке, күнделікті тұрмысқа қатынасын көрсетуге баса
назар аударылады. Эстетикалық тәрбие басқа салалар мен, әсіресе, саяси,
адамгершілік , еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты. Адамдарда эстетикалық
сезім сонау ежелден-ақ қалыптаса бастаған. Ертедегі адамдар тіршілік ету
үшін қолайлы мекендер іздегенде, табиғаты бай, әрі көркем де көрікті
жерлерді іздеген. Табиғаттың жанға жайлы құбылыстары (күннің жылылығы,
ашықтығы, ауа райының қолайлығы) олардың көңілін жадыратып, бойларын қуаныш
сезім билеген, ал бұған керісінше, табиғаттың қолайсыз құбылыстары (қатты
дауыл, суық аяз, жауын-шашын) оларды ренжіткен. Сол сияқты адамдар атқарған
жақсы істер,ерлік пен батырлық, оларды қуанышқа бөлесе, трагедиялық,
қайғылы жағдайлар оларды ренжіткен. Бұлардың бәрін ертедегі адамдардың
тасқа салған белгілерін, суреттерінен, олардан қалған аңыз-әңгімелерден,
ертегілерден, өлең-жырлардан байқауға болады.
Тарих бағдарламаларындағы оқу материалын алдын-ала мұқият қарап
талдасақ, эстетикалық тәрбиеге тікелей қатысты материалды дұрыс іріктеп,
сабақта тиімді әдіс, тәсілдерді пайдалансақ , шәкірттерімізді
сезімталдыққа, жақсыны, әдеміні, көркемді сезе білуге, оны сақтай,
құрметтей білуге тәрбиелейміз, оларда эстетикалық тәрбиенің қалыптаса
түсуіне лайықты үлес қосамыз.
Қазақстан елінің егеменді ел болуы ана тілінен, салт-дәстүрінен,
мәдениетінен , тарихынан өз жастарына тәлім- тәрбие беруінен бастау
алады. Мұндай көзқарасты өткенге оралу емес, қайта олардың рухани дүниесін
, ұлттық сана- сезімін, тілі мен ділін, бауырмалдық қадір-қасиетін
жаңғырту, қалыптастыру идеясын басшылыққа алу деп түсіну қажет.Біздің
ұлттық намысты басқа ұлт оятпайды, оған өзімізді-өзіміз тәрбиелеу арқылы
жүзеге асыруымыз қажет. Осы орайда аға ұрпақтың, оның ішінде зиялы
қауымның қосар үлесі, жауапкершілігі мол болмақ.
Өткен ғасырдың танымал жазушысы Глеб Успенскийдің: Интеллигент-это
человек, который несет свет- деген пікірі зиялы адам рухының қоғамдағы
маңыздылығына айрықша мән бергеніндігінде. Сондықтан да адам факторын
жандандыру міндетін белсенді шешу мәселесі тікелей зиялылықты қалыптастыру
процесімен байланысты. Ол жастардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудан
бастау алады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан
халықтары Ассамблеясының үшінші сессиясында сөйлеген сөзінде зиялы қауымның
қоғамдағы атқаратын қызметіне үлкен мән беріп, былай дейді: Өзіміздің
зиялы қауым туралы әңгімеге айрықша тоқталғым келеді. Қоғамда тарихи-
рухани және мәдени байланысты қамтамасыз ететін басқа тап жоқ. Мәдениет ең
алдымен жәдігерлік, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші-біздің зиялы қауым .
Халықтық педагогиканы, оның идеяларын, ұғымдарын, әдіс-тәсілдерін,
тәрбие құралдарын жас ұрпақты жан-жақты, ең алдымен, эстетикалық тәрбиеге
пайдалану шарттарын терең зерттемейінше, бұған жету мүмкін емес.
Қазақстандағы эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы халықтың сан
ғасырлық тарихымен, тұрмыс-тіршілігімен және мәдениетімен тығыз байланысты.
Адамдардың сырт тұрпатында, қарым-қатынастарынд киім-кешегі мен үй-
жайларында, өндірген заттарында, тілі мен өнер туындыларында-осының
бәрінде эстетикалық мәдениеттің, эстетикалық талғам мен ұғымдардың
ерекшкліктері мен принциптері көрінетіні даусыз. [1]
Қазақтың халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие күні бүгінге
дейін арнайы педагогикалық зерттеу нысанасы болған емес еді. Оның үстіне
мектеп практикасын талдау да эстетикалық тәрбиені халықтық дәстүрлер
құралдарымен жүргізудің қажеттігін айғақтай түседі. Осы арада мынадай
субъективті фактордың да бар екенін айта кеткен орынды.: көптеген
педагогтар мектеп оқушыларын эстетикалық тәрбие берудегі халық
дәстүрлерінің сарқылмас мүмкіндіктерін жете бағалай бермейді. Мұның бәрін
тұтас алғанда оқушыларды эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуге халықтық
педагогика құралдарын пайдалану жөніндегі тоериялық жағынан негізделген
ғылыми-теориялық ұсыныстардың жоқтығымен түсіндіруге болады. Сөйтіп, ұлттық
сана-сезім өсуінің объективті процесі мен қазақ халық пеагогикасының
мүмкіндіктерін ғылыми тұрғыдан білудің арасындағы, мемлекеттілік жағдайында
ұлттық мұраға бағдар ұстай тәрбиелеудегі мектеп практикасының қажеттілігі,
оқу-тәрбие процесінде қазақтың халықтық педагогикасын пайдалану жөніндегі
ғылыми практикалық ұсыныстар мен дидактикалық кешендердің жоқтығы
арасындағы қайшылық айқын көрінеді.
Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие бере отырып, жаңа қоғам
талабына сай жоғары эстетикалық талғам, өнер шығармаларын, табиғаттың
сұлулығы мен байлығын түсініп, әдебиеттің, музыканың, бейнелеу өнерінің
тынымдық және тәрбиелік күші арқылы баланың бойында эстетикалық білімді
қалыптастыру. Қазақтың халықтық педагогикасы арқылы яғни, ауызша
поэтикалық, музыкалық және сәндік – қолданбалы өнер арқылы ұлттық
мәдениетке бағдарлауды күшейту. Осы мәселелер біздің өз жұмыс тақырыбымызды
Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің маңызы-деп
атауымызға себеп болды.
Зерттеу мақсаты . бастауыш сынып оқушыларына көркемдік білім
беру, өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін
қалыптастыру.
Зерттеудің объектісі:
Оқу тәрбие жүйесінде эстетикалық тәрбие беру процесі.
Зерттеудің болжамы :
Әдемілікті сую, оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім.
Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ, үндестік, музыка мен
әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеру қажет. Осыған
байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, байымдай және бағалай
біледі.
Жұмыстың жетекші идеясы:
Пән аралық байланыс арқылы бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық
білім және тәрбие беру. Эстетикалық сана және сезімін қалыптастыру. Көркем
шығармалардың мазмұнын түсінуге, өнер шығармаларын саралап бағалауға
үйрету.
Жұмыстың әдістері:
Педагогика психологиялық, әдістемелік және арнаулы әдебиеттерге
теориялық талдау жасай отыра, мектепте және сыныптан тыс жұмыстарда
эстетикалық тәрбиенің даму процесінде ана тілі мен ән айту мен музыка,
бейнелеу өнері арқылы эстетикалық ықыластықты тәрбиелеудің ең бір күшті
әдісі – оқу мәдениетін дамыту, көркем шығармаларды бағалай білуге тәрбиелеу
және өнертану білімдері саласынан мағлұмат беру.
Зерттеу кезеңдері .
Бірінші кезеңде ( 2003) ж.педагогикалық , психологиялық әдебиеттер
талданып ,оқыту үрдісінде мектептен және сыныптан тыс жұмыстарда
эстетикалық тәрбие беру жағдайы анықталды.
Екінші кезеңде (2004) ж. Эстетикалық тәрбие бойынша алынған білімдер
жиынтығы талданып,бастауыш сынып оқу –тәрбие үрдісінде эстетикалықтәрбиелеу
бағытында іс-шаралар ,басқа да тәрбие бағыттарымен байланысты түрде
жүргізіле басталды, балалардың эстетикалық мәдениетінің қалыптасуына
жағдай туғызу мәселесі ұйымдастырылды.

І. Қазақ этнопедагогикасындағы эстетикалық тәрбиенің теориялық негіздері.

1. Қазақ халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие бойынша шыққан
әдебиеттерге шолу.

Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың эстетикалық тәрбие саласында арнайы
еңбектер жазып қалдырмағаны белгілі. Алайда, олар өздерінің саяси-қоғамдық,
ғылыми және әдеби еңбектерінде қазақ халқының эстетикалық мәдениетінің,
өнерінің Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің даму барысына аса көңіл
бөлді. Халық шығармашылығын жинап зерттеу арқылы қазақтардың эстетикалық
талғам деңгейін, болмысқа деген эстетикалық көзқарасын көрсете білді,
эстетикалық тәрбиеге байланысты көптеген құнды пікірлер айтты. [ 1]
Қазақ ағартушыларының эстетикалық көзқарастары мен орнықты пікірлері
халықтың дүниетанымдық көзқарастарымен тығыз байланыстылығы сол өздері өмір
сүрген дәуірдегі тарихи жағдайлардан туындап отыр. Ол-заңды құбылыс. Бұл
жердегі басты мәселе ағартушылардың эстетикалық тәрбиені жан-жақты, жүйелі
талдап зерттеуінде емес, керісінше мүмкіндігінше сол проблемалар жайлы сөз
қозғап, өз көзқарастары мен пікірлерін айтып тұжырымдауында жатыр.
Қазақтың ұлы ғұлама ғалымы Шоқан Уәлиханұлы өзінің аз ғұмырында
көптеген баға жетпес құнды еңбектер қалдырды.
Оның ағартушы ретінде айтқан ой-пікірлері, кейбір ескертпелері мен
болжамдары қазақ халық шығармашылығына байланысты. Мысалы, поэтикалық
өнерінің адамгершілік тәрбиесіне ықпалы туралы пікірін өлең, мақал-
мәтелдер, эпостар жинағынан кездестірсек, өнердің эстетикалық тәрбиедегі
рөлі жайлы пікірін ән-күй мен архитектуралық құрылыстар суреттемелерінен
көреміз. Сондай-ақ табиғаттың да адамгершілік-эстетикалық тәрбиесіне деген
пайдасы оның күнделіктерінде, сапарнама тұрғысынан жазған еңбектерінде
тұжырымды берілген.
Шоқан Уәлиханов ауызекі шығармашылық арқылы халықтың болмысқа деген
эстетикалық көзқарасын, талғамын, эстетикалық сезімін көрсете білді. Ол
әсіресе 1856 жылы атақты Жанақ ақыннан естіп, жазып алған Қозы Көрпеш-Баян
сұлу эпосының поэтикалық көркемдік ерекшелігін жоғары бағалады.
Шоқан өзінің зерттеу еңбектерінде жинаған ауызекі шығармашылығы арқылы
халықтың арман-тілегін, тұрмыс-қарекетін, көзқарасын баяндады, ұмытылып
бара жатқан мәдени дәстүрлерге (поэтикалық, музыкалық, сәндік-қолданбалы
өнер т.б.) көңіл аударып, оны халық эстетикалық тәрбиенің құралы, әдіс-
тәсілі ретінде пайдаланғанын көрсетті. Олардың қай дәуірде болмасын
құндылығы жойылмайтынын, әрқашан халық үшін, жеткіншектер тәрбиесінің
игілігі үшін қызмет ететінін өзінің көзқарасы, ой-пікірі, қатынасы арқылы
дәлелдеді. [2]
өзінің барлық педагогикалық теориясында жас-жеткіншектердің
эстетикалық тәрбиесін қалыптастырып, жетілдіпуде қазақ халқының ғасырлар
бойы тәрбие саласында жиған бай тәжірибесін негізге алу қажет деген пікірді
ұстағандардың бірі-Ыбырай Алтынсарин.
Оның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына, халқына, халық мұрасына:
ауызекі шығармашылыққа, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге деген сүйіспеншілігінің
артуына, эстетикалық талғамы мен сезімінің дамуына өскен ортасы (табиғат,
отбасы, туыс-достар, өнер адамдары т.б.) әсер етті. Әсіресе, қазақтың
мәдениетін, өнерін терең білетін, ақыл-парасаты жоғары, сөзге шешен, елге
сыйлы атасы Балқожаның ықпалы ерекше болды.
Қазақ хрестоматиясына енгізілген ауыз әдебиетінен жинаған
материалдардың мазмұны тек қана танымдық, адамгершілік, өнегелік және
ақылгөйлік сипатқа ғана емес, ол сондай-ақ жоғары эстетикалық талғамның жан-
жақты қалыптасып дамуына, әдемілікті түсіне білуге, нағыз сұлулықты сыртқы
жылтырақтардан ажырата білуге тәрбиелейтін ықпалымен де құнды.
Ыбырайдың халықтың ғасырлас бойы жинақтаған тәжірибесін хрестоматияға,
басқа да ғылыми шығармаларына еркін енгізуі-халықтың арман-тілегін, рухани
байлығын жетік меңгергені, тәрбиені ойдан немесе жаңадан іздемей, халықтың
қайнар рухани бұлағынан көре білгендігі деп түсінуге болады. Оның өсиеті
балалар мен жеткіншектерді оқу-білімге еңбек етуге, өмірдегі бар
жақсылықты, әдемілікіті, сұлулықты дұрыс қабылдауға, оған қуана білуге
шақырады.
Ұлы Абай балалар мен жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беруде халық
мұрасының тәрбиелік күшін жоғары бағалаған. Ол эстетикалық тәрбие саласында
арнайы еңбек қалдырмағанымен, өзінің мен қара сөздерін.е халықтың мақал-
мәтелдерін, нақыл сөздері мен салт-дәстүрлерін орынды пайдалану арқылы
балалар мен жеткіншектердің болмысқа деген эстетикалық көзқарасының,
талғамының, сезімінің қалыптасуына ықпал етеді.
Халықтың ауызекіә шығармашылығын Абай өзінің педагогикалық идеяларын
таратуда әсіресе, адамгершілік –эстетикалық тәрбиесін жүзеге асыруда
қажетті құрал ретінде пайдаланады.
Мәселен, қарасөздерінде мақал-мәтелдерді талдау, ертегі, аңыз
сюжеттеріне, салт-дәстүрлерге тоқталу, адамдардың әдеп-инабатын,
мәдениеттілігін сипаттау арқылы балалар мен жастарды адамгершілікке баулып,
ақыл-кеңес береді.
Жастарға адам баласының сыртқы сұлулығы мен ішкі жан дүниесінің
үйлесімділікте болғаны дұрыс екенін ескерте отырып, Абай өзінің Он
сегізінші сөзінде адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп... таза
кимек дұрыс іс, ал өз дәулетінен артық киінбегі, не киімі артық болмаса
да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ- кербездердің ісі деп
түсіндіреді. Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, сақал-
мұртын, мүшесін, жүрісін қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп,
қолын атарқтап әуре болмақ. Біреуі атын, киімін айран ішерім деп,
солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атнбаққа, өзінен ілгерілерге
елеулі болып, өзі қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейінгілерге әттең
дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар
екен? дейтұғын болмаққа ойланбақ. [7]
Балалар мен жастардың әсемдікке, сұлулыққа деген көзқарасын
қалыптастыруда Абай өлеңдерінің рөлі ерекше. Қуатты ойдан бас құрап,
еркеленіп шығар сөз деп ұлы ақынның өзі айтқанындай, оның өлеңдері туған
жердің сұлу табиғаты, қазақ ауылының көріністері, адамадардың көңіл-күйі
сан алуан сезімдерімен ұласып музыка үніндей естіледі. Мұндай суреттемелер
Жаз, Күз, Жазғытұрым, Желсіз түнде жарық айт.б. өлеңдерінде
ерекше әсерлі көрсетілген.
Осы жоғарыда айтылғандардың бәрі ғұлама ағартушы идеясының, ой-пікірі
мен ақыл-өсиетінің өміршеңдігін, жаңашылдығын көрсетеді. Олар әсіресе
бүгінгі таңда қоғамның жаңаруы, демократиялануы процесінде, еліміздің
егемендік алып, тарих қайта құралып жатқан кезде жеткіншек ұрпақтың
адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын қалыптастыруда маңызды рөл
атқара түсуге тиіс.
Осындай ұрпақ тәрбиелеп шығаруда иатаһбабамыздан қалған дәстүрлі
эстетикалық тәрбие беру саласында соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттер
көптеп шыға бастады.
Соның бірі С. Ұзақбаеваның Тамыры терең тәрбие атты еңбегінде
халықтық педагогиканың әдіснамалық және функцоиналдық мәні негізделіп,
оның педагогика ғылымдарының құрамдас бөлігі ретіндегі ұғымы ашылып
беріледі. Ұлттыұ мәдениет негізінде жеке адамды тұтастай эстетикалық
жағынан қалыптастыру прорцесі көрсетіледі. Оқу-тәрбие тәжірибесіне
қазақтың халықтық предагогикасы идеяларын енгізу жөнінде бағдарламалар,
әдістемелік нұсқаулар талдап жасалады.
С. Қалиев Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі атты
еңбегінде халықтық педагогикасын ауыз әдебиетіндегі көріністері бойынша
қарастыруға талап жасаған. Соның ішінде қазақ халқының өз ұрпақтарын адал
да еңбек сүйгіш, өнегелі де өнерлі, парасатты азамат етіп тәрбиелеуде
ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін ғасырлар бойы қалай пайдаланып келгені, оны
бүгінгі қазақ мектептерінде оқу-тәрбие барысында қолданудың тиімді жолдары
сөз болады. Автор: Халықтың асыл мұрасы – ауыз әдебиеті үлгілерін оқып
зерттей отырып, біріншіден, оның көшпелі қазақ елінің ежелгі салт-
санасы, әдет-ғұрпы, тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланыста туғанын білсек,
екіншіден, халықтың ой-парасатының адамды тәрбиелеуге арналғанын көреміз,
үшіншіден, халықтық педагогикалық көзқарасының ауыз әдебиетімен бірге
туып, бірге қайнасып келе жатқан әлденеше ғасырлық көне тарихының барлығын
байқаймыз, төртіншіден, ғылымы мен мәдениеті ерте дамыған орыс, батыс
елдеріндегідей сан-салаға тармақталған медицина, психология, философия
және педагогика ғылымдары төңкеріске дейін жеке ғылым болып өсіп жетілмеген
қазақ елінде бұл ғылымдар жөнінде халықтың ой-пікірінің ауыз
әдебиетінен тұтасқан түрде көрініс тапқанын көреміз деген қорытынды
жасайды.
Б. Әлмұхамбетовтың кандидаттық дисертациясы да белгілі дәрежеде
қызығушылық тудырады. Ол ауылдық мектептердің сынып оқушыларына ұлттық
бейнелеу өнері құралдарымен эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеудің мазмұны мен
әдістемесін жасауға және осының негізінде олардың эстетикалық тәрбиесін
жетілдіруге арналған. Бұл жұмыста автор көркем кәсіпшіліктің даму
кездерін егжей-тегжейлі қарастырып, ою-өрнектің өзіндік ерекшеліктерін,
жіктелуін, композициялық заңдылықтырдың форма түзуі және өзіндік
ерекшеліктерін зерттеп, халық дәстүрлері негізінде бейнелеу өнері
сабақтарының циклін жасайды.
Р. Дүйсенбінованың еңбегінде қазақтың халық әндерінің тәрбиелік
мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне тоқталады, белгілі ғалым-зерттеушілердің
ән-жырлары бойынша жасаған жіктеулеріне талдау жасай келіп, солардың
негізінде педагогикалық жіктеуді ұсынады.
Еңбектің тағы бір құндылығы – автор бұл проблеманы жүйелі түрде
шешуге талпынған. Тиімді әдіс-тәсіл, жұмыс формаларын пайдалана отырып,
сол сияқты балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып Қазақ халқының ән
және әншілік өнері факультативтік курсы бағдарламасын, халық әндерін
пайдалану жөнінде әдістемелік нұсқаулар мен хрестоматия жасаған. Оның
музыкалық-эстетикалық тәрбие үшін тиімділігін эксперименттік тұрғыда
дәлелдеген. Бағдарлама Елім-ай ән-күй сабағының мазмұндылығымен
тартымды, онда Елім-ай бағдарламасындағы олқылықтар толығымен
ескерілген.
С. Ұзақбаеваның ғылыми жетекшілігімен жасалған Т. Қышқашбаевтың
зерттеу жұмысы бүгінгі күні талаптарына сай жасалған. Одан қазақтың
домбыра өнерінің әлеуметтік-педагогикалық мәні бірінші рет ашылып, мектеп
оқушыларын музыкалық-эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеудің проблемаларына
тарихи хронологиялық талдаулар жасаған. Оның үстіне Елім-ай
бағдарламасының құрамдас бөлігі ретінде домбырада ойнауға үйрету
бағдарламасының мазмұндық жағына талдаулар жасалып, домбырада ойнау
шеберлігі кезең-кезеңімен қалыптастыру әдістемесі берілген, сондай-ақ
төменгі сынып оқушыларын музыкалық оқыту процесінде бағдарламаны енгізу
жөніндегі әдістемелік нұсқаулар әзірленген. Бағдарлама бойынша
хрестоматия жасалған, яғни аспаптық музыкаға оқыту процесінде төменгі
сынып оқушыларын музыкалық-эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеудің дидактикалық
кешені әзірленген.
Эстетикалық тәрбие де тәрбиенің басқа салаларындай оқу, білім,
тәрбиенің басқа түрлерімен тығыз байланыста, біртұтастықта қарастырылады.
Этетикалық тәрбие –болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс
қабылдау және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау және
эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды тәрбиелейтін, өнерде және өмірде
сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін қажетсінуін қалыптастыратын жалпы
тәрбиелер саласының құрамдас бөлігі. Эстетика-өмірді сезім арқылы біліп
танудың негізгі жолы (Қазақ совет энциклопедиясы. Алматы 1678 ж. Т-12.
464).
Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі,
өмірдегі, отбасындағы, сабаққа дайындалу, сабақта, оқу барысындағы ең
жақсыны қабылдау, ләззат алу барысында қалыптасады.
Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге
үйретеді, өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, жақсы мен жаманды
ажырата білуді қалыптасытрып ұсқынсыз, жағымсыз нәрсені танытады.
Эстетикалық тәрбиенің методологиялық негізі диалектико-материалистік
көзқарас. Ол өмір мен өнердегі эстетиканың мәнін ашады, адамның ортаны
эстетикалық тұрғыда меңгеруіне қажетті деген негізгі принциптерін
зерттейді, көркем шығармашылық заңдарын тексереді.
Эстетика тек заттардың өзіне және шындық құбылыстарына тән, ол біздің
түсінігімізге де, қоршаған ортаға деген қатынасымызға да байланысты емес.
Ортаны эстетикалық тұрғыда меңгерудің субъективті жағы болып эстетикалық
сезім, талғам, баға,әсерленушілік ой-сана, армандар, осылардың жиынтығы
ретінде сана алға шығады, эстетикалық мұратқа жетелейді.
Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар:
1. Эстетикалық сезімді, эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Әдемілікті
сезіну, көру әр адамда әр түрлі. Сондықтан оқушыларды әдемілікті сезу
үшін бейнелеу өнері, ән-музыкадан білімге үйрену. Білім арқылы оқушы
сұлулықты бағалап, әдемілікті түсінеді.
2. Эстетикалық ұғымды, пайымдауды, баға беруді қалыптастыру. Бұл жерде де
білім керек. Бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ, үндестік, музыка,
әндегі дыбыстарды өнер әдістері туралы білімді терең игеруі қажет.
3. Эстетикалық танымды қалыптастыру. Эстетикалық таным арқылы эстетикаға
баға бере алады. Эстетикалық таным-бұл өмірдегі, еңбектегі және
табиғаттағы сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу,
өнер үлгілерін қабылдаумен, шығармашылықпен байланысты іс-әрекет
мүмкіндік береді.
4. Баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп, оның
заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған
айналаға өзгеріс жасауы қажет. өмірге енген эстетика (еңбек, табиғат
эстетикасы,адамадар қатынасы, отбасы эстетикасы) адамды сүйсіндіреді.
Балаларды осы арқылы ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал
тыңдаушы болуға үйретеміз. Бұл жерде түрлі әдеби, музыкалық
шығармаларды пайдаланған жөн. Баланың эстетикалық мәдениеті және
белсенділігі біртұтас педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның
барлық еңбегі демалыс эстетикалық бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол
өміріне әдемілік элементтерін енгізе алады.
5. Эстетикалық тәрбиенің тағы бір міндеті-өнер және әдебиет салаларында
балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту, балалардың
қабілетін барынша ашу. Осы бес міндет эстетикалық тәрбиені дамытуда,
балалардың бойына дарытуға өз үлесін қосады.
Эстетикалық тәрбиенің басты құралдары-әдебиет, өнер. өнер мен әдебиет
адам санасына белгілі көзқарастарды әр түрлі құралдар арқылы: әдебиет,
театр, кино, теледидар,музыак, кескіндеме (пейзаж, баталия), мүсін
Т.Б. көркем туындылар арқылы баланың санасына әсер етіп
қалыптастырады.

1.2. Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің мәні мен
міндеттері.
Эстетикалық тәрбие де тәрбиенің басқа салаларындай оқу, білім,
тәрбиенің басқа түрлерімен тығыз байланыста, біртұтастықта қарастырылады.
Этетикалық тәрбие –болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс
қабылдау және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау және
эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды тәрбиелейтін, өнерде және өмірде
сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін қажетсінуін қалыптастыратын жалпы
тәрбиелер саласының құрамдас бөлігі. Эстетика-өмірді сезім арқылы біліп
танудың негізгі жолы (Қазақ совет энциклопедиясы. Алматы 1678 ж. Т-12.
464).
Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі,
өмірдегі, отбасындағы, сабаққа дайындалу, сабақта, оқу барысындағы ең
жақсыны қабылдау, ләззат алу барысында қалыптасады.
Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге
үйретеді, өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, жақсы мен жаманды
ажырата білуді қалыптасытрып ұсқынсыз, жағымсыз нәрсені танытады.
Эстетикалық тәрбиенің методологиялық негізі диалектико-материалистік
көзқарас. Ол өмір мен өнердегі эстетиканың мәнін ашады, адамның ортаны
эстетикалық тұрғыда меңгеруіне қажетті деген негізгі принциптерін
зерттейді, көркем шығармашылық заңдарын тексереді.
Эстетика тек заттардың өзіне және шындық құбылыстарына тән, ол біздің
түсінігімізге де, қоршаған ортаға деген қатынасымызға да байланысты емес.
Ортаны эстетикалық тұрғыда меңгерудің субъективті жағы болып эстетикалық
сезім, талғам, баға,әсерленушілік ой-сана, армандар, осылардың жиынтығы
ретінде сана алға шығады, эстетикалық мұратқа жетелейді.
Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар:
6. Эстетикалық сезімді, эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Әдемілікті
сезіну, көру әр адамда әр түрлі. Сондықтан оқушыларды әдемілікті сезу
үшін бейнелеу өнері, ән-музыкадан білімге үйрену. Білім арқылы оқушы
сұлулықты бағалап, әдемілікті түсінеді.
7. Эстетикалық ұғымды, пайымдауды, баға беруді қалыптастыру. Бұл жерде де
білім керек. Бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ, үндестік, музыка,
әндегі дыбыстарды өнер әдістері туралы білімді терең игеруі қажет.
8. Эстетикалық танымды қалыптастыру. Эстетикалық таным арқылы эстетикаға
баға бере алады. Эстетикалық таным-бұл өмірдегі, еңбектегі және
табиғаттағы сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу,
өнер үлгілерін қабылдаумен, шығармашылықпен байланысты іс-әрекет
мүмкіндік береді.
9. Баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп, оның
заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған
айналаға өзгеріс жасауы қажет. өмірге енген эстетика (еңбек, табиғат
эстетикасы,адамадар қатынасы, отбасы эстетикасы) адамды сүйсіндіреді.
Балаларды осы арқылы ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал
тыңдаушы болуға үйретеміз. Бұл жерде түрлі әдеби, музыкалық
шығармаларды пайдаланған жөн. Баланың эстетикалық мәдениеті және
белсенділігі біртұтас педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның
барлық еңбегі демалыс эстетикалық бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол
өміріне әдемілік элементтерін енгізе алады.
10. Эстетикалық тәрбиенің тағы бір міндеті-өнер және әдебиет салаларында
балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту, балалардың
қабілетін барынша ашу. Осы бес міндет эстетикалық тәрбиені дамытуда,
балалардың бойына дарытуға өз үлесін қосады.
Эстетикалық тәрбиенің басты құралдары-әдебиет, өнер. өнер мен әдебиет
адам санасына белгілі көзқарастарды әр түрлі құралдар арқылы: әдебиет,
театр, кино, теледидар,музыак, кескіндеме (пейзаж, баталия), мүсін
Т.Б. көркем туындылар арқылы баланың санасына әсер етіп
қалыптастырады.

Эстетикалық тәрбие баланың жас кезеңдеріне байланысты әр түрлі дамиды.
Оның өзі баланың белгілі бір нәрсеге әсерлену сезімімен байланысты.
Бастауыш сыныптардағылардың байқампаздығы айқындалы түседі, сурет
салуға, желімдеуге, музыкаға деген қызығушылық, бояулардың түрлерін,
әртүрлі формаларды, сызықтарды айыра білу, естіген әуенін еске түсіру
қалыптасады. Заттың эстетикалық жағына бала тек әуестік, танып білу,
қызығушылықтан ғана көңіл аударады. Сонымен бірге осы жастар балада белгілі
бір форманы мазмұнымен бірге қабылдау қабілеті жетіледі, музыканың, сөздің,
бояудың әсерін түсінеді. Күнделікті музыкамен, сурет салумен, оқумен
айналысуы оның эстетикалық тәрбиесінің негізін қалауына ықпалын тигізеді.
Бастауыш сыныптағы баланың алғаш әсері, оның көркемдік әрекеттері дұрыс
түсініп ұғынуына түрткі болады. Алайда бұл жаста баланың ықыластылығы
тұрақсыз болады, ұзақ мерзім. өнер шығармаларымен танысу, тіпті өнермен
айналысу оны тез жалықтырады. Көркем творчествоның нәтижесінен әсері
сурет салу, желімдеу, музыка процесі қызықтырады, ал эстетикалық
құбылыстарды бағалауы белгілі бір жағдайларда ғана байқалады. Баланың өзін
- өзі тәрбиелеуінің алғашқы сатысы жеткіншек сатысы болып табылады. Бұл
жаста ол белгілі мөлшердегі көркем шығармалардың мазмұнын түсінуге
тырысады, білім деңгейін кеңейтеді, қоршаған ортадан эстетикалық тәжірибе
жинайды, өмір құбылыстары мен өнер шығармаларын саралап, өздігімен
бағалауаға талпынады.
Жоғарғы сыныптарда баланың өмірдегі эстетикалық саланы талғаммен
қабылдауы жеткіншектерге қарағанда жоғары болады, дүниетанымдылығы мен
пікірі жүйелене түседі. Өнерге, көркем творчествоға, өзінің тәртібіне
ерекше мән береді. Мұғалімге баланың жас ерекшеліктерінің эстетикалық
дамуын білу, олардың эстетикалық дамуын білу, олрадың эстетикалық дамуын
білу, олрадың эстетикалық дамуын білу, олрадың эстетикалық талғамын
мақсатты түрде жетілдіруде және сезім тәжиребесін толықтыруда көмегін
тигізеді.
Адам өз өмірінің суреткері. Ол қалай болмасын өз өміріне әсемдікті
еңгізуге тырысады. А.М. Горькийдің бұл ойы өте орынды айтылған. Адамның
эстетиканы меңгеруі тек өнер саласымен шектелмейді, ол адамның барлық
творчестволық әрекеттерінде кездеседі. Басқа сөзбен айтқанда, тікелей өнер
туындыларымен: суретпен, музыкамен, поэзиямен айналысқанда ғана суреткер
болып қоймайды. Эстетиканың бастамасы адамының еңбегінде, адамның өзін
ортаны өзгертуіне бағытталған ортаны өзгертуіне бағытталған әрекеттеріне
негізделген. Адамның болмысқа деген эстетикалық қатынасы өзінің пайдасы
болуында еңбек әрекеттеріне міндетті еңбекті дене ойыны мен рухани
күштұрғысында әдемілік, сәулеттілік құбылыстары тұрғысында түсініп,
әсерлену эстетикалық тәрбиенің негізі мен адамның дамуын қалыптастырады.
Бала еңбегі масылдыққа айналмай, эстетикалық ләззат әкелуі үшін, ол
қоғамның қажетінен шығуы керек, қимылдың нақытылығымен, ырғақтылығымен,
уақыт үнемділігімен, берілгендігімен байқалып, қағанаттанарлық және табыс
сезімін әкелуі керек. Дене қимылының ептілікте, дәлдікте, ырғақтылықта,
қуанышта байқалатын үйлесімділігі ішкі рухани әсемділікті тудырады. Оны
балалар үлкен эстетикалық байлық ретінде бағалап қабылдайды. Эстетикалық
әсер көбіне оқыту әрекеттері арқылы беріледі.
А.С. Макаренко өзінің тәрбиеленушілерінен кербездік, сәнқойлық,
тазалықты ғана емес, әдемелікті, жүріс, тұрыс сөйлеу әсемдігін талап ете
білді. Сондықтан да олар өте ақжарқын, сыпай болып өсті.
Балалардың әдемілікке деген сөзімін қай жерде болмасын: мектепте,
үйде, демалыста, т.б. дамытып, жетілдіріп отыру керек.
Мектепте, сыныпта арнайы бөлмелерді эстетикалық тұрғыда безендіргенде
міндетті түрде оларды қатыстырған жөн. Бұл тұрғыда А.С. Маккаренконың
тәжірибесі кімді де болмасын қызықтырмай қоймайды. Оның мекемелерінде
болған адамдар, ондағы гүлдердің көптігін жалтыраған паркетті, айналарды,
асханалардағы аппақ жапқыштарды, бөлмелерінде мінсіз тазалығын таңдама
әңгімелейді.
Эстетикалық тәрбие тек қана көркемдік деңгейді жетілдіру, оқыған
кітап, көрген кинолар мен музыкалық шығармалар санын көбейту ғана емес.
Ең бастысы, адамгершілік сезімді, жеке бастың рухани деңгейін кеңейту,
мінез-құлқын түзхету, толықтыру.
Эстетикалық тәрбиенің негізгі міндеттері мыналар:
• эстетикалық қабылдауды – табиғаттағы, өнердегі, қоршаған өмірдегі
әсемдікті қабылдауды дамыту;
• эстетикалық талғамды, әсемдікті бағалай білуді , шын әсем нәрсені
эстетикалық емес нәрседен ажырата білуді тәрбиелеу;
• өнерде өзін шама-шарқынша көрсете білуге, қоршаған өмірге эстетиканы
сіңіре білуге тәрбиелеу.
Осы үш міндеттің бәрі өзара тығыз байланысты, алайда оларды тізіп
шығу тәртібі белгілі дәрежеде эстетикалық тәрбие беру жөніндегі жұмыстағы
дәйектілікті, оның қайсыбір кезең-кезеңге бөлінетіндігін бейнелейді.
Шынында да адам әуелі әсемдікті қабылдай білуге, онан кейін қабылдаған
нәрсесін бағалап, аңғара білуге үйренеді, тек осының негізінде ғана
өзін өнерде шама-шарқынша көрсете білуге дағдылану, төңірегіндегі
тіршілікке әсемдікті енгізе білу бәрінен де жақсы дамытылады. Сонымен бірге
үш міндетті қатарынан, көбінесе алғашқы екі міндетті бір мезгілде өте жиі
шешуге тура келеді.
Егер эстетика педагогиканы әсемдіктің мәнін және оның көрініс беру
заңдылықтарын түсінумен қаруландыратын болса, ал педагогика адамның осы
жендікке деген көзқарасын қалыптастыру құралдары туралы мәселені шешеді,
эстетикалық тәрбиенің нақты міндеттерін алға қояды және оқу-тәрбие
жұмысының барысында ол міндеттерді шешу жолдарын белгілейді.
Эстетикалық тәрбие адамның рухани бейнесін қалыптастырудың соншама
ауқымды саласын қамтиды. Кейде эстетикалық тәрбие деген ұғымды
көркемдікке тәрбиелеу деген ұғыммен пара-пар алып жүр. Көркемдікке
тәрбиелеу дегеніміз өнер құралдарымен тәрбиелеу деген сөз. Эстетикалық
тәрбие дегеніміз - өнердегі, табиғатты және бүкіл қоршаған өиірдегі
әсемдік құралдары арқылы тәрбиелеу деген сөз. Сондықтан көркемдікке
тәрбиелеу эстетикалық тәрбиемен пара-пар емес, оның өте маңызды, бірақ
құрамдас бөлігі болып табылады.
Эстетикалық ұғымды пайымдауды, баға беруді қалыптастыру –
эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті. Әдемілікті сүю, оған түсіну
үшін балаға негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері
саласындағы ырғақ, үндестік, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер
әдістері туралы білімді халықтың педагогика саласында игеру қажет. Осыған
байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, өз халқының салт-
дәстүріне, тіліне, мәдениетіне, әсем табиғатына деген сүйіспеншілігі
пайда болады.
Бастауыш сынып оқушыларға әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесінде
табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс әрекетінің әдемілігін бағалай
білуге, әдемі жазуға, мәнерлеп оқуға және айтуға үйренеді. Ал, бұл
мәдениетті сөйлеуге, көркемдік танымын қалыптастыруға, қиялын дамытуға
көмектеседі. Яғни, оқу пәндерінің оқушыларға тәрбие берудегі ролі орасан.
Жаңа қоғам талабына сай адам санасын, оның қабілетті мен рухани
байлығы жан – жақты жарасымды дамыту мәселелері адамдардың қабілеттерін
ашып, олардың өмірін рухани бай, сан қырлы ету үшін мейлінше кең өріс ашу-
бастауыш сынып мұғалімдерінің басты міндеті деп білсін. Бұл салада да
жақсылық жағына қарай түбегейлі өзгерістерге жетуге күш сала отырып, бүкіл
мәдени тәрбие жұмысын адамдардың рухани талап - тілектерін барынша толық
қанағаттандыратындай, солардың мүделеріне сай болатындай етіп құру маңызды
– деп атап айтылған болатын. Аса маңызды міндет оқушыларға көркемдік білім
беру мен эстетикалық тәрбиені айтарлықтай жақсарту. [10]
Әсемдік сезімін дамыту, жоғары эстетикалық талғам, өнер шығармаларын,
тарих мен архитектура ескерткіштерін, туған табиғаттың сұлулығы мен
байлығын түсініп, бағалай білу қасиетін қалыптастыру қажет. Осы мақсатқа
әрбір оқу пәнінің, әсіресе зор танымдық және тәрбиелік күші бар әдебиеттің,
музыканың, бейнелеу өнерінің эстетиклық мүмкіндіктері жақсы пайдаланылсын
– деп көрсетілген.
Ал өскелең ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруде мектеп орасан зор роль
атқаратыны белгілі. Эстетикалық тәрбие – болмастығы және өнердегі сұлулық
пен әсемдікті дұрыс қабылдауға және эстетикалық түсінікті сезім мен
талғамды тәрбиелейді. Өнер де және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу
қабылетін, қажет сінуін қалыптастырады.
Эстетикалық тәрбие тек қана көркемдік деңгейді жетілдіру, оқыған
кітап, қаржы киналар мен музыкалық шығармалар санын көбейту ғана емес. Ең
бастысы, адамгершілік сезімді, жеке бастың рухани деңгейін кеңейту,
мінезқұлқын түзету, толықтыру.
Егер оқушы өзін жаман әдеттен алшақ ұстап, өз әрекеттерінің
әдемілігін, қажеттілігін түсініп, еңбек нәтижесінен көркемдікті сезіне
білсе, бұл оның эстетикалық талғамының, сонымен қатар адамгершілік
қасиеттерінің жоғары жетіле бастағанын көрсетеді. әрине, керісінше де болуы
мүмкін.
Мәселен, кейбір адамдар ақын, жазушылардың шығармаларын көптеп оқиды,
көркемөнерідің де барлық саласынан хабардар, бірақ қоғамдық тәртіптің шегін
бұзады .
Ал мұндай адамдарды нағыз эстетикалық мәдениеттен алыс десе де
болады.
В.Г. Белинский: Сезімнің әсемділігі адамгершіліктің құнды жаны.
Онсыз, бұл сезімсіз, данышпан да, талант та, ой да жоқ... Кімде – кім жас
кезінен өлеңді сүймесе, драмадан тек қана театрландырылған пьесаны көрсе,
ал романнан зеріккенде қажетінен шығатын ертегіні көрсе – ол адам емес...
Эстетикалық сезім – ізгілік негізі, адамгершілік негізі - деп
түсіндіреді. Эстетика эстетикалық сананың міндетті ісі мен құрылымын
ашады. Ал тәрбие теориясы болса, эстетикалық сезімінің, талғамның, идеялық
қалыптасу процесін зерттейді.

ІІ тарау. Бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогика негізінде
эстетикалық тәрбие беру әдістемесі
2.1. Халық ауыз әдебиеті, ұлттық ойындар эстетикалық тәрбие беру
құралдары.
Ауызекі поэтикалық шығармашылықтың өте бай үлгілерінің бірі- ойындар,
ойын өлеңдері. Оларда адамадар өмірінің сан қыры, тұрмыс тіршілігі, еңбегі,
дүниетанымы, арман – тілегі, болашаққа деген сенімі, ержүректік пен
жігерлікке құлшынысы және т.б. ойын арқылы көрсетіледі. Қазақ балаларының
ойын – сауықтары күнделікті көшпенді – малшы отбасының еңбек, тіршілігімен
байланысыты болды. Мұның бәрі халық өлеңдерінде, аңыздарында, би мен ойын
қимылдарында өз көрінісін тапқан. Оның үстіне балалар ойындарының көпшілігі
олрадың жасына сәйкес, қара өлең түрінде ғана емес, музыка мен әннің
сүйемелдеуімен өткізілген. Мысалы, Асау мәстек атты балар ойынында
жүргізуші балаларды ойынға тақпақ айтып шығарады.
Ер еркіңде білейін,
Ешкі сатып берейін,
Тақия алсаң еңкейіп,
Құламасаң теңкейіп,
Ерлігінде сенейін.
Өзінің ептілігін сынап көргісі келген ойыншы:
Асау мәстек бұл болса,
Үйретейін көріңіз,

Маған таяқ беріңіз

-деп ортаға шығады да жүргізушіден алған таяққа сүйеніп тұрып, көрпеше
немесе киіз оралған қыл арқанға моладс құрып отырып алып, тепе – теңдігін
жоғалтпай, жерден тақия алуы тиіс. Оны орындай алмаса, ойын аяқталысымен
Айыбына ән қиырқайды, күй шертеді, не жыр оқып, ертегі айтады.
Бұл ойын ептілікті, шапшаңдықты, мамықтануды, табаңдылықты және ат
үстінде өнер көрсетуге қажетті басқа да қасиеттерді қалыптастырды. Өз
құрбықұрдастарының арасында баланың музыкалық - әншілік қабілеттерін
қамытуға жәрдемдесті. Байқап қарасақ, балаларға арналаған ойындар олардың
әндерін жетілдіруге тәрбиелейтін өзінше бір сабақ іпеттес. Бұл тұрғыдан
алғанда Қалай айтуды білеме атты ойын қызықты. Ол шағын төрт әннен тұрады
сұрақтары: кім қалай дауыстай біледі? Малды төлін емізуге шақыру; малыд
суға шақыру; малдың төлін былай атайды.
Ойын барысында ойынға қатысушылардың әрбір жүргізішісінің
сұрақтарынажауап бере отырып, жан – жануарлардың міңез – құлқын, олардың
сыртқы құрылысын олар шығаратын дыбысты айнытпай салып беруі тиіс. Ал
мұның өзі байқампаздықты, тапқырлықты, табиғат құбылыстарынан хабардар
болуды талап етеді. Ойын аздап театрландырылған ойын – сауық түрінде өтеді,
мұнда ән-жыр айта білу, көрген білгенін есте сақтай білу қабілетіне мән
берімде.
″Аңдардың айтысы″ атты ойында қатысушылар жүргізушінің талабына сай
әндер орындап, онда аңдардың дауыстарын, қылықтарын бейнелеп, олардың өзіне
тән ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді. Мұның өзі хайуанаттар әлемі жөнінде
нақты ұғымды, музыкалық және әртістік қабілетті, жеке және топтасып әнайта
білу дағдысын жетілдіреді. Мұндай ойындар халықтық педагогикалық өте көп
және мазмұндары да, бағыттары да бірін – бірі қайталамай тындай сан-алуан,
әрі қызғылықты. Олар,″Алақан ″тоқпақ″ ″тақия тастамақ″ ″тартыс″, "Айгөлек"
т.б. Қай ойынды алмайық, бәрінде де би элементтері кездеседі, ән, күй,
тақпақ, мәнерлі қимыл ыммен жасалатын көріністер т.б. бір-бірімен алмасып
жатады. Ойын барысында қатысушылар өздерін күнделікті тіршілік жағдайында
сезінбейді, керісінше, мүлде бөлек ортада сезім, поэзия, өнер әлемінде
сезінеді. Олар ойнаған рөлдерінен эстетикалық ләззат алуға талпынады. Ойын
барысында қатысушылардың тәртібіне бірыңғай талаптар қойылады: қалай отыру,
өзін дұрыс ұстау, қандай мөлшерде бір-бірімен сөйлесу қажет т.б. осы
айтылғандардың бәрінен қазақ ойындары драма және театрдың әрқилы
элементтері мен аса толықтырылған деп қорытынды жасауға болады. [17]
Балалар ойынының қызықты да пайдалы түрлерінің бірі-жаңылтпаш. Ол бала
тілін ширатудың қолайлы құралы, қалай болса солай, мағынасыз айтыла салған
сөз емес, керісінше, ол белгілі бір желі құрылады, дүниетанымдық, тәрбиелік
мәні бар. Жаңылтпаш балаға жастайынан ана тілінің бай қорын игеруге, таза,
майда, анық, әуенді, көркем сөйлеуге көмектеседі, сөзді қастерлеуге
тәрбиелейді. Әдетте, жаңылтпаш сөздері бір-екі немесе бірнеше сөйлемнен
құралады. Олардың қайсысында болмасын баланы көркем сөзге әуестендіру,
соған баланы еліктіру арқылы жаттығу жұмысын жүргізу үшін қолданылған
шеберлік бар. Оған да мына жаңылтпаштар:
Мынау арал қай арал?
Қайың мен тал арал,
Талға қарға ұялар,
Тарғыл иттің құйрығы
Талға оралар, Талға
оралар.
немесе
Сүт бетінде май бал
қаймақ.
Ол қай бал қаймақ?
Балдан тәтті бал май
қаймақ.
Олар баланы дұрыс сөйлеуге үйретумен бірге, оларды айналасындағы әсем
көріністермен таныстырады, сөздің мағынасына, мәнерлілігіне уөңіл аударуды
талап етеді. Халық балалар мен жастардың эстетикалық тәрбиесін
қалыптастыруда ауыз әдебиетінің елеулі туындыларының бірі-жұмбаққа мән
берген. Кейде бүкіл бір ертегі жұмбақтан тұрады. Әңгімелі әсем жыр, дастан
атаулының талайының жұмбаққа соғып кететіні болады. Ертеде ердің даналығын,
жүйріктігін жұмбақпен сынау машық болған -деп М. Әуезов бекер
айтпаған.Жұмбақтар тақырыптары былай топталады: жаратылыс-табиғат; адамның
анатомиясы және іс-әрекеттері; жан- жануарлар тіршілігі. Бұлардың бәрі қай
адамның болмасын ой-өрісін, білім қорын кеңейтуге
Бұлардың бәрі қай адамның болмасын ой- өрісін, білім қорын кеңейтуге ,
дүниетанымдық , эстетикалық ,көзқарасын, талғамын қалыптастыруыға
көмектеседі, тапқырлыққа , өз бетімен ізденушілікке баулиды, жұмбақтағы
ұйқас ырғақтағы дұрыс қабылдап , түсіне білуге дағдыландырады. Мысалы:
Көріп едім бір үлкен дарианы,
Барша қыз мекен етіп жатыр оны.
Ішінде ерлі- зайып екі аққу бар.
Жарықтық әлеті сары бас балалары.
Әдетте, қазақтар әсемдік- сұлулықты күнделікті өмірден, табиғат
көріністерінен, адамнан көре білген және оны теңестірмелі түрде берген.
Мұндағы дария дегені – аспан, өйткені , біріншіден екеуі де көгілдір,
мөлдір, тұңғиық , екіншіден , көгілдір түс қазақтардың ең ұнататынын,
күнделікті тұрмыс- тіршілігіне кең қолданатын түсі. Қыздардың керемет
көркем нұр сипаиын қазақ халқы өте жоғары бағалаған, оны күнге , айға,
жұлдыздарға теңеп , ай десе аузы, күн десе көзі бар деп тамсанған.Қазақ
жұмбақтарындағы суреттеулер бейнелеу тәсілінің молдығын көрсетеді.
Жұмбақтардың әсемдік дүниесі көзге бірден шалынады. Олардың сыртқы құрылысы
ойнақы, тілге жеңіл, оңтайлы рухани қабілеттерін, бәрінен бұрын эстетикалық
сезімін дамытады. Сөйтіп, адамдарда эстетикалық қажеттілік , яғни шындыққа,
жақсылыққа және әділеттілікке ұмтылу сияқты ең биік рухани қажеттілік пайда
болады.
Мысалы: Ақ сандыығым ашылды, ішінен жібек шашылды деген жұмбақтағы
басты мағына күн шапағын жұқа жібек матамен теңестіру, өрнектелген
сандықтың әшекейлігін насихаттау ғана емес, олардың адам өміріне
қажеттілігін түсіндіру болса, Басына үлпілдеген таққан шашақ , Бұралып тал
шыбықтай тұрған жасап, Жасылман бөркін тыстады, деген жқмбақтардың мақсаты
балаларды табиғат мақсаттарында кездесетін өқбылыстармен таныстыру, олардың
әсем, әдемілігін , түр- түсін тап басып тани білуге , сезімталдықпен
қабылдауға баулу. Жұмбақтардың қайсыбір түрі болмасын үлкеннің де, кішінің
де, жас пен кәрінің де қиялына қанат бітіріп, әсемдік дүниесіне жетелейді,
күнделікті тұрмыс- қарекеті мен табиғатта кездесетін әдемілікті
сүреңсіздіктен айыра білуге , оны эстетикалық талғаммен қабылдауға
үйретеді. Қазақ халқының эстетикалық тәрбие берудегі тиімді құралдарының
бірі- ертегі. Оларда халықтың тыныс- тіршілігі, әдет- ғұрыптары мен
дәстүрлері , бақыт жолында,ы күресі, адамдардың өзара қарым- қатынастары
мен мінез- құлықтары қазақ халқының еғ жақсы қасиеттері- еңбек
сүйгіштіктері, өз халқына, Отанға, туып өскен табиғатқа және т.б. деген
сүйіспеншілігі бейнеленген. Басқа халықтар сияқты, қаазақтың халықтық
педагогикасында да ертегі жас қрпаққа эстетикалық тәрбие беруде орасан зор
рөл атқарды және әлі де атқарып отыр. Ертегілердің жанрлары сан қилы. Атап
айтсақ, олар қиял – ғажайып тұрмыс – салт, хайуанаттар және сыншыл
ертегілері. Соның ішінде көпшілік ертегілер балаларды өнерді игеруге, өнер
иесі болуға уағыздайды. Мәселен, “Жеті өнерпаз” ертегісінде жеті ағайынды
жігіт өздерінің өнерімен ханның ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлу қызы
Қаншайымды көктен келген алып қара құстан аман- есен құтқарып қалса, ер
Төстік жер асты өнерпаздарының таптырмас өнерінің көмегімен кездескен
қиыншылықтың бәрін жеңіп шығады. Бұдан қазақ халқының өнердің қай түрін
болмасын жоғары бағалағанын, оларды қадірлей білуге балаларды жастайынан
үйреткенін байқауға болады. Өнер мұратқа жеткізеді, өнерлі адам өлмейді,
өнерлінің өмірі ұзақ деп ақыл – кеңес бергені де белгілі. [20]
Ертегіде суреттелген кейіпкерлердің көркемдік поэтикалық бейнелері,
сондай-ақ адамдардың сұлулық пен нәзіктікке берген жоғары бағалары баланың
әдемілікке деген қызығушылығын арттырудың өқралы болды. Ертегіде
адамдардың, әсіресе қыздардың сыртқы сұлулығы, көріктілігі, түр- сипаты ,
жүріс- тұрысы ерекше әсерлі суреттеледі.Халық сыртқы сұлулықты адамның ішкі
рухани байлығымен, оның ақыл- ойын моральдық қасиеттерімен : ерлігі,
батырлық , батылдық, ер- жүректілігі отансүйгіштік, гуманистік терең
сезіммен, үйлесімді болуын талап етті. Оны Күн астындағы күнекей қыз патша
мен бүркіт , жігіт пен өнерлі қыз, ермек ертегілерінен айқын
аңғарамыз.Мәселен, Ермек ертегісіндегі қыздың сұлулығы ай десе аузы , күн
десе көзі бар , белі құмырсқаның беліндей нәп- нәзік , қасы қиылған, аузы
оймақтай , ерні жұп- жұқа , беті қып- қызыл , саусағы сүп- сүйрек , орта
бойлы , - деп суреттеумен шектелмейді, оның ақылдылығы , тапқырлығы,
өнерлігі баяндалады. Халықтың сұлулықты дұрыс түсінуінің педагогикалық
маңызы да міне осында. Адамдарды осы салада суреттеу арқылы ертекшілер
өзінің тыңдаушыларын сұлулықты дұрыс қабылдауға , айналадағы ортаны
эстетикалық және моральдық тұрғыда бағалай білуге тәрбиелейді. Сұлулық
жайлы әңгімелегенде деп ескертіп отыруды да ұмытпаған.
Ою-өрнек , санау, жазу, сызу шыға қоймаған уақытта
шыққан. Адам өз ойын тасқа, сүйекке, ағашқа қашап түсіріп отырған. Бұдан
халқымыздың ою-өрнегі ерте заманда да болғанын көреміз. Ою таңбалары келе-
келе киізге, сүйекке, кілем, алаша т.б. заттарға салынатын болған. Осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында эстетикалық тәрбие беру
Педагогика тарихындағы ой-пікірлердегі тәрбие мақсаты
Эстетикалық тәрбие жайлы
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесінің маңызы мен міндеті
Эстетикалық тәрбие беруде қазақ педагогтары мен ағартушыларының идеяларын педагогикалық тұрғыда негіздеу
Жеке тұлғаның дамуының педагогикалық сипаттамасы
Математика пәні бойынша дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың оқу белсенділігін дамытудың әдістері
Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудағы мектеп пен отбасының бірлігі
Бастауыш сынып оқыту процесінде эстетикалық тәрбие беру жолдары
Эстетикалық талғам - әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу
Пәндер