Басқарудың стильдері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Басқарудың стильдері

Кіріспе
I. Басқару стильдердің сипаттамасы
1.1. Стильдердің түсінігі мен мәні
1.2. Басқару процесінде стильдердің рөлі

ІІ. Қазақтелеком басқару процестегі пайдаланатын стильдері
2.1 Қазақтелеком компаниясының сипаттамасы
2.2 Қазақтелеком компанияның басқару стильдерін талдау
4. ҚОРЫТЫНДЫ
5. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
6. ҚОСЫМША ЖҰМЫСТАР

КІРІСПЕ

I. Басқару стильдерінің сипаттамасы
1.1 Стильдердің түсінігі мен мәні
Yenжымға басшылық ету процесінде, әлеуметтік-экономикалықтан басқа, әлеуметтік-психологиялық қатынас та қалыптасады. Бұл ең алдымен ұйымның әр түрлі статустары, иерархиялық құрылымдары (бip жұмыскердің екіншісіне бағынуы арқылы көрсетіледі) және жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас, олардың әлеуметтік-психологиялық мазмұны, бipiн-6ipi мойындау, ықпал ету стиль мүдделі т. б. болып саналады. Басқарудың дұрыс стилін таңдай білу әлеуметтік-психологиялық проблеманың ең актуалдысы. Басқармадағы жұмыскерлердің шынайы мәдениетіне неғұрлым толық әрі түбегейлі баға басшы жұмысыныщ стилі бойынша жүзеге асады.
Басқару қызметіндегі әpбip басшы тек өзіне ғана тән стильде қызмет міндетін орындайды. Адамдардың қарым-қатынасында, соның ішінде басқару функциясын жүзеге асыруда стильге ерекше мән беріледі. Честерфольд стиль - ой дүниесі десе, Бью-фурон стиль -- адамның өзі, деп тұжырымдайды.
Бұл нақыл сөздердің дұрыстығын қазіргі жұмыс стилінің түciнiгi де дәлелдей түседі. Қaзipгi кезде стильді басшының басқару функциясын тиімді орындау мақсатында өзінің қармағындағыларға ықпал етyi бойынша бағалайды. Сонымен, басшылық стилінің мәні сол, басшы қандай әдістермен ұжымның қарқынды және творчестволықпен өзіне бекітілген жұмысты орындауына ықпал ете алатындығында, қармағындағылардың ic-әрекеті нәтижесінің қалай бақылайтындығында. Қабылдаған стиль ұжымда ерекше жағдай мен қарым-қатынас туғызады.
Басшылық стилі тұрақтылығымен, амалдарды қайталауымен ерекшеленеді. Бірақ мұндай тұрақтылық салыстырмалы түрде, өйткені көптеген мамандардың бағалауынша стиль - ге әдетте ырғақтылығы тән, олардың тұжырымдауынша ең дұрыс басшылық -- бұл ырғақтылық және де басшылық ете білу -- бұл басшылық стилін өзгерте білу.
Басшы жұмысының стилі -- оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердің, амалдардың және ic-әрекеттерінің жиынтығы. Басшының стилі -- бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.
Басқару қызметкерлерінің мәдениеті әр түрлі қасиеттері бойынша көрініс тапса да, олардың мәдениетінің толық және нақты бағасын жұмыс істеу стиліне қарап беруге болады. Басқарушылық қызмет стилі дегеніміз - билік органдарының, қызметкерлерінің күнделікті қызметінде қолданатын әдіс - тәсілдер, құралдар жүйесі, бағынышты қызметкерлерге қатысты жүріс - тұрыс үлгici. Оның қоғамның басқа салаларындағы қызмет стилінен ерекшеліктері мемлекеттік-биліктік ерекшеліктерге сүйеніп, оны қолданумен байланысты болатын, нақтылай және толықтай нормативтік реттеліп отыратын, басқару әсерін қалыптастыруды және icкe асыруды мақсат тұтатын басқару қызметкерлерінің әлеуметтік белсендігімен айқындалады.
Мемлекеттік басқару стилі келесі элементтерден тұрады:
Мемлекеттік билік органдарының мақсаттық, функционалдық және ұйымдық сипаттамалары;
Басқару органдары кызметтерінің заңды түрде бекітілген және жүзеге асырылатын әдістері, процедуралары, нысандары;
Қызметкерлердің жалпы мәдени, кәсіби және жеке қабілет денгейі.
Басқарушылық қызмет стилі саяси режимдерге байланысты және соған сәйкес қалыптасады. Осыған орай ғылыми әдебиеттерде бірнеше басқару стилдері қарастырылған, атап айтқанда, директивті (эюмпилж, автократиялық, авторитарлық), демократиялық (ұжымдық, кооперативтік) жэне либералдық.
Басшылық стилі басқару тәсілмен белгілі бip ара-қатынаста және өзара әрекетте болады. Алайда олар бірдей ұғым емес.
Басқару тәсілі -- басқару iciн жүзеге асырудың жиынтық әдістері (амалдары), жұмыскерлер мен еңбек ұжымына мақсатты ықпал ету, басқару функциясын орындау процесінде олардың ic-әрекеттерін үйлестірудің қамтамасыз ету.
Басшының дербес және жалпы стилі болады. Әpбip басшы - ның дербес стилi бар, мұның өзi оның ic-әрекетінде көpiнiп, басқару аппаратының және бұл ұжымның жұмысына елеулі ықпал етеді. Дербес стиль нақты құбылыс -- оны түгелдей, егжей-тегжейлі қайталауға болмайды. Басшының дербес стилі алуан түрлі объективті факторлардың ықпалымен қалыптасады:
Іс-әрекет сипаты;
Басшы мен бағыныштылар арасындағы өзара байланысы;
Психологиялық касиеті;
Орындау тәжірибе жағдайы;
Басшы мен бағыныштының өзара қарым-қатынас жасауы;
ұжымның ықпал ету нәтижесінде басшы стилі үнемі жетілдіріліп отырады.
Стильдің қалыптасуы -- бұл ұзаққа созылатын, күрделі мақсатты процесс. Әpбip басшы өзінде және өзінің қарамағындағыларда алуан сипатта тексерілген тәсілдер мен амалдар қолдана білyi тиіс.

Стиль түрлері және олардың сипаттамалары
Басшының дербестігі көптеген iciнe қарай емес, қалай icтeйтіндігіне де орай сипатталады. Олардың жұмысын бақылай отырып мынаны анықтауға болады: басшы бip мәселенің өзін әр түрлі тәсілмен, өзінше шешеді.
Стиль дегеніміз әлеуметтгк құбылыс, өйткені, бipiншіден, онда басшының көзқарасы мен ceнiмi бейнеленеді, екіншіден ол түптеп келгенде жүйенің қалыпты жұмыс істеушінің ақырғы нәтижесін ойластырады. Басшы ұстанған стиль оның қарамағындарылардың, ұдайы назарында болып, олар мұны өзіне бағалап, өзінше қабылдайды. Әдетте, басшы стилі бүкіл жүйеге таралады, өйткені жұртшылық, оның жүріс-тұрысына,ісіне зер салады, соған еліктейді, содан үлгі-өнеге алуға, үйренуге талаптанады.
Басшыға ұжымның барлық мүшелерін қанағаттандыратын жұмыс стилін қалыптастыру oңайға түспейді. Бағыныштыларына ықпал етудің кейбір амалдары алуан түрлі бағалануы мүмкін. Егер 6ip басшы оларға сенім көрсету арқылы ықпал ететін болса, екіншісі тиістісің, міндеттісің секілді кағиданы басшылыққа алады. Кейбір басшылар бағыныштыларына қатаң тәртіп орнатып, оларды eсiнeн аулақ ұстайды да, ұсак-түйек мәселеге дейін өзі шешеді. Енді бiр басшылардың eciгi әрқашанда ашық, оған кез келген мәселе туралы пікірлесуге, ұсыныс айтуға болады. Бip директор күн сайын бригадаларды аралап отырады, ал екіншісі біpeyi мұны қажет санамайды.
Басқару стилінің типі түбегейлі қалыптаспаған, сондықтанда отандық және шет елдің әдебиеттерде оның өзі түрліше жіктеледі.
Мәселен, X. Кох (Германия) басшы стилін былайша бөледі:
1. Бip жақты автократтық стиль;
2.Билікті біркелкі қолдана отырып басқару стилі;
3. Өндіріс процесіне немесе тұтастай жұмыс процесіне бipкелкі қатыса отырып басқару;
4.Парламенттік сипаттары басқару стилі;
5. Бағыныштылар негізінен дербес, жоғары басшылардың тікелей қатысуынсыз-ақ әрекет ететін басқару стилі.
Автократтық және парламентарлық стильдер колайсыз деп саналады, өйткені алғашқысында бағыныштылар тарапынан ешқандай дербестігі болмайды, ал екіншінде жұмыс жоспарсыз жүргізіп, бағыныштылар мүлде дербес әрекет етеді.
Ең қолайлысы кооперативтік стиль -- жақсы ынтымақтастық, ұйымдасып әрекет ету, қиын-қыстау жағдайда өзара бірлесе, ынтымақтаса отырып күш бipiктipy. Басшы жұмыскерлерді мұқият тыңдайды, олардың ұсыныс ескереді, нақты міндеттер қойып, шешімді жоспарлайды және қабыл - дайды. Мұндай стильде қойылған міндеттер іскерлікпен орындалады, өйткені дәл осындай жағдайда қызметкерлер езге icкe қатыстымын деп есептейді.
АҚШ-та мынадай стильдер белгілі (басқару жүйесі деп аталады):
Функцияны беру стилі;
Міндетті басқару;
Ерекшелеу тәсілмен басқару;
4. Жүйені ретке келтipy арқылы басқару.
Функцияны беру стиль әpбip қызметкерге, өзi басқара алатын нақты істі тапсыруды көздейді. Бұл қызметкер өзіне бекітілген іске толық жауап береді, ал оның бастығы басқару жауапкершілігін саналы түрде шектейді.
Міндетті белсенді басқару жүйесінде басшы, мен бағы - ныштылар алдағы міндеттерді бірлесіп қарастырады да, әpбip адамның міндет аясы белгіленген, нәтижесіне орай жауапкершілігі айқындалады.
Ерекшелеу тәсілмен басқаруда басшының міндеті өз қызметкерлерінің мүмкіндігі тиімді пайдалануына қолайлы жағдай туғызу болып саналады. Төменгі лауазымдағы қызметкерлер белгіленген еңбек нормасына және жұмыс нәтижесін бағалау критерийіне сәйкес көмек қажетін хабарлайды, ал көмек қажет бола қалса, қай уақытта екендігін мәлімдейді.
Жүйені ретке келтіру арқылы басқаруда белгіленген тәртіпті қатаң басшылыққа алу, жұмыс процестері мен еңбек тәсілдерінің шаруашылық-экономикалық қызметін жеңілдету көзделеді.
Демек, басқару стилиінің жіктелуі алуан түрлі екендігін аңғарамыз, оның үстіне осы жіктеулердің қай-қайсысы болмасын басқарудың сан қырлы стильді толық қамтиды.
Басшы стилін жіктеу нeгiзiнe, әдетте, басшы мен бағынышты аралығындағы қарым-қатынас сипаты алынады. Басшының жеке-дара ерекшеліктеріне, оның саяси, ұйымдық, педагогикалық, моральдық-этикалық, кәсіптік сапалары жатады. Басшылық стиль ерекшеліктері осы аталған компоненттердің (құрылым тармақтарының) қайсысы басым болатындығына байланысты. Практикада көбінесе басқарудың үш стилі кездеседі: либералдық, авторитарлық және демократтық.
Либеральдық стиль -- мұндай жұмыс стилінде басшы ерек - ше белсенділік танытпайды, iс-әрекетінде кездей соқтық басым жуйелілік болмайды. Мұндай типтегі басшылар принципсіз мәселелердің өзінде, өзінен жоғары қызметтегілерге қарайлайды.
Мұндай стилдегі басшы тәртіп бұзушыға қатаң талап қоймайды, карамағындағылардың білімінің төмендегеніне, жұмысты орындауына және еңбек тәртібіне онша мән бермейді.
Мәселелерді немқұрайлы талқылайды, ашық пікірлесуге сын-ескертпелерге бара бермейді. Мұндай басшы кез-келген келіспеушілікті жарамсыз құбылыс ретінде қабылдайды. Ұжымда мұндай басшының беделі онша болмайды, әрі кәсіпорын тиімді жұмыс iстeй алмайды. Соның салдарынан жауапсыздық,берекесіздік, тәртіптің бетімен кетуі орын алады.
Либералдық стиль-басшының бағыныштылардың ic-әрекеттеріне араласпауымен сипатталады. Ол жауапкершіліктен қашқақтап, тіпті ұжым кызметінің ең күрделi мәселелерін шешуге де қатыспайды.
Авторитарлық стильдің бірі макиавеллизм деп аталады. Бұл стиль Николо Макиавеллидің құрметіне қойылған. 1532 жылы ол Принц кітабында, билеушіге ақырғы нәтижеге жету үшін амал таңдаудың қажеті жоқ, өйткені мақсат талдау жасайды деген идея ұсынды.
Авторитарлық стильде шешімді бip адам кабылдайды, ол жарлық, бұйрық, түрінде келеді (менің айтқаным бойын - ша icтe). Бұйрық талқыланбайды, күштенуге хақын жоқ.
Автократ бағыныштыларының ic-әрекетін өз жауапкершілігіне алады. Тек қажетті мәліметтер жөнінде ғана пікip алысып, өз жоспары туралы әңгіме қозғамайды. Мәліметті тым көп жинайтындықтан жұмыс басты болады.
Автократ басшылар сырттай бұйырып, үнемі жұмысты ойлайтын адам сияқты көрінеді, олардың жүзінде жұмыс басталып, icкe үлкен жауапкершілік сезінеді. Д. Браунның сипаттауынша автократ, ескірген жылу жүйеде секілді қоршаған орта климатына, дәл мағынасында эмоционалдык, климатқа көңіл бөлмейді.
Мәжілістің көбінесе бағыныштыларына нұскау беру түрінде еткізеді. Өзінің карамағындағыларды жиі-жиі қатты сынайды. Ол ұжымдары кез келген бейресми топтарды қатаң айыптайды. ''Мұндай стиль, творчестволық. белсенділік туғызбайды. Дегенмен, мұндай стиль өмірінен келеді. Оның өзi басшының жеке басының сапасына, немесе ол басқарып отырған ұжымның құрылымына байланысты. Егер басшы өз icін жетік білмесе, әрі кәсіби билік дәрежесі өзi басқарып отырған адамдардан төмен болса, онда ол авторитарлық стильді пайдалануға мәжбүр болады. Алайда, автократтардың барлығы бірдей біліксіз, білімді емес. Кейде ұжымға кәсіби білімі өте төмен адамдар жинақталады. Мұндай жағдайда тәжірибелі басшылардың өзi де авторитарлық стиль элементтерін қолдануына тура келеді.
Авторитарлық стильдің алуан түрлі формасы болады:
патриархалдық: барлық жанұя мүшелері басшыға бағынуы тиic, ал басшы бағыныштыларын әлі жетілмеген деп есептейді;
харизматикалық (харизм -- Құдай шапағаты): Лидерді ең көрнекті, дана деп есептейді, ал оның өзі бағыныштыларына еле қатал, аяусыз, әрі оларға қамқорлық жасауды қажет деп санамайды;
автократтық: жеке адамдардан гөpi институтқа (мемлекетке, кәсіпорынға) тән. Басшылықты аппараттағы бағынышты инстанциялар арқылы жүзеге асырып, жанама түрде автократтық, шешімді жүзеге асырады;
бюрократтық, (төрешілік) -- бұл туралы төменде толығырақ баяндалады.
Демократтық стильде (Батыста кооперативтік стиль деп аталады) мәселен көпшілік ұжымда талқыланып, сонда шешіледі, бұйрық та осындай талқылаудан кейін беріледі. Проблеманың көпшілік ұжымда шешіліп, сонан кейін бекітіледі (мадақтау және жазалау, қоғамдық өмip мәселелері, жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару т. б.).
Жұмыс барысында басшының беделі қалыртасады. Бедел тек лауазымдық жағдайымен ғана емес, сонымен бірге нақты біліммен, еңбекпен және адамдарға ұқыпты қатынаспен, түсінікпен келеді.
Бедел (авторитет) - бұл белгілі әлеуметтік роль, онымен қоршағандарының белгілі үміттенулері байланысты.
- Басшы беделінің шарттары:
- Жаналық пен прогрессивтіктің және оларды өндіріске енгізу ынтасыныңғ болуы.
- Жұмыскерлік, дербестік және қайсарлық.
- Әділдік және принциптік
- Тапсырылған жұмысқа жауапкершілігі
- Сыйлау мен адамдарға деген әділдікті және талапты үйлестіру.
- Байсалдылық, шыдамдылық, өзін-өзі сынауы.
- Мәдениеттілік пен дұрыс басқару стилін меңгеру.
- Адамдарға сену, сенім арту.
- Беделділік шын болуы мүмкін, сонымен бірге өтірік те болуы мүмкін.
Өтірік беделдің қалыптасу жолдары:
- Ағайыншылық (тумалық, жерлестік) бедел. Мұндай бедел ұжымда өзіміздікі болуға, сенімге енуге ұмтылыс нәтижесінде қалыптасады. Ол (мұндай бедел) ұжымды түгелдей бағындыруға бағытталмайды.
- Әкімшілік бедел (коммуналдық бедел) - ол басшының жеке сапалық ерекшеліктеріне негізделген және құр әкімшілік стильді білдіреді.
- Сатып алу беделі - басшы өзін жақтайтын, тыңдайтын қызметкерлермен қоршауының нәтижесі.
- Қорқыту беделі - сын көзқарастарды, ойларды басу айтылғанды ешқандай ойсыз орындату жағдайын қалыптастыру.
- Басшыдан қорғану беделі - өзінің кәсіптік, мамандық деңгейінің нашарлығы байқалып қалатын жағдайлардан қашу, әр уақытта өзінің қимылдарын алдын-ала қорғау, барлығын жоғары басшылыққа аудару.
Басшы жұмысының стилі - оның басқару процесінде қолданатын сипаттық әдіс, тәсіл, амалдар жиынтығын білдіреді.
Басшы стилі басқару әдістерімен белгілі бір қатынаста және байланыста болады. Басшы стилі - бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.
Бұл ұғымның ең әділ, дұрыс мағынасы мынандай: Тәсіл мен стильді салыстыруға болады. Нота барлығына бірдей, алайда әрбір орындаушы шығарманы өзінше бейнелейді.
Басшының дербес стилі алуан түрлі объективті факторлардың ықпалымен қалыптасады.
жеке стиль төмендегідей факторлар ықпалымен қалыптасады:
1. Өндірістік қимыл-қызмет сипаты және өндңрңстегі экономикалық жағдай.
2. Басшымен бағынышты арасындағы өзара қарым-қатынас.
3. Психологиялық қасиеттері
4. Атқару тәртібінің жағдайы
5. Ұжымның демократиялық және әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері (жыныс-жас құрамы ұжымның, мамандық және атқарушы, т.б.)
Басшы стилі үнемі жетілдіріліп отырылуы тиіс.Стильдің қалыптаспауы - бұл ұзаққа созылатын, күрделі мақсатты процесс. 5
Демократ басшы ұжымдағы мәселелер туралы, алда тұрған қиындықтар туралы қарамағындағыларға үнемі хабарлап оты-рады, ал өз атына айтылған сын-ескертпелерді дұрыс қабылдайды, бағыныштылармен қарым-қатынас жасауға тырысады, ең соңында, ол ешқашанда бағыныштыларына үстемдігін көрсетпейінше, ол ұжымның басшысы емес, соның 6ip мүшесі ретінде әрекет етеді.
Мұндай басшы жақсы ұйымдастырушы, ұсақ-түйекті елемейді, басты назарын түйінді міндеттерді шешуге шоғырландырады. Өінің қарамағындағыларды туындаған мәселелерді
шешуге баулиды, пікірімен санасады. Кейбір міндеттерді дербес шешеді. Шаруашылық қызметшдегі жауапкерліктерді карамағындағыларға ceніп тапсырады.
Демократиялық стильде - бағыныштыларға еркіндік беру арқылы, олардың белсенді түрде араласуы нәтижесінде шешімдер әзірленіп, қабылданады. Жұмысты орындауға қажетті алғышарттар жасалып, оның нәтижесі әділ бағаланады. Адамдармен сыйласымды қатынастар орнатылады
Қарамағындағыларға нақты міндеттер, нұскаулар берел тиістi жерінде мадақтай да, жазалай да бітеді. Жұмыс тәсілін (өзiнiкiн және басқалардың) әдісін бағалайды. Өзiнe-өзi жұмысты құлшына істейді, құрмет пен қошемет күтпейді мұндай жағдай ұжымда белсенділік, творчестволық ахуал, ұйымшылдық, татулық, ауызбіршілік туғызады.
Аталып кеткен стильдерден басқа әркім нені және қалай icтeгici келсе өз бетінше орындайтын анархиялық стиль; белгілі 6ip шараны орындау, атқару кезінде ғана аса белсенділік танытатын, келесі жағдайларға дейін салғыртсу, әрекетсіздік білдірілетін кампаниялық стиль (кампанейский), көбінесе бұйрыққа, қызметтік тәуелділікке негізделіп, дөрекі психологиялық қысым жасалатын, epiктiлiк стиль түрлері бeлгiлi. Сонымен қатар нормативті, яғни көпшілік мойындаған, қоғам қолдайтын жалпы ортақ стильді, нақтылы басқару қызметінің жағдайларына, түрлерге және қызметкерлердің қабілетңне байланысты қалыптасатын жеке стильдері де атауға болады.
Американдық психолог Курт Левин (1890-1947 жж.) дирек - тивті басқарудағы қызметті ең өнімді деп санаған. Демократиялық басқару ең көп тараған және өнімділік пен сапа көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік туғызады. Басқарудың либералды стилі барлық жағынан нашар болып шықты. Левин мінез-құлықтық бағыттың өкілі болып табылады, ce6e6i оған дейін басқару тиімділігін басқарушының жеке қасиеттерімен емес, бағынышты қызметкерлерге қатысты жүріс-тұрыс үлгісімен анықтайтын тұлғалық және жағдайлық теориялар орын алған болатын. Осыған байланысты стильдер автократиялық және демократиялық болып жіктеледі. Авторлар сәйкесінше оларды барлық күш-жігерін жұмысқа жұмылдырған және барлық күш-жігерін адамдарға бағыттаған деп бөледі.
Барлық күш-жігерін жұмысқа жұмылдырған басшы үнемі мәселенің дұрыс қойылуы мен еңбек өнімділігін арттыру жайлы ойлайды. Ал барлық күш-жігерін адамдарға бағыттаған басшы еңбек өнімділігінің өcyiн тек адами қатынастарды жетілдіру жолдары арқылы ғана өз мақсаты етіп кояды.
Бірақ басшы тек жұмысқа ғана өз назарын аударып, қызметкерлеріне мүлдем көңіл бөлмеуге болмайтындығы кейіннен белгілі болды. Ол қандай да бір дәрежеде адами қатынастарды ынталандыруға, карамағындағылардың қажеттігін қанағаттандыруға мәжбүрлі. Авторитарлық бағыттың да, адами қатынастар позициясын ұстанушылардың да жақтаушылары бар. Бұл екі бағыт та тәжірибе жүзінде оң қолдауға ие болды және олар жұмыспен қанағаттанушылық жоғары еңбек өнімділігінің болуымен бағаланады. Алайда, тәжірибе жүзінде бұл көрсеткіштердің өсуін қандай да бір стильмен байланыстыруға болмайды. Жұмыспен қанағаттанушылық пен еңбек өнімділігінің жоғары болуы авто - ритарлық басқарудың нәтижесінде және керісінше, қарама-қарсы нәтижелер демократиялық басқару стилінде де болуы мүмкін.
Нақты өмірде аталмыш басқару стильдерінің ешбірі де таза күйінде көpiнic таппайды. Ешбір басшының мінез-құлқынан (жүріс-тұрысынан) аталған үш стильдің барлығына тән жалпы ерекшеліктерін кездестіруге болады. Әр турлі адамдар мен ұжымдарды басқаруға сәйкес келе беретін әмбебап басқару стилі жоқ. Көбінесе олар ұштасып, сабақтасып, кандай да бір стильдің басымдықа ие болуымен сипатталады. Дегенмен мемлекеттік баскарудың демократиялық стилінің мақсатқа сай, нәтижелі және перспективалы екендігін тарихи тәжірибе керсетіп отыр. Бұл стиль басқарушылық процестерді тұрақтандыруға және сол арқылы ұтымды әpi тиімді коғамдьқ дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Әрине, өмірде аталған стильдердің арасында айқын шекара жоқ.
Басшы үнемі адамдар арасында болады, ал олар оның жұмыс стилі мен тэалщ кейде мақтап, кейде кінәлап отыруы мү - мкін. 1-кестеде басшылары 3 стиль әрекетінің салыстырмалы сипаттамасы келтірілген.

Ерекшелік сипаттамасы
Стиль түрлері

Авторитарлық
Либералдық
Демократтық
1.Мақсатты бағдарлау
міндетке
Қарым-қатынасқа
Екеуіне де
2.Еңбек қауырттылығының дәрежесі
Жоғарғы
Жеткіліксіз
Қалыпты
3.Инициатива кімнен болады
Көпшілігінде басшыдан
Мамандардан
Екеуінен де
4.Шешімді орталықтандыру дәрежесі
Жоғарғы
Шамалы
Қолайлы
5.Мәліметті жинауға кететін уақыт
Өте көп,бәрін өзі жинағысы келеді
Шамалы шиеленістіргісі келмейді
Жоғарғы
6.Адамдармен қарым-қатынас формасы
Тұйық байланысы нашар қарым-қатынасы немқұрайлы
Өте жиі,әңгімелесуге құштар, қарым-қатынас жасауға әзір
Қолайлы, іс мүддесіне орай
7.Жарлық беру мәнері
Бұйрық
Өтініш
Кеңес,ұсыныс
8.Қиын қыстау жағдайда өзін ұстауы
Тез әрекет ойластырылмаған
Шешім қабылдау ұзақ, ертең кел деп шығарып салу
Шешімі ойластырылған, әрекеті тез
9.Ұжымға жариялауы
Төмен
Жеткіліксіз
Жоғары
10.Басқару тәсілі
Әкімшілік
Субъектиті
Прагматикалық
11.Беделі
Ресми немесе лауазымды
Жалған
Нақты іскерлік

1 кесте. Стилі әр түрлі басшылардың іс әрекет ерекшеліктері

Практикада бюрократизм көpiнicтepi кездеседі. Бюрократизмнің түп төркіні кеңсешілдік-төрешілдік, былайша айтқанда жұртшылық пікірден санаспай, дербес басшылық жасауға әуестенушілік. Алайда, басқару жүйесінің практикасында бұл ұғымды әр түрлі түсінік беріледі. Бюрократизм мы ic жүргізуді ретке келтіру тұрғысынан 6iздe қолданылады. Бipaқ та кепшшк жағдайда бюрократизм басқарудың қолайлы стилінің бұрмаланған формасы ретінде түсіндірді, қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде бюрократизмге болмашы жайды сақтаған болғансып, icтін ретіне мән бермейтін кенетшілдік, деп анықтама береді.
Тоқ етерін айтқанда бюрократтық -- басшының жұмысты ұйымдастыруды өз қолына алуы, өз билігін сақтауы мен нығайтуы.
Бюрократизм басшылық етудің ерекше стилі, онда ұжымның мүддесі мен еркінен тыс билік ету, нақты icтi елемеушілігі басым түседі жәнеде бюрократ дегеніміз өз міндетін немқұрайлы орындайтын, іске зиян келтіретін, қарызбастылыққа салынатын, жүйедегі нақты мүмкіндіктерді ескермейтін лауазымды кызмет иeci.
Бюрократ белгіленген ережелер мен қағидаларды арқалатып жауапкершіктен қашады, өз ісіндегі қолайсыз жайттарды, осы нормативтерді шығарған жоғарғы басшылардан көреді, сол себептен де ол өзінің карамағында істейтін адамдардың формальды міндеттерін калай орындағанына қарай бағалайды ол үшін компотенттік -- барлық ережелер "мен кағидаларды бұлжытпай орындау синонимі.
Бюрократизм ұжым инициативасын басып тастауға бейім батыл, оңды пікірді ұнатпайды, ал кадрларды бағалау мен кызметін жоғарылатуды өзi ұнатқан, жеке басына қалтқысыз берілген адамдардан, жолдас-жораларынан, туыстарынан іздестіреді.
Себептерін кейбір басшылардың экономиканы жетік білмеу, ойлаулары шалағайлығы, жаңа тәсілдерді үйренуге қабілетсіздігі немесе үйpeнгici келмеуін басқарудың кейбір ұйымдық құрылымының жетілдірілмеуі, дер кезінде дұрыс шешім қабылдай 6ілмeyi.
Бюрократтық стильдің бірнеше түpi болады: қарызбастылық, науқаншылдық, кабинеттік т. б.
Басшылықтың қарызбастылық стилінің алуан түрлі атауы бар. Мәселен, кеңселік -- бұйрық берушілік, директивалық, не жалпы жанама басшылық стилі. Қаразбастылық стильде көп жазуға, іс-қағаздарын көп тіркеуге, барлық шешімдер мен шараларды қағазға түcipугe әуестенушілік басым болады.
Басшылықтың науқаншылық стилінде жұмыста жүйесіздік, жоспарсыздық, қауыртшылдық, дүрмелектік, әбігершілік көрініс береді.
Кабинеттік стиль басшының практикадан, ұжымнан кол үзгендігін объектілеп, нақты орындағы icтiң, жайын білмегендігiн көрсетеді.
Бюрократияның пайда болу формалары:
басқарудың cipeскен, 6ipaқ үйреншікті ұйымдық құрылымына, көпсатылы басшылыққа бейімділік;
берексіздіктен, тартыншақтықтан, инициативасыздықтан және жоғарыда нұсқау күтуге дағдыланғандықтан жүйедегі шешімді ұзаққа созу;
қарамағындағы адамдардың ұсақ-түйегіне дейін бақылау, олардың күнделікті қызметіне орынсыз араласу;
қаразбастылыққа салыну, өзге сақтандыру мақсатында әр6ip істелген icтi құжатпен (документпен) тipкeyi, ic-қағаздарын ұлғайту, жедел басшылықты баяулату.
Жоғарыда аталған жүйеден басқа мынадай стильдерді келтіруге болады:
-- демогогикалық стиль -- млвбеден ұрандап сөйлегенімен, бірден не айтқаны туралы ұмытады;
-- дистанциялық -- мәселеге жақындамайды;
-- мақсат койғыш стиль -- жалпы міндетті қойғанмен, орындау тәсілдерін ойластырмайды;
-- Интеграцияланған стиль -- әркімнен ең таңдаулысын алады.
Қоғам кажетін өтеуге қызмет ететін ұйымдар, мәселен фирмалар алуан түрлі мінез-құлық стилін көрсетеді. Кәсіпкерлік және соған қарама-қарсы жемқорлық стиль деген де болады.
Жемқорлық әрекет ұйым iшiндегі, сондай-ақ дан адскары қарым-қатынаста да дәстүрлі мінез-құлықтан шамалы ауытқуға бағытталған. Өсімқорлық бағыт кейбір фирмаларда және де табыс бермейтін арнайы ұйымдарда -- ауруханаларда, университеттерде т. б. байқалады.
Кәсіпкерлік бағыт өзгеріске мүлде басқаша қарайды: олар өзгepicтi болдырмаудың барынша азайтудың орнына, өзгеріс туғызуға ұмтылады. Пайда болған проблемадан болашақ мүмкіндіктер мен кауіп-қатерді, жеке мәселелерді шешуден гөpi, ауқымды мәселелерді шешудің балама жолдарын іздестіреді. Кә - сіпкерлік дегеніміз тиімділігінің және қолайлы ресурстарды енгізудің жаңа салаларын iздecтipy, жаңа үйлестірулерді енгізу жаңа нарыққа (рынокка) кадам басу, өндірісте жаңадан үйлестіруді енгізу, жаңа шешімдер шығару, ойластыра отырып тәуекел ету.
Ұйымдық сипаттамаларды салыстырғанда байқалатыны, өсімқорлық ұйым кәсіпкерлік әрекетті жүзеге acыpyғa тиімсіз екендігі аңғарылады. Бip стильден екіншісіне етуге ұзак уақыт кетеді, қаржыны кажет етеді, психологиялық тұрғыдан да өте қиын, сол ce6eптi билікті қайта бөлуге тура келеді.
Объективті жағдайларда (егер белгілі бір жұмыс учаске артта қалса, қажетті кадрлар жетпесе т.б.) Keй6ip басшы басқарудың нақты 6ip стиліне жүгінеді.
Алайда, басқарудың нақты стилі субъективті факторлардың ықпалымен қалыптасады және де олардың кажеттіліктері пайда болмайды. Мұның өзi басшының жеке басындағы эмоциялық-психологиялық ерекшелікке, оның біліміне, тәжірибесіне бұрынғы қызмет әрекетіне т. б. байланысты.
Сонымен, нашар стиль жоқ -- мәселе басшының стильдерді қандай ара қатынаста алатындығында, әpi оның шешімдері кызметкерлер қаншалықты қабылдайтындығында. Жақсы нәтижесін қамтамасыз ететін} ең тәyip стиль болып саналады.
Менеджмент торы
Батыстары бизнес мектептері мен университеттерінде менеджменттің eкi үлкен бағыты қалыптасты. Біріншісі есептеуге бейімделген олар басқарудың сандық тәсілдерін, кәсіпорын барынша пайда табуды көздейді. Бұл әp6ip басқарушының міндеті Менеджменттің бұл бағыты қaзip де дәуірлеп тұр.
Проблемаларды шешудің екінші бағытында ең басты мәселе цифрлар емес, барлық нәтиженің түпнегiзi еңбек арқылы келетін адамдар болып саналады. Мұндағы басты ұғым мотивация болды, бұл туралы жоғарыда айтылған болатын. Мінез-құлық мектебі А. Маслоу, Д. Мак Грегор, Ф. Харцберг және басқа да толып жатқан ғалымдардың зерттеулерінде пайда болды.
Профессор Роберт Блейк ерекше жолды таңдады. Ол өзінің Менеджмент торы туралы кітабында, басқаруға дұрыс бағыт береді мақсатты дұрыс айқындауды, өз мамандығын арттыруды ұсынады.
Блейк пен Мутон зерттеу нәтижелері негізінде кез келген нәтиже өндipic пен адамдар арасындағы күш жұмсау нәтижесінде қол жететіндігін дәлелдеді Алғашқы күш бағыты өндіpic көлемін барынша арттырып, алуан түрлі тауарлар енгізумен және де қызмет көрсетумен көрінеді. Мұндағы басты мақсат пайданы барынша көп табу, шығынын азайту т.б. Алайда мұндай жағдайда қызметкерлер мұқтажы ескерілмейді. Өндірістi қалайда барынша арттыру көзделсе, онда мұның өзі қолайсыз нәтиже береді.
Екінші күш бағыты адамдарға арналған, мұндағы мақсат олардың ойы мен тілегіне толық жауап беру. Адамдарға жақсы сеніп, күш пен жұмысқа қанағаттануы -- мiнe бұл негізгі мақсат.
Осы eкi күш бағытының арасында біршама қайшылық бар.
Мұндайда графамен өрнектелетін бейне бip өріс пайда бола - ды, бұл схемада көрсетілген.
Бұл схеманың төмендегі 1-ден 9-ра дейін шкала адамдарға қамқорлықты бейнелейді. Көлденең осьтен 1-ден 9-ға дейін шкала өндіріске қамқорлықты көрсетеді. Басшылық стилі осы eкi критерий бойынша айқындалады. Блэйк пен Му - тон әp6ip күш бағытынан тоғыз градацияны бөліп алды, мұның өзi басқару бағытының өзіне тән бес типін анықтауға мүмкіндік береді. Бұлардың әрқайсысы цифрлармен белгіленген. Мәселен, 9.1 коды өндіріске бейімделген және нақты адамдарға онша мән берілмеген басқару стилін бейнелейді. Бұл экш-шшштің қатаң бағыты, мұнда өндіріс нәтижесі -- тұтастай, ал адамдар -- орындаушы ғана. Басқарудың 9.1 типі -- қолайсыз. ,
Код 1.9 -- басқарудың 9.1 типіне қарама-қарсы. Басқарудың бұл стилінде адамдар арасындағы қарым-қатынасқа 6ipiншi орын, еңбек өнімділігіне екінші орын береді. Біртіндеп басшыға да қолайсыз, өйткені қызметкерлерге ықпал ету болмағандықтан, перспективасы шамалы келеді де, творчестволық мүддесі кемиді. Тор ортасына сәйкес келетін басшы сонда да орташа деңгейге тырысады. Олар орташа нәтижені де қанағат тұтады. Олардың мақсаты - Аспандағы жұлдызға қол созу емес. Бұлар ымыраға келуге бейім. Алайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару жүйесі
Жетекші (басшылардың) стильдерінің қабылданған басқару шешімдеріне тигізетін әссрлерін зерттеу
Менеджменттің қысқаша даму тарихы. Басқару стильдері. Менеджменттің атқаратын қызметтері: ұйымдастыру, жоспарлау, бақылау, ынталандыру
Басқару персоналы
Мектепті басқарудың мақсаты мен міндеттері
Әлеуметтік психологияның негізгі мәселелері
Басшылық стильдеріндегі жыныстық айырмашылықтарды зерттеу
Менеджменттің даму тарихы, атқаратын қызметтері
Лидерліктің мәні және басқару стильдері
Қазіргі таңдағы басқару мәселесі
Пәндер