Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық ертегілерін оқыту процесінің рөлі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .

І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық ертегілерін оқыту процесінің рөлі

1. 1. Бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің маңызы . . . 6

1. 2. Адамгершілік тәрбие беру құралы ретінде қазақ халық ертегілеріне педагогикалық-психологиялық көзқарас . . . 10

ІІ тарау. Бастауыш мектептің ана тілі пәндерінде халық ертегілерін оқытудың әдістемелік негізі

2. 1. Ана тілі сабақтарында қазақ халық ертегілерін оқыту арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру әдістемесі . . . 21

2. 2. Жеке іс-тәжірибелерден сабақ жоспарларының үлгілері . . . 26

Қорытынды . 33

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . …… . . . 34

Кіріспе

ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Бұл кезеңде рухани адамгершілік дамудың жаңа бағытын айқындау көзделіп отыр. Сондықтан да бүгінгі таңда барлық әлемде, сонымен қатар біздің елімізде де жеке тұлға дамуының қалыптасуына жаңаша көзқараспен қарау айқындалуда. Осыған байланысты дүниежүзілік өркениеттілік қауымдастық. Қазіргі адамгершілік тәрбиесінің негізіне оқушылардың және ересектердің тұлғалық дамуына ықпал жасайтын принциптер мен әдістер алынған. Атап айтатын болсақ оларға: байқау, әңгімелесу, шығарма, сұрақ-жауап, тест жүргізу, анкета алу т. б. әдістер жатады.

Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде Елбасы Н. Ә. Назарбаев білім және ғылым саласында түйінді мәселелерді шешудің төте жолдарын ұсынып, тәрбиенің үш өзекті бағытын айқындайды:

- Бүгінгі жастар осы заманның сыншысы да, тарихшысы да болатындықтан жастармен жүйелі жұмыс жүргізуіне баса назар аударды;

- Қазақстанда жүріп жатқан осы ауқымды өзгерістерге байланысты педагогикалық кадрлар дайындау жүйесін құру қажеттігін көрсетті, ең алдымен бүгінгі мұғалім кәсіби білімімен, шеберлігімен қатар, жастарға өзінің бойындағы адалдық, адамдық, тазалық, гуманистік және өз Отанын сүйе білу, ең жоғарғы адамгершілік қасиет сапаларымен ықпал жасай отырып тәрбиелеуі керектігіне мән беру қажеттігін айтты;

- Жастарды адамгершілікке тәрбиелеу сапасын көтеруге негіз болатын проблема - ол білім және тәрбие беру саласындағы ғылымның дамуымен байланысты. Бүгінгі таңда реформаның тиянақты жедел жүзеге асырылуы мұғалім, тәрбиеші, оқушылардың адамгершілік тәрбиесі туралы ғылыми - теориялық білімі болу керектігін және өзін-өзі дамытудың субъектісіне айналу қажеттігіне назар аударды.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты әрбір мұғалім Қазақстан Республикасының үшінші мыңжылдықтағы жаңа әлеуметтік мәдени жағдайына орай, адамгершілік тәрбиесінің мақсатына, мазмұнына, түрлеріне, әдіс-тәсілдерінің ауқымды өзгерістеріне байыптап қарап бағамдау үшін оқушыларға тәрбие берудің тарихи - физиологиялық, педагогикалық проблемеларына аса зор мән берген жөн.

Тәрбие - қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара -қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібі мен байымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты.

Тәрбиенің негізгі міндеті - қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір-қасиет сияқты биік адамгершілік стимулдарына айналдыру.

Қазіргі таңда әсіресе, көп көңіл бөлінетін мәселе - адамгершілік тәрбиені күшейту.

Қазақстан Республикасының “Ұлттық Энциклопедиясының” адамгершілік ұғымына былай деп анықтама берілген: “Адамгершілік адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. ”. “Кісілік”, “Ізгілік”, “Имандылық” тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтық дүниетанымда мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез- құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік бейнелерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рақымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылық т. б.

Дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстан толық жетілген тұлғаны тәрбиелеу және соған байланысты әлеуметтік экономикалық, психологиялық мәселелер күннен-күнге күрделене түсуде. Осыған орай, бүгінгі күні әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ізгілік, яғни адамгершілік тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық.

Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері оқушылардың белсенді өміршілік позициясын, қоғамдық борышқа сапалық көзқарасын, сөз бен істең бірлігін, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру. Ол баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы. Бұл арқылы оқушының ата-анаға, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке қатынасын айқындайды. Тәрбиелі ұстаз шәкірттерге жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік сезімін, сенімін, белгілі мақсатқа, бағытқа жетелеу іс-әрекетін ұйымдастыруды жетілдіреді. Сонда ғана ұстаз шәкірттердің ізгі ниеттілігін, адалдығын, кішіпейілділігін қалыптастырады.

Халықтық педагогика арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге байланысты біршама теориялық практикалық тәжірибе жинақтау қажет. Ол үшін бастауыш сынып мұғалімдері тәрбиенің басты ұстанымдарын - жалпы адамзаттың құндылықтарды және тұлғаны қалыптастыру, өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам қалыптастыруы тиіс. Міне, осы ұстанымдардың жүзеге асуы. Осы тұрғыдан келгенде біз дипломдық жұмысымыздың тақырыбын “Ана тілі сабақтарында қазақ халық ертегілерін оқыту арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру жолдары” - деп анықтап алдық.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектептің оқу процесінде қазақ халық ертегілерін пайдалану арқылы оқушылар бойынан адамгершілік тәрбиені қалыптастыру.

Зерттеудің міндеттері:

1) Педагогикалық, психологиялық және әдебиет тұрғысында жазылған ғылыми еңбектерге теориялық тұрғыдан талдаулар жасау.

2) Бастауыш мектептің оқу процесінде халық ертегілерін қолданудың ролі мен мәнін анықтау.

3) Ана тілі сабақтарында халық ертегілерін оқыту арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің тиімді жолдарын көрсету.

Зерттеу объектісі: Оқу - тәрбие процесіндегі халық ертегілерінің орны.

Зерттеу пәні: Бастауыш мектептегі Ана тілі пәні. (1 - 4 сынып) .

Зерттеу әдісі: Ғылыми тұрғыда жазылған мақалалар мен еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, озат педагогикалық тәжірибелерді іріктеу, бастауыш мектеп оқушыларымен әңгімелесу, сұрақ-жауап, байқау т. б.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде - зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасалды.

Екінші кезеңде - Ана тілі сабақтарында қазақ халық ертегілерін оқыту арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру әдістемесі дайындалып, оның тиімділігін тексеру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүзеге асырылды.

Үшінші кезеңде - тәжірибелік -эксперименттік жұмыстың нәтижелеріне талдау жасау және өңдеу, теориялық қағидаларды нақтылау, қортындыларды тұжырымдау, әдістемелік ұсыныстар дайындау жүзеге асырылды.

Зерттеу базасы: тәжірибелік-эксперимент жұмыстары Атырау қаласындағы №11 Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде жүргізілді.

Зерттеудің теориялық маңызы: Ана тілі сабақтарында қазақ халық ертегілерін оқыту арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру жайлы қазіргі түсініктерді жинақтау; Ана тілі сабақтарында қазақ халық ертегілерін оқыту арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру деңгейлерін жасау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және практикалық маңызы:

Ана тілі сабақтарында қазақ халық ертегілерін оқыту арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру үрдісін тиімді ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын анықтап, теориялық негіздеу және тәжірибеде тексеру.

Ана тілі сабақтарында қазақ халық ертегілерін оқыту бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беруге ықпал ететіндігімен анықталады.

Курстық жұмыс құрылымы: кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық ертегілерін оқыту процесінің ролі.

1. 1. Бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің маңызы

Тәрбие - өсіп келе жатқан ұрпақты өмірге даярлаудың барлық жағын қамтитын, қоғамның талап-тілегіне тәуелді күрделі процесс. Оның өзіне тән заңдылығы, қағидасы, ұйымдастыру формалары мен әдістері бар. Тәрбие заңдылығы деп отырғанымыз педагогикалық құбылыстар мен процестердің объективті байланысы. Мысалы, тәрбиенің қоғамдық ортаның объективті, субъективті факторларына тәуелді болуы, жеке адам дамуы мен тәрбиенің баланыстығы, тәрбиеленушілердің іс-әрекетін қоғамға пайдалы етіп ұйымдастыру [4] .

Өмірде баланың тәрбиелеудің мазмұнын белгілеу жетекші орын алады. Соңғы кезде білім мазмұнының тұжырымдамасында тәлім-тәрбие мазмұнының негізгі алты жағы: ақыл-ой тәрбиесі, имандылық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, эстетикалық тәрбие, тілдік қатынас тәрбиесі, дене тәрбиесі көрсетілген. Аталған тәрбие түрлерінің мақсаты дүниенің шындығын өз мәнінде танитын, эстетикалық сезімі, талғамы жоғары, іс-әрекетке жарамды, өзгелермен қарым-қатынас жасауға бейім, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық жасайтын жастарды тәрбиелеу. Қазіргі кезде баланың бойында ұлттық намыс қайырымдылық сезімін қалыптастыру айрықша орын алады. Өйткені әрбір адам ана тілінде өз халқының тәлім-тәрбиесін алуы арқылы өзге ұлттың өкілі алдында өзінің дамығандығын көрсете алады. Бұл тәрбие саласындағы өзін-өзі дәріптеу емес, терезесі тең ұлт ретінде өзінің әдет-ғұрпын, салт -дәстүрін өзгелерге таныту. Оның ықпалынан болған қасиеттерін мақтаныш ету.

Тәрбие процесінің қажетті буыны - өзін-өзі тәрбиелеу. Ол адамның өз мінез-құлқына баға беруінен, өз ісіне бақылау жасап, алға мақсат қоюынан көрінеді. Өзін-өзі тәрбиелеу ісі арнайы ұйымдастырылған тәрбие жұмыстарын жүргізгенде тиімді нәтиже береді.

Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу тек өзін дамытуға ғана емес, сондай-ақ оны түзетуге де бағытталған. Тәрбие қоғам белгілеген және халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүр негізінде мұғалімнің, оқытушының, тәрбиешінің оқу сабақтары мен сыныптан, мектептен тыс жұмыстары кезінде арнайы мақсат көздеп, баланы қалыптастыруға ықпал ететін күрделі процесс.

Оқыту-мұғалімнің мақсатқа сай оқушыларды біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыруға және өз бетінше еңбек ету ізденісіне үйретуге бағытталған іс-әрекеті. Оқушының білуге, тануға, үйренуге және бейімділігі мен қабілетін, іскерлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған іс-әрекетін оқу деп атайды. Ал мұғаліммен оқушының мақсатқа сай, тәлім-тәрбие мәселелерін шешуге бағытталған іс-әрекетін оқыту процесі деп атайды. Оқыту процесінде білім беру, тәрбиелеу, дамыту ісі шешіледі, яғни оқыту процесінде алдымен оқушыға оқу пәндеріне сай білім беріліп, іскерлік пен дағдыға үйретіледі. Екіншіден, берілген білім оқушының ой-өрісінің, қабілеті мен бейімділігінің дамуына әсер етсе, үшіншіден оқушыда көзқарас, сенім, мұрат, тәртіптілік, жүйелі еңбек ету, мінез-құлық қалыптастырады.

Жалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы байланысты арналған ғылыми зерттеу еңбектерді зерделеу барысында бастауыш сынып оқушыларының мәдени-адамгершілік құндылықтарының қалыптасуы, олардың психологиялық дамуына байланысты арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенгенін байқауға болады.

Мәселен, С. Төрениязова “Бастауыш мектеп оқушыларының сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмысы арқылы дамытудың педагогикалық негіздері” атты ғылыми - зерттеу жұмысында оқушыны дамытуда білім мен тәрбие негізгі орын алатынын атап көрсете келе, дамудың бес жағдайын нақтылайды [5] .

Психикалық дамуға - оқушының мінез-құлқының, ерік-жігерінің қабілеттігінің дамуы;

Дененің дамуға - дене бітімінің өз жасына сай болуы,

Рухани дамуға - оқушының ішкі жан дүниесінің сырттан әсер ететін күшпен өзара бірлігі;

Жалпы дамуға - оқушының жан-жақты үйлесімді дамуы; деп қорытындылай келе, сыныптан тыс уақытта бастауыш сынып оқушыларын дамытудық ғылыми теориялық негізін айқындай отырып, бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстардыңь тиімділігін арттыруға, үйірме жұмыстарымен мектептегі қоғамдық ұйымдардың құрылымын айқындай отырып, тәжірибелік - эксперименттік жұмыстардың тиімділігін нақтылайды.

Көп ұлтты Қазақстан жағдайында аралас мектептегі адамгершілік тәрбие мәселесі В. А. Кимнің еңбегінде негіз болады. Әрбір этникалық топтың бір ұжымда тәрбиелену барысында олардың ұлттық ерекшеліктеріне, салт -дәстүріне, әдет-ғұрыптарына аса мән бере отырып, адами құндылық қасиеттерін қалыптастыруда әр ұлт өкілдерінің ықпалын жан-жақты ашып көрсетеді.

Қоғам дамуының жаңа кезеңінде адамгершілік тәрбиесі - адамзат қоғамын үнемі толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі. Жаңа әлеуметтік мәдени жағдайда жеке тұлғаның адамгершілік тұрғыдан қалыптасуына байланысты, біріншіден, бүкіл адамзат қоғамының даму тарихында адамгершілік тәрбиесінің өзекті болғанын, екіншіден, философиялық, тарихи, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттер мен зерттеулерге таңдау жасай келе, адамгершілік адамның тұлғаның құрылымында ең алдымен өзін танып білуі, олар мен адамгершілік қарым-қатынасы адамгершілік тәрбиенің бір қыры, үшіншіден, қазіргі жаңа әлеуметтік мәдени орта жағдайында адамның адамгершілік тұрғыдан қалыптасуы өзі өмір сүріп отырған қоғамның және әлеуметтік ортаның, оның жанды саласы - мектептің алатын орнының маңызы зор екеніне тоқталады. Адамгершілік тәрбиесі бірнеше міндеттерді шешуге көмектеседі.

- Өмір талабына сай қоғамның моральдық нормасын орындауға лайықты шәкірттерді тәрбиелеу;

- Оқушының бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;

- Оқушының санасына және мінезіне ұстаздың ықпал жасауы;

- Отанға, халқымызға, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін күшейту.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін тәрбие шаралары балалардың жас ерекшеліктеріне, жеке бас ерекшеліктеріне, қызығушылығына лайықты жасалады.

Адамгершілік тәрбиесі оқу-тәрбие үрдісінің барлық саналарына, яғни оқыту, білім беру барысында және еңбек үрдісінде жүзеге асырылады. Тәрбиелі болу үшін адамгершілік нормаларын құр жаттап алу жеткіліксіз, оны терең ой елегінен өткізу, бастан кешіру және толғануды мінез-құлыққа бекіту керек [6] .

Жеке адамның адамгершілік жағынан қалыптасуы оның өмірге келген күнінен басталады. Мектепке дейінгі жаста балалардың бастапқы адамгершілік сезімдері мен ұғымдары, мінез-құлықтың ең қарапайым дағдылары қалыптасады. баланың мектеп жасына дейінгі қалыптасқан мінез-құлықтары келешекте ересек адамдармен және құрбы-құрдастармен қарым-қатынастарда көзге түседі, мінез-құлықтың, сезім мен сананың жаңа түрлері одан әрі дамытылады.

Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу ең алдымен оқыту үрдісі барысында жүзеге асады. Үлкенді сөйлеудің, ата-аналарды құрметтеуге, еңбектенуге, ізеттілік сақтауға үйренеді. Бұл жаста балалар сапалы тәртіпке, жолдастық өзара көмекке, адамның көңіл-күйін түсінуге дағдыланады. Олар мектепте оқу -әрекетіне өзінің қатынасын, жанұяда, қоғамдық орында өзін-өзі ұстауды біледі. Соның нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының дербес және қоғамдық мінез-құлқы және адамгершілік қарым-қатынасы байқалады.

Мектеп оқушыларына тәрбие беру тек жеке пәндер арқылы ғана емес, сыныптан тыс тәрбие сабақтарында, үйірме жұмыстарында адамгершілік тәрбиеге баулуға болады. Ондай жұмыстар түріне сынып жетекшінің этикалық жарыстар, пікір сайыстар жатады.

Жасөспірімдерді адамгершілікке тәрбиелеуде өмірде кездесетін көптеген жағымсыз жәйттерден сақтандыру мәселесі ескеруіне тиіс. Мұндай мәселелерде әсіресе жанұяның рөлі ерекше. Себебі тәрбие жанұядан басталады.

Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне қатыстыру, олармен тығыз байланыс жасау мәселесі негізгі орын алуға тиіс.

Адамгершілік тәрбиесінің басқа тәрбие салаларына қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Ол қоршаған ортаға, қоғамдық қарым-қатынасқа, рухани байлыққа байланысты.

“Егер баланы тәрбиелеген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды”, - дей отырып, “егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады”, - деген болатын В. А. Сухомлинский.

А. Бейсенбаева “Қазіргі кезде адамгершілік қасиеттер азайған, тұрақсыздық жағдай қалыптасқан қоғамда өсіп келе жатқан жасөспірімдердің бойына жоғары азаматтық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда ғаламдастары, интеграция және гуманизация сияқты алдын-ала анықталған тенденцияларды ескеру қажет”, - деп көрсетеді.

Адамгершілік тәрбиесі - үзіліссіз жүргізілетін үрдіс, ол адамның өмірге келген күннен бастап өмір бойы жалғаса береді. Оның мазмұны оқушының жеке бас қасиеттерінің кең шеңберлерінде қамтиды. Сондықтан оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін ескеру негізі орын алмақ.

Қандай халық болса да оның ұлттық үрдісі, өзіндік әуені ілікті қасиеті, ұлттық болуы арқылы болшақ ұрпағының төл келбетін қалыптастырады. Сондықтан сан ғасырлар бойы халықтың өзінен бірге жасасып ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып өмір сынынан ерекшеленіп өткен бүгінгі өмірге жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді педагогикалық әдебиеттерге сүйенген дұрыс.

Біздердің қазіргі “Халық педагогикасы’’ деп жүргеніміз, сол ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жиып - терген тәсілдері мен тәрбиелерінің жиынтығы. Олай болса, бұл күллі адамзат мәдениетінің тарихының анасы тәріздес, аса үлкен құбылыс. Сөйтіп дүние жүзіндегі халықтардың тәлімі мен тәрбиесінің бастауын сонау топан су заманынан бастау керек. Сонан бері адамзат баласы басынан талай қилы замандарды кешті. Бертін келе толып жатқан халықтар пайдасы болып, әрқайсысы өзінің тарихы мен мәдениетін жасады. Сол рухани қазыналарға жататын фольклордың ішінде, бүкіл халықтық педагогиканың негіздері айтылады. Ендеше, қазақ халқының жүзден аса батырлар жырында, қаншама ғашықтық дастандарында, небір ғажайып ертегілер мен аңыздарында, тіпті мақал-мәтелдерінде тұнып тұрған адамшылыққа жеткізер тәлім екені анық. Тек мұны жүйелі түрге келтіріп, пәрменді әдістермен ұрпақ тәрбиесіне пайдалануымыз керек [7] .

Қазіргі тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлер шақ туды. Әрине, бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып қойған емес. Бірақ, бүгінгідей қоғамның аласапыран шағында исі адам баласын адамгершілік тәрбиеге баулу өте-мөте маңызды мәселе болмақ. Осыған орай, бүгінгі мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие беру мақсатында “Атамекен” бағдарламасы қабылданған “Бағдарламада”, “Салт”, “Асыл мұра”, “Бабалар өсиеті”, “Достық”, “Ата-ана” секілді тәрбиелік мәніне орай топтастырылған бөлімдер бар. Олардың қайсысы болмасын бала бойында асыл да, ізгі қасиеттердің қалыптасуына үлкен септігін тигізері даусыз.

  1. Адамгершілік тәрбие беру құралы ретінде қазақ халық

ертегілеріне педагогикалық-психологиялық көзқарас

Егер халық ертегілеріне педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ мұның балаларға танымдық əсері жоғары. Халық ертегілерінің таңдаулы үлгілері ғасырлар бойы жасалған халық шығармашылығы болғандықтан оның ішінен көркем тіл де, терең ой да, тамаша үздік кейіпкерлер де табылады. Оның осы сияқты аса жоғары идеялық көркем қасиетін балалардың санасына жеткізу үшін бұлардың да өзіне лайық оқып үйрену жолдары əдіс амалдары бар, мысалы ертегілерді алатын болсақ, ол ел аузында ғасырлар бойы сақталып айтылып əңгімеленіп келеді. Ал осы ертегілер арқылы бала айналасындағы өмірді, адамдарды кеңірек танып ұстанымдылыққа еңбек сүйгіштікке ие болады.

Ертегі бала ойында сақталу үшін түрлі жолдар арқылы жүргізуге болады.

1. Ертегі оқу. Мұнда сол ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп соның көңіл-күйін образ арқылы бейнелеп беру.

2. Пантомима ойыны. Ешқандай сөз айтпай сол кейіпкердің қимылдарын көрсету.

3. Суретпен жұмыс. Əр түрлі жəндіктер бейнеленген суреттер немесе бір ертегідегі барлық қимылдарды суреттер арқылы көрсету. Баланың табиғат туралы білімдерін кеңейтіп табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, қамқорлыққа алуға тəрбиелеу. Сабақта үнтаспа, бейнетаспа суреттер көрнекілікті пайдалану əңгімелесу, түсіндіру. Табиғаттың əсемдігін көріп сезіне білу балалардың өмір тəжірибесін байытып, олардың эстетикалық талғамын дамытады. Туған жерге деген ыстық сүйіспеншілігін күшейтеді. Халық ұғымында табиғат деген сөз [6; 15] . Жер - ана. туған жер, атамекен сөздері түрінде көп айтылады.

Бастауыш мектеп жасында оқушыларға арналған əдебиет жанры жағынан көбіне жеңіл сюжетке құрылған шағын шығармалар, хайуанаттар жайында жазылған əңгімелер белгілі оқиға не ойын түрлеріне құрылған өлеңдер, ертегілер болып келеді.

Ертегілердің танымдық-тағлымдық рөлі К. Ушинский Д. Макаренко, В. Сухомлинский еңбектерінде ерекше көрініс тапқан [9; 44] . Аса көрнекті педагог В. Сухомлинский өзінің педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп оқушыларын тəрбиелеу жəне дамыту мəселелерімен шұғылданды. Ол ертегілерсіз шығармашылықсыз, қиялсыз толық мəнінде тəрбие жүзеге аспайды деп саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық ертегілерін оқыту процесіндегі ролі
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілерін пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздері
Қазақ ертегілері сан алуан
Қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту мен тәрбиелеу мәселесі
Бастауыш сынып оқушыларын ертегілер негізінде тәрбиелеу
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу процесінің мәні
Мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие беру процесі
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz