Тіл танытқыштар



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 А. БАЙТҰРСЫНОВ МҰРАЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 А.Байтұрсынов мұраларының зерттелу жайы және оның педагогикалық
идеяларының Ы.Алтынсарин идеяларымен үндестігі
1.2 А.Байтұрсыновтың педагогикалық ой-пікірлері және оның тәлімдік
мүмкіндіктері

2 А. БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН САБАҚ ҮРДІСІНЕ ЕНГІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 А. Байтұрсынов мұралары арқылы бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың
маңызы

2.2 А.Байтұрсынов мұраларын мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі нарықтық экономикаға сүйенген, ғылыми-
техникалық жаңалықтарға еркін аяқ басқан егеменді еліміз ХХІ ғасыр
табалдырығын аттай отырып, білім беру ісі мен қоғамды ізгілендіру
мәселесін, демократия мен ұлттық руханиятты, мәдениет пен тілді түлетуге,
ұлттық мәдени мұраларды жандандыруға баса көңіл бөліп, білім беру
мекемелері өздерінің алдына басты міндет етіп қойып отыр. Осымен байланысты
жаңарған қоғамның жастарын ұлттық-патриоттық рухта тәрбиелеуге арналған оқу-
тәрбие жүйесінің жаңа кешенін жасау қажеттілігі туындауда.
Қазақстан республикасының мәдени-этникалық білім беру
тұжырымдамасында мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту ұлттық мәдени
дәстүр жалғастығына, тарихи мұраларды жандандырып тәрбие құралына
айналдыруға, халықтар мүдесі мен бірлігінің тоғысуына негіздеулі керек.
Мәдени-этникалық мұраны жандандыру мен жалғастыру, ұлттық патриоттық
сезімді ояту мен аялау ең алдымен мектептен басталуға тиіс, деп өте орынды
айтылған.
Сондай ғалымдардың бірі – А.Байтұрсынов еді. Ахмет Байтұрсынов-
ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға,-деп
Ә.Кекілбаев атап көрсеткендей, ғалымның артына қалдырғанмұрасын расында да
ешкіммен салыстыруға болмайды. Жаңа жазу . Жаңа әліппе. Тұңғыш емле.
Тұңғыш фонетика. Тұңғыш грамматика. Тұңғыш синтаксис. Тұңғыш терминалогия
мен әдістеме. Тілашарлар. Тіл танытқыштар. Тіл жұмсалар. Ол ашқан Қазақ
газеті мен қазқ мектептері, Қазақ мұғалімдер курсы, ол жасаған қазақ
терминдері қоры, осылай санай берсек, ұлы ағартушының қазақ мәдениетіне,
Қазақстан ғылымы мен оқу –ағарту ісіне қосқан іргелі үлесі үшін ұшан теңіз.

Ғалымның педагогикалық көзқарастарын ғылыми-педагогикалық тұрғыда
зерттеу жұмыстары А.Қыдыршаевтың А.Байтұрсыновтың әдістемелік
мұралары атта ғылыми-зерттеу жұмысында қарастырылған. Мұнда қазақ
тілінің әдістемесіне ғалымның қосқан үлесінің, тіл білімін дамытуға орнының
ерекше екендігі талданған. Сонымен қатар, Р.Б.Үсембаеваның А.Байтұрсынов
мұралары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгаршілікке тәрбиелеу атта
ғылыми-зерттеу еңбегінде ғалымның еңбектеріне ғылыми талдау жасалып және
оны бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде пайдаланудың
жолдары қарастырылған. Ал, А.Байтұрсыновтың педагогикалық-психологиялық
мұраларының тәлімдік мүмкіндіктері Қ.Жарықбаев пен С.Қалиевтің Қазақтың
тәлім-тәрбиесі және Қазақтың педагогикалық ой-пікірлер Антологиясы атты
еңбектерінде жақсы ашылып көрсетілген.
Дегенмен, А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұрасы, оның ішінде
жалпы орта білім беретін мектептерге білім мен тәрбие беру, болашақ
бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау мәселелері әлі де болса жан-жақты
ғылыми –педагогикалық тұрғыда зерттелген жоқ деп айта алмаймыз. Ал, ол
кеңінен зерттелуі және қазақ педагогикасы тарихынан заңды орын алуы тиіс.
Зерттеудің мақсаты: А.Байтұрсыновтың педагогикалық-ағартушылық
ғылыми еңбектерін зерттеп педагогикалық колледждер мен жалпы орта білім
беретін мектептердің оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың ғылыми-әдістемелік
кешенін жасау, оны теориялық және практикалық тұрғыда негіздеп, жан-жақты
дамыған шығармашыл тұлға қалыптастырудың маңызы мен мәні аса зор.
Егер, А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұраларындағы құндылықтарды
іріктеп, тәлімдік мүмкіндіктерін айқындай отырып жасалған әдістемелік
ұсыныстар іске асса, онда рухани құндылықтарды бағалай білетін , ұлттық
және патриоттық санасы жоғары жеке тұлға қалыптастыруға игі ықпал еткен
болар едік.
Зерттеудің міндеттері: А.Байтұрсыновтың тәлімдік ой-пікірлерін
оқу тәрбие үрдісіне енгізудің әдістемесі атты екінші тарауда А.Байтұрсынов
мұралары арқылы бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау мәселелері, Ахмет
мұралары бойынша жасалған Ахмет тағылымдары атты арнаулы курс
бағдарламасы, оны педагогикалық колледждер мен орта мектептің оқу-тәрбие
үрдісіне енгізудің жолдары сөз болады.
Зерттеудің базасы: Тараз қаласы, № 51 орта мектебінің бастауыш сынып
оқушылары.
Зерттеу кезеңдері: 2006-2007 оқу жылында зерттеу бойынша әдебиеттерге,
мерзімді басылымдарға талдау жасалынды. 2006-2007 оқу жылында зерттеу
тақырыбы бойынша іс-шаралар жүргізіліп, диплом жұмысына материал етіп
енгізілді.
Зерттеу құндылығы: Студент-практиканттар бастауыш сынып мұғалімдері
әдістемелік нұсқау ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу пәні: Оқушыларға бастауыш сынып пәндерінде А.Байтұрсыновтың
шығармаларын оқыту арқылы әдіскердің тәлімдік ой-пікірлерін оқу-тәрбие
үрдісіне енгізудің әдістемесі.
Зерттеу болжамы: Егер оқыту процесі мен әдістері оқушының
А.Байтұрсыновтың тәлімдік ой-пікірлерін оқу-тәрбие үрдісіне пайдалануға
бағытталып, теориялық тұрғыда негізделсе, онда оқушының білімге деген
құштарлығы артады.

1 А.БАЙТҰРСЫНОВ МҰРАЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 А.Байтұрсынов мұраларының зерттелу жайы және оның педагогикалық
идеяларының Ы.Алтынсарин идеяларымен үндестігі

А.Байтұрсынов қазақтың ағартушы педагогы Ы.Алтынсариннің тікелей
ізбасар-мұрагері жөне оның идеясын жалпақ қазақ даласында іске асырушы
қайраткер болғандықтан, оның педагогикалық мұраларын Ыбырай еңбектерінен
бөліп қарауға болады. Соңдықган, ең алдымен Ыбырайдың ағартушылық идеясы
қандай еді, А.Байтұрсынов бастаған зиялы топ ол идеяны қалай жалғастырды
деген мөселелер төңірегінде ой қозғау қажет. Ыбырай заманы Ресей
патшалығының отаршылық саясатымен тұстас келеді. Орыс патшасы қазақ еліне
мектеп ашуды сылтауратьш өзінің отаршылдық саясатын жүргізді. Оны
Н.И.Ильминскийдің синодтық обер-прокурор К.Н.Победоносцевке жазған хатынан
аңғаруға болады.
"Біз үшін - дейді ол,- бұратаналар орысша сөйлегенде жаңыльп,
қызарып, орысша жазғанда көптеген қате жіберетін болып, жалғыз
губернагордан ғана емес, төменгі бастықтардың бәрінен үрейленіп қорқып
тұратъш болса жақсы болар еді,"-деп өздерінің саясаттарын әшкерелеп
береді.
Егер, Ы. Алтынсариннің шьғармашылық жөне ғылыми еңбектеріне зер
салатын болсақ, оның идеясы Н.И.Ильминский идеясына мүлде қарама-қарсы
екенін байқаймыз. Оған дәлел, ЫАлтынсариннің мектептерде хриетаан дінін
оқытуга қарсылығы жөне ислам дінінің мән-мағынасын қамтыған
"Мұсылманшылдықтың тұгқасы" атгы еңбегің мектептің оқу-тәрбие үрдісіне
енгізуі еді. Ислам дінінің мән-мақсатымен таныстыра отырып, негізінен
адамгершілік төрбиесі мөселесін қамтитын бұл еңбегі 1884 жылы Қазан
қаласында араб әрпімен жарыққа шықты. Осы еңбекті жазудағы мақсаты жөнінде
ЫАлтынсарин былайдеді: "біріншіден, қазақ жастарының дін жөніндегі
түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін екіншіден, қазақтың жазба
тілінде татар тілі орынсыз етек алуына жол бермеу үшін мен соңғы кезде
Мұхаммет шариғатын үйрене бастап, осы оқу құралын құрастыруға кірістім"
-дейді. Яғни, оның бұл еңбекті жазудағы мақсаты — дінді адамгершілікке
төрбиелеудің құралы деп түсіңіп, өзінің педагогикалық мақсатына икемдей
пайдалану еді. Ы.Алтынсарин жас өспірімдерге адамгершілік рухта төрбие беру
мақсатын ұстанды. Ол еңбек, адамды сүйе білу, кішіпейілдік, қарапайымдылық,
үлкенді сыйлау, жолдасгық т.б. мөселелерге кең көңіл бөлді. Өзінің
хрестоматиясында қазақтың төл өңгіме, аңыз, ертегілеріне кеңірек орын беру
арқылы ол үлттық жөне жалпы адамзаттық құндылықтарды үйлестіре үйретуді
көздеді. Ы.Алтьшсарин шығармаларының төрбиелік потенциалы бүгіні күнге
дейін өз күшін жойған жоқ.. Ағартушы шығармашылығының негізі -
адамгершілікке, имандылыққа төрбиелеу болды. Оның пікірінше, осындай
қасиеттер түгелдей бір адам бойында қалыптасқанда ғана ол парасатгылықпен
біреуге жанашыр бола алады.
Ы.Алтынсарин шығармаларының бөрі адам жанының небір түпкірлеріне
үңілетін, адамгершілікке тұнып тұрған озық идеяларға толы. Оның ойынша
оқытудың негізгі мақсаты - пөн мазмұны бойынша ақпаратгар беру ғана емес,
жалпы іскерлікті, адамгершілік қасиеттерді қатар қалыптастыру болуы тиіс.
Ы..Алтынсарин ашқызған алғашқы ұлттық мектептердің құрылымдары
төмендегідей еді:
1. Екі жыл оқытатын ауылдық мектеп.
2. Төрт жыл оқытатын бір кластық мектеп.
Алты жыл оқытатын екі кластық училище. Осы мектептерден қазақтың белгілі
ағартушы қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М. Дулатов, Н.Құлжанова,
С.Көбеев, Ғ.Балғымбаев, Б. Өтетілеуов жөне т.б. білім алды. "Ғұлама
ағартушы ғалым" атты еңбекте: "Ы.Алтынсарин мектебін бітірген қазақ
зиялыларының бірі: Ахмет Байтұрсынов - Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ
мектебін бітіргеннен кейін Орынбордағы мұғалімдер училищесінде оқыды",- деп
атап көрсетеді. "Ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып
нағыз ғылымдық дөрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген-
А.Байтұрсынов"-деп Қ.Мұхамедханов атап көрсеткендей, А.Байтұрсынов Ыбырай
негізін салған ағартушылық идеяларды жалғастырушы болды. Олардың
идеяларының үндесгігін шығармаларынан, әңгіме, өлең, мысалдарынан,
этнографиялық еңбектерінен, мақалаларының мазмұнынан анық байқаймыз.
Мәселен, А.Байтұрсыновтың "Оқу жайы" атты мақаласында қай халықтың болмасын
ілгері басу себебі де, кейін қалуы да оқу мәселесімен байланысты екенін
дәледейді. Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның
байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші... ...Бұл заманда қолы
жетпегендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін өнер-білім, сол
өнер-білімге мезгілі өтпей тұрғанда үйренсек тұрмысымызды түзетіп,
басқалардың аяқ астында жаншылмас едік, біз де өз алдымызға бір жұрт
еқендігімізді білдірер едік," -деген мақала жолдарынан ағартушының егемен
ел болудың, тәуелсіздіктің тірегі — білім деген нақты тұжырымды халық
санасына жеткізгісі келгенін аңғарамыз. Сол сияқты "осы замандағы жан
таңырқарлық нәрсенің бәрі де ғылыммен табылған. Адам баласын көкте құстай
ұшқызған, суда балықтай жүздірген — ғылым.. Дүнияның бір шеті мен бір
шетіне шапшаң хабар алғызып тұрған-ғылым, от арба, от кемелерді жүргізген —
ғылым. Осыларды істеп отырған жұрттың бәрі де сондай болмаған. Бұлар да
басында біздей, қатта бізден де өнерсіз болған. Халық жүре,
оқи, талаптана келе осыншаға жеткен", - деген пікірінің де Ы.Алтынсариннің
"Өнер-білім бар жұрттар..." атты өлең жолдарындағы идеямен мазмұндас, үндес
екені байқалады. Екі ағартушы бір-бірін іштей түсініп, елінің келешегі тек
өнер-білімде деп қарап, халықты оқу-ағарту ісіне шақыруды мақсат етті.
Өзінің ұстазы Ы.Алтынсарин "Ауыл ауылды аралап, елден қаржы жинап, Тортай,
Қосганай, Ырғыз-Ақтөбе өңірінде бірнеше мекгептер ашып, ал мекгептерде
діни оқудың орнына дүншіуи пәндерді оқытуды қолға альш, "Қазақ
хрестоматиясын" үсьшса, сейтіп қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп
түсінее", А.Байтұрсынов "Оқу жайы" атты мақаласында "Қазақ ауылында оқу
жайы нашар, кемшілігі есепсіз көп, шебер маман, сайлы мекгеп, сәйкес
бағдарлама, оқыту жайын дұрыс үйрететін, білгір маман даярлайтын оқу орны
педучилищелер жоқ,"- деп дабыл қағады. Және ".. қазақта қай жерде болмасын
қазақ үшін ашылған школдардың бәрі де аулынай школдар, бір ғана Қостанай
уезіндегі 132 школдың 109-ы ауылнай школдар, ал мұндай школдардан қазақ
балалары тіршілікке пайдалы білім аларлық деңгейге жетпейді",- дейді.
Сонымен қатар, мекгеп, орта жөне жоғарғы оку орындарын ашу керек, оларды
дамыту, қаржыландыру мәселесін "Қазақ" газеті үнемі көтеріп, жұртқа жол
көрсетіп отырада деп газеттің алға қойған ағартушылық қызметін білдіреді.
А.Байтұрсынов "Бастауыш мектеп" атты мақаласында Ресей
үкіметінің орыстандыру саясатының бет-пердесін ашады әрі: "Хүкіметке керегі
мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болуы, әр
халыққа керегі өз діні, тілі, жазуының сақгалуы. Солай болған соң бастауыш
мектеп, әуелі миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек.., Олай
болса, мектеп арқылы қазақтың дінін, тілін, жазуын жоғалтып, орысшаға
аударамын деген пікірден хүкімет безіп, тиісті бастауыш мектеп екі жаққа да
зиянсыз, пайдалы болуын көздеу керек. Солай ойлағанда көңілге ұнамды
мектептің түрі біздің ойымызша мынау",-деп бастауыш мектептің 5 жылдық
болуын, қазақ халқының көшпелі ерекшелігін ескеріп, мектептерді келіп
оқитын жөне жатып оқитындай ғып құруды, қыр мектептері мен қала мектептері
ерекшеліктерін ескере ұйымдастырылуын талап етеді. Жалпы 5 жылдық бастауыш
сатының 3 жылы ауыл, екі жылы болыс мектебіне берілсін. Ауыл мектебі тек
ана тілінде болсын. Онда оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, жағрафия,
шаруа-кәсіп, жаратылыс жайы пәндері оқытылсын. Болыс мектебі орысша
оқылатын соңғы екі жыл. Мүнда берілетін білім гимназияның төменгі сыныбына
кірерлік пәндер болуы керек дейді. Демек, бұл салыстырулардан ғалымдардың
мақсат-мүдделерінің үңдестігін, әрі заманына қарай өзіндік ерекшеліктері
болғанын аңғарамыз.
Қорыта келгенде, Ы.Алтынсарин мен А.Байтұрсыновтың ағартушылық-
педагогикалық мұраларын зерделей келе, олардың идеяларының үш бірдей
бағытга үндесетінін байқауға болады. Біріншіден, екеуі де бар ғұмырларын
ұлтгық мектеп ашуга, қазақ балаларына дүниежүзілік білімді терең
меңгеріуге,өнерге, мәдениетке тартуға арнаған. Екіншіден, сондай дәрежеде
білім берегін төл оқу-құралдарын, сол оқулықтарға дұрыс басшылық
жасауды үйрететін ғылыми-әдістемелік құралдар жазды. Үшіншіден, болашақ
маман даярлау ісін жандандыру, ұлттық мектептер құрылымын анықтау,
мектетердің материалдық-техникалық базаларын нығайту, оқу-білім арқылы
қоғамдағы саяси-әлеуметтік мәселелерді түсіндіріп ұлттық сананы ояту үшін
ұлттық баспасөзді насихаттау құралы ретінде пайдаланған.
Сол сияқты, АБайтұрсынов Ыбырайдың рухани және тарихи ізбасары екенін
Ә.Бөкейхановтың 1925 жылы 23 маусымда Мөскеуден АБайтүрсыновқа жазған
хатыңдағы: "Бауырым Ахмет! ...Алтынсарының баласы Ыбырай хатында өзіңіз
жазсаңыз жақсы болар еді. Ол сенің ағаң емес пе ?! Егер ол қазір өмір сүрсе
сендей болар еді, ал сен ертерек дүниеге келгенде, оның ісін жасарың
хақ..." - деген пікірден де анық байқаймыз.
"Намыс - рух тамыры, яғни ыстық қайраттың ынтасы, сезім-қан, яғни жылы
жүректің ісі, сана-ми, яғни нұрлы ақылдың сәулесі. Абай - ұлттық намысты
ұлықтандырушы, Міржақып - ұлтгақ сезімді тудырушы, Ахмет ұлттық намыс пен
ұлттық сезімді ұлттық санаға айналдырушы. Оқыған азаматтың тұңғышы, алғашқы
шыққан көсемі,-" деп М.Әуезов атап көрсеткендей АБайтұрсынов ХХ ғасырдың
басындағы ұлттық педагогикалық ой-пікірлердің негізін салған, халықтың
сауатын ашуға бүкіл күш-қайратын жұмсаған қайраткерлердің бірі еді.
Ахметтің педагогикалық мұраларын зерттеген сайын ешкімге
ұқсамайтын дара тұлға екенін көреміз. Оның ұлттық ерлік дәстүріне
байланысты жинаған деректерінің тарихтан алатын орны ерекше."Ер Сайын"
жырын ел аузынан жинақтап, әндеп, ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға ұсынды.
Жәнібек батырға байланысты тарихи деректерді жинап, өз еңбегіне арқау етгі.
Жастарды ерлікке тәрбиелеуде, азаматтық борыштылық сезімдерін оятуда бұл
еңбектің орны ерекше. Ал, ғалымның "Білім жарысы" атгы мақаласында білімді
жұрттарда осындай жарыс болады, қазақтың осыған ұқсас бәйге тігуінің
пайдасы шамалы, далаға кеткен шығын дейді. Білім жарысы түрі жағынан
осындай болғанымен мақсаты басқа әрі бұдан жұртқа келер пайда мол, шыққан
шығын орны толады деп түсіндіреді. Еуропа жұртындағы білім жарысы туралы
түрлі мысалдар келтіріп, пайдасына халықтың көзін жеткізгісі келеді. Білім
жарысын қазақ арасында өткізу қажеттілік, тығырыққа тіреліп тұрған оқу-
ағарту ісін жандандырудың бірден-бір көмекші жолы екенін уағыздайды:
"Жұртқа ғылым үйретумен, көрумен, білумен жайылады. Білімнің бас құралы -
кітап. Қазақ арасына білім жайылуына, әуелі оқу үйрететін орындар сайлы
болу керек екінші, білім тарататын кітаптар жақсы боларға керек һәм халық
арасына көп жайыларға керек. Осы мақсатқа жетуге зор себепкер болатын істің
бірі - білім жарысы",- дейді. Мұнда автордың мақсаты дұрыс оқулық шығару,
оқу-ағарту існе халықты қатыстыру, кәсіби шебер мамандарды саралау. "Қазақ
арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек" атты мақаласында үкіметтің
қазақ арасындағы оқу жұмыстарын ұйымдастыруы мардымсыз, себебі
қаржыландыру жағы жеткіліксіз, оқу қазақтың өзі үшін керек. Сондықтан, ел
болып жұмыла кірісу керек"—дейді. Ол үшін, әр отбасы жағдайына лайық салық
салып, жиналған қаржыны мектеп ашу ісіне жұмсауға шақырады. Кедей
балаларына бірнеше тегін орын бөлуді ұсынады. Ауылдардың сирек орналасуына
қарай кейбір мектептер жанынан интернатгар ашу қажет дейді. Ел болашағы
үшін керек жұмысқа жекелеген шығынды киынсынбай, күресуге үндейді.
"Тәні саудың - жаны сау" атты мақаласында ол тән мен жанның мән-
мағынасын, арақатынасын түсіндіреді. Тән тозса, жанның да тозып, адам
азғындап, хайуан қатарына жететінін дәлелдеуде, қазақ халқының тәнін де,
жанын да тоз-тоз еткен ашаршылық көріністерінен мысал келтіруінің
философиялық, психологаялық және тәрбиелік мәні зор. Тән саулығының
қажетілігін, қымбаттығын айта келе, тәңді тоздырмай, оның саулығы үшін
қажет нәрселерге қысқаша былай тоқталады:
1) Тәннің өзіне керекті нәрселерді (ауа, тамақ, сусын сияқты нәрселерді)
мезгілімен тиісті күйінде, керек мөлшерімен алып тұруы;
2) Ағзамыз әр түрлі кызметін мезгілімен дұрыс басқарып, дұрыс атқарып
тұруы керек, мәселен, тамақтың қарында қайнап пісуі, бойға сіңуі, қан
мезгілімен тарап тұруы сияқты қызметтер.
3)Тәнге зиян келтіретін ауру құрты, у, суық сияқты нәрселерден тәнді
қорғау.
"Бұл үш шартты орнына келтіру үшін - әуелі демалатын ауа, жейтін тамақ,
ішетін сусындардың жәй-мәнісін білу керек".
Екінші, тұратын үй, киетін киім, тұтынатын нәрсе, істейтін жұмыс, тән
тәрбиесіне керек толып жатқан нәрселер бар - олардың жай-мәніеін білу
керек.
Үшінші, тәнге зиян келтіреттн нәрселердің тәнге кіретін жолдары бар,
ауру құртгарының өсетін, көбейетін орындары бар- оларды білу керек",-
дейді.Яғни, оның тән саулығының тамыры тазалықта, жан саулығының тамыры тән
саулықта деген қағидаларының тәрбиелік мәні өте зор. Әсіресе, мұндай
түсініктерді балаға отбасында, бастауыш сыныпта қалыптастыру қажет.
А.Байтұрсынов көтерген мұндай мәселелер ел президетінің халқына жолдауы
"Қазақсган 2030" бағдарламасы мазмұнымен де ұштасып жатыр. Жалпы
А.Байтұрсынов педагогака ғылымына өзінің қолтаңбасымен ерекшеленетін үлкен
мұра қалдырды.
"А.Байтұрсынов пен оның замандас пікірлестері
жайындағы қазіргі жүргізіліп жатқан ізденіс-зерттеулерімізді жинақы бір
атаумен "Ахметтану" деп атар едім. Ахметтану -тек бір ғана қайраткерді
танып - білу мақсатын көздемей, тұтас бір кезеңге қатысты мәселелерге
баратын таным тармағы болуға тиіс"-деп Р.Сыздықова атап көрсеткендей, XX
ғасырдың басындағы ой-пікірлердің өзара сабақтастығын "Ахметтану" деп атау
арқылы ұлттық педагогиканың қалыптасуының тұп-тамырын, діңін байқаймыз.
Ж.Аймауытов пен А.Байтұрсыновтың педагогикалық еңбектерін саралағаңда
олардың еңбектеріндегі ой-тұжырымдар бір-бірімен ұштасып жатады. Мәселен,
Ж.Аймауытов балаға тілді үйрету үшін төмендегі шарттарды белгілейді:
1) Басқа пәндерден тіл оқуында айырым болмасын, қайта өзге пәндер тіл
үйренуге көмек етсін; 2) Жан дүниесінде (психологияда) тіл үйрену басты
жұмыс емес, жанама жұмыс болғандықтан, бала әуелі тәжірибеге таянып,
нәрсемен танысып, кейін сол нәрсе туралы сөйлесіп, тындасын, жазсын, оқысын-
тілге үйренсін; 3) Баланы тілдің әр түріне машықтандырғанда, белгілі жүйе
қолданылсын. Жазу, оқу, тындау, сөйлеуден соң келеді, соңғылары тәжірибеден
соң келеді. Сондықтан әуелі баланың көрген білгені туралы әңгіме құрып,
кейін оқуга, жазуға үйретілсін; 4) Бала әуелі өз бетімен сөйлеуге, жазуға
төселіп, сонан кейін үлгілі сөздерге елікгеуге мүмкіндік берілсін; 5)
Әңгіме үшін берілетін мағлұмат кітаптағы даяр заттар бола бермей, баланың
тәжірибесінен, көрген-білгенінен алынсын. Кітаптан өмірге емес, өмірден
кітапқа қарай жылжысын.
Ал, А.Байтұрсыновтың "Тіл жұмсар" атты әдістемелік еңбегінде:
"Бала білімді тәжірібйе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі -
оның білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі
білімінің ұзақ жолын қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай өту
үшін, керек білімін кешікпей кезінде алып отыру үшін, балаға жұмысты әліне
қарай шағындап беру мен бетін белілеген мақсатқа қарай түзеп отыру үшін
керек",-дейді. Сонымен қатар, оқыту теориясына байланысты да қос ғалымның
идеясы бір-бірімен орайлас келеді. Ж.Аймауытов оқудың негізгі әдістемелік
ұстанымын былай деп береді:
1) Жаңа берілетін сабақты баланың білегін мағлұматтарымен ұштастыру; 2)
тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат аудару; 3)
сабақта алдын ала даярлайтын сұраулар қою арқылы ынтасын арттыру, ілтипатын
сақгау; 4) қажетсіз мағлұматгардан сақгану, баланың ілтипатын қоздыратын
қызықты нәрселерді ғана сөйлеп, үйрету; 5) баланың ішін пыстыратын біркелкі
мағлұматгардан сақтану, лайықты салыстыру, теңестіру, ұқсастыру, түрлі
әдісті оңғаймен оқытуды жандандыруға тырысу; 6) алғашқы кездегі оқыту
дерекгі, көрнекті болу. Оған сай жобаларды дұрыс қолдану; 7) өзгелерді
ынталандыру үшін оқытушы үйрететін нәрсесіне өзі де ынталы, өзі де жақсы
көруі, оқытушы сүйген нәрсені оқушылар да сүйеді.
Ал, М.Жұмабаевтың "Бастауыш мектептегі ана тілі" еңбегін саралайтын
болсақ, АБайтұрсыновтың идеясын әрі қарай дамытушы екенін көреміз.
МЖүмабаев бастауыш мектептен бастап, әр берілген тапсырманың мағынасын
түсініп оқуын талап етеді. Ол "баланы адам мектепке тоты бол деп бермейді",-
деу арқылы түсініксіз жаттап алуға мүлдем қарсы болса, А.Байтұрсынов
осылай оқытатын мұғалімдерге қарсы болған. М.Жүмабаев І-ІУ сыныптың ана
тілін қалыптастыру жүйесін ғылыми негіздеді. Ол ана тілін үйретудің негізгі
бағыттарын төмендегіше белгілейді: 1) Оқу, жазуға үйрету; 2) емлеге
дағдыландыру; 3) жазбаша сөзді өркендету; 4) баланың ұғымына лайық ауызша
һәм жазба әдебиет түрлерімен таныстыру; 5) ұғып оқуға дағдьшандыру.
Сонымен қатар, М.Жұмабаев А.Байтүрсыновтың "Баяншы" һәм "Әлифба астары"
еңбегін мүғапшидердің білімін жетілдіруде таптырмайтын еңбек деп аса жоғары
бағалайды. Ағартушы ғалымдардың еңбектерін салыстыра келе, А.Байтұрсыновтың
да М.Жұмабаевтың да бүгінгі күн тәртібіндегі жан-жақты дамыған шығармашыл
өркениетгі нарық қатынастарына сәйкес іскер, қаны мен жанында азаматгық
сезімі ойнаған, дүниелік білімді меңгерген тұлға қалыптастыру міндетін
ғасыр бұрын сезіп, мақсат-міндетті дөп басып аңғарғанын байқадық. Себебі,
оқытудың жаңа технологиясы деп атальшып жүрген дамыта оқыту, деңгейлік
саралап оқьпу, шығармашылық қабілетгерін дамыту жолдары педагог-
ғалымдарымыздың ғылыми еңбектерінде бұдан 70 жыл бұрын айтылғанын айқын
аңғаруға болады.
Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиенің негізін салған ғалымдардың бірі -
Н.Құлжанова. "Оның "Мектептен бұрынғы тәрбие" (1923), "Ана мен бала" (1921)
атты еңбектері бала тәрбиесінің мектепке дейінгі кезеңін қамтитын ұлттық
негіздегі құнды еңбектер. "Мектептен бұрынғы тәрбие" атты еңбегіне
А.Байтұрсынов алғы сөз жазған. Алғы сөзінде: "Баланы бастан тәрбиелеу деген
- баланы жас басынан дұрыс тәрбйемен өсіру деген сөз. Дұрыс тәрбиемен өскен
бала тіршілік ісіне икем, бейнетіне берік болып өспек. Дұрыс тәрбиенің
асылы-баланың жанымен, тәнімен керек деп танылған істерді бала табиғатының
әуенімен істеу - сол дұрыс тәрбие болады", - деп бала тәрбиесі мен дамудың
жас ерекшелік кезеңдерінің байланысын, мектепке дейінгі тәрбиенің маңызын
аса жоғары бағалаған.
А.Байтұрсынов пен Н.Құлжанованың бала тәрбиесі туралы
көзқарастарындағы ортақ ой, нақты мақсат – бала тәрбиесін салауатты өмір
салтына негіздеп ұйымдастыру. Баланың дамуына негізгі әсер ететін ойын
әрекеті екендігіне тоқтала отырып: "Баланың ойыны қайсы "жұмысы" қайсы,
айыруға болмайды. Ойыны да ойын, "жұмысы" да ойын, бәрін де ойын үстінде,
ойын үшін істейді. Жас балаларға жақсы іс, дұрыс білім үйрету дегенде
мектеп балаларына сабақ үйрету үлкендерге іс үйрету сияқты емес, әлгі
айтылған сияқты балалар табиғаты тілейтін жолмен үйрету айтылады. Яғни
баланы ойынға үйрету, қатысгыру арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін
балалар айырмастай, сезбестей етіп үйрету деп білу керек",- деп
АБайтұрсынов мектепке дейінгі тәрбиенің өзіндік ерекшелігін және жүргізілу
тәсілін сөз етеді.
Ол "Мектеп керектері" атты мақаласында "мектептің жаны - мұғалім"
десе, Н.Құлжанова "балаға жұмсалатын тәрбие құралдарының ең күштісі -
алдындағы үлкеннің өз үлгісі. Сондықтан, бала тәрбиешісі - жылы шырайлы,
сабырлы, шыншыл болуы керек. Бір сөзді де, жұмсақ та болғаны дұрыс",-
дейді. Демек, олар тәрбиеші тұлғасының жас ұрпақ тәрбиесіне ықпалы мол
деген пікір білдіреді. Ахмет пен Нөзиланың артына қаддырған мұрасын бүгінгі
педагогакалық колледждердің бастауыш сыныпта оқыту, мектепке дейінгі
төрбие, отбасында білім беру бөлімдеріңде пайдалану арқылы қос ағартушы
қалағандай мұғалім мен тәрбиеші дайыңдауға бодады,
XX ғасырдың басындағы педагогикадық ой-пікірлердің бір-бірімен
сабақтастығын саралайған болсақ, біз шекеіздікке кете беретінімізді
байқадық. Сол сияқты А.Байтұрсынов, МДудатов, Ғ.Қарашов, Т.Шонанов,
Е.Омаров және т.б. ғалым-педагогтармен оргақ ағартушылық идеялары, мұрат-
мүдделері — ұлттық ағарту ісін жандандыру болғанына көптеген мысаддар
келтіруге болады. 1937 жылы зұлмат оқиғадар Қазақстан педагогикалық ой
пікірлерінің, ұлттық негіздегі оқу-ағарту ісінің дамуына үлкен кедергі
бодды. Кеңестік дәуірдегі солақай саясатгың саддарынан ғұлама - ойшылдардың
еңбектерін жарыққа шығаруға тыйым салып шыққаңдарын жоқ етгі. Тек, 1960
жылы 37-жылғы зұлмат оқиғаның салдарынан құрбан болған бір топ зиялы қауым
ақталғанымен де, олардың еңбектерін жариядауға рұқсат болмады. Содан, 1988
жылдың 28-желтоқсанында ақырғы рет ақталып, олардың еңбектерімен танысуға
мүмкіндік туды. Олардың еңбектеріңдегі педагогикалық , мұраларды жинақтап ,
бір жүйеге келтіруде профессорлар Қ.Б. Жарықбаев, С.Қалиев үлкен еңбек
етті.
Дегенмен де, А.Байтұрсыновтың халық ағарту, ұлттық медениетіміз бен
өнеріміздің дамуына қосқан үлесі, педагогакалық ой-пікірлері әлі де болса
талай ғылыми-зерттеу жұмысына арқау болары сөзсіз. Сондай-ақ, ағартушының
еңбектерімен бүгінгі танда жалпы орта білім беру саласындаға іс-шарадарды,
өзара сабақтастыра отырып жүргізу қажет. Өйткені, XX ғасырдың басыңдағы
педагогакалық ой-пікірлердің даму тарихы және олардың бір-бірімен
үндестігінің тархи мәні зор, әрі жас ұрпақ тәрбиесіне берері мол.

1.2 А.Байтұрсыновтың педагогикалық ой-пікірлері және оның тәлімдік
мүмкіндіктері

А.Байтұрсыновтың ағартушылық еңбегінің алғашқысы "Қырық мысалдың"
бірінші бетінде осы кітапқа енген аудармаларын 1901-1904 жылдары
тәржімелегенін ескертіп, әрі "Замандастарыма" атты өлеңінде:
Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,
Әзірге қолдан келген осы барым.
Қанағат азға деген жоққа сабыр,
Қомсынып, қоңырайма қрбыларым - дегде халқына аударма деп қомсынбауын,
көршілес елдердің ақын-жазушылары шығармасьндағы жақсылықтарды ізденіс
жолында пайдалануды, үлгі етуді мақсат-ниет тұтқанын айтқан. Ғалымның әрбір
мысал соңындағы қорытынды түйіні оқырманды өзінше тұжырым жасауға, ойлануға
итермелейді. Ел бірлігі, оқу, білім, адалдық, шешендік, тіл мен ой бірлігі,
жақсыдан ғибрат алу, жаманнан жирену А.Байтұрсынов мысалдарындағы - басты
дидактикалық тақырып. Біз үшін ғалымның ең бағалы мұралары оның
ағартушылық, прогрессивті идеялары, халқының кертартпа кесапатты қылықтарын
ашық сынап, оқырманның көзін ашуға тырысқандығы. Мысалы:
Білмейсің жөнің менен терісінді
Ел болып іс етпейсің келісімді.
Жөн айтқан жұртшылыққа адам болса,
Шығарсың қолыңа ала керісіңці
- десе, тағы бірде:
Келгенде өзді - өзіңе мықты-ақсындар, Қайтейін, өзге десе көнгішіңді.
Сықылды сынық бұтақ төмендесең, Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді?
- деп ұлтының бір-бірін көре алмаушылық, қызғаншақтық жағымсыз
қасиеттерін ашына мысқылдап, ол қасиеттердің қауіпті екенін, сондықтан опық
жемей тұрғаңда одан құтылар жол ізде деп ой тастайды. Немесе И.А.Крыловтан
аударған
"Аққу, Шортан һөм Шаян" атты мысалының соңында;
Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек болсаң жоддас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас, - деп халқын бірлікке шақырып, олай
болмаған күнде "бөлінгеңді бәрі жеп" "көлденең көк аттыға жем" болатынын
жетесіне жеткізеді.
Осы секілді "Ат пен есек" мысалында не нәрсе болса да ақылға сальш
ойланып істе, өткенге өкінгеннен еш нәрсе өзгермейді деген бір ой тастаса,
екіншіден біреу саған қиналып көмек сұрағанда жәрдемдес деп жанындағы
жанның жайын үғуға шақырады. Бүгінгі заманда А.Байтұрсыновтың осындай терең
мәнді өсиеттері кесектеп кіріп, мысқалдап әрең шығатын жағымсыз қылықтардан
аулақ болуға төрбиелеуде әбден қажет. Ахаң өз бойындағы шешендік қасиетті
жамандықты түзеуге, жақсылықты медеуге жұмсаған, жастарды азамат етіп
тәрбиелеу құралы етуге тырысқан. Көптеген мысалдарын адамның мінез-құлық
нормасын қалыптастыруға арнаған. "Егіннің бастары" атты мысалында өзі
жемісін жеп тойып, семірген соң еменнің түбін қазып төңкеріп тастаған шошқа
сияқты өзі пайдасын көріп тұрған дүниенің қайдан келгенімен ісі жоқ санасы
таяз надандардың да болатьшына қьшжылып, ондайдан аулақ болу керек дейді.
"Маймыл мен көзілдіріктің" де қозғар ойы осы пікірді жалғастырады. Онда,
ғылымның жетістігін пайдалана алмағандықтарын өздерінің білімсіздігінен,
ебедейсіз икемсіздігінен көрмей, кінәні басқадан іздейтін адамдар тобының
да кездесетінін Сары шымшық мысалында жастарға адамның адамдық қасиетін
көрсететін оның сыддыр сөзі емес, нақты істе танымдылығы демек,
парасатгылығы мен саналыльны ал, әлі келмейтін нәрсемен әлек болудмы қажеті
жоқ "көрпеңе қарай көс халық, даналығымен ұштасатын өсиет айтады. "Маймыл"
атты мысалында алғыс, абырой алу үшін пайдасыз құр мехнат етудің қажеті
жоқ, күншілдіктің соңы күйік, орынсыз істің аяғы өкініш, хальіқ ілтипатына
бөлену үшін көпке шарапаты тиер игі іс жасау керек, кезге түсем деп
шапқылап "арамтер" болмадеп қорытындылайды:

Мақсатқа ойыңа алған жете алмайсың,
Мал шашып құр далаға төккенменен
Пайдалы істен алар абыройың,
Кетпейді кейін қарай тепкенменен.

Қорыта келгенде, А.Байтұрсыновтың негізгі идеясы .
жастар тәрбиесін құрғақ сөз "таусылмайтын,, ақыл-кеңеске
емес үлгі-өнегеге, ғибратқа негіздеу. А.Байтұрсынов
мысалдарының тәрбиелік мәнін зерделей келе, болашақ мамандарды тәрбиелеу,
кісілік келбетін қалыптастырудағы мүмкіндікгерінің мол екендігіне көзіміз
жетті, Мұндай шығармалар тіл жұтандығынан арылуға, жастар арасында сирек
құбылысқа айналып теңей, салыстыра, астарлы сөйлеуге тәрбиелеуде таптырмас
тиімді құрал. "Қырық мысал" еңбегінің нарық заманында өмір сүріп отырған
жастарды имандылыққа, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеуде маңызы мен рөлі
өте зор.
Сондай-ақ, А.Байтұрсыновтың 1926 жылы жарық көрген "Әдебиет танытқыш
" еңбегінің де тәлімдік-тәрбиелік мәні өте зор. "Әдебиет танытқыш"
еңбегінің Асыл сөз бөлімінде: "Өнер түрлі болады. Тіршілік үшін жұмсалатын
- тірнек өнері, көркемшілік үшін-көрнек өнері болады,"-дей келе көрнек
өнерін төмендегідей 5 тарауға жіктейді:.
1-Сәулет өнері (европаша-архитектура)
2-Сымбат өнері (скульптура)
З-Кескін өнері (орысша-живопись)
4-Әуез өнері (европаша-музыка)
5-Сөз өнері (қазақша - асыл сөз, арабша - әдебиет, европаша-
литература).
Сосын сөз өнеріне кеңінен тоқталып, таратып, ауыз әдебиеті үлгілерінің
тәлімдік, тәрбиелік жақтарын ашып көрсетеді Тіл мәселесіне, сөйлеу
мәдениегін қалыптастыруға, тіл мен ой бірлігін дамытуға аса мән береді.
Ахмет "өнердің ең алды сөз өнері" - деп санады. "Сөз өнері адам санасының
үш негізіне тіреледі; 1) ақылға , 2) қиялға , 3) көңілге.
Ақыл ісі - аңдау, яғни нәрселердің жайына ұғыну, тану, ақылға салып
ойлау; қиял ісі - меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің
тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі - түю,
талғау.
Тілдің міндеті - акылдың аңдауын андағанынша, қиялдың меңзеуін
меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарату" - дейді.
А.Байтұрсынов ауыз әдебиетіндегі ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келе жатқан
ұлтгық мұраларды бір жүйеге келтіріп ғылыми негіздеген. Мысал ретіде көбіне
Абай, Мағжан, Нысанбай жырау шығармаларынан және "Қобыланды батыр", "Ер
Тарғын", "Ер Сайын" жырларынан үзінділер алған, Оның жинақтаған ертегілері,
мақал-мәтелдері, нақыл өсиет сөздері, жыр-жоқтаулары, қисса-дасгаңдары
бүгінгі жас ұрпақты халықгық педагогака негізінде тәрбиелеуде аса қажетгі
тәрбие көздері болып табылады А.Байтұрсынов мақал-мәтелдердің мәнін,
тәлімдік мүмкіндтерін жақы көрсеткен.
"Мақал да тақпаққа жақын салт-санасына сәйкес айтылған пікірлер.
Тақпақтан гөрі мақал маңызды, шын келеді" - дейді. Мысалы, "Мал~жанымның
садағасы, жан-арымның садағасы" деген мақалда адамға ең жоғарғы рухани
байлық - ар екенін нақтылайда "Әкім адал болмаса, халық бұзылар, сауда адал
болмаса, нарық бұзылар", - деген ой-тұжырым бүгінгі нарықтық қатынас
қағидасы іспетті адалдыққа үндейді "Қатты жерге-қақ тұрар, қайратты ерге
мал тұрар" деген мақалмен еңбетенген адам бейнетінің текке кетпейтінін,
ерінбей еңбек етуді уағыздайда, "Төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау
ала болса ауыздагы кетеді",~ демек бірлікке өзара түсінісушілікке
шақырады.. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" - мұнда ата-ана
тәрбиесін, отбасы мүшелерінің бір-біріне ықпалын, тәлімдік мәнін ашады.
Яғни, А.Байтұрсынов мақал-мәтелдерді оқушы бойында рухани құндылықтарды
қалыптастыратындай етіп топтастыру арқылы жас ұрпақ бойында жағымды
қасиетгер себуді көздеді. Ол: "Мәтел дегеніміз - кезіне келгенде кесегімен
айтылатын белгілі-белгілі сөздер. Мәтел мақалға жақын болады. Бірақ, мақал
тәжірибеден шыққан ақиқат жағын қарамай, әдетгі сөз есебінде айтылады"
-дейді.
"Көппен көрген ұлы той" мәтелі жастарды тәубашылыққа, бірлікке,
көпшілдікке үндесе, "Бір теңге беріп жырлатып, мың теңге беріп қойдыра
алмадық",-деу мылжындық сияқты қасиеттерден қашуға, үйір болмауға шақырады.
"Қызым саған айтамын, келінім сен тыңда",-мәтелі арқылы халқымыздың
тәлімдік-тәрбиелік ойын уағыздайды. Ата-бабаларымыз жас түскен келіннің
артық-кем кемшіліктерін ақылмен аңдап жанамалап, орынды түсіндіріп отырған.
"Баланың сөзі батпандай - келіннің сөзі кетпендей",- деп кейбір ұяда
көргені мен түйгені жоқ, санасы таяз, дөрекі келіндердің кездесетінін де
көрсетеді.
А.Байтұрсынов ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мақал-мәтелдерді жинақтап,
анықтама беріп олардың ара жігін, өзара ұқсастықтары мен өзіндік
ерекшелікгерін зерттеп берген. Ғалым жинақтаған мақал-мәтелдер арқылы жас
ұрпақ бойында рухани адамгершілік, кісілік қасиеттерді қалыптастыруға
болады. Сондай-ақ, Ахмет мұрасында жас ұрпақ тәрбиесінің негізі болатын
халықтық мұраның бірі -әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің мәні зор.
"Ғүрып сөзі" атты бөлімінде ұлттық ғұрыптарға: той бастар, жар-жар,
беташар, сыңсу, неке қияр, жоқтау, жарапазан, баталардың мазмұнына
тоқталып, олардың тәлімдік мүмкіндіктерін ашып көрсетеді. Мысалы, той
бастар ұғымына ол былай деп түсініктеме береді. "Тойдың кешкі ойынын
өлеңмен бастайды. Сонда айтылатын өлең той бастар деп аталады". Кете
Шернияз ақьшның Баймағамбет сұлтанның қызы Ақылқаныкейдің тойындағы той
бастарды мысалға келтіреді:
Атаңыз қиналады сіз кеткенде,
Көзінің қарашығы қыз кеткенге.
Табылмас байекеме сіздей бала.
Алты жүз арғымақпен іздеткенге, - деп қыз баланы жат жұрттық, әке-
шеше қызын көзінің қарашығындай көріп қимаса да, табиғат заңына қарсы
шықпай, бата беретінін айтады. Қыз өз үйінен аттанардағы айтылатын әні -
сыңсудың мазмұны әке ойымен ұштасып жатады. Балалықпен қоштасып, өткенін
еске алып, қимастықпен қоштасудағы қыз баланың нәзік жүрегінің қобалжуын
білдіреді.
А.Байтұрсынов қазақ халқының күнделікті тұрмыс-тіршілігінде
кездесетін ғұрыптардың педагогикалық мәніне жан-жақты тоқталады. Мысалы,
қыз ұзатар кезінде айтылатын жар-жар жұбату өлеңінің мән-мағынасын ашып
көрсетеді. Жар-жар өлеңі қыз үйден аттанып бара жатқан кездегі қыздар мен
жігіттердің кезектесіп айтатып жұбату әні. Жалпы жұбатушы жігіттер болып
табылады.
Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге байланысты жар-жардың
айтылуына, мазмұнына жаңа сипат енді. Жар-жар көбіне қыз келін болып
түскеннен кейін беташар тойларында айтылып жұр. Автор беташардың мағынасын
былай түсіндіреді: "Қыз келіншек болып түскенде бетін көрсетпейді. Ауылға
келерде алдына шымылдық ұстап, перделеп келтіреді. Үйге кірген соң да
алдына шымылдық тұтып, қыз - келіншек, бала - шағаларға ғана болмаса,
басқаларға көрсетпей қояды. "Беташар" айтылғаннан кейін беті ашылып,
шымылдық альшьш, ғұрып бойьшша көрінетін адамдарына келіншек сонан соң
көрінеді. Беташарды әндетіп айтпайды, жай сүйретіп, өлең түрінде ұйқастырып
айтады. "Беташар" әуелі басында толып жатқан нұсқау, жол, ереже (орысша
айтқанда устав) түрінде айтылып, келіншекке естіртіліп, орнына келтіруге
керек деген мағынада шығарған сөз".
Осы беташардан соң жүзеге асырылатын ғұрып неке қиярға
А.Байтұрсынов: "Неке қияр сөз" деп неке қияр кезде екі арада жүретін екі
күнәнің күйеу мен қыздың ырзалығын сұраған уақытга айтатын сөздерін
айтамыз. Бұл өнмен айтылмайды. Бірақ; өлеңше ұйқасқан, дәйім бір қалыпта
айтылады" - деген анықтама береді. Мысалы:
Куә, куә куәдүрміз ,
Куәлікке жүрәдүрміз.
Мұнда халық қасында,
Таңда хақ қасында,
Екі кісі, хақ куәлік бередүрміз.

Пәленшеден жаралған (әкесінің есімін айтады), пәленшеден туған
(шешесінің есімін айтады) пәленше қызды (қыздың есімін айтады) халал
жұптылыққа қабыл көріп, алдыңыз ба?
Қызға айтқанда да бәрін осы қалыпта айтып, аяғында "пәленщеге халал
жұпты болдыңыз ба?" дейді - деп, неке қию рәсімінің өту барысын баяндайды.
Осындай әдет-ғұрыптарымызды ұмыту, өткенді білмей алға жылжу өресқелдік.
Ата-бабадан жалғасып келе жатқан асыл қазына, рухани байлық негізі осы
сияқты ғұрыптар, салт-дәстүрлер. Олардың халық ғұрпын санасыңа сіңірген
саналы азамат тәрбиелеуде тигізер септігі, көрсетер көмегі мол.
Қазақ халқының тұрмьіс тіршілігінде, әдет-ғүрпында бата негізгі орың
алады. "Бата-біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз; батаны ақсақал адамдар
айтады. Батагөй шалдар бас қойылған табақты тартуға алып келгенде, асты жеп
болғанда да бата қылады. Көбінесе бата тамақ жеп болған соң істеледі" ,-
дейді. Ахмет ауыздан-ауызға тараған баталарды жинақтай келе, бір топ
баталардың мазмұнын ашып көрсетеді: Құдайым жарылғасын, бай қылсын! Төрт
түдігін сай қылсың! Кетпес дәулет берсін! Кең пейіл берсін! Сонымен қатар,
ол өзінің 'Тілек батам"—атгы өлеңінде алты алаштың адаспай ақ жолға түсуін,
азаматтың аяғынан тартар қазақ ішінде кездесетін кертартпа сыңаржақтардың
есінің қіруін тілейді. Осы тілеқтің қабыл болуың Алладан тілеп, қара балуан
Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек бабаларының халқын қолдауын сұрайды. Ұрпағының
тілеуін тілеп, өз батасын береді.
Сондай-ақ, ғалым: "Бесік жыры, яки бала тербету -баланы ұйықтату үшін
айтатын өлең, ол түрліше айтылады. Бірақ, бірдей айтылатын жерлері де
бар" , - деп бесік жыры үлгісінің көптурлілігі туралы ескертеді,
"Аналарымыз дәстүрлі бесік жырларды арқьлы бала бойына ұлттық ерлік сезімін
оятатан тәрбиенің алғашқы нәзік пернесі арқылы сәбиін тәрбиелей білген.
Бесік жырларынан ананың балаға, әжесінің немерелеріне деген құлаққа
сіңімді, баяу сазды әуенімен орындалатын тілегін, ана арманын айқын
аңғаруға болады" - дейді.
А.Байтұрсынов жинақтаған бесік жырлары арқылы жас сәбиді тал бесікте
тербете отырып, ананың мейірім мен шапағатқа, махаббатқа толы, әуезді үні
арқылы адамгершілікке, ерлікке, анаға, Отанға, ұлтына, туған жер табиғатына
деген сүйіспеншілікке тәрбиелеудің мәні зор.
Ол "Қалып сөзі" деп тұрмыс қалпында болатын істер сарынымен айтылатын
сөздерді айтады, Мәселен, бал ашқанда, ауру баққанда бақсылардың жын
шақыруы, тісті емдегенде құрт шакыру, мал бәдік болғаңда, адамға күлапсан
шыққанда, бәдік я күлапсан көшіру, бала тербеткенде айтатын бесік жыры-
осылардың бәрі қалып сөзінің тобына жатады"- дей келе төмендегідей
анықтамалар береді.
"Жын шақыру, Бақсылар жын шақырғанда сарнап, өлеңше ұйқастырып,
түрлі сөздер айтады, Алладан, әулиелерден, аруақтардан жәрдем тілейді
Жындарының ашуын атап, соларға сөз айтқан болады, Қобызымен серттескен
болады. Солардың бәрін үйлесіріп, ұйқастырып, әдемі түрде. айтады.
Дерт көшіру, Малда болатын бәдік деген ауруды, адамда болатын
күлапсан деген ауруды қазақта өлеңмен емдеу бар: бөдік болған малды,
күлапсан болған адамды ортаға ала қоршай отырып, қыз-бозбала жиылып, өлең
айтып "Көш! Көш!" деп, анда-саңца айқайлап қояды. Өлендері онша көркем
болмайды. Ұйқасқаны болмаса, жай сөз сияқты көріксіздеу келеді. Бәдік пен
күлапсан өлеңі бір мазмұнды болады" - деп талдаған, Сол сияқты ғұрып
сөзінің ең көп тараған түрі жарапазанды АБайтұрсынов; "Жарапазан рамазан
деген сөзден шыққан, ораза уақытында балалар, бозбалалар түрде үйдің
сыртында тұрып, жарапазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар, сауап
болады деп, жарапазан айтқандарға құрт, май, ірімшік, бір шаршы шүберек,
басқа сол сияқты нәрселер береді. Жарапазанды кәсіп етіп, ораза уақытында
ел аралап, күндіз жүріп айтатын үлкен адамдар болады. Жарапазан айтатын
екеу болып жүріп айтады. Бірі жарапазан айтқанда, екіншісі қостаушы
болады" - деп түсіндіреді. Жарапазан өлеңдері арқылы бала бойында ата -
дәстүрді жалғастыруды, әдет-ғүрыпты жаңа өмір салтыңда да жаңаша мазмұзнда
орынды пайдалануға, жарапазан құрастырту арқылы шығармашылық қасиеттерін
дамытуда, ұлттық мақтаныш сезімін оятуда пайдаланудың тәрбиелік әсері терең
болмақ. Осындай тәрбиелік мәні терең шығармаларының бірі А,Байтұрсыновтың
өзі жинақтап, өңдеп бастырған 1926 жылы Москвада жарияланған "23 жоқтау "
еңбегі . Бұл еңбегіңде қазақ халықының 400жылдық тарихында кездескен 23
жоқтау яғни, тратегиялық жырлар кіргізілген. Мұнда Мамай батырды жоқтау,
Кеңгірбай биді, Алтай тіжіні, Кенесары-Наурызбайды, Төлебайды жоқтау,
Жантайды Шоқшалай қызының, Абайдың баласы Әбдірахманды жоқтауы т,б,
енгізілген, Мысалы, Қаз дауысты Қазбекті қызы Қамқа жоқтаған. Қамқаның
жоқтаун арқылы жоқтаудың бұрыннан келе жатқан салт екенін ұғамыз. Алты
ағайынды әкесінің бес ағайынға аға, жол басшы болған тек ақыл иесі ғана
емес алты алаш қазаққа паңа болғаны, Қазыбекгің қалмақ ханы Қоңтәжіге барып
қазақ мерейін асырғаны, жер, мал дауын соғыссыз шешуге қосқан зор үлесі,
айтқан дуалы сөздері, батыр, хан болып жауға шапшса да, батыр мен хан
сасқанда қаймықпай ақылмен орап, қан шашпай, әділеттің ақ туын желбіреткен
қазылығы, бар байлығы-жүйрік ойы, алғыр тілі, армандап қеткен әділетгі сара
жолы екені айтылып, қалың қайғысын, жүректен шыккан толғанысын білдірген,
Мысалы: Төрт тіреудің бірі едік, Қиын-қьістау іс келсе, Бәрінен де ірі
едік. Енді қазақ не болар Асқар тауы құлаған?! –дейді.
Ал, Абайдың баласы Әбдірахманды маңдайына сыймай кеткен тұлпары
екендігін айтып, арыз-арманын білдірген жоқтауы төмендегідей:
Кешегі өткен ер Әбіш
Елден бір асқан ерек-ті.
Жүрегі жылы бой құрыш,
Туысы жаннан бөлек-ті
Өнері оның жұрт асқан,
Ғылымға көңілі зерек-ті
Аямаған ғарыптан.
Қолдан келген көмекгі.
Яғни, Абай бұл жерде Әбдірахманның бойындағы ғылымға берілгендік,
қайрымдылық, еңбек сүйгіштік, ақ көңіділік қасиеттерін айқындайды.
А.Байтұрсыновтың айтуынша "Жоқтау - өлген кісіні жоқтап сөйлеу.
Жоқтау көбінесе белгілі адамдарға арналады. Өлген адамның қатыны, иә қызы,
иә келіні зарлы үнмен өлген адамның тірідегі істеген істерін, бастарына
түскен қайғы-қасірет, күйіктерін шағып, жылағанда айтатын жыр түріндегі
сөз. Жоқтауды көбінесе ақындар шығарып береді" - деп түсінеміз. Бүгінгі
күні тәрбие үрдісінде жеке түлға бойында ұлттық құнды қасиетгер
қалыптасгыру міндеті тұрғаңда, тәрбиені халық ауыз әдебиеті мұраларына
негіздей отырып, өлгендерді құрметтеу, оларды жерлеу, жөнелту рәсімдерін
игертуте ден берудің тәрбиелік мәні зор. "Өлі разы болмай, тірі байымайды"
деген нақыл сөздің тегін айтылмағанын ескерсек, жоқтауларды меңгерту де
тәрбиенің мықты құралдарының бірі демекпіз.
А.Байтұрсынов "23 жоқтаудың" алғы сөзінде: "Кеңес Одағындағы елдердің
кіндік баспасынан бұл "Жоқтауларды" бастырғанда, мынадай оймен бастырды:
Дүниеде ешбір ел өз-өзінен, шықпайды. Дүниеде ешбір тілді бір шешен кісі
ойлап шығарған жоқ, шығармайды да. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі
тұрмыс қазанында қайнап пісіп дүниеге келеді. Сонан соң ғана шешендер, "тіл
көсемдері" тілді әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, ол
әдебиет адасып кетпек, енді ғана өсе бастаған қазақ әдебиегін алғанда мұны
естен шығармау керек. Ел аузындағы тіл дегенімізде, нені үлгі-өрнек етіп
аламыз? Әрине, осындай жоқтауларды, мақалдарды, ертегілерді, өлендерді,
тағы-тағы осындайларды!" - деп мақтанышпен атап өткен. Бастырушылар
еңбектің алғашқы бетінде: "Бұл "Жоқтаулардың" ішінен әзірге заманның жас
тілшілері, жазушьшары талай материал табар деген үмітіміз бар, Мәнісі
көбірек қазақ тарихына тиісгі болса да, тілін үйрену, тексеру, тілінен
пайдалану осы заман ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет салған әдебиеттегі елшілдік ұраны
А.Байтұрсынов мұраларының ғылыми педагоги- калық негіздері
Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми - педагогикалық мұралары
Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық көзқарастары
А. Байтұрсыновтың ғылыми-әдістемелік мұралары
Бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық ойындарды пайдалану
Туризмдегі EXPO көрмесінің рөлі
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны және пәні. Дәрістер кешені
Тіл білімі тарихындағы негізгі кезендер
Пәндер