Инновациялық педагогикалық технологияларды пайдаланудың негізгі принциптері


Turbo Pascal программасында «Механика» пәні
Кіріспе
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновация технология бағыты мен дамыту мақсатының аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Жас ұрпаққа сапалы, өнегелі тәрбие мен білім берудің - бүгінгі күннің басты талабы.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуметін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда.
ХХ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау бағытында Қазақсатан жоғарғы оқу орындарының міндеті - әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін шәкірттер мен мамандарды қазіргі қоғам үрдісіне сай инновациялық технологиялармен білім беру негізінде меңгерту қажет.
«Инновация» ағылшын тілінен аударғанда «жаңалық енгізу», «жаңашылдық» ұғымды білдірген. Ал тамыры тереңде жатқан термин латын тілінен «жаңару», «өзгеру» сөздерімен баламаланады, «бұдан бұрын болмаған жаңалық», «қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі» деген түсініктерді білдіреді. Ол алғаш рет ХІХ ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеулерінде пайда болған. Орыс ғалымдары Днепрова, Золвязинский, Лазерованың еңбектерінде бұл ұғым «білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті» деп сипатталады.
Қазақстанда «инновация» ұғымын пайдалануды қазақ тілінде анықтаған ғалым профессор Немеребай Нұрахметов. Ол: «инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады. Осыларды негізге ала отырып инновацияны «жаңалық, жаңа әдіс, өзгеріс, әдістеме, жаңашылдық» ал, инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме енгізу құралы»- деп ұғатын боламыз.
«Новация» ұғымы (латынша NOVUS-жаңа) біздің тарапымыздан жаңа енгізілім деп түсіндіріледі. Ғылыми әдебиетте «нововведение» деген орыс сөзі бір жүйеден екінші жағдайда ауыстырылу, ендірілу ортасына жаңа тұрақты элементтер әкелетін мақсатты бағытталған өзгеріс ретінде анықталады. Әрине, жаңа енгізілім жаңаруымен байланысты. Алайда барлық жаңа нәрсе әр кезде дұрыс нәтиже бере бермейді.
Инновация - білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады.
Оқытудың инновациялық-педагогикалық технологияларын білім беру мазмұны сабақтастығының сақталуына, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңыздылығын атап айтқан жөн. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты педагог-маман болу мүмкін емес.
Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді.
Мектептегі физика курсын меңгеру физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды түсініп қана қоймай, сонымен қатар оларды іс жүзінде қолдана білуді қажет етеді. Нақтылы бір мәселені шешу үшін оған қандайда болсын физиканың жалпы қағидаларын қолдану - физика есептерін шығару болып табылады. Есеп шығара алған білімді практикада колданып, компьютерде программасын құрып, нәтижесін ала білу.
Есеп шығаруда ең алдымен, оның мағынасын ұғыну, сонымен бірге есептің негізіне қандай физикалық құбылыстар мен заңдылықтар алынғанын, есепте келтірілген процестердің қайсысы бастылары екенін жете түсіну қажет.
Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімінде қазіргі заманғы жаңа педагогикалық технологиялардың түрлері, мақсаттары, міндеттері жан-жақты қарастырылып және осы жұмысты орындау барысында Turbo Pascal программасында «Механика» пәніне арналған күнтізбелік жоспары бойынша инновациялық технологиялар элементтерін оқу үрдісінде енгізу жолдары, оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың жолдары көрсетілген.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: жаңа ақпараттық технологияны пайдалана отырып, оқу үрдісінде оқытудың инновациялық-педагогикалық технологияларын енгізу.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегі міндеттер қойылды:
- инновациялық технологияны ендірудің теориялық негіздерін анықтау;
- қолданылатын жаңа технология түрлерін салыстырып, ерекшеліктерін көрсету;
- инновациялық технологияны ендірудің тиімділігін педагогикалық эксперимент арқылы тексеру;
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі . Егемен еліміздің білім сапасын жоғары деңгейге жеткізу үшін оқытудың жаңа технологияларын ендіру аса маңызды құндылық екендігі белгілі.
Дипломдық жұмыс тақырыбының жаңалығы. Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін - озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы құрайды.
І. Негізгі бөлім. Инновациялық технологиялар элементтерін оқу үрдісіне енгізу
- Жаңа технологиямен жұмыс істеудегі алғы шарттары
Қазіргі кезде әлемдегі жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды анықтауда. Техника мен ғылым көлемінің ұлғая түсуі мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру және оқу-тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта қарауға, әсіресе мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келді. Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін практиканың өзі дәлелдеп отыр. Мұның өзі аталған мәселенің теориялық негіздемесін жасау қажеттілігін туындатады. Сондықтан біз оқытудың теориясы мен практикасындағы зерттеліп отырған мәселенің жағдайына таңдау жасауды «инновациялық білім технологиялары» ұғымына нақты түсінік беруден бастағанды жөн көрдік. Зерттеуде ең алдымен «инновация», «педагогикалық технология» ұғымдары жөнінде анықтамалар жүйеге келтіріліп, «инновациялық білім беру технологиялары» ұғымы мазмұндық жағынан қарастырылды.
«Инновация» термині ғылымға ХІХ ғасырда енді ХХ ғасырдың екінші жартысында инновация әлеуметтік өзгерістердің жалпы үрдісінің сатысы ретінде қаралып, оның негізгі элементтері атап көрсетілді: «жаңашылдық», «жаңашыл», «бағалаушылар». Үрдістің сынарлы, өзгермелі мерзімін қандай да бір жаңа енгізілімдерге сәйкес «бағалаушылардың» іс-әрекетіндегі өзгерістер құрайды.
Инновациялық динамика жаңа білімдердің техникалық немесе әлеуметтік шындыққа айналуының логикалық реттелген технологиясын танытып, жаңа білімнің тауар немесе қызмет көрсету үлгісіне айналу сатыларын білдіреді.
Педагогикалық инновациялардың феноменалогиясы «инновациялық ағын» ұғымын енгізеді. Бұл ұғымға педагогикалық жаңалықтарға деген дұрыс қатынасын білдіретін мұғалімдердің түрлі сипаттағы қызметтері енеді. Жаңашыл педагог - жаңа педагогикалық жүйенің авторы, яғни өзара байланысты идеялар мен тиісті технологиялардың жиынтығының авторы.
Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте «Технология - бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» делінсе, Б. Т. Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педогогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педогогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылымы.
ЮНЕСКО - ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология - бүкіл оқыту үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М. В. Кларин «Педагогикалық технология - бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті», - деп анықтайды.
Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық - педагогикалық іс- әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәрбиесіне оқуға, ынтасына, оқу - іс-әрекетіне игі мұғалімдердің интеллектуладық шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижелілігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей, оқу-тәрбие процесінің басты күре тамырының ролін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология - оқу-тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі (компонент) .
Білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оны халықаралық стандарттар деңгейіне шығару қажет, бұл бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерісін және оның құрамдас бөліктері саналатын оқу-тәрбие үдерісінің мазмұны мен ұйымдастырылуын жобалау, қадағалау, реттеу, түзету және ғылыми пайдалылығын анықтау мен сыналған тәжірибені тарату мәселелерін жан-жақты зерттеуге қажеттілік туындайды. Міне, сол себептен, инновациялық білім беру іс-әрекетімен қатар, оған тиесілі эксперттік жұмысты да атқарудың маңызы зор деп есептеледі.
Экспертиза (сараптама) - инновациялық бастаманың қоғамдық маңызын, жүзеге асу әлеуетін және жергілікті білім беру ортасына ену ерекшелігін сипаттайтын жағдайды бағалау болып табылады. Экспертизаның мақсаты осы бастаманың ықтимал қозғалу бағыттарын, оның өмір сүру түрлері мен жергілікті жағдайға ену формаларын анықтауға бағытталады.
Білім беру саласындағы инновациялық өңдеулердің экспертизасы, ең кемінде, мынадай үш мақсатты ұстанады:
1. Қарастырылатын материалдардың бұрыннан бар дәстүрлерге немесе кейбір үлгілерге сәйкестік деңгейін бағалау.
2. Автордың түпкі ойы мен бастапқы жобалық идеяны түсіну; оның дүниетанымдық маңызын, жобаның мақсатты бағыт-бағдарын және аса құнды мағыналық негіздерін анықтау.
3. Жоба жасаушылардың инновациялық жобаны әзірлеу мен кәсіби шеберліктерін көтеру жөніндегі іс-әрекеті мен жобаны жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекетті бағалау.
Осыған байланысты, тек құжаттар мен нәтижелердің сипаттамасын сараптап қана қоймай, тікелей практикалық іс-әрекетті де саралау қажет. Эксперименттік ізденіс кезінде мұндай сараптама инновациялық білім беру іс-әрекетінің нәтижелері мен мәселелерін анықтаумен қатар, оның даму бағыттарын да белгілеуге мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары педагогика ғылымында үлгілеу (модельдеу) әдісін кеңінен қолдануда, бұл әдіс білімнің басқа да салаларында көптеп қарастырылып келеді. Себебі, үлгілеу алғашқы ұғымдар мен болжамдар арқылы құрылатын іргетас негіздерін тексеріп алуға мүмкіндік береді. Үлгі бойынша алынған мәліметтер оқу-тәрбие үдерісінің теориялық негіздерін құру үшін мәнді мазмұнға ие болады.
Үлгі (лат. тілінен Modulus - модель - өлшем, үлгі, мөлшер) кең мағынада «түпнұсқаның орынбасушысы» деген ұғымды білдіреді. Біздің пікірімізше, үлгілеу бұл зерттеушінің меңгеруіне қолайлы түрде жинақтап қорытындыланған, дерексіз - қонымды бейнені жасау үдерісі деп түсіну керек.
Біздің зерттеу жұмысымыз өзінің оң нәтижесін беруі мақсатында, жалпы психологиялық-педагогикалық әдебиеттер мен ғылыми тұжырымдарға талдау жасау негізінде, зерттеу барысындағы жетекші теориядан туындайтын талаптарға сәйкес бір жүйеге келтірілген жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық үлгісін жасауға мүмкіндік берді. Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық үлгісін кесте 1-де ұсынамыз.
Инновациялық
білім мен іс-әрекетке оң көзқараспен қарауы
- басқарушылардың инновациялық үдерістің немесе жобаның қаншалықты шынайы өмір сүре алатындығын анықтауға ұмтылуы;
- басқарушылардың жобаның құрылымдық бөліктерінің үйлесімділігін ұйымдық, технологиялық, кәсіптік, қаржылық, материалды-техникалық ресурстарды бір-бірімен байланыстыра отырып, сауалға жауап іздеуге талпынуы;
-басқарушылардың инновациялық іс-әрекетке тартылатын адамдар тобын анықтауға ұмтылуы;
-басқарушылардың жобаны жүзеге асыратын тәсілдерді таба білуге ынталануы;
Инновациялық білім беру үдерісі
туралы сауаттылығы
-басқарушылардың инновациялық білім беру үдерісінің іске асушылығын білуі;
- басқарушылардың инновациялық жобаның жаңашылдық деңгейін және оның қаншалықты жаңалық әкелетіндігін анықтау сауаттылығы;
-ұжым мүшелеріне жоғары оқу орнын дамытудың қажетті құндылық екенін ұғындыру білімі;
-инновациялық іс-әрекетті басқарушылардың жаңалық жасау және өзгерістер енгізу білімі;
- инновациялық іс-әрекетті басқарушыларда инновацияларды жүзеге асыруға қажетті білім мен қабілетті меңгерту білімінің болуы.
- басқарушылардың инновациялық жобаның тиімділігін жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар қоя білу және оны орындау іс-әрекеттері;
-басқарушылардың инновациялық білім беру үдерісінің келешектегі әр бір қадамы туралы болжамдар жасау іскерлігі мен дағдылары;
-басқарушылардың инновациялық білім беру үдерісінің топтағы адамдардың әрқайсысына нақты қызметтік міндеттемелерді жүктеп идеяны жүзеге асыру іскерлігі мен дағдылары;
-басқарушылардың жобаны жүзеге асыру барысындағы өзге де субъектілердің қатысуын, тартылуын, үйлесе жұмыс істеу деңгейін көрсететін инновациялық жобаны іске асыру іскерлігі мен дағдылары;
- жаңалықтарды сәтті игеруге қажетті барлық ресурстарды дайындау іскерлігі мен дағдылары.
Бұл мазмұн үлгі түрінде өрнектелгенде ғана нәтижелі сипат алады және үлгі зерттеу жұмысын жүйелі, мақсатты нақты жоспарлауда нәтижелі мәлімет алуға көмектеседі. Үлгіде жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың мотивациялық, танымдық, іс-әрекеттік компоненттермен, өлшемдермен және бірқатар көрсеткіштермен сипатталған.
Осы үлгіні негізге ала отырып жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру деңгейін анықтауға болады, оларға мыналар жатады: төмен, орта, жеткілікті, жоғары.
Төмен деңгей: инновациялық жобаның теориялық жүйесін біледі, бірақ оның тиімділігін жүзеге асыруда ұтқырлық танытпайды; жобаның құрылымдық бөліктерінің үйлесімділігін іске асыруында нақтылық байқалмайды; жобалық идея мен мақсат-міндеттердің нақты білім беру жағдайы мен қолдағы бар ресурстарға сәйкестігін көрсететін инновациялық жобаның шынайылығын анықтай білмейді; инновациялық білім беру үдерісінің келешектегі әр бір қадамы туралы болжамдары мен мәселелерін жүзеге асыруға ынталанбайды.
Орта деңгей: инновациялық білім беру үдерісінің іске асушылығын, яғни ресурстық қамтамасыз етушілігін тануы орта деңгейде; жобаны жүзеге асыру барысындағы өзге де субъектілердің қатысу, тартылу, үйлесе жұмыс істеу деңгейін көрсеткенімен, инновациялық жобаның іске асырушылығын толық меңгере алмайды; жобаның басқарылғыштығы, яғни жобаны жүзеге асырудың ұйымдық түрлері мен тәсілдерін таба білуге ұмтылғанымен, белсенділік танытпайды.
Жеткілікті деңгей: инновациялық іс-әрекетке қатысушыларды жаңалық жасауға және өзгерістер енгізуге ынтасы бар; инновациялық жобаның жаңашылдық деңгейін және оның қаншалықты жаңалық әкелетіндігін анықтай біледі; инновациялық үдерістің, яғни жобаның шынайылығын ажырата біледі; инновациялық іс-әрекетке қатысушылардың бойына инновацияларды жүзеге асыруға қажетті білім мен қабілетті жеткілікті дәрежеде меңгереді.
Жоғары деңгей: инновациялық үдерістің, яғни жобаның қаншалықты шынайы өмір сүре алатындығын анықтай біледі; жобаның құрылымдық бөліктерінің үйлесімділігін, ұйымдық, технологиялық, кәсіптік, қаржылық, материалды-техникалық ресурстарын бір-бірімен байланыстыра отырып, сауалға жауап бере алады; инновациялық жобаның өңделгендік деңгейін және инновациялық идеяның ғылыми негіздемесін жоғары деңгейде жүзеге асыра алады; инновациялық білім беру үдерісінің топтағы адамдардың әрқайсысына нақты қызметтік міндеттемелерді жүктеп, идеяны жүзеге асыра алады.
Жоғары оқу орындарында кең мағынада инновация ұғымының маңызды бағыттарын меңзейтін бағдарламалар, әдістемелік нұсқаулар және оқулықтар мен әдебиеттердің тапшылығынан көптеген қиыншылықтар кездеседі.
Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселелерін қарастырады.
Педагогикалық технологияларды мынадай топтарға жинақтауға болады:
1. Педагогикалық қарым - қатынасты демократиялық және ізгілік негізінде құру педагогикалық технологиясы:
- ынтымақтастық педегогика;
- ізгілікті - тұлғалы оқыту технологиясы;
- адамгершілікті қалыптастыруға негізделген әдебиетті оқыту жүйесі
(Е. Н. Ильин) .
2. Оқыту әрекетін жандандыру және жетілдіру негізінде оқыту технологиясы:
- ойын-сабақ технологиясы;
- проблемалық оқыту;
- модульдік оқыту технологиясы (М. М. Жанпейісова) ;
- Шаталовтың тірек конспектісі негізінде оқыту технологиясы;
- Е. И. Пассовтың коммуникативтік оқыту жүйесі.
3 . Оқу процесін ұйымдастыру және басқару тиімділігіне негізделген оқыту технологиясы:
- бағдарламалап (прогламмалап оқыту) ;
- дифференцияалдап оқыту;
- даралап оқыту;
- ұжымдық және топтық оқыту тәсілдері
- компьютерлік технология.
4 . Әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта өңдеу негізіне қарай құрылған оқыту технологиясы:
- ірілендірілген дидактикалық бірліктер (Эрдниев П. М. ) ;
- «Мәдениет диалогы» (В. С. Библер, С. Ю. Курганов) ;
- «Экология және дидактикалық» жүйесі, (Л. В. Тарасов) ;
- ақыл-ой әрекетін сатылып дамыту теориясын жүзеге асыру технологиясы (М. Б. Волович) .
5. Табиғаттәнділік, ұлттық педагогика әдістерін пайдалануға негізделген оқыту технологиясы:
- «Сауаттылыққа тәрбиелеу» Кушнир технологиясы;
- М. Монтессори технологиясы.
6. Альтернативті оқыту технологиясы:
- Вальдорф педагогикасы (Р. Штейнер) ;
- Еркін еңбек технологиясы (С. Френе) .
7. Кешенді политехнологиялар:
- «Школа самоопределения» (А. Н. Тубельский) ;
- «Школа для всех» (Е. А. Ямбург) ;
- «Школа парк» (М. Балабин) .
Біз алдымен «техника», «технология», «оқыту технологиясы», «білім беру технологиясы», «педагогикалық технологиясы», «жаңа педагогикалық технологиясы» терминдерінің мағынасын түсіндіріп, тереңінде не жатыр, соны ажыратуымыз керек. Ол үшін әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының тарихына көз жүргірткеніміз жөн. «Техника» терминінің екі мағынасы бар екені айқын:
- біріншісі- өндіріс құралдарының жиынтығы;
- екіншісі- бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиыны.
Білім беру саласындағы технологиялық идеялар жаңадан пайда болған жоқ. Оқытуды технологияландыру туралы ойды осыдан 400 жыл бұрын Я. Коменский айтқан болатын (А. Кузибецкий) .
Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмектеседі.
Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады:
І кезең - оқып үйрену.
ІІ кезең - меңгеру.
ІІІ кезең - өмірге ендіру.
ІV кезең - дамыту.
0қытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнымен тікелей байланысты. Сондықтан инновациялық әдіс-тәсілдерді оқыту үрдісіне енгізу барысында танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Осы екі үрдістің өзара сапалы нәтижесінде оқушының өз ісіне сенімділігін, жауапкершілік сезімін, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады.
Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әректеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі.
Жаңа оқыту технологияларын зерделейтін болсақ, педагогикалық технологиялар мынадай төрт негізгі шартты қанағаттандыруы тиіс (В. Беспалько) :
- педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспроматтарды жоюы қажет;
- оқушының танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесінің жобасына негізделуі қажет;
- оқу мақсатын диагностикалық түрде анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалау қажет;
- іс жүзінде оқу үрдісінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами қабілеттінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Бір технологияның өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі кезде әдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып жүргендігі мәлім. Бірақ мұғалімдер өз тәжірибелерінде жүйелі қолдануға дағдыланбаған және оны әдістемеден ажырата алмайды. Оқытудың жаңа технологияларын таңдаудың М. М. Поташник ұсынған критериилері:
- елдің, аймақтың, қаланың талап-тірегі - мектепке әлеуметтік сұраныс;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz