Тіл тағылымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ тіліндегі етістіктің болымдылық-болымсыздық мағынасы мен қызметі

М А З М Ұ Н Ы

І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...3

ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазіргі қазақ тіліндегі болымдылық-болымсыздық мәселесі туралы
жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 4
2. Болымды-болымсыздықтың тілдік табиғаты
туралы ... ... ... ... ... ... .9
3. Лексикалық мағына туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
4. Лексикалық болымдылық пен лексикалық болымсыздық ... ... ... ..17
5. Грамматикалық мағына туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... 22
6. Грамматикалық болымдылық және грамматикалық болымсыздық
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
7. Етістіктің грамматикалық
категориялары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..27
8. Етістіктің болымдылық-болымсыздық категориясы туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
9. Етістіктің болымсыздық формасы және оның көрсеткіштері ... ...30
10. Етістіктің болымдылық мағынасы және оның көрсеткіштері ... ...33
ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .36
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .37

К І Р І С П Е

Грамматика теориясына қатысты өзекті мәселенің бірі – болымдылық-
болымсыздық проблемасы. Тілдің лексикасы мен грамматикасын терең бойлаған
лингвистикалық болымдылық-болымсыздық - көне де, көп қырлы, қарымды тілдік
құбылыс.
Тіл білімі ғылымының қазіргі кезеңдегі даму, кемелденуі тұрғысынан немесе
оның тарихи дамуы жағынан қарастырсақ да, болымдылық-болымсыздық мәселесі
үнемі зерттеушілер назарында болғанын көреміз. Болымдылық-болымсыздық
категориясы түрлі ғылым салаларының – логика, философия, психология және
т.б. ортақ зерттеу объектісі болғаны белгілі. Сол себепті ол ғылымдардың
тарихи қалыптасу жағдайлары, олардың даму бағыт-бағдарлары тілдік
болымдылық-болымсыздық мәселесі мен ойлау категорияларының, пайымдау
сипатының арақатынасын, ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтауға өз ықпалын
сөзсіз тигізді.
Жалпы тіл білімінде, түркітану ғылымдарында бұл мәселе төңірегінде
жасалған арнайы зерттеулер, айтылған пікірлер, ойлар біршама. Қазақ тіл
білімінде де аталған мәселе жайлы ғылыми зерттеулер бар. Бірақ мұнда
болымдылық-болымсыздық мәселесі бірде орыс тілі фактісімен салыстырылса,
бірде оның берілу тәсілдері сөз болады.
Болымдылық-болымсыздықтың тілдік табиғатын қазіргі тіл білімінің даму
бағыттарына сай талдасақ, оны шын мәніндегі логика-грамматикалық негізі бар
күрделі тілдік құбылыс деп тануымызға жол ашылады деп ойлаймын. Бұл жұмыста
болымдылық-болымсыздық мәселесі лексикалық болымдылық-болымсыздық және
грамматикалық болымдылық-болымсыздық деп ғылыми тұрғыдан топтастырылып,
олардың жасалу жолдары мен сөз таптарына қатысы сөз болады. Сондай-ақ
болымсыз мағына беруге қатынасатын тілдік көрсеткіштер қызметтік және
семантикалық өріс негізінде форма мен мазмұнның сәйкестігі тұрғысынан
қарастырылады.
Қазіргі қазақ тіліндегі болымдылық-болымсыздық
Мәселесі туралы жалпы түсінік

Қазақ тіліндегі болымдылық-болымсыздықтың зерттелуі жайына тоқталмас
бұрын, мәселенің түркологияда зерттелуін сөз етелік. Болымдылық-болымсыздық
мәселесі түркі тілдерінде де күрделі проблемалардың біріне саналады (1, 5).
Бұған ғалымдар ертеден-ақ назар аударған.
Біз қарастырып отырған мәселе туралы мәліметті, алдымен, түркі тілдерінің
грамматикаларынан кездестіруге болады. Түркі тілдері грамматикаларының
етістікке, сын есім, есімдікке арналған бөлімдеріне, бар, жоқ
сөздерінің қолданылуына арналған және синтаксис тарауларында қатысты
жерлерде болымсыздық жайлы деректер сөз етіледі. Мұнда етістіктің болымсыз
түріне көп көңіл бөлінеді. Авторлардың басым көпшілігі оның жасалу жолы
ретінде –ма, -ме жұрнағын көрсетеді (2, 102).
Түркі тілдерінде болымсыз етістіктің –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе
аффикстерінің шығу төркіні (этимологиясы) жайында айтылған біршама топшылау
ойлар, пікірлер баршылық. Мысалы, Н.Баскаков Каракалпакский язык атты
еңбегінде етістіктің болымсыз көрсеткіші мен етістіктен есімдер жасайтын
–ма, -ме жұрнақтарын ертеректе біртұтас форма болса керек деген пікір
айтады. Мысалы, ол: Аффикс отрицательной формы глагола имеет общее
фонетичесское оформление с аффиксом, образубщим именную форму глагола на
–ма, -ме; в современном языке эти две формы дифференцированы различным
ударением, которые в отрицательной форме глагола падает не на последний
слог, а на слог, предшествующей аффиксу.
Однако семантическая, а вслед за ней и фонетическая дифференциация
является более поздней ступенью в развитии этих форм, которые не

1 Әбдіғалиева Т. Қазіргі қазақ тіліндегі болымдылық-болымсыздықтың
мағынасы мен қызметі. Алматы: Білім, 1996.
2 Баскаков Н.А. Ногайский язык и диалекты. М.-Л., 1940, 102-бет.
ранней ступени и представляли по-видимому, единую форму, - деп көрсетеді
(3, 102).
Түрколог ғалымдар бұл аффикстің түпкі кезінде қазір өзін жоғалтқан
етістік негізі жатқан сияқты деп жорамал айтады. –ма, -ме аффиксінің шығуы
туралы бұл пікірді А.Н.Кононов та қуаттайды (4, 204).
Грамматикаларда –сыз, -сіз, -сүз, -сиз аффикстерінің болымсыз мағыналы
сөз тудырушы қызметтері де айтылған. Мысалы, белгілі түрколог Ф.Г.Искаков,
т.б. өз еңбектерінде –сыз, -сиз, -суз жұрнақтарының сын есімнің болымсыз
түрінен жасалатындығын және ол мағына –лы, -лі, -лығ, -
ліг жұрнақтары арқылы берілетін сын есім мағынасына антоним болып
келетіндігін көрсетеді (5).
Болымсыз мағынаны білдіретін док (жоқ) сөзінің қолданылуы, этимологиясы,
қай сөз табы ретінде қарастыру жөнінде де айтылған біршама пікірлер бар.
Көптеген зерттеушілер жоқ сөзінің мағынасы бар сөзінің мағынасымен
антоним тұрғысынан алып, оны есім сөздер қатарына жатқызады.
Түркі тілдері грамматикаларында һеч элементімен жасалатын болымсыз мәнді
есімдіктер туралы да мәліметтер бар. Бірақ олар жеке топ ретінде
қарастырылмайды.
Екіншіден, болымсыздық-болымдылық жайлы қысқаша мәліметтерді тілдің басқа
мәселелеріне арналған еңбектерден, зерттеулерден кездестіруге болады. Бұл
еңбектерге қатысты жерінде болымсыздық жайлы қысқаша мәліметтер айтылып
отырады. А.Боржаков, Н.Шалекенова сынды ғалымдар еңбектерінде болымсыз
есімдіктер өз алдына жеке-жеке семантикалық топ ретінде танылған. Қазақ
тіл білімінде бұл мәселенің зерттелуі жайында айтар болсақ, алдымен, Қазан
төңкерісіне дейін шыққан П.М.Мелиоранский, В.Катаринский еңбектерінде
болымсыздыққа байланысты шағын материал -

3 Баскаков Н.А. Каракалпакский язык. М.,Л., 1952, 102-бет.
4 Кононов А.Н. Грамматика современного узбекского литературного языка. М.-
Л., 1960, 204-бет.
5 Баскаков Н.А. Каракалпакский язык. Фонетика, морфолгия. 1952, 185-бет.

дың барлығына куә боламыз.
Қазақ тіл білімінің атасы А.Байтұрсынов Тіл құралы еңбегінің (1925)
сөйлемнің жалпы түрлеріне арналған тармағында сөйлемді Болымсыз сөйлем,
Болымды сөйлем деп екі топқа бөледі (6, 296). Ғалым болымды сөйлемнің
мысалы ретінде: Еділ бойы тоғай бар, тоғай толған ноғай бар. Бурыл атта
бұғау бар, оны да кесер егеу бар. Сай сайға құяр. Қатты жерге қақ тұрар,
қайратты ерге мал тұрар. Көп қорқытар, терең батырар. Үлкен бастар, кіші
қостар және т.б. сөйлемдерді келтіреді.
Ал болымсыз сөйлем туралы мынаны айтады: Не жайынан да болса болдырмай,
жоқ қыла сөйлеген сөйлем болымсыз деп аталады. Мысалы: Жер жұтуға тоймайды,
от отынға тоймайды, кісі ойға тоймайды, бөрі қойға тоймайды. Байлық мұрат
емес, жоқтық ұят емес. Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ. Сиыр
сипағанды білмес, жаман сыйлағанды білмес. Соқыр көргенінен жазбас.
Хабарлы сөйлемнің болымсыз түрде айтылатынын қазақ тілінің ғылыми
синтаксисінің негізін салушы профессор С.Аманжолов та өз еңбегінде атап
көрсеткен (7, 164).
Хабарлы жай сөйлемнің –ма, -ме жұрнақтары арқылы жасалған баянда -
уыштың болымсыз мағынасы тұтас сөйлемге тән екендігі жайлы профессор
Ә.Нұрмаханова Типы простого предложения в тюркских языках атты еңбегінде
тоқталған (8).
Ал одан кейінгі кезеңде қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдері, тілшілер,
мұғалімдер негізінен практикалық оқулықтар, грамматикалар құрастыру ісіне
кеңінен ат салысқаны белгілі. Тақырып жайлы мәліметтер А.Байтұрсынов,
С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, С.Кеңесбаев жазған оқулықтарда кездеседі (9).

6 Байтұрсынов А. Тіл құралы. Сөйлем жүйесі түрлері. Қызылорда, 1925; Тіл
тағылымы. Алматы, 1992.
7 Аманжолов С. Қазақ тілі синтаксисінің ғылыми курсы. Алматы, 1994.
8 Нұрмаханова А. Типы простого предложения в тюркских языках. Ташкент,
1965.
9 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы: Ана тілі, 1992.
1954, 1967 жылдары шыққан академиялық ғылыми грамматикаларда болымдылық,
болымсыздық туралы мынадай мәліметтер берілген:
1954 жылғы Қазіргі қазақ тілінде:
1) Есімдерден сын есім тудыратын өнімді жұрнақтар: -лы, -лі, -ды, -ді,
-ты, -ті: сазды; -сыз, -сіз: сусыз, елсіз. Мысалы: Кемпірдің байсалды
сөзімен қонақтарын құрметтегісі келіп отырған ықыласын және қайратты жүзін
байқаған соң, Ақан да әр нәрсенің жайынан сөйлесуге жалықпайтын сияқтанып
отырды (М.Әуезов). Алдымен күндізгі мазасыз суық пен қар басқан көңілсіз
елсіз даладан құтылған болу керек (М.Әуезов). Айсыз аспанда сансыз
жұлдыздар жымыңдайды (Р.Райымқұлов).
2) Болымсыздық есімдіктер: еш, ешкім, ешбір, ештеме, ешқандай, ешқашан,
ешқайсысы. Мысалы: Түні бойы жүгірген еңбегіміз еш кетпеді (Ә.Сәрсенбаев).
Ешкім қайғысын елемеді (Р.Тоқтаров).
3) Етістіктің болымды, болымсыз түрлерінің синтетикалық жасалу жолы: -ма,
-ме, -па, -пе, -ба, -бе: барма, тоқтама, келме; аналитикалық жолы: жоқ,
емес: келген жоқ, алған емес. Мысалы: Қанша жалынса да, қанша жыласа да
жасаған оған бала бермеді (М.Жұмабаев). Берірек тұрған азғана ала-шұбар
бұлттар кең жаһанның жүзіне перде болған жоқ (М.Әуезов). Ақан Ғазизаға
алғашқы кезде көп қарауынан әлі күнге танған жоқ (М.Әуезов). Үйдің екінші
қабырғасы әлі қаланбады (Б.Тоғысбаев). Қанша уақыт өтсе де, ол осы
мақсатынан айныған емес (І.Есенберлин).
4) Болымды, болымсыз сөйлемдер: Қас сұлуда мін болмас.
Бұл пікірлер барлық грамматикаларда үнемі қайталанып отырды.
Етістіктің болымсыз түрі туралы мәлімет И.Мамановтың Қазіргі қазақ тілі
(етістік) еңбегінде де берілген. Мысалы, автор –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе
морфемасын етістіктің негіздері мен жіктелетін формаларының шегін
ажырататын қосымша деп таниды. Емес, жоқ сөздерінің етістіктің белгілі
бір формаларымен ғана тіркесетінін айтады. Автор күрделі етістіктегі
болымсыздық көрсеткіштерінің қолданылуын біраз сөз етеді (10, 196).
Болымсыз мағынаның сөйлемнің болымсыз түрін жасаудағы ролі туралы қазақ
тілі грамматикаларының синтаксис бөлімінде және сөйлемнің түрлері туралы
жазылған арнайы еңбектерде біршама мағлұматтар берілген.
Болымдылық-болымсыздық категориясына тән нольдік морфема қызметі жайында
А.Қалыбаева, Н.Оралбай еңбектерінде сөз болады (11, 133).
Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктеріне арналған профессор Р.Әміров
еңбегінде (12, 364), синтаксистік синонимдер туралы профессор М.Серғалиев
зерттеуінде (12, 806) айтылған пікір, ойларды кездестіруге болады.
Сондай-ақ А.Әбілқаев мақаласында –сыз, -сіз жұрнақтарының қызметі
баяндалған. Ж.Мусин антонимдер табиғатына байланысты боымсыздық пен
антонимдер байланысы жайлы сөз етеді (13).
Қазақ тіл білімінде болымдылық-болымсыздыққа қатысты ғылыми
әдебиеттердегі фактілермен таныса келе, мынадай қорытындыға келуге болады.
Зерттеу объектісі болымдылық-болымсыздық жайлы мәліметтер А.Байтұрсынов
еңбектерінен бастау алып, қазақ тілі жайындағы оқулықтарда,
грамматикаларда, жеке зерттеу еңбектерінде үнемі орын алып келген. Бірақ ол
мәліметтер тілшілер, зерттеуші ғалымдар тарапынан бірде сөз тудыру
мәселесіне, бірде жеке сөз я жеке грамматикалық элементтерге, жеке сөз
таптарына, сөйлем мүшелеріне, қызметіне, болымсыз сөйлемдерге қатысты
қарастырылады. Ол дұрыс та. Себебі, болымдылық-болымсыздық – тіл
құрылысының бар материалдарына қатысты күрделі, көп аспектілі тілдік
құбылыс. Болымсыз мағынаға қатысты арнайы зерттеу еңбектерінде бұл проблема
белгілі бір сұрақ төңірегінде сөз етіледі.

10 Маманов И.Е. Қазіргі қазақ тілі. Етістік.
11 Қалыбаева А., Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалық жүйесі.
Алматы: Ғылым, 1986.
12 Әміров Р. Ауызекі сөйлеу синтаксисінің ерекшеліктері. Алматы: Мектеп,
1981. Серғалиев М. Синтаксистік синонимдер. Алматы: Мектеп, 1981.
13 Мусин Ж. Қазақ тілің антонимдер сөздігі. Алматы: Мектеп, 1984.
Мысалы, М.Жүкенова қазақ тіліндегі болымсыз сөйлемдерді негізінен, орыс
тіліндегі болымсыз сөйлем типтерімен салыстыра зерттеген. Дегенмен, мұнда
болымсыздық салыстыра қарастырылса да, қазақ тіліндегі болымсыз сөйлем
типтері, олардың болымсыз баяндауыштарының жасалу жолдары көрсетіледі. Ал
Т.Әбдіғалиеваның зерттеуі болымсыз мағынаның берілуі, тәсілдері,
семантикасы төңірегіндегі жайларды қамтиды.

Болымдылық-болымсыздықтың тілдік
табиғаты туралы

Объективті дүниеден орын алған шындық, яғни зат, құбылыс, қимыл және оның
түрлі сапа, белгілері болымды түрде де, болымсыз түрде де кездесетіні
белгілі. Белгілі кеңістікте, мезгілде танылған, бар, орын алған құбылыс,
зат, екінші кеңістік пен мезгілде жоқ болуы, қимыл-әрекеттің бірде жасалып,
іске асуы, бірде жасалмауы, іске аспауы - өмірде орын алатын құбылыс.
Сондай-ақ, бір затта бар сапа, белгі келесі затта болмауы да өмірде бар
құбылыс, тілде ол көрсетіледі. Бұл да болымдылық, болымсыздыққа қатысты.
Заттың, құбылыстың, қимыл-әрекеттің бір кеңістік пен мезгілде болуы я
болмауы адам санасында болымдылық және болымсыздық ұғымдарын
қалыптастырған. Таным процесіне қатысты ұғымдар ойлау, пайымдау
әрекеттерімен тығыз байланыста болып келеді. Адам таныған зат,
құбылыстардың белгілері, қимыл-әрекеттердің атаулары алдымен болымды түрде
қалыптасқан. Мысалы: жапырақ, боран, қуаныш, өмір, алтын, қала, ақ, қара,
жасыл, жаз, бар, кел, айт т.б. Бірақ жалпы тіл білімінде болсын,
түркітануда болсын (оның ішінде қазақ тіл білімінде де) болымдылық-
болымсыздық құбылысының бірінші мүшесі – болымдылық арнайы зерттеу
объектісі болмаған, зерттеуші ғалымдар оның екінші мүшесіне, болымсыздыққа
көп көңіл аударған. Мұның өзіндік себебі де, негізі де бар. Табиғи
тілдердің көпшілігінде болымсыздық мағынаның арнайы тілдік көрсеткіштермен
берілуі танылған. Әр тілде олардың өзіндік қалыптасу, даму тарихы бар. Сол
себепті зерттеушілер назарына болымдылық түспей, болымсыздық іліккен.
Демек, болымсыздық категориясының мәні туралы айтылған ой-пікірлер
жекелеген ғылыми мақалалардан, грамматикалардан, арнайы зерттеулерден орын
алған. Тіл білімінің даму, қалыптасу дәрежесіне қарай болымдылық-
болымсыздықтың мәні туралы айтылған ой-пікірлер мен зерттеулер қым-қиғаш
қарама-қарсылыққа толы екенін аңғаруға болады.
Болымдылық-болымсыздық мәселесінің ерекшелігі – оның екі сыңарлы болып
келуінде. Тілде бұдан басқа да жекелік-көптік, конкреттілік-абстрактілік,
белгілі-белгісіздік т.с. сияқты жұп түрінде келетін грамматикалық ұғымдар
баршылық. Болымдылық пен болымсыздық – бір-бірімен қарама-қайшылық
қатынаста өмір сүретін қосарлы, бір құбылыс. Бірақ бұл қарама-қайшылық
бірін-бірінен ажыратпайтын, бөлмейтін, оларды өзара бірлікте қарастыруға
мүмкіндік беретін диалектикалық байланыстағы қарама-қарсылық. Олардың
қосарлы ұғымдар қатарында танылуы басқа ғылымдарда да тұрақталған.
Грамматикадағы жүйелілікке симметриялық сипат тән. Тілде осы көрініс
оппозициялық қарым-қатынастан айқын көрінеді. Фонологиялық оппозициямен
салыстырғанда, тілдік қарама-қарсылықтың түрлері көп. Оның түрлері,
түрлілігі болымдылық-болымсыздық құбылыстарының бойынан көрінеді. Мысалы:
бар-жоқ, бар-барма, ақ-қара сияқты қолданыстағы болымдылық-болымсыздық
сипаты түрліше көрінеді. Бірде тең дәрежелі сыңарлар негізінен жұпталса,
кейде әр тектес сыңарлар болымды-болымсыз жұпта қолданыла алады.
Көп қырлы семантикасы, тілдің бар деңгейінде қатысты қызметі бар
болымдылық-болымсыздық тілдік құбылыстың семантикалық негізіндегі қарама-
қарсылық пен антонимдік қатынастағы сөздердің қарама-қарсылығы кейде бір
құбылыс ретінде саналады. Бірақ ол бірдей емес. Мысалы: -лы, -лі және –сыз,
-сіз жұрнақтарының қарама-қарсы семантикасы синонимдік жұп жасай ала ма
дегенге тоқталайық.
-лы, -лі жұрнақтарымен зат, кез келген нәрсе, құбылыстағы белгілі бір
белгі, сапаның мол екендігі көрсетілсе, -сыз, -сіз жұрнақтары арқылы
көрсетілген сапаның, белгінің жоқ, жеткіліксіз екендігі беріледі. Мысалы:
сулы-сусыз, орманды-ормансыз, таулы-таусыз. Сонда олардың грамматикалық
қызметі арқылы сол затқа жаңа баға берілмейді. Ал антонимдік жұпқа тән
қарама-қарсылық негізінде заттың сапа, белгілері жоққа шығарылып қана
қоймай, мүлде жаңа сапаны көрсету заңдылығы жатыр. Мысалы: сулы, суы бар;
сусыз, суы жоқ; сулы емес – құрғақ десек, мұнда антонимдік жұп – сулы-
құрғақ болады. Олай болса, болымдылық-болымсыздық мағына әрі бинарлы, әрі
эквивалентті қарама-қарсылық негізінде туындайды екен. Болымдылық-
болымсыздық мәнін кет-кетпе, сулы-сусыз, балалы-баласыз, бар-жоқ т.с.
сияқты қарым-қатынастағы жұптар төңірегінде топтап қарастырсақ, олардың
сыңарларының тілдің түрлі деңгейіне қатыстылығы бірден көрінеді. Ал түркі
тілдерінде бұл мағынаның негізіне маркерлеріне етістіктің болымды-болымсыз
түрі алынған. Осыдан келіп, категорияның бірінші мүшесі – болымдылық
тілшілер тарапынан арнайы зерттеу мәртебесіне ие болмай, оның орнына екінші
мүшеге – болымсыздыққа көп көңіл бөлінген. Табиғи тілдердің көпшілігінде
болымсыз мағына арнайы маркерлермен, тілдік көрсеткіштермен беріледі деген
пікір қалыптасқан. Сондықтан болымсыздықтың маркерлерін таңу, оның шығу,
даму, қалыптасу жүйесін зерттеу жайына ғалымдар әрқашан көңіл аударған.
Тілдік болымсыздықтың мәні неде? Оның философия, логика ғылымдары
қарастыратын болымсыздықтан айырмашылығы қандай? Неге ол психология
ғылымының зерттеу объектісі болды? Тағы сол сияқты көптеген сұрақтар
туындайды. Әрине, бұл сұрақтарға қатысты дәлелді жауапты қазақ тіл
біліміндегі болымсыздық жайлы айтылған мағлұматтардан, пікірлерден толық
жауап табу қиын. Осы жайды ескере отырып, болымсыздық категориясы туралы
ғылыми зерттеулерде, ғылыми әдебиеттерде айтылған ой-пікір, көзқарастарды
жүйелеп көрейік.
Лингвистика ғылым саласы ретінде алғашқыда философия ғылымының (дәлірек
айтқанда, грек философиясы) көптеген дәстүрлеріне сүйенгені белгілі. Грек
ойшылдарының тілдің шығуы, түрлі тілдік категориялар жайлы пайымдаулары,
сөз жоқ, логиканың және философияның негізінде қалыптасқан еді.
Логикалық және тілдік болымсыздықтың мазмұнын, мағына жағынан салыстыруға
болмайды. Себебі, олар бірдей құбылыстар емес. Болымсыздықтың бар
грамматикалық мазмұнын логикалық болымсыздықтың формаларына түйістіріп,
соған сай болуы міндетті дей алмаймыз. Мысалы: таным методологиясы бойынша
ойдың логикалық дамуының шарты ретінде болымдылық пен болымсыздықтың
бірлігі алынады. Болымды-болымсыз категориялар бір-бірімен тығыз бірлікте
өмір сүретіні дәлелденеді. Тұтастықтағы, бірліктегі бұл екі жақтың бірінсіз-
бірінің қолданылмайтындығы белгілі. Бірінің болу, өмір сүру шарты – дәл
сондай екінші жақтың болуымен байланысты. Осы қағиданың қай жағдайда тіл
фактісіне сай кездесетініне мысал келтірсек, мысалы:
Болымды форма
Болымсыз форма
Қорқақ, су жүрек
жүрексіз
Саңырау, керең
естімейді
Зағип, тас қараңғы
көзсіз
Бойдақ
әйелсіз, үйленбеген т.б.
Келтірілген мысалдарда екі қатарда берілген сөздердің мағынасы логикалық
тұрғыдан бірдей деуге болады. Бірақ бірінші қатардағы сөздердің логикалық
мағынасы болымсыз бағалау, толымсыз сапалық көзқарас (отрицательная оценка)
тұрғысынан қарастырғанда ғана екінші қатардағы болымсыз формалы сөздер
мағынасымен пара-пар. Ал номинативтік қызметтес атау ретіндегі қызметті
атқарады, яғни сапа, белгінің атауы қызметін атқарады. Екінші қатардағы
сөздердің түбірі, керісінше, жеке тұрғанда, болымсыздық көрсеткіштерінсіз
жағымды мағынаға ие. Тек болымсыздықтың тілдік көрсеткіштерінің түбірге
қосылуы арқылы ғана болымсыз мағынаны білдіреді. Логикалық және
лингвистикалық болымсыздық мазмұн сапасы тұрғысынан да, екеуінің де ойлауға
қатыстылығынан да бір-бірімен ұқсас. Шындығында, логика – жеке ғылым
саласы, лингвистика - өз алдына жеке ғылым саласы болып табылады. Логика –
ойлаудың заңдары мен ережелері туралы ғылым. Логика – ойлаудың
грамматикасы. Логика ұғымдары мен категориялары бүкіл адамзатқа ортақ. Ал
тілдік болымсыздық көптеген табиғи тілдер үшін универсал категория болса,
оның әрбір ұлт тілдеріндегі берілу амал-тәсілдері басқа-басқа. Логика мен
лингвистиа ғылымдарының өзара тоғысатын, бір-бірімен қиюласатын жерлері де
бар. Бірақ әрқайсысы жеке-жеке өмір сүреді. Әр ғылымға тән өзінің
ұстанымдары, мазмұн, категориялары, салалары т.б. көрсеткіштері бар. Ал
олар бір-біріне бағынышты емес.
Жалпы тіл білімінде болсын, түркологияда болсын, әдетте, болымсыздыққа
қатысты айтылған ой-пікірлер кеңінен кездеседі. Лингвистикалық болымды-
болымсыздық категориясының статусы оның әрбір компонентінің, яғни
болымдылықтың да, болымсыздықтың да жеке-жеке сипатынан тұратыны ескеріле
бермейді. Бұл мәселе хақында профессор Н.Оралбаеваның мына пікірін
қарастырсақ: Болымдылық пен болымсыздықтың бір-бірінің байланыстылығына
қарамастан, болымсыздықтың ғана жеке категория болып танылуына оның
морфемдік көрсеткіші себеп болған. Ал осы категорияның болымдылық мағынасы
көбіне мүлдем танылмайды, - деп көрсетеді ғалым (11, 103).
Сонымен тілде болымдылық мағына да, болымсыздық мағына да бары анықталды
және ол – тілге тегіс тараған өте кең ауқымды тілдік құбылыс. Оның тілдік
табиғатында айырма бар. Соған байланысты болымдылық пен болымсыздық деп
екіге жіктелді. Олар:
1. Лексикалық болымдылық пен лексикалық болымсыздық;
2. Грамматикалық болымдылық пен грамматикалық болымсыздық.
Бұл жіктеу болымдылықтан болымсыздық жасалды. Мәселен, сусыз жер, таулы
аймақ деген мен келді, келмеді деген бір емес. Сусыз, таулы деген сөздердің
болымсыз, болымды мағыналарын туынды түбір берген, ол сондықтан лексикалық
мағына болып табылады. Келді, келмеді дегенде лексикалық мағына өзгерген
жоқ, сондықтан мұнда болымдылық пен болымсыздық грамматикалық мағынаға ие.
Профессор М.Балақаев, А.Ысқақов, Н.Оралбаева, С.Исаев сынды атақты
ғалымдыр өз еңбектерінде қазақ тіл біліміндегі лексикалық, грамматикалық
мағынаның теориялық мәселелерімен бірге оның объективті шындық өмірге
қатысы дегенді де айқындай түсті. Лексикалық мағына арқылы өмірдегі заттар,
құбылыстар белгісі білдіріліп, сол арқылы оның өмірге қатысы айқындалса,
грамматикалық мағына объективті өмірдегі заттар, құбылыстар, олардың
белгілерінің арасындағы қатысты, байланысты білдіру арқылы оның объективті
өмірмен байланыс-қатысын анықтайды. Екі мағынаның айырмашылығы объективті
өмірде білдіретін объектілерінде деп түйіндейді. Грамматикалық мағына
лексикалық мағынасыз өздігінен кездеспейді. Грамматикалық мағына –
грамматикалық құрылысқа түскен сөзге қосылатын, үстелетін қосымша мағына.
Бұл ойды проф. С.Исаев та атап көрсеткен, ол: Сөздің жалпы грамматикалық
мағынасы оның лексикалық мағынасы негізінде, атап айтқанда, лексикалық
мағынаның жалпылануы арқылы туындайтыны талассыз нәрсе, (16, 35-36)-
дейді.
16 Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы:
Ана тілі, 1992.
Болымдылық пен болымсыздықты бұлай жіктеу ғылымда бұрын жоқ еді, тілдік
деректер бізді осылай жіктеуге әкелді.

ЛЕКСИКАЛЫҚ МАҒЫНА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Сөз айналамыздағы зат я құбылыс жайындағымұғымдардың аты я атауы болса,
әрине, ол атаудың қоғамдық өмірде өзіне телінген мағынасы да болады. Бірақ
ол мағына өзі айтатын затпен я құбылыспен тікелей табиғи байланыста болмаса
да, сол ұғымды білдіретін белгі (таңба) я сол ұғымның мазмұнының бейнесі
ретінде қалыптасатындықтан, бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне де бірдей
түсінікті болады. Мысалы: тас, ағаш, топырақ деген сөздерді алсақ, олардың
әрқайсысы - әрі нақтылы, әрі жалпы атау. Өйткені ағаш деп көз алдымыздағы
(я қолымыздағы) белгілі бір нақтылы ағашты да, сондай-ақ, жалпы ағаш
атаулыны да атай береміз.
Әрбір сөздің өзге сөздермен қарым-қатынасқа түспей, жеке-дара тұрғандағы
(статикалық күйдегі) нақтылы я негізгі мағынасы, әдетте, лексикалық я тура
мағына деп аталады.
Тілдің сөздігі осындай әр алуан мағыналары бар сөздерден құралады.
Тілдегі сөздерді, олардың жүйесін, даму заңдарын, қоғамдық тұрмыстың сала-
салаларымен байланыс-қатысын, сондай-ақ, жеке сөздердің лексикалық
мағыналарын, сөздердің шығу тарихы мен мағыналарының даму, қолданылу
өзгешеліктерін лексикология ғылымы қарастырады.
Лексикалық мағыналары басқа-басқа сөздерді әрі қарай топшылай түсіп, топ-
топқа бөліп, олардың әр тобына тән жалпы және жалқы сипаттарын анықтауға
болады.
Лексикалық болымдылық пен лексикалық
болымсыздық МӘСЕЛЕСІ

І. Зат есімнің болымдылық, болымсыздық мағынасы.
Шындық өмір белгілі мезгілде, белгілі орында заттың болуы да, болымды да
өмірде жиі кездесетін құбылыс. Ол тілде де көрсетіледі. Мысалы: Ол кітап
мұнда бар. Әсем үйде жоқ.
Бұл сөйлемдерде кітаптың бар екені болымды мағынаны, Әсемнің жоқ екені
болымсыз мағынаны білдіреді. Бұл зат есімнің болымды мағынада да
қолданылатынын дәлелдейді.
Зат есімнің болымдылық, болымсыздық мағынасының жасалу жолы:
1) Зат есімнің болымдылық мағынасы бар лексикалық мағыналы сөздің
тіркесуі арқылы жасалады: сулы – суы бар, таулы – тауы бар және т.б.
Мысалы: Бұқар жыраудың бір тұжырғаны: хан, сұлтан, билерді қызықтыратын
тарих бар да, халықты қызықтыратын тарих бар екен. (І.Есенберлин).
2) Зат есімнің болымсыздық мағынасы жоқ сөзінің тіркесуі арқылы жасалады:
ел – елі жоқ, орман – орманы жоқ және т.б. Мысалы: Бізде осыдан басқа
сөз жоқ (С.Мұқанов). Күйеуді қоршаған қыз-келіншекте сан жоқ
(М.Әуезов). Бұл арада көмір жоқ (І.Есенберлин). Барақтың таяу маңында
ел жоқ (С.Сейфуллин). Құлбай тілмашта да қыбыр жоқ (Ә.Кекілбаев)
ІІ. Сын есімнің болымдылық, болымсыздық мағынасы.
1) Сын есімнің лексикалық болымдылығы. Мысалы: атақты, таулы, жаңбырлы,
әсерлі, орманды т.б.
2) Сын есімнің лексикалық болымсыздығы. Мысалы: сусыз, жапырақсыз,
ормансыз, елсіз, абыройсыз т.б.
3) Екеуінің жасалу жолы.
Сын есімнің лексикалық болымдылық мағынасы:
А) –лы, -лі, -ты, -ті, -ды, -ді жұрнақтары арқылы жасалады: су – сулы,
тау – таулы, орман – орманды және т.б. М: Жігіт сом денелі, жиырма бестер
шамасында екен. (І.Есенберлин). Орта бойлы, дөңгелек денелі, қысқалау
мұртты, шоқша сақалды, сұрғылт беті дөңгелек, жалпақтау (М.Әуезов).
Ә) бар сөзінің тіркесуі арқылы жасалады: сулы – суы бар, таулы – тауы
бар, орманды – орманы бар және т.б. М: Ағасы бардың жағасы бар (мақал).
Ендігі жалғыз жанашыры – көкесі бар (М.Әуезов).
Сын есімнің лексикалық болымсыздық мағынасы:
А) –сыз, -сіз жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады: су – сусыз, орман –
ормансыз, ел – елсіз және т.б. Мысалы: Тәуекелсіз іс бола ма?
(Б.Тілегенов). Шәрипа көпке дейін баласыз жүрді (Б.Майлин). Көп
тұрғандықтан, май болып кірлеп, қарайып кеткен кішкене, тар тесіктен
кіргенде, оң жақ бұрышта ешбір сәнсіз, ретсіз үйіле салған үлкен пеш бар
(М.Әуезов). Елсіз, жолсыз сар далада жалғыз түп ағаш өсіпті (М.Әуезов).
Ә) бей- , на- префикстерінің қосылуы арқылы жасалады: беймәлім, бейхабар
(хабары жоқ), бейшара (шарасыз), бейсауат, беймезгіл, бейбақ, бейқам,
нақұрыс және т.б. Мысалы: Байбатыр да бұдан бейхабар емес еді (С.Жүнісов).
Бұл жігіт Ембі тынысынан бейхабар (З.Қабдолов). Бейқамдық сәтсіздікке
бастайды (Н.Төреқұлов). Дала өңірінің бейжай тыныштығы тек кешке қарай
өзгереді (Ә.Нұрпейісов). Бір күні Инеш үйге балалық бейқам көңілмен қуана
кірді (С.Шаймерденов).
ІІІ. Есімдік сөз табының болымдылық, болымсыздық мағынасы.
Есімдік те болымды, болымсыз мағынада қолданылады. Мысалы: Кім келді?
Қайда кетті? Қашан келеді? деген сияқты мысалдардағы кім, қайда, қашан
есімдіктері белгілі болымды мәнде қолданылған.осыларға ешкім келген жоқ,
ешқайда кетпеді, ешқашан келмейді деп жауап берсек, біз болымсыздық
есімдіктерді қолданамыз. Мысалдардағы болымсыздық есімдіктер болымсыз
сөйлемде қолданылатыны байқалады, ол баяндауыш формасынан көрініп тұр.
Мысалы: келген жоқ, кетпеді.
Болымсыздық есімдік еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы
жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, ешқашан, ешқандай,
ешқайсысы, - деп тұжырымдайды А.Ысқақов (17, 230). Ал болымсыз есімдіктер
– лексикалық мағыналы сөздер. Сондықтан да олар лексикалық болымсыздыққа
жатады. Мысалы: Ешқайсысының бүйрегі бүлк ете қойған жоқ (Ғ.Мүсірепов).
Оның ешқайсысында Сәлменнің жұмысы болған жоқ (Б.Тілегенов). Біздің
ешқайсымызда үн жоқ (Ә.Сәрсенбаев). Абай бұлардың ешқайсысымен де жылы
ұшырап сөйлескен жоқ (М.Әуезов).
Сондай-ақ, дәнеме, дәнеңе, дым, түк сөздерін де А.Ибатов болымсыз
есімдіктер қатарына жатқызады. Мысалы: Сұлтанмахмұт ғажайып түс әлемінде
тұрғандай дәнеме есіткен жоқ (Д.Әбілев). Қалқам-ау, дым да жоқ (Б.Майлин).
Жүзінде күлкінің түк елесі жоқ (М.Әуезов). Бұл мысалдардағы түк, дым,
дәнеме болымсыз мағыналарға қызметі еш, ештеңе болымсыз есімдіктерімен
тепе-тең заттың белгісін болымсыз мәнін көрсетеді (18, 57).
Болымсыздық есімдіктер сұрақ есімдіктерінен жасалғандықтан, олар болымды
деп танылып, олардың болымдылық мәнісінің көрсеткішінің жоқтығы теория
бойынша нольдік морфема арқылы беріледі деп санаймыз.
Тілде болымдылықтың ешбір формасы жоқ, болымдылық мағына етістікте
нольдік формамен беріледі деп танылады (Н.Оралбаева, А.Омарова). Нольдік
морфемалы морфологиялық қасиет есім сөздерге де тән, - дейді ғалымдар. Осы
айтылған пікірлерді негізге ала отырып, тілдегі етістік, зат есім, сын есім
(-лы, -лі, -сыз, -сіз формаларынсыз) сан есім, есімдік (болымсыз есімдіктер
тобынан басқа), үстеу сөздерінің болымды лексемаларын болымдылық
категорияларының семантикалық өрісін құрайтын көрсеткіштердің біріне
жатқызуға болатынын көреміз. Олай болса, тіліміздегі еліктеу, одағай, шылау
сөздерінен басқа сөздердің лексикалық мағынасына сай жалпы болымды
грамматикалық мағыналары танылады және олар болымды ұғым деген түсініктің
аясын кеңейтеді.
Қазақ тіліндегі болымдылық-болымсыздық категориясының бір мүшесі, тең
дәрежедегі сыңары, болымдылықтың семантикалық өрісін түзуші
көрсеткіштерінің біріне нольдік морфемалы лексемаларды жатқызуға болады.
Тілде қимыл, іс-әрекеттің болымды, болымсыз мәнінің көрінісі етістіктің
ашық рай формасында қолданылуына сай келеді.
Мысалы, А.Байтұрсынов: Істі ашық баяндайтын сөздің түрін ашық рай
дейміз (19, 236) деп көрсетеді.

17 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.
18 Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктер. Алматы: Ғылым, 1961.
19 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992
Ашық райдағы сөздер үш жақтан басқа үш мезгілмен сөйленіп өзгереді деген.
Проф. А.Ысқақов етістіктің ашық райы мазмұн жағынан да, форма жағынан да
аса бай категрия деп көрсетеді. Ашық райда арнаулы граммати-
калық көрсеткіш болмайды, ол амал, әрекетті шынайы етіп көрсететіндіктен
мезгіл ұғымымен байланысты болып, тілде сол форма арқылы берілетінін
айтады. Олай болса, ашық рай мазмұны тілдегі болымды грамматикалық мағына
түсінігінің семантикалық мазмұнына сай келеді, - деп түсіндіреді ғалым
А.Ысқақов (17).
Ғалымдар пікірін жүйелесек, тілдің морфологиялық деңгейінде ашық райдың
шақ көрсеткіштерінің жүйесін болымды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми революциялардың құрылымы
Алаш тағылымы және қазіргі қазақ руханияты
Қ.Жұмаділовтің "Дарабоз" романының көркемдік-идеялық ерекшелігі
Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой –пікірінің пайда болуы мен қалыптасуы.Қазақстандағы педагогиканың ғылым ретінде дамуы
Қ. Қ. Жұбанов еңбегіндегі синтаксистік көзқарастар
Қазақстандағы ұлы педогок ағартушылардың үлес қосқан ой – пікірлері
ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ХАЛЫҚ ТАҒЫЛЫМЫ МАТЕРИАЛДАРЫ
Жазушы Оразанбай Егеубаевтiң «Көкбөрi немесе тағдыр тәлкегi» атты роман-эссесi хақында
Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық қызметі(1873-1937)
Алаш зиялыларының оқу-тәрбие үрдісіне қосқан тәрбиелік үлесі
Пәндер