Жас шамалық топтар


«Баскетбол ойынындағы ойындық әрекеттердің маңызды көрсеткіші ретінде техникалық тәсілдерді орындау тиімділігінің ілімдік және әдістемелік негіздері»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010800- мамандығы - Дене шынықтыру және спорт
МАЗМҰНЫ
Кiрiспе
7
- Баскетболшы студенттердiң дене жұмыс қабiлеттерiнiң деңгейiн зерттеу 918-20 жастағы баскетболшы студенттердiң арнайы дайындығының деңгейiн бағалау 9Баскетболшы студенттердiң функционалдық (қызметтiк) мүмкiндiктерi 14Баскетболшы студенттердiң дене жұмыс қабiлетiнiң қызметтiк мүмкiндiктерi 1818-19 жастағы баскетболшы студенттердiң анаэробтық өндiрiсi
деңгейiн арттыруға арнайы жаттығулардың әсерi 20
- Баскетболдағы қорғаныс әрекеттердiң, қозғалыстар мен тәсiлдер тиiмдiлiгiнiң көрсеткiштерiне арнайы жаттығулардың әсерi 32Алғышарттар 32Әртүрлi жастағы баскетболшы студенттердiң қорғаныстық қимылдары мен тәсiлдерi тиiмдiлiгiн салыстыру 32Баскетболшы студенттердiң жаттығулық жүйесiндегi анкеталық
сауалдар мен педагогикалық бақылаулар нәтижелерiн талдау 36
- Баскетболшы студенттердiң қорғаныс әрекетi тиiмдiлiгiнiң көптеген маңызды көрсеткiштерiн айқындау мақсатында жүргiзiлген педаго-
гикалық бақылаулар мен анкеталық сауалдардың нәтижелерiн талдау 40
- Баскетболшы студенттердiң допты игерудегi қимылдарының өзгеруi мен тәсiлдерiн орындауды зерттеу бойынша орташа деңгейлерiнiң
стандарттық ауытқуларын талдау 43
Қорытынды 61
Пайдаланылған әдебиеттер 69
Кіріспе
Зерттеудiң көкейкестiлiгi. Қазiргi кезеңдегi студент спортшылар дайындау жүйесi өзiндiк мақсаты, мiндеттерi, құралдары, әдiстерi, ұйымдастыру түрлерiмен материалдық-техникалық шарттары т. б. бар, студенттердiң ең жоғарғы спорттық нәтижелерге жеткiзуге қамтамасыз ететiн күрделi де көп факторлы құбылыс болып табылады, сондайақ студент спортшыны жарыстарға дайындайтын ұйымдастырылған педагогикалық үрдiс.
Дүние жүзiндегi студент жастар арасында кеңiнен тараған спорт түрлерiне спорттық түрлер мен баскетбол жатады.
Баскетболшы студенттердiң спорттық шеберлiгiнiң шыңын анықтайтын факторлардың бiрi ойыншылардың техникалық тәсiлдерi (қабылдап алу мен беру), лақтырудың алып жүгiрудi, кәрзеңкеден ыршыған, түспеген допты игерудегi, допты ұстап қалу мен соғып жүгiрудi тиiмдi орындау болып саналады.
ЖОО жағдайында баскетбол бойынша оқу жаттығуларды дұрыс ұйымдастыру үшiн ең әуелi қандай факторлардың маңызды екенiн бiлген жөн.
Спортшының дене сапасын дамыту деңгейiн анықтайтын “бастапқы” факторлардың көрiнуi туралы баскетболда туындайтын сұрақты қайсы бiр мөлшерде шешiлген деп санауға болады, ал маңызды ойын тәсiлдерiнiң қатарын көрсететiн тиiмдiлiк мәселесi әлi де болса аз зерттелген.
Зерттеу жұмысының мақсаты баскетболшы студенттердiң дене жұмысқа қабiлетi жөнiндегi мәлiметтер мен ойын тәсiлдерiнiң, қоз-ғалыстарының бiрқатар ерекше орындалуы негiзiнде баскетболдағы ойын әрекетi тиiмдiлiгiн көтеру болып табылады.
Зерттеу нысаны баскетболмен айналысушы студенттердiң дене жұмыс қабілеттерінің деңгейін зерттеу.
Бiздi қызықтырып отырған мәселе бойынша әдеби бастапқы көздердi зерттеу мен топтастыру бойынша жүргiзiлген нәтижелерге сүйене отырып зерттеудiң негiзгi мiндеттерi ретiнде төмендегiлердi ұсынамыз:
- Баскетболшы студенттердiң дене жұмысына қабiлеттiлiк деңгейiн, спорттық шеберлiк деңгейiне, жасына және қаншалықты жаттыққандық дәрежесiне байланысты анықтау.
- Баскетболшы студенттердiң дене жұмысы қабiлетiнiң деңгейiн жетiлдiруге бағытталған дайындық әдiстемесiн эксперименттiк тұрғыда негiздеу.
Зерттеудiң әдiснамалық негiзi жеке тұлғаның маңызы, оның дамуындағы қызметтiк рөлi туралы, iлiм мен практиканың, объективтi және субъективтi факторлардың өзара байланысы туралы, қоғамдық қатынастардағы объект және субъект ретiндегi адам туралы және қоғамдағы дене тәрбиесi үрдiсiнде стихиялы және басқару қатынастары туралы материалистiк диалектиканың маңызды ахуалын құрайды.
Жұмыстың iлiмдiк маңыздылығы. Баскетболшы студенттердiң ойын әрекетi тиiмдiлiгiнiң негiзi болып табылатын дене жұмыс қабiлетiн жасқа байланысты қозғалысы анықталды және талданды. Баскетболшы студенттердiң қорғаныстық ойын тәсiлдерi мен қозғалыстардың тиiмдiлiгi жасына байланысты динамикасын зерттеу мүмкiн болды, сондай-ақ секiрiп допты лақтыру мен кәрзеңкеден ыршыған допты игеру тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң баскетболшы студенттердiң классификациясына қарай өзгеруiн зерттеуге қол жеттi.
Баскетболда әртүрлi дайындық кезеңдерiндегi (дене және техникалық) ойын барысындағы әрекеттердiң тиiмдiлiгiн арттыратын үрдiстердi нысандайтын басты белгiлерi көрiнедi.
Практикалық мәнi . Баскетболшы студенттердiң дене дайындығы көрсеткiштерiн тестiлеудiң нәтижелерiн, салмақты баспалдақтық жоғарылауын функционалды байқап көрудi, сондайақ тренажерлық қондырғылардың жиынтығын қолдану, ЭЕМ-мен талдау негiзiнде, баскетболдағы ойын әрекетi тиiмдiлiгiн анықтайтын маңызды факторларды айқын көрсетуге мүмкiндiк бередi. Бұл орайда жасалған жаттығу бағдарламалары үшiн құралдарды iрiктеу жұмыстары айқындалған факторларға сәйкес жүзеге асырылды. Баскетболшы студенттердi дайындау үрдiсiнде бұл бағдарламаларды қолданудың тиiмдiлiгi педагогикалық эксперимент серияларының нәтижелерiмен мақұлданды және бекiтiлдi.
- 18-20 жастағы баскетболшы студенттердiң дене қабiлетi, ең алдымен, күш-жiгерiнiң құрылу үрдiсiнiң дамуы аэробтық қайнар көздер құралдарымен, яғни, жұмыс уақытында ағзаға оттегiнiң келiп түсу деңгейiмен анықталады. Жасына байланысты (20 жасқа қарай) баскетболшы студенттердiң ойындық қызметiн аэробтық үрдiстерiн анаэробтық үрдiстерге күш-жiгермен қамтамасыз етуде белгiлi бiр сапалық қозғалыс немесе алға басушылық болады.
- Баскетболшы студенттердi дайындаудың қазiргi таңдағы жүйесi баскетболшы студенттердiң қорғаушылық қозғалыстары мен тәсiлдерiнiң тиiмдiлiгiнiң жоғарғы деңгейiн қамтамасыз етпейдi, бұл олардың спорттық шеберлiктерiнiң өсуiне керi әсер етедi.
- Баскетболшы студенттердiң қорғаушылық қозғалыстары мен тәсiлдерi тиiмдiлiгiнiң көрсеткiштерi алдын-ала өлшенген мәлiметтер мен жүргiзiлген факторлық талдау нәтижелерi негiзiнде жасалған, арнайы жаттығулық құралдарды қолдану көмегiмен едәуiр жақсаруы мүмкiн.
- Баскетболшы студенттердiң дене жұмыс қабiлеттерiнiң деңгейiн зерттеу18-20 жастағы баскетболшы студенттердiң арнайы дайындығының деңгейiн бағалау
Баскетбол командаларының табысты ойыны үшiн қажеттi басты мiндеттердiң бiрi техникалық-тактикалық арсеналдың кең ауқымын игерушi жоғары дәрежедегi спортшыларды дайындау болып табылады, олар, белгiлi болғандай, ағзаның қызметтiк мүмкiндiктерiн мобилизацияллауды шақырады. Осыған байланысты, баскетболшы студенттердiң дене жұмыс қабiлетi мен оның құрылымының деңгейiн арттыру мәселесi көкейтестi болып табылатыны күмәнсiз. Кезек күттiрмейтiн маңызды болып спортшы студенттердiң жұмыс қабiлетiне көп жағдайда әсер ететiн басты факторларды анықтау мәселесi де саналады.
Берiлген тарауда жасөспiрiм баскетболшылардың дене дайындығының көрсеткiштерiн зерттеу нәтижелерi 17-20 жастағы баскетболшылардың берiлiмдерiн эргометрикалық өлшеу негiзiнде мазмұндалады, сондай-ақ, осы жастағы топтардың өндiрiсiнiң қызметтiк дайындығы (аэробты және анаэробты деңгейi) мазмұндалып берiледi. Салыстыру үшiн бiрiншi разрядты жоғары дәрежелi баскетболшылар мен спорт шеберлерiнiң максималды қызметтiк өндiргiштiгiнiң бiз өлшеген көрсеткiштерi келтiрiледi.
Осы жерде баскетболшы студенттердiң дене дайындығы қабiлетiнiң деңгейiн көтеру үшiн құралдар мен әдiстердi жасау мен негiздеу мәлiметтерi де келтiрiледi. Баскетбол бойынша студенттiк құрама командаларға арнайы дайындық тестiлерiнiң нәтижелерi 1-кестеде келтiрiлген.
1-кесте. Баскетбол ойыны бойынша студенттердiң құрама командадағы арнайы дайындық көрсеткiштерi
мамыр
2001
Маусым
2001
қазан
2001
ақпан
2001
51, 5+10, 78
(6, 78)
60, 17+8, 45
(5, 32)
59, 07+9, 41
(2, 45)
60, 01+8, 31
(2, 30)
3, 55+0, 13
(0, 18)
3, 06+0, 27
(0, 17)
3, 25+0, 10
(0, 03)
3, 14+0, 23
(0, 12)
48, 8+6, 75
(4, 25)
49, 0+7, 05
(4, 44)
65, 25+7, 35
(2, 80)
66, 30+6, 31
(3, 58)
563+26, 4
(16, 6)
572+27, 0
(17, 0)
398, 9+18
(4, 1)
409, 3+19
(5, 6)
Айып добын лақ-
тыру таралымы %
67, 08+13, 32
(8, 4)
78, 67+9, 24
(3, 42)
80, 35+7, 67
(3, 35)
65, 68+8, 30
(4, 37)
18 жастағы ойыншыларды тестiлеу екi рет жүргiзiлдi техникалық-тактикалық бағыттағы оқу-жаттығу жиынының басында және соңында, осы жерден көрсеткiштердегi бiршама айырмашылықтар байқалады. Сенiмдi болған айырмашылықтар 20 м аралыққа жүгiрiп өту уақытында ғана.
Секiрмелiк, жылдамдыққа төзiмдiлiк пен лақтыру нәтижелерiндегi көрсеткiштерде маңыздылық байқалған жоқ. Республикалық бiрiншiлiкте шыққан командалар қорытындысын талдай отырып көрiнгенi, өткiзiлген ойындарда ара қашықтықтан (50) лақтырған доптың түскенiнiң пайыздық көрсеткiшi сияқты, айып добын лақтыруды (50%) тарату да маңызды түрде оқу-жаттығу жиынында белгiленгендерге жол бередi (60, 17% сәйкес ара қашықтықтан және 80, 3%-айып добы) .
Өзiне назар аудартатыны 156 турнирдегi допты жоғалтудың маңызды жалпы саны (матчтағы Астана командасымен-37, Алматы командасымен-38), сондай-ақ, қарсыластар қалқанынан шыққан доптар үшiн күресудегi белсендiлiктiң кемшiлiгi барлығы 77 iрiктеу, ал шешушi матчтарда Қарағанды және Ақтау командаларымен 4 және 9-ға сәйкес, бұл қарсыластар қалқандағы допты iрiктеудiң жалпы санының 15% және 37%-н құрады.
Жаттығулық ойындарда мұндай көрсеткiштер едәуiр жоғары. Бұл 18 жасар студенттердiң дене дайындығының деңгейi жеткiлiксiз жоғары дәреже де екендiгiн және жауапты турнирдiң шешушi матч барысында командалардың ойын нәтижелерiнде керi әсер беруi мүмкiн екендiгiн бiлдiредi. Қызықты болып көрiнетiнi, 18 жасар ойыншы студенттердi республикалық турнирге дайындау кезеңiндегi тестiлеу нәтижелерi, республикалық турнирге қатысу алдағы 2001 жылдың жазында ЖОО-ы арасында Республикалық бiрiншiлiк дайындық жоспарына ендi.
Алынған мәлiметтердiң куәландыратыны; 20 жастағы баскетболшылар 18 жастағылардан 20 м аралыққа жүгiрiп өту уақыты мен тiк секiрудiң максималды биiктiгiне жылдамдық-күштiк дайындығы көрсеткiштерiмен басым түседi, бұл орайда ойыннан лақтырған доптың түсу пайызының көлемi (44, 24 және 49%) мен айып добын лақтыру таралымы (56% және 69%) . Бұл мәлiметтер 2002 жылғы ҚР студенттiк чемпионат ойындары мен бақылау ойындарының техникалық аттамасын талдау кезiнде алынды.
Мынадай қызықты дерек өзiне назар аудартады: жаттығу сабағы барысында жүргiзiлген жас баскетболшылардың ара қашықтықтан және айып добын лақтырғандағы дәл түсуiнiң пайыздық көлемiнiң көрсеткiштерi. Ол бақылау талаптарды тапсыруда тiркелген көрсеткiштерге едәуiр жол бередi. Бұл жаттығу үрдiсi кезiнде спортшы ағзасы арнайы дайындықтың дамуының дәрежесiне жеткiлiксiз әсер ететiн салмақтарға берiлетiнiн тағы да бекiте түседi; оның бiр компонентi болып ойыннан лақтыру және айып добын лақтыруды тарату пайызы саналады. Мұның салдары матч барысындағы жеткiлiксiз нәтижелiлiк болып табылады.
Жоғарыда аталғандарды төмендегiлер бекiтедi. Жылдам бұзып өтудi қолдану, республикалық турнирде Университеттiң студенттерi құрама командасының ойындарында қорғаныстың белсендi түрлерiн жүйелi қолдану, қорғаныстағы шабуыл мен қарсы әрекеттердiң жалпы санының 10%-н ғана құрайды. Күрес жүргiзудiң берiлген тәсiлiнiң тиiмдiлiгiн барлық жарыстарда бiздiң ойыншылар ұйымдастыруға қол жеткiзген 25 жылдам шабуылдың жартысынан көбi табысты аяқтағанын көрсетедi.
Бой-салмақтық көрсеткiштерiнiң көлемi тұрақты ұлғаюға беталыс жасауды көрсетiп отыр. 18-19 жастағы баскетболшы студенттердiң денелерiнiң салмағы мен бой ұзындығы едәуiр аз мәнге не, ал бұлар ересек жастағы ойыншыларда максималды болып келедi. Осы аталған екi көрсеткiштердiң де мәндi көлемдерi өзiне назар аудартады, ол баскетболмен айналысу үшiн iрiктеудiң ерекшелiгi болып табылады. Әртүрлi жастағы баскетболшы студенттердiң арнайы дене дайындығының өлшенген көрсеткiштерiнiң орта топтық маңызы 2-кестеде ұсынылған.
2-кесте. Әртүрлi жастағы баскетболшы студенттердiң арнайы дене дайындығының өлшенген көрсеткiштерiнiң орта топтық маңызы
73, 92+15, 30
(3, 34)
97, 48+21, 82
(5, 45)
3, 79+0, 36
(0, 09)
38, 38+6, 68
(1, 46)
55, 56+10, 45
(2, 61)
326, 43+49, 36
(10, 77)
375, 7+25, 66
(6, 39)
10, 53+0, 60
(0, 13)
10, 51+0, 51
(0, 13)
36, 76+7, 77
(1, 70)
56, 87+11, 72
(2, 93)
34, 01+1, 71
(0, 37)
40, 50+2, 44
(0, 61)
Кестеде келтiрiлген сандар мынаны бiлдiредi: орта±стандартты ауытқу (ортаның қатесi) .
а) Максималды алактаттық қуаттылықты өлшеу (МАҚ) .
МАҚ көрсеткiшiнiң көлемi спортшы жасының өсуiне қарай арта түседi. Барлық топтар арасында маңыздылықтың жоғары деңгейiндегi нақты айырмашылықтар анықталды, олар баскетболмен айналысу барысында осыған ұқсас сипаттағы күш салудың пайда болу қабiлеттiң едәуiр көтерiлетiнiн мәлiмдедi. МАҚ көрсеткiштерi мен маңыздылығының өзгеруi бiркелкi өтедi, олардың арасындағы айырмашылық 18-19 және 20 жастағы ойыншыларда 25% құрайды, 20-21 жастағыларда ол 20% тең, және ересек жастағы топ баскетболшыларында берiлген көрсеткiштiң көлемдi өсуi 29%-ға тең.
б) Жылдамдық күштiң мүмкiндiктерiн анықтау.
20 метрге жүгiрудегi зерттеу нәтижелерiн талдай отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: төменгiден жоғарғы жастық топқа өтуде максималды жылдамдық 20 жастағы спортшылардың көлемiне (6, 02 м/ак) қол жеткiзе отырып ұлғаяды. Айырмашылықтар (18-20 жастағылар арасындағы айырмашылықты қоспағанда) барлық топтардың көрсеткiштерi арасында анық, оны бiршама жас айырмасы мен дайындық деңгейiне байланысты түсiндiруге болады (жiктеу кезiнде олар бiр жастағы топты құрайды) .
Берiлген параметрдiң төменгiден ортаңғы жасқа (18 жас) және жоғарғы топқа (20 жас) өтудегi өсу жылдамдығы 10% құрайды. Жоғарғы айтылғандардан көрiнетiнi, яғни, баскетболдағы жүйелi дайындық әсерi 20 м қашықтыққа жүгiрiп өту уақытының көрсеткiштерiнде жеткiлiктi түрде айтылады.
в) Секiргiштiктiң өзгеруi тiк секiрудiң максималды биiктiк көрсеткiштерiнiң көлемi едәуiр жоғарғы жастағы топқа өтуде бiрте-бiрте артады. Барлық көрсеткiштер арасындағы айырмашылықтар, орта жас тобы iшiндегi айырмашылықты қоспағанда, маңыздылықтың жоғарғы деңгейiнде анық (аналогиялық картина 20 м. аралықтағы максималдық жылдамдық көрсеткiшiн салыстыру кезiнде байқалды) .
Секiргiштiктiң бiр топтан екiншiсiне өтудегi өсу көлемi құрайды: 35% (18 ден 19, 20 жас), 5% (20-22 жастағы топ iшiнде) және 20% (18-ден жоғарғы жастағы топ спортшылары) . 18-ден 20 жастағы көрсеткiштердiң жалпы өсуi 47% тең.
Баскетболмен айналысу секiрмелiк көрсеткiшiне дұрыс әсер етерi даусыз. Бұл сапа-ойыншы дайындығының негiзгi жиынтығының бiрi.
г) Жылдамдыққа төзiмдiлiктiң динамикалық деңгейi.
Алынған мәлiметтер төмендегiдей қортындылар жасауға мүмкiндiк бередi: баскетболмен айналысу студенттердiң дене қабiлетiнiң (жылдамдық, төзiмдiлiк, ептiлiк, күштiлiк т. б. ) дамуына күмәнсiз, дұрыс әсер етедi.
Нақты айырмашылықтар барлық жастағы топтардың көрсеткiштерi арасынан (18-19 жастағы спортшы студенттер тобының нәтижелерi арасындағы айырмашылықтан басқа) байқалады. Көрсеткiштердiң жоғарғы көлемi 18 жастағы баскетболшыларда-39 м байқалды.
Талдау жүргiзiлген топтарда өсу пайызының динамикасы жас ұлғаюына байланысты мынадай болады: 32%, 2%, 5%.
д) Қорғанысты орналастыруға қабiлеттiлiктi сипаттайтын көрсеткiштердiң өзгеруi.
Алынған мәлiметтер берiлген параметр маңызының жасқа байланысты өзгеруi бiркелкi өтпейтiнi туралы мәлiмдейдi. Негiзгi өсу орта жастан (18 жас) жоғарғы жастағы топқа өтуде байқалады, оның көлемi-5%. Төменгi және екi орта жастағы топтар көрсеткiштерi бiрнеше төмен және шамамен бiр деңгейде болады (10, 5 с) .
Бұл 18-20 жастағы студент-спортшылардан жеткiлiктi төмен болатын орналастыру жылдамдығына қатысты. Қорғаныстық ойын тиiмдiлiгi ойынның аяқталу кезеңiнде бiрден артады, ол барлық жағынан, ойынның берiлген компонентiнiң жетiлуiне кететiн уақытқа қажеттi күштiң артуымен байланысты, өйткенi шабуылдаудағы ойынның техникалық-тактикалық деңгейi теңеседi және жарыстарда табысқа тек қорғанысы жақсы ұйымдастырылған команда ғана жетедi, ол жеке әрекеттiң жоғарғы деңгейiне негiзделедi.
е) Ара қашықтықтан лақтыру нәтижелiлiгi көрсеткiштерiнiң өзгеруi.
Ара қашықтықтан лақтырғанда түскен доптардың орта топтық көрсеткiштерiнiң пайызы 18 жастағы баскетболшыларда өте жоғары маңыздылығы байқалады, ол орта жас тобындағы спортшы студенттерден сәл-ақ аз (56% және 52%) . Бұл 17-18 жастағы ойыншыларда байқалған дәл доп түсуi пайызының көлемiне маңызды жол бередi (36, 7%), ол басқа қалған топтар көрсеткiшiнен бiршама төмен, бұлардың арасында осыған ұқсас айырмашылықтар көрiнген жоқ. Берiлген көрсеткiштiң өсу пайызы төменгi топтан жоғарғы топқа өту кезiнде 37%-ке тең.
ж) Кешендi талаптарды орындаудағы уақыт көрсеткiштерiнiң динамикасы.
Зерттеу барысында алынған мәлiметтер төменгi жастағы баскетболшылар ересектерге қарағанда жаттығуларды бiршама жылдам орындайтынын көрсеттi; 18-19 жастағы баскетболшы студенттердiң көрсеткiштерi маңыздылықтың жоғарғы деңгейiнде барлық жастағы топ өкiлдерiнде белгiленген көрсеткiштерден бiршама ерекшеленедi; орта және ересек топтар арасында айырмашылықтар байқалған жоқ.
Бұл, барлық жағынан алғанда, былайша түсiндiрiледi: ересек жастағы студенттер жаттығуларды едәуiр жоғары техникалық деңгейде орындайды (алып жүгiру, берулер, лақтырулар ойындағы қарсыластың қарсы келуiне есептелiп жүзеге асырылады) ; олардың аяқтарының жұмыс iстеуi қорғаныс кезiнде едәуiр тиiмдiрек, техникалық тәсiлдердiң орындалуы және т. б.
Осылайша, баскетболшы студенттердiң арнайы дайындық деңгейiнiң көрсеткiштерiн эргометриялық тестiлеуден алынған нәтижелердiң көрсеткенi, жылдамдық-күштiк дайындықтың негiзгi көрсеткiштерiнiң көлемi (максималды жылдамдықтар, қорғаныстағы жылдамдықты орналастыру), жылдамдыққа төзiмдiлiктiң және техникалық дайындықтың (ара қашықтықтан лақтыру нәтижелiлiгi) негiзгi көрсеткiштерiнiң көлемi бiрте-бiрте тұрақты ұлғаятынын бiлдiредi.
Жасына қарай, белгiленген себептерге байланысты қорғаныстағы ойынның белсендi түрлерiне және шабуылға кететiн уақыт пен техникалық дайындықтың кешендi мөлшерiн орындау уақыты қысқарады.
- Баскетболшы студенттердiң функционалдық (қызметтiк) мүмкiндiктерi
Баскетболшы студенттердiң берiлген мүмкiндiктерiнiң даму дәрежесi туралы қолда бар мәлiметтер өте үзiктелiп берiлген және саны тым аз. Баскетболшы студенттер ағзаларының қызмет атқару мүмкiндiктерi олардың аэробты және анаэробты өндiрiстiк деңгейiн параллельдi анықтаумен қатар жан-жақты зерттелмеген. Сонымен бiрге студенттiк баскетболда аэробты және анаэробты өндiрiстiк көрсеткiштердiң өзара байланысы туралы мәлiметтер алынбаған, 70 жылдардың басында жүргiзiлген зерттеулер жоғары класты баскетболшылар континентiн қозғаған /95, 98/.
а) Қайталанатын өндiрiстiң ең көбi 3-кестеде әртүрлi жастағы баскетболшы студенттердiң ең көп аэробонды өндiрiсiнiң даму деңгейiн сипаттайтын орта топтық маңыздылықтар келтiрiлген.
3-кесте. 18-21 жастағы баскетболшы студенттердiң аэробты өндiрiсi көрсеткiштерiнiң орташа маңызы.
2, 71+0, 57
(0, 12)
3, 40+0, 51
(0, 13)
53, 70+10, 68
(2, 33)
2, 11+0, 62
(0, 13)
0, 46+0, 22
(0, 05)
1, 86+0, 32
(0, 09)
0, 29+0, 06
(0, 01)
797+149
(33)
720+198
(49)
1309+184
(40)
1543+235
(59)
* Кестеде келтiрiлген сандар мынаны бiлдiредi: орташа ± стандартты ауытқулар (орташа қатесi) .
Алынған мәлiметтердi талдай келе белгiлi болғаны, ОМП-ның абсолюттi көлемдерi зерттелетiн жасқа нақты байланысты болады. Барлық топтар арасындағы айырмашылықтар маңыздылықтың жоғарғы деңгейiн де орта жастағы топтың iшкi айырмашылығын қоспағанда сенiмдi. Дене салмағының бiрлiгiне есептегенде аталған айырмашылықтар теңеседi және маңызсыз деп танылады. Бұл орайда тiптi керiсiнше байқалады: ОМП-ның едәуiр жоғары қатысты маңыздылығы 18-19 жастағы студенттерде болады (53, 7 мл/кг), онда 20 жастағы баскетболшылардағы сияқты-48, 9 мл/кг. Шындығында, атап көрсету керек, топтар арасындағы айырмашылқтар сенiмсiз, 19-20 жастағы баскетболшы студенттердiң көрсеткiштерiнiң 5%-тiк маңыздылық деңгейiнде сенiмдi ерекшеленетiн айырмашылығынан басқа.
Алайда, назарға алатын жайт, 18-20 жастағы студенттер салмағының көрсеткiштерiнiң өсуi жүрек қан тамырлары жүйесiнiң дамуынан алда екендiгi байқалады және ағзаның аэробты мүмкiндiктерiнiң деңгейiн бағалауда интегралды болып табылатын оттегiнi ең көп тұтыну көрсеткiшiнiң көлемi, берiлген жағдайда (бұл диспропорция ерекше айқын көрiнiп қолданылған баскетболшы студенттерде) ағзаның аэробтық мүмкiндiктерiнiң даму деңгейiн жеткiлiксiз нысандарды көрсетедi.
Салтин Б., Остранд Б. /95/ ОМП-ның абсолюттi маңызының параметрлерiн ғана бағалау үшiн қолдануды ұсынады. Сонымен бiрге атап айтатын нәрсе, абсолюттiге қарағанда ОМП көрсеткiштерiнiң қатысты маңыздылығы 18-20 жастағы баскетболшы студенттерде берiлген спорт түрлерiнiң 2 жыл барысындағы жүйелi сабақтарында сенiмдi өзгерiстердi бастан кешiрген жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz